Паскаль тілінің алғашқы түсініктері



КІРІСПЕ
Адам баласы күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүреді. Сондықтанда, өмірді алда тұрған мәселелердің шешімін табу қажет болатын алгоритмдер жиыны деп түсінік қалыптастыруға болады. Біз “Информатика” , “Бағдарламалау” т.с.с. пәндерді оқыған болатынбыз. Біз алгоритм құрастыру, жазу т.б. мүмкіншіліктерімен танысып, қазіргі кездегі кең тараған программалау тілінің бірі . Турбо Паскаль тілінің ерекшеліктерін қарастырып және оны тиімді пайдалана отырып математикалық, физикалық есептерді шығаруды, компьютерде орындауды үйрендік.
Компьютерде есеп шығару күрделі процесс болғандықтан, алдымен есептің берілуін ауызша сипаттап, оны математикалық түрде өрнектеп, яғни берілгенін жазып, оның алгоритмін құрып және оның қатесін түзей отырып, компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде пайдалана керекті мәліметтерді дайындауды үйренеміз. Күрделі формулаларды, теңдеулерді арифметикалық амалдар тізбегіне айналдыру есеп шығарудың сандық тәсілін табу немесе анықтау болып табылады. Компьютерде шығарылатын есептердің күрделенуіне байланысты программалардың көлемі өсіп, оларды жазу, оқу, түзету күннен.күнге қиындап келеді. Белгілі бір өндірістік мәселенің мезгіл . мезгіл қайталанып отыратын есептеу программалары ұзақ уақыт пайдаланылады, олар күнделікті өмір талабына сәйкес өзгертіліп, түзетіліп отыруы тиіс. Осыған байланысты программа құруды, түсінуді, өзгертуді жеңілдететін тәсілдер жасалған, олар құрылымдық (структуралық) программалау деп аталады. Қазіргі кезде есеп шығарудың көптеген сандық тәсілдері белгілі. Соның ішінде біз өзімізге ең тиімдісін таңдап алуымыз қажет. Осы мақсатта есеп шығарудың дәлдігін, нәтижені жылдам табу мүмкіндігін, мәлімет дайындау мен есеп

КІРІСПЕ
Адам баласы күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау
барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүреді. Сондықтанда, өмірді
алда тұрған мәселелердің шешімін табу қажет болатын алгоритмдер
жиыны деп түсінік қалыптастыруға болады. Біз “Информатика” ,
“Бағдарламалау” т.с.с. пәндерді оқыған болатынбыз. Біз алгоритм
құрастыру, жазу т.б. мүмкіншіліктерімен танысып, қазіргі кездегі кең
тараған программалау тілінің бірі – Турбо Паскаль тілінің
ерекшеліктерін қарастырып және оны тиімді пайдалана отырып
математикалық, физикалық есептерді шығаруды, компьютерде орындауды
үйрендік.
Компьютерде есеп шығару күрделі процесс болғандықтан, алдымен
есептің берілуін ауызша сипаттап, оны математикалық түрде өрнектеп,
яғни берілгенін жазып, оның алгоритмін құрып және оның қатесін
түзей отырып, компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс
жүзінде пайдалана керекті мәліметтерді дайындауды үйренеміз. Күрделі
формулаларды, теңдеулерді арифметикалық амалдар тізбегіне айналдыру
есеп шығарудың сандық тәсілін табу немесе анықтау болып табылады.
Компьютерде шығарылатын есептердің күрделенуіне байланысты
программалардың көлемі өсіп, оларды жазу, оқу, түзету күннен-күнге
қиындап келеді. Белгілі бір өндірістік мәселенің мезгіл – мезгіл
қайталанып отыратын есептеу программалары ұзақ уақыт пайдаланылады,
олар күнделікті өмір талабына сәйкес өзгертіліп, түзетіліп отыруы
тиіс. Осыған байланысты программа құруды, түсінуді, өзгертуді
жеңілдететін тәсілдер жасалған, олар құрылымдық (структуралық)
программалау деп аталады. Қазіргі кезде есеп шығарудың көптеген
сандық тәсілдері белгілі. Соның ішінде біз өзімізге ең тиімдісін
таңдап алуымыз қажет. Осы мақсатта есеп шығарудың дәлдігін, нәтижені
жылдам табу мүмкіндігін, мәлімет дайындау мен есеп шығару құнын
салыстыра отырып қарастыру керек болады. Программа құрғанда қазіргі
кезде кеңінен таралған программалау тілінің бірінде алгоритм нақты
түрде жазылады. Құрылған программаның қатесін түзету компьютердің
көмегімен шешіледі, өйткені жіберілген қате компьютерде тез көрінеді
және оны түзетуге мүмкіндік береді. Есеп шығаруға керекті деректерді
сұрыпталған күйінде алдын ала қағазға, ол болмаса, магниттік дискіге
жазып, компьютердің жадына реттеп енгіземіз. Алайда, есеп нәтижесін
алған соң соған сәйкес шешім қабылдау және оны іс жүзінде қолдану
– білікті мамандардың жұмысы болып табылады.

Мен бұл курстық жұмысты жасай отырып, Паскаль тілінің қандай
бағдарлама екендігін, оның операторлары мен типтерін сипаттау
мақсатында, шартты операторды пайдалана отырып программа құру
жолдарын қарастырамын. Курстық жұмыстың тақырыбы программадағы шартты
операторды пайдалану және онымен жұмыс жасау мүмкіндігін тиімді
пайдалану жолдарын жазған болатынмын. Әрине, жоспар құра отырып,
Паскаль тілінің алғашқы түсініктері мен операторларына кеңінен
тоқталып өтеміз. Мұнда Турбо Паскаль тілінің негізгі элементтері, тіл
алфавиті мен типтері туралы түсіндіре кетемін. Сондықтанда, шартты
оператормен есеп шығару Турбо Паскаль программасындағы есеп шығару
мүмкіншіліктернің бірі екендігі болып отыр.

I. ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТҮСІНІКТЕРІ

1. Бағдарлама туралы жалпы түсінік

Паскаль тілі 1968-1971 жылдары Швецария ғалымы Никлаус Вирт
оқып үйренуге қолайлы бағдарламалау тілі ретінде ұсынған
болатын.Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді,ол сол кездері
кең таралған АЛГОЛ,ФОРТРАН,БЕЙСИК тілдеріне қарағанда
жетілдірілген,жұмыс жасауға ыңғайлы болды. Паскаль тілі өзінің
қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез
таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде
жұмыс істей алады.Паскаль тілінде жазылған бағдарламаның
дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.
Бұл тілде жазылған бағдарлама компьютерде орындалу барысында алдымен
трансляцияланады,яғни машина тіліне аударылады,объекттік бағдарламаға
түрлендіреді де,содан кейін ғана орындалады. Қазіргі кезде Паскаль кез
келген күрделі есептерді шығара алатын,кең таралған стандартты оқу
тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде
бағдарламалауды оқытуда Паскаль тілі таңдалып алынған.

Паскаль тілінің алғашқы танысуда

y = a*x²

функциясының мәнін есептейтін жай программадан бастайық:

Program Fun программа тақырыбы

Const a = 5 тұрақтыларды сипаттау

var x, y: integer; айнымалыларды сипаттау

begin программа басы

write (‘x = ‘); экранға мәтін шығару

readln (x); х айнымалысына мәтін енгізу

y: a * sqr (x); у айнымалысына өрнек мәнін
меншіктеу

writeln (‘y = ‘ ,y); экранға мәтін және айнымалы мәнін
шығару

end. Программа соңы

Бұл программада кездесетін ағылшын сөздерінің аудармасы:

Program программа

Var айнымалылар

Integer бүтін

Begin басы

Readln оқу

Writeln жазу

End соңы

Программа дегеніміз –
• қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм;
• компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.
Программа мәтіні компьютер жадында мәтіндік файл (кеңеюі .pas)
түрінде сақталады. Компиляциядан кейін мәтін машиналық командалар
тіліне аударылып, орындалатын файл (кеңеюі .exe) жасақталады.Мәтіндік
файлды кез келген мәтіндік редактормен өзгертуге болады, содан соң
ол тағы да компиляциядан өтуі керек. Тәжірибеде, программа
мәтінінде орындалатын файлды да программа деп түсінеді. Сондықтан,
ілгеріде программа мәтіні деудің орнына “программа” деп жазамыз.
Программа тақырыбы Program қызметші сөзінен және программа атауынан
тұрады. Атау – латын әріптерінен, сандардан, астын сызу
белгілерінен ғана тұратын, саны 63 – тен аспайтын символдар жолы.
Сонымен, программа тақырыбының жазылуы:
Program программа

Ескерту. Турбо Паскальда программа тақырыбын жазбай кетуге
болады. Тақырыптан кейін, программа пайдаланылатын белгілерді,
тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, бағыңқы программаларды және тағы
басқа сипаттаулар бөлімі орналасуы тиіс. Операторлар бөлімінің басына
begin, ал аяғына end сөздері жазылып, соңына нүкте қойылуы шарт.

2. Паскаль тілінің негізгі элементтері

Кез келген табиғи тіл сияқты,бағдарламалау тілінің де өз
алфавиті бар.Бұл алфавитті бағдарламалауда қолдануға болатын барлық
символдар жиынтығы деуге болады.Бағдарламалауда мағынасы мен қызметі
алдын ала анықталған және өзгермейтін қызметші сөздер жиі
пайдаланылады. Паскальда оларды операторлар, амалдар (операциялар)
атаулары ретінде және тағы басқада мақсаттарға пайдаланылады.
Бағдарламалар белгілі бір мәселені,есепті шешуге арналған.Есеп шығару
барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай
өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға
шығарылатыны айтылады. Паскаль тіліндегі бағдарлама жеке-жеке
жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар
арқылы атқарылады. Бағдарлама алдындағы азат жол немесе бос орын
саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше команда немесе
орналаса алады, олар бір бірімен нүктелі үтір арқылы (;) арқылы
ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны
дұрыс, ол түзетуге жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы. Паскаль тілінде
бағдарлама үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және
операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM
сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның
ішкі объектілер бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы
айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын
ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден
тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір
немесе екі бөліктен тұруы мүмкін.Программаның соңғы және негізгі
бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс-әректтер,
командалар осы бөлімде орналасады. Ол “begin” түйінді сөзінен
басталып, барлық атқарылаты операторлар тізбегі жеке-жеке жолдарға
жазылып біткен соң “end” түйінді сөзімен аяқталады. Бағдарлама
құрылымын 1.1 - кестеде көрсетілгендей кескіндеуге болады. Операторлар
бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі шартқа
байланысты атқарылса, кейбірі қайталанатын цикл немесе қосымша
программа (подпрограмма, процедура) түрінде орындалады. Күрделі есеп
программасын құру үшін ең алдымен әр түрлі қарапайым есеп шығарып
үйрену керек. Қате жібермес үшін программа блог схема түрінде немесе
алгоритмдік тілде құрастыру қажет.

Program Bastau:
Сипаттау бөлімі
begin
Операторлар бөлімі
end

1.1 – кесте. Паскаль тіліндегі программа құрылымы

Кез келген программаның алғашқы жолы - оның тақырыбы, екінші
және үшінші жолы - сипаттау бөлімі, “begin” және “end” сөздерінің
ортасында орналасқан операторлар, яғни әр түрлі амалдар орындау
бөлімі. Программаның сөздік элементтері ағылшын тілінде жазылған. Оны
қазақ немесе орыс тіліне аударуға болады. Бірақ барлық елдер
программадағы түйінді сөздерді өз тіліне аудармай, оларды ағылшынша
нұскасын пайдаланады, алайда олар көп емес. Сондықтан ағылшын тілін
үйренуді осы түйінді сөздерден бастап әрі қарай дамыту оқушылар
үшін тиімді болғалы отыр. Қызметші сөздер мен арнайы символдар
программа құру үшін жеткіліксіз болып табылады. Сондықтанда, Паскаль
тілінде арнайы операторлар, стандартты модульдерде топтастырылған
стандартты процедуралар мен функциялар кеңінен пайдаланылады.
Қызметші сөздерді жазуға бас, немесе кіші әріптерді қатар қолдана
беруге болады. Оларды программа мәтінінің қажетті жерінде қатесіз
жазып, пайдалану қажет. Қызметші сөздердің реттелген тізімі
төмендегі кестеде көрсетілген:

, Тізім элементтерін айыру таңбасы
. Жол тұрақтысын шектеу таңбасы
: Айнымалыларды сипаттау, экранға шығару пішімінің элементі
; Сипаттауда және экранға шығаруда айнымалыларды айыру
.. Мәндердің өзгеру аралығын көрсету белгісі
:= Айнымалыға өрнек мәнін меншіктеу
( ) Арифметикалық және логикалық өрнек жақшалары
[ ] Массив элементтерінің индексін бөлу аралығын көрсету
{ } Түсініктемелер жазу үшін пайдаланылатын жақшалар
(* *) Түсініктемелерді шектеу белгілері

Кез келген программаның элементтері - айнымалылар,
тұрақтылар және операторлар болып табылады. Айнымалы деп
компьютер жедел жадының ат берілген бөлін айтады. Онда сақталатын
ақпарат айнымалының мәні болып есептеледі. Айнымалының мәні
программаны орындау барысында өзгеруі мүмкін. Информациялардың түрі,
мүмкін мәндерінің жиынымен оған қолдануға болатын түрлендірулер
жиынтығы айнымалылардың типін анықтайды.Тұрақтының айнымалыдан
айырмашылығы, оның мәнін программада орындалу барысында өзгеруі
мүмкін. Операторлар программа орындауға тиіс болатын небір амал -
әрекеттерді көрсетеді. Тіл алфавиті латын әріптерінен, сандардан және
арнайы символдардан тұрады. Кейбір символдардың қосағы да символ
болып есептеледі. Қызметші сөздердің ішінен программалауда
жиі пайдаланылатындарының мағынасын түсіндіре кетейік. Program,unit –
программа мен модуль тақырыбын жазу үшін керек. Var, const,
procedure, function – айнымалыларды, тұрақтыларды, ішкі программаларды
(функциялар мен процедураларды), ал type, array, string, record... end,
file of ... айнымалылар типтерін сипаттау үшін қолданылады. Begin, end
– бірнеше оператоларды біріктіріп, бір құрамды оператор жасау үшін
қажет. If ... then ... else, for ... to ... do, for ... downto ...do, repeat ... until,
case ... of ...end, while ... do – басқару операторлары.Inplementation,
interface қызметші сөздері модульдері ғана пайдаланылады. Div, mod,
shl, shr, and, or, not – арифметикалық және логикалық амал
атаулары. Constructor, destructor,
object, public, virtual – объекті – бағдарлы программалауда қолданылады.

3. Бағдарламаның сипаттаулар бөлімі

Паскаль тілінде жазылған программаның құрылымы алгоритмдік
тілде жазылған программаның құрылымына сәйкес келеді. Паскаль тілінің
программасы блоктардан құрылады.Қандайда бір блок ішінде басқада
кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады,
олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол
мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс – әрекеттерді (операцияларды,
амалдарды) атқару бөлімі. Белгілерді сипаттау, бұл белгі программаның
бір жолын, яғни операторын ерекшелеп белгілеу үшін қолданылады. Бұл
белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы
белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға
болады. Оператор тек бір белгімен ғана белгіленеді. Бір белгі бірнеше
операторды белгілей алмайды.

Label 1 – сан, 2 – сан,..., k – сан, 1– атау, 2 – атау, n – атау;

Мысалы, label 12, 5, 11, san, k5, n, belgi1;

Осы белгілерге сәйкес программа

Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады.Қандайда бір
блок ішінде басқада кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі
бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал
екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс – әрекеттерді
(операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі. Мәліметтерді сипаттау
бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімнің болуы
міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып
саналады. Ал блок ішіндегі блок – жергілікті (локальді) блок деп
аталады. Сонымен кез келген программа синтаксистік ереже
бойынша тақырып пен блоктан тұрады. Негізгі блок – негізгі программа
блогы, сондықтан ол басқа блоктарға кірмеуі тиіс. Жергілікті
блоктарға процедуралармен функциялар кіреді, олар кейбір
программаларда болуы да мүмкін.

Программа құрылымының диаграммасы

Программалық блок диаграммасы.
Турбо Паскаль программасының тақырыбын (атауын) жазбай кетуге
де болады, бірақ жалпы Паскаль тілінің стандарты бойынша программада
тақырып болуы қажет. Паскаль тіліндегі кез келген программаның
тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен
қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық
жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
• программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының
тізімі (ол “uses” түйінді сөзімен басталады);
• белгілерді (“label”) сипаттау;
• тұрақтыларды (const) сипаттау;
• мәліметтер типтерін (type) анықтау;
• айнымалыларды (var ) сипаттау;
• процедураларды (procedure) сипаттау;
• функцияларды (function) сипаттау.
4. Тіл алфавиті
Кез келген табиғи тіл (соның ішінде алгоритмдік тіл де)
программалау тіліндегі өз алфавиті бар. Бұл алфавитті программалауда
қолдануға болатын барлық символдар жиынтығы деуге болады.
Программалауда мағынасымен қызметі алдын ала анықталған және
өзгермейтін қызметші сөздер жиі пайдаланылады. Паскальда оларды
операторлар, амалдар, атаулары берілген және т.б. мақсатқа пайдалануға
болады. Алфавитті қолдана отырып, біз сөздер құрамыз. Сол тілдің
синтаксистік ережелерін сақтай отырып сөздерді фразаларға
біріктіреміз. Тіл алфавиті программаның элеменнтерін
құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер,
сандар және де арнайы белгілер (символдар) жатады. Турбо Паскаль
тілінде 80 – ге жуық қызметші сөздермен арнайы символдар
қолданылады. Тіл алфавитінде қызметші сөздерді программа мәтінің
қажетті жерінде қатесіз жазып пайдалану керек. Тіл ерекшелік теріне
қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге
болады.

• Атаулар ( идентификатор )
• Сандар ( цифрлар )

• Айыру белгілері;

• Арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әрпі мен цифрлары
қолданыылады.

а) Әрпі ретінде латын алфавитінің бас әріптері мен кіші
әріптері: A B C D E F G H I J K L M N O
P Q R S T U V W X Y Z a b c d e
f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y
z және астын сызу таңбасы ( _ )
қолданылады. Бас әріптер мен кіші әріптердің маңызы бірдей болып
есептеледі, мысалы, Х пен х – тің айырмасы жоқ, дәл сол сияқты
ALFA1, aLfA1 және alfa1 де бір атаудың жазылу түрлері болып
саналады. Атауларда әріптер сандармен араласып жазыла береді, бірақ
атаудың алғашқы символы міндетті түрде әріп болуы тиіс, мысалы,
VES1, SALMAK2, Baga5, T7S25, ART25var8 т.б. Атау ретінде ASCII – код
кестенің негізгі символдары ( латын әріптері ) пайдаланылады, ал ол
кестенің қосымша бөлімінің символдары оның ішінде қазақ, орыс, араб
т.б.) атау ретінде қолданылмайды, олар тек апострофқа – жоғарғы
үтірге (` `) алынған тұрақты сөз тіркестері немесе пішінді
жақшаларға алынған түсініктеме ретінде ғана кездеседі.

ә) Ондық цифрлар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сан таңбалары. Он
алтылық цифрлар ондық цифрлардан және A – дан F – қа дейінгі
латын әріптерінен тұрады. Арнайы символдарға пунктуация және
арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.

б) Арифметикалық амал белгілері:

( + ) қосу; ( * ) көбейту;

( - ) азайту; ( ) бөлу.

DIV бүтін бөлу ( бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөліндінің
бүтін бөлігін табу ), мысалы 10 div 3 нәтижесі – 3.
MOD – қалдықты табу ( бүтін
сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу ), мысалы 10 mod 3
нәтижесі – 1.

Логикалық амал белгілері:
AND – және ( логикалық көбейту ) операциясы;
OR – немесе ( логикалық қосу )
операциясы; NOT
– емес ( терістеу немесе жоққа шығару ) операция;
XOR – арифметикалық немесе амалы;
SHL – биттер ( 1
мен 0 – дер ) тіркесін солға ығыстыру;
SHR – битер ( 1 мен 0 – дер ) тіркесін оңға ығыстыру.

в) Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс
белгілері , ENTER ( келесі жолға көшіру ) пернесін басу белгісі және
түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды
мағыналарына сәйкес арнаулы қызмет атқаратын түйінді сөздерді
бір бірінен бөліп тұрады. Паскаль тілінде кейбір символдар
пайдаланылмайды: %, &, т.б.
Паскаль тіліндегі түйінді сөздер бір – бірімен айыру
белгілерімен бөлінген алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар
сөз тіркестері. Паскаль тілінің дербес компьютерге арналған
нұсқасының қордағы сөздері, мысалы, label(белгі), and(және), begin(блок
басы), const(тұрақты), div(бүтін бөлу), if(егер) т.с.с. айнымалы атаулар
немесе тұтынушы қойған бейстандарт атаулар ретінде қолдануға
болмайды.Паскаль тіліндегі түйінді сөздерді үш топқа бөлуге
болады,олар: қордағы, яғни резервтегі сөздер, стандартты атаулар немесе
идентификаторлар және бейстандарт идентификаторлар.Тіл операторларында
қарапайым сөздер жазу үшін мағынасы мен қолдану тәсілі алдын ала
анықталған символдар тіркесінен тұратын қордағы түйінді сөздер
пайдаланыланылатыны бізге мәлім. Алгоритмдік тілде бұлар қазақ, орыс
тілінде қысқартылып жазылса, программалау тілінде – ағылшын
тілінде жазылады.
г) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:

=(тең),(тең емес),(кіші),(үлкен),=(үлкен немесе тең, ≤ таңбасының
орнына ),=(кіші емес, ≥ таңбасының орнына).

Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген коды
болады, ол мемлекеттік стандарт түрінде бекітілген. Әр елдің
стандарттары негізіне америкалық кодтар стандарты алынған(American
Standart Code for Information Interchange - ASCII ), компьютерде жұмыс
істеу барысында оларды да білген дұрыс.

Паскаль тіліндегі түйінді сөздер бір – бірімен айыру белгілерімен
бөлінген алдын – ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сөз тіркестері.
Паскаль тіліндегі түйінді сөздерді үш топқа білуге болады, олар:
қордағы (резерфтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе
идентификаторлар және бейстандарт идентификаторлар. Программалау
тілінің белгілі бір іс – әрекетті орындай алатын тиянақты
мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады. Тіл
объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен
ұйымластырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны – программаның
сипаттамасы болып табылады.Келтірілген түйінді сөздерді айнымалы атаулар
ретінде қолануға болады. Программалау тілінде оператор, тіл
синтаксисі мен семантикасы ұғымдары кең пайдаланады. Арифметикалық
немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалыла, атаулар,
функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Математикадағы формулалар, арифметикалық өрнектер, алгебрадағы
көпмүшеліктер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.

5. Мәліметтер типі
Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың
мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне
тән болуы тиіс. Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың
қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын
амалдардың жиынын анықтауды айтамыз, яғни тип дегеніміз – шамалардың
қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама. Мәліметтердің әрбір типі
тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын орындата алады.
Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға,
азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады. Ал, “IBM” және “PC”
мәндері сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана
болады (“IBM PC”). Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез
келген тұрақты, айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір
типпен ғана сипатталады. Турбо Паскаль тілінде шамалардың типін
көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан программа алдында оның
сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама атаулары және оның
типтері көрсетілуі қажет. Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық
типтер скалярлық, яғни қарапайым және құрылымдық ( структуралық )
болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық типке шамалардың
стандартты типі және жасанды тип және жасанды тип жатады.
Стандартты типтерге:
• Бүтін – INTEGER;
• Нақты – REAL;
• Логикалық – BOOLEAN;
• Тіркестік – STRING;
• Мәтіндік TEXT тәрізді типтер жатады.
Құрылымдық типтегі жиымдар – ARRAY, жазбалар – RECORD, жиындар –
SET, және файлдар – FILE түрлеріне бөлінеді.

Типтер
Қарапайым
Күрделі
Бүтін Нақты Символ- Логикалық Жиым- Файл- Жаз-
Жиын-
сан сан дық шама
дар дар балар дар

(integer) (real) шама (logical)
(array) (file) (record) (set)
Бұл суретте мәлімет типтерінің жіктелуі көрсетілген.

BEGIN

1- оператор;

2- оператор;
... ... ... ... ...;

n – 1- оператор;

n – оператор;
END.
Мәліметтердің типі – шамалардың қабылдай алатын мәндерінің және
олармен орындауға болатын амалдар жиынын анықтау. Бұлардан өзге типтер
программаның типтерді сипаттау бөлігінде анықталуы қажет. Тұрақты
сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап – ақ ажыратуға
болады, ал айнымалылар мен функциялар типтері программаның сипаттау
бөлімінде көрсетіледі. Логикалық шамалар екілік сандар жүйесіне
сәйкес 1 және 0 деген мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы 1
тексерілетін белгілі бір шарттың – логикалық тұжырымның
орындалатынын, яғни ақиқат екенін, ал 0 сол шарттың
орындалмайтынын – тұжырымның жалған екендігін көрсетеді. Бұл екі мән
программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true (1) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal программасының негізгі түсініктері
Объектілі бағдарланған программалау
Паскаль тілінде сызықтық бағдарлама құру
Процедуралар мен функциялар
Сызықтық бағдарламалаудың негізгі есептері
Паскаль тілінің түсініктері
Тілдің алфавиті
Полиморфизм - бір иерархиядағы объектілер үшін бір атаумен берілген әдістерді қолдану мүмкіндігі
Турбо Паскаль бағдарламасының жазу ережелері, құрылымы және тілдің әліпбиі
Паскаль тіліндегі сызықтық програма есептері
Пәндер