Ерітінділер концентрация түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1Ерітінділер қасиеті мен құрамы
2 Ерітінділер концентрациясы
3 Ерітінді түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ерітінділер-кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді, біртекті жүйелер. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің конценрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар. Еріген заттың концентрациясы белгілі бір мөлшерден асқанда, оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе-теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділерді қаныққан ерітінділер, ал концентрациялары қаныққан ерітіндінің концентрациясына дейінгі барлық ерітінділерді қанықпаған ерітінділер деп атайды. Кейбір еріткіштің белгілі бір мөлшерінде еритін заттың ерігіштігіне сәйкес мөлшерінен де артық мөлшерін ерітуге болады. Мұндай ерітінділер аса қаныққан ерітінділер деп аталады. Аса қаныққан ерітінділердің тұрақтылығы нашар болады. Кез келген сыртқы әсерден еріген заттың артық мөлшері ерітіндіден бөлініп, тұнбаға түседі. Сөйтіп аса қаныққан ерітінді жай қаныққан ерітіндіге айналады. Кей заттар ерігенде олардың молекулалары иондарға ыдырайды, яғни диссоциацияланады. Электр тогын өткізетін болғандықтан, ондай заттардың ерітінділерін электролит ерітінділері деп атайды. Оған көптеген қышқылдар мен негіздердің, әсіресе, тұздардың ерітінділері жатады. Керісінше, ерігенде молекулалары иондарға ыдырамайтын, сондықтан электр тогын өткізбейтін заттардың ерітінділері бейэлектролиттердің ерітінділері деп аталады.

Негізгі бөлім.
1. Ерітінділердің қасиеті мен құрамы
Ерітінді деп екі немесе бірнеше компоненттен тұратын гомогенді системаларды айтады. Әдетте ерітінділердің тығыздығы, қайнау және қату температурасы, тұтқырлығы сияқты касиеттері өзгеріп отырады. Ерітінділерді жай механикалық қоспа деп те, химиялық қосылыс деп те қарастыруға болады.
Ерітіндінің механикалық қоспадан басты айырмашылығы ондағы әрбір микроскопиялық өте кіші, ұсақ бөлшектерді химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің көлемде бірдей болуында. Ал химиялық қосылыстардан негізгі өзгешелігі оның құрамында еритін зат көп еріткіштің мөлшеріне тәуелділігінде және еселік қатынас заңына бағынбауында. Мысалы, ас тұзы суда тек белгілі мөлшерде ғана ериді. Айталық, 20°С, 293Қ-та алынған 100 мл суда ас тұзының 36,8 грамы ғана ериді де, одан әрі оның мөлшерін қанша көбейтсек те ол ерімейді. Бұл қалыпты жағдайда кездесетін құбылыс. Ерітіндінің химиялық қосылыстан тағы бір өзгешелігі-химиялық байланыс табиғатында. Егер химиялық қосылыстар негізінен ионды, ковалентті байланыстармен сипатталса, ерітіндідегі байланыс, газдарда кездесетін аса әлсіз ван-дер-ваальстік, ал кейбір жағдайларда қосымша сутектік байланыстармен түсіндіріледі
Жай қоспалардағы заттар өзара ешбір байланыссыз-ақ араласса, ерітіндідегі еріткіш пен еритін заттар арасында әлсіз болса да химиялық байланыс болады. Мысалы, бірдей өлшемдегі құм мен ағаш немесе темір үгіндісін араластырса, қоспа пайда болады және оларды бір-бірінен бөлуге болады. Ал, ас тұзын немесе қантты су да ерітсе, олар оңайлықпен әуелгі жеке заттарға бөлінбейді.
Еріткіші су болатын ерітінділер табиғатта кең тараған. Жер қыртысындағы, өсшдіктер мен тірі организмдердегі процестер су-сыз жрмейді. Осыдан ерітінді дегешміз жай ғана құбылыс емес, ол өте күрделі физикалық және химиялық касиеттері бар күрделі құбылыс екенін көреміз.
Еру процестері кейде жылу бөліну арқылы жүрсе, енді бірде жылу сіңіру арқылы да жүреді, яғни зат қыздырғанда ғана ериді.
Сондай-ақ кей заттарды еріткенде ерітіндінің көлемі кемуі немесе артуы мүмкін. Мысалы, күкірт қышқылын не натрий гидроксидін суда еріткенде едәуір жылу бөлінеді. Бұл еріген зат пен еріткіш арасында химиялық реакцияның жүргендігін көрсетеді. Бұл процесті сольватация, ал пайда болған қосылысты сольват дейді. Зат суда еритін болса, процесс, гидратация, қосылыс гидрат делінеді.



2. Ерітінділердің концентрациясы.
Ерітіндінің концентрациясы дейтініміз-ерітіндінің белгілі бір салмақ мөлшерінде, не белгілі бір көлемінде еріген заттың мөлшері. Ерітінділердің концентрациясын, яғни ерітінділердің құрамын кескіндеудің бірнеше әдісі бар:
1 Массалық процент пен өлшенетін проценттік ерітінділер, яғни ерітіндінің 100 масса бөлігінде еріген заттың массасы. Мысалы, қанттың 12 проценттік ерітіндісі десек, ол ерітіндінің 100 грамында 12г қант, 88г су бар. Еріген заттың массалық үлесі ω=омега-ол еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасын көрсететін өлшемсіз шама. Өлшем бірлігі үлес, %.

Еріген заттың массалық үлесін ерітіндінің пайыздық проценттік концентрациясы деп атайды.
2 Мольдікпен өлшенетін мольдік ерітінділер. Ерітіндінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерітінді және концентрация түрлері
Ерітінділердің физикалық теориясы
Оптикалық әдістер
Термодинамика заңдары сұрақ-жауап түрінде (20 сұрақ)
Ерітінділердің құрамын сипаттау әдістері (массовая доля, объемная доля, молярная доля, молярная концентрация, молярная концентрация эквивалента, моляльная концентрация, титр)
Протолиттік теорияның негізгі қағидалары
Тірі ағзадағы ерітінділердің маңызы. Буферлі ерітінділер
Электролит ерітінділердегі ионды ассоциация
Ерітіндінің концентрациясы еріген зат шамасының ерітінді шамасына қатынасы
Ерітінді
Пәндер