Қазақтың ырым, тыйым сөздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Алматы облысы Іле ауданы № 16 коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бағыты: Гуманитарлық
Секциясы: Этномәдениет
Жобаның тақырыбы: Қазақтың ырым, тыйым сөздері - ұлттық тәрбие көзі

Авторы:
5 Ғ сынып оқушысы
Бөрібай Айсұлу
Жетекшісі:
Тарих пәні мұғалімі:
Каракулова Э.Т.

2022 - 2023 оқу жылы.
Ю. Гагарин атындағы № 16 орта мектеп
5 Ғ сынып оқушысы: Бөрібай Айсұлу
Қазақтың ырым, тыйым сөздері - ұлттық
тәрбие көзі
туралы ғылыми жобасына

пікір
5 Ғ сынып оқушысы Бөрібай Айсұлу Қазақтың ырым, тыйым сөздері - ұлттық тәрбие көзі туралы жобада қазақтың тәрбиелік мәні зор тыйым сөздерін жан-жақты зерттеген. Ана тілін сүюге, ана тілінде шешен сөйлеуге тәрбиелейді, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Отанын сүюге, қорғауға, тілін, ділін сақтауға, қадірлеуге, рухани байлығын арттыруға батырлыққа, ержүректілікке тәрбиелейді. Сөздік қорын байытуға, тіл байлығын арттыруға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге жетелейді және дұрыс оқуға, дұрыс сөйлеуге үйретеді деп тереңнен зерттеп жаза білген.
Жас ұрпақтың ырым, тыйым сөздері арқылы өз елінің , ата - тегінің дәстүрі және мұраларымен танысуға мүмкіндік алады. Ырымның ұлттық салт - дәстүрлермен, әдет - ғұрыптарды қалыптастыруда ешқандай ерсілігі, оғаштығы жоқ ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Халықтың тәлім - тәрбие, үлгі- өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю - деген мақал осыған байланысты шыққан.
Тыйым - жаман істеуден жиреніп, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатында шыққан халықтық педагогикалық ұғым. Тыйым сөздер - белгілі бір іс- әрекеттерді тыю мақсатында ырымдармен байланысты айтылатын сөздер.Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп. Тұрмыста тиімді қолдана білсек, пайдасы көп екеніне көз жеткіземіз, деп сыныптастарына үндеу тастаған.
Болашақта өз жазылған, ата-анасымен бірлесе жасай отырып, кітапша жазып шығармақ жоспары бар. Оқушы өте ізденімпаз. Бастаған жұмысын аяғына дейін толық орындайды.

Пікір жазған:

Аннотация
Бұл ғылыми жобада оқушы қазақ халқының тәрбиелік мәні зор ырым, тыйым сөздері туралы зерттеп, жас ұрпақ бойына тек адамгершілік қасиеті, қайырымдылықты, адалдық пен әділдікті, ізеттілікті, имандылық пен инабаттылықты егіп, игі әдеттерді сіңіруге, тәрбиелеуге ұмтылған. Басқаша айтқанда, ырым мен тыйым сөздер тұрмыста заң іспеттес іске асып отырған. Адамның адамгершілігі оның айналасындағы әр нәрсені қадірлеп, қастерлей білуіне, қатыгездік пен көргенсіздіктен аулақ болуына тәрбиелейді.
Ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптей отырып, баланың бойына озық әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді сіңіретіндей имандылыққа, ізгілікке тәрбиелейтіндей шешендік сөздерді кеңінен қолданып, ырым - тыйым, сөздерінің дағдыларын қалыптастыру мақсатында дәлелдеп жаза білген.
Аннотация
В этом исследовательском проекте, студент стремился привить молодое поколение образовательной сущности казахского народа и привить молодое поколение только нравственность, милосердие, честность, верность, нравственность, мораль, нравственность, мораль, нравственность, мораль, Мораль, мораль и борьба. Другими словами, ритуальные и запрещенные слова ведомы законом в жизни. Мораль человека воспитывает всех вокруг него, чтобы уважать и учить все вокруг него, чтобы избежать жестокости и видели.
Продвигая драгоценное наследие нашей нации, он смог доказать продвинутые обычаи и ритуалы ребенка, развивать навыки, развивать навыки, формировать свои навыки.
Annotation
In this research project, the student sought to instill in the younger generation of the educational essence of the Kazakh people and to instill in the younger generation only morality, charity, honesty, loyalty, morality, morality, morality, morality, morality, morality, morality, morality and strife. In other words, the ritual and forbidden words are being led by law in life. The morality of man educates everyone around him to respect and honor everything around him, to avoid cruelty, and seen.
By promoting the precious heritage of our nation, it was able to prove to the child's advanced customs and rituals, to develop the skills, to develop the skills, to form their skills.

Мазмұны
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Қазақ халқының ырым, тыйым сөздері туралы жалпы мағлұмат
ІІ.2. Қазақ халқына тән тәрбие құралдарының бірі - ырым
ІІ.3. Адам баласына қатысты ырым, тыйымдар
ІІ.4. Әйел, қыз-келіншектерге қатысты ырым, тыйым сөздер.
ІІІ.Жұмыстың зерттеу бөлімі
ІІІ.1. Жолға, ұй-тұрмыс жағдайына қатысты ырым, тыйымдар
ІІІ.2. Тағамдар, ыдыс-аяқ, киім кешектерге қатысты ырым, тыйымдар.
ІІІ.3. Денсаулық, табиғат, төрт түлік мал, су-егіншілікке қатысты ырым,
тыйымдар.
ІІІ.4. Тәрбиелік, тұрмыстық киіз үй, отбасына байланысты ырым,
тыйымдар
ІҮ. Қорытынды
Ү. Қолданған әдебиеттер тізімі

Тақырыбы: Қазақтың ырым, тыйым сөздері - ұлттық тәрбие көзі
Мақсаты: Қазақтың тыйым сөздерінің ұлттық тәрбиеге пайдасы барын зерттеп білу. Балаларды тәрбиелеу.
Міндеті: Адам тәрбиесіне пайдасын білу
Басқада ырым-ты йымдар туралы анықтау.
Күнделікте тұрмыста ырым-тыйымдарды қолдану, балаларды жамандықтан тию.
Өзектілігі:
Қазақтың ырым, тыйым сөздері
Зерттеу әдістері:
Ақпараттарды іздеу, кітапханамен жұмыс жасау;
-ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
-мәліметтерді жинақтау , талдау , зерттеу, қорытынды жасау;
Болжам:
Егер, қазақтың тыйым сөздерінің ұлттық тәрбиемізге, адам өміріне, пайдасы барын оқушыларға дәлелдесек, күнделікті тұрмыста тыйым сөздерді қолдана отырып, оларды мейірімділікке, патриоттыққа, адалдыққа тәрбиелейміз.
Күтілетін нәтиже:
Қазақтың ырым, тыйым сөздерінің бала тәрбиесіне, адам өміріне, пайдасы барын, барлық оқушылар ырым, тыйымдарды есте сақтап, күнделікті тұрмыста тыйым сөздерді қолдана отырып, олар мейірімділікке, патриоттыққа, адалдыққа тәрбиеленеді.

І.Кіріспе
Кай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрағат - міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Бала тәрбиесіне, терең мән беріп оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - қазақ халқы. Оның тәрбие - тәсілімдері мен тәжірибелері өте көп Қазақ халқы - әдет, әдеп - ғұрыпына өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер М.Шайкенов: Ұлт дәстүрі - заңнан биік, - деген. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдын ғасырға ұлт қасиетін салт - дәстүрін, өнегені әдеп - ғұрыппен, үлгіні жөн - жосықпен , әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайрымдылық , жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған.

ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Қазақ халқының ырым, тыйым сөздері туралы жалпы мағлұмат
Қазақ халқы ұл - қыздарының бойындағы кейбір оғаш қылықтарын бетіне басып, жүгенсіздікті тыйымдармен тәртіпке салып отырған, яғни тәрбиенің бұл құралы мінез - құлық ережесі түрінде қалыптастыруға тырысқан. Жас ұрпақ бойына тек адамгершілік ұрығын, қайырымдылықты, адалдық пен әділдікті, ізеттілікті, имандылық пен инабаттылықты егіп, игі әдеттерді сіңіруге, тәрбиелеуге ұмтылған. Басқаша айтқанда, ырым мен тыйым сөздер тұрмыста заң іспеттес іске асып отырған.
Осынау асыл мұраларымыз біршама уақыт ескілік сарқыншағы саналып, елеусіз қалып келді. Сондықтан да тәрбие қөзі ретінде пайдалану үшін бұларды ең алдымен бір жүйеге жіктеп келтіру қажет.
Орыс жазушысы Н.Г.Чернышевский : Ұлттың ең бастысы капиталы - халықтың адамгершілік қасиеті - деген. Яғни , тәрбие мен педагогикалық үрдістің негізі міндеттерінің бірі - жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерін дарыту, оларды гуманистік өнегелі нормалдарға тәрбиелеу. Адамның адамгершілігінің оның айналасындағы әр нәрсені қадірлеп, қастерлей білуінен, қатыгездік пен көргенсіздіктен аулақ.
Ана тілін сүйюге, ана тілінде шешен сөйлеуге тәрбиелейді, әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
Отанын сүюге , қорғауға, тілін, ділін сақтауға, қадірлеуге, рухани байлығын арттыруға батырлыққа, ержүректілікке тәрбиелейді.
Сөздік қорын байытуға, тіл байлығын арттыруға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге жетелейді және дұрыс оқуға , дұрыс сөйлеуге үйретеді.
Ғылыми шығармашылық жоба жұмыстарды орындау нәтижесінде оқушыны ойланту, өздігінен ізденіске салу, ойын тұжырымдату, ой - өрісін кеңейту, шығармашылығын дамытуға дағдымендырады.
Жас ұрпақтың ырым - тыйым сөздері арқылы өз елінің , ата - тегінің дәстүрі және мұраларымен танысуға мүмкіндік алады.
ІІ.2. Қазақ халқына тән тәрбие құралдарының бірі - ырым, тыйым
Ырым - Халқымыздың тәлім, тәрбиелік қызметі бар салт, дәстүрлерінің ішіндегі қызық әрі ойланарлық ғұрыптарының бірі. Ырымның ұлттық салт - дәстүрлермен, әдет - ғұрыптарды қалыптастырудағы орны зор.Жас ұрпақтың өзін өзі ұстау, тіл әдебімен адамдар арасында қатынас түзе білуінде ерекше орынға ие. Ырым - тәрбиелік мәні бар сенім - наным, жосын жоралғылар көп.
Ырым- ешқандай ерсілігі , оғаштығы жоқ ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Ырым сөздер - белгілі бір наным салдарынан адамдардың санасында қалыптасып қалған алда болуы мүмкін ,істерге психологиялық - эмоциялық сезім күйлерін, иланымдарын білдіретін сөздер.
Тыйым - Халықтың тәлім - тәрбие, үлгі- өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю - деген мақал осыған байланысты шыққан.
Тыйым - жаман істеуден жиреніп, жақсылыққа елінтеу, бейімдеу мақсатында шыққан халықтық педагогикалық ұғым. Тыйым сөздер - белгілі бір іс- әрекеттерді тыю мақсатында ырымдармен байланысты айтылатын сөздер.Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.
ІІ.3. Адамға қатысты ырым, тыйымдар
Адам - халықтың тарихи дамуының барысында қарын - қатынас пен қоғамдық қатынасқа түсе отырып, ырым тыйым сөздері арқылы рухани мәдениет пен этиканы қалыптастырды.Адамдарға қатысты ырым - тыйым сөздер:

Кісіге қарап есінеме
Есеп бер әр ісіңе,білу керек түсіне.
Есінеме, қарағым, аузыңды ашып кісіге.
Ондай - ондай баланы, ақыл - есі шамалы-
Ұртын не тілін тістеп алған адамның үйіне ашыққан кісі келеді.
Адамның оң көзі тартса - қуанады, сол қөзі тартса - ренжиді.
Адам түшкірсе әлһәмдулә дейды.
Қолынан іс келмейтін адам бір шаруа жасаса, жерден шөп алып сындырады.
Мақтап жүретін адам тамақ үстіне келеді, ал жамандап жүретін адам дастарқан жиналғанда келеді деп санайды.
Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады.
Ойынға ашуланған адамның басы таз болады.
Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, көз тиеді деп түкіртеді.
Жиенін ұрған адамның қолы қалтырайды деп саналады.
Біреу қайтыс болды деп естіп, кейін бұл хабар жалған болып шықса , ол адам көп жасайды екен деп ырымдайды.
Жас адам ожаумен су ішсе жарының мұрны үлкен болады.
Түнде үрейлі түс көрсе, қазақ таңертең жерге үш рет түкіріп, Түс - түлкінің боғы деп, үш қайтара айтып түкірікті оң аяғының табанымен үш рет басып таптайды.
Қазақта қыл арқанды ұрламайды. Ұрлаған адам аспаққа асылады, оның мойнына қыл арқан түседі деп сенеді.
Сәби, бала - Қазақ халқы ұрпақ қамын ойлайтын, бала өсіріп тәрбиелеуге аса назар бөлетін ұлт. Балалы болуды қалайтын халық. Баласыз болуды үлкен кемістік, кемшілік деп көреді. Қазақ халықта Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар деп атайды. Қазақ бала туралы Балаңды бес жасқа дейін хандай көр, он бес жасқа дейін жүмса, он бестен ары онымен досыңдай ақылдас дейді.Баланы дұрыс тәрбиелеу үлкен ұлағатты іс болмақ. Қазақ халқында балаға қатысты ырым сөздер көп. Олардың бала тәрбиесіне, оның өсіп - өнуіне зор ықпал бар деп көріледі.
Бос бесікті шайқама
Құран сөзін қайтала, білмесе жұрт айта ма?
Әлі бала жатпаған, бос бесікті шайқама.
Ғибрат сөз ұққанға, үйге кіріп, шыққанда.
Өліп - өшіп таңданып, нәрестеге сұқтанба.
Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Ер баланың кіндігін үй күшік болмасын деп қырдан асырып лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін үйдің құты болсын деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.
Жаңа туған сәбиді емізбестен бұрын таза суға малыңған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде қасқыр киелі саналған, сондықтан да бұл ырым бала қасқырдай қайратты да қажырлы болсын деген ниеттен туындаған.
Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы және бесік көрпе) жабады. Кебенек пен қамшы - ел қорғайтын ер болсын деген тілекті білдіреді.
Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, 37 -39 күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып, 42-44 күнге қырқынан шығарады. Бұл - ұл баланың қалындығына төлейтін қалың малы аз болсын, қыздың қалың малы көп болсын деген ырым.
Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.
Баланың желкесі шұқыр болса немесе желкесінен сүйсе, қырсық, кесір болып өседі.
Баланың орайы екеу болса, екі рет үйленеді, немесе екінші рет тұрмысқа шығады.
Батырдың, ақынның, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады.
Балаға қарсы өтпеу үшін кемпірдің бұтынан өткізіп алады.
Сәбиге көз тимес үшін бетіне күйе жағып, үстіне киім кигізеді.
Бойына бала бітпей жүрген әйел баланың ит көйлегін ырым етіп қалап алады.
Баланың қарын шашын адам аяғы баспайтын жерге көміп тастайды. Өйтпесе, бала бақытсыздыққа ұшырайды.
Сәбидің аяғын басып тез жүріп кетуі үшін тұсау кесіледі.
Баланы асырап алған ер балаға - асықты жілік, қыз балаға тоқпан жілік ұстатып, көпшілікті бұған куә етеді.
Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса, үйге береке, ырыс, байлық келді деп қуанады.
Бала тумай, шетіней берген жағдайда оны басқа адам өтірік сатып алады.
Әйелдің кезінде жерігі қанбаса, баланың аузынан су ағып жүр
Сәби көзін ашып ұйықтаса, жары сұлу болады.
Есіктің тұтқасын жуғаг сумен көз тиген баланың бетін, екі алақаны мен табанын жуса, тәуір болып кетеді.
Көзіне жара шыққан балаға сойған малдың немесе кұстың көзінің суын жақса, жазылып кетеді.
Бала тілін шығарса, яғни, хабар келеді деп жориды. Сәбидің тілі мезгілінде шықпаса, нағашысының үйіне апарып бір қойды сойып, соның ішегімен буындырады.
Баланың мойны тез және беку үшін оның шілдеханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп, кептіріп қояды.
Шала туған баланы тымаққа салып, неше күні кем болса, сонша күн кереге басына іліп қояды.
Сәби қолындағы заттарын шашу деп шашса, ол үйде той болады.
Жіліктің майын жеген бала боқмұрын болады.
Бастың миын жеген бала өскенде мидай былжырайды.
Табалдырыққа шыққан баланың бойы өспейді.
Жасында нәжісін жеген бала өскенде жоқ тапқыш болады.
Тарғақтың жұмырқасын жеген баланың бетіне дақ түседі.
Құлықты езіп табанына жыққан бала жүйрік болады.
Тігілген көйлектің етегі бүгілмесе сәбидің тілі тез шығады.
Баланың жыңы бас киімінің байғазысына үкі қадау - ақ тілек.
Бесікті сатуға, кез келген адамға беруге, саудаласуға, аяқ астына тастауға болмайды. Қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады. Баласы көп үйдің бесігін жақсы ырымға жорып, тек жақын туыстары қалап алып, жаңа түскен келіннің отауының төріне қойған. Бесікті ашық қалдырмайды, орап қояды. Бос бесіктің өзін анда санда отпен аластап, жын - шайтаннан қорғаған
ІІ.4. Әйел, қыз-келіншектерге қатысты ырым, тыйым сөздер.
Қыз - келіншек - Қай ата - ананны алсақ та, қызының ертең барған жерінде балдай татып, судай сіңіп кетуіне, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді.
Ауыр сөз айтпа
Егескенді ер деме, есіктен кіріп төр деме.
Қайтып көрер досыңды, қатты сөзбен жерлеме.
Досың қалар мұңайып, кәне , кіріп шығайық.
Қайта ашатын есікті , қатты жаппау лайық.
Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ- жаулықтың, қара - қайғының белгісі.
Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды, өйткені күйуеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
Әйелге түнде суға баруға болмайды, өткені қорқып, шошыма ауруына ұшырауы мүмкін.
Бала шымыр болсын деп жүкті әйелге сағыз шайнатады.
Түсік тастамасын деп жүкті жас әйелдің көйлегінің етегін бүріп қояды.
Аяғы ауыр әйелге пышақ, ара, қайшы сияқты өткір нәрселерді ұстатпайды.Ұстаса, мезгілінен бұрын босанады деген ырым бар.
Жүкті әйел арқан аттамайды, аттаса баланың кіндігі мойнына оралып қалады деген ырым бар.
Адамның келіншек отырған жағындағы аяғы ұйып қалса, ол жүкті екен дейді.
Жас келіншек бір үйден дметсе, сол үйден дәм әкеліп беру керек.Өйтпесе, көкірегі ісіп кетеді.
Аяғы ауыр әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болады деген ырым бар.
Әйел аттылы ер адамның жолын, үлкендердің алдын кесіп өтсе, бақытсыз жағдайға душар болады.
Әйелге шашын отқа тастауына болмайды,О дүниеде құдай әйелдер мен қыздардан саған берген шашымды қайда тастадың деп сұрайды. Әйел тарақ жүзіндегі шашты жинап, аяқ баспайтын жерге қоюы керек.
Әйелге шашын жайып жүруіне болмайды. Өйткені қаралы әйел ғана шашын жайып жіберетін болғ

ІІІ.Жұмыстың зерттеу бөлімі
ІІІ.1. Жолға, ұй-тұрмыс жағдайына қатысты ырым, тыйымдар
Жол - Қазақтың кең - байтақ жерінде жолға шығу , жол жүру аса көп дайындықты қажет еткен. Себебі тұрғын елді мекендердің, батыспен шығыстың, оңтүстік пен солтүстік аймақтарының алып жатқан аумағы ұланғайыр. Алыс жолға аттану, діттеген жеріне аман - есен жету үшін халық бүкіл жан дүниесімен беріліп, тілеу тілеген. Ұзақ жол жүру, оңай шаруа емес. Табиғаттың дүлей апатынан сақта, жақсы жол бере гөр, өзімнің, көлігімнің денсаулығын бере гөр - деп жаратқанға жзалынған
Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.
Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды.Ол құдайға астамшылық,күпірлік болады. Жол жүретін ада Алла жазса, Алла жол берсе, Құдай қаласа, Барар жердің дәмі тартса деп тілек тілегенде , жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады.
Жолаушының алдынан қара мысық кесіп өтсе, жолы болмайды.Егер ит кесіп өтсе, жолы болады.
Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.
Үй тұрмысы- Ұлттық ұғымда үй тұрмысы және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады.Соған орай ата - бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу сияқты қанатты сөздер шығарған. Әркім өз үйін алтын босағам деп дәріптейді.
Үйді айналма
Үйді айналып жүгірме, бас айналар түбінде.
Жұрт тынышта - ел аман, срінерсің түбірге.
Халық берер бағасын,сен әзірге баласың.
Үйді айналсаң, өскенде үйкүшік боп қаласың.
Жаңа үйге көшіп келген отбасына қонақ жайлы болсын! дейді.
Егер үйге байғыз қонып , бақыратын болса, бұл үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды. Егер, керісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.
Үйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды.
Ит ұлыса, шаңырақта жаманшылық болады.
Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.
Үй сыртына ит сарып кетсе, құт болады деп жақсылыққа жориды.
Несібесі көп, дастарқаны мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.
Пәле - жаладан аулақ деп жаңа үйленген жастардың төсегін арша түтінімен ыстайды.
Үйге жылан кіріп кетсе, оның басына ақ (сүт тағамы) құйып шығарып барып өлтіреді. Жыланға да ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақы ырым-тыйымдардың – діни-философиялық астарлары
Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары
Түркі халқына ортақ балаға қатысты ырым - тыйымдар
Жолға қатысты ырым - тыйымдар
Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың cаяси-рухани өзегі
Қазақы ырым-тыйымдардың лингвомәдени мәні
Тіл мен мәдениет мәселесінің этнолингвистиканы қалыптастырудағы ролі
Тыйым сөздердің жалпы сипаты, олардың ерекшеліктері
Халық-педагогикасындағы-имандылық-пен-адамгершілік-тәрбиесі
Тәрбиенің негізі –ұлттық тәлім-тәрбие
Пәндер