Республикасында дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ КАЕҚ Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Төлем жүйесі және оның Қазақстан
Республикасында дамуы.

Орындаған: Жоламан В
Тексерген: Шодыраева Ш.

АҚТАУ 2022
Қазақстан банкілері көп мөлшерде несиелік-депозиттік, ал аз деңгейде есеп айырысу операцияларына бағытталған. Біздің банкілерге қарағанда ірі Батыс банкілері несиелік-депозиттік операциялардың пайыздық табыстарымен салыстырғанда есеп айырысу операциясынан түсетін комиссиялық табыстың көп бөлігін алады. Бұл банк бизнесінің табысын айтарлықтай арттырып, тәуекелді төмендетіп, банкілерді біршама тұрақтандырады.
Қазіргі уақытта Қазақстан төлем жүйесі ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда алдынғы орында тұр. Сонымен қатар төлем жүйесіндегі стратегиялық талапты анықтап, оларға қол жеткізу тырысу керек. Ұлттық төлем жүйесін модернизациялау Қазақстанның банктік секторын дамытудың жалпы стратегиялық мүмкіншіліктері мен банктің төлем жүйесіне қоятын талаптарына сәйкес келуі керек.
Жеке ақша айналымында төлем жүйелері тиімді болу үшін, қазіргі заманға сай электронды технологияларды пайдалануда шынайы экономикалық нәтижеге қол жеткізу ұшін төлем жүйелерін ұйымдастыруды қайта қарастыру қажет.
Ақша айналымында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесінің артуы айналымдағы шығынның төмендеуі мен айналым құралдарына сұраныстың азаюы есебінде экономика жалпы ішкі өнімнің 2%-ға дейін өсуін қамтамасыз етеді. Төлем жүйесі технологияларының жетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп пен салық әкімшілігін автоматтандыру саласында, бюджеттік қаржыны жұмсауда, мемлекеттік статистикалық бақылауда, орташа топтың қор нарығына жаппай шығуында электрондық коммерцияның инфрақұрылымы мен т.б. түбегейлі жаңа шешімдерге қол жеткізуге болады.
Төлем жүйесі пәнінің мақсаты төлем жүйелерінің теориялық негіздері мен Қазақстан Республикасында жаңа технологиялардың дамуы, қолма-қол есеп айырысудың ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.
Пәннің құрылымы төлем жүйесінің мәні мен құрылымы, төлем жүйесін ұйымдастыру формалары мен принциптері, Қазақстан Республикасында төлемдік жүйенің қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесі, банкаралық есеп айырысулар және оларды жүргізу тәртібі, ірі және ұсақ төлемдер аудару жүйелері, ірі және ұсақ төлемдер жүйелерін салыстырмалы сипаттау мәселелері ұсынылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі ірі сомаларды аудару жүйесінің артықшылықтары мен жетіспеушіліктері, ақшалай құралдарды аударудың электронды жүйелері, хабарларды электрондық тәсілмен жүргізу, интернет-төлем жүйесі, электронды технология көмегімен төлем шығындарын үнемдеу мүмкіндігі қарастырылады.
Қазақстан төлем жүйесінің тиімді үлгісі мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
қатысу үшін қол жеткізу санаттарын нақты анықтау;
сенімді заңды-құқықтық базаның болуы;
тәуекелді басқарудың нақты процедурасын енгізу, барлық қатысушылардың арасында жауапкершілікті бекіту, қауіпсіздік шараларын анықтау;
банкаралық ақша аудару жүйесіндегі есеп айырысудың өз уақытында жүзеге асуы мен жылдамдығын қамтамасыз ету.
Ұлттық төлем жүйесін дамытудың негізгі тенденцияларын анықтауда қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тиімді формаларын құру туралы мәселені де қарастыру керек.
Нарықта төлем жүйелерінің көптеген түрлері қызмет көрсетеді. Төлем жүйелері қолданысы жағынан банкаралық, карталық, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша болып бөлінеді. Бірінші жүйе - төлем жүйелерінің бір субьектісімен анықталса, екіншісі - төлеуші акцептісін жеңілдету арқылы, үшіншісі - технология арқылы, төртіншісі - ақшаның материалдық тұтыну формасы арқылы анықталады. Әдетте, төлем жүйелері төмендегідей болып сипатталады: көтерме, бөлшек, жалпы, клирингтік, күнбе-күн, рейстік, on- line режиміндегі, кредиттік және дебеттік аударма.
Ұлттық орталық, ірі отандық және халықаралық банкілердің банкаралық есеп айырысу жүйелері көтерме жүйе болып есептелінеді. Ал пластикалық карта, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша негізінде құрылған жүйе - бөлшек жүйеге жатады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық соманы тиімді төлеу факторы.
Төлем жүйесіне қатысушылар - көбіне коммерциялық банктер. Жүйе операторлары қызмет көрсетуді өз бетінше дамытулары керек. Бөлшек төлем жүйелері клиенттерді өздеріне коммерциялық банктер сияқты тарта алмайды. Бірнеше оператор бірнеше төлем жүйесіне қатыса алады. Мұндай жүйені жүзеге асырушы банк ретінде ресей банкі, Visa немесе Europay ассоциацияларын келтіруге болады, ал екінші жағынан ресейдің коммерциялық банктерін атауға болады

Соңғы 10 жылда біздің елімізде нақтысыз ақша айналымын ұйымдастыруда және оның технологиясында және түбегейлі және елеулі өзгерістер болды. 1980 жылы төлемдер кем дегенде бір апта бойы жасалды және міндетті түрде қағаздық технология қолданылды.
Қазіргі таңда нақтысыз төлемдер негізінен қағаз түріндегі құжаттар айналымын және қол еңбегін ығыстыра отырып, электронды технологияда бірнеше сағатта жүргізіледі. Төлем жүйелері кәсіпорындар аралығында және басқа төлемдер өте тиімді жүргізе бастағаны сондай, төленбеген төлемдер, бартер, квази - ақшалармен есеп айырысулар сияқты ақша айналымының жағымсыз құбылыстарын жоя отырып, ыңғайландыра бастады.
1990 жылы біздің еліміздегі төлем қызметтері нарығының негізгі даму факторының тигізген әсерлерін қаншалықты, төлем жүйесінің жаңа технологиясының жаппай қолданыс табуының қандай дәрежеде кең етек алғандығын және қандай деңгейге дейін жетілдірілгенін анықтау үшін сол кездегі еліміздегі банктер мен банк ісін ұймдастырудағы институтционалды өзгерістерді, шетелдік төлем жүйесінің отандық төлем қызметтер нарығына және оның жергілікті субъектісіне тигізген әсерін қарастыра отырып, негізгі технологиялық жаңалықтарға баса назар аудару қажет.
Шаруашылыққа байланысты бұрын тұрақты барлық кәсіпорындар мемлекеттік болғандықтан есеп айырысулар негізінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында орта және кіші кәсіпорындардың дамуы жайлы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау
Мемлекеттік кәсіпкерлік секторының функцияларының механизмі
Шағын бизнесті қалыптастыру
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты
Қазақстандағы шетел азаматтары жағдайларының құқықтық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы ТУРАЛЫ
Пәндер