Шетел тілін оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және жоғары Ғылым министрлігі

КММ

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

Шетел тілі сабақтарында лексиканы оқытудың ерекшеліктері

Пәні: Шетел тілін оқыту әдістемесі

Орындаған:

2022-2023 оқу жылы

Мазмұны:

Кіріспе

1. Лексикалық дағдыларды қалыптастырудағы сюжеттік және рөлдік ойындарды қолданудың теориялық негіздері

1. 1 Ойындар және олардың психологиялық ерекшеліктері

1. 2 Шет тілі сабағындағы сюжеттік және рөлдік ойындар: функциялары, қолданылуы және ұйымдастырылуы

1. 3 Сюжеттік және рөлдік ойындардың лексикалық материалдарды жақсы меңгеруге әсері

2. Лексиканы оқытуда сюжеттік және рөлдік ойындарды қолдануды зерттеу

2. 1 Лексиканы оқытуда қолданылатын сюжеттік және рөлдік ойындар түрлері

2. 2 Шет тілі сабағында сюжеттік және рөлдік ойындарды қолдану әдістері

2. 3 Лексика дағдыларын дамыту үшін сюжеттік және рөлдік ойындарды қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Білім - қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды » дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы білім беру - бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым-қатынасымыз күннен-күнге нығайып, беделіміз артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді талап етеді. Ал, оқытуды жақсарту дегеніміз, біздіңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дегенмен, шетел тілін меңгертуде көптеген қиыншылықтар кездесетіні белгілі. Солардың бірі - мәтін мазмұнын баяндау немесе шет ел тілінде өз ойын айту. Сондықтан оқушылардың тілді толық дәрежеде меңгеруі үшін оның сол тілге деген қызығушылығын арттыруымыз қажет. Сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда үйретуші рөлдік ойындарды пайдаланудың әдістемелік маңызы зор. Ойындар арқылы біз балалардың есте сақтау және ойлау қабілетін дамыта алатынымыз сөзсіз. Сабақ барысында рөлдік ойындарды қолдану - бұл оқушыларды шет тілінде сөйлеуге психологиялық жағынан дайындап, өткізілген тіл материалын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік берумен қатар, оларды керекті сөз бірліктерін таңдауға жаттықтырады.

Қазіргі заманның оқушысының дүниетанымы кең, жан-жақты жетілген, өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру үшін оқу процесінде жаңа құралдар мен әдістерді енгізу қажет.

Ағылшын тілі пәні сабағында оқушылардың тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі рөлдік ойындарды қолдануға болады. Осы рөлдік ойындарды оқу үдерісінде қолданудың басты мақсаты - оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету болып табылады. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды үйретуді мақсат еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бірі ретінде осы рөлдік ойындарды қолданғаны жөн.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқандай мотивсіз, яғни қызығушылықсыз болуы мүмкін емес. Дегенмен, сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын ояту оңай емес. Сондықтан біз оқу үдерісінде оқушылар өздігінен сөйлейтіндей жағдай тудыруымыз керек. Психологтардың көпшілігі оқушылар не айтқысы келеді, соны айтсын деген тезисті қолдап отыр. Осы мақсатта рөлдік ойындарды қолдану - шетел тілін меңгертудегі ең жақсы амалдардың бірі.

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: Шетел тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған рөлдік ойындар.

Зерттеу пәні: Рөлдік ойындарды қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту.

Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты: Шетел тілі сабағында лексикалық оқытуда рөлдік ойындарды қолданудың бүгінгі жай-күйін теориялық тұрғыдан сараптау, оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындарды ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын табу, оларды сабақ үдерісінде пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру.

Зерттеу міндеттері:

- ойындардың психологиялық ерекшеліктерін көрсету;

- шет тілі сабағында қолданылатын сюжеттік және рөлдік ойындарды қарастыру;

- шет тілі сабағында сюжеттік және рөлдік ойындарды қолдану әдістерін зерттеу.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Отандық және шетелдік әдебиеттерге анализ жасау( дидактикалық, психологиялық және әдістемелік), оқу процесіне анализ жасау, бақылау және эксперимент әдісі.

Зерттеудің теориялық маңызы: Шетел тілдерін оқыту барысында рөлдік ойындарды дайындау және жүргізу үлгісі, рөлдік ойындардың құрылымы мен мазмұны көрсетілген. Сонымен қатар, зерттелетін материал нәтижесінің қазақ мектеп мұғалімдері үшін маңыздылығы зор. Мектептерде рөлдік ойындарды қолданудың теориясы мен практикасы одан әрі дами түсті. Педагогика саласының жоғарғы мектеп оқытушылары зерттеулік жұмыстың теориялық мазмұнын шетел тілін оқыту әдістемесі сабағының лекция курсына енгізе алады.

Зерттеудің практикалық құндылығы: Зерттеу нәтижелерін мектеп мұғалімдері өз практикасында және шет тілін үйрету үшін мұғалімдер өз сабақтарында қолдана алатын түрлі рөлдік ойындардың үлгісі көрсетілген.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЛЕКСИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ СЮЖЕТТІК ЖӘНЕ РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Ойындар және олардың психологиялық ерекшеліктері

Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен [1, 25 б] .

Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын - жас балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.

Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр

А. С. Макаренко дәл атап көрсеткеніндей, үлкендер үшін жұмыс, қызмет қандай роль атқарса, бала үшін ойын да дәл сондай роль атқарады. Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да сондай болмақ. Сондықтан баланың қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойын кезінде өтеді. Бала неғұрлым жас болса, олардың іс-әрекетінде ойын да соғұрлым үлкен орын алады.

Төменгі сынып оқушыларымен жұмыста ойынның маңызын жеке бағаламаған мұғалім, өз жұмысында үлкен табыстарға жете алмақ емес.

А. С. Макаренко ойынға айтулы мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлейді деп есептеген. Ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілік пен қызығушылығын тәрбиелейді. Оның практикасында тиісті педагогикалық мақсаттарға қызмет ететін ойындар немесе баланың бойын сергітіп тынығуға көмектесетін жай, көңілді ойындар қолданылатын. Макаренко әртүрлі ойындар комплексін жасауға тырысты. Оларды ұдайы жетілдіріп отыруды талап етті. Коллектив өміріне, оның даму болашағына сәйкес келмейтін ойындарды өзгертіп отыруды үндеді. Ол ойынның тәрбиелік ықпалын жасаудағы маңызды шарт баланың ойынға қатысуы ғана емес, оны жасауға да белсене араласуы деп есептеді.

А. С. Макаренканың практикасында көптеген ойындар еңбек әрекетіне ұласып, ол еңбек әрекетіне ойын элементтері енгізілді. Тәрбие жұмысы практикасында стол үстінде ойналатын ойындар, қимыл ойындары, техникалық, әдеби-театрлық ойындар, аттракциондар қолданылды.

Балалардың өмірінде рөльмен ойналатын ойындардың зор маңызы бар. Рольмен ойын ойнағанда балалар өз шамасына қарай үлкендер арасында қалыптасатын қатынастарды көрсетеді. Өзіне белгілі бір роль алғаннан кейін бала соған орай қажетті ережелерді бойына сіңіріп, мінез-құлықтық дағдылары мен шеберліктерін игереді.

Бала оқуға барғаннан бастап ойын екінші кезекке ығысады. Бұл жағдайда ойынның сипаты, мазмұны өзгереді, бірақ оның бала тәрбиесіндегі рөлі бұрынғысынша маңызды болып қала береді. Төменгі сынып оқушылары үшін рольдік ойындарды өздері бейнелейтін адамдардың қасиеттері бірінші орынға шығарылады. Дүниетанымы өскен сайын, бастауыш сыныпты аяқтай келе, бала қиындықтарды жеңуге тырыса бастайды. Олардың ойын әрекеті еңбекпен, қоғамдық жұмыспен қабыса түседі. Ойын элементі балаларды әртүрлі іс-әрекетке тартудың маңызды жолына айналады.

Ойын элементтерін енгізу балаларда белгіленген жұмысты қайтккенде орындап, кез-келген іске жауапкершілікпен қарау сезімін туғызады.

Ойын әрекетін ұйымдастырғанда бірқатар педагогикалық шарттарды есте ұстаған жөн.

Ең алдымен баланы зорлап ойнатудың, олардың шығармашылығы мен дербестігін матап тастаудың ешбір қажеті жоқ. Ойынның тәрбиелік нәтиже беру жағын қамдастырған жөн.

Сонымен қатар қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына (тапқырлық, тез, дұрыс шешім қабылдау т. б. ) әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады. Негізінен балалардың өсуіне жақсы әсерін тигізетін қозғалмалы ойындар бұл ауада немесе далада ойналатын ойындар. Осы ойындардың арқасында балалардың көңіл-күйі, эмоциясы жоғарылап, оның нерв жүйесін бекітеді.

Ойын әрекетінде балалардың психологиялық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттен кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.

Ойын әрекеті психологиялық процесстер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Бала үшін саналы мақсат (зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру) ойын арқылы ерте және оңай бөлінеді.

Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер мектепке дейінгі шақтағы балалардың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді.

Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар туралы және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді.

1. 2 Шет тілі сабағындағы сюжеттік және рөлдік ойындар: функциялары, қолданылуы және ұйымдастырылуы

Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі - әртүрлі жастағы балаларды ойын көмегімен оқыту болып отыр. Бұл мәселелердің өзектілігі тұтастай бірқатар факторлардан туындаған.

Біріншіден, оқу процесін біріздендіру, оқушылардың материалға қызығушылығын арттыру жолдарын іздеу және бүкіл сабақ барысында олардың қызметін белсенді ету міндетін алға қою.

Екіншіден, шетел тілдерін оқытудың ең маңызды мәселелерінің бірі тілдің коммуникативті қызметін ашуға жағдай жасайтын және шет ел тілін зерттеуге деген мотивацияны көтеретін нақты оқыту шарттарына оқыту процесін жақындатуға мүмкіндік беретін ауызша сөйлеуді оқыту болып табылады. Әдіскерлер ойын әрекетінің оқыту құралы ретіндегі келесі белгілерін атап көрсетеді: ынталы болу, жеке тұлғалық терең әрекет, ұжымда және ұжым арқылы оқыту және тәрбиелеу, психикалық қызметтер мен қабілеттерді дамыту, қызықтырып үйрету. Ойын үйретеді, өзгертеді, тәрбиелейді.

Ойын - эмоциялық және ақыл-ой күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ. Бір ойынның өзі әртүрлі орындалуы, әртүрлі нысанды қабылдауы мүмкін, бірақ олардың бәрінің негізінде импровизация тұр. Ойын табиғатын, оның таңқаларлық мүмкіндігін түсіну - бұл бақытты балалық шақтың табиғатын түсіну, өзіңіз бағып отырған балаларды түсіну.

Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, парақтарда және т. б. ) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді) . Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.

Сонымен қатар, оқу ретіндегі ойын тиімділігі мынадай бірқатар талаптарды сақтауға байланысты, яғни олар: оқушылар әрекет ететін қиялдағы жағдайдың, жоспардың болуы және балалардың ойын нәтижесін, ойын ережесін міндеттті түрде түсінуі. Ойын бұл тек ұжымдық көңіл көтеру емес, бұл оқытудың барлық міндеттеріне қол жеткізудің негізгі тәсілі, сондықтан ол қандай дағды және икемділікті талап ететіндігін, баланың нені жасай біледі және ойын барысында неге үйренгендігін білу қажет. Ойын оқушылардың ойлау қабілетін күшейту қажеттілігін алдына қоюы керек.

Рөлдік ойын басқа тілде қарым-қатынас жасау, сөйлесу саласын кеңейтуге, білім алушылар пікір айтуда мазмұнды жағына назар аударуға мүмкіндік беретін тиісті дағдыларды дамыту және машықтандыру жаттығуларындағы тіл материалдарын алдын-ала меңгеруді болжайды. Сабақта жиі қолданылатын рөлдік ойындардың түрін төмендегі кестеден көрінеді.

Кесте 1 - Рөлдік ойын түрлері

Рөлдік ойын түрлері
Рөлдік ойын қасиеттері
Рөлдік ойын түрлері: 1. Бақыланатын
Рөлдік ойын қасиеттері: Оқушылар қажетті сөздерді алады
Рөлдік ойын түрлері: 2. Белгіленген деңгейде бақыланатын
Рөлдік ойын қасиеттері: Оқушылар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипатын алады
Рөлдік ойын түрлері: 3. Еркін
Рөлдік ойын қасиеттері: Оқушылар қарым-қатынас жағдайын алады
Рөлдік ойын түрлері: 4. Эпизодтық
Рөлдік ойын қасиеттері: Жекелеген эпизод ойналады
Рөлдік ойын түрлері: 5. Ұзақ
Рөлдік ойын қасиеттері: Ұзақ уақыт кезеңінде эпизодтар сериясы ойналады (мысалы, сынып өмірінен)

Бақыланатын рөлдік ойын әлдеқайда қарапайым түр болып табылады және диалог немесе мәтін негізінде құрылуы мүмкін. Бірінші жағдайда оқушылар базалық диалогпен танысады және оны өңдейді. Содан кейін олар мұғаліммен бірге диалог мазмұнын талқылайды, сөйлеу эпизоды нормаларын және қажетті лексиканы өңдейді.

Белгіленген шекте бақыланатын рөлдік ойын әлдеқайда күрделі болып табылады, онда қатысушылар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипаттамасын алады. Мәселе мынаған негізделеді: рөлдік мінез-құлық ерекшеліктері тек орындаушыға ғана белгілі болады. Қалған қатысушылар олардың әріптесі қандай мінез-құлық көрсететіндігін табу маңызды және өзінің жауабы туралы тиісті шешім қабылдауы тиіс [4, 63 б] .

Еркін рөлдік ойынды жүргізген кезде оқушылардың өздері қандай лексиканы пайдаланғаны дұрыс, әрекет қалай дамуы тиіс екендігін шешу тиіс, мұғалім рөлдік ойынның тақырыбын ғана атайды, ал содан кейін оқушылардан осы тақырыптың әртүрлі аспектілерін қозғайтын әртүрлі жағдайларды құрастыруды сұрайды.

Қазіргі кездегі шетел тілі сабақтарында қарым-қатынастың нақты жағдайын модельдеу үшін рөлдік ойындарды пайдаланудың өзіне тиісті талаптары бар. Олар:

1. Ойын оқу мотивациясына ынталандыруы, оқушылардың тапсырманы жақсы орындауға қызығушылығы мен ұмтылысын тудыруы тиіс, оны қарым-қатынастың нақты жағдайына тең жағдай негізінде жүргізу қажет.

2. Рөлдік ойынды мазмұны тұрғысынан да, нысаны жағынан да жақсы дайындау, дәл ұйымдастыру қажет. Білім алушылардың белгілі бір рөлді жақсы орындау қажеттілігіне көздері жетуі қажет. Тек сонда ғана олардың сөздері табиғи және шынайы болады.

3. Рөлдік ойынды бүкіл топ қабылдауы тиіс.

4. Ол міндетті түрде жағымды шығармашылық ортада жүргізіледі, оқушыларда қанағаттану, қуаныш сезімін тудырады. Рөлдік ойында білім алушылар өздерін неғұрлым еркін сезінсе, олар соғұрлым қарым-қатынасқа қызығушылық білдіретін болады. Уақыт өте келе онда өз күштеріне деген сенімділік сезімі, яғни әртүрлі рөлдерді ойнай аламын деген сенім пайда болады.

5. Ойын білім алушылар белсенді сөздік қарым-қатынасқа мүмкіндігінше көп тиімділікпен өңделетін сөздік материалды пайдалана алуы үшін ұйымдастырыла алады.

6. Оқытушы міндетті түрде рөлдік ойынға, оның тиімділігіне сенеді. Тек осындай жағдайларда ол жақсы нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін.

7. Оқытушының білім алушылармен байланыс орната білуі үлкен мәнділікке ие [5, 13 б] .

Рөлдік ойынды дайындау, жүргізу және талқылауды басқарудағы және оқу-байланыс орнату жағдайларын құрудағы негізгі қызметті оқытушы да, оқушы да жүзеге асыруы мүмкін. Сонымен, оқу-сөйлеу жағдайлары рөлдік ойындардың құрылымдық негізі болып тадылады. Қарым-қатынасты үлгі ете отырып, оқу-сөйлеу жағдайлары рөлдік ойын құрамындағы маңызды компонент ретінде оқушыларды ұсынылған жағдайларға қояды .

Оқушылардың көзқарасы бойынша рөлдік ойын - бұл ойын әрекеті, ол процесте олар белгіленген рөлдерден көрінеді. Шетел тілін үйрету барысында мұғалім бірнеше рөл атқара алады. Онда осы рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай? Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.

1. Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.

2. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.

3. Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болуы тиіс.

4. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап, жұмысына жәрдем беруіне болады.

5. Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта сол қателермен жұмыс істейді.

6. Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек. Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі шет ел тілін өзі қаншалықты біледі, соған орай өздері де рөлді тез тандайды. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн.

Мұғалім позициясынан рөлдік ойын оқу процесін ұйымдастыру нысаны ретінде көрінеді, оның мақсаты оқушыларда сөздік дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыруға және дамытуға негізделеді.

Рөлдік ойын адамды әлдейқайда икемді етеді, яғни тілдік мінез-құлыққа шеберлікке қол жеткізе отырып, ол алынған дағдылар мен икемділіктерді жаңа жағдайларда оңай қолдана алады.

Мұғалімнің міндеті - нақты материалдағы қажет ситуациялар иллюстрацияларды, ситуациялар мәселелерді таңдау, дидактикалық материалды дайындау: әрқайсысы үшін карточка тапсырмалар, рөлдерді бөлу, оқушылар өз көзқарасын айтуы тиіс міндеттер қою, болжамды жауаптар, сөздер ойластыру, ойын өткізу уақытында оқушыларға қызығушылық білдіру және назар аудару [6, 39 б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Оқушының шетел тілінде еркін сөйлеу мүмкіндігін арттыру үшін қатысымдық құзыреттілігі мен шетел тілінде сөйлеу біліктілігін жетілдіріп, шетел тіліндегі материалдарды компьютермен оқытудың ұтымды әдістемесін ұсыну
Шетел тілін оқытудағы қазіргі замандағы әдістемесі және оның кезеңдері
Шет тілін оқытудың принциптері
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы
Шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыру
Шет тілі және оны оқытудың әдістері
Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Дағдыларды дамытуға арналған подкасттарды студенттерге оқыту, сөйлеу және тыңдату
Кредиттік оқыту бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz