Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1.Мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу.
Болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін,функцияларын және міндеттерін зерделеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2.Криминалистикалық бір саласы дактилоскопия ... ... ... ... .. ... ... .

3.Болшақ кәсіптік қызметтің объектісі болып табылатын ұйымдармен танысу экскурсияларын өткізу(Полиция департаменті,Тергеу органы,Анықтау органы,Сот,криминалистикалық орталық,Адвокаттар алқасы,Жедел іздестіру қызметі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

4.Жеке тапсырма:ҚР Президент әкімшілігінің оның өкілеттіктерін жүзеге асырудың ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5.Қорытындылау есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

6.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Әрбір адам мектеп бітіргеннен кейін өзінің болашағын қамтамасыз ету үшін ЖОО-на түсуді мақсат етеді,яғни белгілі маман иесі болуды мақсат етеді.Сол оқу орнынан теориялық зерттеу арқылы алған білімін,міндетті түрде тәжірибеде қолдана алуы керек.
Жалпы тәжірибе дегеніміз не?
Тәжірибе латын тілінен аударғанда (experimenum) түбірі мен бастан өткердім деген мағынаны білдіреді.Тәжірибе жалпы айтқанда өмірдегі кез-келген нәрсені қайталап алға талпыну.Неғұрлым сіз бір нәрсені көп қолданған сайын соғұрлым көп білесіз,тіпті теория арқылы ала алмаған біліміңізді тәжірибе арқылы ала аласыз.Тәжірибенің өзі бірнеше түрге бөлінеді:діни тәжірибе,рухани тәжірибе,жұмыс тәжірибесі,кәсіби тәжірибе,философиядағы тәжірибе,өмірлік тәжірибе.Олардың өздерінің атқаратын қызметтері бар.
Осы себепттермен біз 1 апта аралығында кәсіптік қызметтің объектісі болып табылатын ұйымдарға экскурсия жасап,білікті мамандармен тәжірибе алмастық және өзімізді қызықтырған сұрақтарға жауаптар алдық.Кәсіптік практика бойынша бізге жетекшілеріміз практикалық жұмыстың қалай өтетіндігі туралы ақпараттар беріп,біздің болашағымызға септігін тигізетін үлкен мүмкіндік берді.Тәжірибе барысында біз студенттердің жеке бас қауіпсіздік ережелерімен сонымен қатар студенттердің атқаратын міндеттерімен таныстық.Тәжірибе студенттер үшін,олардың болашақ кәсібіне септігін тигізу үшін өткізіледі және осының бәрін қадағалайтын ЖОО.Осыған сәйкес студенттерге белгіленген тәртіптер мен міндеттер бар.Олар:
1)белгіленген жерге барғанда этиканы сақтап,ұқыпты киініп бару;
2)белгіленген жерге уақытылы кешікпей келу;
3)өзіне міндеттелген жұмыс тәртібін сақтау;
4)өзіне жүктелген тапсырмаларды уақытылы орындау;
Тәжірибе өткен жер:Шымкент қ. Аль-Фараби аудандық полиция департаменті.
Ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сот.

1. Мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу.Болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін,функцияларын және міндеттерін зерделеу.
Оқу жоспарға сәйкес оқу тәжірибені 05.06.2023ж-09.06.2023ж аралығында Қылмыстық құқық және қылмыстық процессөттім.
Тәжірибенің алғашқы күнінде біз М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне барып практика жетекшіміз Ақшабай Майра Бақытжанқызымен таныстық.Жетекшіміз бізді жалпы мамандықпен жәнеде білім беру бағдарламасымен таныстырды.Сонымен қатар студенттердің жеке бас қауіпсіздігімен танысып күнделігімізге қол қойдық.Бізге берілген тапсырмаларды тиісті түрде орындадық яғни оқу-танысу практиканың бағдарламасына сәкес орындауға жататын жұмыс тізбесін толтырдық.
Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым - Қылмыстық процесстің өтілуі,криминалистиканың бір саласы дактилоскопия-ның қызметі,орындалу барысымен танысу жәнеде осыған байланысты тәжірибе жинау. Бұл тәжірибенің біздерге теория тұрғысынан алған білімімізді,практика жүзінде қолдана алу үшін өткізілді,тек осымен ғана шектелмей тәжірибе барысында өте көп пайдалы ақпараттар алуымызға себепші болды.
Оқу тәжірибеның міндеттері:
1. Студенттердің университетте алған теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, нақты оқу тапсырмаларды орындауғ қолдану.
2. Студенттердің кәсіптік біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту.
3. Студенттердің бойына кәсіптік білімін арттыру қажеттілігін қалыптастырып, оқу қызметке шығармашылық, зерттеушілік тұрғыдан қарауды тәрбиелеу.
4. Кәсіптік және ұйымдастыру жұмыстарынан тәжірибе жинақтау.
Жоғары оқу орнында таңдап алған мамандығына сәйкес студент оқу тәжірибеда нақты кәсіпорында, ғылыми-зерттеу институтында, жалпы білім беретін оқу орындарында оқып-үйрену керек:
1) тәжірибе базасының іс-тәжірибесін;
2) алдыңғы қатарлы жаңа технология жетістіктерін;
3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін;
4) ғылыми жобаларды ұйымдастыру тәжірибесін;
5) жұмыс орындарында қауіпсіздік шараларын орындау және қамтамасыз етуді;
Студенттердің тәжірибе кезіндегі міндеттері:
- студент тәжірибе бағдарламасында көрсетілген барлық тапсырманы орындауы, тәжірибе күнделігін толтыруы керек;
- кәсіпорынның, ғылыми-зерттеу институтының, жалпы білім беретін оқу орындары мен мектептің ішкі еңбек ережелеріне бағынуы керек;
- жұмыс орындарында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен оқу санитария шараларымен танысып, қатаң орындау керек;
- мекемелердің өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуы керек;
- жоғары оқу орнының тәжірибе жетекшісіне белгіленген тапсырмаларды толық орындалғаны жөнінде өнеркәсіп орнының басшысы қол қойған тәжірибе күнделігі мен есепті электрондық және жазба түрінде тапсыруы керек;
-әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстарына қатысуы керек;
2.Криминалистикалық бір саласы дактилоскопия
Тәжірибенің екінші күнінде біз Аль-Фараби аудандық полиция департаментіне бардық.
Бізді ол жерде бірінші дактилоскопия яғни саусақ іздерін анықтау барысымен таныстырды.Жалпы дактилоскопия дегеніміз қылмыскерді саусақ іздері арқылы іздестіру мақсатында жүргізілетін криминалистиканың бір бөлімі.
Адам қолының тері қабатын криминалистік зергтеуге трасологиянын, дактилоскопия деген тарауы арналған. Алайда оқиға болған жерде табылған алақан іздері де дактилоскопиялық зерттеуде қолданылуы мүмкін. Адам өкшесінің ішкі бетінің тері суреті білектін терісінің ішкі бетінің тері суретімен бірдей екені белгілі. Сонымен бірге папиллярлы өрнектері жок тері учаскелерінің де адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілері бар.
Соған карамастан, қылмыстық істе дәлелдеу процесі барысында теріні зерттеу мәселелерінің барлығын белгіліп дактилоскопия термині қолданылды.
Криминалистік дактилоскопияның қарапайым ғылыми негізінле келесі ережелер жатады.
Адам терісі екі негізгі қабаттан тұрады: үстіңгі -- эпидермис, және дермалар - терінін өзі.
Дерманын екі қабаты бар: бұрмалы бұдырлы, торлы бұдырлы.
Жоғарғы бұдырлы қабатта пирамидалы екі кұрылым орналасқан. Папиллярлы сызықтар белгілі бір тәртіппен орналасқан. Папиллярлы үш ағымнын. жақындасуы үш бұрышты кұрайды, ол дельта деп аталады.
Әр өрнекті бөлшектік құрыдымы болады, оған сызықтың басы мен аяғы, олардын қосылуы мен тарамдануы жатады, сонымен бірге көпірше. көзшік, папиллярлы сызықтардың үзілуі және т.б. кіреді.
Тері бездері өзінін тесіктері арқылы тері бетіне тер бөліп шығады. Терінін құрамынла хлорлы натрий, мочевина, сірке және пропион қышқылдары холестирин және суда еріген басқа да заттар болады. Алам қолын майлы сүйықпен жабылған бетіне, мойнына, шашына тигізеді. Бұл май қол білегінің алақандық бетіне жұғады. және термен араласып тер-май затына айналады.
Терлі-майлы зат құрамына өлген терінін күстері кіреді.
Төменде көрсетілген папиллярлы өрнектердің де криминалистік мәні бар.
Қол саусақтары мен аяқ башпайының, саусақ сүйектерінің жастықшаларындағы терінін папиллярлы әрнектері, сондай-ақ алақан мен табан бетіндегі өрнектер жеке дара болады, яғни қайталанбайды. Бұл келесі кешенді топтын болуымен анықталады: папиллярлы сызықтар ағымы, өрнек дельтасы, папиллярлы өрнекті күрылымдык бөлшегі.
Аталған белгілер тобынын әрқайсысы сәйкес белгілердің санымен, формасымен. өзара орналасуымен ерекшеленеді. Аталған белгілер тобы барлық өрнектерде болады, сонымен бірге идентификациялық күнды болып табылатын төртінші белгі өрнек кемшіліктері де болуы мүмкін. Бұл негізінен, түрлі жарақаттар ізі, сүйел. папяллярлы өрнегі жоғалған учаскелер -әрине олардын мөлшері. формасы т.б. ескеріледі.
Папиллярлы өрнектердін тағы бір қасиеті олардың елеулі тұрақтылығьі- Тері рельеф. соның ішінде папиллярлық өрнектер ұрықтын құрсақтағы 3-4 айлық даму кезінде пайда болып, өмір бойына сақталады.

Жастық өзгерістер, терінін әжімденуі папиллярлық өрнектерге және олардын бөлшектеріне әсер етпейді.
Адамның елімінен кейін де белгілі бір терінің шіріктік өзгерісіне дейін папиллярлы өрнектер зерттеуге жарашы болады. Және адам қолын үнемі майтер қабаты қаптап тұрады. Бұл қасиет құлақ, тіс және т.б. қарағанда қолдың папиллярлы өрнегінде құнды.
Отандық криминалситикада өрнектерді үш типке бөлу қарастырылған (доға тәрізді, түйін және орам тәрізді).
Әр типтегі өрнектер түрлерге бөлінеді:
Құрылысы бойынша ең қарапайым доға тәрізді өрнек, ол дельтасы жоқ екі папиллярлы сызық ағымынан тұрады. Доғалық өрнек түрлеріне жай, пирамидалық, анықталмаған орталықты. Жалған түйіндік және жалған- орамдық өрнек, оның кем дегенде үш папиллярлы сызық ағымы және екі дельтасы болады. Онын түрлері: жай, спираль тәрізді, орам -ұлу, түйін- спираль. түйін-орамдар.
Кейбір жағдайларда әдебиеттерде оқиға болған жерден сау-сақ ізі алынды деп көрсетіледі. Бұл қателік, өйткені бұл термин папиллярлы өрнекті алудың қатаң формасына жатады, сау-сақ белгілі бір бетке түрісіледі, ол бет алдын ала типографиялық басумен болады, содан кейін оны дактокартаға түсіреді. Сондықтан да бұл тұрғыда көлемді әрі кең термин -- папиллярлы өрнек ізі терминін қолданған жөн.
Папиллярлы өрнек іздері із-заттар да, із-қалдырушы іздер де болуы мүмкін.
Көрінетін іздерге екі топ жатады: деформацияның көлемді іздері: қанмен. мөрмен т.б. болған саусақтан қалған қабаттану іздері.
Нашар көрінетін топқа тегіс жылтыр беттегі май-тер зат құратын қабаттану-іздері құрайды. Тағы бір тобын түскен папиллярлық іздін шаң басуы болып табылады.
Көрінбейтін іздер - бұл тегіс жазықта қалатын май-тер зат-тағы қабаттану іздері (қағазда, картонда, матада),
Папиллярлы өрнекі іздерін бекіту және табу үшін физикалық және ХИМИЯЛЫҚ болып бөлінетін әдістәсілдер қолданылады.
Физикалық әдістерге жататындар:
- бұл учаскеде көрінетін майтер затынын қабатымен онын түспеген бөлігіне жарықты сындыру арқылы қолдану;
- із тасушы затты түрлі түсті ұнтақпен тозандау.
Мұндай ұнтаққа жез тотығы, қалайы тотығы, цинк тотығы,
Көмірқышқыл қорғасын, аргенторат, бор талық, гипс, графит, күл жатады. Тәжірибеде ұнтақтын жабыспағын, үлес салмағын, болуын күшейту үшін түрлі ұнтақ қосындылары қолданылады.
Ұнтақтар із тасушы затқа жағылып. тиіс қылқалам арқылы немесе арнайы тозандатқышпен алынады. Сонғы кезде үлкен горизонталь жазықтықтағь: іздерді алуға аэрозоль қаптағы ұнтақтар -- дактозольдар қолданылады.

Із-тасушы затты сутегімен қалпына келтірілген темір ұнтақтарымен тозандау магнитті қылқаламмен жүзеге асырылады. Кейде аталған объектілерді йод буымен бекітеді.
Аралас физикалық әдістер қатарына жататындар:
-- іздерді люменесценцня қаранғылығында ұнтақ-люминофорлармен тозандап, фотоға түсіру болып табылады.
-- Іздерді ауыр металдардын түздарымен тозандап, оларды жеңіл рентген сәулесенін көмегімен фотоға түсіру.
Жалпы аралас тәсіллердегі қазіргі жетістіктері: авторадиография, лазерлық флюорография, техникалық вакуумдық тозандау жатады.
Нашар көрінетін және көрінбейтін іздерді табудың химиялық әдістері түрлі реактквтерің әсерінен заттық өз түсін өзгерту қабілетіне байланысты. Мысалы, май-тер заттық нингидрин ерітіндісімен реакииясында іс қызғылт- күлгін түсті болады, ол аллоксан ерітіндісінде кызыл сары-қызыл түске ие болады. Сонымен бірге, химиялық реактивтердін кейбіреуі із тасушы зат-тың бетіне әсер ете отырып. рельефті жазықтықты немесе оның түсін өзгертіп, ізді айқындайды.
Егер папеллярлы өрнек ізі транспортабельді жазықта табылса, бұл объектідегі ізді тозандандырмай алу қажет. Бұл кезде қап капталған заттан мөлшері бойынша үлкен болуы тиіс. Із тасушы зат қапта ізі бүлінбейтіндей етіп бекітіледі.
Зертханалық жағдайда сарапшы криминалист тергеушінің қаулысы бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы
Президенттің Конституциялық Кеңеске қатысты өкілеттігі
VIII Тақырып. Үкіметтің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері
ҚР Парламентінің негізгі функциялары, ҚР Парламентінің заң шығару қызметінің мәні
Республика Президенті
ҚР Парламенті және оның ҚР мемлекеттік органдар жүйесіндегі алатын орны
Президенттің құқықтық тәртібі
ҚР-ның Парламенті
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МӘРТЕБЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Пәндер