Мұсылмандық құқықтық жүйе


Мұсылмандық құқықтық жүйе
Дүние жүзі мемлекеттерінде ислам діні кең тараған елдерде қалыптасқан жүйе ретінде Сауд Арабиясында кең көлемде және барлық талаптарға сай орныққан. Ливия, Тунис, Йеиен, Біріккен Араб Эмараттары, Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Индонезия сияқты мемлекеттерде қалыптасқан. Мұсылман құқығының пайда болуы ислам дінінің негізін салушы, Мұсылман сенімімен Құранның уағызы бойынша, Алланың жердегі елшісі, ұлы Пайғамбар -Мұхаммедтің (570-632) есімімен тікелей байланысты. Алланың сөзі өлмес өсиет ретінде Қасиетті Құран Пайғамбарымызға аят беру арқылы түсірілген, онда мұсылмандардың барлық мінез - құлықтары реттелген.
Мұсылман құқығына тән мынадай ерекшеліктер бар:
- Құқықты жасаушы, жаратушы болып табылады, оны қабылдау, орындау бәріне міндетті. Құқық бұзыушылыққа бару, Алла қойған талаптарға қарсы шығу болып саналады, Алла алдында кешірілмейтін күнә.
- Мұсылман құқығының қайнар көздері ретінде құран, хадис, иджма, тәфсир, қыяс танылады.
Құран адамдарға Мұхаммед Пайғамбар арқылы түсірілген Алла сөзі «Жәннаттан бәріңде түсіңдер, - деді- сендерге менен тура жол (кітап, расул) келеді. Кімде - кім сол жолмен жүрсе, оған қауып- қатер жоқ және олар ешқашан өкінбейді. Ал, аяттарымызға күпіршілік келтірушілердің және оны өтірікке шығарушылардың орны тозақ. Олар тамұқта мәңгі қалады». Құран Алла сөзі ретінде адамдарға жазылған заңдар.
Хадистер (сунна) - жаңалық, хабар. Мұхаммед Пайғамбарымыздың өз аузымен айтқан ұлағатты сөздері мен істерін баяндайтын, суниттер аса құрмет тұтатын, ереже, қағидалардың жиынтығы.
Иджма (келісім, бір ауыздан пікір білдіру) - қаралған, талқыланған іс бойынша беделді мұсылман құқығының белгілері шығарған, қабылданған қорытынды пікірлері.
Тәфсир - құранды оқу барысында оның мазмұнына, аяттарына берілген доктриналдық түсініктемелер жиынтығы.
Қыяс (ұқсастық) - қаралатын, шешілетін мәселелерді бұрын шешімін тапқан істермен салыстыру арқылы Құран, хадистер негізінде шешім қабылдау, прецедент жасау.
- Мұсылман құқықтық шариғат заңдары құқықты жариялық және жеке деп бөліп қарамайды, реттеу жүйесі біртұтастық мағына ретінде танылады.
- Адам құқықтарында Алла алдында міндеттіліктің басымдылық танытуы тыйым салынған әрекетерді бұлжытпай орындау.
- Мұсылман құқығы дін, өмір, сана, ар- ождан және тұқым жалғастыру, меншік сияқты бес құндылықтарды қорғауға бағытталған.
2. Романо- Германдық құқықтық жүйе.
Романо-германдық құқықтық жүйе дегеніміз тарихи даму барысында Рим құқығы және оның рецепциясын жасау негізінде нормативтік құқықтық келісімдердің қабылдануы. Бұл құқықтық жүйенің қалыптасу және дамуына VI ғасырда дүниеге келген Византияның императоры Юстинияның «Corpus iuris civilis» деп аталатын құқықтық құжатты ерекше рөл атқарады. XVIII-XIX ғасырлардың бас кезіңде континенталдық Европа мен АҚШ-та конституциялар мен салық қатынастарын реттейтін кодекстер пайда болды. Мысалы: АҚШ-тың 1789 жылы, Францияның 1791 жылғы Конституциялары, 1804 жылы Францияда қабылданған Наполеонның азаматтық кодексі. Романо - германдық құқықтық жүйенің өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
- Мемлекетке міндетті түрде ең жоғарғы күші бар Конституцияның болуы.
- Құқықтық жүйенің жариялық (мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, қылмыстық және қылмыстық - процессуалдық) болып бөлінуі (азаматтық, неке, сауда) .
- Мемлекетте парламент қабылдаған заңдарды іс жүзінде асыру үшін заңға сәйкес нормативтік келісімдердің қабылдануы (жарлық, қаулы, ереже, шешім және т. б. ), заңнаманың делегациялануы.
- Қоғамдық қатынастардың құқықпен реттелінетін негізгі салаларды кодекспен реттейді.
- Құқықтың қайнар көздері ретінде нормативтік құқықтық келісім болып саналады, құқықтық әдет - ғұрыпты пайдалану жоққа тән немесе мүлдем қолданылмайды.
- Судьялар мемлекет қабылдаған нормативтік құқықтық келісім негізінде ғана шешім, үкім шығарады.
- Сот прецеденті құқықтық қайнар көзі бола алмайды және сот тәжірибесінде қолданылмайды.
Англо - саксондық құқықтық жүйе
Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде Англо- саксондық құқықтық жүйе қалыптасқан. Атап айтқанда Ұлыбритания, АҚШ, Автралия, Жаңа Зеландия және басқа да Англияның бұрынғы отары болған елдерде кеңінен дамыған. Англо - саксондық құқықтық жүйені ең негізгі ерекшелігі сот билігінің шешімдері мен үкіметтерді сот процедентіне айналып, болашақта ұқсас іс болғанда бұрын қабылданған шешімдерді үлгі, норма ретінде пайдалануы. Негізінде Англо - саксондық құқықтық жүйе Ұлыбританияда пайда болған.
Англо - саксондық құқықтық жүйенің өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар.
- Жариялық және жеке құқық арасында үлкен айырмашылықтардың болмауы.
- Сот процедентінің кең қолданылуы және оның қайнар көзі ретінде танылуы.
- Судьялар құқықтық жасайтын субъект ретінде танылады.
- Құқықтық жүйенің жалпы құқық және әділет құқы болып бөлінуі.
- Заңнаманың кодификацияға ұшырамауы.
4. Дәстүрлі құқықтық жүйе
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz