Сый алушының құқықтары мен міндеттері


Жоспар
Кіріспе 2
1. Сыйға тарту шартының ұғымы, нысаны, элементтері, тараптары 4
2. Сыйға тарту шартының мазмұны, тараптардың құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі . 3. Сыйға тарту шартын жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі мен ерекшеліктері
4. Сыйға тарту шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КіріспеСыйға тарту шарты күнделікті өмірде өте жиі кездесетін шарттардың бірі. Адамзат табиғаты болар, адамдарға мейірімділік, жомарттылық, қайырымдылық қасиеттері жат емес, сол себепті олар өздеріне ғана мәлім себептермен бір - біріне арзан да, қымбат та сыйлықтар жасап жатады. Көп жағдайларда олар Азаматтық кодекспен реттелетін қатынастарға түсіп отырғанын білмейді де. Күрделі объектілерді, мысалы қозғалмайтын мүлікті сыйға тарту кезінде тараптар сыйға тарту шартының бар екендігін әдетте біледі, себебі бұл шарт формальдық процедуралардан өтуді қажет етеді. Ал қарапайым заттарға келгенде және шартты жасасу мен оны орындау бір мезгілде жүзеге асқанда тараптар азаматтық - құқықтық реттеудің әсеріне түсіп отырғанын көбіне кейіннен біліп жатады. Айтайық, ерлі - зайыптылардың ортақ мүлкіне олардың біреуіне берілген сыйлықтары кірмейді, ендеше ол ортақ мүлік ретінде бөлінуге жатпайды. Басқа мысал, меншік құқығы жаңа меншік иесіне өзінің барлық ауыртпалығымен қоса ауысады.
Сыйға тарту шарты біржақты шарттардың қатарына жатады. Шарт біржақты болғандықтан, сый алушы сыйды алуға міндетті емес, бұл оның құқығы. Дегенмен шарт жазбаша жасалған кезде шартты орындамау сый алушы үшін сый берушіге келтірілген нақты нұқсанды өтеу түріндегі жағымсыз салдар туғызуы мүмкін. Шарт нақты да, консенсуалды да бола алады. Шартты жасасу мен сыйды беру бір мезгілде жүзеге асырылатын сыйға тарту - нақты шарт. Ал сыйды келешекте беру уәдесін көздейтін шарт консенсуалды болады. Сый беру уәдесі біржақты мәміле болып табылады. Бірақ уәдені көздейтін біржақты мәмілелер сыйға тарту аясында ғана емес, басқа да салаларда, айтайық сыйға тартуға ұқсас болып келетін сыйақыға жария түрде уәде беру кездеседі. Егер сыйға тарту шартын жасаудың элементі ретіндегі сый беру уәдесі оферта болып танылса, сыйақыға жария түрде берілген уәде дербес біржақты мәміле ретінде қарастырылады. Екі уәденің екеуі де құқықтық мағынаға ие болу үшін олар белгілі қасиеттерге ие болуы керек. А. Г. Диденко мұндай қасиеттер ретінде: уәденің бастама сипатын; уәдедегі шарттарды келешекте іске асыруға бағыттауды; уәденің міндеттілік мәнінің заңнамада немесе мәміледе бекітілуін атайды.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі; Сыйлық тарту шартын реттеу қажеттілігінде жатыр, өйткені қазіргі уақытта бұл шарт тәжірибеде жиі қолданылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының құрамына сәйкес, әркім өз меншігіндегі мүлікке иелік етуге, оны иеленуге, пайдалануға және басқа адамдарға бірлесіп билік етуге құқылы, бұл шарт басқа шарттардан айырмашылығы, сыйға тарту шарты өтеусіз және азаматтық құқықтың ең көне шарттарының бірі болып табылатындығынан.
Зерттеудің мақсаты;
Заңды анықтау
Сыйға тарту шартының сипаттамалары және проблемаларды анықтау
Салыстырмалы құқықтық әдіс арқылы жүзеге асыру, талдау.
Зерттеудің міндеті;
Сыйға тарту шартының ұғымын қарастыру;
Шарттың нысанасын сипаттау;
Сыйға тарту шартының тараптары мен мазмұнын зерделеу;
Шарттың осы түрінің тоқтатылу ерекшеліктерін зерделеу.
1. Сыйға тарту шартының ұғымы, нысаны, элементтері, тараптары"Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.
Сыйға тарту шарты Азаматтық кодексте аталған және онда көп кездеспейтін ақысыз шарттардың бірі болып табылады. Кейбір шарттар, айтайық, тапсырма, заем, сақтау және тағы басқалары ақылы да, ақысыз да бола алады. Заң шығарушы ол шарттарға қатысты ақылы болу не, керісінше, ақысыз болу презумпциясын белгілейді не болмаса шартты ақылы не ақысыз деп белгілеу мүмкіндігін толығымен тараптардың өздеріне береді. Бұнымен бір мезгілде Азаматтық кодекстің 384 - бабында шарттардың ақылы болу презумпциясын жалпы ереже ретінде ұстанады " [1] .
"Сыйға тарту шартының азаматтық айналымдағы ерекшеліктеріне қарай заң шығарушы шарт нысанына арнайы талаптар қояды. Егер нақты сыйға тарту шарты жасалса, жалпы ереже бойынша ауызша нысанда жасалады, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 151, 152 - баптарының нормалары қолданылады. Заң кейбір нақты сыйға тарту шартын жазбаша түрде жасауды талап етеді. Жазбаша нысанда жасау, егер сыйға тартушы заңды тұлға болып және сый мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен асатын болса талап етіледі. Мүндай талап заңды тұлғаның балансындағы мүліктің тіркелу ережелерімен байланысты. Егер мүлік заң негізінде қайтарымсыз берілсе онда тиісінше дәлелдемелерде болуы тиіс (чек немесе құжаттардың болмауы анық) ал кері жағдайда заңды тұлға органдары (материалды жауапты түлғалар) жетіспеушілік үшін жауапты болады. Бірақ бүл міндетті талап емес, сыйға тартудың жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда шарт жасалғаны басқа да жазбаша жасалған қүжаттармен дәлелденуі мүмкін. Сыйға тартуды заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұратын жұмысшылырды материалдық нысанындағы көтермелеуден ажырата білу керек, бірақ та мұндай қатынастар еңбек заңымен реттелмеген бөлігінде сыйға тарту нормаларымен реттелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларында дәл көрсетілмегендігіне қарамастан, егер сыйға тарту шартын мемлекеттік тіркеу талап етсе, ол жазбаша жасалады. Өйткені қозғалмайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін осы мүлікке құқықты беретін құжаттар керек. Алдағы уақытта сыйға тартуға уәде беру - консенсуалды шарт болып табылады және әрқашан жазбаша түрде жасалады. Осы шарттың заң талап ететін жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады" [2] .
"Қазіргі кезде сыйға тарту шартының пәні болып зат сонымен қатар мүліктік құқықтар да табылады. Нақты сыйға тарту затын көрсетпей - ақ өзінің барлық мүлкін сыйға тартуға уәде беру жарамсыз болады. Бұл жағдайда сыйға тарту пәні болмайды. Қандай да игілікті қайтарымсыз алу әрқашан сыйға тарту болып танылмайды. Рим құқығында қайтарымсыз пайдалану, процентсіз займ және қайтарымсыз сақтау сыйға тарту деп қарастырылмаған. Сыйға тарту болып бір нәрсені уақытша пайдалануға беру немесе ақысыз қызметті жүзеге асыру болып келмейді, тек сезілетін нәрсені (субстанцияны) беру сыйға тарту болып бағалануы мүмкін. Айтылған Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық доктринасында қалыптасқан сыйға тарту шартының түсінігіне және оның пәніне қарама - қарсы келмейді. Егер де сыйға тарту белгілі бір міндеттемеден босатса, онда, бұл әрекетте біз азаматтық - құқықтық міндеттемені борышты кешіру арқылы тоқтату сияқты Азаматтық кодексінің 373 - бабымен көзделген әрекеттен өзгешелікті байқай алмаймыз" [3] .
"Сый алушының міндеттемеден босатылу жағдайында әдетте сыйдың пәні болмайды. Бұл кезде сый алушы сый берушіден мүлік алмайды. Сыйдың нысанасы болып сый алушы жеткен жетістіктер саналады, бірақ оны азаматтық - құқықтың қандай да бір объектісі ретінде бағалауға болмайды. Осы жағдайда сый алушы сыйдың арқасында өзінің мүлкін сақтап қалады. Бірақ оның құрамы сый алушы босатылған міндеттеме сияқты нақты емес сыйға беруші борышкерді үшінші тұлғалар алдындағы міндетінен босатқан кезде де ұқсас жағдай пайда болады. Осындай қайшылықтар салдарынан сыйға тартуды реттейтін заңнама біздің ойымызша өзгертулерді керек қылады. Біздің ойымызша сыйға тарту шарттардың қатарынан сыйға алушы сыйға беруші немесе үшінші тұлға алдындағы міндеттемесінен босатылатын жағдайларды алып тастау керек. Сыйға тарту шартының нысанасын ол қандай түрге жататындығы әсер етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 516 - бабына сәйкес жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырымдылық деп танылады. Қарастырылған норманың мазмұнын біз қайырымдылық нысанасы болып тек зат немесе мүліктік құқық табылатынын көре аламыз. Ал қарапайым сыйға тарту мұндай шектеулерді білмейді" [4] .
"Сыйға тарту шартының тараптары сый беруші мен сый алушы болып азаматтық құқықтың барлық субъектілері келуі мүмкін. Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік - аумақтық бөліністер. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 1998 жылғы 22 қазандағы 637 - қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуымен ұйымдарға арендаға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген қолданылмайтын өндірістік ғимараттар, объектілер және офистік ғимараттарды меншігіне беру ережесі бекітілген болатын. Бұл ереже Қазақстан Республикасының Президентінің «Жеке кәсіпкерлік қолдануды күшейту және активизациялау туралы» 1997 жылғы 6 наурыздағы 3398 - Жарлығына сәйкес «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған болатын. Бұрын Қазақстан Республикасында жекешелендіруге жататын пәтерлерді (және басқа да үй - жайларды) қайтарымсыз азаматтың меншігіне беру орын алған болатын. Жоғарыда көрсетілген жағдайда сый беруші болып мемлекет немесе әкімшілік - аумақтық уәкілдік берілген орган арқылы шартта қатысады" [5] .
"Ал сый алушылар болып шағын кәсіпкерлік субъектілері табылады. Бұл шартты қайырымдылыққа жатқызуға болмайды. Өйткені шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпыға пайдалы қызметі жүзеге асыруы талап етілмейді. Ал егер мемлекеттің басқа жағдайда сыйға беруі туралы айтатын болсақ, мынаны ескеру керек: әкімшілік акт негізінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға мүлік (компьютерлер, кітаптар, құрал - саймандар, ғимараттар және тағы басқа) олардың жедел басқаруына шаруашылық жүргізуіне беріледі. Бұл қатынастарда сыйға тарту болуы мүмкін емес, өйткені меншік иесі бар. Ол - мемлекет. Бұл жағдайда қайырымдылық тек жеке меншік нысанындағы заңды тұлғалар пайдасына жасалуы мүмкін" [6] .
Сый беруші болып әрекет қабілеттілігі бар адам бола алады. Сыйға тарту мүмкіндігі 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және сот әрекетке қабілетсіз деп танығандар үшін барынша шектелген. Олардың атынан заңды өкілдердің сыйға тартуына, сыйдың құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жағдайды қоспағанда жол берілмейді. Онда да мұндай сыйды беру үшін алдын ала қорғаушы мен қамқоршы органдардың келісімі керек.
Егер сыйға тартушы 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеттілігі шектелген кәмелетке толған болса заңды өкілі қорғаушы және қамқоршы органның алдын - ала келісімінсіз сыйды беруге рұқсат ете алмайды. Әрекет қабілеттігі шектелген және жартылай әрекет қабілетті тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәміле болып табылатын мәмілелерді ғана өз бетімен (дербес) жасай алады. Әрекет қабілеттігі жоқ тұлға ешқандай шектеусіз сый алушы ретінде бола алады, ал сыйды оның атынан қорғаншылары (ата - аналары, асырап алушылары) алады. Қамқоршыларының келісімімен 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар және әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар сый алады (ал ұсақ сыйларды олар жеке өздері алуға болады) .
"Ресей Федерациясының кәмелетке толмағандармен немесе олардың қатысуымен жасалатын сыйға тарту біздің елге қарағанда басқаша тұрғыдан жол тапқан. Ол кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттігі құқықтарын реттейтін батыс елдерінің заңдылықтарына ұқсас. Мысалы, Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің 26 - бабының 2 - тармағына сәйкес 6 жастан 14 жасқа дейінгі және 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өз беттерімен нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап етпейтін ақысыз пайда алуға бағытталған мәмілелерді жасай алады. Осындай шешімдермен келісуге болады, бірақ балалардың тәрбиесіне, жүйкесіне, моральдық дамуына зиян келтіруі мүмкін сыйларды табыс етуге тыйым салу керек " [7] .
2. Сыйға тарту шартының мазмұны, тараптардың құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі"Сыйға тартушының құқықтары мен міндеттерінің, ол сыйға тарту шартының реалды әлде консенсуалды түрін жасады ма соған қарап өзгешеленеді. Шарттың мазмұнына шарттың нысанасы да әсерін тигізеді. Шартты жасасу және затты беру сәттері бірдей болғанда (сыйға тартудың реалды шарты), сыйға тартушының заттың өзін беруден басқа елеулі міндеттері болмайды. Сыйды беру оны сый алушыға беру оған қатысты белгілерді (кілті және тағы басқа) беру немесе затқа құқықты растайтын құжаттарды ұсыну арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мұны сыйға тартушы барлық міндеттерден босатылған деп санауға болмайды. Егер заттың керек жарағы болса онда сый тартушы оны беруге міндетті болып табылады. Мүлікті берген уақытта сыйға тартушы оған қоса тиісті қүжаттарды да беруі керек. Өйткені мүлік (бірінші кезекте заттар) сый алушыға қайтарымсыз беріледі. Сыйға тарту шартында сыйға беруші сыйға алушының мүлікке қүқықтарын ресімдейтіні қарастырылуы мүмкін. Сыйға тарту шартының ақысыздығы сыйлаушыға сыйды алушының өзіне, оның мүлкіне қауіпті заттарды сыйлау құқығын бермейді" [8] .
Сыйға тарту шартында сый беруші сый алушыдан ұзақ өмір сүрген жағдайда сыйға тартудың күшін жою құқығы ескертілуі мүмкін. Егер шартта тікелей бұл негіз көрсетілмесе, онда ол оған сілтеніп сыйға тартудың күшін жою мүмкін болмайды. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту және сыйға тартудың күшін жою құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заттарға қолданылмайды. Қайырымдылық жасаушы оның мүліктік немесе отбасылық жағдайы, не денсаулығы, тұрмыс деңгейі нашарлаған жағдайларды қоспағанда қайырымдылық шартын басқа кездері жоя алмайды. Шартты жоюдың қарастырылып отырған негізі тек болашаққа сыйға тартуға уәде беруді (қайырымдылық) қарастыратын сыйға тарту шарттарына тарайды.
"Сыйға тартудың нысанасы болып бағалы қағазбен расталатын мүліктік құқық келсе, бағалы қағаз ұсынушыға болса, сыйға тарту оны беру арқылы жүзеге асырылады. Бағалы қағаз ордерлік болса, онда оның берілуі туралы жазу (индоссамент) жасалуы тиіс және ол іс жүзінде берілуі керек. Құжатсыз бағалы қағазды сыйға тарту құқықтық сыйға алушыға жататыны туралы жасау арқылы жүзеге асырылады. Цессия (үшінші тұлғаға қатысты мүліктік құқықты беру) жағдайында сыйға беруші талап ету құқығын беруге қатысты барлық ережелерді орындауы керек. Мысалы, сыйға алушыға сыйды алушының тұлғасымен тығыз байланысты құқықтар, жекелеп алғанда алименттер бойынша немесе өмірге әлде денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар. Міндеттемені үшінші жақ алдында орындаудан сыйды алушыны бостау кредитор алдындағы сый алушының міндетін орындау арқылы жүргізіледі немесе Азаматтық коедкстің 348 - бабына сәйкес борышты сыйды берушіге аудару арқылы жүзеге асады" [9] .
Егер шартта өзгеше көзделмесе екі жағдайда да сыйды беруші сый алушының міндетін толық көлемде және тиісті орындауға міндетті. Болуы мүмкін шешімдер осылармен шектелмейді. Сый тартушы несие берушінің келісімін алған болса өз кезегінде борышты өзге тұлғаға аудара алады. Айтылғандай мүліктік құқық сый берушінің өзіне де қосымша қатысты болуы мүмкін. Осындай сыйға тарту нәтижесінде сый беруші мен сый алушы арасында азаматтық - құқықтық қатынас пайда болады. Зат берілу жағдайынан ерекшелігі мүліктік қүқықты беру сыйға тарту шартын әрқашан мерзімсіз және бет бұрусыз мінезді бере бермейді. Мүліктік құқықты сыйлау кезінде бір емес бірнеше құқықтық қатынас пайда болуы мүмкін. Мысалы: міндеттемелік, заттық немесе авторлық құқықтық қатынастар. Соңғы екі қатынастың пайда болуы сыйға тарту үшін міндетті емес. Бірақ бір немесе өзге мазмұны бар міндеттемелер, соның арасында заттық әлде авторлық қатынастармен бірге орын алатын міндеттемелер әрқашан пайда болады. Пайда болатын міндеттемелердің мінезі мүлдем жаңа (ерекше) болмайды. Кейбір жағдайларда оларда бірнеше міндеттемелердің мінезі біріктірілуі мүмкін. Заттық құқықтарға келсек, олардың мазмүны, көлемі негізінен тікелей заңнама нормалары бойынша анықталады. Егер сыйға тарту уәде беріліп алдағы уақытта жасалатын болса, онда сый берушінің міндетіне оны берудің мерзімін және шартта көзделген өзге де талаптарды сақтау жатады. Ал қалған жағдайларда сыйға тартудың реалды және консенсуалды шарттарының айырмаларында болмайды деп есептейміз.
"Сый алушының құқықтары мен міндеттері. Сый алушының сый алуға құқығы бар. Егер сыйға тарту шартының нысанасы белгілі бір зат болса және сый беруші өз уәдесін орындамаса, сый алушы оны беруді талап ете алады. Егер заттар текті болса, немесе сыйға тартудың нысанасы болып мүліктік қүқық келсе, ол келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Басқа мәмілелер сияқты сыйға тарту шарты кейбір жағдайларда шартты болып табылады. Бүл Қазақстан Республикасы Азаматтық заңнамасында, кейде тікелей қарастырылады. Өзінің заңды әсеріне сәйкес олар мәміле күшін жоятын шарттарға жатады. Сыйға тарту шартында бүл тәсілді қолдану шарттың жағдайына байланысты, яғни заңнамада диспозитивтік реттеу қолданылған. Жалпы тәртіп бойынша мәміледегі (сыйға тарту шарты) жою шарты пайда болса, сыйға алушы оған сый берілуін талап ету құқығынан айырылады. Сыйға тарту шартының біржақтылығына қарамастан оған сый алушының да келісімі керек. Сый алушының келісімі болуының болжамы Азаматтық кодекс нормалары мағынасынан көрініс табады. Егер сый алушы сыйға келіспесе, ол сый берілген уақытқа дейін одан бас тартуға құқылы. Сыйдан бас тарту сонымен сый алушының белсенді әрекеттерді жасауын талап етеді. Егер шарт жазбаша түрде жасалған болса, онда одан бас тартуда жазбаша түрде болуы тиіс. Ал егер сыйға тарту шарты тіркеліп қойған болса одан бас тарту да мемлекеттік тіркелуі тиіс. Сый алушының сыйды алудан бас тартқан кездегі ішкі ниеттенулері мұрадан бас тартатын мұрагердікіндей болуы мүмкін" [10] .
"Заң шығарушы сыйдан бас тартудың ерекше талаптарын бекітпейді, бірақ мұрадан бас тарту секілді сыйдың бір бөлігінен бас тартуға болмайды, оны ауыртпалықсыз алу және тағы басқа бұл құқықты теріс пиғылмен пайдалану болып келеді және де сыйды табушы жасаған ұсыныстың (офертаның) да шегінен шығып кетеді. Әдетте сыйға тартуда сый алушы сыйға тартушыдан алған мүліктік игілікті өз қалауы бойынша пайдаланады. Егер әңгіме қайырымдылық шарты төңірегінде болса, жағдай өзгереді. Ол (қайырымдылық шарты) әрқашан сыйға алушының мүлікті жалпыға пайдалы мақсатта пайдалану міндетін бекітеді.
Егер мүлік азаматқа сыйланса, онда қайырымдылық жасайтын тұлға оны қандай мақсатта қолдану талабын айқындау диспозитивті, яғни қандай жағдайда да мүліктің қолданылуы оның жарғылық қүқық қабілеттілігі шегінде болады. Көрсетілген қайырымдылық нормалары халыққа әлеуметтік көмек көрсететін әртүрлі ұйымдардың бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету көзқарасынан маңызды болып келеді. Оның қолданылуы айқындалған қайырымдылықты алатын заңға сәйкес олар мәміле күшін жоятын шарттарға жатады. Сыйға тарту шартында бұл тәсілді қолдану шарттың жағдайына байланысты, яғни заңнамада диспозитивтік реттеу қолданылған. Жалпы тәртіп бойынша мәміледегі (сыйға тарту шарты) жою шарты пайда болса, сыйға алушы оған сый берілуін талап ету құқығынан айырылады. Сыйға тарту шартының біржақтылығына қарамастан оған сый алушының да келісімі керек" [11] .
3. Сыйға тарту шартын жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі мен ерекшеліктері
"Сыйлық-Азаматтық құқықтағы ең көне шарттардың бірі. Республика кезеңіндегі Рим құқығында (б. з. д. V-I ғғ. ) сыйға тарту меншік құқығының пайда болуының негіздерінің бірі ретінде танылды.
Революцияға дейінгі азаматтық заңнамада сыйға тарту шарттар қатарынан алынып тасталды және тек заттық құқықтардың пайда болуының негізі ретінде қарастырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz