Мәміленің белгілерін қарастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні:Азаматтық-құқық
Тақырып:Мәмілелер ұғымы,белгілері және түрлері

Мамандық:Құқықтану
Шифр:0201000
Курс:3
Топ:Пк-301
Білім алушы:А.Н.Бахтиярұлы
Курстық жұмыс жетекшісі К.Э.Бөкенқызы

2022 жыл

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
МӘМІЛЕЛЕР:ҰҒЫМЫ,БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ НЫСАНЫ.
1.1Мәміле жайлы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2Мәміленің белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3Мәміленің нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II. ЖАРАМСЫЗ МӘМІЛЕ,МӘМІЛЕНІҢ ТҮРЛЕРІ.
2.1Жарамсыз мәміле ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Мәміленің түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Кіріспе
Оcы курстық жұмыстың басты өзектілігі. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында мәміле-азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп көрсетілген. Шаруашылық өмірде мәмілелер үлкен роль атқарады. Азаматтық құқық субъектілері күн сайын оларға сатқан тауарға, көрсетілген қызметке, орындаған жұмысқа байланысты мәмілелер жасайды.Бұл адамдарда өмір бойы жалғасады. Осындай үлкен орынды мәмілелер кәсіпкерлер қызмет ете алады. Мәмілелердің көмегімен заңды тұлғалар өнім өндіру мен, өндірген өнімді әр түрлі транспортпен тасымалдауды т.б. ұйымдастырады. Сонымен қатар мәмілелер сыртқы сауда саласында да кеңінен қолданылады. Осыған орай мәмілелер, азаматтық айналым қатысушыларының арасындағы қатынастың негізгі құқықтық нысаны болып табылады. Осыған байланысты заң мәмілелер жарамдылығына үлкен талаптар қояды. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің мәміліге арналған тарауында оның түсінігі, түрі және нысаны мен қатар оларды жарамсыз деп тану салдарынан орын береді. Жаңа шаруашылық жағдайларда бұрын белгісіз болған мәміле жарамсыздығының құрамдары пайда болды. Олар меншік нысанын өзгертуге, жекешелендіру жүргізгеніде жер қатынастары саласында көрінеді. Сондықтан да соңғы кездері елімізде мәміле институтына қатысты бір қатар азаматтық заңдар қабылданды. Мен, Қазақстан Республикасы заңдарының қазіргі даму деңгейіндегі мәміле институты тақырыбы маңызды деп есептеймін. Осыған байланысты тақырыпты ашу үшін жаңа нормативтік база, арнайы оқулықтар мен монографиялық әдебиеттер, азаматтық істерге байланысты сот практикасынан тәжрибелік құжаттар пайдаланылды. Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.Мәміле негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да,айтарлықтай өзіндік рөл атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған. Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын рөлі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі - сатып алу-сату шарты,оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарт, тауар жеткізілімі шарты,энергиямен жабдықтау шарты кәсіпорын-ды сатып алу-сату шарты.Мәмілелерді заңдастыруы құқықтық аспектілерді қамту, азаматтық қатынасқа баға беру, заңнамаларды жетілдіру уақыт талабы балып отыр.Мәмілелелердің құқықтық жақтарын игеру, білу мәмілелерді жасау, орындау барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкіндігінше болдыртпау, санын азайту жағдайын қалыптастыра алу бүгінгі күннің талабы.Мәмілеге түсуші әріптестердің ара қатынасын анық-тайтын заңды құжаттарды кәсіби рәсімдеу құқықтық мәселе-лерді тиімді шешудің кепілі болмак. Сондықтан тек заңгерлер емес құқықтық мемлекет, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мәміле талаптарын білу керек.Курстық жұмыстың өзектілігі нарықтық қатынастарда дамыған ел экономикасының тиімді құқықтық базасын құру, азаматтық қоғамның дамуы мен нығаюы-мен тікелей байланыстылығында. Бұл міндетті шешуде субъект-ілермен жасалатын әртүрлі құқықтық азаматтық мәмілерді ретт-еудің құқықтық механизмдерін анықтайтын құқықтық нормалар аз рөл атқармайды. Жеке құқық түсінігі әрдайым мәміле ұғымымен үздіксіз байланыста. Қазіргі таңда мәміле ұғымының рөлінің артуы,азаматтық құқықтың мәміле жайлы барлық норма- ларындағы маңыздылығын талап етуде. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру,нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтіруін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажет тігін тануға негізделеді. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесін көздей отыр-ып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негіз -інде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез-келген жағдайларын белгілеуде ерікті. Қазіргі нарықтық қатынасты игеруде заман талабына сай мәмілелер жасау, олардықұқықтық реттеу қоғамымызда елеулі қиындықтар тудыратыны баршаға мәлім. Мәмілені жасаудың жалпы тәртібі, жарамдылык негiздерi жеткілікті зерттелген десек күмән туғызбас, ал мәмілелерге байланысты дауларды сотқа дейін, сотта шешу, сот тәжірибесінде жиі кездесетінжекеленген. Мәмілелерді жасау,міндеттемелерді орындау барысындағы құқықтық мәселелер әлі өз шешімін толық тапқан жоқ, арнайы ғылыми еңбектерің тапшылығын аңғаруға болады. Осы жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы Азаматтық құқықтардың арасында-ғы елеулі рөл атқаратын мәміле түрлерін,олардың түсінігі мен маңызын ашып көрсету. Осы аталған мақсатқа жету үшін мына міндеттер туындайды:
Мәміле туралы жалпы түсініктіқарастыру;
Мәміленің белгілерін қарастыру;
Мәміленің нысаны және оның маңызын анықтау;

МӘМІЛЕЛЕР:ҰҒЫМЫ,БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ НЫСАНЫ.
1.1Мәміле жайлы жалпы түсінік.
Мәміле -- азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері. Мәміле -- бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді. Мәмілені жасау -- мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті. Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылу- ына негіз болады. Мәміле -- арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер.Субъекті еркінің осы бағыттылығы мәмілені заңдылықтардан ерекшелендір- еді. Егер субъекті заңды қылықтар жасаған болса, онда тұлғаның әрекеті неге бағытталғанына қарамастан құқықтық салдар туындайды. Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер деген- іміз -- жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері. Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңды актілер арасында айырма- шылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ -- мемлекеттік орган ның еркі оның үнделгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады. Азаматтық құқықта мәмілелер көп, сондықтан да оларды жіктеу қажет. Мәмілелерді түрлерге бөлу бірнеше белгілер бойынша жүргізіледі. Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге: біржақты және екіжақты (көпжақты) деп бөледі. Мәмілелерді бұлай бөлу мәміле- лерге қатысушы тараптардың санына сай жүргізілген. Біржақты мәмілелер. Біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруі кажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады. Мұндай мәмілелерге мысал ретінде сенімхат беруді, өсиет қалдыруды, мұрагерліктен бас тартуды, мұрагерлікті қабылдауды, шартты орындаудан тараптың толығымен немесе жартылай бас тартуды (егер бас тарту тараптар дың келісімімен жасалған болса) жатқызуға болады. Бірақ та біржақты мәміледе тек қана бір тарап пен бір ғана тұлғаның еркін білдіруін ғана есепке алмау керек. Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт -- сату -- сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады. Мәміле - азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекет болып табылады. Мәміленің ең көп тараған түрі - шарт, яғни екі жақты немесе көп жақты мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады. Жоғарыдағы мәміленің анықтамасы Азаматтық кодекстің 147 бабынан туындайды. Нақтылы айтар болсақ мәміле дегеніміз - заңды факті. Заңды фактілердің оқиғалардан немесе әрекеттерден тұратындығы белгілі. Мәміле соның ішінде әрекет болып саналады. Әрекет болғанда да ол азаматтық құқық субъектісінің заңды әрекеті. Міне осы жерден мәмілеленің белгілері мен өзіндік ерекшелігі көрінеді. Мәміленің басты ерекшелігі оны жасағанда азаматтық салдар туындап - белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгіленіп, өзгеріп, тоқтатылып жататынында. Мәміленің өзіне тән бірқатар белгілері бар. Мәміле - азаматтық құқық субъектілерінің ерікті актісі. Мәмлемелерде азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының еркі көрінеді. Оны біз адамдардың еркіне бағынбайтын және еркінен тыс болатын оқиғалардан ажырата білгуіміз керек. Бұл арада ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталған. Атап айтқанда, мәселен, өздерінің шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдардың тұрмыстық, өндірістік, азық - түлік тауарларын сатып алуы және т.б. әрекеттері. Мәмілеге қатысушылардың ішкі еркін және оның сыртқа байқалғандығын ажырата білу керек. Егер ішкі ерік сыртқа көрінсе, бірақ басқа тұлғаларға байқалмаса, онда ол заңдық салдарды туындата алмайды. Осы сияқты, егер сыртқа байқалған ерік мәміле қатысушы ішкі еркімен сәйкес келмесе мәміле жасалмаған болып саналады. Мысалы, кіріптарлық мәміле. Ол Азаматтық кодекстің 159 бабының 9 тармағында көрсетілген. Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады.Жасалған кезд атқарылатын, жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады.Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады. Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді.
Мынадай мәмілелер: - кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын; - мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;
- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.
Заң мәміленің қандай жағдайларында жазбаша түріде жасалатын айқындайды.Бірақ мәміле жасасудың ауызша нысанын қолдану мүмінкіндіктері үшін айқын заңи нұсқаулар жоқ. Сондықтан бұл жерде баршаға тән мынадай ереже қолданылады: заңдардың белгілі бір нормаларына немесе тараптардың келісіміне қайшы келетін жағдайлардан басқа реттерде мәмілені қашанда ауызша түрде жасасуға рұқсат етіледі. АК-ның 151- бабына сәйкес, мәміленің ауызша түрі ол жасалған кезде атқарылатын жағдайда қолданылады. Бұл арада ауызша мәміленің ең жоғары шегі қызметін атқаратын мәміленің сомасы белгіленбейді, АК 152б, 1т. Жазбаша мәміле жасамай-ақ құны миллион теңгелік затты сатып алуға болады. Бірақ мұнда тараптар уағдаласқан соң біріне-бірі затты да, ақшаны да қолма-қол береді. Алайда, егер, нақ сол зат несиеге немесе ақысын алдын ала төлеу арқылы сатылса, сатып алу-сату мәмілесі жазбаша түрде жасалуы тиіс. Қарыз беру шарты бойынша берілетін ақша, әдетте, борышқордың несие иесіне қолхат беру жолымен жазбаша түрде ресімделеді, ал шарттың орындалуы - ешқандай жазбасыз , қолхатты қайтару арқылы жүргізіледі. Ауызша мәміле жасауға кең мүмкіндіктер беретін АК-ның 151-бабынан өзгеше, оның 52-бабы жазбаша мәміле қажеттігін едәуір қатаң шекарасын белгілейді. 52 бапқа сәйкес мынадай мәмілелер жазбаша түрде жасалуы тиіс:
егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелердің жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;

мәмілелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, 100 айлық есептік көрсеткіштен астан сомаға;

заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзгеде реттерде.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, нотариалдық куәландыруын талап ететін мәмілелер болуы мүмкін, бұлар нотариалдық куәландырғаннан кейін ғана жасалады деп саналады. Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті. Негізгі және қосымша (акцессорлық) мәмілелер (шарттар) арасындағы айырмашылықтың практикалық маңызы бар. Акцессорлық мәміле негізгі мәмілені толықтырады, қамтамасыз етеді және нақтылайды. Егер заңнан, мәміленің мәніне не тарап - тардың келісуінен өзгеше жағдай туындамаса, акцессорлық мәміленің тағдыры негізгі мәміленің тағдырына тәуелді болады. Заңдар кейбір мәмілелер үшін тараптар қол қоятын құжатты қарастыруды ғана талап етпестен, сондай- ақ мәміленің мазмұнын белгілі бланкіде баяндауды, қойылған қолдарды мөрмен куәләндіру және т.с.с. талап ете отырып, мәміленің жай жазбаша түрін куә -ләндіре түседі. Егер олар заңда не тараптардың келісімінде көзделсе, мәміленің жазбаша түріне мұндай талаптар қою міндетті болады. Қалған жағдайларда, егер тіпті мәмілені заңды тұлғалар жасайтын болса да, аталған талаптардың сақталуы міндетті емес. Мұнда мәмілені жазбаша түрде жасаудың жалпы ережелерінің бұзылмауы жеткілікті болады. Егер азамат дене кемістігіне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты құжатқа өзі қол қоя алмайтын болса, онда оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, басқа адамның қойған қолын нотариус немесе осындай нотариалдық әрекеттер жасауға құқөылы басқа лауазымды адам мәміле жасаушының оған тікелей өзі қол қоя алмауының себеп-терін көрсете отырып, куәләндыруы тиіс. Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап келесі тараптан да орындағанын растайтын құжатты талап етуге құқылы. Жасалуы кезінде орындалатын мәмілелерден басқа, ауызша жасалған кәсіп- керлік мәмілені орындаған тарап та осындай талап қоюға құқылы. Қолхат, квитанция, жүк қағаздары, әдетте, осындай құқық бола алады. Заң құжаттарына немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер олрды нотариат куәләндырғаннан кейін жасалады деп саналады. Мәмілелерді нотариалдық куәләндыру қажеттігі туралы талаптарды заң мәммілелердің нақты түрлеріне ғана қояды. Мысалы, АК-ның 58-бабының 5 тармағы шаруашылық серіктестік құру жөніндегі құрылтай шартын нотариалдық куәләндыруды талап етеді. Заң талап етілетін нысанды оны қарапайымдату жолымен бұзуға тыйым салады. Мәмілені нотариалдық куәләндыруды талап ету кезінде оны жай жазбаша түрде жасаумен не жазбаша түрде жасаудың орнына ауызша түрді қолдануменшектелуге болмайды. Керісінше, мәмілеге қатысушылардың өзара келісіп отырып, белгіленген нысаннан оны күрделендіруге қарай шегінуіне әбден күрделі және ол тараптар үшін ешқандай теріс зардаптар туғызбайды. Мысалы, заң ауызша мәміле жасауға жол беретін реттерде де, тараптар мәмілені жазбаша түрде жасауға құқылы; заң мұны талап етпесе де, тараптар жазбаша мәмілені нотариалдық куәләндыруға құқылы.

Мәміленің белгілері
Мәміленің белгілері:
Ол заң нормаларымен реттеледі;
Тек қана құқықтық қатынастарды тудыруға, ол өзгертуге тоқтатуға бағытталған әрекет;
Адамдардың еркін білдіретін әрекет;
Ол заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет.
Мәміле дегеніміз - бұл заңды, рұқсат етілген, көп реттерде заң қолдап отыратын іс-әрекет. Күнделікті өмірде кейде қоғам теріс бағалайтын әрекеттерді мәміле деп атайды. Сөзді бұлайша қолдану оның заңды мағынасымен үйлеспейді. Заңдылық белгілері жөнінен мәміле мақсатты заңсыз әрекеттерден, яғни басқа адамдарға нұқсан келтіретін әрекеттерден ерекшеленеді. Мұндай әрекеттер де келтірілген залалдың орнын толтыру қажеттігіне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады, бірақ олар мәміледен емес, залал келтіру фактісінен, яғни деликтіден туындайды. Мәміленің қажетті сапасы - әрекеттің заңдылығы мәміленің барлық түрлерін заңның көздеп отыруын мүлде талап етпейді, керісінше, заңда көзделмеген мәмілелер жасалуы мүмкін; тек олардың заңға қайшы келмеуі, тыйым салуды бұзбауы талап етіледі (АК-ның 7 бабы). Заң, мысалы, демеуші мен ол жәрдем көрсететін тұлғаға арасындағы шарттық қатынастарды реттемейді, бірақ мұндай шарттың жасалуы әбден мүмкін. Оның үстіне, азаматтық кодекс (381-бап) аралас шарттар жасасуға рұқсат етеді, оларда заңда көзделген әр түрлі шарттардың элементтері болады. Инвестициялық шарт осындай саладағы үлгі шарт болып табылады. Мәмілелер оларды жасаушыларда азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызады. Олар осы белгісі арқылы әкімшілік актілерден, яғни осы органдарға бағынатын тұлғалар үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызатын құзіретті мемлекеттік органдардың әрекеттерінен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзіретті мемлекеттік органдардың шешімі мемлекеттік кәсіпорынның ғимараты үш жыл мерзіммен жалға берілген шартты ұзартуға міндеттейді, не керісінше, оған тиым салады. Сотқа шағымданған тұлға үшін құқықтық қатынасты туғызатын, өзгертетін не тоқтататын сот шешімінен мәміле осындай белгілері бойынша ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық заңында берілген мәміле ұғымы менің пікірімше кішкене тығыз түрде бірілген. Себебі, азаматтық құқық қатынасына жалғыз жеке және заңды тұлғалар ғана қатыспай, мемлекет пен әкімшілік аумақтық бөліністердің де қатысатындығын ескергеніміз жөн. Әлде мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөліністердің жасаған әрекеттері мәміле қатарына жатпайды ма? Соған сәйкес, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде азаматтық құқық субьектілерінің барлығы көрсетілсе артық болмас еді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген әрекеті мәміле қатарына жатқызылмайды. Мұндай әрекеттерді мәміле деп тану үшін олар өздеріне тән ерекше белгілерге ие болуы қажет. Мәміленің белгілеріне байланысты цивилисттердің пікірлерінің бірінғайландырылғандығы байқалады. Олардың пікірінше мәміле белгілеріне мыналар жатады: тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіру, рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа қайшы келмеуі; қандай да бір заңды әрекет жасауға бағытталған; мәміле әрқашан да құқықтық салдар туғызады. Мәміленің жоғарыда көрсетілген белгілерін жеке қарастырып көрейік. - Мәміле әрқашан да ерікті акт - бұл белгісі арқылы мәмілені заңды фактілердің бір түрі оқиғадан ажыратамыз. Осы белгіден туындайтын мәміленің ерекшелігі - ол әрқашан адамның ойлау қабілетімен байланысты болып, оның жасалуы тікелей адам әрекетінен туындайды. - Мәміле әрқашанда - заңды әрекет болып келеді. Іс әрекеттер заңды және заңсыз болып бөліну салдарынан мәмілелерді құқыққа қайшы әрекеттерден ажырату мақсатында қөрсетілген белгілердін бірі. Яғни заңсыз әрекеттердің жасалуы мәміле емес құқық бұзушылық болып табылады. Сонымен қатар, мәміленің құқықтық әрекет ретінде сипатталуы жалғыз заңға қайшы келметіндігін білдіру мен қоса мәміленің заңда көзделмеген әрекеттердін жасалуын да қамтиды. Мысалы, Ю.Г.Басин қазіргі кезде кенінен дамыған демеуші институтын көрсетеді.
- Мәміле қандай да бір заңды әрекет жасауға бағытталады. Яғни, мәміле жасаушы тұлғалар оны жасау кезінде белгілі бір мақсат көздейді. - Мәміле әрқашан да құқықтық салдар туғызады - мәміле жасау нәтижесінде әрқашан белгілі бір жағдайлар туындап, өзгертіліп немесе тоқтатылатындығы мәлім. Мәмілелер - бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларда әрекет етететін тұлғалардың еркі байқалады. Мәміле жасайтын тұлға еркінің ішкі мазмұнын (оның шын ниетін) және еріктің сыртқы көрінісін (айтылған не қағазда баяндалған сөзді, ымды, едәуір күрделі әрекеттерді) айыра білу керек. Адамның сөзі мен іс-әрекеті бойынша оның еркінің шын бағыты туралы пікір түюге болғандықтан, еріктің сыртқы көрінісі оның ішкі мазмұнына сай келеді деп жорамалданады. Алайда адамның ішкі ниеті мен оның еркінің сыртқы көрінісі арасында алшақтық бар екені дәлелденген жағдайда (мысалы, сатып алушы сатушымен түсінісетін тілді нашар білгендіктен, сатып алатын заттың бағасын белгілеуде қателесті) оның шын ниетіне зор маңыз беріледі. Ерікті акт ретінде мәмілеге психологиялық қатынастардың болуы сәйкес келеді. Мәміле белгілі бір құқықтар мен міндеттерді туғыздыруға бағытталғандықтан, мұндай әрекет жасау үшін тұлғаның қалауы, яғни ниетінің болуы қажет. Мұндай ниет пен қалауды адамның ішкі еркі деп атайды. Алайда, ескергеніміз жөн мәміле жасау үшін тек ішкі ниеттін болуы жеткіліксіз, сол ішкі неитті өзгелердің назарына жеткізу қажет. Жоғарыда көрсетілген ережелердің барлығы ерік пен ерік білдірудің сәйкес келу қажеттілігін көрсетеді. Ерік білдіру дегеніміз адамның ішкі ниетін сырқа шығаруы. Адамның мәміле жасауға деген еркі түрлі нысанда байқалуы мүмкін, сонын ішінде кенінен тарағаны тікелей ерік білдіру. Ерік білдірудің тәсілдерін үш топқа бөліп қарастырып, мынадай схема түрінде көрсетуге болады. Тікелей ерік білдірудін ерекшелігі мәміле жасаушы тұлғалар оны ауызша және жазбаша нысанда жасайды, мысалы, шарт жасасу, келтірілген зиянды өтеуге келісім беру, хат алмасу т.б. Жанама ерік білдіруде - мәміле жасаушы адам әрекетінің мазмұнынан ақ оның мәміле жасауға деген ниеті белгілі болады. Мұндай әрекеттер конклюдентті (латын сөзінен шыққан әрекет деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Мысалы, автобустарда жолақы төлеу немесе сатушының прилавкаға сатылатын заттарды шығарып қоюының өзі олардың мәміле жасауға деген ниетін білдіреді. Айта кеткен жөн конклюдентті іс-әрекет арқылы тек ауызша нысанда жасалатын мәмілелер ғана жасалады.Үндемей қалу арқылы ерік білдіру туралы айтар болсақ мұндай әрекет заңда немесе шартта көрсетілген жағдайларда ғана орын алады. Мысалы, тараптар шарт жасасқан кезде олардың біреуінің ұсынысына екіншісі үндемесе келісім берілгендігі деп түсінетіндігі жайлы келісімге келуі мүмкін. Үндемей қалу арқылы ерік білдіруге мына мысалды келтіруге болады: Азамат А екі бөлмелі пәтерін азаматша Б-ға 6 ай мерзімге жалға береді. Тараптардың келесімі бойынша пәтерде тұрғаны үшін 6 ай,а алдын ала төлем ақы жүргізіледі. Азамат А мен азаматша Б бір қалада тұрады делік. 6 ай мерзім өткен сон азамат А азаматша Б-ға жалға берілген үйге байланысты ешқандай талаптар қоймайды, ал азаматша Б сол үйде тұруды әрі қарай жалғастырады. Яғни, азамат А-ның үндемеуі шарттың ұзартылуына келісім бергендігін білдіреді.Ерік пен ерік білдіру адамның өз әрекетіне деген психологиялық қатынасын білдіреді. Әрине, ерік пен ерік білдіру бір біріне сәйкес келуі қажет. Егер адамның ішкі еркі бір нәрсеге бағытталып оның сыртқы көрінісі басқа затты көрсететін болса тараптардың арасында дау туындауы мүмкін. Ерік пен ерік білдіру Ұғымдарының сәйкестігіне Ресей ғалымы О.В.Берг аса маңызды көніл бөледі. Мәміле дегеніміз - бұл қашанда ерікті білдіру болғандықтан, оны заң еркіне заңдық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай алады. Демек, әрекетке қабілетсіз азаматтыр мәмілелер жасай алмайды, ал әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдар оларға заңда рұқсат еткен мәмілелерді ғана жасауға құқылы (АК-ның 22 және 23-баптары). Мәміле жасау үшін үлкен маңызы бар адамның өз әрекетіне деген психикалық қатынасының тағы бір элементі- мәміле жасау ниеті. Бұл элемент мәміле шегінен тыс пайда болып нақты мәмілеген ешқандай да ықпал етпейді. Расында, дүкеннен фотоаппарат сатып алған кезде біз оны қандай мақсатта алдық: қайта сату үшін бе әлде сыйға тарту үшін бе мұнын барлығы мәміле мазмұнына (сатып алу сату шартына) еш әсер етпейді. Мәміледегі ниет пен мақсатты оның негізінен (кауза) ажырата білуіміз қажет. Мәміле негізі-мәміле жасау арқылы туындайтын типтік заңды нәтиже. Мысалы, сатып алу сатудың негізі - меншік құқығына иелену, жалға беру негізі- мүлікті пайдалануға беру т.б. Тұлғалардың нақты құқықтық мақсаты мәміле негізімен сәйкес келмеуі мүмкін, мұндай жағдайларда мәміле мазмұнының ақауы бар деп айтуға болады. Ерік және ерік білдіру мәміленің жарамдылық шарттарының бірі деп айтсақ қателеспейміз. Осыған сәйкес, азаматтық құқық теориясында қалыптасқан мәмілені заңға сәйкес жасалған деп тану үшін қойлатын арнайы талаптарға жеке тоқтала кетсек. Мұндай талаптарды құқық теориясында Мәміленің жарамдылық шарттары деп айтады. Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің жарамды болу шарттарына жататындар:
А)мазмұны заң талаптарына сәйкестігі;
Ә) мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі;
Б)мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның еркі мен ерік білдіруінің сәйкестігі.
В) мәмілелердің нысанын сақтау Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни, кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқық қабілетілігі мен әрекетқабілеттілігін шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып табылады. Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады. Жоғарыда көрсетілгендей мәміленің жарамды болуы үшін ерік пен ерік білдіру бір бірімен сәйкес келуі қажет. Олардың арасындағы сәйкессіздік Мәміле туралы қазіргі кездегі ілімдердің негізін құрайтын мәмілені қайтарымды және қайтарымсыз, біржақты және екі жақты, мәміленің жарамдылығына ерік білдіру нысанының ықпал етуі секілді мәселелердің барлығы рим құқығынан келгендігін де ескергеніміз қажет. Азаматтық құқықтың дамуының қазіргі кезеңінде қоғамдық қатынастарды реттеудің жариялы-құқықтық және жекеше-құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәмілелер ұғымы мен оны жасау тәртібі
Қор биржасы және оның қызметі туралы ақпарат
МӘМІЛЕ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Құқықтық мәміле
Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері
Лизингтің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері
Мәміле түсінігі
Бағалы қағаздар шығарушылар
Заем шарты және жалпы сипаттамасы
Пәндер