Өсімдік географиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы

Дәрістік кешен

Алматы, 2022

Дәріс 1 Тақырыбы: Кіріспе.
Биогеография - өсімдік пен жануарлардың қоғамдастығының жер шары бойынша таралуы мен шоғырлануын зерттейтін ғылым. Ол биология мен география ғылымдарының бірігуінен негізделетін ғылым. Мысалы, биохимия- биология және химия; биофизика- биология мен физика; геохимия- география мен химия ғылымдарының өзара байланысуы нәтижесінде биогеография ғылымының жаңа зерттеу әдістері, заңдылықтары айқындалады. Яғни, биогеографияның ғана зерттеу әдістері планетадағы тірі заттар массасының, өнімінің таралуын, қазіргі замандағы организмдер мен олардың қоғамдастығының таралу ерекшеліктерін, құрлықтың биогеографиялық бөліну принциптерін және биогеографиялық аймақтардың шекараларын анықтайды. Сонымен қоса, биотикалық қарым- қатынастардың географиялық ерекшелігі мен биотаға әртүрлі географиялық жағдайлардың әсер етуін (антропогендік) оқытады.
Сонда биогеография ботаникалық география мен зоогеография сияқты ғылымдардың көптеген заңдылықтарына сүйенеді.Осы ғылымдардың негізінде биогеографияның негізгі жағдайлары қалыптасты: нақты географиялық жағдайдағы негізгі популяция түрінің өмір сүруіне негізделетін өсімдік пен жануар ресурстарын ұтымды пайдалану; биогеографиялық ерекшеліктер арқылы (қоғамдастықтың түрі,құрылымы, өсу қарқыны) табиғи ортаның қасиеттерін (мысалы, пайдалы қазбалардың қоры, грунт суларының деңгейі, т.с.с.) өлшеу, білу; адамның әсерінен қалыптасатын жарамсыз жерлерді қайта өңдеу (рекультивация); табиғи және антропогендік қоғамдастықтың өнімділігін арттыру (зиянды жануарлар мен улы өсімдіктерді жойып, мәдени орман алқаптар қалыптастыру); табиғатты қорғау және жеке түрлер мен олардың қоғамдастықтарын сақтау.
Биогеография флора мен фаунаның географиялық яғни территориялық таралуының негізгі принциптері; біркелкі таралмауына байланысты олардың дүние жүзі бойынша түрлі аймақтарға бөлінуі; организмдердің әркелкі таралу ерекшеліктері; қоғамдастықтардың екі түрге жіктелуі; биомдардың негізгі түрлері; биіктік белдеуде организмдердің әркелкі таралу заңдылықтары; аралық биоталар мен биомдардың таралуы; биосфераның экологиялық және генетикалық әртүрлілігін қарастырады.
Биогеографияда басқа ғылымдарға қарағанда, әртүрлі рангыда қоғамдастықты бөліп қарастырғанда, көптеген қиыншылықтар туып отырды. Бұл жерде олардың нақты шекарасын тура бөлу мүмкін емес және мүмкін деген екі бір-біріне қарама-қарсы көзқарас қалыптасады (Дискреттер мен континуальдылық). Екінші көзқарастар биомдардың шекарасы мүмкін емес десе, бірінші көзқарасты жақтаушылар нақты олардың арасында шекара бар екендігін айтады. Әрине олардың арасындағы шекара бар болуы мүмкін. Бірақ оларды бір күнде немесе бір жылда бақылау мүмкін емес.
Биогеографияның басты міндетіне құрлық пен мұхиттардағы әртүрлі рангы мен құрамдағы жануар,өсімдік және т.б. организмдердің территорияда таралуын, олардың қоғамдастығының аймақтар бойынша таралуын зерттеу жатады. Бұл сипаттамаға келу үшін жалпы планетадағы организмдер өмірдің әртүрлі екендігін және оның әрқашанда өзгеріп отыратындығын ескеруі керек. Яғни әртүрлі 2 факторларды ескерген жөн: 1) сол және басқа аймақтың геологиялық тарихи ерекшелігі; 2) қазіргі кездегі экологиялық жағдайлар,яғни табиғи орта мен адамның әрекетін қоса есептегендегі экологиялық жағдайлар. 1-фактор тобы аймақтарды сипаттайтын таксон жиынтығының жүйелік құрамын анықтайды, ал 2-фактор тобы өсімдік пен жануар құрайтын қоғамдастықтың экологиялық ерекшеліктерін және өсімдік пен жануар әлемінің жалпы келбетін анықтайды. Осы факторларға сәйкес биогеографиялық аудандастырудың принциптері де әртүрлі болады.
Биогеография - биогеоценоздардың және олардың құрамына кіретін өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің таралу заңдылықтары туралы ғылым. Биогеография микроорганизмдер географиясын, өсімдік географиясын, өсімдіктер бірлестігі географиясын, жануарлар географиясын және организмдердің жалпы географиясын қамтиды. Кейбір авторлар (Э. Мартонн, В.Г. Гептнер, Ф.Витасек және тағы да басқалары) Биогеографияны ботаникалық география мен зоогеографияның жиынтығы ретінде, басқалары (В.Б. Сочава) Жердегі органикалық дүниенің географиялық таралуының жалпы зандылықтарын зерттейтін осы ғылымдардың қондырмасы есебінде қарайды. Ғылым есебінде XIX ғ. бас кезінде, өсімдік географиясы мен жануарлар географиясы туралы мәліметтер корланған кезде құрылды. Биогеографияның ареологиялық, флоралық, фауналык, экологиялық, тарихи және аймақтық деп аталатын негізгі бағыттары бар.
Биогеография ғылымының негізі 18 ғасырда қаланды. Оның дамуына экваторлық Африка, Оңтүстік Америка, Азия елдерінің фаунасы мен флорасын зерттеу үшін жүргізілген экспедициялар мен сол кезеңнің жаратылыстанушылары -- неміс ғалымы А.Гумбольдт пен ағылшын ғалымы А. Уоллестің, т.б. еңбектері негіз болды. Биогеография биоценоздар мен организмдердің таралу аймақтарын зерттей отырып, олардың көп түрлілігін тиімді пайдалану, аудандастыру, санын реттеу және қорғау мәселелерін қарастырады. Биогеография зерттеу бағыттары бойынша бірнеше салаға ажыратылады:
* ареалогиялық биогеографияЖер шарындағы әр түрлі организмдердің (түрлердің) таралу аймағын анықтап, олардың сол аймақтардағы орналасу ерекшеліктерін зерттейді, соның негізінде анықтамалық және кадастрлық карталар жасалады;
* аймақтық биогеографияорганизмдердің фауналық және флоралық аудандастырылуын қарастырады, соның нәтижесінде биогеографиялық аудандастырудың кешенді кестесі құрылады. Бұл зерттеулер ауыл шаруашылығына пайдалы немесе зиянды организмдер популяцияларын анықтауға, күрес шараларын ұйымдастыруға, жойылып бара жатқан сирек түрлерді қорғауға жол ашады;
* экологиялық биогеографияәр түрлі географиялық облыстардағы организмдер топтарының биоценоздағы рөлін, биологиялық өнімділігін және биомассаларын анықтайды;
* тарихи биогеографияорганизмдердің жер бетіндегі таралуын нақты аймақтың геологиялық тарихымен байланыстырып зерттейді.
Биогеография организмдердің арасындағы жұқпалы аурулармен, оның қоздырғыштарымен күресті жүзеге асыруды, өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұқымдарын шығаруды, өсімдіктер мен жануарларды жерсіндіруді, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды, т.б. үйлестіріп отыратын табиғат қорғаудың теориялық негізі болып табылады.
Өсімдік географиясы. Өсімдіктердің таралуы ареалын зерттейтін бөлімі. Өсімдік географияның өсімдіктің түрін, туысын тағы басқа таксономиялық котегорияларының табиғатта таралу аймағын-ареалын зерттейтін саласын фитохорология дейді. Өсімдік географияның флористикасы бір аймақта таралған өсімдік түрлерін, флорасын, ал өсімдік географияның экологиясы өсімдіктің тіршілік ортасына бейімделуін зерттейді. Өсімдіктің таралуы туралы мағлұматтарды ертедегі дүние ғалымдары (Теофраст) еңбектерінен де көруге болады. Ал нақты мағлұматтар 18 ғасыр натуралистері француз ботанигі Ж.П.Турнефор, швед ғалымы К.Линней, орыс академигі П.С.Паллас тағы басқа еңбектерінде өсімдік географяи жөнінде көптеген нақты мәліметтер келтірген, 18-19 ғасырда өсімдік география ғылымның жеке саласы болып қалыптасуына неміс натуралистері К.Вильденов, А.Гумбольд көп еңбек сіңірді.
Ч.Дарвин организмнің географиялық таралуын эволюциялық дамудың дәлелі ретінде қарады. Ч.Дарвиннің идеяларын ағылшын ғалымы Дж.Д.Гукер, американ ботанигі А.Грей ботаника-география еңбектерінде қолданды. Жер шарындағы өсімдік ареалы мен флорасының байланыстырып ерттеген неміс ботанигі А.Энглер өсімдік географияның тарихи-генетикалық әдісінің дамуына үлкен әсер етті. Өсімдіктер таралуының географиялық аңдылықтарын білу өсімідк дүниесінің эволюциялық заңдылықтарын ашуда үлкен орын алды. Өсімдік географияның зерттеудің өсімідіктің адамға пайдалы түрлерін шығаруда, жаңа түрлерді жерсіндіруде маңызы зор. Өсімдік ареалын зерттегенде сыртқы ортаның өсімідіктің таралуына тигізетін әсері және өсімдік флорасының қалыптасуы мен жеке түрдің таралу тарихи анықталады. Жер бетінің өсімдік флорасын зерттеу үшін жоғары сатыдағы өсімдіктің (тұқымды өсімдік пен папоротник тәрізділердің) барлық түрін есепке алу керек. Белгілі бір жерде (құрлық, арал, ботанико-географиялық аймақ т.б.) таралған өсімдік түрінің жер көлеміне қатынасын анықтау арқылы, сол жер флорасында өскен өсімдіктің мөлшері анықталады. Көптеген ботаниктер флораны салыстыру үшін белгілі бір ботаникалық-географиялық аймақта өсетін өсімдік түрлерін салыстырады (нақты флора дейді). Артика аймағының нақты флорасында өсімдіктің 20-100 түрі кездессе, тайгада 450-700, жалпақ жапырақты орманда 1000, Жерорта теңізі жағалауында, Кавказ сыртында 1300-1500 түрі өседі. Тропик өңірінде өсімдіктің 2000 түрі өссе, Браилияның кейбір аудандарында 3000 түрі кездеседі. Аралда, таулы жерлерде өсімдік түрі аз болады. Өсімдік географияның өсімдік флорасына ботаникалық - географиялық талдау жасалады.
Жануарлар географиясы. Зоогеография- жер шарындағы жануарлардың белгілі бір аймақта таралуын, олардың тіршілік жағдайларын, тұр құрамын, дамуын зерттейтін биогеографиялық ғылымының бір саласы.
Жануарлар географияның ерте кезде тіршілік еткен жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін палеозоогеография деп атайды. Жануарлар географиялық - биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендері (ареал, стация), тараған жерлеріне (өзен-көлде, теңізде, құрлықта) байланысты ерттелетіндіктен география ғылымымен байлансты. Жануарлардың жер жүзіде таралуы туралы деректер ертеден белгілі болғанымен, зоогеография алғашқы еңбектер 18 ғасырда пайда болып, 19 ғасырдың ортасынан бастап ғылыми тұрғыдан дамып келеді.
Бұл ғылымның дамуына Ч.Дарвиннің Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің шығу тегі еңбегінің және орыс ғалымдары К.Ф.Рулье, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов тағы басқа еңбектерінің үлкен әсері болды, жануарлар географиясы жер шарын және оның әр түрлі бөліктерін жануарлар құрамы мен таралу ерекшелігіне байланысты бірнеше зоогеографиялық аймаққа бөледі. Олар:
* палеарктика (Еуропа, Орталық және Солтүстік Азия, Африканың солтүстік бөлігі),
* Неарктика (Солтүстік Америка, Грендландия),
* Неотропика (Орталық және Оңтүстік Америка, Вест- Үндістан), Эфиоприя (Орта және Оңтүстік Африка, Мадагаскар),
* Үнді-Малайя (Үнді, Үнді- Қытай және Малайя архпелагы, аралдар),
* Австралия (Австралия, Тасмания, Жаңа Зеландия, Жаңа Гвинея),
* Антарктида (Антарктида құрылығы және Оңтүстік Американың ең оңтүстік бөлігі) биогеографиялық аймақтары. Мұнымен қатар мұхиттарда тіршілік ететін жануарлар судың тереңдігіне қарай жиектік (литораль), ашық деңгейлік, терендік деп үшке бөлінеді. Жиектік бөлігі Үнді- Полинезия, Тропикалық - Атлантика, Арктика, Бореал, Атибореал және Антарктика аймақтарына бөлінеді. Ашық деңгейлік бөлігі Арктика, Атлант , Үнді- Тынық мұхит және Антарктика аймағына, ал тереңдік бөлігі Үнді-Пацифи, Атлант және және Артика аймақтарына бөлінеді.
Қазақстанда таралған сүт қоректілер олардың фауна құрамына, кездесетін жеріне (шөл, дала, тау, оран) байланысты шағын 22 зоогеографиялық аймаққа бөлінеді. Бұлар - орман дала, орталық, шығыс дала аймақтары, батыс аралас аймағы, Ұлытау, Сарыарқа, Зайсан, Арал-Каспийдің солтүстігіндегі шөл, Бетпақдала, Алакөл, Үстірт, Қызылқұм, Мойынқұм, Қаратай аймақтары.
Жануарлар географиясының кәсіптік маңызы бар әр түрлі жануарларды халық шаруашылығына тиімді пайдалануда, орман, Арамшөп зиянкестерін зерттеп, табиғатты қорғауда, бағал жануарларды жерсіндіру, пайдалы жануарлардың санын көбейту үшін маңызы зор. Жануарлар географиясы жануарлар систематикасы, экология, палеонтология, фитогеография. Климатология, океанология тағы басқа ғылымдарымен тығыз байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Биогеография зерттеу бағыттары.
2. Өсімдіктердің таралу заңдалағы.
3. Жер шарының зоогеографиялық аймақтары.
4. ҚР-ның зоогеографиялық аймақтары.
Қолданылатын әдебиеттер: [Н 1-17], [Қ 1-44].
Дәріс 2-3 Тақырыбы:Биосфера туралы ұғым.
Биосфера (В.И.Вернадский бойынша) - тіршілік бар немесе қандай да бір кезенде тіршілік болған жəне үнемі тірі ағзалардың əсер етуіне ұшырайтын немесе ұшыраған планета аймағы.
Бірінші рет Биосфера түсінігі ұлы француз натуралисті Жан Батиста Ламарктің (1744-1829) жұмыстарында кездеседі. Биосфераны тіршілік иелерінің мекен ету сферасы нсмесе тіршілік орын алған сфера ретінде түсінуді 1875 жьшы австриялық ғалым Э.Зюсс ұсынды, бірақ бұл түсінік кейін ұмытылып кетті. Биосфера туралы жалпы ілімді жасаған (тарихта үшінші рет) белгілі орыс (совет) геолог-ғалымы В.И. Вернадский (1863- 1945) болды. Ілімнің негіздері оның Биосфера кітабыңда (1926) баяндалған.
Биосфера құрылымы. Əдетте биосферада шартты түрде 4 ірі кешенді (комплексті) қарастырады - атмосфера, литосфера (жер қабығының үстіңгі бөлігі), гидросфера жəне тірі ағзалар. Биосфераның жоғарғы шекарасы озон қалқасы немесе озоносфера - атмосфераның стратосфера шегіндегі 22-26 км биіктікте (орта шамамен) озонның ең көп тығыздығына ие қабаты болып табылады. Озоносферадан жоғары жақтан Күннің күшті ультракүлгін сəулесілің əсерінен арнайы қорғану шараларынсыз тіршіліктің болуы мүмкін емес.
Биосфера термині бірнеше мағынада қолданылады. В.И. Вернадский биосфераға жер қыртысының беткі бөлігін де жатқызған граниит қабатын қосқан.
Жиі биосфера деп организмдердің белсенді тіршілік ететін ортасын айтады. Ол атмосфераның төменгі бөлігін, гдросфера мен литосфераның жоғарғы бөлігін қамтиды, яғни геосфералардың белсенді қарым-қатынас аймағы.
Тіршіліктің таралу шекарасы.Биосфера деп географиялық қабықта тіршілік ететін тірі организмдердің жиынтығы.
Тіршілік жердің беткі қабатында қалыңдығы бірнеше метрге дейін шоғырланған. Алайда шашыранды түрде (бактерия түрінде) жер қыртысының 3км тереңдікке дейін жетеді (мұхит түбінен 0,5-1км тереңдікте) жəне бүкіл тропосфераны қамтиды. өсімдіктер мен жануарлардың көп түрі жер бетінде тіршілікетеді.
Жердегі органикалық дүниенің үздіксіз дамуы 3млрд жылдан артық уақыт аралығында жер бетінде термодинамикалық жағдайдың тұрақтылығындəлелдейді.
Организмдердің типтері мен олардың функциясы. Жердегі органикалық дүние 4 патшалыққа бөлінеді: дробянки(прокариоты). Оған бактериялар мен көкжасыл балдырлар жатады; саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлар. Бұл организмдердің клеткалық құрылысына жəне эволюциялық даму заңдылығы негізінде бөлінген.
Тірі организмдерді зат пен энергиялық алмасуына қарап та жіктеуге болады. Ол автотрофты жəне гетеротрофты организмдер. Автотрофтыға жасыл өсімдіктер мен кейбір прокориоттарды (бактериялар, балдырлар) жатқызуға болады. Олар күн радиациясын энергия көзі ретінде пайдаланып органикалық еместен органикалық зат түзеді.
Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын жүзеге асырады. Олар кезектесіп тірі заттан бейорганикалық материяға өтіп отырады. Бұл циклдер екі негізгі топқа бөлінеді: газдардың айналымы жəне шөгінді заттар айналымы. Біріншісінде элементтердің негізгі көзі -- атмосфера, көміртегі, оттегі, азот), екіншісінде -- таулы шөгінді жыныстар (фосфор, күкірт жəне т.б.) болыптабылады.
Флора - фауна - биота - бұл 1-ші қатар; ал өсімдік қоғамдастығы - жануар әлемі - биом 2-ші қатарды құрайды. Осы ұғымдарға қысқаша сипаттама беріп көрейік. Флора-сол немесе басқа аймақта мекен ететін өсімдіктердің басқа таксондары мен түрлерінің жиынтығы. Фауна-сол немесе басқа аймақта мекен ететін жануарлардың басқа таксондары мен түрлерінің жиынтығы. Биота - өсімдік, жануарлардың таксондарының және түрлерінің, сонымен қоса организмдер әлемінің басқа түрлерінің сол немесе басқа аймақтарда мекен ететін жиынтығы.
Жануарлар қоғамдастығы немесе жануар әлемі-жануарлардың тіршілік ету ортасының жалпы байланысы бар,ал өзара қарым-қатынастың әртүрлі болатын және өсімдік қоғамдастығының басқа компоненттеріне байланысты болатын жиынтығы. Биом- өсімдіктің, оның жануар әлемімен қоса алғандағы қоғамдастығы.
Таксономиялық бірліктердің географиялық ареалы - (түр, класс, тұқымдастық және т.б.) бұл жер шарындағы белгілібір беткі бөлік болып табылады. Бұндай ареал бірнеше кішігірім көптеген участоктардан, яғни таксон бірліктерінен тұрады. Бұл жерде ареалдардың картографиялық қайта өсіп-өнуі мен ареалдардың құрылымы қарастырылуы қажет. Себебі әртүрлі нүктелерді картада белгілеу және көрсету арқылы нақты әдіс алуға болады. Бұл, яғни шартты белгілер картасын биогеографияда алғаш ұсынған француз экологы Ж. Леме болып табылады.
Организмдер Жердің атмосферасы мен гидросферасын қалыптастырды және олардың құрамын нақты геохимиялық және биогеохимиялық бөліктерде ұстап тұруға мүмкіндік тудырады. Сонымен, тірі оргаизмдердің планетада өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасалып, биосферадағы заттардың орнын ауыстыруына себептер пайда болды. Осылардың бәрі тығыздалған түрде А.И.Перельманның ұсынысымен аталған, Вернадскийдің табиғи заңында жақсы көрсетілген:
биосферадағы химиялық элементтердің орын ауыстыруы тірі организмдердің үздіксіз қатысуымен немесе ол геохимиялық ерекшелігі тірі заттармен қарым-қатынаста дамыған және биосферамен қоса дамып келе жатқан ортада жүреді.
Осы заңнан мыналарды қорытындылауға болады:
* Тіршілік әрекеті біздің планетадағы қазіргі кезде тірі заттармен жасалған жағдайларда ғана қауіпті емесе болады;
* Тірі заттардың жеке организмдер арасындағы кішкене өзгешеліктің өзі немесе құртылудың өзі Жердің бетін соншалықты өзгертеді, тіпті адамдардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін анықтайтын табиғи факторларды тудыруы мүмкін.
Тірі оргаизмдер күн энергиясының нағыз акуммуляторы болып есептеледі. Олардың бөлігі қайта ұшып кетеді де, кей бөлігі каустобиолиттердің кен орындарын қалыптастырады - органимздердің қалдықтарынан және олардың біртіндеп іріп-шіруінен түзілетін тау жыныстары. Каустобиолиттерге мыналар жатады: мұнай, көмір, жанғыш тақтатастар, яғни қазіргі кезде әртүрлі шаруашылық әрекеттеінде энергияның көзі ретінде қолданатын пайдалы қазбалар. Каустобиолиттердің түзілуіне миллиондаған жылдар қажет болды, ал қазір адамзаттың алдында олардың сарқылу проблемасы тұр және тіпті, осы энергия көзінің мүлдем жоғалып кетуіне мүмкіндік тууда. Осы проблемамен адамдардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі байланысты, көптеген елдер қатып келетін энергия көздерін пайдануда (күн, жел, тасу энергиясын), ал кейбіреулері атомдық энергияны пайдалануды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогеография туралы түсінік
Геоботаника негіздері, мақсаты мен міндеттері
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Америка құрама штаттары (АҚШ) экономикалық-географиялық жағдайы
Биогеография пәнінің зерттеу обьектісі
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
Қазақстан топырақтарының қазіргі экологиялық жағдайлары
Дүние жүзінің ауыл шаруашылық географиясы
Геоботаника жайлы
XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
Пәндер