Климат және орман


ОРМАНШЫЛЫҚ
1-дәріс
Тақырыбы: Орман туралы түсінік
Дәрістің мақсаты мен міндеті: Орман тұралы ұғымды, орманның сипатын оқып үйрену
Дәрістің жоспары:
1. Орман туралы ұғым
2. Ағаш қауымдастықтарының құрылымы туралы ұғым. Ағаштарды жiктеу
1. Орман туралы ұғым
Орман қандай да болмасын өсiмдiк тәрiздi, қоршаған ортамен тығыз байланыста және динамикалық бiрлiкте бола отырып, орман құрайтын өсiмдiктердiң бiрге өсiп-өнетiндiгi, бiр-бiрiне әсер ететiндiгi орманның өзiне тән сипаты болып табылады.
18486-73 МемСт-ында орманның мынадай анықтамасы енгiзiлген: «Орман - өзiнiң дамуы жолында биологиялық байланысты, бiр-бiрiне және қоршаған ортаға әсер ететiн ағаш, бұта, шөптесiн тәрiздi өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң қосындысынан тұратын жағрапиялық ландшафтың бөлiгi».
Бұл ұғымның толық ғылыми айқындалуы орыстың көрнектi ғалымы Г. Ф. Морозовтың еңбегiнде баяндалған. Оның анықтауы бойынша, «орман - бiр-бiрiне, топырағына және атмосфераға әсер ету салдарынан өзiнiң сыртқы пішіні мен iшкi құрылымы өзгерген ағаш өсiмдiктерiнiң жиынтығы».
Ол орманның ерекшелiгiнiң бiрi ағаштардың бiр-бiрiне әсерiн, орманның күрделi кешендiгін, оның барлық бөлiктерiнiң бiрiмен бiрiнiң және қоршаған ортамен өзара әсерде, үздiксiз, бiртiндеп және сатылап өзгерiп отыратынын көрсетiп бердi. Орманға мұндай көзқарас дүниежүзiлiк орман өсiрушiлiк жөнiндегi әдебиеттерде қолдау тапты.
2. Ағаш қауымдастықтарының құрылымы туралы ұғым. Ағаштарды жiктеу
Сүректi өсiмдiктердiң өсу барысында олардың бiр-бiрiне және орналасқан кеңiстiкке белсендi әсер ететiн кезеңі туындайды. Жас ұлғаюмен ағаштар мөлшерлерiнiң үлкеюiне қарай бұл әсерлер күшейе түседi және бұл негiзгi өмiр сүру факторлары (жарық, ылғал, қорек) үшiн тым ашық бәсекелестiк сипат алады.
Ағаштардың кейбiр бөлiгi жақсы тектiк қасиеттерi себептерiнен (мысалы, өсу қарқыны жоғары болуынан) немесе орналасу кеңiстiгi қолайлы ортаға сәтті түсуi есебiнен белгiлi бір артықшылықтар алады. Мұндай ағаштардың мөлшері биік болады, өздерiнiң желегімен кеңiстiктiң едәуiр бөлiгiн қамтиды, жарық пен ылғалдың көпшілігіне ие болады. Нәтижесiнде өсуi бәсең ағаштар одан да нашар жағдайларға тап болады. Бұл құбылыстар ағаштардың негiзгi үш санат дифференциациясына әкелiп соғады: басымдылары, қысым көруші (басымдылардың әсерiн сезiнушiлерi) және онан әрi өсу қабiлеттерiн жоғалтқан және жоғалтып келе жатқандар. Ағаштардың осы санаттары бойынша дифференциациялануы ормандағы күтiп-баптау кесулерiн жүргiзу үшiн қолданылатын көптеген жiктеулердiң негiзiнде алынған.
Ағаштардың өсуi бойынша жiктеудiң алғашқысы және ең сәттiсi - 1884 жылы таза бiрыңғай жастағы сүрекдiңдер үшiн орманды күтiп-баптау мақсатында ұсынылған немiс орманшысы - Крафттың жiктеуi болып табылады .
Г. Крафт басымдылық және басыңқылық дәрежелерi деген атау бойынша ағаштардың бес класын (сыныбын) бөлiп шығарды.
I класс - желегі қуатты дамыған және биiктiгi мен дiңдерiнiң диаметрі iрi аса басымдылар немесе өте басымды ағаштар; алқа ағашта олар дiңдердiң жалпы санының 10 пайызға жуығын, бiрақ олар алқа ағаш қорының 20 пайызға дейiнiн құрайды.
II класс - басымдылар, желегі бiршама жақсы дамыған, 1- кластағы ағаштар сияқты, дiңдер саны бойынша 20-40 пайызды және қор бойынша 40-60 пайызға жуығын құрайды.
III класс - биiктiгi бойынша 1 және 2 кластар ағаштарынан төмен, олардың желегі нашарлау дамыған, жiңiшкерген, басыңқылықтың алғашқы белгiлерi байқалады. Ағаштардың саны бойынша олар 20-30 пайызды құрайды және сүрек қорының 15-20 пайызын бередi.
I, II және III кластары ағаштарының желектері орманның негiзгi, шымылдығын құрайды.
IV класс - басыңқы ағаштар, барлық жағынан немесе бiр жағынан желектері бiркелкi қысылған, бiрақ олардың ұшы орманның негiзгi шымылдығының төменгi бөлiгiне орналасады.
Ағаш саны бойынша олар 30 пайызға дейiн болуы мүмкiн, массасы бойынша қордың 10 пайызынан аспайды.
IV кластың ағаштары өз iшiнде 2 қосымша класқа бөлiнедi: IVа - желегі тең жақты, жiңiшке дамыған ағаштар; IVб - жалау тәрiздi, желегі бiр жағына дамыған ағаштар;
V класс - өсу жөнiнен қатты кешеуiлдеген, желек ұшы жалпы орман шымылдығына жете алмаған, қурай бастаған және өлi ағаштар.
Оларды екi қосымша класқа жіктейді: Vа - желегі әлi тiрi ағаштар; Vб- әлi де тамырында тұрған, қурап бара жатқан немесе қураған кiшкене ағаштар.
Крафт жiктеуiн орманды күтiп-баптау кесулерiнде, сондай-ақ зерттеу жұмыстары кезiнде кеңiнен пайдаланылады.
Бұл жiктеудiң артықшылықтары: 1) таза бiрыңғай жасты ағаштардың мәнiн көрсетедi; 2) пайдалануы бiршама қарапайым және ыңғайлы; 3) төменгі күтiп - баптау кесу әдiсiнде ағаштарды кесуге дұрыс тағайындауға көмектеседi.
Жiктеудiң кемшiлiгіне мыналарды жатқызуға болады: 1) бiрыңғай сүрекдiңдердiң түрлi биотоптары үшiн кластардың субъектiлiгi және бiр мәндiлiгi; 2) қолданылуының шектеулiгi (тек таза және бiрыңғай жастағылар, көбiне қылқанды ормандар үшiн) ; 3) жоғары өнiмдi күрделi және қалың алқа ағаштарда қолданылауының қиындығы.
1950 ж. В. Г. Нестеров ағаштарды өсуi және дамуы бойынша жіктеуін ұсынады. Өсудің үш класының әрқайсысының шегiнде ол даму бойынша екi қосымша класс бөлiп шығарды:
I класс - өсуі күштi ағаштар; а) өсуі бәсең ағаштар, б) тез дамитын ағаштар.
II класс - орташа, бәсең өсетiн ағаштар; а) өсуі бәсең ағаштар, б) тез дамитын ағаштар.
III класс - ұсақ, өсуі кешеуiлдеген ағаштар; а) дамымаған ағаштар, б) өте кешеуiлдеген, қурап бара жатқан және қураған ағаштар.
Нестеровтың жiктеуi сүректi ағаш түрлерінің кезең бойынша дамуы әлi аз зерттелгендiктен және ағаштардың нақты физиологиялық жағдайын анық бiлу үшiн сенiмдi сыртқы белгiлер қойылмағандықтан кең тарамады.
Осы себептер бойынша М. Д. Данилов, П. В. Воропановтардың және т. б. ағаштардың өсуi және дамуы (сатылық жағдайы) бойынша жiктеулерi қолданыс таба алмады.
Крафт жiктеуiн жақсартуға талпынып және таксацияда қолданылып жүрген (Н. В. Третьяков, А. В. Тюрин және т. б. ) таза, бiрыңғай сүрекдiңдерде ағаштардың табиғи жуандық сатылары бойынша бөлiну заңдылығын пайдалана отырып, Б. Д Жилкин 1940 жылы бiрiншi, ал 1965 жылы ағаштардың өнiмдiлiгi бойынша түпкiлiктi вариантын жасап шығарды. Ағаштардың қай класқа жататындығы кеуде тұсы биiктiгiндегi олардың диаметрімен анықталады.
Жилкин жiктеуiнiң ұтымды артықшылықтары:
1) дәл математикалық есептерге негiзделген ағаштардың нақты жiктеуi болып табылады;
2) сүрекдiңдегi жуандық сатылары бойынша ағаштардың табиғи орналасуына сәйкес келедi;
3) күтiп-баптау кесулерi кезiнде ағаштарды кесу үшiн тағайындауға көмектеседi.
Кемшiлiктерi:
1) ағаштарды өнiмдiлiк кластары бойынша бөлуден бұрын мiндеттi түрде санақ деректерiн камеральды өңдеу жүргiзiлуі қажет;
2) кез келген ағаштың нақты өнiмдiлiгi әр кезде тек диаметрмен ғана анықталмайды;
3) сүрекдiңнiң орташа диаметрінің әр өзгеруi кезiнде өнiмдiлiк кластарының динамикасын есептеудiң және сараптаудың күрделiлiгi.
Негізгі әдебиеттердің тізімі:
- Сәрсекова Д. Н., Қаспақбаев Е. М. Орманшылық. Алматы 2008
ОРМАНШЫЛЫҚ
2-дәріс
Тақырыбы: Орманның негізгі элементтері
Дәрістің мақсаты мен міндеті: орман фитоценозына анықтама беру, орманның құрамдас бөліктерін оқып, білу
Дәріс жоспары:
1. Орман фитоценозы туралы ұғым.
2. Орман өсiмдiк қауымдастығының құрамдас бөлiктерi.
1. Орман фитоценозы туралы ұғым
Орман - бұл жекелеген өзара байланыстағы бөлiктерден (ағаштардан, бұталардан, шөптесін өсiмдiктерден, мүктерден, қыналардан, микрофлоралар-дан және жануарлардан) тұратын күрделi кешен. Орманның барлық өсiмдiктерінің құрам бөлiктерi (компоненттері) күрделi өсiмдiк кешенiн - өсiмдiк қауымдастығын «орман фитоценозын» (гректiң «фитон» - өсiмдiк, «ценоз» - жалпы, қауымдастық) құрай отырып, бiр-бiрiнiң ықпалында болады. Оның сипатты сыртқы ерекшелiктерiнiң бiрi - сатылық болып табылады.
2. Орман өсiмдiк қауымдастығының құрамдас бөлiктерi
Орманның негiзгi компоненттеріне (құрам бөлiктерiне) мыналар жатады: алқа ағаштар, сүрекдiң, өскiн, өсiмтал, орман астары, топырақтың тiрi жабындысы және орман төсемесi, ризосфера және сатыдан (қабаттан) тыс өсiмдiктер.
Осы орман өсiру терминдерiне МемСТ 18486-73 мынандай анықтамалар бередi:
Алқа ағаш - ағаш пен бұта өсiмдiктерi және тірі топырақ жамылғысы бойынша біртекті орман учаскесi.
Алқа ағаш биологиялық қасиеттерi бойынша бiртекті орман өсiмдiк қауымдастығы болып табылады. Алқа ағашқа белгiлi бiр учаскеде өсетiн барлық ағаштар, бұталар, шөптесін өсiмдiктер, мүктер мен қыналар кiредi.
Мысал ретiнде қарағайдан, арша бұталарынан, жасыл мүктерден, шөптесін өсiмдiктерден т. б құралған қарағай алқа ағашын алуға болады.
Сүрекдің - алқа ағаштың негiзгi құрамдас бөлiгi болып табылатын ағаштардың жиынтығы.
Бұл орманның аса маңызды компоненті, негiзгi құрамдас бөлiгi. Сүрекдіңде басты және екiншi дәрежедегi ағаш түрлері деп бөлінеді.
Жоғары экономикалық және шаруашылық маңызы бар, сонымен қатар сол орта жағдайларында жоғары өнiмдi алқа ағашты құрайтын ағаш түрлерін басты деп атайды. Екiншi дәрежедегi ағаш түрлері басты ағаш түрлеріне қарағанда шаруашылық және экономикалық құндылығы төмен болып келедi.
Қазақстан жағдайында үшiн басты ағаш түрлеріне қарағай, шырша, емен, қайың, майқарағай, балқарағай, самырсын жатады. Белгiлi бір жағдайларда оларға екiншi дәрежелi ағаш ролiнде көрiнетiн көктерек, қандыағаш жатқызылуы мүмкiн.
Өскiн - ағаш өсiмдiктерiнiң орман шымылдығы астында немесе кесiлген ормандағы сүрекдiңдi құрауға қабiлеттi жас ұрпағы.
Жас өскінге ең алдымен сүректi өсiмдiктердiң бiр жастағы балғын немесе санақ жүргізген жылы пайда болған балғын өсімдіктер жатқызылады. Тiрi қалған жағдайда олар - 3-5 жасқа дейiнгi, ал солтүстiктiң жағдайында -10 жасқа дейiнгi өздігінен өскен жас ұрпаққа айналады.
Тiрi қалған жас ұрпақ келесi жас санатына өскiнге айналады. Өскiнге, әдетте анасының желек биiктiгiнiң жартысындай биiктiгi бар және 1, 3м биiктiкте диаметрі 8 см дейiнгi жас ағаштарды жатқызады. Өскiн - табиғи қайта жаңарудың шаруашылық тұрғысынан қарағандағы аса маңызды санаты. Ол аналық сүрекдiң құрамына кiретiн, сондай-ақ кiрмейтiн ағаш түрлерінен құралуы мүмкiн және ол тұқымнан немесе вегетациялық жолмен өніп өседі.
Барлық өскiн сүрекдiңге айналмайды. Өскiндердiң кейбiр бөлiгi толысу жасына жетпей жойылып кетедi, кейбiр бөлiгi ұзақ уақыт әлсiреген жағдайда тiршiлiк еткенмен ешқашан жоғары сатыдағы сүрекдiңдi ауыстыра алмайды. Ағаш дайындау кезiнде өскiндердi зақымданудан сақтау шараларына көп көңiл бөлу қажет.
Өскiндердi сақтау орманды қалпына келтiрудiң құралы ретiнде орман шаруашылығы және орман өнеркәсiбiнде өндiрiстiк жоспарларда қарастылырып отырады.
Өсiмтал - жанына көлеңке түсіре отырып, басты ағаш түрі дiңiнiң өсуiн жеделдетуге және пішінінің жақсаруына ықпал ететiн сүректi ағаш немесе бұта түрі.
Әдетте өсiмтал ретінде көлеңкеге төзiмдi ағаш-бұта түрлері қалыптасады. Өсiмталды жас кезiнде баяу өсетiн түрлер, мысалы, емен тәрiздiлер қажет етедi. Басты түрін басыңқырамай қапталынан қоршай отырып, бұтақтардың қаулап өсуіне кедергі келтіріп, дiңнiң биiктеуiне ықпал етедi.
Мұндай қасиеттер сүректi ағаш түрлерінен - үйеңкiде, шегiршiнде, жөке және басқаларда, бұталардан - шаттауықта, ұшқатта т. б. бар.
Орманшы өскiннiң үстiнен басты ағаш түрінің көлеңкелеген ұшын немесе жанындағы бұтақтарын кесiп тастай отырып, өсімталдың өсуіне жүйелi түрде реттеп отыруы тиiс.
Орман астары - орман шымылдығы астында өскен және қазiргi өсiп-өнiп тұрған жағдайында сүрекдiңдi құрауға қабiлетсiз бұталар, сирегiрек сүректi ағаш түрлері.
Орман астары орманның өсуiне, оның су қорғау, қорғаныш және т. б. пайдалы қызметтерiне әсер ете отырып, орманды құрауға тiкелей қатысады.
Шаруашылық маңызы жөнiнен ол ешуақытта орман шымылдығындағы басым ағаш түрінің орнын ауыстырмайды, өскiндер сияқты кәрi ағаштардың орнын баспайды.
Бiздiң ормандарда кездесетiн бұталардан орман астарына жататындары: арша, шетен, тал, ұшқат, қарақат, сыңғақ итшомырт, шаттауық және т. б.
Орман астарының орман өсiрушiлiк маңызы өте зор. Ол топырақ қорғау ролiн орындайды, яғни, орман топырағын шөптесін өсiмдiктерiнiң басып кетуiн тежейдi, топырақтың борпылдақтығын және түйiрлi құрылымын сақтайды, оны қоректi заттармен байытады, көптеген пайдалы құстар мен аңдардың баспанасы болып табылады. Бiрақ, орман астары орман үшiн терiс рольде атқаруы мүмкiн: ол қалың болған кезде өскiннiң өсуiн тежейдi, орманның қайта жаңаруына кедергi келтiредi. Мұндай жағдайда, орман астарын сирету жұмыстары жүргiзілуі қажет.
Тiрi топырақ жамылғысы - орман шымылдығы астында, кесiлген жерлерде және топырақты жауып тұратын мүктердiң, қыналардың, шөптесін өсiмдiктерi мен бұташықтардың жиынтығы.
Тiрi жамылғы топыраққа және орманның басқа да құрам бөлiгiне әсер етумен қатар, олардың ықпалымен өзi де өзгередi.
Ормандағы топырақтың тiрi жамылғысы шалғынның, батпақтың, даланың өсiмдiктерiнен өте ерекшеленедi. Өз кезегiнде - орманның әртүрлi өсiмдiк қауымдастықтары (фитонценозы) топырақтың тiрi жамылғысының құрамы және құрылымы жөнiнен өзгешеленедi.
Бұл айырмашылықтың сипаттылығы сондай, көптеген орманшылар топырақтың тiрi жамылғысын, орман өсiмдiк қауымдастығының негiзгi белгiлерінiң бiрi ретiнде есептейді.
Өсiмдiк қалдықтары - жыл бойы жерге түскен жапырақтар, қылқандар, бұталар, бұтақшалар, жемiстер және орман өсiмдiгiнiң басқа да бөліктері.
Орман қордасы - шiрудiң түрлi дәрежесiндегi топырақ бетiндегi өсiмдiк қалдықтарының жинағы.
Өсiмдiк қалдықтарынан орман қордасы жинақы, қат-қабат болып келедi, ал кейде (шiру баяу жүргенде) едәуiр қалың (20 см-ге дейiн) болады.
Орман қордасы жыл бойы жапырақтардан, қылқандардан, бұталардан, бұтақшалардан, жемiстерден, өсiмдiк түсiндiсiнен және басқа орман өсiмдiгiнiң қалдықтарынан құралады және орман топырақтарының тыңайтқышы ретiнде қызмет етедi.
Сатыдан тыс өсiмдiктер - орманның түрлi сатыларында өсетiн шырмауық өсімдіктердің, қыналардың және басқа өсiмдiктердiң жиынтығы (зығырдән, қытай лимоны) .
Орманның биология-геологиялық қауымдастығының (биогеоценоз) негiзгi құрам бөлiктерi (компоненттері) суретте көрсетiлген (1- сурет) .
Ризосфера - өсімдік тамыры жететiн топырақ қабаты. Ол топырақтың жоғарғы қабатымен шектелуi мүмкін (сүрекдiңнiң қалыптасуы ерте даму кезеңiнде) немесе топырақ деп жер үстiндегі өсiмдiк тамырлары байқалатын барлық бет қабаты есептелетiндiктен, оның барлық көлемiн қамтуы мүмкiн.
Негізгі әдебиеттердің тізімі:
- Сәрсекова Д. Н., Қаспақбаев Е. М. Орманшылық. Алматы 2008
Орманшылық
3-дәріс
Тақырыбы: Орман экологиясы туралы түсінік және экологиялық факторлардың топтары
Дәріс жоспары:
- Климаттық факторлар.
- Күн радиациясы және орман
Орман экологиясы туралы түсінік және экологиялық факторлардың топтары. Организм мен ортаның өзара байланысын, организмдер мен орта арасындағы өзара ықпалды, жердiң тiрi жабылғысының тiршiлiк заңдылықтарын зерттейтiн ғылым экология деп аталады. Орман экологиясы биогеоценоздарды, яғни популяцияларды және әр түрлердiң аумақтық жиынтығын зерттейдi.
Биогеоценоз - биологиялық ортаның (биосфераның) алғашқы қарапайым бiрлiгi. Ол орманның өсiмдiк пен ортаның бiрлiгi екенiн аса анық көрсетедi.
Орман экологиясында екi мәселенi алып қарауға болады: экологиялық факторлардың (әсерлердiң) орман тіршілігіне ықпалы және сондай-ақ ерекше, өзіне ғана тән орман ортасының құрылуы. Осылайша, орман экологиясының мiндетiне орта жағдайларының орманға ықпалының сипатын, сонымен қатар орманның өзiнiң алып жатқан аумағы мен жақын жатқан кеңiстiгiне әсерiн зерттеу де кiредi. Экологиялық факторлар (әсерлер) орманға толығымен, сондай-ақ оны құраушы компоненттеріне ықпал етедi.
Экологиялық факторлардың жиынтығын үш негiзгi топтарға бөледi: абиотикалық, биотикалық және антропогендiк топтар.
Абиотикалық топтарға бейорганикалық табиғат факторларын жатқызады: климаттық, эдафикалық және геологиялық факторлар. Климаттық факторлар - бұл күн радиациясы (жарық, жылу), жауын- шашындар, ауаның ылғалдылығы, жел, булану, көмiрқышқыл газы мен атмосфераның басқа компоненттерінің концентрациясы. Эдафикалық факторлар немесе топырақ ортасы - бұл топырақтың ылғалдылығы және оның (жеткiліксiз немесе шамадан тыс, тоқыраған немесе ағынды) сипаты, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерi. Геологиялық факторларға жер бедері, аналық тау жынысы, үстiңгi ағын кіреді.
Биотикалық факторлар өсiмдiк пен жануарлардың өзара әсерiн (ықпалын) құрайды. Оған сондай-ақ өсiмдiктердiң бiр-бiрiне өзара ықпалы және жануарлар мен микроорганизмдердiң өсiмдiктерге ықпалы жатады.
Антропогендiк факторларға немесе адам iс-әрекетiнің факторларына орманды кесулер мен орман өрттерi, мал жаю мен шөп шабу, орманды жерлердi құрғату мен тыңайтқыштар енгiзу, орманның сүректен басқа өнiмдерiн дайындау, орманды адамдардың демалысы үшiн пайдалану жатады.
Экологиялық жағдайлар - бұл келтiрiлген өмiр үшiн маңызды факторлардың жиынтығы, олар табиғат жағдайында неше түрлi үйлесiмде бола отырып, өз кезегiнде жер үстiнiң салыстырмалы тiптi кiшкене учаскесiнде орманның таңқаларлық әртүрлi сипатын көрсетедi. Орманның экологиялық жағдайын, оның ашық жерлерге ұқсамайтын ерекше iшкi ортасын қалыптастыру қабiлетiн бiлу, орманның табиғатын түсiну үшiн ғана емес, сонымен бiрге адам, шаруашылық мүддесi тұрғысында сан қырлы қасиеттерiн пайдалану үшiн маңызды.
1. 4. 2 Климат және орман. Климат типтері. Климат жарықтың, жылу мен ылғалдың үйлесуiнiң белгiлi режимі ретiнде өсiмдiктiң әртүрлiлiгiне үлкен ықпал етедi. Климаттың жiктелуiне сәйкес, жер шарында мынандай климат типтерiн бөледi:
- тундра климаты - ең жылы айдың орташа температурасы 0- ден 20 градусқа дейiн және өзіне тән аласа бойлы өсiмдiктерiмен және жыл бойы түскен жауын- шашын 300 мм-ден аз болуымен сипатталады;
- тайга климаты - ең жылы айдың температурасы 10-нан 20 градусқа дейiн және көбiне жаз кезiнде болатын жыл бойы 300-600 мм жауын- шашын түседі, бұл жерде қылқанды және жалпақ жапырақты ормандар өсiп өнедi;
- қоңыржай аймақтың аралас қылқанды және жалпақ жапырақты ормандарының климаты - жылы төрт айлардың 10-нан 22 градусқа дейiнгі орташа температурасы және жыл бойғы жауын- шашын мөлшері - 400-700 мм болады;
- қоңыржай ендiктiң муссонды климаты - қысы аз қарлы және жылдың жылы уақытында түсетiн жауын-шашынды (жауын-шашынның жылдық қосындысының 85-90 пайызы) ;
- дала климаты - жаз айларының температурасы 20-33 градус және жауын - шашын мөлшерi 200-400 мм, дала өсiмдiгi басым.
- Жерорта теңiзінің климаты - ыстық және құрғақ жазды, қысы жылы және ылғалды;
- субтропикалық ормандар өңiрiнiң климаты - ең салқын айының температурасы 2 градустан жоғары, мол жауын-шашынды.
Климаттың бұл түрлерiнен басқа, қоңыржай белдеудiң iшкi материктiк шөлдерiнiң, субтропикалық шөлдердiң, саванналардың немесе тропикалық орманды-даланың және ылғалды тропикалық ормандардың климаттарын бөледi.
Климаттық жағдайлар жер шарындағы ормандардың таралу шекарасын анықтайды; әр климат типтерiнінің өзіне тән ерекше ормандары болады.
Климат орманға әсер етсе, орман да оған әсер етедi. Өз кезегiнде орман өзiне климаттың ықпалын сезiнсе, бұл климатқа орман да әсерін тигізеді.
ТМД елдерi аумағы мынандай өсiмдiк аймақтарына бөлiнеді: тундра, орман аймағы, дала және шөл.
Тундрада орман өспейдi және жылудың аздығынан өсуi де мүмкiн емес, ал Каспий маңы ойпатында да ауадағы және топырақтағы ылғалдың жеткiлiксiздiгiнен осындай жағдай орын алады.
Теңiз деңгейiнен жоғарылаған сайын температура төмендей бередi, шамамен әр 100 м-ден соң 0, 5 градус түседі. Сондықтан таулы жерлерде, биiк таулардың жоғарғы өңiрлерiнде көбіне сүректi өсiмдiк болмайды.
1. 4. 3 Орманның өсуiне климаттың маңызы. Климат факторларының орман өсетiн бiр аймақ шегiнде ғана емес, аздаған аумақтың өзiнде ауытқуы сүрек өсiмiне, жемiс беруіне, зиянды және пайдалы жәндiктердiң, саңырауқұлақ ауруларының дамуына, ормандағы өрт қаупiнiң күшеюiне немесе азаюына, ормандардың қалпына келу барысына әсер етедi. Тұқым себу және көшет отырғызу, топырақты өңдеу тәсiлдерi, маусымдық орман кесулерi, ағаш дайындауды ұйымдастыру мен техникасы климат ерекшелiктерiмен байланысты. Әртүрлi климат жағдайларындағы (аймақтардағы) ормандар құрамы, өнiмдiлiгi және техникалық сапасы жағынан ерекшеленедi.
Тундраға жақын және таудың жоғары жағында олар өнеркәсiптiк маңызы жоқ аласа ағаштардан тұрады.
Тайга өңiрiнде қоңыр салқын климат жағдайларында, ормандар 30-35 м биiктiкке жетедi, ал сүрек қоры 1 га-да 350-500 текше метр құрайды.
Кавказдың Қара теңiз жағалауында (Абхазия) биiктiгi 45-50 м және диаметрі 2 м-лік кавказ майқарағайы кездеседi, ал сүрек қоры 1 га-да 1500 текше метрге (м 3 ) жетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz