Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі әдебиет кафедрасы


БӨЖ

Тақырыбы:Мақалдармен мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар.

Қабылдаған:Ислам Досбол Орындаған:Сейтен Құралай
Тобы:ФҚӘ - 112

Түркістан 2022ж
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Мақал, мақалдардың тақырыбы, өзіне тән ерекшеліктері. Мәтел
2.Жұмбақ, жұмбақтардың тақырыбы, мазмұны, өзіне тән ерекшеліктері
3.Жаңылтпаш
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақ халқы ерте кезден - ақ жазу - сызу өнері болмаған кездің өзінде де ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін тудырып, өздерінің тұрмыс - тіршілігін әр түрлі жақтарын баяндап, суретттеген. Сонымен қатар тек тұрмыс - тіршілігін ғана суреттемей, қоғамдық өмірін, дүниеге деген көзқарасын, таптық күрестерін, арман ойларын, мақсат - мүддесін баяндаған. Осы жағдайда туған қазақ ауыз әдебиетінің күрделі түрлері мақал - мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаштар.
Мақал - мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаштар тек бір ғасырда ғана туып, дамыған емес. Олардың алғашқы үлгілері сақталмаған, яғни есте қалмаған, ерте заманда пайда болып, өзінің қалыптасу, өсіп, даму кезеңдерін талай ғасырлар бойы жасалған. Дамып, өсу жолында әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, дамып, жаңару кезеңдерін басынан өткізген.
Қазақ халқының мақал - мәтелдері мен жұмбақтары, жаңылтпаштарының жиналып, хатқа түсуі, баспа беттеріне жариялануы ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Бұлардың кейбір үлгілерін халық аузынан жинап, жазып алғандар Ш.Уәлиханов, В.Радлов екенін білеміз. Сонымен қатар, бұлардан революцияға дейін қазақ халқының мақал - мәтелдерін, жұмбақтарын жинап, баспа бетіне шығаруда еңбек еткендер: Ш.Ибрагимов, Ф.Плотников, М.Ысқақов, С.Садықов, Ә.Диваев, т.б. болды. Жоғарыда аталған адамдар қазақтың мақал - мәтелдері мен жұмбақтарының кей үлгілерін жинап, жазып алып, Омбы, Орынбор қалаларында шығатын газет - журналдар да бастырып, кітапша етіп шығарды. Ш.Ибрагимов 1874 жылы Орынборда қазақтың мақал - мәтелдерін, 1892 жылы Орынборда А.Васильев, 1899 жылы В.Катаринский Орынборда бастырды. М.Искаков жинаған мақал - мәтелдер 1914 жылы Қазан қаласында кітапша болып бастырылды. 1902 жылы Қазан қаласында С.Садықовтың "Жұмбақ" атты жинағы шықты.
Қазақтың мақал - мәтелдері, жұмбақтары кеңестік кезеңде мол жиналғанымен қатар, баспа беттерінде шығып, ел арасына кең таралды. Мысалы 1925 жылы "Мың бір мақал" атты жинақ басылды. Ө.Тұрманжанов 1935 жылы "Қазақтың мақалдары мен мәтелдері" атты үлкен еңбекке төрт мыңнан аса мақал - мәтел енгізіп, шығарды. Бұл қазақ халқының мақалдары мен мәтелдері жиналған үлкен, көлемді еңбектердің бірі болды. 1950 жылы Қазақтың Ғылым академиясында Б.Ақмұқанова құрастырған қазақ мақалдарының жинағы шықты. Кеңестік кезеңде жұмбақтарда бірнеше рет басылып шықты. Солардың ішінде көңіл бөлетін жинақ 1940 ж шықты. Оны құрастырған С.Аманжолов болса, сөзбасын жазып, редакциясын басқарған М.Әуезов еді.
Солай қазақтың мақал мәтелдері мен жұмбақтары халық арасына ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бергі кезеңінде ғана жиналып, басылғанын білдік.
Иә сонымен соңғы жылдары мақал - мәтел, жұмбақтар жайында ірілі - ұсақты мақалалар, пікірлер бар. Алайда олар монографиялық көлемде жазылған ғылыми зерттеулер болып емес, болашақта жазылатын үлкен еңбектердің алғашқы бастамасы десек болады.

Негізгі бөлім

Мақал, мақалдардың тақырыбы, өзіне тән ерекшеліктері. Мәтел
Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына, үлкен оқиға, мазмұнды, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға қорытынды, баға, былайша айтқанда "тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" десек те болады. Қазақ халқы бір сөзге көп мағына сыйдыра отырып, өздерінің басынан кешкен оқиғаларын, өмірлік кезеңдерін, өмірлік тәжірбиелерін мақал жүзінде айтып беріп, отырған. Осыған жағдайға байланысты мақалдар ақыл - өсиет, нақыл сөз қызметінде атқарып отырған.
Мақалдарды тудырушы - қазақ халқы,яғни еңбекші, қарапайым халық десек те болады. Мақалдар халық даналығының алтын қазыналы мұрасы десек те болады. Алайда, барлық мақалдарды қарапайым халық шығарды деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, мақал да таптық көзқарастан, таптық ой - санадан шыққан. Сонымен қатар, мақалдарда үстем тап өкілдері де шығарған және шығарған мақалдарына өздерінің таптық ой санасын да қосқан. Мысалы, "Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін", "Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас" деген сияқты мақалдар халықтың арман - тілегіне мүлдем жанаспайды. Сол себепті осындай мақалдарды көбіне қарапайым халық қабылдай бермеген.
Мақалдар халықтың әдет - ғұрпы мен салты, тұрмыс - тіршілігіне, қоғамдық өміріне, өмірлік тәжірбиесіне байланысты туындағандықтан, оның тақырыбы да өте көп.
Мақалдардың тақырыбы. Қазақ халқының мақалдарының тақырыбы орасан көп. Мақалдардың тақырыптарының кішкене бөлігіне тоқталсам. Мақалдардың тақырыптар ішіндегі ең күрделі тақырып, еңбекке байланысты тақырыптар. Осы тақырыптарда халықтың еңбек ету жайындағы көзқарасын байқаймыз. Сонымен қатар осы тақырыптағы мақалдарға қарап біз, еңбек арқылы адамды мақсат - мұратына, абыройға жеткізуші екенін дәлелдейді. "Еңбек түбі - мереке", "Еңбегі бардың - өңбегі бар" деп қазақ халықты адал еңбек етуді құптайды.
Адал еңбек етіп өмір сүруді құптаған қазақ халқы, ең алдымен жұмыс істеуді, яғни, еңбек етуде алдымен мал бағуды құптаған. Оның бірден бір себебі, қазақ халқының тұрмыс - тіршілігі, өмірі осы мал шаруашылығымен тікелей байланысты.
Өмір бойы мал бағып күндерін көрген қазақ халқы, яғни, мал бағудың қыр сырын біліп, қай түлікте қандай қасиет барлығы, өздерінің өмірінде қандай орын алатынын, қандай қызмет атқаратынынын осы мақал арқылы білдірген. Мысалы, "Жылқы - малдың патшасы, түйе - малдың қасқасы", "Түйе жисаң - нардан жи, сиыр жисаң - тарғыдан жи".
Мақалдардың тағы бір елеулі тақырыбы егіншілік туралы. Бұл тақырыптағы мақалдар көбіне кейінгі кезде, ХІХ ғасырдың ішінде туған. Олай дейтініміз Қазақстанның оңтүстік - батыс аудандарын мекен еткен кейбір рулар, аздаған егіншілікпен айналысқан. Егін жайлы шыққан мақалдардың қайсысы болсын, егін егу адамға пайдалы екенін көрсетеді. "Жер - ырыстың кіндігі", "Ексең егін - ішесің тегін", "Астығы бар аш болмайды", "Жер жомарт", "Жердің сәні - егін", т.б.
Қазақ халқының мақалдарының кернекі тақырыбы - ұйымшылдық, бірлік, ынтымақ жайындағы мақалдар. "Бірлік болмай тірлік болмас", "Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ", "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді", т.б.
Сонымен қатар қазақ халқының сүйсіне тыңдап, сүйе жырлаған - ерлік, тақырыптар, батырлық істер жайындағы мақалдар.
"Туған жердің тауы ыстық", "Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңдң ұлтан бол", "Кісі елі күміс, өз елің алтын" ...
Мақалдардың өзіне тән ерекшелігі көп сөзді, бір ауыз сөзбен қорытындауында.
Ішкі құрылысы жағынан мақалдар екі түрлі болады.
Біріншісі айтайын деген ойды тура, ашық етіп білдіру;
Екіншісі негізгі ойды тұспалап, ишара түрінде білдіретін мақалдар.
Мақалдарға тән ерекшеліктері оның құрылысында. Мақалдар көбіне, бір сөйлемнен құрылады. Мысалы, "Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады", "Тіл қылыштан өткір", "Кеңесті ел - кемімес" т.б. Осылайша бір сөйлемнен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы
Халық ауыз әдебиетінің оқытылу үрдісі
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТНІҢ МАҢЫЗЫ
Ауыз әдебиетінің жанрлық құрамы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақ фольклорының тарихы және фольклористика ғылымы
Ауыз әдебиетінің бала қиялын дамытуда алатын орны
Пәндер