Қимақ мемлекетінің шығу тарихы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Қимақ мемлекеті
Топ:ИО-23К
Орындаған:Молдабаева Е.О
Тексерген:Смагулов Н.Б
Қарағанды 2022
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қимақ мемлекеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1 Қимақ мемлекетінің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..8
1.2 Қимақ мемлекетінің құрылуы,саяси жағдайы мен ыдырауы ... ... ... ... 13
2.Қимақтардың мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1 Қимақтардың мәдениеті мен шаруашылығы ... .. ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:IXғ.аяғы мен XI ғ.басында өмір сүрген Қимақ мемлекеті болып табылады.Мәдениеті,шаруашылығы жағынан басқа түркі мемлекеттеріне ұқсас болып келеді.Орта ғасырдағы қимақтар елін,әлеуметтік-саяси жағдайын,мәдениеті мен шаруашылығын және басқа елдермен қарым-қатынасын әлемдік ғалымдардың еңбектері мен мақалаларымен таныса отырып,білеміз.Сонымен қоса,орта ғасырлардағы қуатты дамыған мемлекеттердің арасындағы өзінің тарихта алатын орнын анықтау.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі:Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі,тарих ғылымдарының докторы,профессор Б.Көмековтың кеңес заманында,1970 жылы КСРО ғылым академиясының Ленинградтағы Шығыстану институтында тарих ғылымы бойынша қорғаған кандидаттық диссертация еңбегі тарихшы қауымды тақырыбының зерттелу деңгейімен елең еткізген болатын.Ол жұмыс 1972 жылы Алматыда Қазақ КСР Ғылым академиясының Наука баспасында орыс тілінде Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источникам ( IX-XI ғасырлардағы қимақ мемлекеті араб дереккөздерінде) деген атаумен кітап болып жарық көрген.
Ғалым осы зерттеу еңбегі кейін бес томдық академиялық жинақ-1980 жылғы Қазақ ССР тарихынан бастап 2010 жылғы Қазақстан тарихының бірінші томына арнайы бөлім болып еніп,энциклопедиялық анықтамаға айналды.
Кезінде кітапқа жазған алғысөзінде көрнекті тарихшы ғалым,Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Бегежан Сүлейменов еңбекке мынадай баға берген екен.Бұл зерттеуде қазақ халқының арғы тектерінің біріне жатқызуға болатын,қимақтар туралы орта ғасырлардағы араб тіліндегі IX-XVI ғасырлардағы парсы тіліндегі шығармалардағы тарихи-географиялық мәліметтер дереккөздері арқылы мұқият талданған.Әсіресе,әл-Идрисидің (XII ғ.) аса маңызды мәтіндері мен картографиялық материалынан суыртпақтап сыр тартады.Еңбекте қимақтардың этникалық тарихына аса мән берілген,IX ғасырдың ортасынан XI ғасырдың ортасына дейін қимақ тайпалары одағының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері сараланған.Қимақтарда мемлекет және қала мәдениетінің болуы мәселелері тұңғыш рет тұжырымдалып,тиянақталған.Қимақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылысы тың тұрғыдан пайымдады,автор көшпелі мал шаруашылығынан бастап жер игеру шаруашылығына дейін бірнеше шаруашылық-мәдени тұрпатты атап көрсеткен болатын.
Кітаптың бірінші тарауы бірыңғай дерек көздерін талдауға арналған.Мұнда жаңаша жыл санауға дейінгі І ғасырда өмір сүрген қытай жылнамашысы Сыма Цяньның Тарихи жазбалар еңбегінен бастап қимақтарға қатысты IX-XVI ғасырлардағы араб,парсы,түрік тілдеріндегі еңбектерге шолу жасалады. Ғалым дерек көздерін талдағанда онда келтірілген мәліметтердің басты шығармалардағы мәліметтермен сәйкестігіне,ұқсастығына,не айырмашылығына назар аударады.Осы жазбаларды талдаған өзіне дейінгі зерттеушілердің ой-тұжырымдарын зерделей отырып,өз пікірлерін,ұсыныстарын айтуы зерттеудің тереңдігін аңғартса керек.
Жалпы тарихта,ғылымда қимақ-қыпшақ халықтары,олардың шыққан тегі,мекендеген жерлері сияқты мәліметтерге мән беру араб,парсы,еуропалық жылнамашыларда Мысырды қыпшақ мәмлүктер билеген кезден басталған екен.
Айтып кеткеніміздей,сол заманнан жеткен жетпістен астам жазбаға шолу жасай отырып,ғалым солардың ішінде маңызды мәліметі мол араб географы Әбу Абдаллах Мұхаммад ибн-Мұхаммад әл-Идрисидің Нусхат әл-муштак фи-хтирак әл-афак (Жер-жерде шарлап шаршаған жолаушының ермегі) деген географиялық еңбегіне кеңірек тоқталады.Қимақтар туралы араб дереккөздерінің ең негізгісі осы кітап екен.XII ғасырдың ортасында Сицилияда (қазіргі Италия) король II Роджердің тапсырмасымен жазылған бұл еңбектің артықшылығы әл-Идриси кітапты жазу кезінде өзіне дейінгі және өзімен замандас саяхатшының,жылнамашының он екі еңбегін пайдаланып,мәліметтермен байытқанын айтады.Іздену үстінде көмекшісі көп болған әл-Идриси кітапты он бес жыл жазып.1154 жылы аяқтаған.Оның алғашқы аудармасы француз тілінде XIX ғасырдың қырқыншы жылдары шыққан.Б.Көмеков өз зерттеуінде Ленинградтың М.Е.Салтыков-Щедрин атындағы мемлекеттік кітапханасында сақтаулы нұсқасын пайдаланыпты.
Кітапты әл-Идриси XII ғасырда жазғанымен,ондағы деректері IX-X ғасырларды қамтиды.Сондықтан мұнда ол өзі сипаттап отырған елдер немесе тайпалар туралы бұрынғы еңбектерде кездеспеген тың мәліметтер берген.Мәселен,араб географтарының бәрінің жазбаларында қимақтар мен қыпшақтар үнемі ен далада көшіп-қонып жүретін,отырықшылықты білмейтін жұрт ретінде сипатталып келген.Ал әл-Идриси болса,қимақтар мен қыпшақтардың қалалары мен қоныстары туралы баяндайды және жердің картасын береді.Оның еңбегін саралау қимақтар қазіргі Қазақстанның оңтүстік-шығысын Алакөлден Ертіс бойына дейінгі кең-байтақ аумақты жайлағанын көрсетеді және Сурат әл-ард (Жер келбеті) деген атаумен қоса ұсынылған географиялық картасы оның тұжырымдарын бекіте түседі.Оның картасы араб картографтарының осыған дейінгі карталарымен салыстырғанда біраз жетілдірілген нұсқа екен.
Кітаптың келесі тарауы қимақтардың этникалық тарихына арналған.Қимақтар түркі тектес халықтарға жатқызылады.Махмұд Қашғари әйгілі Диуани лұғат-ат-түрк (Түрік сөздерінің жинағы) еңбегінде
қимақ,қыпшақ,оғыз,башқұрт және басқа да туыс халықтардың тілдері ұқсастығын көрсетіп,мысалдар келтірген.Дегенмен тарихшы ғалымдар Г.Юль,В.В.Григорьев,Л.Н.Гумилев,Ю.А .Зуев қимақтар қытай жазбаларында аталатын Моңғолияны мекендеген ку-мо-хи халқы емес пе екен деген де болжам айтқан.Б.Көмеков Махмуд Қашғариға,басқа да көрнекті ғалымдардың талдамаларына сүйене отырып,Қимақ түрік тектес халық деп тұжырымдады.
Қимақ тайпалары одағының құрамын талдағанда ғалым XI ғасырда өмір сүрген парсы тарихшысы Әбу Саид Гардизидің Зайн әл-ахбар (Хабарлардың әрін келтіру) кітабында баяндалатын көне аңызды тілге тиек етеді,қимақ одағы әуелде ими.имақ,татар,баяндүр,қыпшақ,ланик аз және аджлад деген жеті тайпадан құралыпты,бұлардың кейбіреуінің атауы бұрмаланып жазылса керек деп пайымдайды ғалым.Олар әуелде аз кезінде Ертіс бойын мекендепті.Осы жерге тоқтау,аялдау,қоныстану деген мағына беретін ертіс сөзі өзен атына айналған.Міне осы тайпалар көбейе келе,қолайлы тарихи жағдайлардың арқасында IX ғасырдың аяғына қарай Алакөлден Ертіске дейін созылып жатқан ен даланы бауырына басқан жаңа түрік мемлекеті пайда болады,оның негізін қимақтардың он екі тайпасы құрайды.Худуд әл-алам (X ғ.) және әл-Идрисидің Нузхат әл-муштак(XIIғ.) еңбегінде осы жайлы мәліметтер берілген.
Б.Көмеков кітабының үшінші тарауы қимақтар елінің географиясын сипаттайды.Шығыс Еуропадан,Еділ бойынан,Оңтүстік Сібірден,Орталық Азиядан,Шығыс Түркістаннан ерсілі-қарсылы жол тартқан сауда керуендері қимақ жері арқылы өткен және Ертіс бойында тұрған астанаға,басқа да қалаларға келіп тұрған.Бұл қимақтарда,көшпелі тұрмыс.мал шаруашылығымен қатар отырықшылықты,егіншіліктің,қала мәдениетінің қалыптасуына да ықпал етеді.
Б.Көмеков кеңес заманында жазылған еңбегін бүгінгі заман көзқарасы тұрғысынан зерделегенде ондағы ғылыми тұжырымдардың өзектілігін.бүгінгі күн әділеттілік үшін,халықтың рухани қажеті үшін қызмет ете алатынын байқаймыз.Қажеттілікке өтеуге жарау кез келген еңбектің мақсаты,құндылығы болса керек.
Курстық жұмыстың мақсаты:Қимақ мемлекетінің тарихын зерттеу.
Мақсатқа сүйене отырып,бірнеше міндеттер анықталды:
::Қимақтардың шығу тегін қарастыру.
::Мемлекеттің құрылуы мен ыдырауын баяндау.
::Мәдениеті мен шаруашылығын баяндау.
Зерттеу нысаны:талдау.
Зерттеу жұмысының деректер қоры:Қимақтар туралы көптеген деректер кездеседі.Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер IX ғ.аяғы мен X ғ.басында араб тілдеріндегі тарихи географиялық шығармаларда кездеседі.Түркістан мен түріктер, деп жазады әл-Якуби,-бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді,соның ішінде қарлұқтар,тоғыз оғыздар,қимақтар және оғыздар бар.Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бір-бірімен соғысып тұрады..Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды.Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары.Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды.Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі.Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да,хаканнан тиісінше үлес алды.Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды.
Ибн әл-Факихте (X ғ ) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар,ол барлық түріктердің ең күштілері-оғыздардың,тоғыз-ғұздарды ң және қимақтардың патшалары бар деп жазады.Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді деп хабарлайды.Қимақ билеуші едәуір құдіретті болған.IX ғ.аяғы-X ғ.басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап,олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хакан) деп атала бастады.Қаған-түріктердің ең басты патшасы.Қаған-хандардың ханы,яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы-дейді Х ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми.Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған. Әл-Идрисидің (ХІІ ғ.) дерегіне қарағанда,олардың өзендер мен көлдер жағасына,таулы аудандарында,пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі.Олардың көпшілігі сауда жолдарында орналасқан.Әл-Идриси қимақтар хаканының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады.IX-XI ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түрік діни-нанымының қалдықтары өріс алды,онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды.
Қимақ тайпаларының шығу тегіне қатысты бірнеше деректер тобы бар.Бірінші араб-парсы деректері,екінші түркі деректері,үшінші қытай деректері .Соның ішінде ең маңыздысы парсы деректері болып табылады.Парсы саяхатшысы Гардизидің Заин әл-ахбар еңбегінде қимақтардың шығу тегі жөніндегі аңызды жазып қалдырған.Гардизи келтірген аңыздан қимақтардың негізін татарлар еліненқоныс аударған тайпалар құрағандығын,билеуші әулетте сол жақта билік жүргізген көне әулеттің жалғасы екендігі,олар ежелгі мекенінен ішкі алауыздық пен сыртқы жаугершіліктен қоныс аударғанын байқауға болады.Олардың Шат деген көсемінің болуы және Шаттың ағасының елді билеуі,осы ел билеушілерінің Түрік қағандығы билік жүйесіндегі дәрежесін де көрсетеді.Яғни,татар билеушілерінің атағы Шаттан жоғары болған деп жорамалдауға болады.Сонымен қатар қимақ қағандығының құрамына жергілікті халықтың қосылғанын олардың Ертіс өзеніне және оның иесі өзен айдаһарына табыну салтынан аңғаруға болады.Осы аңызды тарихи деректермен байланыстырғанда ерекше назар аударуға тұрарлықтай бір жайт бар,яғни мұндағы татарлар елі,жеті татар,татарстан деген ұғымға баса назар аударған жөн.Аңызда қимақтар татарлар елінен келген деп баяндалады.Мәселенің байыбы мен мәні сауал тудырады.Оған жауап ретінде қимақтар мемлекетін құрған жеті тайпаның бірі татар тайпасы болғандығын айтқан жөн.Бұл татарлар тарихының ерте кезеңін тереңірек зерттеуді қажет ететінін аңғартып тұр.
Тарих ғылымының қимақтардың ежелгі қонысы жөнінде түрліше пікір бар.С.М.Ақынжанов Гардизи әңгімесін негізге ала отырып,Ертіс территориясындағы қимақтарды сырттан келген халық деп пайымдады.Зерттеуші Гардизи әңгімелері сол уақытта болған нақты оқиғаларды суреттейді дей келе қимақтардың алғашқы отаны солтүстік-шығыс Моңғолияның жері деп көрсетті.Ол мұндағы тоғыз татарларын меңзесе керек.Орхон ескерткіштерінде татарлар тоғыз татар,отыз татар деген атаулармен кездеседі.Қытай деректерінде олардың арғы тегін Дунху деп атаған.IV-XI ғ.ғ олар қазіргі ҚХР Ішкі Моңғолия автономиясы,Хулуньбэйр аймағы мен соған іргелес жерлерде өмір сүрген.Алғашында олар бес тайпа болып,кейін көне түрік қағанаты кезінде олардың саны 30-дан асқан.Бұл көне түркі ескерткіштерінде отыз татар деп аталатын ел.
Зерттеу жұмысының методологиясы:Зерттеу әдістеріне келетін болсақ,тарихи оқиғалар тығыз байланыстырыла қолданылады.Тарихилық,жүйелілік,тал дау,жинақтау,саралау сияқты ғылыми таным таным принциптері пайдаланылады.
Зерттеу құрылымы:кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қимақ мемлекетінің шығу тарихы.
Қимақ деген атау орта ғасырлардағы араб, парсы авторларының жазба деректерінде жиі кездесіп отырды. XI ғасырда Махмұд Қашқари Диуани лұғат-ат түрік деген еңбегінде қимақ елін имақ деп атаған. Қимақтар VІІ ғасырдың басында Моңғолияның солтүстік-батысын мекендеген. Орта ғасырдағы парсы тарихшысы Гардизи қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олардың ішіндегі ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар дейді.Қимақ қағандығы тарихи кезеңі орта ғасырлық Қазақстан тарихынан маңызды орын алады.Қимақ тайпаларының шығу тегіне қатысты бірнеше деректер тобы бар.Бірінші араб-парсы деректері,екіншісі түрік деректері,үшінші қытай деректері.Соның ішінде ең маңыздысы парсы деректері болып табылады.Грек тарихшысы Гардизидің Заин әл-ахбар атты еңбегінде қимақтардың шығу тегіне байланысты өзге араб-парсы деректері мен түркі және қытай деректерін жанама дерек ретінде пайдалануға тура келеді.
Қимақ мемлекеті иемек,ими тайпаларының ұйытқы болуымен жеті тайпаның басын біріктірген мемлекетттік ұйым болғандығын тарихи жазба деректері дәйектейді.Билеуші тайпасы иемек деп аталған.Иемек сөзі жөнінде Махмуд Қашғари өзінің Түркі тілдерінің сөздігі еңбегінде айтып өткен.Артыш (Ертіс)-Иемек даласындағы өзен.Ол сондағы бір көлге құяды-деген анықтама берген.Бұдан иемек тайпаларының аты әйгілі екенін,иемек сөзі орта ғасырда этникалық атау болуымен қатар географиялық атау сипатына ие болғанын аңғарамыз.Иемектердің шығу тегі жөнінде тарихшы ғалымдар нақты бір ғылыми байламға келе алмаған,сондықтан да қазіргі отандық тарихи ғылымында бұл мәселе жөнінде ортақ пікір орын алмай келеді.Мәселен,Қазақстан тарихының І-томында иемектер тарихының ертедегі кезеңі қытай деректері бойынша баяндалған:Қимақтар тарихының ертедегі кезеңі қытай деректемелерінде V ғасырдағы Батыс Түрік қағандығы ортасында болған оқиғаларға қатысты атап өтілген янмо тайпасымен байланысты айтылған.Синологтар Батыс Түріктер құрамына кіретін янмоны иемек тайпасына балайды.Ол зерттеушілердің көпшілігі шамалайтындай,кимек атауының фонетикалық бір түрі болып табылады.
Дегенмен,янмоларды иемектер емес ежелгі Қарахан мемлекетінің ұйытқысы болған яғма тайпасы деп қарайтын зерттеушілер бар.Яғма қытай деректерінде Ян мян,Ян мо,Ян мы түрінде оқылады және әртүрлі таңбамен кездеседі.Махмуд Қашғари еңбегінде Яғма болып жазылған.Түрік тілінде сөйлейді,тұрмыс салты да түріктермен бірдей,1993 жылы шыққан Шин Жиян тарихи сөздігінде.Әубаста Жоңғар ойпатының батыс солтүстігінде,Емел өзегі маңындағы халықтардың бәрі солай аталған.Кейіннен Балқаш көлінің батыс оңтүстігінде Памир мен Тәңіртаудың түстігіне дейін бытырай қоныстанды.Моңғол үстіртінде дейін кеткендер де бар.Гаушан ұйғырларына сіңіп кеткендері де баршылық-деген түсінік берілген.Бұған қарағанда қытай деректерінде кездесетін Янмо терминін иемектерге баламалау орынды бола қоймайды.
Екінші бір көзқарастағы ғалымдар қимақтарды се-ианто этнонимімен байланыстырады.Шығыс түрік қағандығы құлағаннан кейін се-иәнтолар Өтукен қойнауында қағандық құрды.647ж. Таң империясы мен ұйғыр одағы се-иәнто қағандығын күйретіп,се-иәнтолардың тоз-тоқын шығарды.Кейбір зерттеушілердің сөзінше сен және иәнто сынды туыстас екі тайпаның бірігуінен құрылған се-иәнто этносы Се-Иәнто қағандығы құлаған кезде ыдыраған.Иәнто тайпасы се тайпасынан бөлініп батыстағы Ертіс бойына келіп.орныққан.Содан кейін қытай деректеріне иәнтолар янмо деген жаңа атаумен көрсетіле бастаған.Ал се тайпасы Моңғол үстіртінде қалып,қайтадан ес жиып Шығыс түрік қағандығын құрады.Орхон ескерткіштерінде түрік-сір атауымен берілген тайпа атауы осы се тайпасының түрікше дұрыс аталуы деген пікір.Бұл тұжырымның пайда болуына белгілі ғалым С.Г.Кляшторныйдың қытай деректерінде баяндалатын се-иәнто этнонимінің тарихы мен қалыптасу құрылымына деген түсінік,пайымдады негіз болған.
С.Г.Кляшторный,се-иәнто тайпасын түріктердің билеуші тайпасы деп тұжырым жасапғылымға бұдан бұрын әрқайсысы жеке этноним ретінде танылған этнонимдерді негізсіз өз қалауынша бөлшектеп,әуелі се-иәнтоның се-сін түрік-сір этнонимінің сыр-мен шендестіру арқылы сен мен сір екеуін бір халықтың қытай және түрікше айтылған атауы деп алып,содан кейін оларды,яғни сен мен сірді түрік-қыпшақ этнонимінің екінші компоненті қыпшаққа келіп,мұны сол баяғы бір халықтың ұйғырша аталуы еді деуі қисынсыз.мұнда тарихи заңдылықтың орын алғандығы түсіну қиын.
Осылай деп жаза келе зерттеуші Қойшығара Салғараұлы:Тарихта билеуші тайпа деп белгілі мемлекетті құруда жетекші рөл атқарған,сол мемлекеттің билеушілері шыққан тайпаны айтады.Осы тұрғыдан келгенде бірінші Шығыс түрік қағандығының негізін қалаушылар Пиңлиаңнан ауып келген хулар,ал екінші Шығыс түрік қағанатының шаңырағын көтерушілердің Шили-иуәнлин тайпасы екендігі белгілі.Түріктің дана билеушісі Білге қаған қағандығының негізін қалаушы ел төресі аталған Құтлық қаған осы шин-иуәнлин тайпасының билеушісі болатын-деп өз тұжырымын білдірді.
Дегенмен,қытайша деректе Шин-иуәнлин деп жазылған,Шығыс түрік қағандығын құрған тайпа атауы одан кейінгі Ұйғыр қағандары қалдырған Селенгі тасында түрік-қыпшақтар түрінде жазылған.Белгілі тарихшы ғалым Сартқожа Қаржаубай өзінің Орхон мұралары атты еңбегінде Орхон ескерткіштеріндегі бүтін түрік-сір халқы,түрік сір жері деп оқылып келген тіркестерді түрік-есір халқы,түрік-есір жер деп аударған.Бұған қарағанда сір тайпасы болмаған.Ол есір деген көне түрік сөзін оқу,мағынасын түсіну барысында кеткен олқылықтың қалыптасқаны байқалады.
Мақсаты сол тайпа жайлы хабардар болу.Жіберілген адам бұрыңғы жұртқа келгеннен кейін тұрғылықты жердің қаңырап бос қалғандығын,халықтың жоқтығын көреді.Елді жау шауып,байлығын тонап,бүкіл халықты қырып-жойып кеткеніне көзі жетеді.Қырғыннан аман қалғандары жаңағы адамды көріп,таудан түсіпті.Содан сол адам Шарттың жағдайы жайлы өз қауымдастарына әңгіме айтып қызықтырып ертіп әкетіпті.Шат еліне келгеннен кейін барлығы оны өздерінің басшысы ретінде қошеметтеп,құрмет көрсетті.Басқалары да бұл хабарды естігеннен кейін бас аяғы 700 адамдай болып сол маңға жиналды.Ұзақ уақыт Шарттың қол астында болғаннан соң,олар саны жағынан ұлғайып,айналаға тарап.аталған жеті адамның есіміне байланысты жеті тайпа құрған-деп жазған.
Қимақтар туралы барлық мәліметтер араб мұсылмандық дәстүрге жатады. Қимақтар туралы мына авторлар жазған: әл-Якуби (Китаб әл-бухдан), Ибн әл-Факих (Китаб ахбар әл-бухдан), әл-Истахри (Китаб масалик әл-мамалик), Худуд әл-алам шығармасының авторы белгісіз. , әл-Идриси (Нузхат әл-муштак), әл-Хорезми (Китаб мафатих әл-улум), Махмуд әл-Қашғари (Диван лұғат ат-түрк), Ибн Хордадбек (Китаб әл-масалик ва-мамалик), Ибн Саид (Китаб) джуграфия фил-акалим ас-саба), әл-Масуди (Китаб ат-танбих вал-ишраф), Ибн Саид (Китаб баст әл-ард фит-тул вал-ард), т.б.
Гардизи келтірген аңыздан қимақтардың негізін татарлар еліненқоныс аударған тайпалар құрағандығын,билеуші әулетте сол жақта билік жүргізген көне әулеттің жалғасы екендігі,олар ежелгі мекенінен ішкі алауыздық пен сыртқы жаугершіліктен қоныс аударғанын байқауға болады.Олардың Шат деген көсемінің болуы және Шаттың ағасының елді билеуі,осы ел билеушілерінің Түрік қағандығы билік жүйесіндегі дәрежесін де көрсетеді.Яғни,татар билеушілерінің атағы Шаттан жоғары болған деп жорамалдауға болады.Сонымен қатар қимақ қағандығының құрамына жергілікті халықтың қосылғанын олардың Ертіс өзеніне және оның иесі өзен айдаһарына табыну салтынан аңғаруға болады.Осы аңызды тарихи деректермен байланыстырғанда ерекше назар аударуға тұрарлықтай бір жайт бар,яғни мұндағы татарлар елі,жеті татар,татарстан деген ұғымға баса назар аударған жөн.Аңызда қимақтар татарлар елінен келген деп баяндалады.Мәселенің байыбы мен мәні сауал тудырады.Оған жауап ретінде қимақтар мемлекетін құрған жеті тайпаның бірі татар тайпасы болғандығын айтқан жөн.Бұл татарлар тарихының ерте кезеңін тереңірек зерттеуді қажет ететінін аңғартып тұр.
Костачаков Г.В. Қимақ және Қимақ атауларын мүлде анықтау екіталай, бірақ олардың арасында елеулі байланыс пен қатынас бар деп есептеп, кейіннен: Қимақ - кибі халқының бір бөлігі ғана деп қосты.
Күлтегін,Білге қаған ескерткіштерінде тоғыз татар отыз татар деген этнонимдер кездеседі.Бумын қағанды жерлеу салтына елші жіберген түрік вассалдары мен көрші елдердің қатарында отыз татарлар аталады.Екінші Шығыс түрік қағандығы құрылу барысында Түрік қағандығының қайта жаңғыруына қарсы жаулар ретінде отыз татарлар аталады.Бірақ отыз татарларға қарсы соғыс жорықтары жайында мардымды мағлұмат айтылмайды,тек оғыздардың кезекті бір көтерілісінде олардың тоғыз татарлармен бірігіп шабуылға шыққандығы жайында баяндалады.Білге қаған өз өсиетін айтқан жолдарында оң жағымдағы тархан,тоғыз оғыз,отыз татар бектері тыңдаңдар деген жолдар берілген.Бұған қарағанда отыз татарлар Білге қағанға бағынса керек.
Білге қаған,Күлтегін мәтінінде отыз татарларға қарсы соғыс қимылдары туралы көп сөз қозғалмағанына қарағанда олардың билеуші әулет бір мәмілеге келген сияқты.Тек тоғыз татар деген топтары қаған билігіне қарсы аттанған.Яғни,осы мәтінде Білге қаған оғыздардың соңынан қумай ашық майдан алаңына шақыру үшін олардың бақытын бұзғанда ызаланған оғыздарға,тоғыз татарлар қосылып қаған әскерімен шайқасуға шыққандығы туралы дерек берілген.Бұдан тоғыз оғыздар мен тоғыз татарлар арасында тығыз қарым-қатынаста орнағаны байқалады.
Сондай-ақ Білге қаған ескерткіштеріндегі арнау сөздерге тоғыз оғыздарды,оғыз татарларды,түркештерді өз халқым еді деп атап көрсету арқылы өзіне жақын тартатынын байқау қиын емес.Мұның өзі олардың генеологиялық жақындығынан хабар береді.Осынау Түркі ескерткіштерінен татарлардың түркі тектес тайпалардан ұйымдасқан тайпалық одақ,тіпті мемлекеттік құрылым болғанын байқалады.Орхон ескерткіштерінен көрінетіндей,Бумын қаған жерлеуді кезінде олардың жылап-сықтаушы елдер қатарынан орын алуына қарағанда Бумын қаған кезінде отыз татарлар түріктердің вассалы болып өз билеушілерінен сақтап қалған.Ал шығыс түрік қағанаты құрылу кезеңінде қағандық тың қайта түлеуіне қарсы күштерге қосылғаны үшін Шығыс Түрік қағандары оларды тікелей қарамағына алып билік жүргізгені яғни,оларды бектер арқылы басқарған.Орхон ескерткіштерінде отыз татар бектері деген жолдар кездеседі.
Тарихх ғылымының қимақтардың ежелгі қонысы жөнінде түрліше пікір бар.С.М.Ақынжанов Гардизи әңгімесін негізге ала отырып,Ертіс территориясындағы қимақтарды сырттан келген халық деп пайымдады.Зерттеуші Гардизи әңгімелері сол уақытта болған нақты оқиғаларды суреттейді дей келе қимақтардың алғашқы отаны солтүстік-шығыс Моңғолияның жері деп көрсетті.Ол мұндағы тоғыз татарларын меңзесе керек.Орхон ескерткіштерінде татарлар тоғыз татар,отыз татар деген атаулармен кездеседі.Қытай деректерінде олардың арғы тегін Дунху деп атаған.IV-XI ғ.ғ олар қазіргі ҚХР Ішкі Моңғолия автономиясы,Хулуньбэйр аймағы мен соған іргелес жерлерде өмір сүрген.Алғашында олар бес тайпа болып,кейін көне түрік қағанаты кезінде олардың саны 30-дан асқан.Бұл көне түркі ескерткіштерінде отыз татар деп аталатын ел.
Татарлардың түркі тектес ұлыс болғандығын аңғартатын аңыздары мен жазбалары бар.Мысалы,Әбілғазы ханның Түрік шежіресі еңбегінде татар адам аты және халық атауы ретінде баяндалған.Нұхтың баласы Йафестен
Түрік-Түтік-Елше хан-Деббақой хан-Күйік хан-Алынша хан туады.Алынша хан елді екі ұлына бөліп береді.Олар татар хан және моңғол хан әулеттері болады.Оларға қараған түрік нәсілді елді татар,моңғол халқы деп атаған.XI ғасырда түрік ғұламасы Махмуд Қашғари өзінің Түркі тілдерінің сөздігіндетатарларды,табғаштарды, қидандарды,таңғұттардың атағы кеңінен мәлім болған жиырмадан астам түркі тайпаларының қатарында атайды.Табғаштар-дунхулардан шыққан сяньбэй этнонимінің құрамына енетін тоба тайпасының көне түрік тілінде дұрыс аталуы.Дегенмен,осындай ежелгі түркі деректерінің ғылыми айналымға енбеуі өкінішті.Қытай деректерінің өзінен отыз татарларының арғы тегі болған сяньбэй этнонимінің тілінің түркіше сипаты айқын аңғарылады.Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері 4-томының 51-бетіндені сяньбэй сөзіне түсніктемеде Қытайдың Наньцишу кітабының Вэй жабайылар баяны тарауында сяньбэйдің 13 лауазым атауы сақталған,бұл атаулардың түбір сөздері түгелдей түрік тілінде болған,тек оларға жалғаған -чин жұрнағынан кейін ғана моңғол тілінің сипаты байқалады.Мысалы түркі бітік сөзіне -чин жұрнағын жалғап бітікчин болып құралады,ғалымдардың пікірінше бұл сөз түркі тілінде болса -чин жұрнағының орнына -чи жинағы болар еді-мыс.Алайда осы -чин жұрнағы ертеде түркі моңғол тілдерінің ортақ жұрнағы болған болуы да әбден ықтимал.
Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бір ауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағынан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан маңызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, печенегтермен, қарлұқтармен, қыпшақтармен, азқишилермен, түргештерен қатар аталады.
Міне осылардың бәрін жинақтай келгенде,қимақтардың шығу тегіне бәрінен жақыны татар тайпалық одағы екенін баса айту қажет.Бұған Гардизидің Әлем шекаралары еңбегінде берілген генеологиялық аңыз негіз бола алады.Сонымен татар тайпаларының тарихы отандық тарих ғылымында әлі де зерттеле қоймаған мәселелердің бірі екендігіне көз жеткіземіз.
1.2 Қимақ мемлекетінің құрылуы,саяси жағдайы мен ыдырауы.
Батыс Түрік қағанатының орнына-қазіргі Қазақстан аумағында түркі тілдес тайпалар азулы үш мемлекет:Жетісуда-қарлұқ этникалық-әлеуметтік бірлестігін,Сырдарияның орта және төменгі ағысы мен Арал өңірінде-Оғыз державасын,ал Солтүстік шығыс және Орталық Қазақстанда-Кимек қағанатын құрды. Кимек тарихының ертедегі кезеңі туралы қытай деректемелерінде VII ғасырдағы батыс түрік ортасында болған оқиғаларға қатысы бар яньмо тайпасымен байланысты айтылған.Қытайтанушылар яньмосы иемек тайпасына жатқызады.Бірақ ол,шын мәнінде,кимек атауының тілдік ашылымы болып табылады.Зерттеушілердің кимектер мен қыпшақтарды бір халыққа балап жүрген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz