Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудағы тілдік қарым-қатынастың рөлі

Орындаған:

Қабылдаған:

Алматы, 2022 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
  2. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері
  3. Қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері

ІІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛДІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

2. 1 Қазақ тілін тілдік қарым-қатынас арқылы оқытудағы - қатысымдық әдіс

2. 2 Қазақ тілін оқытудағы тілдік қарым-қатынастың рөлі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тілі - мемлекеттік мәртебемізді, ұлттық келбетімізді танытатын басты белгі. Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан-ғасырға жалғастырып келе жатыр. Мемлекеттік тіл тағдыры - қазақ ұлтының да тағдыры, сондықтан біздің мақсатымыз - қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне меңгерту, үйрету.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген Елбасы Н. Ә. Назарбаев мұғалімдердің ІІ съезінде сөйлеген кезінде [1] . Ал, белгілі педагог Ш. А. Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтырушылығын арттыру үшін оқытуды жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң бастау керек», - деген [2] .

Ғасырлар бойы бостандықты, елдікті аңсаған еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері мемлекеттік тіл де ұлттың сана-сезіміне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына сай, яғни ұлттың рухын көтеретін мәселесі тіл білімі саласында ғана емес, барлық ғылым саласының күн тәртібінде айрықша маңызға ие болды. Осыған байланысты Қ. Асылов, Ү. Құсайынов, Ф. Оразбаева, Ә. Жүнісбеков, Д. Рахымбек сынды ғалымдар еңбек еткен.

Тіл мен қоғам өзара тығыз байланыста қарастырылып, адамзат өмірінде маңызды рөлге ие құбылыстар. «Қазіргі кезеңде халықаралық байланысы күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне ерекше мін беріліп отыр. Тілдік қатынастың бүкіләлемдік маңызы ел мен елдің, ұлт пен ұлттың саяси байланысына жан-жақты жол ашудан көрінеді» [3] .

Тілдік қатынас - тілдің әлеуметтік қызметін нақтылауға арналған адамдар қарым-қатынасының айрықша түрі. Әлемдегі болып жатқан мәселелерден тыс қалмаудың жолдарының бірі - ақпарат алмасу. Сондықтан тіл білу арқылы адамдар болып жатқан жаңалықтар мен ақпараттардан хабардар болады. Тілді меңгеру оның қажеттіліктерін ескеруден бастау алады. А. Байтұрсынұлы айтып кеткендей: «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры». Адамзат баласының сан ғасырлар бойындағы тарихы, рухани байлықтары ұрпақтан ұрпаққа сол ұлттың тілінде сақталуы арқылы жетіп отыр [3] .

Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту, үйрету барысында, біріншіден, оның қазақ ұлтының, қазақ халқының ана тілі екенін, оның ертеден дамыған тарихы барын, әдеби тіл дәрежесіне көтерілген салаларын, жазба тілге тән т. б. басты қасиеттерін түсіндіру қажет. Екіншіден, қазақ тілінің сол халықтың сөйлесу құралы болуымен қатар, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасауға негіз болатын, ұғынысуға, пікірлесуге жол ашатын ұлтаралық қатынас құралы екеніне баса назар аудару керек. Үшіншіден, қазақ тілінің қатысымдық сипаты оның ел аралық қатынаста қолданылатын қоғамдық мәнінен және ресми іс-қағаздарда жұмсалатын әлеуметтік қызметінен көрінеді. Төртіншіден, қазақ тілі - қоғамдағы барлық салаларда пайдаланылатын мемлекеттік дәрежеге жеткен қарым-қатынас құралы. Бесіншіден, ол - рухани мәдениет пен өркениет өнер жолында қолданылатын адамның сезімі мен көңіл-күйін жеткізетін құрал. Сол сияқты қазақ тілінің ең басты қатысымдық қасиеті - бір ұлтпен өкілдерінің өзара түсінісуіне, ұғынысуына жол ашу, қарым-қатынас құралы ретінде бүгіндей қоғамға қызмет ету [4] .

Тілді оқытуда коммуникативтік технологияның берері мол, яғни қарым қатынас негізінде оқыту нәтиже беретінтехнология. Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдісті негізін қалаған профессор Ф. Оразбаеваның: «Қатысымдық әдіс дегеніміз тіл үйренуші мен тіл үйретушінің тікелей қарым қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын тіл үйретудің тиімді жолдарынан тоғыстыра келіп, тілді қарым қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», - дейді [5] . Оқытудың қатысымдық бағытын ұстанған Е. И. Пассов, А. А. Леонтьев сияқты әдіскерлер бұл әдістің ғылыми теориялық және ідістемелік тұрғыдан тиімді екендігін дәлелдеген. Ғалымдар коммуникативтік технологияны қолдануда төрт принципті негізге алуға болатынын айтты, Олар: тілге бағыттау (қарым қатынас), тілдік қызмет (сөйлесу), жағдаят (рөлдік ойындар), ұжымдық өзара қимыл (ұйымдастыру тәсілі) [6] .

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты ретінде қазіргі кездегі қазақ тілін оқытудың негізгі мәселелері мен оқытудағы тілдік қарым-қатынастың рөлін анықтау. Осы мақсатқа жету жолында зерттеу алдына мынадай міндеттер қойылды.

  • Қазақ тілін сапалы оқытудың әдістемелік жүйесін құру;
  • Қазақ тілін оқытудың негізгі мәселелеріне шолу жасау;
  • Қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтап, тізбегін құру;
  • Тілдік қарым-қатынастың негізгі анықтамасын анықтау;
  • Тілдің қарым-қатынас арқылы оқытуда қолданылатын қатысымдық әдістің теориялық мазмұнын анықтау;
  • Тілдік қарым-қатынастың қазақ тілін оқытудағы рөлінің маңыздылығын анықтап, теориясын жасау.

Курстық жұмысының нысаны. Курстық жұмысты жазуда басты нысанға қазақ тілін оқыту әдістемесі, қазіргі қазақ тілі алынды.

Курстық жұмыстың әдістері. Қазақ тілін оқыту әдістемесін және оны оқытудағы тілдік қарым-қатынастың рөлінің маңыздылығын анықтау барысында дәстүрлі лингвистикалық талдау және жинақтау әдістері пайдаланылды.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, бірінші негізгі бөлім үш бөлімшеден, екінші негізгі бөлім екі бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болса, бұл проблемадан басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Себебі, қазіргі таңда көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылатын мәселе - орыс сыныптарда қазақ тілін оқыту мәселесі. Сонымен қоса, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.

Орыс сыныптарда қазақ тілі пәнін жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар саны біраз болып саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамуына әрі жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш. Х. Сарыбаев, И. В. Маманов, Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Т. Аяпова, Ш. Бектуров, Қ. Сариева, А. Жүнісбеков, Ф. Р. Ахметжанова, М. Жанпейісова, Ф. Оразбаева, Қ. Бітібаева т. б.

Бүгінгі күні біздің алдымызда тұрған мақсат - өзге тілді сыныптарда қазақ тілін үйрету ғана емес, сонымен қоса алдымызда отырған шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол себепті, барлық отандастар отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп-өнген аймаққа деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі.

Біздің облысымыздың 2005-2010 жылдарға арналған Білім беру жүйесінің жаму бағдарламасының жобасында бұл мәселе жайлы былай делінеді:

-Жоғары Қазақстандық ұлтжандылық, жоғары мәдениет, ымырашылдық және адамдардың құқығы мен бостандығын сыйлауға тәрбиелеу;

-Облыс жұртшылығының тіл мәдениетін дамытып, үштілділік принципін іске асыру, мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеру.

Қазіргі кезде мектептерде оқу-тәрбие жұмысын түбегейлі қайта құру жаңалап, жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Адамның немесе баланың жан дүниесіне терең үңіліп, оны өз ой елегінен өткізген Абай: « . . . соның бірі - ес. Ес-сана болмаса, адам балаға ғылым, білім, мәдениет салаларын меңгерте алмас еді», - дей келе, адам психологиясының барлық жағына терең үңіліп, тиісінше талдаулар жасайды. Абай: «Қайрат, ақыл, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек . . . » - деп олардың бірлігін көрсетеді. Жүрек сөзі - мидың символы, мидың өнімі - ойлау, түйсік, мінез. Тағы да Абай: «Адам дүниеге келгенде ақылды болып туылмайды. Естіп, көріп, оқып, ізденіп ақыл табады», - деген екен.

Тіл маманы сыныпта отырған әр оқушының психологиясын жете білуі, арқылы педагогикалық әдебімен жұмыс істеу шеберлігімен ұштасқанда табысқа жетеді. Белгілі ақын, педагог, ана тілі жайында бірнеше еңбек жазып қалдырған М. Жұмабаев: « . . . ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады . . . » [7] .

Әлем бойынша 400-ден астам кәсіпкер-мамандық болса, әр істің өзіндік технологиясы бар. Ал оқу ісіндегі технология да сондай. Әр пәннің оқыту технологиясында өзінің түсініктемесі, заңдылығы, принциптері, әдістемесі болады. Оларды меңгерту үшін әр маман білімдарлығымен, кәсіптік шеберлігін (тиімді білім беру), оқыту жолдарын жете білулері қажет. Қазақ тілінен сабақ жоспарын жасаудың негізгі мақсаты, оны түгелімен жаңарту, адамзаттың мәдени мұраларымен сабақтастырып білім беру, оқыта отырып ұлттық рухын тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға ретінде ақыл-ойын дамытуының, қоғамға жаңа ұрпақ дайындау, осының бәрін қамту кешенді сабақ жоспарын күнбе-күн өткізетін ғылыми білім беретін сабақ екендігін түсіндім.

Адам баласы, қоғам пайда болғанна бері тіл қоғамға қатынас құралы ретінде қызмет істеп, қоғаммен қатар дамып келетінін ғалымдар да дәлелдеген. Оқыту барысында тілдің даму заңдылықтары, өзгеріске түсу сөздерінің негізгі элементтерін өрістету, жетілдіру жолымен бірте-бірте қорландыру жолымен дамиды. Оның тіл ғылымының жалпы және жалқы заңдарындағы зерттелген дәлелі ескерілетінін білдім. Отанына жан-тәнімен берілген эстетикалық талғамы бар, еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, білімінің өмірге қажеттілігін түсіндіре отырып, кәсіби мамандыққа баулумен байланыстыра қарау.

Сонымен қоса оқытуда, қазақ тілін өзге ғылымдармен, әдебиет, философия, логика, психология, тарих, биология, педагогика, кибернетика ғылымымен байланыстыра отырып қарау - заңдылық [8] .

Оқушының білімін жетілдіре білуде, оқып - үйренсем деген ынтасын арттыра отырып, ізденімпаздық қасиетке жетелу, өз бетінше білім алуға үйрету, сабақ үстінде қазақ тілінен білім бере отырып, олардың санасына халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, халқының тарихын, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін меңгеру жан-жақты жетілген жаңа ұрпақты оқытып тәрбиелеу, саннан сапаға секірту - бүгінгі таңдағы өмір заңдылығы.

Қазақстан өзін тәуелсіз ел етіп жариялап, екі рет тіл заңын қабылдады, алайда білім беру тұжырымдамасында мектепті жаңарту, қоғамды, мемлекетті, ұлттық рухани жағынан қайта жаңғырту мәселесі бірнеше рет қарастырылғанымен қазақ тілін оқыту технологиясы түбегейлі жақсара қоймады, оның ғылыми негізі қаланбады.

  1. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері

Назар бірден зерттелетін құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдарда оқыту әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолданыла бастады. Оның мәнісі - зерттеу өзара байланысты элементтерден құралған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер арасындағы өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа баса назар аударылады. Осыған сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім менен оқушының арасындағы байланысты анықтау қажеттілігі туады, оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, әдістері, құралдарымен, оқкшылардың білімді қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы байланыстарды анықтау қажет болады. Оқытудағы жүйелілік-құрылымдық әдіс сабақтың мақсатын айқындауды, осы мақсаттарға байланысты оқытудың мазсұнын, әдістері мен құралдарын сұрыптап ала білуді, сабақтың тиімділігін бағалауды көздейді. Жүйелілік әдіс мұғалімдердің бағдарлама бойынша бірнеше сабақты жоспарлап, дайындалуына мүмкіндік беріп, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары, мазмұны, оқыту әдістері жағынан, оқкшылардың танымдық әрекетінің сипаты жағынан өзара байланыстылығын сақтайды.

Әдістемелік зерттеулерде типологиялық әдіс те көрнекті орын алады. Бұл әдіс бойынша объектілер мен құбылыстар топталып, әр топтың негізгі белгілері анықталады. Типологиялық әдіс әдістеме ғылымының мәселелерін зерттеуде жиі қолданылады. Мысалы, ана тілінен берілетін білім мазмұнын талдап шешуде оның негізгі құрмалас бөліктерін топтап қарастыру, атап айтқанда, білі беру, іскерлік, көзқарастық идеялар және әрекет тәжірибесін түгел қамту. Оқытудың жолдары мен ұйымдастыруының түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу, тілді оқыту әдістерін жіктеп көруге, оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыс түрлері мен сабақ түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің теориялық әдістеріні қатарында тарихи әдістің де тиісті орны бар. Бұл әдіс бойынша зерттелетін құбылыстар уақыт жағынан даму, өзгеру тұрғысынан қарастырылады. Тілді оқытудың қазіргі әдістемесінде мәселелерін шешуде бұл әдісте кеңінен таралған. Зерттеудің эмпирикалық әдістеріне мектеп тәжірибесін зерттеу мен эксперимент әдістері жатады. Мұның алғашқы түрі іс жүзінде қолданылып жүргендерді анықтап, еске алу мақсатынла жүргізіледі. Бұл мәліметтерді білу бағдарламалар мен оқулықтарды жетілдіру барысында, мұғалімге ғылыми әдістемелік жәрдем беруде, озат тәрбиешіні көптеп, көпшілікке таратуда зор маңызы бар. Мектеп тәжірибесін зерттеу әдістерінің мына түрлерімен таныс болды: 1) оқыту процесіне байқау жүргізу; 2) мұғалімдер мен оқушыларға анкета тарату; 3) мектеп құжаттарын реттеу; 4) әңгімелесу; 5) жазбаша тексеру жұмыстары. Мектептің тәжірибесін зерттеген сәтте, алдымен оның мақсатына дәл айқындап, жоспарымды жасау керек, тексеру жұмысына мұқият түрде дайындалып, байқауды жүргізудің сызбаларын жасап, оқушылар мен мұғалімдерге қарап, анкета дайындау қажет.

Эксперимент педагогикалық жаңа тәжірибе эасауға бағытталған. Ол тілді жүйелі курсыңның мазмұнына зерттеуші қажет деп тапқан оқу материалдарының оқушыларға түсініктілігін, ана тілін оқытуға ұсынылған жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңадан келген көрнекіліктердің тиімділігін анықтау үшін пайдаланылады.

Экспепримент жүргізудің бірінші шарты - дәлелдеуге және тексеруге қажетті терең ойластырылған гипотеза немесе, ылыми болжам болды. Әдетте гипотеза, біріншіден, зерттеушінің ойыншыға, оқушылардың қабылдауына, лайықты білім мен дағды әрі іскерлікті анықтау; екіншіден, оқытудың неғұрлым қолайлы әдістері мен құралдарын іріктеп алу тұрғысынан жасалады. Екінші шарты - гипотезаны іске асыру үшін оқу әдістемелік материалдар (оқушылар үшін оқу мәтіндерін сұрақтар мен тапсырмаларды, үлестірмелі дидактикалық материал) дайындау, осыдан кейін эксперименттәк оқу жүргізілетін болды.

Педагогикалық эскпериментті ұйымдастырудың көп тараған түрі - эксперименттік және бақылау сыныптарына бөлу. Бұл ретте бір сыныпта (эксперименттік) жаңа оқу материалдары немесе жаңаша оқыту әдісі енгізілді, басқа сыныпта (бақылау) оқыту өзгеріссіз эүргізіледі. Екі сыныпта да оқушылардың даярлығы мен үлгерім дәрежесі бірдей болуы қажет. Әдістемелік ғылымның дамуы үшін қажергі кезде эксперимент кеңінен қолданылып жүр, ол алынған қорытындылар мен ұсыныстардың ғылыми-практикалық маңыздылығының ақиқаттвғвн дәлелдеп көрсетеді.

Әдетте теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістерінің барлығы өзара тығыз байланыста қолданылады. Бұл әдістердің барлығы дерлік (мәселен, зерттеу гипотезасын анытауда, жинақталған педагогикалық фактілерді қорытындылауда т. б. ) зерттеудің барлық әдістері - анализ, синтез, индукция, дедукция, абстрактылау, жинақтау, салыстыру сияқты логикалық операциялардың көмегімен жүргізіліп отыр.

1. 3 Қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Қазақ тілін оқытудың мақсаттарын үш топқа біріктіреміз:

  1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін бері; тілдің қоғам өміріндегі аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік бере алу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылардың тілдерінің мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей алуға, жаза білуге жол ашу.
  2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылыстарға көзқарасын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретіндігін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәрежеде беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың сал-дәстүрлерге деген сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері дайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
  3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін де дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрете білу; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау білу қабілеттерін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыра алу.

Қазақ тілі пәнінің міндеттері:

  1. Толық сауатты адамдарды даярлау;
  2. Оқушылардың шығармашылық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тілдің өзін де оның грамматикалық құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды; ана тілінің барлық дерлік мүмкіндітерін пайдалана алатындай болып қаруланған адамды; әдеби тілмен дұрыс сөйлеудің, мәнерлеп оқудың дағдысын игерген, грамматикалық және стилистикалық тұрғыда ауызша, жазбаша тіл ұстартуды жақсы игерген адамды толық сауатты адам деп санай аламыз. Қазақ тілін оқыту міндеттерін мектептің ойдағыдай жүзеге асыру жағдайларын, қазақ тілін оқытудың қиын да күрделі міндеттерін шешу мынандай белгілі бір шарттарға тікелей байланысты: бір жағынан мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы дәрежесіне, тәжірибесіне, екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін оқытуды жақсы жолға қойып алу үшін қажетті құралдардың болуына байланысты. Ондай құралдардың қатарына мынадай түрлері жатады: а) бағдарламалар - оқылатын материалдың мазмұны мен көлемін анықтайды, материалды сынып-сыныпқа бөлуді реттейді; ә) оқулықтар мен оқу құралдары - мұғалімнің көмегімен оқушылар сыныпта пайдаланады, өздігінен жұмыс істеу үшін сабақта және үйде қолданылады; б) ғылыми талданған мектептің үздік тәжірибесін ескеріп жасалған пәнді оқыту әдістемесі.

ІІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛДІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

2. 1 Қазақ тілін тілдік қарым-қатынас арқылы оқытудағы - қатысымдық әдіс

Тіл үйретудегі қатысымдық (коммуникативтік) бағытты ұстанған әдіскерлер Е. И. Пассов, А. А. Леонтьев, В. Г. Костомаров, А. Н. Щукин, М. Н. Вятютнев, Г. А. Китайгородская, Г. В. Рогова, И. Зимняя, В. А. Скалкин, Б. А. Лапидус, Н. И. Гез, Э. П. Шубин, И. Л. Бим т. б. бұл әдістің ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан ең тиімді екендігін дәлелдеп берді.

Бұған қатысты Е. И. Пассов: «Оқу материалын коммуникативтік бағытта ұйымдастыру мәселесі әзірге теориялық тұрғыда және оның айтылым әрекетін үйретуге қатысты проблемалары ғана қарастырылған. Ал сөйлеу әрекетінің барлық түріне қатысты коммуникативтік әдістің барлық деңгейлерде жүзеге асырылуы әлі шешімін таппаған», - деп аталған мәселенің өзектілігін баса назар аудара көрсетеді [9] .

Коммуникативтікке бағытталған ұстаным - тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алуы үшін қажет болатын коммуникативтік мүмкіндіктерін тудыру үшін бағытталған оқыту. Қатысымдық бағыттағы ұстаным оқу жұмысының алдына қойған мақсаттарын айқындауға септігін тигізеді.

И. Л. Бимнің пайымдауынша: «Шет тілдерді оқытудың коммуникативтік әдісі іс жүзінде тіл үйретудің жалпы коммуникативтік бағдары соңғы нәтижеге, яғни, шет тілді қатынас құралы, халықтар арасындағы өзара түсіністік орнату құралы ретінде пайдалана алуға дайын, жан-жақты дамыған, білімді тұлға қалыптастыруға бағытталуы керек» [10] . Сол себепті қатысымдық бағытта оқыту тіл үйренуші әртүрлі сөйлеу жағдаяттарына сай қарым-қатынасқа түсуін, яғни қатысымдық құзыреттілікке ие болуын мақсат етеді. Осы мақсатқа сәйкес сөйлеу әрекетінің барлық түрі өзара байланыста қарастырылып, үйренушінің тілді сапалы меңгеруіне бағытталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосқан ғалымдар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Лингводидактика ұғымы
Қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау
Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы жайлы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz