Сурдотифло педагогика Олигофрено педагогика
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Педагогика факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Педагогика саласындағы білім беру мазмұнына сай оқудағы жаңа әдіс-тәсілдері
Орындаған: ПиП-31 студенті Джумалиева А.
Тексерген: аға оқытушы, магистр Муканова Н.Е.
Орал, 2021
Жоспар
I. Кіріспе
Педагогика ғылымының құрылымы.
а) Оқуда қолданатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
б) Педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері және олардың тиімділігі
в) И.Я.Лернер және М.Н.Скаткин бойынша оқыту әдістерінің классификациясы
г) Интерактивті оқыту әдістерінің ерекшеліктері мен классификациясы
III. Қорытынды бөлім
Білім сапасын арттырудың әдістемелік аспектілері
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Педагогика - балаларды оқыту өнері мен ғылымы Андрагогика - ересектерге білім алуға көмектесетін өнер және ғылым.
Аревик Саркисян
Ересек адам ретінде үйренуге ұялмаңыз, себебі ештен кеш жақсы.
Эзоп
Педагогика (гр. - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды. Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.
Педагогика ғылымының салалары 19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар:
Сәбилер мен мектепалды педагогикасы
Жалпы педагогика Педагогика тарихы
Педагогиканың салалары
Сурдотифло педагогика Олигофрено педагогика
Мектеп педагогикасы
Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да бар:
мектептану
отбасы тәрбиесінің педагогикасы
басқару педагогикасы
ішкі істер педагогикасы
Дербес педагогикалық пән ретінде:
әскери педагогика
жоғары мектеп педагогикасы
кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы.
Педагогиканың мақсаты: педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады.
"Методология" грек тілінен аударғанда "әдіс туралы ғылым" деген мағынаны береді. "Метод" "әдіс" термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағнасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология зерттеу процесі туралы ілім ретінде түсіндіріледі. Ғылыми метологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақты ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдісі дегеніміз мазмұнының қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті. Педагогикалық методологияның мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады.
Методологиялық білімдер жүйесінде: педогогика пәні, педогогиканың категориялары, педогогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педогогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысты, педогогика ғылымдарының жүйесі;
педогогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педогогиканың анықтамалы- терминдік жүйесі жатады.
II. Негізгі бөлім

Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі - дүниежүзілік білім әлеміне ену болып отыр. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу - білім реформасын жүзеге асыру алғы шарттары тұрғаны баршамызға аян.
Елбасының Қазақстан - 205 Стратегиясы - қалыптасқан мемілекеттік жаңа саяси бағыты жолдауын жастар зор ынта - ықыласпен қабылдап, оны жүзеге асыру жолында құлшыныспен еңбек ете бермек. Елбасы ұсынған елімізді өркендетудің жеті бағыты да маңызды. Оның ішінде төртінші бағыт Білім саласының қызыметкерлері, біздер үшін маңызды болып табылады. Ол - жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттілігі. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді оқыту әдістемелерін жаңарту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізу - заман талабы.
Еліміздің білім беру жүйесі қазіргі кезде өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге ұмтылыс жасауда. Бұл білім сапасын жетілдіру және оны жоғары деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған сәйкес, ғылыми - зерттеу барысында әлемдік озық тәжірбиелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде.
Оқу сапасын арттыруда білім мақсаттарының күтілетін нәтежеге бағдарлануы жан - жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатыдан оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады.
Сол себепті мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа әдіс - тәсілдерді пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптасуына баса назар аударылады. Білім мазмұнында жаңа ақпаратты болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөледі.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оқытудың түрлі формаларының пайдалануы оқытудың әдіс - тәсілдерінің жаңаруы, бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік дағдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.
Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік - экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.
Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын, тәрбие міндетінің қоғамның мақсаты мен талап - тілегінен туындайтын, теория мен тәжірибенің бірлігін, әрекет - дамытудың көзі екендігін, қарама - қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипатын, оқыту мазмұны мен жоспар бағдарларының оқу - тәрбие мақсатымен сәйкестігін, т.б нақты білуі керек. Бұл білімдер мұғалімнің педагогикалық процесте қателіксіз еңбек етуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалімнің оқыту әрекеті табысты болуы үшін ол терең білімдігімен қатар шекілмес шешендікпен, айшықты бейнелікпен, әсерлі сезімталдықпен, ұнамды дикция мен көркем әуезді дауыспен, қажетті сөздерді тауып, саралап сабақ түсіндіре білу сияқты педагогикалық қаруды игеруі абзал.
Мұғалім оқыту үрдісін тиімді өткізіп оқушылардың белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды ескереді:
1.
дидактилық талаптың (сабақтың тақырыбы, мақсаты, мазмұнының бағдарламаға сайлығы, игерілетін іскерлік, дағдыларының айқындығы, қабылдауға әзірлеу, түсіну, ой елегінен өткізу);
2.
дамытушылық талаптың ( дамытушылық мақсатының айқындығы, танымдық қызығушылығының, бастамшылдығын, өздігінен іздену, білімін толықтыру ой еңбегінің мәдениеті мен іскерлік, дағдысын қалыптастыру, ақыл - ойын дамыту);
3.
тәрбиелік талаптың ( тәрбиелік мақсатының нақтылығын, білім мазмұны арқылы көз қарасын, эстетикалық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін, жүйелі еңбегін қалыптастыру, мамандығына сүйіспеншілігін арттыру т.б);
4.
гигиеналық талаптың (сыныптың тазалығы, желдетілуі, оқу - құралдарының,тақтаның, бордың яғни сабақтың жабдықталуын, жарық мөлшерінің сақталуын, оқушылардың сыртқы көрінісі, көрнеі құралдарға , дәптерге, жазуға қойылытын талаптар) сақталуын ескеру
5.
психологиялық талаптың (білімге ынталандыру), танымдық белсенділігін арттыру, эмоциялық көңіл күйін тудыру, қабылдау, зейінін (ойлауын қамтамасыз ету) ескртілуі;
6.
ұйымдастырушылық талаптың ескерілуі. Ол екі кезеңнен тұрады.
Ұйымдастырушылық кезеңі:
І кезеңі:
ІІ кезеңі:
сабаққа алдын ала дайындық. Күнтізбелік жоспар негізгі және қосымша әдебиеттерді, әдістемелік және көркем шығармалар педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу.
пән бойынша тақырыптық сабақ жоспарының жасау. Онда сабақтың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, оған сай нақты білім көлемін анықтау, әдіс - тәсілдерін таңдау сабақтың типін, құрылымын белгілеу,сабақ кезеңдерінің логикалық байланысын, өздігінен істейтін жұмыстарды, т.б. ескеру.
Әдістемелік талапқа аталған барлық талаптардың жиынтығы жатады. Мұғалім оқытудың әдіс - тәсілдерін біліп қана қоймай, тиімді пайдаланғанда ғана оқушылардың білімге құштарлығын тудырып, терең түсінігін қамтамасыз етеді. Оқыту әдісін таңдау үлкен шеберлікті керек етеді. Айталық, өткенді қайталау, қортындылау, жаңа байланыстыру, жадығатты бекітуге арналған жаттығулар мен педагогикалық есептер жүйесін ойластыру, уақытты дұрыс пайдалану, сабақта оқушылардың жұмыс түрлерін тыңдау, талдау, жазу, жаттығу, іздену жұмысын ұйымдастыру, сабақтың темпін, ритмін өзгертіп отыру мұғалімнің шеберлігі мен жұмыс стиліне ( педагогиялық ептілігі икемділігі, шамамен сезе білуі, әдептілігі, тапқырлығы, мәдениеттілігі, оқушының жеке басын сыйлауы, талап қоя білуі, жылы қарым - қатынасы) байланысты шешілетін маселелер.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі мазмұнының орнын жаңасы басуда жаңа білім пирадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Білім беру саласы - қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады, сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына осы міндетті қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Оқу үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгерту - өте күрделі де ұзақ үрдіс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті әдіс тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек.
Сабақ - қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы үрдіс. Сабақ - білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы. Сабақ құрылымы қандай болса да шәкіртке білім мен дағды беруді көздейді.
Мұғалім - сабақтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту әдістерін алмастыра пайдаланып, оқушылардың танымдық әрекетіне мақсат көздей басшылық етеді. Бұл жөнінде педагог- ғалым Ахмет Байтұрсынов Мектепке бірінші керегі - мұғалім, екінші - оқыту ісіне керек құралдар, үшінші - бағдарлама және оқулықтар керек, - деп айтқан өйткені оқыту ісінің сапасы осы - үш қажеттілікке байланысты. Әсіресе мұғалім бағдарламаны оқыту құралдарын оқулықтарды, әдіс тәсілдерді пайдаланып, оқушыларды білімен қамтамасыз етеді. Олай болса, оқу - тәрбие ісінің табысты, білімнің берік болуы мұғалімнің сабаққа мұқият дайындығына байланысты.
Мұғалім ең адымен өз пәнінің оқу жоспарымен, педагогика және психология пәнінің бағдарламасымен танысып бір жылға күнтізбелік және жұмыс жоспарын жасайды. Сонымен қатар әр сабақтың тақырыптық жоспарын дайындайды. Онда ол тақырыптық және пән аралық байлынсты ғылым жаңалығын, алдыңғы қатарлы озат тәжірибені ескеріп, әр сабақтың мақсат - міндеттерін оқу жадығатың дербес жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі және техникалық құралдарын анықтайды:
Мұғалім осылайша оқу жадығатын анықтап алып, сабақ жоспарын, оған сай конспектісін немесе тезисін жасайды.
Мұғалімнің аталған талаптарды терең біліп, оларды сабақта кешенді тұрғыда пайдаланса еңбегі нәтежелі болмақ.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы шығармашылық сипатта болып жалаң сөздік әдістерінен арылуы, техникалық құралдарды басым пайдаланып, жаңашыл педагогтардың әдіс - тәсілдерін шығармашылықпен қолдануы - өмір талабы.
Мұғалім қолданған әр түрлі әдіс - тәсілмен, тынымсыз еңбектің арқасында баланың белсенділігі артып, дербестігі қалыптаса бастайды беделі артып, танымдық қызығушылығы бекиді.
Мұндай толық дербестікке жеткеннің өзінде де мұғалім әлі де болса оқушының танымдық қызығушылығын бағыттап отырады, себебі ол терең білімнің шешендіктің оқу әрекетін ұйымдастырудың үлгісі ретінде танылады.
Мұғалім мен оқушы бір - бірінің әрекеттерін толықтырып, байытып отырады. Оқушылардың белсенділігі мен дербестігіне сүйеніп, мұғалім олардың шығармашылық мүмкіндіктеріне сенім артады, нәтежесін болжайды. Оқушыда оқуға талпыныс күшейеді, белгілі бір стандартқа сүйенбей-ақ өз тәжірибесін енгізіп шешім табуға тырысады. Бұған, сөз жоқ оқу үрдісінде енгізілген әртүрлі әдіс - тәсілдер себебін тигізеді: еңбек, ойын, таным, көркемдік және қоғамдық іс - әрекеттер.
Оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс - тәсілдерді ғылыми негізінде меңгерту және терең білімді, ұлтжандылық ұрпақ тәрбиелеу мәселесін өз жұмысына арқау ету мұғалімнің мақсаты.
Жаңаша әдістерді жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу, оларды пайдаланудың жолдарын үйрету. Бүгінгі жаңа технология бойынша оқып үйрету, меңгеру, өмірге ендіру, дамыта оқыту.
Сабақта жаңаша үрдіспен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып педагогтердің кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын, оқуға деген қызығушылығын арттыру барысында мынадый жолдар өз тиімділігін көрсетеді:
1
Баланың бойындағы пәнге қызығушылық па немесе ынта ма соны ажырату керек.
2
Оқушы бойында қай пәнге қызығушылығы жоғары, қай салаға қабілетті екенін анықтау. Мұғалім оқыту жүйесінде үрдісті шебер басқара білуі және оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын, таным процестерін дамытып отыру керек.
3
Баланың жеке тұлғалық қасиеттері мен қызығушылығын, жас ерекшелігін ескере отырып, сабақты қызықты етіп ұйымдастыру, яғни сабақта жаңа, озық технологияларды пайдалану ( ойын арқылы оқыту, деңгейлеп саралап оқыту, дамыта оқыту, сыни тұрғыдан оқыту технологиясының кейбір элементтері т.б ).
4
Сабақты өткізу барысында мақсатты нақты, айқын белгілеп, соған жетудің жолдары мен тәсілдерін көрсету. Сабақтың уақытын бөлу барысында мұғалімдердің осыған назар аударғаны жөн. Сабақты қызығушылықты ояту тәсілімен басталуы да маңызды болып табылады.
5
Сабақ барысында тақырыпқа қатысы жоқ болса да, балаларға жаңалықтар айту. Бұл жаңалық хабар немесе болған оқиға, әлемдегі қызық жайттар түрінде болуы мүмкін.
6
Баланы мадақтау, ынталандыру, баланың күшіне қабілетіне сенім білдіру, ынталандыру (бағалау барысында балаларға қолдан жасаған суреттер, фигуралар тарату ) баланың жұмысын бүкіл сыныпқа көрсетіп үлгі ету, дәптер тексеру соңында ынталандыру сөздерін жазу.
7
Шығармашылықпен жұмыстандыру. Бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік көп. Дүниетану, математика, сурет, музыка сабақтарында жеке тапсырма беру арқылы балада ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы оны шешу, оның логикалық дамуы көрінеді. Баланың сабақ бойында ынта, ықыласы жоғары болады.
8
Оқу белсенділігін арттыруға арналған ойындар мен тренингтерді қолдану. Баланың оқуға ынтасын ояту үшін оған эмоциянальды жағымды көңіл - күй сыйлаудың маңызы зор.
Мұғалім қолданған әр түрлі әдіс - тәсілмен тынымсыз еңбектің арқасында баланың белсенділігі артып, дербестігі қалыптаса бастайды, беделі артып, танымдық қызығушылығы бекиді. Өз іс - әрекетінің, жұмысын нәтежесін көріп масаттанады (үйрендім, білдім, басқаларға көмектестім, қиындықтарды жеңдім)

Оның барлық қатысушылары үшін қолайлы жағдайларды сөзсіз қамтамасыз ете отырып, оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудегі бірлескен педагогикалық қызметтің ойластырылған үлгісі
(Т. И. Шамова және Т. М. Давыденко)

Оқытудың формаларының, әдістерінің, тәрбие құралдарының (педагогикалық процестің ұйымдастырушылық-әдістемелік құралдары) жиынтығы мен орналасуын қамтитын психологиялық-педагогикалық көзқарастардың жиынтығы (Б. Т. Лихачев)

жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу үдерісін сипаттау

оқу процесін жүзеге асырудың ақпараттық әдістемесі (И.П.Беспалько)

Білім беру
технологиясы
педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке, аспаптық және әдістемелік құралдардың жүйелік жиынтығы және жұмыс істеу тәртібі (М.В.Кларин)

техникалық және адам ресурстарын және олардың білім беру нысандарын оңтайландыру процесімен өзара әрекетін ескере отырып, оқыту мен білімді игерудің бүкіл процесін құрудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі

Педагогикалық технология ұғымының мазмұнын талдау, барлық анықтамалар бір-бірін жоққа шығармайды, бірақ бұл ұғымның мәнін ашудағы авторлардың әртүрлі ұстанымдарын көрсете отырып, бірін-бірі толықтырады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық технологияда білім берудің мақсаттары келесі аспектілерде қойылады:
1. Диагностикалық қойылған мақсат мынаны білдіреді:
- қалыптастыруды қажет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz