Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
1.1. Кәмелетке толмағандарға тағайындарлатын жаза түрлері
1.2. Қылмыстың жекелеген түрлері бойынша кәмелетке толмағандардың қылмысы
2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату
2.1. Кәмелетке толмағандарды жауаптылықтан және жазадан бостату
2.2 Кәмелетке жасы толмағандардың сотталғандығын жою ерекшеліктері
3. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын алдын алу
3.1 Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын алдын алу және оның маңызы
3.2 Кәмелетке толмағандардың құқықтық санасын қалыптастыру
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Қылмыстық жауапкершілік - кез-келген адамның құқық пен істеген қылмысына заң алдында міндетті түрде жауап беруі.
Жаза - қылмыс істеген адамға соттың шешімімен мемлекеттік нақты шара қолдану, оны орындауға мəжбүрлеу. Жаза қылмыстық жауапкершілікке тартудағы ең басты нысаны болса, келесі бір қылмыстық жауапкершілікке тарту нысаны кəмелетке толмағандарға қатысты тəртіптік сипаттағы еріксіз шаралар болып табылады. Жасы толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту өз ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер оларға қолданылатын қылмыстық құқықтық шалалардың белгілі бір дəрежеде ғана іске асатындығын айқындай түссе керек. Яғни, кəмелетке толмағандарға өлім жазасы, өмір бойына бас бостандығынан айыру сияқты жазалар қолданылмайды жəне тағайындалатын бас бостандықтан айыру жазасы он екі жылдан аспауы тиіс екендігін айқындайды. Қылмыстық кодекс кəмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін олардың есінің дұрыстығын тексеруді міндеттейді.
Қазақстанда заңмен қайшылыққа түскен және мектепте оқығысы келмейтін балалар және жасөспірімдерге арнайы білім беру ұйымдары бар, ол жерде құқық бұзұшылықтарды және әлеуметтік өмір салтына қарсы алдын-ала шаралар бойынша әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар өткізіледі. Девианттық мінез-құлықты балалар үшін арнайы ұйымдар - бұл жүйелі түрде әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасайтын, білім алудан қасақана бас тартатын, отбасынан жүйелі түрде кетіп қалатын, бір айдан бір жылға дейінгі мерзімде қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасайтын балаларды орналастыратын оқу-тәрбиелік мекеме.
Жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген. Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен колдануды белгілеген
Жоғарыда атап өткендей, қоғамға қауіпті іс-əрекет жасағаны үшін санасы мен ерік-жігері бар, есі дұрыс адамдар ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылады, яғни, қылмыс субъектісі болып табылады. Тек осындай адамдар ғана не істегенін түйсініп жəне өз іс - əрекетін басқара біледі. Ал мұндай қабілеті жоқтар яғни істеген əрекетінің қауіптілігін сезбейтіндер, сезінсе де өз əрекетін басқара алмайтындар есі дұрыс еместер деп саналады да, қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Әрбір адам үшін бар күшімізді сала күрессіп, олардың қоғамымыздан тыс қалмауына жағдай туғызуға күш салуымыз қажет. Қылмыстық жаза тағайындауда мынандай негізгі идея бар: кәмелетке толмаған құқық бұзушыны жөнге салып және қайта тәрбиелеу.
Есі дұрыс еместік ұғымы ҚР ҚК-нің 16 бабының 1 бөлігінде былай сипатталған: Қоғамдық қауіпті əрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс - əрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес .
Қандай да болсын психикалық ауытқуы бар жасөспірім қоғамға қауіпті əрекет жасау кезінде өзінің əрекетіне баға бере алмай, өзін-өзі басқара алмайды. Мұндай жағдайда егер кəмелетке толмаған есі дұрыс емес деп танылса, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту орнына соттың шешімімен арнаулы медициналық сипаттағы шара қолданылады. Жас болсын, жасы толмаған болсын оның қылмыстық əрекетті қасақана жасағанын, кінəсін анықтау кез-келген жағдайда міндетті болып табылады. Кінəні анықтау қылмыстық жауапкершілікті тағайындауда басты рөл атқарады. Кінəлі болса қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал кінə дəлелденбесе, жауапкершілік өздігінен күн тəртібінен түседі.

1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
1.1. Кәмелетке толмағандарға тағайындарлатын жаза түрлері
Балалар - әлеуметтік топтардың осал ең бірі. Сол немесе басқа себептер бойынша заңмен тікелей қатынастағы балалармен: егер де бұзушылықты ересектер жасаған болса, онда олар қылмыстық сипаттама алатын әрекет кіретін мәртебелік құқық бұзушылықтар; жәбірленуші-балалар бұзушылық жасаған балалар және қылмыстың куәгер балалары.
Кәмелетке толмағандардың қылмысы теріс, әлеуметтік-құқықтық құбылыстардың, атап айтқанда он сегіз жасқа толмаған тұлғалардың қоғамға қарсы және құқыққа қайшы әрекеттерді жасаған.
Қазақстанда заңмен қайшылыққа түскен және мектепте оқығысы келмейтін балалар және жасөспірімдерге арнайы білім беру ұйымдары бар, ол жерде құқық бұзұшылықтарды және әлеуметтік өмір салтына қарсы алдын-ала шаралар бойынша әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар өткізіледі. Девианттық мінез-құлықты балалар үшін арнайы ұйымдар - бұл жүйелі түрде әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасайтын, білім алудан қасақана бас тартатын, отбасынан жүйелі түрде кетіп қалатын, бір айдан бір жылға дейінгі мерзімде қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасайтын балаларды орналастыратын оқу-тәрбиелік мекеме.
Қиын балалармен жұмыс - көптеген елдерде әлеуметтік жұмыс жүйесін құрайтын негізгілердің бірі болып табылады. Заңмен қатынасқа түскен балаларды қолдаудың тиімдірек тәсілдерін реформалау және енгізу арнайы білім беру ұйымдары көрсететін қызметтердің маңыздылығын туғызды.
ЮНИСЕФ-тің зерттеулеріне сәйкес, әлеуметтік көзқарас тұрғысынан сот ісін жүргізу орбитасына түскен кәмелеттік жасқа толмаған балаларға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету бағдарламасының мақсаты отбасында болу арқылы қалпына келу мүмкіндігін және қоғамға қайта келудегі қиындықтарды сезбеуінен тұрады. Құқықтық көзқарас тұрғысынан баламалы бағдарламаларды аяқтаған балалар рецидивінің бірден аз пайызы, ал арнайы мектептер және колониялардың түлек балалары оқиғаның 90 пайызында қайта құқық бұзушылық жасайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексының 15 бабының (Қылмыстық жауаптылыққа жататын адамдар) 2 тармағына сәйкес, Қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың адам өлтiргенi (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (106-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiргенi (107-баптың екiншi бөлiгі), зорлағаны (120-бап), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерi (121-бап), адам ұрлағаны (125-бап), халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны (173-бап), әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырғаны (174-бап), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қолсұғушылық (177-бап), Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қолсұғушылық (178-бап), диверсия (184-бап), ұрлық (188-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), мал ұрлау (188-1-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), тонау (191-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (194-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алғаны (200-баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (202-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi), терроризм актісі (255-бап), терроризмді насихаттағаны немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырғаны (256-бап), террористік топ құрғаны, оған басшылық еткені және оның әрекетіне қатысқаны (257-баптың бірінші және екінші бөліктері), террористік немесе ә кстремистік әрекетті қаржыландырғаны және терроризмге не ә кстремизмге өзге де дем берушілік (258-бап), адамды кепiлге алғаны (261-бап), ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасағаны немесе оларды басып алғаны (269-бап), терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлағаны (273-бап), қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқырғаны не қорқытып алғаны (291-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасағаны (293-баптың екінші және үшiншi бөлiктері), есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқырғаны не қорқытып алғаны (298-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлағаны (314-баптың екiншi бөлiгi) және көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (350-бап) үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатады. Яғни, он төрт жасқа толып, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамдар жоғары көрсетілген баптар бойынша жауапқа тартылады. Сәйкесінше он төрт жасқа толмаған адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексы бойынша жауаптылыққа тартылмайды. Бұл тізбекте келтірілген қылмыстар тізбегі тұжырымды, оны кең мағынада талкылауға болмайды. Осы көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамға қауіптілігін 14 жаска толган әрбір адам сезеді, өз әрекетіне есеп береді, сол себепті де заң шығарушы көрсетілген қылмыстық кұқық бұзушылықтың үшін жауаптылыкты 14 жасқа толган уақыттан бастап белгілеп отыр. Қылмыстық заң қылмыстық құқық бұзушылык үшін жауапқа 16 жастан, ал кейбір занда арнаулы көрсетілген қылмыстардың түрі үшін 14 жастан тартылатынын белгі- легенімен, кейбір әрекеттің мәнінің ерекшелігіне және субъектінін ерекше белгілеріне карай, қайсыбір кылмыстық құкық бұзушылықтардың субъектісі болып, жасы кәмелетке толған адамдар ғана тартылады. Мысалы, кәмелетке толмаған адамды кылмыстык іске тарту - 133-бап, ә скери қылмыстарда (18-тарау) қылмыстық құқық бұзушылыктың субъектісі болып тек жасы 18-ге толған адамдар гана танылады. Қылмыстық құқық бұзушылык істеген, кәмелетке толғандардың жасы, туган жылы, айы-күні дәлме- дәл анықталуы қажет. Адамның белгілі бір жасқа (14, 16, 18, 25) толуы дә л туған күнімен емес, одан кейінгі тәуліктен бастап есептелінеді. Кәмелетке толмағандардың жасы сот- медициналық сарапшының қорытындысы бойынша аныкталганда, оның туган куні бо- лып сол аталған жылдың соңгы айының соңғы күні (31 желтоқсан) танылады. Он төрт жасқа толмаған жасөмпірім адам өзіеің іс-әрекетінің қоғамға қауіптілік деңгейін, мәнін жете түсінбейді және өзінің іс-әрекетін басқара алмайды. Мұнда айта кететін жайт, он төрт жасқа толған, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан қылмыстыққа құқық бұзушылық жасаған уақытта өзінің әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігінің толық көлемде ұғына алмаса не оларға ие бола алмаса, ол жоғарыда көрсетілген баптар бойынша жауаптылыққа жатпайды. (15-бап; 3-тармақ).
Кәмелетке толмағандарға мынадай жаза түрлері тағайындалады:
1) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
2) айыппұл;
3)түзеу жұмыстары;
4)қоғамдық жұмыстар;
5)бас бостандығынан шектеу;
6)бас бостандығынан айыру;
Белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейін мерзімге тағайындалады.
Айыппұл кәмелетке толмаған сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл айлық есептік көрсеткіштің оннан екі жүз елуге дейінгі мөлшерде тағайындалады.
3. Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
4. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты орыңдауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрін орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек.
5. Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
6. Қамау сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады.
7. Кәмелетке толмаған адамды бас бостандығынан айыру он жылдан, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін -- он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он алты жасқа дейін кішігірім ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмаңды.
8. Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:
а) бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар -- жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында;
б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар -- күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді.
9. Қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне кінәлі адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған шешімнің себебін көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуін тағайындауы мүмкін.
10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай сотталған адаммен қарым-қатынас кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін ескеру туралы нұсқау беруі мүмкін. Мұңдай ерекшеліктерге жасы кәмелетке толмағанның психикалық өзгешелігі: денсаулығының нашарлығы, белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілігі, белгілі бір мамандыққа баулу қажеттіліктері жатады. Қылмыстық кодекстің 79- бабында жазаны өтеуден қасақана жалтарған ретте жазаның бұл түрін екіншісімен ауыстыру туралы арнайы көрсетпеген. Кәмелетке жасы толмағандарға мұндай ретте жазаны ауыстыру жалпы негізде Қылмыстық кодекстің 40,42,43-баптарыңа сәйкес жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарға жаза тағайындаудың ерекшеліктері Қылмыстық кодекстің 80-бабында көзделген. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде осы Кодекстің 52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескеріледі. Кәмелетке толмаған жас жеңілдететін мән-жай ретінде басқа да жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескеріледі. Кәмелетке толмаған адамға тағайындалған жаза әділ болуы керек. Әділ жаза деп кәмелетке толмағандардың түзелуіне тікелей әсер ететін жазаны айтамыз.
1.2. Қылмыстың жекелеген түрлері бойынша кәмелетке толмағандардың қылмысы
Қылмыскерлік - белгілі уақыт кезеңі ағымында және сандық және сапалық көрсеткіштерді сипаттайтын нақты бір аумақта жасалған қылмыстан тұратын әлеуметтік-құқықтық құбылыс.
Мемлекеттік құқықтық статисика үшін ақпараттың көзі мемлекеттік құқықтық статистика және құқықтық статистика мен арнайы есепке алу субъектілерін арнайы есепке алуды жүргізу саласындағы ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау, жиынтық және өзектендіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті болып табылады.
Тек 2020 жыл үшін ұрлық фактісі бойынша 849 іс тіркелді. Алаяқтық қылмысы бойынша 154, тонау 154, автомобильді немес өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену 80 тіркелген. Айта берсек көп, бірақ алдынға 2019 жылға қарағанда төмен. Бұл дегеніміз құқық қорғау органдар жұмысы практика жүзінде өте қолайлы және жақсы нәтиже көрсетуде. Бірақ кәмелетке толмағандар қылмысын түбегейлі жою мүмкін емес деп есептеймін. Себебі барлық адамды бірдей тәрбиелеу және қоғаммен бірдей басқару мүмкін емес. Сәйкесінше қоғам мен халық бар жерде қылмыс болады.
Тіркелген қылмыстардың саны - қылмыстық заңнамамен қарастырылған, анықталған және ресми түрде есепке алынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің саны.
Қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесіне байланысты ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр, аса ауыр қылмыстар болып бөлінеді.
Қылмыс жасаған балалар - ішкі істер органдарында ресми түрде есепке алынған, қылмыстық іс қозғалған 14 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Қылмыстық жауапкершілікке тартылған балалар - айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы шығарылған 14 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Кәмелетке толмағандардың қылмысы - қылмыс жасау кезіндегі жасы 18 жасқа емес, 14 жасқа толған қылмыс жасаған жасөспірімдер қылмыстарының жиынтығы.
Қылмыстың деңгейі - республика, облыс, аудан халқының белгілі санына (дұрысы 10 мың) есептеу бойынша тіркелген қылмыстардың саны. Кәмелетке толмағандар арасындағы жасалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы
Қылмыстық жауапкершілік
Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босату
Жазаның негізгі түрлері
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы
Кәмелетке толмағандардың жас және психологиялық ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Пәндер