Стандарттау объектілері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе:

Стандарттау-бұл белгілі бағыттағы жұмыс барлық жұмыстарды бір тәртіпке келтіру, барлығына бірдей қолдануға жататын ережелер шыға- ру және қолдану арқылы жүргізіледі, істеліп жатқан немесе алдағы жұмыстарды қолданылады. Стандарттаудың мақсаттары:

1) . Тұтынушылар мен мемлекеттің сапа және номенклатура жөніндегі талаптарын қорғау. Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіпсіз бол- уын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиянсыз болуын қамтамсыз ету.

2) . Өнімнің сапсын ғылым мен техниканың дамуына, халықтың талап- тарының өсуіне сәйкес жоғарлату.

3) . Өнімдердің бір-біріне сәйкес келуі және алмастыру мүмкіндігі.

4) . Материалдық, адамдық ресурстарды үнемдеу, экономикалық тиімділігін арттыру.

5) . Әлеуметтік- салу.

6) . Өндіру және саудадағы техникалық кедергілерді жою, отандық өнімдерін, дүниежүзілік нарықта өтімділігін арттыру.

7) . Өндірістік объектілердің табиғи, технологиялық апараттарға қауіп- сіздігін арттыру.

8) . Елдің қорғану және жұмылу қабілетінің жоғары болуына көмектесу.

Негізгі бөлім:

Стандарттау ғылым ретінде мына жұмыстарды атқарды:зертейді және қортады, стандарттау заңдылықтарын жалпы түрде немесе белгілі уақытта. Мысалы:системалау, класстау, кодтау, техникалық информа- циялау. Практикалық стандарттау-бұл нормалық документтерде керекті ере- желерді, нормаларды белгілеу. Қайталанатын жұмыстармен өндірістерде оптимальді бағыт ұстауға көмектеседі. Өмірде және өн- дірістерде қолданылады. Практикалық жұмыстың нәтижесі нормалық құжаттар шығару.

Нормалық құжат-бұл құжатта ережелер, нормалар белгілі бір жұмыс бағытында қолданылады. Мысалы: стандарттар, эталондар, техникалық көрсеткіштер. Стандарт-бұл нормалық документ ынталы жаұқтардың жалпы келісім бойынша жасалады және белгіленген орган арқылы бекітіл- ген барлық жерде әрқашанда орындалуға тиісті әртүрлі жұмыстар- мен өнімдерге, көрсеткіштермен талаптар, нормалар белгіленеді. Стандарт-бір ыңғай оптималды тәртіп орнатуға бағытталған. Стандарттау басқару жүйесі ретінде-мемлекеттік стандарттау жүйе-сі комплектің нормалық құжаттарға негізделген. Олар өзара байла- нысты талаптар қояды ұйымдастыру шараларын белгілейді. Стандарттау құжаттары әртүрлі деңгейде болады:

a) . Мемлекеттік заттар.

b) . Мемлекетаралық заңдар.

c) . Жүйелік стандарттар.

d) . Өндірістік орындардарының стандарттарымен техникалық талаптары.

Мемлекеттік қызмет: Мемлекеттік қызметтерді көрсетуші мемлекеттік органдар, мекемелер, және басқа да мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың мен мүдделі жеке және заңды тұлғалардың өзара қатынасының және тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет жабдықтаушысының ішкі жұмысының нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылар: Өз біліктілігі мен функционалды міндеттері шеңберінде қызметтің нақты бір түрін көрсететін мемлекеттік органдар, мекемелер, және мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар: Өз құқықтарын, мүдделерін немесе нормативтік құқықтық актілермен жүктелген міндеттемелерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушыларға тікелей немесе өзінің өкілі арқылы қатынасатын Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға немесе ұйым.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттау объектілері. Қызметтің кейбір түрлері, солардың көрсетілуіне байланысты процестер, процедуралар, және уәкілетті органдар мен олардың бөлімшелерінің функциялары, кейбір лауазымды тұлғалардың әрекеттері. Осылар үшін талаптар, нормалар, ережелер, мінездемелер, өлшемдер шығарылады. Стандарттау жұмысына төмендегі әдістемелер кеңінен қолданылады:

  • стандарттау обьектісін реттеу
  • параметрлік стандарттау
  • өнімді сәйкестендіру
  • агрегаттау
  • кешенді стандарттау
  • озық стандарттау

Сонымен қатар стандарттау әдістемесі - бұл стандарттаудың мақсатына жету үшін қолданулатын тәсілдер жиынтығы болып табылады. Стандарттау обьектісін реттеу - өнімді процесс пен қызметті стандарттау саласындағы әмбебап әдістеме. Реттеу - көп түрлікті басқару ретінде ең әуелі көп түрлілікті қысқартумен тығыз байланысты. Стандарттау обьектісін сұраптау - арықарай өндіруге және қоғамдық өндірісіне пайдалануға ыңғайлы деп танылған нақты обьектілерді сұраптауға бағытталған іс-қимыл.

Параметрлік стандарттау - өнімнің параметрі дегеніміз оның қасиеттерінің сандық сипаттамасы

Параметрлер сипаттамасы:

Мөлшерлік параметрлер

Салмақ параметрлері

Машина, құралдардың өнімдері

Энергетикалық параметрлер

ГОСТ 8032 « Ыңғайлы сандар және ыңғайлы сандар қатары». ГОСТ 6636 «Қалыпты сызықтық мөлшерлер. ГОСТ 8032 Ыңғайлы сандардың 4 негізгі қатарын белгілейді:

Қатар R5 - 1, 00; 2, 50; 4, 00; 6; 30; 10, 0 . . .

Қатар R10 - 1, 00; 1, 25; 1, 60; 2, 00; 2, 50 . . .

Қатар R20 - 1, 00; 1, 25; 1, 40; 1, 60 . . .

R40 - 1, 00; 1, 06; 1, 12; 1, 18; 1, 25 . . .

Өнімді сәйкестендіру деп детальдардың типтік саны мен бірдей қызметтік мақсаттағы агрегаттар санын оңтайлы қысқарту іс-қимылын айтады. Агрегаттау - бұл машина құрал жабдықтары геометриялық және қызметтік негізде өзара алмастыру, әртүрлі бұйымдарды жасауда көп мәрте пайдаланатын, жекелей стандартталған, сәйкестендірілген түйіндерден құрастыру. Кешенді стандарттау - өзара байланысты талаптар жүйесін мақсатты да жоспарлы түрде белгілеу

Озық стандарттау әдісі - стандарттау обьектісіне бүгінгі практикада қойылып отырған талап, нормаларды қазіргі жетістіктерінен жоғары деңгейге көтеріп, келешекте тиімді болатындай етіп жобалауға мүмкіндік береді.

2. Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаттары, міндеттері және негізгі қағидалары

Өз біліктілігі мен функционалды міндеттері және қызметтің нақты түріне қойылған стандарттар шеңберінде мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдар, мекемелер, және басқа ұйымдар тарапынан Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаты Қазақстан Республикасында тұратын және жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін корғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы өзара қатынасты ұтымды деңгейіне жеткізу болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың негізгі міндеті мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету болып табылады, атап айтқанда:

- мемлекеттік қызметтерді жіктеу;

- мемлекеттік қызметтерді стандарттау объектілерін және олардың құрамын анықтау;

- стандарттау объектілеріне қойылатын негізгі талаптарды және олардың қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерінің ұйымдастырылуын және технологиясын анықтайтын құжаттардың құрамы мен мазмұнын бірегейлендіру;

- атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыруға сапа басқару жүйесін енгізу;

- әкімшілік кедергілерді жою.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың негізгі қағидалары:

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тұтынушыға клиент ретінде бағдарлау қағидасы. Мемлекеттік қызмет стандарттарын әзірлеу барысында мынадай талаптардың орындалуын қажет етеді:

- тұтынушылардың қажеттіліктерін және үміттерін зерттеу, ең бірінші, мемлекеттік қызметтердің сапасы, олардың көрсетілу тәртібі мен мерзімі, бағасы және басқа сипаттары;

- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын объективті түрде бағалауды қамтамасыз ететін тұрақты кері байланыс жүйесін орнату.

Мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларын хабардар ету қағидасы. Бұқаралық ақпарат құралдарын, компьютерлік желілерді және т. б. қоса, әр түрлі хабар көздерін пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларын хабармен тұрақты қамтамасыз ету жүйесін орнату және қолдану. Орындаушының мүдделілігі қағидасы. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру барысында, орындаушының мемлекеттік қызметтің тиісті түрін сапалы және уақтылы көрсетуге мүдделі болуын талап етеді.

Стандарттардың жүйелілігі және ұтымдылығы қағидасы. Әрбір жаңадан шығарылып жатқан стандарт тұтынушы үшін қарапайым және түсінікті болуы тиіс және кызметтерді жабдықтаушылар мен тұтынушылардың қарым-қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге қайшылығы жоқтығы тексерілуі тиіс. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға қойылатын талаптар мен шарттардың санын азайтуға ұмтылу қажет. Ғылыми ізденістерді және инновацияларды пайдалану қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеу жұмыстарын өткізуді, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің әлемдік тәжірибесін және практикасын талқылауды және мемлекеттік қызметтерді көрсету процестеріне инновациялық шешімдер енгізуді талап етеді.

Жауапкершілік қағидасы. Мемлекеттік қызметтердің сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету үшін лауазымды тұлғалардың жеткілікті жауапкершілігінің болуын талап етеді. Екі жақтама бақылау қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылардың жұмысына тиімді және ұтымды ішкі және сыртқы бақылау жүйесінің орнатылуын талап етеді.

«Бір терезе» қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін, тұтынушының бір орындаушыға баруын талап етеді. Бұл талаптың орындалуы үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы бір бірімен байланысты органдар қызмет көрсету уақытын азайту мақсатында өздерінің әрекеттерін барынша үйлестіруі керек.

3. Стандарттау объектілері

Іс түрінен және басқа жіктеу белгілерінен тәуелсіз түрде, мемлекеттік қызметтердің стандарттау объектілері мыналар болып табылады:

- жіктеу және терминология;

- біркелкі қызметтердің топтарын және шағын топтарын, қызметтердің әр түрлі түрлерін, жеке қызметтерді қамтитын мемлекеттік қызметтер тізімі;

- мемлекеттік қызметтердің әр түрінің нақты сапа және қолжетімділік көрсеткіштеріне қойылатын талаптар;

- мемлекеттік қызметтерді тұтынушыға қойылатын талаптар;

- қызметтерді көрсету процедурасы;

- лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері (орындамағаны) бойынша шағымдану тәртібі мен мерзімі;

- қызмет тұтынушыларын хабардар ету түрлері және әдістері;

- тұтынушылармен жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың біліктілігі, жауапкершілігі және бағыныштылығы;

Мемлекеттік қызметтердің белгілі түрлерін алу үшін қойылатын талаптар. Бұл көрсетілген қызметті алу үшін тұтынушының орындауы міндетті (немесе сай болуы керек) ережелер. Мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенті мыналарды қамтиды:

- мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тәртібі және технологиялық тізбегі;

- қызмет көрсету уақытының және жеке процедуралардаң ұзақтығы;

- мемлекеттік қызмет тұтынушысының алатын түпкі нәтижесінің толық анықтамасы.

Шағымдану тәртібі мыналарды қамтиды:

- лауазымды тұлғалардың әрекеттері бойынша шағымдану процедурасы;

- шағымды қарастыру, шаралар қабылдау және қабылданған шешімдер жөнінде тұтынушыны хабардар ету мерзімдері;

- мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың арыздары мен шағымдары бойынша шешім қабылдауға жауапты лауазымды тұлғалар мен органдардың атаулары, адресі мен телефон нөмірлері;

- қоғамды қабылданып жатқан шаралар жөнінде хабардар ету.

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің ерекшеліктеріне байланысты тұтынушыларды хабардар етудің мынадай формаларын және әдістерін пайдалану орынды:

- арнайы басылымдар;

- вебсайттар;

- бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалық беттер;

- жарнамалық парақшалар;

- мекеменің өз орнынан басқа жерге орналастырылатын мекеме туралы көрнекі мәлімет;

Өлшеу метрологияның негізгі объектісі ретінде физикалық шамалармен, сол сияқты өзге ғылымдарға (математика, психология, медицина, қоғамдық ғылымдар және т. б. ) жататын шамалармен байланысты.

Сапалық қатынас түрғысынан көптеген физикалық объектілер үшін ортақ болып саналатын, осыған орай сандық мәнмен өзгешеленетін физикалық объекті (құбылыс, процесс) қасиетінің бірі физикалық шама болып аталады. Мәселен, "беріктік" қасиет сапалық тұрғыдан болат, ағаш, мата, шыны және көптеген басқа материалдарды сипаттайды, сол уақытта беріктік дәрежесі (сандық мәні) ретінде - олардың әрбірі үшін шама мүлде әртүрлі болады.

Өлшем бірлігін сақтайтын және онымен өлшенетін шаманы салыстыруға мүмкіндік беретін техникалық құралдардың көмегімен орындалатын операциялардың жиынтығы өлшеу деп аталады. Алынған өлшем мәні өлшеу нәтижесі болып саналады. Метрологияның негізгі міндеттерінің бірі - өлшеудің біртұтастығын қамтамасыз ету - негізгі деп санауға болатын келесі екі шарт сақталған кезде ғана шешілуі мүмкін:

бірыңғай заңдастырылған өлшеу нәтижелерін білдіру;

берілген ықтимал шектен шықпайтын, рұқсат етілетін соған дейін жол беруге болатын) қате жіберушілігін белгілеу.

Өлшенетін шаманың нақты мәнінен өлшеу нәтижесінің ауытқуы қате жіберушілік (погрешность) деп аталады. Өлшеудегі қате жіберушілік әдетте өлшеу құралдарындағы немесе нормативтік құжаттардағы техникалық құжаттамаларда келтіріледі.

Алайда, өлшеу бірлігі қате жіберушіліктің сәйкес келуімен ғана қамтамасыз етілмейді. Сонымен бірге қате жіберушілік алға қойылған өлшеу мақсаттарына сәйкес берілген ауытқу шегінен аспайтындығы туралы айтылатын өлшеу сенімділігін (дұрыстығын) де талап етеді.

Өлшемдердің бірлігі - бұл ретте олардың нәтижелері заңдастырылған бірліктермен білдірілген, ал қате жіберушілік берілген ықтималдылықпен белгілі және белгіленген шектерден шықпайтын өлшеудің жай-күйі.

Өлшеу түрлері

Өлшеу ақпараттар алу тәсілі бойынша, өлшенетін шаманы өлшеу сипаты бойынша, өлшеу ақпараттарының саны бойынша, негізгі бірліктерге қатынасы бойынша ажыратылады. Өлшеу ақпараттарын алу тәсілі бойынша тікелей, жанама, жиынтық және бірлескен болып бөлінеді.

Тікелей өлшеу - бұл физикалық шаманы оның өлшемімен тікелей салыстыру. Мысалы, салмақты таразыда өлшеу, ұзындықты сызғыштың көмегімен өлшеу.

Жанама өлшеу - бұл ретте ізделіп отырған шама мәні тікелей өлшеуге жататын осы шама мен шамалар арасындағы белгілі тәуелділік (қатыстылық) негізінде табылатын өлшем.

Өлшеу әдістері - бұл физикалық құбылыстарды және өлшеу құралдарын пайдалану тәсілдерінің жиынтығы.

Өлшеу салалары- өзіндік белгісімен бөлініп тұратын, ғылым мен техниканың қандай да бір саласына тән, физикалық шамаларды өлшеудің жиынтығы.

Физикалық шамалар бірлігініңхалықаралық жүйесі.

Өлшемдер және салмақтар жөніндегі Бас конференция (ГКМВ) 1954 жылы оларды халықаралық қатынастарда пайдалану үшін, физикалық шамалардың алты негізгі бірліктерін анықтады, олар: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы және электр шамы (жарық күші мөлшері) . Өлшемдер және салмақтар жөніндегі XI Бас конференция 1960 жылы 81, ал орыс тілінде СИ арқылы белгіленетін халықаралық бірлік жүйесін бекітті. Бас конференция соңғы жылдары бірқатар толықтырулар мен өзгерістерді қабылдады, соның нәтижесінде негізгі бірліктер жетіге жетті, физикалық шамалардың қосымша және туынды бірліктері келесі негізгі бірліктерді анықтады:

ұзындық бірлігі ~ метр;

салмақ (масса) бірлігі - килограмм;

уақыт бірлігі - секунд;

электр тоқ күшінің бірлігі - ампер;

термодинамикалық температура бірлігі - Кельвин;

заттар санының бірлігі - моль;

жарық күшінің бірлігі - кандела.

Халықаралық жүйе СИ неғұрлым жетілдірілген және әмбебап болып саналады. Негізгі бірліктерден өзге, жүйеде жайпақ (тегіс) және дене бұрыштарының қосымша бірліктері -радиан және стерадиан, кеңістік пен уақыттың, механикалық шамалардың, жылу, жарық, акустикалық, электрлік, магниттік шамалардың, сондай~ақ иондалған сәулелердің туынды бірліктерінің үлкен саны бар.

Халықаралық бірліктер жүйесін қабылдағаннан кейін, іс жүзінде бүкіл аса ірі халықаралық ұйымдар, оны метрология жөніндегі өз ұсынымдарына енгізе отырып, осы ұйымның барлық мүше-елдерін оны қабылдауға шақырды, КСРО СИ жүйесін ресми түрде 1963 жылы қабылдады.

3. 3 Өлшеу құралдары

Өлшеу құралдарының түрлері

Шама бірліктерін іс жүзінде өлшеу үшін, нормативтік қате жіберетін және өлшеу құралдары деп аталатын техникалық құралдар қолданылады. Өлшеу құралдарына мыналар жатады: өлшемдер, өлшеу түрленгіштері, өлшеу аспаптары, өлшеу қондырғылары мен жүйелері, өлшеуге қажет керек - жарақтар.

Берілген мөлшердің физикалық шамасын көрсетуге арналған өлшеу құралы өлшем деп аталады. Гір тастары (гирлер), ұзындық өлшемдерінің ұшы өлшеу құралдарының аталмыш түріне жатады.

Тәжірибеде бір мәнді және көп мәнді өлшемдер, сондай-ақ жиынтық және дүкен өлшемдері пайдаланылады. Бір мәнді өлшемдер бір мөлшердің (гірдің) ғана шамасын көрсетеді. Көп мәнді өлшемдер физикалық шаманың бірнеше мөлшерін (көлемін) көрсетеді, мысалы, милиметрлік сызғыш заттың сантиметрлерді және милиметрдегі ұзындығын көрсету мүмкіндігін береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Стандарттау саласындағы негізгі түсініктемелер
Стандарттаудың мақсаты
Стандарттаудың заңнамалық базасы
Стандарттау жөніндегі органдар
Стандарт, стандартизация туралы түсініктер
Халықаралық стандарт халықар
ИСО халықаралық стандарттары
Стандарт ұғымы
Экономика Метрологияның негізгі ұғымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz