Әкімшілік құқық нормалардың ұғымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Факультеті: Заң
Кафедрасы: Құқықтану

Тақырыбы: Әкімшілік құқық нормаларына ресми түсінік беру актілері және түрлері.

Тобы: 202
Орындаған: Есен Абылай
Тексерген: Исабеков А. К.

Алматы 2022

Әкімшілік құқық нормаларына ресми түсінік беру актілері және түрлері.
Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Әкімшілік құқық нормалардың ұғымы
Әкімшілік құқық нормаларын қамтитын актілер, олардың қайнар көздері
Әкімшілік құқық нормаларының түрлері
Қорытынды.
Әкімшілік-құқық, кез келген құқық саласы сияқты, заңды нормалардың жиынтығынан тұрады. Әкімшіліктің құқықтық негізін әкімшілік нормалар құрайды. Әкімшілік-құқықтық нормалар - бұл мемлекеттік, қоғамдық басқару сферасындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа сферасында туындайтын басқару сипатындағы қатынастарды (әділ соттылықты, прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекетпен белгіленген немесе бекітілген, рұқсат етілген ережелер болып табылады және оларды орындамаған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыралады. Әкімшілік -- құқықтық нормалардың негізгі міндеттері: 1)Мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін ретке келтіру; 2)Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы тиімді арақатынасты нығайту; 3)Әртүрлі басқару салаларындағы байланыстарды, мемлекет органдардың кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, азаматтармен арақатынастарын белгілеу. Әкімшілік реттеудің мәні -- басқару қатынастарын ретке келтіру, әкімшілік құқықтың көмегімен осы қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Олар басқару қатынастарының субъектілерінің мінез -- құлықтарын қалай болуы керек екендігін анықтайды. Әкімшілік құқық нормаларының мән-маңызы мыналарға бағытталған: а) мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қатынастарды ұйымдастыруға, ретке келтіруге және жетілдіруге; ә) құқықпен реттелген басқару қатынастарын қорғау; б) біздің қоғамымызды дамытатын объективті заңдардың талаптарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды тудыруға және дамытуға; в) қазіргі уақыт талабына сай емес қоғамдық қатынастарды басқару сферасынан шығаруға бағытталған.
Әкімшілік -- құқықтық нормалар көптеген басқару органдарының құқықтық жағдайы мен құзырлығын анықтайды, олардың қызметін, басқару нысандары мен әдістерін, басқа субъектілерімен ара қатынастарының тәртібін белгілейді. Әкімшілік құқықтың нормалары, сондай-ақ, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлердің, мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайды. Әкімшілік заңнамада әкімшілік қатынастарды әртүрлі бұзушылықтан қорғайтын нормаларда бар. Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке болып бөлінеді. Мемлекет және құқық теориясында мемлекет пен құқықтың арақатынасы жөніндегі сұрақ бойынша екі амал - жолды бөліп атауға болады. Біріншісі - мемлекеттің құқықтан басымдылығынан туындайтын этатикалық тәсіл. Екінші тәсіл табиғи - құқықтың көзқарастар арнасында нығайтылды және мемлекетпен салыстырғанда құқықтың басымдылығынан туындады. Әкімшілік нормалардың көпшілігі имперактивті сипатты. Оларды бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың құрылымы - дегеніміз нормалардың ішкі құрылысы, норма элементтерінің, құрамды бөліктерінің өзара байланыстарының белгіленген тәртібі. Әкімшілік-құқықтық нормалар - гипотеза, диспозиция, санкция деген элементтерден тұрады. Гипотеза - бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Норманың гипотезасымен қарастырылған мән-жайлар әкімшілік -- құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтатын заңды фактілер болып табылады, мысалы, адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, соның нәтижесінде заңды жауапкершілікке тартылады, адамның белгілі бір жасқа толуы (16 жасқа толуы, бұл кезде азамат төл құжатын алады немесе 18 жасқа толуы, яғни кәмелеттік жасқа толуы, бұл кезде адам құқықтық қатынастардың толыққанды субъектісі болады). Бұл жерде заңды фактілер болып 16 жасқа толу (оқиға), төл құжатын жоғалтып алу (әрекет). Диспозиция -бұл мінез-құлық ережелері, бұнда субъектілердің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Құқық нормасының негізін қалайтын басты элементі болып табылады. Диспозиция -бұл ұйғарымдар, бұйрықтар, жарлықтар, тиым салушылықтарлар, рұқсат берушіліктер. Санкция - бұл мінез -- құлық ережелерін бұзғаны үшін нормамен қарастырылған жағымсыз зардаптарды көрсететін құқық нормасының элементі. Әкімшілік - мәжбүрлеу шаралары) санкцияға жатпайды, сол себебі олар құқық бұзушылықпен байланысты емес. Бұндай шаралар диспозицияда көрсетіледі.
Құқықтың кез келген саласындай әкімшілік құқық та заң нормаларынан тұрады. Өз пәнімен және әдісімен бірлестірілген реттеуші нормалардан тұратын құқықтың институттары құрылады. Өз кезегінде, құқықтық институттардан бүтін құқықтық саланың жүйесі құрылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар атқару билікті жүзеге асыру процесімен байланысты болады. Әдебиетте "билік" түсінігі дегенде, басқа субъектілердің еркін өзіне бағындыру құқығы мен мумкіндігі танылады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл басқа субъектілерден белгілі әрекет етуді немесе құқық бұзушы әркеттерді тоқтатылуын талап ету құқығы мен мумкіндік. Өктем субъектінің (атқару билік органының) өз еркін басқаға зорлап міндеттеуі құқықтық катынастарда жүзеге асырылады. Дәл осы қатынастардың түрі әкімшілік-құқықтық нормалармен реттеледі. Егер осындай реттеуші нормалар болмаса, бұл билік органдарының зорлық-зомбылығына әкеп соқтырған болар еді. Әкімшілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Әкімшілік құқық. Әкімшілік құқықтық нормалардың ұғымы және ерекшеліктері
Әкімшілік- құқықтық нормалар мен қатынастар
Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы
Құқықтық жүйесі құрылымының қағидалары
Дәстүрлі құқықтық жүйе
ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру
Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар
Пәндер