Сертификаттауға өтініш беру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

ІII. Қортынды.

IV. Қолданылған әдебиеттер.

І. Кіріспе

Сертификаттау (куәландыру) - азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және айналадағы ортаға өнімнің қауіпсіз болуы талаптарына сай келуін тексеру. Мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар жүргізеді. [1] Сертификаттау деп сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсімді де атайды.

Сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың (екінші жақ) мүддесін қорғайды. Үшінші жақ - алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган.

Сәйкесті растау нәтижесі - объектінің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі.

Сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы. Сәйкестікті растаудың екі түрі бар:

  1. Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.
  2. Дайындаушының (орындаушының) айналысқа шығаратын өнімінің, көрсетілетін қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат - сәйкестік туралы декларация деп аталады.
  3. Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтінім беруші Органға сертификаттау жүргізуге арналған өтінімді жібереді.

Осы өнімнің бірнеше органы бар болса, өтінім беруші олардың кез келгеніне өтінім жіберуге құқылы.

Орган өтінімді қарайды және оны алғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей өтінім берушіге өзінің шешімі туралы хабарлайды. Жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтінімді қарау мерзімі он күннен аспауға тиіс.

Сәйкестікті растау рәсімдерін жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім нысан бойынша ресімделеді және осы объектіні сертификаттаудың белгіленген тәртібіне негізделетін сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды, оның ішінде ұсынылып отырған сертификаттау схемасы, қажетті техникалық құжаттардың тізбесі, тексерілетін көрсеткіштердің тізбесі, сынақ зертханаларының (орталықтың) атауы, сондай-ақ инспекциялық бақылау талаптары көрсетіледі.

Егер өтінім беруші сәйкестікті растау рәсімдерінің шарттарымен келіскен жағдайда, осы жұмыстарды жүргізуге шарт жасалады.

Сынақтар құрастырмасы, дайындау құрамы мен технологиясы тұтынушыға (тапсырыс берушіге) ұсынылатындай өнімдегі сияқты үлгілерде жүргізіледі.

Үлгілердің саны, оларды іріктеу тәртібі сәйкестендіру және сақтау ережесі осы өнімді сертификаттау жөніндегі нормативтік немесе ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарға және сынақтар әдістемесіне сәйкес белгіленеді.

Өтінім беруші құрамы мен мазмұны осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленетін үлгіге (үлгілерге) қойылатын техникалық құжаттаманы ұсынады.

Сынақтарға арналған үлгілерді іріктеуді Орган немесе оның тапсырмасы бойынша аккредиттелген зертхана жүзеге асырады.

Үлгілерді іріктеу Органның өкілі мен өтінім беруші, сондай-ақ аккредиттелген зертхананың өкілі қол қоятын нысан бойынша актімен ресімделелі.

Іріктелген үлгілер өтінім берушінің қатысуымен буып-түйіледі, пломба салынады (егер бұл мүмкін болса) және өнім үлгілерін іріктеу актісі мен тізімін Орган белгілейтін оларға техникалық құжаттама қоса беріліп, аккредиттелген зертханаға жіберіледі.

Егер сынақ мерзімдері нормативтік құжаттарда көзделмеген жағдайда, онда бұл мерзім 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Сынақтардың теріс нәтижелері кезінде Орган өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға сынақ хаттамасымен бірге нысан бойынша сертификат

Осы сынақтар сертификаттау сынақтары үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Сертификаттау схемасына байланысты өнімді өндірудің жай-күйін талдау жүргізіледі.

Сертификатталатын өнім өндірісінің жай-күйін талдау тәртібі осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді. Бұл ретте мыналар тексеріледі:

1) нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, олардың жай-күйі;

2) технологиялық процестің сақталуы мен оның метрологиялық қамтамасыз етілуінің жай-күйі;

3) кіру, қабылдап алу-бақылау және мерзімдік сынақтар жүйесінің бар болуы;

4) техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу жүйесінің және сынақ құралдарының бар болуы;

5) шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етілуі;

6) сертификатталатын өнім сапасының тұрақтылығы;

7) сақтау жағдайларының бар болуы;

8) наразылықтарды есепке алу мен талдаудың бар болуы.

Өндірістің жай-күйін талдау нәтижелері тиісті қорытындылары бар актімен ресімделеді және өтінім берушіге жіберіледі. Тексерістің теріс нәтижелері болған жағдайда таңдап алынған схема бойынша өтінім берілген өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстар тоқтатылады, бұл туралы Орган үш күн мерзімде өтінім берушіге жазбаша хабарлайды.

Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты оны берген Орган өтінім берушіге, тұтынушыларға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға және басқа да мүдделі адамдарға хабарлайды.

Орган Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе жою туралы өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды, тұтынушылар мен нақты өнімді сертификаттауға мүдделі қатысушыларды ақпараттандырады.

Сертификаты жойылған өнімді өтінім беруші инспекциялық бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған түзеу іс-шараларын Орындағаннан кейін қайта сертификаттауға ұсына алады. Бұл жағдайда осы өнімді алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есепке алмай, сертификаттау жөніндегі жұмыстар қайтадан жүргізіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптары бойынша өнімнің (қызметтің сапасын сертификаттау тек аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықта) өткізілуі тиіс. )

Мұнда өнімнің (қызмет) сертификат сәйкестігі талаптары сай келетінін 3 (үш) топқа бөліп қарайды:

1) идентификациялау мақсатында алынатын көрсеткіштер;

2) міндетті сертификаттау кезіндегі өнімнің қауіпсіздігі мен талаптарына сай болуы;

3) ерікті сертификаттау кезінде басқа да көрсеткіштерді анықтау;

Өнімді сертификаттау барысындағы барлық орындалатын төлем ақысы өтініш берушінің мойнына жүктеледі. Соңғысы СО мен өндіруші (өтініш беруші) арасындағы қарастырылған келісім шартта айқындалуы тиіс және сертификаттаудың нәтижесіне байланысты болмауы тиіс.

Сәйкестікті растау - өнім сапасының талаптарға сай екенін дәлелдейтін іс-әрекеттер мен оны куәландыру құжаты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің (ҚРМСЖ) норматив құжаттарының талаптары бойынша өнімді сертификаттаудың мынадай ережелері болады:

1. өнімді сертификаттауға өндірушінің өтініші;

2. сертификаттау орталығының (мекеменің) өтінішті қарастыруы;

3. сертификат орталығы мен өтінуші (өндіруші) арасындағы келісім-шартты дайындау, оны бекіту;

4. өндірушімен сынақ схемасын келісу, өнімнің үлгісін алу;

5. Ұсынылған үлгі бойынша СО сараптама жүргізуі;

6. өндіріс орнын талаптарға сай сертификаттау (келісілген схема бойынша) .

7. СО өнімге сертификат беру жайлы шешім қабылдауы (берілмесе себебі түсіндіріледі) ;

8. сертификат сәйкестігін беру және оны ҚРМСЖ реестрге тіркеу;

9. сертификатталған өнімге сәйкестік «Белгісін», беру оны таңбалау (маркировка) жұмыстары;

10. өнімнің сапасы мен сертификат сәйкестігінің тұрақтылығына инспекциялық бақылау жүргізіп отыру (схема бойынша) .

Осы аталған сертификаттау кезеңдеріне талдау жүргізіп, әрқайсысына жеке түсініктеме берейік.

1. Өндіруші сертификат алу үшін өтінішін қажетті орынға өткізеді. Өтініш беруші өз өтінішін қайсібір сертификаттау орталығына берсе де құқылы. Кез келген өнім өндіруші заңды тұлға, ал өз өніміне сертификаттау орталығының ережісін және оған жұмсалған қаржыны төлеуге міндетті. Өтініште өнімнің толық сипаттамасы көрсетілуі тиіс (өнім түрі, көлемі, пайдалану мақсаты, сертификат уақыты т. с. с. ) .

2. Сертификаттау орталығы өтінішті 15 күн ішінде қарап, өз шешімін хабарлайды. Шешімнің оң немесе теріс болуы сертификаттау орталығының мүмкіндігімен тығыз байланысты болады. Егер өтініш берушінің кейбір зерттеулер бойынша көңілі толмаса, онда ол басқа аккредиттелген мекемелерге, олардың зертханаларына баруына құқылы және таңдау өз еркінде.

Сертификаттауды өткізу жайында СО өтініш беруші хабардар етеді және оның негізгі жайында талаптары нормативті құжаттары уақыты мен зертханалар түрімен таныстырады.

3. Өндірушінің (сатушы) СО берген өтініші қабылданғаннан кейін өндіруші мен мекеме арасындағы келісім шарттың мазмұны келісіледі. Мұнда сертификатталатын тауардың (өнімнің) түрі, зерттеу схемасы, уақыты, берілетін құжаттар жиынтығы, төлем ақысы, мекен жайы т. б. шарттары келісіліп рәмізделеді.

4. Сынақ зертханалары санауға үлгілерді таңдап алады. Ол үлгілер сертификатталатын өніммен бірдей болуы тиіс. Үлгі алу, мөлшері, уақыты сақтау жүргізілген әдістері сертификаттаудың НҚ арқылы жүзеге асырылады.

Өндірілген өнімнің таңбаға сәйкес және аталуы мен партия номеріне сай болуы қажет. Сертификаттың жарамдылық уақыты аралығында хаттама көшірмесі мен тексерілген үлгілер еш өзгеріссіз сақталады.

Өнімнің үлгісін алу және оны рәсімдеу жұмыстары арнайы бекітілген ҚРСТ 3. 4; ҚРПК 50. 3. 19 бойынша жүзеге асырылады. Соңында акт толтырылып, өтініш беруші жағының адамының қатысуымен құжат пысықталады.

Сертификаттау құрылымына қарай өндірістің мүмкіндіктері қаралып өндіріс пен сапа жүйесі сертификатталады. Сараптаудан кейін тексерілген хаттама құжаты мен өнімнің барлық көрсеткіштерімен сәйкес келуін қадағалайды. Өнімнің сәйкестігін келісім-шартта көрсетілген схема бойынша сертификаттайды.

5. Ұсынылған өнімге арнайы нормативті құжаттардың талаптары бойынша сынақ зертхналары (орталығы) зерттеулер жүргізеді. Мәселе оң шешілген жағдайда сараптау орталығы өндірушіге (сатушы) өз зерттеу немесе сынақ нәтижесін хаттама түрінде жібереді.

Сынақ зертханаларында (орталық) арнайы «аккредиттелді» деген құжаты болуы тиіс. Мұнсыз олардың сараптама жасауына құқығы жоқ деп танылады.

Өнімге берілген хаттама сертификаттың жарамды мерзіміне дейінгі аралықта өз күшінде болады және тез бұзылатын өнім түрлері көрсетілген мерзім ішінде пайдаланылуы тиіс.

Алайда, өнімнің бір немесе бірнеше көрсеткіштерінен, оның сапасыздығы анықталса, СО жүргізілетін сертификаттау сынақтардан бас тартып, жұмысты тоқтатуына құқылы болып есептелінеді. Мұндай жағдайда өнім сертификаттауға жарамсыз деп танылады;

6. Келісілген схема бойынша өндіріс басында ондағы жұмыс сапасы мен сертификаттау талаптарының орындалуы анықталады. Бұл жағдайда өнімнің үлгісі өндіріс басында да алынуы мүмкін.

Өндіріс технологиясы мен өнімнің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты, сертификаттау жұмыстары СО дайындаған бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Мұнда мынадай жайттар ескерілуі тиіс:

- нормативті - техникалық құжаттармен қамтамасыздануы мен олардың орындалуы;

- өндіріс технологиясының сақталуы мен метрологиялық қамтамасыздандырылуы;

- дайын өнімді шығару кезіндегі сапасын бақылау шаралары;

техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сынақтан өткізу т. с. с;

- шикізатпен қамтылуы, қоймалау, сақтау жағдайлары,

- есеп жүргізу мен жарнама жұмыстары;

Тексеру нәтижесі бойынша акт толтырылып, өтініш беруге жіберіледі.

Белгіленген схема бойынша жүргізілген өнім сапасының сараптауы оң шешім бермесе, онда осы бағыттағы сертификаттау жұмыстары тоқтатылады.

Сертификаттау органы сертификатты толтырып оны тіркейді. Тіркеу номері болған жағдайда ғана сертификат жарамды деп есептелінеді. Міндетті түрде берілетін сертификатта, өнім барлық НҚ көрсетілген талаптарға сәйкес келсе ғана беріледі. Сәйкестік сертификаттау міндетті түрдегі бөлігі ортақ қауіпсіздігі, сертификат уақыты мен берген мекеменің аты болуы қажет. Сәйкестік сертификаты екі тілде (қазақ, орыс) толтырылуы және фальсификациядан қорғау белгілері болуы тиіс. Жеке меншікті дүкен мен барлық тамақтандыру орталықтарындағы жұмысшылар сертификат міндеттерін және оларды толтыру тәртібін білуі қажет. Өнімді міндетті түрде сертификаттауда берілетін сәйкестік сертификат формасы:

Егер міндетті түрде өнімге берілетін сертификатта өнім стандарт нормаларына сай емес деп шешілсе, оны өндіруге немесе сатуға алған тұлғаны және орындаушы мекемеге ескертіп, осыларды бақылайтын және қадағалайтын мемлекеттік мекемелерге хабарлайды. Сертификат уақытын сертификаттау органы белгілейді және ол 3 жылдан артық мерзімде болмауы тиіс. Бір жылға берілген серттификаты бар тауар партиясы, бір жыл ішінде пайдаланылуы тиіс.

8. Өнім сапасы сертификат талаптарына сай деп танылған кезде, оған арнайы нұсқа бойынша (бланкіге) жазылған сертификат сәйкестігі беріледі. Бұл құжат жиынтығында төмендегі жайттар болуы тиіс:

- өнім сапасы белгілі стандарт талаптары мен нормативті құжаттарға сай екенін растауды көрсету;

- өндірушіге өнімді таңбалап, өз белгісін салуына рұқсат беру және сертификат сәйкестігінің хаттамасы бойынша өнімді өткізу барысындағы барлық леспе құжаттарын дайындау;

- сертификатпен расталған өндірістегі енгізілген өніснің сапа жүйесіне баға беру;

- сертификаттауға негіз болған өнімге байланысты барлық құжаттар жиынтығын ұсыну.

9. Сертификатталған өнім сәйкестік белгісімен таңбаланады. Сәйкестік белгісімен таңбалануды өндірушінің өзі (сатушы) жүзеге асырады. Дайындаушыға сәйкестік белгісі мен таңбалауға құқықты сертификаттау орталығы арнайы лицензия беріп рұқсат етеді. Ол лизензияда өндірушінің барлық сәйкестік белгісімен таңбаланған өнімді стандарт және сыналған үлгі талаптарына сәйкестігі жайлы міндеттеме бекітіледі.

Сәйкестік белгі - берілген ержелер бойынша тіркелген белгі, сертификттау құрылымына сәйкес келетін ереже бойынша өндірілген өнімнің таңбалауын мақұлдайтын және сұранысқа сәйкестігін растайтын белгі.

10. Сәйкестік белгісін өнімге таңбалағанда, сыртқы орта факторларына тұрақты етіп жазу керек. Сәйкестік белгісі тікелей өнімге қойылмайтын болған жағдайда ыдысқа жазылады. Көптеген жағдайларда сертификат пен оның көшірмесінің фальсификациясы болғандықтан, ол құжаттарды қорғаудың шаралары да ескеріледі.

Сертификат көшірмесін таңбалау үшін қолдан жасауға келмейтін, сәйкестік белгісінің географиялық суреті бар және қорғалған белгінің реттік нөмері қолданылады. Көшірмеге белгіні (реттік нөмері) қолмен жабыстырады. СО басшылығы сәйкестік белгісін қатаң есептеуі қажет және құжаттарды сақтау ережесіне сай қажетінше санап беру, оны сақтау, тарату мен қолдануды қамтамасыз етуі керек;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сертификаттаудың мағынасы мен мазмұны
Сапа жүйесін сертификаттау
Сертификаттау («Эльдорадо» компаниясы мысалында)
Сәйкестік сертификаты
Сертификаттаудың құқықтық негіздері
Қызмет етуді сертификаттау
Ет комбинатының өндірістік алаңдарында ауаны салқындату жүйесінің жобалануы
Сертификаттау негіздері, сертификаттаудағы негізгі түсініктер
Сертификатталған өнім мен көрсетілетін сәйкестік белгісімен таңбалау
СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz