Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих факультеті

Археология, этнология және

Отан тарихы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы бойынша тарих пәндерін оқытудың ерекшеліктері мен құрылымы »

Қарағанды-2022

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І Негізгі бөлім . . . 6

  1. . Жаңартылған білім мазмұнын бойынша Қазақстан тарихы пәнінің ерекш елігі . . . 6
  2. . Жаңартылған білім мазмұнын бойынша Дүние жүзі тарихы пәнінің ерекш еліг . . . 13

ІІ Тарихты оқыту әдістемесінің педагогикалық-психологиялық пәндермен байланысы

2. 1. Тарихты оқыту әдістемесінің педагогикалық-психологиялық пәндермен байланысы . . . 19

2. 3 Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері . . . 23

3. Қорытынды . . . 25

4. Әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Елбасымыз Н. Назарбаев: «Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», - деген болатын. Қазіргі жаһандану әлемінде ХХІ ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындау керектігі айтылуда. Барлық оқушылар өздері өмір сүрген әлемде жұмыс істеуге дайын болуы өте маңызды. Білім беру саласындағы осындай үлкен өзгерістер ұстаздар қауымына аса жауапкершілікті жүктейді. Жас ұрпақты тәрбиелеп, ХХІ ғасыр талабына сай біліммен қаруландыру - бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі болғандықтан, білім беру ұйымдарында жаңартылған оқу бағдарламасына көшу - бұл заман талабы болып отыр. Ұлтаралық татулық - мемлекеттік тұрақтылықтың негізі. Еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің татулығы, ынтымағы өзге елдерге үлгі боларлықтай екені даусыз. Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап - ақ елімізде тіл саясаты мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасымыз айтқандай, биылғы халыққа арнаған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында Үкіметтің алдына «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Алдымыздағы өскелең ұрпақтың алдында ағылшын тілін білу міндеті тұр.

Курстық жұмыстың мақсаты: білім мазмұнын жаңартудың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану арқылы оқу үдерісін ұтымды ұйымдастыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге, қадірлеуге үйрету. Оқушыларды ізденуге дағдыландыру. Мемлекеттік тілді білу - парыз, өзге тілдерді үйрену - құқық. Қазіргі таңда мектептерде жаңартылған бағдарлама бойынша ағылшын тілі 1-ші сыныптарда оқытылуда. Негізінен ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы.

Тарихты оқытуда мотивацияның басты рөлін түсіну үшін, білім беру мекемелерінде мұғалімдерге оның негізгі әдіс-тәсілдерін, құрылымын жақсы білуі қажет. Мотивация мәселелерін қарастыруда және қалыптастыру жолын іздестіруде оны түсінуге мүмкіндік бола бермейді, себебі, мотивацияның қалыптасуы бұл мұғалімнен оқушыға берілмейтіндігі әр сабақтың үрдісінде көрінеді. Уәждердің қалыптасуы - бұл, біріншіден, сабаққа деген ішкі ынта сезімінің көрінуі және барлығын түсіне отырып, мотивациялық құндылықтар ортасын өз бетінше әрі қарай дамытуы. Неден бастаған жөн деген сұраққа жақсы оқулық керек дер едім. Өйткені дұрыс таңдалған оқу құралы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі кезде ағылшын тілінен оқу құралдары өте көп, қазіргі таңда 1-сынып «Smile» оқулығымен оқытылуда. Бұл кітаптың ерекшелігі сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға арналған оқу кітабы мен дискілер, жазу тапсырмалары бар жұмыс кітабы және әр сабақтың жоспары мен әртүрлі әдіс-тәсілдер көрсетілген мұғалімге арналған кітабы, тақырыпқа сай көрнекіліктері берілген.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын түсіндіру;
  • жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру.
  • болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай ағылшын тілін білу қажет. Сондықтан, менің міндетім бəсекеге қабілетті маман, білім беру сапасының жоғары болуы, кəсіби біліктілігі, əдістемелік жұмыстағы шеберлігі мол, компьютерлік техникалық оқыту, электронды оқулықтарды пайдалау арқылы шет тілін тез әрі оңай жолмен меңгерту.
  • «Қазақстан тарихы» оқу пәні 1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 5-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 201 міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқу пәні екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде сыныптарды топтарға бөлуге білім беру санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде жол беріледі. 2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін.

1. 1Жаңартылған білім мазмұнын бойынша Қазақстан тарихы пәнінің ерекш елігі.

Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-сыныптарда 1 сағат көлемінде оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша вариативті компоненттен 2 сағат алуға мүмкіндік берілген. Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарын таңдаған жағдайда 202 инвариантты компоненттегі таңдау пәндерінің комбинациясы (7-9-сыныптар) берілген. 7-9 сыныптар (әрқайсысы 2 сағаттан) : 1) «Шетел тілі», «Қазақстан тарихы» және инвариантты компоненттен таңдалатын бір пән 2) «Қазақстан тарихы», «География» және инвариантты компоненттен таңдалатын бір пән Егер білім алушылардың қажеттілігіне қарай осы комбинациялар таңдалған жағдайда 7-9-сыныптардың әр қайсысында «Қазақстан тарихы» пәні қосымша 2 сағаттан оқытылады. Сонымен қатар, Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 10-11-сыныптарда вариативтік компонент есебінен таңдалатын инварианттық пәндерді оқытуға барлығы 4 сағат бөлінген. Осыған орай, осы сыныптарда білім алушылардың қажеттілігіне қарай «Қазақстан тарихы» оқу пәнін таңдай алады[1, 6 б. ] .

Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді. Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.

Білім беру са «Қазақстан тарихы» оқу пәні

1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 5-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 201 міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқу пәні екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде сыныптарды топтарға бөлуге білім беру санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде жол беріледі[1, 77 б. ] .

2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін. тыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т. б. білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген[2, 76 б. ] .

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз[2, 76 б. ] .

Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтары түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екендігін бүкіл әлем мойындауда. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретінітуралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты[2, 76 б. ] .

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-сыныптарда және 10-11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. Вариативтік компонент есебінен таңдалған 7-9-сыныптар мен 10-11-сыныптардағы жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау, «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 17, 18 тармақтар) . Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібіне сәйкес 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау «Қазақстан тарихы» пәнінен ауызша емтихан түрінде өткізіледі (ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 41 тармақ) . 9, 11сынып білім алушыларына арналған қорытынды аттестаттау туралы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 210 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 39-4) -тармағына сәйкес 9-сынып білім алушылары таңдау пәні ретінде «Қазақстан тарихы» пәнінен жазбаша емтихан тапсырады. Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС-тан күтілетін нәтижелермен анықталады. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 41-тармағына сәйкес 11-сынып білім алушылары міндетті пән ретінде «Қазақстан тарихы» пәнінен ауызша емтихан тапсырады[3, 145б. ] .

5. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес зертттеу жұмыстары «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша негізгі Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 10-11 сыныптарда әр оқу тоқсанының соңында зерттеу жұмыстарының тақырыптары ұсынылады. 10-сынып бойынша зерттеу тақырыптары:

1. Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала.

2. Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы.

3. Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.

4. Мәдениет және дәстүр - ұлттың генетикалық коды.

11-сынып бойынша зерттеу тақырыптары:

1. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері.

2. Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры.

3. Қоғамдық-саяси ойдың біріктіруші рөлі.

4. Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары. Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады. Негізгі Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 10-11-сыныптарда әр оқу тоқсанының соңында «Зерттеу жұмысы» сабағын өткізу қарастырылған. Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты: теориялық материалды зерттеу тақырыптарының жеке аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және жалпылау. Осы сабақтар барысында оқушылар жеке, жұпта немесе топтарда тақырыптық бөлімнің тоқсанда зерттелген аспектілердің бірі бойынша кішізерттеу жүргізеді. Зерттеу тақырыбын оқушылар тоқсан бойы таңдай алады. Әр тоқсан соңында оқушылар өз зерттеулерін аяқтап, әр түрлі формада сынып алдында таныстырады. Бұл баяндамалар, презентациялар, рефераттар, шағын жобалар, мақалалар, эссе және т. б. болуы мүмкін. Зерттеу жұмысы бойынша формативті бағалау қарастырылған. Сонымен, қоғамдық-гуманитарлық 211 бағыттағы сыныптарында оқитын оқушылар өздерінің зерттеу, креативті және сыни ойлау дағдыларын, қарым-қатынас, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік дағдыларын жетілдіру үшін көп мүмкіндіктерге ие. Осы материалдарды әзірлеу кезінде әрбір тоқсанның соңында берілетін зерттеу жұмысы бұл жобалық жұмыс емес. Ол теориялық-практикалық зерттеу, онда оқушылар келесі зерттеу іскерліктері мен дағдыларын көрсетуі тиіс: - зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау; - зерттеу жүргізу жоспарын (оның кезеңдері) құру; - зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, болжам жасау, - зерттеу әдістерін таңдау және пайдалану; - алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, зерттеу тақырыбы бойынша теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, электрондық дерек көздері) таңдау және жүйелеу; - ақпаратты бір түрден екінші түрге түрлендіру: сөздік - кестелік, кестеліксызбалық немесе графикалық және т. б. ; - зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа шығаратын қорытынды жасау. - жүргізілген зерттеу жұмыстарын жетілдіру жолдарын немесе алынған теориялық қорытындыларды практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www. tarih-begalinka. kz; http://www. e-history. kz; http://bilimsite. kz/tarih/; http://testcenter. kz/entrants/for-ent/.

6. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары Элективті курстар негізіне тарихи дәуірге, мемлекеттерге, тарихи тұлғаларға, тарихи туындылар мен ұлт тарихшыларына арналған, , саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік мәселелерге арналған тақырыптар алынады. Элективті курс тақырыптары: «Алтын адам жәдігерлері»; «Түркі ғұламалары»; «Ұлы даланың тарихындағы әскери дәстүр»; «Ұлы дала көшпенділерінің мемлекеттілік идеясы мен дәстүрлі институттары, саяси нышандар мен билік атрибуттарының сабақтастығы»; «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-тіршілік салты»; «Қазақ қолөнерінің мәдени-тарихи негіздері»; «Алаш идеясы және Алаш қозғалысы» курсы[4, 41 б. ] .

7. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Қазақстан тарихы» пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т. б. ) бойынша ұсынылатын тақырыптар: - Оқу бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау; - Рефлексия - мұғалімнің кәсіби дамуының негізі; - Қалыптастырушы бағалау - бағалаудың тиімді тәсілі; 212 - Білім алушылардың тарихи ойлау дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер; - Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру; - Зерттеу жұмысын жүргізуде құндылыққа бағытталған тәсілдерді қолдану; - Білім беруде қолданылатын цифрлық технологиялардың тиімділігі. - Жаңа ақпараттық құралдардың ерекшеліктері мен тиімділігі; - Цифрлық білім беру ортасындағы заманауи оқыту құралдары; - Өзара әрекеттесу және оқыту үшін әлеуметтік желіні қолдану технологиясы; - Инновацияларды және цифрландырудың озық практикаларын оқу процесіне енгізу; - Киберкеңістікте ақпаратпен қауіпсіз жұмыс жасаудың психологиялық- педагогикалық негіздері. - Сабақты талдау мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту құралы ретінде - Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін білім беру процесін ұйымдастыру - Факультативтік сабақтар мен элективті курстарды ұйымдастыру. «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесі. 2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқуәдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ-нің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен бекітілген[5, 6 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері
Тарихты оқытудың әдістемесінің зерттелу деңгейі
Ежелгі дүние тарихын оқытудың негізгі міндеттері
Тарихты оқыту әдістемесі пәні, оның мақсаты мен міндеттері
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі әдіс - тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz