Асық ойыны - қазақ халқының дәстүрлі ойыны
Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті
Реферат
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық спорт түрлері. Олардың жастардың рухани және физикалық дамуындағы рөлі
Орындаған: Таңжарық Айдар
1 курс студент, 22.271
Мамандық :қаржы нарығы және қаржы институттары
Тексерген: Шепетюк Наталья Михайловна
Алматы 2022
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім. Ұлттық спорт түрлері
1. Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық негізін анықтаудың маңыздылығы
2. Қазақтың ұлттық спорт түрлері
3. Ұлттық ойындардың жасөспірімдердің психологиялық денсаулығына әсері
4. Ұлттық спорт түрлерінің жастардың рухани және физикалық дамуын рөлі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ұлттық спорт түрлерінің даму тарихын әлем халықтарының және олимпиадалық ойындардың даму барысымен байланыстыра отырып, адамзат тарихындағы ұлттық ойындардың халықтардың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болғандығын тарихи тұрғыдан негіздеп көрсетеді. Ол өз зерттеулерінде тоғыз құмалақ, түйе жарыс, қыз қуу, көкпар, күміс алу, жаяу жарыс, жамбы ату, тағы да басқа ойындардың жастар арасындағы тәрбиелік рөлімен қоса, халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуда атқаратын орны туралы да тұжырымдар жасайды. Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу - тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады. Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойындарымызды халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру де осы жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады.
Қазақстан Егемендігін алған уақыттан кейінгі 1993 жылдан бастап дене шынықтыру сабағына арналған Бағдарлама екі бөлімнен құрастырылды. Біріншісі - Міндетті бөлім деп аталып, оған 42 сағат бөлінді, екінші бөлім - Таңдау бойынша деп аталып оған 26 сағат бөлініп, ол бөлімде мектептің ұлттық және аймақтық - климаттық ерекшеліктері ескеріліп сабақтарды таңдау мектеп пен дене шынықтыру мұғалімдерінің еркіне берілді. Осы бағдарламалардан бастап мектептерде ұлттық ерекшеліктер ескеріліп, сабақтарға ұлттық ойындар кеңінен енгізіле бастады. Қазақ халқының ұлттық ойындарының бір ерекшелігі олардың мазмұнында әлеуметтік-педагогикалық мақсаттың айқын көрінуі болып табылады.
Халқымыздың жасаған ұлт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық негіздерін зерттеп пікір айту, оны тәрбие құралы ретінде ұтымды пайдалану қазіргі уақыт талабына сәйкес келеді. Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан соң қабылданған мектептерде өзгермелі бөлім тарауы енгізіліп осы бөлімде ұлттық дене тәрбиесіне арналған ойындар мен спорт түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік ашылды
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық негізін анықтаудың маңыздылығы
Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің қолайлы тәрбие құралдардың бірі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі егемен Қазақстан халқы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Ұлттық ойындар мен спорт халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін жеткізуші ретінде, ұлттық тілді дамытуда қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді. Қазақстан өзінің егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси- идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды. Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы қабылданып, дер кезінде шет елдердегі, және отанымыздағы көптеген мәдени туындылар анықталынып, ел тарихына өлшеусіз пайдалы істер асырылуда. Қазіргі ХХІ ғасырда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы, ауыру түрлерінің көбеюі, қоршаған табиғаттың ластануы күрделі проблема болуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу үшін көптеген дәрі-дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың жолдары қарастырылуда. Осы шаралардың ішінде дене тәрбиесі арқылы денсаулықты сақтау, шынықтыруды ұлттық ойындар мен спортты қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен ерекшеленуде. Осы маңызды жұмыстарды іске асыру жолында Қазақстан мемлекеті тарапынан көптеген шаралар іске асуда. Қазақстан халқының салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын сақтау жолында дене тәрбиесінің маңызы туралы Қазақстан -2030 Стратегиялық жоспарында, Қ.Р. Білім беру салаларында балалар мен жастарды дене тәрбиесі арқылы тәрбиелеу Концепциясында, Қ.Р. Дене шынықтыру және спорт Заңында, Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, республика халқын дене тәрбиесі және спорт арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу, денсаулықтарын шынықтыру шаралары көрсетілген және осы құжаттарда ұлттық спорт түрлеріне де маңызды орын бөлінген. Дүние жүзін мекендеген халықтардың ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктер болады. Сондықтан да халық арасында қалыптасқан ойындар туралы деректер және құжаттар ғылыми тұрғыдан зерттеу мен талдауды қажет етеді. Дәстүрлі ұлттық ойындардың тарихы, ел арасында тарауы, қоғамдағы рөлі, ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі сияқты тақырыптар төңірегінде отандық және шет ел ғалымдары көптеген ізденістер жасаған. Дене тәрбиесі адамның денсаулығы мықты, күшті болуы үшін қолданылады, осыған орай Қазақ халқының қазақ болып аталуы да мықты, берік, жойқын, ауыспайтын деген мағананы білдіретіндігі туралы Сібір халықтары сөздерінде, Шайбанинамеде - қазақ өте қадірлі сөз, мықты, күшті, шабытты көрсетеді. Европа тілінде ондай ұғымды рыцарь деп атайды. Демек, қазақ сөзінің түбірі қаз - тұру, тік тұру, мықты, берік тұруды білдіреді. Кішкене балалар жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда қазақтар қаз, қаз, қаз тұр деп тікесінен тік тұрғызады. Қаз -ға қосып айтылыатын "ақ сөзі - күшейтілген жалғау. Тоң-Алып (Афрасиабтың) қызының аты да жойқын күшті алып болуы үшін Қаз деп атағандығы туралы Махмуд Қашқари айтқан - деп жазады ғұлама ғалым Ә. Марғұлан. Жоғарыдағы мысалдарды келтіре отырып, біз қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде адамдар денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойғандығын көреміз. Мұндай үлкен дәрежеде мән беру және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы жүйе болып саналды. Сондықтан қазақ халқының арасында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлел бар. Дене тәрбиесінде ұтымды тәрбие құралдардың бірі ретінде қолданылып келе жатқан ұлттық ойындар мен спорт түрлері қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында өзінің жаңаша даму сатысына көтеріліп және өзінің бұқаралық спортты дамытуда негізгі күш екендігін дәлелдеп келеді. Қазақстан халқы арасында ұлттық ойындар және спортпен шұғылдануға деген ынта күннен-күнге артып келе жатқандығын анкеталық сұрақ-жауап қорытындысы көрсетіп отыр. Сұрақ-жауапқа қатысқан адамдардың 80% ұлттық ойындармен, спортпен шұғылданудың пайдалы екендігін атап өтеді. Оған себеп қазіргі кезде ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесімен шұғылдануға, халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін білуге деген ұмтылысы, салауатты өмір сүруге бейімделуге деген дұрыс көзқарастың халық арасында артуымен түсіндіруге болады. Қазақстан өзінің Егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси-идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алуда. Осы жұмыстар аясына ұлттық ойындар мен спорт түрлері де кіреді.
Кеңестік дәуірдегі педагогикалық ғылым сол кездегі идеологиялық бағытты іске асырушы ретінде кіші, ұсақ халықтардың тарихы мен мәдениетін, әсіресе, халықтық дене тәрбиесін жас ұрпақ тәрбиесінде қолдануды шеттетуі болғандығын байқауға болады. Кеңестік уақытта ұлттық тәрбие түрлері балабақшалардан бастап, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу тәрбие-бағдарламасынан орынсыз қысқартылды. Осының салдарынан көптеген ұлттық тәрбие түрлері ұмыт болды, тіпті көптеген ұлттар мен ұлыстар жойылып кетті. Қазіргі заманда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы, қоршаған табиғаттың ластануы барлық елдерді алаңдатуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында көптеген дәрі-дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың әртүрлі жолдары қарастырылуда. Осы шаралардың ішінде денсаулықты дене тәрбиесі арқылы шынықтыру, әсіресе, ұлттық ойындарды қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен ерекшеленуде. Қазақтың ұлттық ойындары туралы көптеген деректер өз елімізде және шет елдерде зерттеліп ғылыми айналысқа енген жоқ. Тәрбие тұрғысынан ұлттық ойындар мен спорт өскелең ұрпақтың денесін шынықтырып, еңбекке баулуда қолайлы құрал екендігі ғасырлар бойы дәлелденіп келе жатса да, білім беру мен спорт саласында қолданылуы әлі де жеткіліксіз болып отыр.
Қазақтың ұлттық спорт түрлері
Қазақ халқының Ұлттық спорты - халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы. Қазақстың ұлттық спорты 1920-1930 жылдар аралығында қазіргі заманға сай бір жүйеге келтіріліп, олардың түрлері бойынша арнайы спорт жарыстары өткізіле бастады. Оған жергілікті жерлерде: ауыл, аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылған үйірмелер мен секциялар негіз болды. 1938 жылы Алматыда колхозшылардың республикалық спартакиадасы өткізілді, ал 1944-1947 жылдар аралығында қазақтың ұлттық спорт түрлерін тұтас қамтыған жеке-жеке жарыстар ұйымдастырылды. Осы кезден бастап Қазақстанда қазақтың ұлттық спорт түрлері басқа әлемдік спорт түрлерімен қатар дамып, халқымыздың денсаулығын нығайтуға икемді де епті, күшті де төзімді болып болып өсіп жетілуіне зор пайдасын тигізіп келеді. Ұлттық спорт түрлері ойындарының өте кең тараған түрлері: Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, ат спорты ойындары (көкпар, аударыспақ, бәйге, қыз-қуу) сияқты ойын түрлері көне заманнан осы заманға дейін халықпен бірге жасасып келеді. Ұлт ойындары ертеден-ақ жалпы этнографиялық әдет ғұрыппен бірге дамып, жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін қазақ этнографиясының бір бұтағы, ұлт ойындарының дамуы тек қоғамның өзгеруіне байланысты әлеуметтік экономикалық жағдайдың негізінде дамып отырғанына көзіміз жетті. Қазіргі кезде ұлттық күрес, тоғызқұмалақ және ат спорты ойындарының түрлі үйірмелері ашылып, спорт мектептерінде арнайы жаттықтырушылар жаттықтыра бастады.
Қазақ күресі - бүгінгі күнде өз өмірін спортпен байланыстыратын адамдар үшін әлеуметтік саты болып табылады. Ұлттық күресті жаңа деңгейге көтеру қазақ елінің мәртебесі. Себебі, осы әлем күресі арқылы мыңдаған ел тамашалап, қазақ деген елді танып біліп жатыр десек қателеспейміз. Егер мемлекет болып, ел болып қазақ күресін қолға алсақ, әлемдік деңгейге көтерілуі мүмкін.
Ұлттық күресімізді дамыту арқылы бұқараның көптеп спортпен шұғылдануына, дені сау, рухы күшті болуына ықпал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz