Абайдың өмірі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Ғұмарбек Дәукеев атындағы

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Институт Электроэнергетика және электротехника Кафедра

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№3 семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Абайдың эстетикалық көзқарасы

Орындаған: Муналбай Нұрсұлтан

тобы: ЭЭк-22-5

Қабылдаған: Кенжебеков Қ. К.

Алматы 2022 ж.

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  • Абайдың өмірі
  • Абай өлеңдеріндегі өмір мен шындыққа қатысты көркемдік-эстетикалық үлгілері
  • Абай өлеңдеріндегі табиғатқа қатысты көркемдік-эстетикалық үлгілері
  • Абай өлеңдеріндегі ғашықтыққа қатысты көркемдік-эстетикалық үлгілері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Эстетика сөзі грек тілінен алғанда (‘aesthetic’) «сезімдік қабылдау» деген мағынаны береді, сонымен қатар «талғам» деген терминнің мәнін анықтайды [1] . Ал философиялық терминдер сөздігінде бұл сөз былайша сипатталған: эстетика - өзара байланысқан екі құбылысты зерттейтін философиялық ғылым: адамзаттың әлемге деген құнды қарым- қатынасын көрсетумен ерекшеленетін эстетикалық сфера және адамдардың шығармашылық сферасы [2] . Одан бөлек, эстетика жөнінде сан түрлі теориялар қалыптасып үлгеріп, өзіндік сипаттамаларымен танылып жатады. Ортега-и-Гассет элитаризміне сүйенетін болсақ, эстетикалық сана мен қабілет өмірден алыстаған әлеуметтік ойшыл топтың өзгелерден артықшылығы [3] . Ал X. -Г. Гадамердың түсінігі бойынша эстетикалық таным адамның даралығымен сипатталған «ойлардың таза ойыны», еркіндіктің айрықша көрінісі [4] . Осы мысалдар арқылы эстетика адам санасында қатып қалған ойдың шекарасынан шығып, өзге түсінікпен, көзқараспен, бағытпен қарау екенін түсінуге болады.

Көркем эстетика түсінігі алғаш рет XVIII ғасырда кемеңгер ойшылдардың еңбектерінде атап өтілген. Ағылшын тілінде эстетика сөзі «aesthetics» деп берілген және бұл элемент тек өлең, үн және ырғақ ретінде көрсетілмей, күллі ғаламшардағы өнер туысында кездеседі деп түсіндірілген [1] . Аристотельден кейінгі ең ықпалды ойшыл болып саналатын Иммануил Кант Critique of Judgment еңбегінде өнерге талдауда үшінші сын ретінде «Сезім объектілерінің кез-келген формасы - бұл фигура (Gestalt) немесе ойын (Spiel) . Соңғы жағдайда бұл не фигуралар ойыны, не сезімдердің ойыны» деп анықтайды [5] . Канттың бұл сөздері кейін әлем бойынша сезу ұғымын күнделікті қалыптасқан таптаурындардан жойып, басқа дүние ретінде көру жаңа көркемдіктің нышаны ретінде қалыптасады. Оған қоса «эстетикалық идеяларды» білдіруінде көрнекілік түсінігін қолдана алатындығына байланысты Кант поэзияны бейнелеу өнерінің ең биік шыңы деп санайтынын атап өткен жөн [1] . Бұдан эстетика элементтерінің поэзия өнерінде көп бағаланатыны мен кездесетіні айқындалады.

Көркемдік эстетитканы талқылауға келетін болсақ, Философияның Стэнфордтық Энциклопедиясында объектінің көркемдігі мен сұлулығы оның табиғатынын келген құрылымынан туындайды, сол себепті кез келген заттың әсемдігін түсіну үшін оның құрылымын да түсінуіміз керек делінген [1] . Әрі біздегі ішкі сезім бұған дейін байқамаған көркемдік қасиеттерді сезуі мүмкін [6] . Әлі күнге дейін эстетика ұғымы қалыптасқан түсініктен өзгеше дүние мен сезім көрінісі немесе керісінше кез келген адамның белгілі бір дүниеге деген өзіндік көзқарасын анықтайтын сезім көрінісі ме деген мәселе толық шешілмеді. Ғалымдар арасында нақты көркем эстетиканы анықтау мен талдауда неге, қайда және қалай деген сұрақтарға нақты дұрыс жауап табылмай, қаншама ғасырлар бойы қызу талқылау үстінде [1] &[7] . Алайда анығы - көркем-эстетикалық элементтер автордың өзіндік стилі мен түсінігін айқындауда, көрсетуде, оқырманға жеткізуде маңызды әрі ажырамас рөл ойнауы.

Аталмыш көрініс алып ақын Абайдың еңбектерінде де кездесетіні хақ. Ғалым Қазыханова Бәтеш атап өткендей «Ұлы қазақ ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбаев: қазақ әнмен әлем есігін ашады және ән оның мәңгі серігі болады» деген. Қазақ өмірінде - қуаныш болсын, қайғы болсын - ол оз жан тебіренісін өлеңмен айтқан [8] . Осы арқылы Абай өз ішкі шерін қазақ халқы сынды әнмен, өлеңмен жеткізу арқылы сол кездегі қайталанбас эстетика көрінісін жүзеге асырған. Ал өмірін Абай дүниетанымын зерттеуге арнаған Қасым Бейсембиев те көркемдік эстетика талғамы Абай дәуірінде кездескенін, ары қарай көп талдауды қажет ететінін атап өткен [9] . Осы үлгілер арқылы қазақ халқының өзге ұлттарға ұқсамайтын философиялық көзқарасы, эстетика мәні мен көркемдік сипаты қалыптасқанын түсінуге болады, алайда аталған ерекшеліктер қазіргі таңда халық үшін таныс емес екені жасырын емес.

Абай тұлғасын мінсіз тұлға ретінде қарастыратын заманда Абай өмірін кеңінен танып білу тек қана Абайдың емес, өз халқымызды танып білудің мәдениетіне айналуы мүмкін. Қазақ халқының эстетикалық ерекшелегін зерттейтін ғылыми танымдық мақалалар аз, сол себепті ғылыми жұмыс Абай әлемінің көркемдік-эстетикалық түсінігін жан-жақты талдауымен айналыспақ, ал ол кезегінде қоғамдағы өзекті мәселе.

Абай - қазақта дана тұлға, дара тұлға. Ұлы Абайдың өзіндік даралығы оның шығармашылығымен шектеліп қалған емес, оның эстетикалық талғамының биіктігі де бұл дарылықтың тағы бір нышаны болып табылады. Абай Құнанбаевтің эстетика призмасынан әлемді көру өнерін қарастыру Абайдың философиялық көзқарасы мен дүниетанымының толық зерттелуіне жол ашпақ. Ал бұл ізденіс өз кезегінде жас ақындардың өлең жазуда өзіндік көркем стилін қалыптастыруына өлшеусіз септігін тигізеді. Бұдан бөлек, Абайдың философиялық- эстетикалық мұрасын толық зерттеу және сыр қырын анықтап білу Абай өлеңдерінің эстетикалық мәнінің ағылшын тілінде сапалы әрі дөп жеткізілуіне орасан зор мүмкіндік береді. Ал практикалық мәніне келер болсақ, Абай туындыларының эстетикалық әлемін ағылшынша меңгеру, өз кезегінде, ұлт мәдениетінің берік іргетасын қалаған Абай әдебиетін, Абай болмысын болашаққа паш етуде, әлем аренасына шағаруда жетелеуші темірқазық болмақ. Осы себептерді ескере отырып, бұл ғылыми жоба мақсаты, өзектілігі, маңыздылығы айқындалған болатын.

Ғылыми мақаланың зерттеу мақсаты Абай өлеңдерінде кездесетін өзіндік көркем-эстетикалық элементтерді анықтап, талдау, тақырыптар бойынша топтастыру, шешімге келу. Жұмыстың әдісі кітап, ғылыми журнал және ғаламтор жүйесінен сенімді ақпараттарды жинап, Абайдың көркемдік-эстетикалық бейнесін анықтауда қолданып, талдау жасау болып табылады. Оқу барысында алдымен өмір туралы өлеңдер таңдалып, зерттелді. Өмір деген ақиқат пен шындық ұғымымен қатар жүретіндіктен, осы екі тақырып бір бөлім ретінде алынды. Одан кейінгі талқыланған табиғат бөлімі де Абайдың көркемдік, эстетика түсінігін әрі қарай көрсетуде жол ашады деп сенеміз. Махаббат ғасырлар бойғы пәлсапалық түсініктің қайнар бастауы мен мызғымас бөлігі болғандықтан, әрі махаббат көбінесе ғашықтықпен ассоцияцияланып жүретіндіктен, тап сол махаббат түрін талдау Абайдың көркем эстетикалық әлемін одан сайын түсінуде көмектеседі деген сенім бар. Аталмыш философияның үштігін (өмір/шындық, табиғат пен ғашықтық) қарастыра отырып, Абай дүниетанымындағы көркемдік пен эстетиканы аша алу мүмкіндігі жоғарырақ болатындықтан дәл осы тақырыптар ғылыми жобада талқыланады.

Негізгі бөлім

Абайдың өмірі

Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс деген тауды жайлаған Тобықты руының ішінде, 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі Құнанбай, оның әкесі Өскембай, үшінші атасы Ырғызбай. Бұлардың барлығы да ру ішінде үлкен үстемдік жүргізген адамдар. Өскембай - Ырғызбайдың өзге балаларының ішінде ең дәмелісі болды. Сол кездегі Кеңгірбай маңайындағы ағайын-туысқан, іні-баласының бәрінен пысық, епті болыпты. Өскембай Кеңгірбай қартайған кезде атқа мінеді.

Өскембай өзінің ел меңгеру әдісінде ең алдымен, Кеңгірбайдың көпті мезі қылған парақорлық мінезінен бойын қашандау ұстауға тырысқан көрінеді. Ру басылар ортасында сақталып қалған сөздің бәрінде: "Ісің адал болса, Өскембайға бар, арам болса, Ералыға бар" деген сөз бар.

Бірақ осындай болумен қатар, Өскембай елді күшпен, зорлықпен ықтырып аламын деп, асқақ мінезді көп қолданған.

Мысалы бір уақыт аулына жүгініске келіп отырған Мәмбетай деген кісіге ашуланып, мұрнын кесіп алғаны . . . сияқты ісі жаңағы айтқанға дәлел.

Өскембай орта жасқа келгенде, баласы Құнанбай ер жетіп, атқа мінген. Құнанбай 1804 жылы туған. Құнанбайдың шешесі Зере, кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған деседі.

1850 жылы, 72 жасында Өскембай өледі. Зере байынан кейін көп жасаған. Ол бертін келіп: 90-ға жетіп өледі. Мұның ақын болатын немересі Абайдың бала, бозбала күнінде бәрі Зерені "кәрі әже" дейді екен. Кәріліктен құлағы есітпейтін болады. Балаларына дұға оқытып, үшкірте береді. Сонда өз қолындағы немересі Абай кәрі әженің құлағына өлең айтып келіп үшкіреді екен.

Құнанбай жасында әке-шешесі мен өскен ортасынан алған тәрбиеден басқа оқу тәрбиесін көрмеген.

Мұның орайына жас күніндегі өмірі, елдің ол кездегі дағдысы бойынша: батырлық, жорықшылық сияқты істерге көбірек ауған. Өзі құрбы жас жігіттердің ішінде ер, мықты найзагер болып та саналған.

Жасында осындай өмірге салынған Құнанбай кесек мінезді, қатты адам болғанға ұқсайды. Қаттылығы әншейін ғана емес, әке, шеше, жанашыр жақынға да бір қалыпты болған сияқты.

Ел билеп, іс басқаруға келгенде Құнанбай әкесінен өтімдірек болған. Мұның кісілікке толық ілінген кезінде Сібір даласы "1822 жылдағы Сібір қазақтарына арналып шыққан устав" бойынша өкірікке бөлініп, "өкіріктік приказ" билейтін болған. Өкіріктің бастығы аға сұлтан, приказдың қалған екі мүшесінің бірі өкімет чиновнигі болады (елдің көбі мұны майыр дейді) . Үшінші мүшесі кіші сұлтан атанады. Осы кезде Құнанбай екі жылдай аға сұлтан болады.

Бұрыннан өз орталарынан біреудің болуына көп тілеулес болып жүрген ру жуандары Құнанбайдың аға сұлтан болуын Құсбек, Жамантайдың партиясынан, патша саясатынан дегісі келмей, "Құнанбай басының қасиетінен" деп кеткен сияқты.

Сол кездегі атқа мінерлер аузындағы аңызға қарағанда, Құнанбай: "қарадан хан болған" деп аталады.

Құнанбай аға сұлтан болған уақытта, өз еліне старшындыққа өзінің тоқал шешесінен туған Майбасар деген інісін сайлаған. Майбасар тентек, ұрыншақ мінезді, сыйымсыз адам болған. Ел мұны адамшылық, ақыл, мінез жағының қайсысынан болса да басшы болып, ел меңгеруге жарайтын кісі деп білмеген.

Майбасар қылығының салдарынан Жігітек деген ру бастығы Бөжей болып, Құнанбайға өкпелі болады. Бірақ бірде аға сұлтан болып жүрген Құнанбай, әрі сырт елдерге атақты, әрі үмітке салмақты болып ап, Жігітекті де, басқаларды да бойымен басып шыға берген. Сонымен алғашқы араздық, жаулық кейін ұзақ замандарға созылып кетсе де, Құнанбай тұсындағы алыстың бір буыны Жігітектің жеңілуімен бітеді. Құнанбай Жігітектің он жеті адамын Сібір айдатады.

Бұл кезде Абай ержетіп, ел меңгеруге кіріскен еді. Әкесінің Жігітекпен алысқан, Тоқпамбет үстіндегі, Мұсақұл үстіндегі төбелестерінде баларақ болса да, ер жете бастаған сайын, әкесі мұны ел сөзіне, ел ісіне жұмсай бастайды. Осы Құнанбай ісінің жоғарыда айтылған көп уақиға, көп тартыстары және барлық сол заманның мінездері ақын Абайдың бала күнінен бастап нық байланыса өскен ортасы еді.

Көп басты адамынан айырылған Жігітек талай заманға шейін "көзге қамшы тигендей" болып қалады.

Абай елді меңгеріп алған кезде, Құнанбай біртіндеп кеп ел сөзінен шыққан. Сонымен 72 жасында қажыға барып, қажыдан қайтып келген соң 8-9 жылдан кейін қайтыс болады.

Абай өлеңдеріндегі өмір мен шындыққа қатысты көркемдік-эстетикалық үлгілері

Абайдың өлеңдеріндегі эстетикалық құбылыс тек жанды, материалды құндылықтармен ғана шектеліп қалған емес. Абайдың өмірге деген, үміт пен арманға деген көзқарастары да эстетикалық бояуларымен ерекшеленсе керек. Соның мысалында Абайдың 1901 жылы жазылған «Жапырағы қуарған ескі үмітпен» өлеңін алатын болсақ, Абайдың ішкі өкініш дауылы соңында шарасыздыққа тірелгенін байқауға болады. Өз өмірін үмітпен алға сілтеп өткен Абай үміт атты жапырақтың да бір күні солып, бояуы жоғалып, қуаратынын өкінішпен мойындайды. Сондағы жұбаныш эстетикасы жайқалған жапырақтың қуарғанында емес, Абайдың үмітті гүлге емес, жапыраққа теңеуінде. Гүлді өмір деп алатын болсақ, ал күлтелері өмірдің әр құндылықтары, қағидалары мен заңдылықтары болса, ал жапырақтары Абайдың пайымдауынша үміт іспеттес болған. Шынында да, үміт шексіз сенімге жетелеуші, жақсының жаршысы, адамзаттың жігері мен күшінің қайнар бастауы. Бірақ жапырақ қуарса, гүл де гүлдеуін, нәр алуын тоқтатпайды ма? Абай да сол бір үміттің жетегінде өмір сүріп келіп, үміттің алдамшы болғанын сезінген кезде, өмірінің мәні жоғалғандай күй кешеді. «Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр көп күн» дей отырып, Абай өткеніне көз жүгіртіп, қиял тұзағына түскен бос күндерін санамалап, өкінішін ашық жеткізеді. Осы орайда, Абайдың өзінің ішкі жан кұбылысын эстетикалық түйсікпен толық қабылдауын атап өткен жөн.

Абайдың эстетика талғамы сипаттаудан бөлек, шындықты айқындаумен, оны сезінумен ерекшеленеді. Абай үшін эстетика тек эстетикалық сезім мен ләззатты жеткізу емес, шындықты дөп көрсету, ащылығын сездіру. Мысалы, «қарашы, өз бойыңда түгел ме екен ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш?» деген жолдарда Абай жастықтың қуатынан қол үзгенін ерекше жолмен, яғни дәурен өмірдің түс екеніне көндіру арқылы сездірген. Эстетика Абай өлеңдерінде сұлулық құралы ғана болып қоймай, Абай поэзиясында ол ақиқат тілінің бейнесі ретінде қалыптаса алған. Көркемдік эстетика шындықтың көркемдік образдар арқылы жеткізілу тәсілі мен оның шындыққа сәйкестігін тексеру амалы ретінде орнын тапқан. Оған тағы бір дәлелді «Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің, Өзіңді өзің күзет, кел, шырағым!» деген жолдардың мағынасын қазбалағанда табуға болады. Өлеңдегі бұл жолдар ел алауыздығын артқа тастап, ел бірлігін күзетудің өзі қол жетпес армандай, жетем деген сайын алыстайтын бұлдыраған сағымдай көрінетіні туралы мұңды сыр шертеді. Көптің аузын лайдан тазартам деп тартысқа түсудің өзі өмірдің тыныштығын ұрлайтынын Абай өмірінің соңғы нүктелі шақтарында ғана біліп, ендігі амал өзіндік «менді» күзетуде екенін ұғынады. Бұл түйсіктегі тағылымды түсінік бірегей философиялық көзқарастың, сол замандағы сирек кездесетін қоғамдық сана формасының Абай мен оның әлем әдебиетінде қалыптасқанын дәлелдей түседі. Абайдың эстетикалық бояулармен жазылған өлеңдері - Абайдың ішкі жан дүниесі мен жүрек дауысы.

Абайға тән философиялық-эстетикалық талғамы Абайдың өмірді және өзін танып білуге деген ұмтылысымен тоғысса керек. Поэзия төңірегінде өмір мен өлімді таразыға салған Абай эстетикалық болмыспен өмірді тануға бір қадам жақындауға тырысады. “Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен” өлеңіне көз жүгіртетін болсақ, Абай өз өмірінің баспалдағы нұрлы аспанға жетелейтінін эстетикалық мәнмен сездірсе керек. Аспанға қарап бой түзеген Абай бір дәннен қаулап өсіп-өнген бидайдай шексіз аспанға қол созып өскен. Ал жаз мезгілінде бұл егін жасыл шөппен қосылып, жалаңаш жердің бетін өз бойымен, өзіндік өскен биіктігімен жасырып, жасыл көркем алаңға айналдарыды. Бұл Абайдың жас кезінде қуаты тасыған мезгілде жұрт санасына білім нәрін сепкендей көрініс тудырады. Дегенмен де, толассыз уақыт күтуді білмейді, «рахымсыз» жылдар ағып, егін орылар уақыт та жетті. Бұл Абайдың заманы өтіп, аурудың ауыз салып, өлімнің де кезегі келгенін білдірген еді. Ойдың бұл эстетикалық қыры өлімді, оның келіп жеткен шағын сипаттауға арналған. Эстетикалық сипаттың құдіреті сонша, ауырлығын көтера алмай, басы иіліп, дәнге толы бидай жерге ұмтылады. Бұл адамзаттың сүрерін сүргеннен кейін барар орны қара жер екенін эстетикалық, жанама тұрғыдан топшылайды.

Эстетиканы білім беру үлгісі ретінде қарастырған В. А. Сухомлинский «Эстетиканың негізі - бұл шындықтың құбылыстары, яғни белгілі бір нысаны бар және біздің жанымыздан тыс ойлануымыздың нысаны болып табылады» деп болжаған[10] . Абайдың жандыны жансызға балап, осылайша жандының жанын оятуға әрекет етуінің өзі нағыз эстетиканың бір тармағы болса керек. Мысалы, «адамзат - бүгін адам, ертең топырақ, бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ» жолдарында Абай адамның о дүниеге аттанғанда, топырақ кейпін оранып, адамдық өміріне қайтып келмейтіні туралы жыр шертеді. Бұның өзі адамды өмірін, оның құндылықтарын бағалауға шақырады, өмірдің бір-ақ берілетін тереңінен, тұспалдау арқылы түйсіктеріне жеткізеді. Яғни, эстетиканың міндеті сезіну және адамзатты, оқырманды әрекет етуге шақыру, адамзат санасын эстетикалық концепциямен ояту болса[10], Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі өз міндетін тыңғылықты әрі толықтай орындап шықса керек.

Абай өлеңдеріндегі табиғатқа қатысты көркемдік-эстетикалық үлгілері

Эстетикалық талап-талғамды дана ақын Абайдың табиғатқа арналған өлеңдерінен айқын байқауға болады. Абай табиғаттың сұлулығын көріп, тамсанып қана қоймай, одан бөлек ішкі рухани дүние мен көзге көрінерлік сұлбасын салыстыру арқылы адамзат пен табиғат байланысын жеткізеді. Осылайша, жансыз табиғатқа жан беріп, тірілтеді, табиғат әсемдігінің мазмұнын ашады. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде табиғат көріністері айрықша, әсем шеберлікпен суреттелген. «Желсіз түнде жарық ай, cәулесі суда дірілдеп…» шумақ жолдарында тылсым, сұлу айдың жарық сәулесі көл бетімен шағылысып, айна бейнесі қалыптасқан. Негізінде, қою қараңғы аспанда қимылсыз тұрған айдың көл бетінде су толқындарымен ілесіп қозғалысқа түсуі, «дірілдеуі» түнде тынығар табиғаттың эстетикалық әсерін сездіріп тұрғандай. Абайдың бұл өлеңінен тағы байқарлық эстетикалық көрініс ол - алынған әсердің сезіліп қана қоймай, оның одан ары шарықтауы, эстетиканың толығып, арта түсуі. Бұл Абайдың эстетикалық сұлулықтың мазмұнын ерекше ашу тәсілі іспеттес. «Қалың ағаш жапырағы сыбырласып өзді-өзі . . . » мәніне үңілер болсақ, жапырақтарға бейне бір жан бітіп, адамдарша жасырын сыбырласып тұрғандай эстетика тудырады. Яғни, жел лебімен бір толқынға түскен жапырақтардан естілген дыбыс олардың сыбдыр қағып, сыбырласуымен теңескен. Бұл Абайдың оқырманның табиғаттың көзге көрінер бергі көрінісімен шектеліп қалмай, табиғаттың жасырын көрінісін паш етуде қолданған эстетикалық теңеуі. Абай «Тау жаңғырып, ән қосып, үрген ит пен айтаққа . . . » деген жолдарда жануар мен табиғаттың қарым- қатынасын да эстетикалық тұрғыда сипаттаса керек. Үрген иттің даусын күшейтіп, өз үнін естіркен таудың өз жаңғырығын ән түрінде жеткізуі кез келген адам санасына келе қояр ой емес. Оның өзін елестетуге, сезініп, қабылдауға да ерекше көзқарас пен философиялық дүниетаным қажет. Өлеңіндегі табиғат бейнесін жаратылыс бояуымен жеткізудің бір себебі -Абайдың бұл дүниетанымның иесі болуы.

Табиғат эстетикасы Абай үшін сұлулықты тану үшін ғана емес, өмірдің шындығын тану үшін де қолданыс тапқан. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деп өткен Абай шындық элементтерін табиғат элементтерімен байланыстырып отырып қарастырған. Табиғат құбылыстарының уақытша екенін, табиғат әсемдігің мәңгілік сақталмайтынын, шексіз құбылып отыратынын адамзаттың мәңгілік өмір қағидасына қарама қарсы қояды. Абайдың адам өлсе де, адамның рухы, адамдығы өлмейтінін табиғат эстетикасы аясында түсіндіре білуі, бұл да эстетиканың ашылмаған қыры еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайтануға кіріспе
Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғалым
Абайтану ғылымы туралы
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Абай мұрасын зерттеу
Абайдың әдеби мұрасы
М.Әуезовтің Абайтану саласындағы ғылыми еңбегі
Әуезов Абайтанудың негізін салушы
Абайтану ғылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz