Негізгі құралдардың шаруашылық операция мазмұны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Қаржылық есеп
пәні бойынша

Негізгі құралдардың келіп түсуін есепке алу құжаттық рәсімдеу

тақырыбы бойынша

Орындаған

студент
Балтабаев Нұрқожа
мамандық
ЕЖА
курс
3
топ
333
Тексерген

оқытушы
Тойлыбаева Ж. И.
Баға

АЛМАТЫ, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Негiзгi құралдарды туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
0.2 Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктемесі ... ... ... ... ... ... .. ...5
1.2 Негізгі құралдарды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2. Негiзгi құралдардың келіп түсуi ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.1Негізгі құралдардың түсуін құжаттармен рәсімдеу және есепке алу ... ... ..10
2.2Сатып алынган басқа НК ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.3Объект кұрылысының нәтижесiнде келiп түскен НҚ ... ... ... ... ... ... ... ... . ..11
2.4НК отеусіз келіп түсуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.5НК жарғылық капиталга салым ретiнде келiп түсуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...13
3. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3.1 Негізгі құралдар қозғаласын есепке алу және құжаттарды рәсімдеу талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3.2. Негізгі құралдардың шаруашылық операция мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ..15
3.3РАХАТ АҚ негізгі құралдардың түсуі, шығу операцияларына амортизациясына, жөндеу операциясына арнайы бланк толтырып, шоттар корреспонденциясын құруды үйрену ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...21

Кіріспе
Мекеменің қалыпты өндірістік - шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Олардың саны әр өндіріс бойынша жоспарлы тапсырмаларға сәйкес өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың озық прогрессивті түрлерін, еңбек құралдарын тиімді пайдалануды ескере отырып белгіленеді. Бірнеше жыл бойы мекеменің өндірістік - шаруашылық ісіне қызмет көрсетуші еңбек құралдары мен басқа мүліктік құны негізгі құралдар деген экономикалық түсінікті құрайды.
16 Негізгі құралдар IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар - бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам (бір жылдан астам - Ж.Т.) уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтерді білдіреді.
Олар өзінің табиғи-заттық түрі мен бөлшектерін өзгертпей-ақ көптеген өндірістік цикларға қатысады, жаңадан жасалынған өнімге өз құнын ауыстырады. Оларға үйлер, ғимараттар, беру құралдары, машиналар мен жабдықтар, лабораториялық және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, есептеу техникасы, саймандар мен ұзақ уақыт қолданылатын мүліктер және т.б. жатады.
Түрлі министрліктердің, ведомстволардың және түтас халық шаруашылығы бойынша есепке алу мен қаржылық есептілікте негізгі құралдардың бірегей топтарының негізгі шарты оларды ғылыми негізделген жіктеу болып табылады.
Негізгі құралдар мынадай белгілер бойынша жіктеледі: халық шаруашылығының салалары; функционалдық қажеттілігі; табиғи-заттық белгісі; иелігіне байланысты және пайдалану бойынша.
Халық шаруашылығының салалары бойынша негізгі құралдар он тоғыз топқа бөлінеді: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, орман шаруашылығы және т.б.
Функционалдық қажеттілігі бойынша негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес болып бөлшектенеді.
Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар өзінің атынан көрініп тұрғанындай өнеркәсіптік өнімдерді шығару мақсатында материалдық өндіріс саласында жұмыс атқаруға арналады. Оған өндірістік тұрақжайлар, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік, саймандар және т.б. жатады.
Басқа салалардың өндірістік негізгі құралдарына құрылыстың, ауыл шаруашылығының, сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, көліктің, дайындау, жабдықтау және басқа ұйымдардың негізгі құралдары жатады.
Өндірістік емес негізгі құралдар - бұл халыққа медициналық, тұрғын-үй коммуналдық және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған тұтыну қажеттілігінің құралдары. Оларға денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет және өнер, тұрмыстық қызмет, білім беру және т.б. салалардың негізгі құралдары жатады.
1.Негізгі құралдар түсінігі
Негізгі құралдар - материалдық өндіріс саласында жөне өндірістік емес салада бірнеше жыл бойы кәсіпорынның өндірістік-шаруашылың ісіне қызмет ететін еңбек құралдары мен материалдық активтер.
№6 Негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына (БЕС-6) сәйкес олар өзінің заттай түрі мен бөлшектерін өзгертпей-ақ көптеген өндірістік циклдарға қатысады, тозуын еселтеу арқылы жаңадан жасалған өнімге өз құнын біртіндеп ауыстырады. Оларға: үйлер, ғимараттар, көліктер мен жабдықтар, зертханалық жөне реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, есептеу техникасы, өлшеу аспаптары жөяе қондырғылар, жабдықтар, саймандар мен ұзақ уақыт қолданылатын мүліктер, өнім беретін мал және т.б. жатады.
Негізгі құралдар келесі белгілер бойынша жіктеледі:
- халық шаруашылық салалары бойынша;
- функционалдық қажеттілігі бойынша;
- натуралдық-заттық белгісі бойынша;
- меншік иелігіне байланысты;
- пайдалану сипаты бойынша.
Халық шаруашылығының салалары бойынша негізгі құралдар бірнеше топқа бөлінеді: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, орман шаруашылығы және т.б.
Функционалдық қажеттілігі бойынша негізгі құралдар өнеркөсіптік-өндірістік, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары, өндірістік емес және консервацияланған (тоқтап тұрған) болып бөлінеді.1
Натуралдық-заттық белгі бойынша негізгі құралдар былай бөлінеді: ғимараттар, құрылыстар, бекініс құрылғылары, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, саймандар, өндірістік мүліктер, шаруашылық мүліктері; жұмыс малы мен өсім малы, көпжылдық екпе ағаштары, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары мен басқа объектілер, басқа да негізгі құралдар.
Меншік иелігіне байланысты құралдар өзіндік және жалданған болып бөлінеді.
Пайдалану сипаты бойынша негізгі құралдар қолданып жүрген, қосалқы және бос тұрғандар болып бөлінеді.
Негізгі құралдардың ерекшелігі олардың қызмет ету ұзақтығы мен бірнеше рет пайдаланылуы болып табылады. Осыған байланысты негізгі құралдардың құны тұрақты түрде өндіріс пен айналым шығындарына енгізіледі.
Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрі қолданылады.
1) бастапқы құны - бұл ғимараттарды тұрғызу (салу) немесе сатып алу бойынша нақты; жұмсалған шығынның құны, бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар, сондай-ақ активтерді мақсатқа пайдалану үшін жұмыс күйіне келтіруге байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, іске қосу шығындары жөне кез келген өзге шығындар енгізіледі. Олар түскен сәттен бастап баланстан шыққанша бастапқы құны бойынша көрсетіледі.2
2) сату құны - бұл жақсы хабарлар жөне келісім жасауға дайын төуелсіз екі жаң арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкіндігінің бағасы.
3) жою құны - қызметтің соңында орын алатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың жорамал құны, бұдан шығарып тастау жөнінде күтілетін шығындар шегеріледі.
4) ағымдағы құны - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нарық бағасы бойынша құны.
5) баланстың құны - бастапқы құннан жинақталған амортизация айырмасы.
1.1Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктемесі
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.
Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен , еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол - еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші, - деп жазған.
Кәсіпорын скерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға болады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде онын шаруашылық құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері - меншікті капитал және кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады.
Шаруашылық субъектілері өзінің қызметін жүзеге есыру үшін материалдық- техникалық қор (МТҚ) құру керек. МТҚ-дың негізін негізгі қорлар құрайды.
Кәсіпорынның шарушылық өндірістік іскерлігінің аса маңызды құраушысы болып негізгі қорлар болып табылады.
Негізгі қорлар өзінің натуралдық түрін сақтай отырып, көптеген өндірістік кезеңдерге қатысып, ал құндары дайындалатын өнімге бөліктермен ауыстырылатын еңбек құралы.
Өндіріс процессінде қатысатын барлық еңбек қорлары (машина, жабдық, т.б.) наық жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік ғимараттар, гидротехникалық құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар, көлік құралдары, жолдар, тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек заттары мен өнімдерін сақтау мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік негізгі қорлар болып табылады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек өнімнің тұтыну құнын құруға ғана емес, сондай-ақ, оның құнын құруда қатысатын өндіріс құралдары да кіреді.
Негізгі құралдар есебі Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес, негізгі құралдар - бұл ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) материалдық өндірісті де, өндірістік емес салада да әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі қорлардың ерекше өзгешеліктері мыналар:

а) олардың шаруашылық қызметте көп дүркінді қатысуы;
б) натуралды - заттық үлгісін сақтауы;
в) өзінің құнын дайын өнімге (жұмысқа, қызметке) қызмет кезеңі барысында біртіндеп аударады.
Соңғы тармақ негізгі құрал-жабдыққа амортизациялық төлемді есептеу арқылы асырылады, ал оларға төмендегілер: жер, аяқталмаған күрделі құрылыс, резервте, қорда және консервацияда тұрған объектілер енбейді.
1.2 Негізгі құралдарды бағалау
Негізгі құралдарды бағалау - кәсіпорынның ресурстық әлеуетін талдау. Ол активтердің иммобилизденген бөлігін оның қалыптасуы, құрамы мен қозғалысының құрылымы мен көздері меншік қарауды қамтиды.
іліктілік активтер кешенін мүлікті талдауға негізделген және оның көзі Баланстар пайдаланып жүзеге асырылады. Түсінікті болуы үшін, есептеулер бөлінеді кестеде және цифрлармен жақсы өндіретін активтер мен міндеттемелердің. активтер иммобилизденген активтер мен қамтиды ағымдағы активтер. Иммобилизденген құралы тұрады ұзақ мерзімді активтерге және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек (яғни, кем дегенде өтімді активтері). Мен міндеттемелердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада меншікті капитал мен міндеттемелер кіреді.
Бұл кесте ғана емес қамтиды таза активтерін ұйымдастыру. Осындай талдау үшін, сіз, активтердің барлық өзгерістерге қатысты өз қаражаты артуын немесе кемуiн иммобилизденген активтер мен ағымдағы активтердің қатынасы көре аласыз. Сондай-ақ, осы талдау біз активтер құнының өсуі (төмендеуі) болды, оған сәйкес, қаржыландыру көздерінің құрылымында қарыз қаражаты саны туралы қорытынды жасауға болады.
Негізгі құралдарды есепке алу және бағалау негізгі құралдарды бағалау жүзеге асырылады және қосымша болып баланс құрылымын. Айта, меншікті капиталдың есебінен қалыптасады меншік құндылықтарды, жиынтығы болып табылады, таза активтер құнының түсіну маңызды болып табылады. қорытынды капиталда және таза активтерінің салыстырғанда, сондай-ақ есепті кезеңдегі активтердің өзгеру негізделген.
негізгі құралдарды есепке алу және бағалау - негізгі бизнес өнімділігі ең маңызды факторы ретінде өндірістік әлеуетін мемлекеттік және, тиісінше, қаржылық тұрақтылық. Негізгі құралдар - Бухгалтерлік есеп өндірістік әлеуетін қаншалықты негізгі элементін талдауға мүмкіндік береді.
2. Негiзгi құралдардың келіп түсуi
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал- саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен;объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады.
Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.
Негізгі құралдарды қабылдау тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал- жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай- ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің , құрал- сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типте болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі.
Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қояды, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Алыс беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуға керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды,не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех(бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі-есеп айрысу төлем құжаттарына тіркеледі),үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерия да мүліктік карточка ашылып,негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік-сериялық жүйе бойынша жасалады. Мысалы, үй үшін 0001-ден 0299 дейінгі нөмірлер,ал ғимараттар үшін 0300-ден 0399-ға дейін және т.б.нөмірлер бөлінеді. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісінде келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады,ал істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін) берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде (№НҚ-6) тіркеледі. Істен шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды Архив картотекасы бөліміне қояды.
Негізгі құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты болған қажетті шығындар, соның ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар мен алымдарды төлеу (үйлер мен жаңа автомобильдерді алу кезінде төленген ҚҚС,сатып алу келісімшартты жасаған кезде төленетін мемлекеттік баж салығы және т.б.),жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде берілген кредит үшін пайыздар, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға келтіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар кіретін бастапқы баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал-жабдықтар кіріске алынады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген сатып алу бағасы, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерге комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату шартын рәсімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне төлеу, мұндайда туындайтын салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды өткізуден түскен кірістерді шығарып, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т.б.) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы құнына алу бағасы, тасу шығындары, соның ішінде тасымал кезіндегі сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін жабдықтың жарамдылығын тексеру мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер мен ғимараттарды салғанда бастапқы құнға құрылыс жөніндегі шығындар; материалдар, еңбекті төлеу, қосымша шығындардың тиісті үлесі, архитекторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс кезінде сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша пайыздар, құрылысқа рұқсат алу үшін шығатын шығындар.
Қажетті болып саналмайтын шығындар (тасымал кезінде алынған зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған жөндеу және т.б.) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық шоттағы шығындар ретінде ескеріледі.
Негізгі құралдар қоймада резерв ретінде тұрады,белгіленген тәртіппен тоқтатылып қойылады. Баланста саналатын негізгі құралдар тәртібін іс жүзінде заңдарға сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы белгілейді және бекітеді.
2.1 Негізгі құралдардың түсуін құжаттармен рәсімдеу және есепке алу
Негізгі құралдардын мекемеге мынадай жағдайда түседі: күрделі қаржы (жана ғимараттар, құрылыстар, берiлiс құрылғыларын салу); жабдықтарды сатып алу және орнату: занды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ аукциондарда жана немесе ұсталған негізгі құралдар нысандарын салып алу; негізгі құралдар нысандарын тауарлы-материалдық құндылыктар айырбастау: занды және жеке тұлғалардан жаңа және ұсталган негізгі құралдар нысандарының өтеусіз түсуі: жарғылық капиталға акционерлік кәсіпорындардың жарнасы ретінде түсуі түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ нысандарды кіріске енгізу, ұзақ мерзімді жалға беру шартымен негізгі құралдардың түсуі .
Негiзгi құралдар касіпорынга сатып алуга байланысты, кұрылыс нәтижесiнде, өтеусiз, жарғылык капиталга салым ретінде және т.б. жағдайларда келiп түседі.
1. Сатып алынган негiзгi құралдардын есебi
2. Үйлер мен женiл автомобильдерді сатып алу.
3. Баланстык құнына Д-т 2411- 2417 К-т 3310
4. Тозу сомасына (егер пайдалануда болган объектiлер сатып алынса) Д-т 2411-2417 К-т 2421, 2425 - 100,0.
5. ҚҚС-ты қоса алганда, жеткізуге байланысты шығындар Д-т 2414 к-т 3310 - 50,0.
6. Жеткізушілер мен мердігерлер алдындагы берешек өтел генде Д-т 3310 к-т 1010, 1040, 1020, 1050-350,0

2.2 Сатып алынган басқа НК (бухгалтерлiк жазбаларды акша шоттарымен жасауға болмайды, өйткені есепке алуға арналған ҚҚС бөлініп көрсетіледі).
1..ҚҚС-сыз салык шот-фактураларына сәйкес келiсiм құнына біз мынадай жазба жасаймыз: Д-т 2411-2417 к-т 3310-300.
2. Ұсынылған шот бойынша ҚҚС сомасына: Д-т 1420 К-т 3310 - 60,0.
3. Төлем фактісіне қарамастан ККС-ты есепке алу (бюджетке ККС бойынша төлемдердi кеміту). Кiрiске алу сәті бюджет алдындагы берешекті кемітуге ҚҚС-ты жаткызу сәті болып табылады. Д-т 3130 к-т 1420 - 60,0.
4. Жеткізушіге төленген шоттар: Д-т 3310 К-т 1040, 1050, 1010, 1020-360,0.
Егер алдын ала төлем жүргiзiлсе: 1. Жүргiзiлген алдын ала төлемнiн сомасына Д-т 1610
K-T 1040, 1050, 1010, 1020-360,0. 2. Нк келiсiм құнына Д-т 2415, 2416 к-т 3310 - 300,0
3. ҚҚС қауіпсіздікне Д-т 1420 к-т 3310 - 60,0.
4. ҚҚС есепке алу Д-т 3130 К-т 1420-60,0.
5. Берілген аванстарды (алдын ала телемдердi) есепке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің типтік шаруашылық операцияларының шот корреспонденциялары
Кассадағы ақша қаражат есебінің синтетикалық есебі
Әкімшілік шығыстардың есепте көрініс табуы және есептен шығарылуы
Негізгі құралдар бухгалтерлік есебі
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі және оның операциялары
Экономикалық қызметтiң орталығы
Кәсіпорынның корпоративтік табыс салығын есептеу
Бухгалтерлік есеп және оның әдістемелік негіздері
Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы
Негізгі құралдар есебі. Негізгі құралдар,олардың қаржылық есептегі топтасуы мен бағалануы
Пәндер