Дебиторлық борыштар есебінің нормативтік


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың теориялық негіздері .
1. 1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің бухгалтерлік есебінің экономикалық мазмұны
1. 2 Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі және болашақ кезеңнің есебі
2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі «Темір» ЖШС үлгісінде
2. 1 «Темір» ЖШС. нің ұйымдастырушылық. экономикалық сипаттамасы
2. 2 Кәсіпорындағы сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі
2. 3 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
3 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебінің жетілдіру жолдары
3. 1 Дeбитoрлық борыштар есебін ХҚЕС сай жүргізу .
3. 2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебін 1С:Бухгалтерия бағдарламасында жүргізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Stud. kzКіру

Начало формы

Конец формы

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру және оның жетілдіру жолдарын анықтау

Скачать

Жұмысты толықтай көру

  • Жоспар
  • Кіріспе
  • Әдебиеттер

КІРІСПЕ . . . 4

1 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 5
1. 1 Дебиторлық борыштар түсінігі мен жіктелуі . . . 5
1. 2 Дебиторлық борыштардың танылуы мен бағалануы . . . 6
1. 3 Дебиторлық борыштар есебінің нормативтік. құқықтық реттелуі . . . 9

2. САТЫП АЛУШЫЛАР МЕН ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІНІҢ ЕСЕБІ
2. 1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштар есебі мен құжаттарда рәсімделуі . . . 12
2. 2 Күмәнді дебиторлық борыштар туындауы және оның себептері . . . 21
2. 3 Дебиторлық борыштар есебін жетілдіру жолдары . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 5
1. 1 Дебиторлық борыштар түсінігі мен жіктелуі . . . 5
1. 2 Дебиторлық борыштардың танылуы мен бағалануы . . . 6
1. 3 Дебиторлық борыштар есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі . . . 9

2. САТЫП АЛУШЫЛАР МЕН ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІНІҢ ЕСЕБІ
2. 1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштар есебі мен құжаттарда рәсімделуі . . . 12
2. 2 Күмәнді дебиторлық борыштар туындауы және оның себептері . . . 21
2. 3 Дебиторлық борыштар есебін жетілдіру жолдары . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде барлық шаруашылықпен айналысатындардың алдында тұрған өткір, өзекті мәселелердің бірі есеп айырысушылық - төлем операцияларымен тікелей байланысты сұрақ болып табылады, ал бұның нәтижесі ретінде - жалпы шаруашылық субъектінің жұмысын бақылау жүзеге асады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді талап етеді. Сондықтан шаруашылық және қаржылық қызметінде, ұйымдастырылуында дебиторлық борышты өз уақытымен жабу және оның ұқыпты жүргізілген есебі маңызды орын алады. Өйткені есеп айырылысудың негізгі бөлігі қолма- қол ақшасыз жүргізіледі және қызметтер мен тауарлар есеп айырылысудан бұрын алынады, көрсетіледі. Дебиторлық борыштың туындауы, сәйкесінше олардың есеп және қаржылық есеп беруде пайда болуы, біріншіден, есеп жүргізілуінің қолданыстағы ережелері мен табысты мойындауда қолданылатын принциптеріне және екіншіден, жоспарда күтілетін және алынған табыстың толық есебін жүргізумен және оған байланысты қаражаттың түсуі мен қаржылық құралдың қозғалысына жүргізілген бақылауға байланысты, үшіншіден, қатаң бақылау жасаудың міндеттілігі салық органдарының салықтар мен салық салынатын табыс сомаларының деңгейіне тұрақты бақылау жүргізуінен туады.
Дебиторлық берешек - шаруашылық субъектілер активтерінің маңызды бөлігі, дамушы шаруашылық субъектілердің өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Қаржылық есеп жүйесінде дебиторлық борыш есебі бойынша шоттар табысты реттеудегі тиімді құралдар болып саналады. Дебиторлық борыш пайда мен шығындар есебі мен ақша қозғалысы бойынша есепті байланыстырып отыратын тетік болып саналады. Дебиторлық борыштың мөлшерінің өсуі мойындалған табыстың барлығы ақшалай көрсеткіште емес екенін айтады. Дебиторлық борыш есебінің мақсаты жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысуды дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Ағымдағы міндеттемелер мен есептің жағдайы кәсіпорын немесе ұйымның өндірістік және саудалық қызметін, сонымен қатар ұйымның дебиторлық борыш қозғалысына бақылау механизмінің сапасына, жылдамдығына, бақылау тереңдігіне тікелей тәуелді шаруашылық субьектісінің бухгалтерлік есебінің деңгейін көрсетеді.
Қазіргі таңда, экономикалық тұрақсыздық және дағдарыс жағдайында, төлемдердің өтелмеуіне, кешіктірілуіне байланысты саудалық дебиторлық борыштарды басқару қиынға соғады. Ал кәсіпорындар мен ұйымдар контрагент алдындағы төлемдер бойынша қаржылық міндеттемелерінің орындалуына қарамастан, ең алдымен, кәсіпорынның жеке мәселелерін шешіп алады. Кәсіпорындардың мұндай тәртібі олардың шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін мүліктік жауапкершілігінің болмауына және оларға контрагенттерімен есептесуден жалтаруына мүмкіндік береді. Осындай жағдайларда саудалық дебиторлық борыштардың есебін басқару қажеттілігі арта түседі. Яғни, сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық борыштар динамикасының өзгеруі, оның сапасы, өсу немесе кему жылдамдығының ағымдағы активтерге құйылған капитал айналымына үлкен әсер етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру және оның жетілдіру жолдарын анықтау .
Курстық жұмыстың міндеттері:
Дебиторлық борыштар есебінің ұйымдастырылуын, нормативтік-құқықтық реттелуін қарастыру;
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебін ұйымдастырылуын зерттеу;
Дебиторлық борыштар есебін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың жаңашылдығы: отандық, шетелдердің және ресейлік ғалым-экономистердің қаржылық есептіліктегі дебиторлық берешектер есебі туралы еңбектерін талдай отырып, Қазақстан экономикасы жағдайында сатып алушылар мен тасырысшылардың есебін тиімді жүргізу бойынша альтернативті ұсыныстардың жасалуында.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: 2007 жылдың 28 ақпанында қабылданған №234-III Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттары, заңнамалық және нормативтік актілер, отандық және шетелдік авторларының ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері, мерзімді экономикалық басылымдарда жарияланған ғалымдар мен мамандардың ғылыми зерттеулері негізге алынды.
Тақырыпты ашу мақсатында курстық жұмыста кіріспе, екі негізгі бөлім, қорытынды қарастырылады.

ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Дебиторлық борыштар түсінігі мен түрлері

Дебиторлық борыш - сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Яғни, кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ қарыздары дебиторлық борыш болып табылады.
Дебиторлық борыш - айналым капиталының маңызды компоненті. Егер де бір кәсіпорын келесі кәсіпорынға тауар сатса, онда сатылған тауардың құны бірден төмендейді. Дебиторлық борыш иемденуге құқы бар заңды құқықтармен байланысты кәсіпорын активтерінің негізгі бөлігі. Оның маңызды үш қасиеті бар:
ақшалай қаражаттың өсуіне тікелей немесе жанама мүмкіндікті қамтамасыз ететін келешек пайданы кіргізеді;
шаруашылық жүргізетін субъект басқаратын ресурстарды активтер болып саналады. Көрсетілген қызмет заңды немесе заңмен дәлелденген болуы керек;
кәсіпорынның қазіргі кезде қарамағында жоқ бірақ келешекте пайда әкелетін табыс активке жатпайды. [1] .
Дебиторлық борыш - басқа заңды тұлғалар мен азаматтардың кәсіпорынға арналған қарыз сомасы. Нақты емес есеп беру жүйесінде дебиторлық борыштың пайда болуы кәсіпорынның шаруашылық іскерлігінің объективті процесін көрсетеді. Борышкер, дебитор (латын debitum сөзінен - борыш, міндеттеме дегенді білдіреді) екі немесе одан да көп тұлғалардың арасындағы мүліктік байланыстың азаматтық - құқықтық міндетемесінің бір жағы.
Дебиторлық борыш халықаралық және Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес сатып алушылардың компанияға арналған сома ретінде анықталады.
Халықаралық тәжірбиеде қаржылық есеп беру мақсатында дебиторлық борыш не ағымдық (қысқа мерзімдік) немесе ағымдық емес (ұзақ мерзімдік) болып бөлінеді. Ағымдық дебиторлық борыш бір жыл ішінде немесе операциалық цикл кезінде алынады деп болжанады. Барлық қалған борыштар ағымдық емес (ұзақ мерзімдік) болып танылады. [2, 138 б]
Ал бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық борышты бөліп көрсетеді. Саудалық дебиторлық борыш - негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы. Саудалық емес дебиторлық борыш - іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен пайыздар және т. б) пайда болады.
Дебиторлық борыштың құрылу сипаты бойынша жақсы және анықталмаған болып бөлінеді. Кәсіпорынның жақсы қарызы, не кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын орындау жолымен, сонымен қатар, есеп берудің әрекет етуші формаларымен негізделгендер жатады. Анықталмаған дебиторлық борышқа есеп беруді жүргізу кезінде жетіспеушіліктері бар болуы, есеп беруші қаржы тәртібін бұзылуы, материалдық құқықтарды шығаруда бақылаудың әлсіреуі, жетіспеушіліктер мен тонаушылықтардың пайда болуы нәтижесінде пайда болғандар жатады.
Төлем мерзіміне байланысты дебиторлық борыштар:
Қалыпты- келісім-шарт бойынша төлем мерзімі әлі жетпеген;
Кешіктірілген- келісім-шарт бойынша төлем мерзімі жеткен, бірақ іздену мерзімі өтпеген;
Үмітсіз- іздену мерзімі өтіп кеткен болып жіктеледі.
Әдетте, төлем мерзімі ретінде 30 күннен 60күнге дейінгі уақыт аралығын есептеу қабылданған. Егер борыштың қайтарылуы осы мерзімнен асып кетсе, онда мұндай дебиторлық борыш төлеу мерзімінен кешіктірілген болып есептелінеді. [3, 147-148 б] .
Дебиторлық борыштардың құрамына кәсіпорынның төмендегі қарыздары есепке алынады:
сатып алушылар мен тапысры берушілердің дебиторлық борышы;
алынған вексельдер;
кәсіпорынның есеп беруге тиісті тұлғаларының борышы;
еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық борышы;
қызметкерлердің дебиторлық борыштары;
жалдау бойынша дебиторлық борыштар;
өзге де дебиторлық борыштар. [4, 143 бет] .
Яғни, осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борыш болып табылады және ол жасалған саудалық, саудалық емес операциялар нәтижесінде пайда болады.

Дебиторлық борыштардың танылуы мен бағалануы

32 Қаржылық құралдар: ақпаратты ұсыну халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес: егер физикалық нысанындағы активтерді сату немесе сатып алу келісім шарты бойынша төлем активті табыстау мерзімінен кейінгі күнге қалдырылатын болса, онда активті жеткізу күніне қаржылық құрал құрылады. Яғни, коммерциялық несие негізіндегі тауарды өткізу немесе сатып алу тауарды табыстау кезінде қаржылық активтің (саудалық дебиторлық борыштың) немесе қаржылық міндеттеменің (саудалық кредиторлық борыштың) пайда болуына алып келеді. [5] .
Дебиторлық борыш кәсіпорынның қаржылық активі болып табылады. Оның танылуы мен бағалануы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған қаржы есептілігінің халықаралық стандартының 2 Тұжырымдамалар мен негізгі қағидалар бөлімінде анықталған.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған қаржы есептілігінің халықаралық стандартының 11 Негізгі қаржылық құралдар бөлімінің 2. 47 тармағына сәйкес кәсіпорындар өзінің негізгі қаржылық активтерін және негізгі қаржылық міндеттемелерін құнсызданудан болатын шығындарды шегергендегі өзіндік құнымен бағалайды. Тек нарықта еркін айналымда, әлде кіріс немесе залал құрамындағы әділ құнында өзгерістері көрсетілетін басқа бір әдіспен әділ құнын сенімді бағалауға болатын, қайта сату құқығы болмайтын айырбасталмайтын артықшылықты және қарапайым акцияларға инвестицияларды қоспағанда. [6] .
Қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме танылады, егер кәсіпорында қаржылық құралдың шарттық ережелері әрекет етсе. Сонымен қатар, сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық борышын тану үшін келесілерді анықтауды қажет етеді:
дебиторлық борышты өтеу - болашақта экономикалық пайданы әкелу ықтималдығы;
дебиторлық борыш сомасының сенімді бағалануы.
Дебиторлық борыш кәсіпорынның табысы пайда болғаннан және сатып алушылар мен тапсырысшылардан алынуға тиісті ақша сомалары бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс тапқаннан кейін пайда болады. Бұл жағдайда дебиторлық борыштың тану критерийінің екеуі де орындалады:
қол қойылған орындалаған жұмыс туралы акт және келісім шарт орындалған жұмыстан болған пайданың танылуын куәландырады, яғни, болашақта экономикалық пайданы алу ықтималдығы бар;
атқарылған жұмыстың құны сенімді бағаланды, яғни, дебиторлық борыштың сомасы да бағаланды. [7, 5 бет] .
Дебиторлық берешек бастапқы пайда болған борыштан күмәнді борыштарға жүргізілген түзетулерді, берілген жеңілдіктерді және қайтарылған тауарларды шегеріп тастағаннан кейін бағаланады. Осыған орай аталған операцияларға тоқталып өтелік.
Кәсіпорындар сатып алушыларды ертерек борышын өтеуге ынталандыру үшін көп жағдайда оларға бағадан жеңілдіктер ұсынады. Яғни, белгілі бір мерзім ішінде сатып алушы төлемін өтесе - шот - фактурада көрсетілген жалпы сома белгілі бір мөлшерге азайтылады. Мұндай шараларды жүзеге асыру нәтежесінде кәсіпорындар сату көлемін ұлғайту мүмкіндігіне де ие болады. [3, 148 б] .
Көтерме сауда каталогтарында әдетте бір ғана шот-фактуралық баға көрсетіледі. Бірақ сатып алушыға сатып алуға берілген тапсырыс көлеміне қарай жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін. Мұндай жеңілдіктер сату жеңілдіктері деп аталады. Олар сатылатын өнімнің әр данасының бағасын кемітеді. Яғни, тапсырыс берілетін тауар көлеміне байланысты баға деңгейі өзгергенмен, оның негізі өзгермейді. [3, 149 б] .
Сату кезінде уақытылы төлегені үшін клиентке берілген жеңілдікті есепке алудың екі әдісін қолдануға болады:
Жалпы;
Таза.
Жалпы әдіске байланысты, жеңілдік сатып алушы оны алғанға дейін, яғни тауар үшін төлем жасағанға дейін танылмайды. Сатудан түскен түсім мен дебиторлық борыш алынуға тиісті шоттың толық (жалпы) сомасында көрсетіледі
Таза әдісті қолдану барысында жеңілдік бірден есепке алынады. Дебиторлық борыш сомасы мен өткізуден түскен пайда жеңілдік сомасына шегеріледі.
Бүгінгі күні кез келген сауда бірлестіктерінде тауарды қайтару жағдайлары болады. Тауарды қайтару деректері ұйымның қаржылық есептілікті ұйымдастыруда өте маңызда. Тауарды қайтару операцияларының есептілікте қате көрсетілуі заңнаманы бұзуына әкеледі. [8, 153 бет] .
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 406 бабының 1 тармағына сәйкес Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi. [9] .
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 406 бабының 5 тармағына сәйкес сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлерiне бөлшек саудамен сатып алу-сату, тауарлар жеткiзiлiмi, энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсiпорынды сату жатады. [9] .
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 419-435 бабтары бойынша егер сатып алынған тауар орамадағы тауар көлеміне, сұрыпталымына, сапасына, жиынтығына сәйкес келмесе, онда сатып алушы берiлген тауардан және оған ақы төлеуден бас тартуға құқылы. [9] .
Сонымен қатар егер сатып алушы сатып алу-сату келісімінің шарттарын орындамаса, онда тауардын қайтаруын сатушы да талап ете алады. Мысалы, тауар несиеге алынған. Тауар жеткізілді, бірақ тауарды алған сатып алушы оның ақысын төлеу мiндетiн шартта белгiленген мерзiмде орындамаған. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 441 бабына сәйкес сатушы берiлген тауарға ақы төлеудi немесе ақы төленбеген тауарларды қайтаруды талап етуге құқылы. [9] .
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған Халықаралық қаржылық есеп стандартының 23 Табыс бөліміне сәйкес егер сатып алушы тауардың ақауын немесе басқа себептермен сатып алынған тауарға қанағаттанбаса және кәсіпорын тауардың қайтаруын сенімді бағалай алса, кәсіпорын сатып алушыға ақшаны қайтаруды ұсыныс жасағаннан кейін табысты тани алады. Бұл жағдайда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған Халықаралық қаржылық есеп стандартының 21 Резервтер және шартты оқиғалар бөліміне сәйкес мүмкін қайтару үшін резервті таниды. [6] .
Тауардың қайтарылуы жаңа міндеттеме болып табылады. Сатып алушы сатушы, ал сатушы сатып алушы ретінде қарастырылады. Бұл тауар сақтау және жеткізу шығындарын шегергендегі сатып алу құнымен қайтарылады.
Тауарды қайтару жағдайында сатып алушы ҚАЙТАРУ жазбасы бар 2 дана жүкқұжатты толтырады. Осымен қатар сатып алу-сату шартында көзделген тауарды қайтару себептері жазылған тауарды қайтару актісі толтырылады. Акт еркін түрде толтырылады, және оған сатып алушы мен сатушының өкілдері қолдарын қояды. Егер акт біржақты болса, онда сатып алушы тауардан бас тарту себептерін көрсетіп, сатушыға наразылығын білдіреді. Сонымен бірге тауарды сатып алу-сату шартын бұзу келісімін жасауға болады. [10, 10-11 б] .
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 265 бабына сәйкес тауарды қайтару (жартылай немесе толық) жағдайында жабдықтаушы түзету сомасына қосымша шот-фактураны жазады. Шот-фактурады көрсетілуі тиіс:
шот-фактураның араб цифрларымен жазылған реттік нөмірі және оны жазу күні;
қосымша шот-фактура толтырылатын шот-фактураның араб цифрларымен жазылған реттік нөмірі және оны жазу күні;
жабдықтаушы мен тауарды (жұмысты, қызметті) қабылдаушының аты, мекенжайы және жеке сәйкестендіру нөмірі;
қосылған құн салығынығ мөлшерлемесі;
қосылған құн салығын қоспағандағы түзету мөлшерлемесі
қосылған құн салығынығ түзетілген сомасы
Қосымша шот-фактураны тауар (жұмыс, қызмет) жабдықтаушысы жазады және оны тауарды (жұмысты, қызметті) қабылдаушы растайды. [11] .
Қорытындылап айтатын болсақ дебиторлық борыш дегеніміз, бұл -- иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік. Дебиторлық борыш есептеу принципіне сәйкес кәсіпорынның табысы пайда болған сәттен бастап танылады. Дебиторлық борыш, бастапқы пайда болған борыштан күмәнді борыштарға жүргізілген түзетулерді, берілген жеңілдіктерді және қайтарылған тауарларды шегеріп тастағаннан кейін бағаланады. Нәтижесінде қайтарылып алынуға тиісті борыштардың нақты құны анықталады. Сатып өткізу мен төлем жасау мерзімінің арасындағы әдетті мерзім қысқа болғандықтан проценттер есепке алынбайды.

Дебиторлық борыштар есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі

Дебиторлық қарыздар - ұйымның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып-өткізілген өнімдері (тауарлары, орындаған жұмыстары, көрсетілген қызметтері) үшін алушылар мен тапсырыс берушілердің және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары болып табылады. Дебиторлық борыштарының есебін дұрыс ұйымдастырып жүргізу үшін нормативтік-құқықтық базаны толықтай білу қажет. Бүгінгі күні шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандарының өзгешеліктеріне қарамастан, оларда бухгалтерлік есепті дұрыс жолға қою тәртібінің үш тәсілі бар: орталықтандырылған, орталықтандырылмаған және аралас. Қазір Қазақстан Республикасынад бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін аралас тәсілі қолданылады. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырылуы мен жүргізілуі бойынша жалпы тәсілдердің шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздерінің ынтасымен үйлесуі қазіргі кезде республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесінің ерекше белгісі болып табылады. Бұл ерекшелік бухгалтерлік есеп жүйесіне төрт деңгейлі реттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші деңгей - Заң күші бар құжаттар, яғни Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент және Үкімет даярлаған заңдар мен қаулыларды, жарғылар мен кодекстері жатқызамыс.
Екінші деңгей - нормативтік құжаттар.
Үшінші деңгей - бухгалтерлік есеп стандарттарының мазмұнын ашып көрсететін, кәсіпорынның қай салаға жататындығына, көлеміне, типіне және құқықтық-нормативтік құжаттарда көрсетілген басқадай факторларға байланысты оларға бухгалтерлік есепті тікелей өздері ұйымдастырудың нұсқаларын ұсынатын әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.
Төртінші деңгей - кеңес беруші фирмалар, құрылтайшылар, т. б. осы ұйымның басшылары, ұйымдарда әр жылы жасалатын, толықтырылып отыратын есеп саясаты. Бұған ұйымдастырушы мен билік жүргізуші ішкі құжаттарды (бұйрықтар, шешімдер, т. б. ішкі ресми құжаттар) жатқызамыс. [12, 58 б] .
Бірінші деңгейдің негізі 2007 жылдың 28 ақпанында қабылданған №234-III Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Онда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың және жүргізудің, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың мақсаты, жалпы принциптері мен сапалық сипаттамалары; заңды және жеке тұлғалардың, басқару қызметкерлерінің бұл саладағы құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері; бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын қамтамасыз ететін шаралар; активтер мен міндеттемелерді бағалау тәртібі, бухгалтерлік ақпараттар есебінің әдістері мен т. б. сұрақтары айқындалған. Осы заң дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға, шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген филиалдарына, өкілдіктеріне және тұрақты мекемелеріне (бұдан әрi - ұйымдар) қолданылады. Сондықтан әр бір ұйым өзнің дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында ең алғашқы кезекте осы заңға жүгінеді. Сонымен қатар нормативтік-құқықтық реттеудің бірінші деңгейіне 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған №269-ХІІІ Азаматтық кодекс (өзгерістер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық борыш есебі
Дебиторлық борыштар есебінің аудиті
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру және оның жетілдіру жолдарын анықтау
Сатып - алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
Алынуға тиісті борыштар шоты
Дебиторлық борыштар есебінің жүргізілуі және аудиті
Дебиторлық борыштардың аудиті
Дебиторлық берешектер бойынша есеп айырысулар есебі мен аудиті
Дебиторлық борыштар есебінің шетелдік тəжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz