Қазақ халқының Түркі халықтарымен бірге латын графикасына көшуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТҮРКІ ТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ 1924 - 29 ЖЫЛДАРЫ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК, ТІЛДІК СЕБЕПТЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 ҚАЗАҚ ЖАЗУ ТАРИХЫНДА ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУДІҢ СОЛ КЕЗДЕГІ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ МЕН КЕРІ ЖАЙЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ..

3 ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ: 1924-29 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘЛІПБИ ЖӘНЕ 2018 ЖЫЛҒЫ 19 АҚПАНДА БЕКІТІЛГЕН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бастап көтеріліп келеді. Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру ел тарихындағы тағы бір маңызды бастамалардың бірі ретінде болашаққа жасалатын батыл қадам, ғылыми маңызы бар шара. Жазу - барлық халыққа ортақ, мәдениеттерді жалғастырушы, байланыстырушы құндылықтардың бірі. Кез келген халықтың ғасырлар тоғысында жеткен жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылатыны белгілі. Осы орайда, бұл өзекті мәселе таза қазақ әліпбиін жасауға негізделіп отыр.
Зерттеу объектісі: 1924-29 жылдары Қазақ халқының Латын әліпбиіне көшуінің тиімді және тиімсіз жақтары, ұлт сауаттылығын сақтап қалу. Қазақ халқының Түркі халықтарымен бірге латын графикасына көшуі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
* Қазақ жазу тарихына тоқталып, 1924-29 жылдары қолданыста болған Латын графикасына шолу жасау;
* Латын графикасына көшудің сол кезеңдегі тиімдігі мен маңыздылығын сараптау;
* 1924-29 жылдардағы Латын графикасын бүгінгі латын графикасымен салыстыру.
Курстық жұмыстың әдістері.

Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы.

Курстық жұмыстың құрылымы. Зерттеуге кіріспе, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТҮРКІ ТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ 1924 - 29 ЖЫЛДАРЫ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУІ ТУРАЛЫ

Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келді. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасын қолданып келеді. Шындығы керек, бұл аралықта қазақ халқының мүддесі көзделген жоқ. Бұл алыстан ойластырылған халықты өз тарихи жадынан айырудың амал-тәсілдерінің бірі болатын.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, 1917 жылдың мамыр айында мектепті шіркеуден бөлу және барлық мектеп жасындағы балаларды еңбекке баули отырып тегін, міндетті оқуға тарту жөніндегі бағдарламаның қабылдануы Қазақстандағы оқу-ағарту саласында елеулі өзгерістерді талап етті. ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап қазақ оқығандарының арасында латын әрпіне негізделген жаңа әліпбиге көшу мәселесі көтерілді. Дегенменде, 1924 жылдың жазында Орынборда өткен қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде Ахмет Байтұрсынұлы бастаған араб әрібін қолдаушылар басым түсіп, араб әрпіне лайықталған қазақ графикасы қабылданды.
Жаңа әліппе комиссиясының жұмысына сол кездегі партия мен үкімет қолдау көрсетті. Латын жазуын қолдаушыларының арнайы Жаңа түрік әліппесінің комитеті құрылып, Жаңа түрік әліпбиі атты кітап бастыртып, мектептерде осы кітаппен оқытуды ұсынды. Сондай-ақ газеттерді бірте-бірте латын әрпімен басу мәселесін өз міндеттеріне жатқызды. Комитет мүшелері халық арасында баспасөз арқылы жаңа әліпбидің қалың бұқара үшін араб әрпіне қарағанда пайдасы мен қолайлылығын түсіндіріп, осы төңіректе пікір алмасуға шақырды.
1925 жылдан бастап жаппай Қазақстанның мектептерінде, жеке кәсіпорындарында және мекемелерінде латыншылардың Жаңа әліпбишілер үйірмесі немесе Латыншылар үйірмесі құрыла бастады. Соңғылары тек айтыс-тартыс жиналыстарын ғана емес, арнайы жаңа әліпбиді үйрететін үйірме сабағын ұйымдастырды, баяндамашылар үшін тезистер құрастырып, жергілікті газеттерге ұжымдық мақалалар жазды.
1926 жылы ақпанда Баку қаласында өткен Бүкілодақтық І түркологиялық съезде латыншылар мен арабшылар арасында пікірталас қызу өтті. Осы съезден кейін түрік республикаларында жаңа әліпби ұйымдары құрыла бастады. Ұйымдардың басты мақсаты халық арасына латын әліпбиінің қолайлылығын түсіндіру болды. Сондай-ақ Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ латын негізіне қойылған жаңа әліппені алуға декрет шығарды. Латын әрібінің алғашқы нұсқасын жасаушылардың бірі Халел Досмұхамедұлы болған. Ол бастапқыда латын әрібіне қарсы болғандығын өз сөзінде былай дейді: Нәзір айтқандай, менің латын әрпін алуға қарсы екенім рас. Бірақ латынға қарсы екенімді біле тұра маған латын әріптерінің жобасын жасау тапсырған соң, сол жобаны жасағаным рас. дейді. Одан кейінгі Қазақ тіліне латын әрібін алу мәселесі деген мақаласында: Түркі халықтарына араб харіфтерін тастап, латын харіфін алу керек деген сөз көптен бар. Әзербайжандар латын харіфтерін қабылдады, жаһұттар да солай қылды. 1922 жылғы съезінде өзбектер де өз тілін латын харіфтерімен пішті. Профессор Поливанов үлгі жасады - деген болатын.
Бұдан шығатын түйін, ХХ ғасырдың 20-жылдарының басында-ақ латын әліпбиіне көшу мәселесі кең қойылған да, сол онжылдықтың соңына қарай,шешім қабылданған.
Түркияда Ататүріктің басшылығымен 1928 жылдың 28 маусымында Алфавит жөніндегі комиссия құрылып, оған мынандай міндеттерді тез арада шешуді тапсырады:
- латын графикасына негізделген жаңа түрік әліпбиін қабылдайды;
- жаңа грамматиканың жобасын жасайды;
- осы жобаларды қолданысқа енгізу жолдарын көрсетеді.
Түркияда латын әліпбиіне өту кезеңі бар-жоғы бір жылға ғана созылды. 1928 жылдың 1 қарашасында М.К.Ататүрік Жаңа түрік әріптерінің қабылдануы мен қолдануы туралы Заң шығарды. Бұл заң бойынша 1929 жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің латын графикасына өтіп, араб графикасын қолдануына рұқсат берілмеді. 1929 жылдың 1 маусымына дейін ғана қатар қолданылып келген араб графикасына іс-қағаздар жүргізуде мүлде тыйым салынды. https:qamshy.kzarticle27027-lat yn-alipbiine-koshudinh-qadgettilikt eri-men-keri-dgaylary

1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби - Біртұтас түркі алфавитін енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы заң қабылданды.
1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген төте жазу пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында - кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады.

Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін өзбек тілі араб әліпбиін қолданған. 1928-40 жылдар аралағында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 1940-1992 жж. кириллица қолданылып, 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді.
Өзбек латын тілінің ерекшелігі - арнайы символдар мен диакритикалық белгілердің жоқтығы (тек апострофтар бар). Классикалық латын кириллицамен салыстырғанда 7 әріпке кем, сондықтан арнайы белгілер мен символдардың жоқ болу есебінен кейбір әріптерді екі еселеуге тура келеді. Нәтижесінде апострофпен қосқанда 29 әріптен тұратын өзбек латын әліпбиі құрылған.
Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті. Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық - жер, екіншісі - тіл, үшіншісі - мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады.
Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды.
Түркияның ғалымы Әбдіуақап Қара өзінің Латын әліпби қазақ тілін еркіндікке шығарады атты мақаласында Түркия халқы латынға 1928 жылы өткенімен онда бар-жоғы 29 әріп бар. Олардан бірқатар дауыстылар ескерілмегенін бүгінгі ғалымдар айтып отыр. Негізі түркі тілдерін 34 таңбамен белгілеуге болады. Бүгін түрік латын әліпбиінде 5 әріп кем болып отырғанын айтады. Тіл ғалымдары, солардың ішінде ең ұтымды алфавиттің Қазақстан қолданған кирилл әліпбиі екенін айтуда. Мәселен, түрік ғалымы Хатиже Ширин Ұсер қазақ-кирилл әліпбиі өзге түркі-кирилл алфавитіне қарағанда, таңбаның графикалық және фонетикалық тұрғыдан бір-бірімен байланысты болуы және бір дыбысқа бірден көп таңба берудің болмауына байланысты мұқият дайындалғанын айтады. Бұл тұрғыда қазақ-кирилл әліпбиін дайындаған тіл ғалымы С.А. Аманжоловтың рөлінің зор екендігін атап өтеді.
https:e-history.kzkzseo-materia lsshow31165

2 ҚАЗАҚ ЖАЗУ ГРАФИКАСЫНДА ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУДІҢ СОЛ КЕЗДЕГІ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ МЕН КЕРІ ЖАЙЛАРЫ.

Ахмет Байтұрсынұлы. Сурет ҚР ОММ архивінен.

Ол кезде де латын әліпбиіне көшу мәселесі Қазақстанға өзге түркі тілдес елдермен салыстырғанда кешірек келгенін айта кету керек. Мұны Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасы негізіндегі жан-жақты қарастырылып, ғылыми негізделген әліпбиінің қолданыста болуымен байланыстыруға болады. Ол кезде төте жазумен сауатсыздықты жоюға бағытталған түрлі оқулықтар жарияланды және бұл кітаптардың тиімділігі бірден өз нәтижесін берген болатын. Төте жазуды Қытайдағы қандастарымыз осы күнге дейін пайдаланып келе жатыр.
Осы тұста латын әліпбиін қолдаған новаторларға басты қарсылас Ахмет Байтұрсынұлы болды, ол өз ойын былай тұжырымдаған еді: "Біз, қазақтар тілдік элементтерімізді бұрынырақ бағамдап алғанбыз, оларды сәйкес дыбыстармен белгіледік, дұрыс жазамыз, оқимыз, орыс, неміс, француз, ағылшындар мен өзгелерге қарағанда жылдамырақ сауат ашамыз. Енді не керек? Әліпбиімізді латынға көшіру керек дейді, өйткені біздің әліпби біздікі емес - арабтікі...". деген еді.
Ахмет Байтұрсынұлы бастаған араб графикасын қолдаушылар төте жазу қазақ тілі үшін өте қолайлы деп есептеген. Араб тілінің 19 әрпі өзгеріссіз және 5 әрпі қазақ тілінің ерекшелігіне қарай өзгертілген күйде алынған болатын. Ал латын әліпбиінде 15 әріп өзгеріссіз қолданылады да, 7 әріпті қазақ тіліне икемдеуі керек болатын. Ал қазақ тіліне ғана тән әріптерге сәйкес әріптер мүлде жоқ, оларды ойдан шығару керек еді. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы Батыс елдерінде қолданыста бар латын графикасы құрамы бойынша 25-30 пайызға түркі тілдерінің естілу қажеттілігін қанағаттандырмай-ды, ал бұл тілді естілуге икемдеу үшін реформа қажет деген уәжін алға тартқан. Ал бұл қосымша уақыт пен қаражатты қажет етеді. Өйткені қосымша әріптер енгізілсе қолданыста бар баспа құралдары мүлде жарамсыз болып қалатын еді.
Латын графикасына өтуді жақтаған басты тұлғалардың бірі Телжан Шонанов болды. Өз кезегінде ол араб графикасына қарсы мынадай уәж айтқан: "Бұл әліпбидің басты кемшіліктері мыналар: диакритикалық белгілерді қолдану, 3-4 түрлі таңбаны қолдану (сөз басында, ортасында, соңында), жазылуындағы әріптердің өзара ұқсастығы; оңнан солға жазылуы, бұл баспа жұмысын қиындатады: араб графикасы арқылы ноталар мен ғылыми формулаларды түсуруге келмейтіндігі; жазу үрдісін баяулатуы, қазақ тілі дыбыстарын дәл бере алмауы; баспашылар қызметін күрделендіруі, басып шығарудың қосымша құралдарының қажеттілігі...". Сонымен қатар, латын графикасын қолдаушылардың ойынша, полиграфияда арзан және жеңіл қолданылатын, оқытуға оңай және жазуға қолайлы әліпби оңтайлы. Дәл осындай әліпбиді еңбекші қауым қорқынышсыз қабылдамақ...".
Қазақ тілінің жаңа әліпбиіне қатысты жағдайды ары қарай қалай өрбігенін 1927 жылдың 25 мамырында жарияланған мына бір құжаттан білуге болады: "Латыншылар қаншалықты қарқынды жұмыс істесе, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған арабшылар соншалықты күшті қарсылық білдіруде. Қызыл-Орда әлі бір шешімге келген жоқ. Бірақ қысқы пікірталастар мен латыншылардың Қазақстанның түрлі қалаларында өткізген соңғы баяндамаларында қазақ билігі жаңа әліпбиге оң көзімен қарап отыр. Енді Қазақстан билігі бір шешімге келіп, әліпбиді пікірталас алаңынан қолданыс аясына ауыстыруы қажет...".
Осылайша, 1927 жылдың 19 мамырындағы үкімет жарлығы бойынша Жаңа қазақ әліпбиінің орталық комитеті өз жұмысын бастайды. Бұл комитет 1937 жылы кирилл енгізілгенге дейін жұмыс істеді. Комитет қазақ тілінің ерекшелігін сақтай отырып, латын графикасының негізінде жаңа әліпбиді дайындай бастайды. Бұл жоба 1928 жылдың 12 желтоқсанда сол кездегі ел астанасы Қызылордада өткен латыншылар конвенциясына қатысушылардың талқысына салынады.
Ұзақ талықалудан кейін өзге түркі тілдес елдердің әліпбиімен ұқсастық болуы үшін қатысушылар бір ауыздан жаңа қазақ әліпбиінің келесідей әріптерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарады:

Қазақтың "ш" дыбысы үшін латынның "с" әрпі сақталады. Ал түркі тілдес елдердің әліпбиінен "ә" ("ә"), "у" ("ү"), "ө" ("ө") графемалары енгізіледі.
Түркі елдерінің әліпбиімен толық ұқсастық болуы үшін "j" ("и"), "і" ("і"), "ç" ("ж") әріптерінің дыбыстық мәні өзгертіледі. Сонымен қатар, поэтикалық тілдегі одағайлардың кейбір категориялары мен шетелдік кейбір дыбыстар үшін қосымша "һ" ("һ"), "х" ("х"), "f" ("ф") әріптерін енгізу ұсынылды.
Осындай талқылаулар мен пікірталастардан кейін Қазақ орталық атқару комитетінің қарауына мына қазақ әліпбиі ұсынылды:

Алайда ҚазОАК-тің 1928 жылдың 14 желтоқсанында өткен IV сессиясында бұл әліпби "х" және "f" әріптерінсіз бекітілді. Әріптердің жалпы саны - 29.
Жаңа қазақ әліпбиі бекітілгеннен кейін Орталық комитет қазақ орфографиясын дайындауға кіріседі. Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін Әбдірахман Байділдин, Телжан Шонанов пен Жүсіпбек Аймаутов бастаған комиссия құрылады. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы, Омаров, Мурзин, Ермеков, Халел Досмұхамедов, Сәкен Сейфуллин, Әлияс Жансүгіров,Мұхтар Әуезов сияқты білікті адамдар және Поливанов пен Шор сияқты профессорлардың қолдауын табу туралы шешім қабылданды. Орфографиялық комиссия 1937 жылға дейін жұмыс істеді. Жиындарда көп жағдайда ұлтаралық сөздер мен советизм терминдерін орфографиялау мәселесі талқыланды.
30 жылдардың соңына қарай мемлекеттің сыртқы саяси бағытына байланысты мемлекет жалпылай кирилге өтеді. Бұл жолы қазақ әліпбиі мен орфографиясын құру мәселесі бірге талқыланады. Орыс графикасына құрылған жаңа әліпбиді қолдай отырып, ұйымдастыру комитетінің кей мүшелері "қ" және "ғ" әріптерінен бас тартып, орнына "к" және "г" әріптерін қолдануды ұсынады. Яғни, сөзде жіңішке әріптер қолданғанда "к" және "г" өз мағынасында қолданылады да, жуан дыбысты әріптермен қатарласқанда "к - қ" ретінде, ал "г - ғ" ретінде оқылмақ еді. Дегенмен бұл ұсыныс қабылданбады. Бұл мәселе "ә", "ө" және "ү"әріптерінен бас тартып, орнына "о" мен "у" әріптерін орыс тіліндегі "ь" әрпі арқылы қолдану мәселесі айтылды. Оқылуға қиындық тудырып, бірізділік сақталмайтындықтан бұл ұсыныс та талқылаудан алып тасталды.
Тілшілер, әдебиетшілер мен педагогтар арасында араб-парсы сөздерінде кездесетін "һ" әрпі үлкен дау туғызды. Ұзақ талқылаудан кейін араб-парсы сөздерінен енген сөздердің барына қатысты бұл әріп әліпбиде қалдырылды.
Ал орыс тілі арқылы келген ғылыми-техникалық терминдерді дұрыс жазу мақсатында жаңа қазақ әліпбиіне "ц", "ч", "щ", "ъ", "ь", "э", "ю", "я" әріптерін енгізу шешімі қабылданады.
Осылайша, орыс графикасына негізделген 41 әріптен тұратын (32 әріп орыс тілінен және қазақ тілінің ерекшелігін сақтайтын 9 әріп) жаңа қазақ әліпбиі 1940 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Президиумында бекітіледі.
Осы оқиғалардан кейін 77 жыл өте латын графикасының негізіндегі қазақ әліпбиі қайта жаңғырып, ХХ ғасырдағы қазақ интелегенциясын дауластырған мәселелер қазіргі қоғамда жаңа қарқынмен талқыға салынатынын кім білген. Қалай болғанымен латын және араб графикасын жақтаушылар да, кирилл негізіндегі әліпбиді даярлағандар да қазақ тілінің жазбасын, толықтырып, қысқартып болсын - оңтайлы әліпби жасаймыз деген мақсатпен дамытқаны сөзсіз. Лингвистердің айтуынша, кемел әліпби жоқ, өйткені, уақыт өте кез келген тіл фонетикалық өзгеріске ұшырайды, жаңа терминдер енеді дейді.
https:kaz.tengrinews.kzarticlea rab-latyin-jane-kirill-karpterne-ka lay-ottk-kazak-alpbinn-941
Қазақ жазу тарихында латын әліпбиі екі мәрте болып, тәуелсіз ел болғаннан кейін тағы бір мәрте сөз етіліп отыр. Ондағы мәселе - қандай үлгіде әліпби болмасын, қазіргі заманауи талаптарға сай, барлық Қазақстандықтарға жарайтын, әлемдік кеңістікке шыға алатын және қазақтың сөздерін ешбір қатесіз, қиындықсыз жаза алатын жазу түрі болу керек. Бір кездері араб жазуының күрделілігі, диакритикалық белгілердің молдығы басқа жазу жүйесіне көшу идеясын туғызды. Мұндай идея алғаш рет Иранда пайда болды. Иран ғалымы Малкомхан ХІХ ғасырда - ақ латын жазуына көшуді ұсынды. Әзірбайжан жазушысы МирзаАхундов бұл ұсынысты қызу қолдады. Иранда мұндай істің жүзеге аспайтыны өзінен - өзі түсінікті еді. Ал Әзірбайжанда латын жазуын енгізуде патша үкіметі халықтан қаймықты. Өйткені, бұл халықтың күшті наразылығын тудыратын өте шетін мәселе болатын. 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін бұл мәселе қайта көтерілді. Бұған енді коммунистер белсене араласты. Сол кездегі беделді коммунист Ағамалыоғлы мәселені Орталық үкімет алдына қойды. Бұл идеяны В.Ленин қолдады: Латындастыру - күншығыстағы революция, деді ол. Шындығында, латынға көшу - түркі халықтарын мың жылдық тарихынан қол үздіру, яғни ұрпақты мәңгүрттендірудің алғашқы қадамы еді. Латынға көшсе, 10-15 жылдан кейін кирилицаға көшіру онша қиынға соқпайды. Бұл Ресейдің түпкі және ең басты саясаты болатын. Ресейде сонау 1861 жылы - ақ араб жазуының орнына кирилл әліппесін енгізу мәселесі көтерілген болатын. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы туралы
Қазақ тілінің мәртебесі
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
Қазақ жазу тарихы
Латын әліпбиі — заман талабы
Латын тілін синхрониялық аспектіде қарастыру
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
Латын қарпіне көшудің тарихы мен тиімділігі
Қазақ тілі
Қаншама қазақтың ошағы сөнді
Пәндер