Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі


Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
- Етістіктің лингвистикадағы жалпы зерттелу тарихы. ………8
1. 2 Етістіктердің тұлғалық сипаты мен мағыналық түрлері. 14
1. 3 Етістіктің лексикалық-грамматикалық қолданысы. ………. . 32
ҚОРЫТЫНДЫ36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . 39
Кіріспе
Етістік - сөз таптарының ішіндегі құрамы жағынан да, грамматикалық құрылымы жағынан да ең күрделі сөз табы. Құрамы жағынан етістік - сөзге бай сөз табы. Зат атаулының бәрі әр түрлі қимыл-әрекет жасайды, қимыл-әрекетке түседі.
Ең көне заманның өзінде тіл білімінде алдымен етістік пен есім сөздер танылған. Оның ішінде етістік қай тілде болсын басқа сөз таптарынан жігі анық бөлінген сөз табы болып саналады.
Етістік сөз табы ретінде қазақ тіл білімінің негізі қалана бастағаннан бергі уақыттан тіліміздегі ең күрделі де мазмұнды, қызықты нысана ретінде қарастырылып келеді. Сондықтан етістіктің тіл білімдік теориялық мәселелері ғылыми тұрғыдан негізделді деп айтуға болады. Дегенмен дәуірлік дамуға қарай етістік сөз табының күрделілігі одан сайын танылуда. Осы орайда бұл сөз табының алғашқы теориялық тіл білімдік қырларын назарға алып отыруға тура келеді.
Бұл аталған тақырыпта курстық жұмыстың мазмұны ашылып, қазақ тіліндегі етістіктердің жалпы тарихи зерттеулеріне шолу жүргізіліп, төмендегідей міндеттемелер қарастырылды:
- етістік сөз табының теориялық зерттелуін қарастыру;
- етістіктің негізгі белгілері мен грамматикалық ерекшеліктерін ашу;
- сөзжасамдағы орнын көрсету;
- грамматикалық қолданылу өрісін таныту; Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі
Етістік - тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Етістік күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика - семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық тұлғаларымен, синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.
Етістіктің лексикалық-семантикалық сипатының мейлінше өрісті болуының себебі оның семантикасы тек субьектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, неше алуан амал, әрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты үдерістерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы бай семантикасы, оның грамматикалық түрлері мезгіл я шақ ұғымымен ұштасады [1, 56] .
Етістіктің лексика-грамматикалық тұлғаларының бай болуы олардың амал-әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін және олардың өту сипатын, яғни бағыты, қарқыны тәрізді жайларды бағдарлуға байланысты, демек, етістік тұлғалары осы және олардан өзге әр түрлі құбылыстардың көрсеткіштері есебінде қызмет етеді. Бұлардан тыс етістіктен етістік тудыратын, есімнен етістік тудыратын синтетикалық, аналитиқалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі-нұсқаларын қоссақ, етістік деп аталатын сөз табы тұлға жағынан орасан бай категория екені ашыла түседі. Тұлға байлығы жағынан етістікке өзге бірде-бір сөз табы, солардың ішінде тұлғасы ең бай саналатын зат есімнің өзі тең түсе алмайды. Етістіктің лексика-семантикалық мағынасы мен тұлғаларының байлығы оның өзіне тән әр алуан лексикалық-семантикалық, лексикалық-грамматикалық және таза грамматикалық категорияларынан тіпті айқын көрінеді. [2, 78] . Мысалы, етістіктің өзіне лайық сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше қилы тұлғаларымен қатар, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін де тұлғалары бар. Ал шақ, рай, етіс, амалдың жүзеге асу (өту) сипаты сияқты жүйе-жүйе категориялар - етістіктің семантикалық жағынан ең бай тұлғалары, сондай-ақ, етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық тұлғаларынан мазмұндары да, тұрпат-түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар - етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін тұлғалар, айрықша қызметі бар категориялар. Олардың тұлғаларына өзгеріс енгізіп отыратын болымдылық/болымсыздық, сабақтылық/салттылық категориялары етістіктің нағыз грамматикалық сипаттарының белгілі көрсеткіштері деп саналады.
Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары, синтаксистік қызметі оның өзге тұлғаларымен және өзге сөз таптарына тән сөздермен қарым-қатынасқа түскенде айқындала түседі. Етістіктің кейбір тұлғаларының тек қана баяндауыш болуы, кейбір тұлғаларының сөйлемнің барлық мүшелері есебінде қолданылуы сияқты грамматикалық ерекшеліктер сөйлем ішінде, сөз тіркесі аясында ғана танылып көрінеді. Сонымен бірге, етістіктің семантикасы, тұлғасы, қызметі өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Етістіктің семантикасы сол сөздің құрамы мен құрылысына астасып жатса, керісінше, қызметі оның семантикасы мен тұлғасына ұштасып отырады.
Морфологияда сөздердің грамматиқалық құрылысын зерттейтін сөздердің тұлға тұрпаты, құрамдық бөлшектері қарастырылады.
Қазақ кеңестік тіл білімінің негізі отызыншы жылдары қалыптасты. Қазақ тіл білімінің грамматикасаласын зерттеуші ғалымдар етістікке қатысты арнайы зерттеулер жүргізіп, еңбектер жариялады.
Қазақ тіліндегі етістік сөздерінің әдеби қалыптағы теориялық негізін, зерттеулік көзін қарапайым тілмен түсіндірген, қазақ тіл білімінің негізін салып, терминдерін қалыптастырушы ғалым А. Байтұрсыновтан бастап тарамдата аламыз.
Ғалымның етістіктерге: «Етістік дегеніміз - заттардың істерін көрсететін сөздерң - деп сипаттама берген [3, 231] . Ғалым етістіктерді жалпы алып қарап, оларды әрекеттің болу-болмауына байланысты ең алдымен болымды/болымсыз деп бөледі. Содан соң «мұнан басқа түрі екі түрі бар» деп көсемше мен есімшені атайды. Сондай-ақ ғалым етістіктің 10 етіс түрін танытқан. Етістіктің қазіргі түрінен өзге (қазір - төртеу) тағы 6 түрін атап беруі ғалымның етістіктердің мағынасына қарай топтауына және салт/сабақты етістікті қосып көрсетуіне байланысты туындаған деп ойлаймыз. Яғни ғалым сабақты/салт етістікті етіс түрі деп көрсеткен: сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс. Сонымен бірге мұнда қазіргі тілде қолданылмайтыны - беделді етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс түрлері.
Беделді етіс деп қазіргі өзгелік етісте қолданылатын екінші жұрнақ түрі -дыр/-дір, -тыр/-тір қосымшасынының қатысымен жасалатын етістіктерді атаған: айттыру, салдыру, т. б. Шығыс етіс деп ортақ етіс арқылы жасалып, зат есімге айналған сөздерге тағы да біз айтып жүрген өзгелік етіс -дыр/-дір, -тыр/-тір жұрнағының жалғануы арқылы жасалған етістіктерді атайды. Мысалы: күрес-тір-дім, жарыс-тыр-дым, соғыс-тыр-дым, табыс-тыр-дым, т. б.
Дүркінді етіс деп -қыла/-ғыла, -кіле/-гіле күшейткіш жұрнақтары арқылы етістіктен келесі бір тұлғалы етістіктің жасалуын атаған: жұлқылау, атқылау, ұрғылау, т. б.
Өсіңкі етіске қимылдың күшейгенін білдіретін етістіктерді көрсетеді: жүріңкіреу, ұйықтаңқырау, таыңқырау, т. б., яғни кейінгі ғалымдар Ы. Маманов, С. Исаев күшейткіш етістікке жатқызып жүрген -ыңқыра/-іңкіре, -ңқыра/-ңкіре жұрнақтары арқылы жасалған қазіргі күйшеткіш етістіктер көрсетіледі.
А. Байтұрсынов етіс түрінен басқа етістіктің қазргі грамматикалық категория түрі болып табылатын рай түрін де сипаттап жазған. Ғалым етістіктің 14 рай түрін негіздеген:
1) Тұйық рай, 2) билік рай,
3) ашық рай, 4) шартты рай,
5) ереуіл рай, 6) реніш рай,
7) қалау рай, 8) сенімді рай,
9) сенімсіз рай, 10) мұң рай,
11) көніс рай, 12) қайрау рай,
13) азалы рай, 14) теріс рай.
А. Байтұрсынов тұйық рай деп -мақ/-мек деген есімшенің жұрнағымен келген етістіктерді атайды: жүрмек, көрмек, т. б.
Билік рай деп қазір айтылып жүрген бұйрық райлы етістіктерді келтіреді: айтайын, жазба, жуын, т. б.
Ереуіл рай деп шартты райлы етістіктен кейін да/де демеулік шылауын тіркесіп келгендегі түрін сипаттайды. Мысалы: келсең де, жүрсең де, айтсаң да, т. б.
Сондай-ақ ғалым реніш райға да сипат береді: «Реніш рай дейміз - істеген-істемеген істерге реніш еткенде айтылатын сөз түрін. Мәселен: «Шақырғанда барсамшы!ң, «Көрдім деп айтсамшы» [3; 241] . Қазір мұндай сөйлем ішінде кездесетін етістіктер шартты райға енгізіледі, өйткені мұндағы етістіктерде де шартты рай жұрнағы қолданылып, ең алдымен шарттылық мағына түсініледі, сонан кейін «-шың жұрнағы арқылы реніш не өкініш мағынасы үстелгенін аңғаруға болады.
Ғалымның еңбегінде сенімді райға қазіргі қалау райдағы етістіктің -ғай/-гей жұрнақты түрі, сенімсіз райға етістік +-ар/-ер/-р ма/ме екен тұлғасы; болжал райға етістік +-ар/-ер/-р + еді тұлғасы; мұң райға етістік + -ар/-ер/-р + ма/ме +еді тұлғасы енгізіліп қаралған. Аталған тұлғалар да кейінгі кеңес дәуірі кезіндегі ғалымдардың сұрыптауынан өтіп, қазіргі уақытқа дейін қалау рай түрлеріне жатқызылып жүргені белгілі. Бірақ, көріп отырғанымыздай, етістіктің теориялық негізінің бастауы ғалым А. Байтұрсынов зерттеуінен таралғанын аңғарамыз.
Ғалымның еңбегінен етістіктің көніс райын ерекшелеп өтуге болды. Өйткені қазір күнге дейін бұл рай түріне жатқызылған етістік түрі бөлек қаралған емес. Еңбекте көніс райға да жеке анықтама беріледі: «Көніс рай дейміз - іске көнгенде, мойындағанда айтылатын сөз түрінң. Мысалға ғалым барамын да, келемін де, айтады да, т. б. түріндегі етістік пен демеулік шылау тіркесіндегі тұлғаларды келдтіреді [3; 242] .
Қайрау райға барайыншы, баршы, барсыншы, т. б. тұлғасындағы етістіктер алынып, оларды «қайрай сөйлейтін сөз түрің (рай түрі) деп түсіндіреді. Ал «азалы рай деп қайрау райдың азамен айтылатын түрің келтіріп, қалсайшы, барсайшы, барсана, тұрсана, т. б. деген мысалдарды береді.
Теріс рай деп «іске айтылатын сөздің теріс түрің деп түсініктеме жасап, жүрмесе игі еді, алса игі еді, т. б. деген мысалдарды атайды.
Қайрау мен азалы рай қазіргі бұйрық рай мен шартты райға енгізілгені белгілі. Теріс рай қазіргі қалау райдың ішкі бір түрі болып табылады.
Ғалымның еңбегінде көсемше түрі үш түрлі аталып қаралған: үнемді (-а/-е, -й тұлғасындағы), үнемсіз (-ып/-іп/-п тұлғасындағы), ниетті (-ға/-гелі тұлғалы етістік көсемше) . Сонымен бірге ғалымда есміше түрі де қазіргі тұлғасымен көрсетіледі. Мұнжда ғалым есімшелердің шақтық қызмет атқаратынын, есім сөздердің орнында жүретінін атап көрсетеді.
Қ. Жұбановтың лекциялар жинағында «Ең етістігі туралы қысқаша түсінік беріледі. Еңбекте е етістігінің бұрын ер тұлғаксында болғаны жайында айтылып оның ер болу етістігінен туындағаны айтылады. «Етті дегендегі «ең де осы осы «ең - болдырды деген мағынада. Мұндағы т - өзгелік етісң деп түсінік береді ғалым [6, 83-84]
А. Байтұрсынов, Қ. Жұбановтың көрсетіп кеткен ілімімен Кеңес дәуірі кезіндегі ғалымдардан етістікті нақты қарастырған ғалымдар А. Қалыбаева, Ы. Е. Маманов, С. Исаев, А. Ысқақов, Н. Оралбаева, Ө. Төлеуов, т. б. зерттеушілер болып табылады.
М. Оразов 1983 жылы «Семантика казахского глаголаң тақырыбында докторлық диссертациясында етістіктің жалпы мағыналық ерекшелігін зерттеп қарасытар келе, оның 12 лексика-семантикалық тобын көрсетеді. Ғалым етістіктерді мағыналық топтарға бөлуде сөйлесу етістіктерін семантикалық жағынан бөлумен қатар морфологиялық белгілерін де негізге алып отырады.
А. Ысқақов оқулығында етістіктер лексика-семантикалық, лексика-грамматиклық, сөзжасамдық құрылымы тұрғысгнан жажақты сипатталады. Етістіктердің күрделі түрінің жасалымдық ерекшеліктері, көмекші етістіктердің сипаты талданады.
Ы. Маманов қазақ тіліндегі етістік тұлғаларын лексика-грамматикалық қызметтеріне қарай, ең алдымен, негізгі етістік және функциялық етістік деп екігі бөліп, одан кейін негізгі етістіктің өзін түбір етістіктер және модификациялық етістіктерге ажыратып, түбір етістіктерге етістіктің лексикалық мағынасына ие болатын сөздерді, модификациялық етістіктерге белгілі қосымшалар немесе көмекші етістіктер арқылы үстеме грамматикалық мағына білдіретін етістік тұлғаларын жатқызады. Ғалымның етістік түбіріне байланысты айтқан ой-пікірлері күрделі мәселелердің шешімін табуға септігін тигізіп қана қоймай, кейбір пікірлерге өзгеше қырынан үңіліп, тереңірек зерттеуге көмегін тигізеді.
Ы. Маманов және осы ғалымның ізіміен С. Исаев етістік түбірінің тұлғалық қызметі мен сипатын ерекше атап өтті. Олар етістік түбірі мен етістіктің 2-жақ бұйрық райлы түрі екі тұлға екенін дәлелдеп түсіндіреді. Сондай дәлелдің бірі - бұйрық райдың екінші жағының көне тұлғасының -ың, -ің, -ғыл, -ғын тұлғасында болуы. Мысалы: барың, келің, алың, барғын, т. б. Қазақтың сөйлеу тілінде мұндай қолданыс жиі кездесіп отырады. Ендеше етістік категориясының жіктелу жүйесінің 2-жақ жекеше тұлғасы мен түбір етістік өзара тұлғалық сипатта келеді.
Ы. Маманов негізгі зерттеулерін етістік сөз табына арнай отырып, морфологияның өзекті әрі қиын мәселелеріне де назар аударған. Оның 1973 жылы жарық көрген «Лекциялар курсындаң қосымшаларды жіктеу, кейбір қосымшалардың (даулы болып танылып жүрген) сөзжасам мен тұлға тудыруға қатысты тілдік жүйе, заңдылықтар тұрғысынан қарастырып, тың пікірлер айтылған. Ғалымның етістікке қатысты зерттеулдері кейінгі ғалдымдарға негіз зерттеу болды.
Ы. Маманов - қазақ тілінде етістікті лексика-семантикалық топтарға жіктеп көрсеткен ғалымдардың бірі. Осы ғалымның еңбегін негізге алып, етістіктің жекелеген ерекшеліктерін арнайы қарастырған зерттеулік еңбектерді кездестіруге болады. Мәселен, К. Аханов, А. Қалыбаева, А. Ысқақов, Н. Оралбаева, Б. Бибеков, Қ. Мұхамади, т. б.
Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, А. Ысқақов, Ғ. Мұсабаевтардың авторлығымен жарыққа шыққан «Қазіргі қазақ тілің оқулығында, сонымен қатар бұл еңбектерге дейін жарық көрген Қ. Жұбанов (1936), С. Аманжолов (1938), І. Кеңесбаев пен Жиенбаевтың «Грамматикаларындаң (1942) етістік мәселесі сабақты етістік пен салт етістік, болымды және болымсыз етістік, етіс категориясы, рай, шақ, жақ категориялары, есімше мен көсемше деген сипатта танытылып, бір жүйеде көрсетіледі. Осыған қарап, зерттеулердегі кейбір толықтырулар мен атаулар тиянақталып, өзгерістер енгізіліп отырса да, етістік сөз табына қатысты теориялық белгілі бір дәстүрлі жүйе берік сақталып келеді деуге болады.
Профессор І. Кеңесбаев орыс сыныптарына арналған оқулығында сабақты, салт етістіктерді де етіс категориясы деп қараса, профессор С. Аманжолов «міндетті келер шақң деген атау, профессор І. Кеңесбаев пен С. Жианбаев «мақсатты келер шақңдеп қолданған, лингвистикалық атауларды бұл тәрізді өзгертіп қолдану Н. Сауранбаев пен Ғ. Бегалиевтің педучилище оқушыларына арнап шығарған оқулығында да ұшырайды. Мұнда авторлар « өздік етісң - «өзіндікңдеп, «өзгелік етістің «өздік ң деп, « болжалдық келер шақтың «шексіз келер шақ ңдеп, «өткен шақ түрлерінң ескі өткен шақ, алыс өткен шақ, тиянақты өткен шақ деп атайды.
Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, А. Ысқақов, Ғ. Мұсабаев авторлығымен жарыққа шыққан (үш бөлімді лексика, фонетика, грамматика) Қазіргі қазақ тіліне дейін 20 жыл ішінде етістік категорияларының арнайы зерттеулерінде өзіндік тарихы, белгілі кезеңі бар. Өйткені, бұл дәуірде көлемі бір-екі беттен аспайтын шағын мақалалардан бастап, етістіктің жеке грамматикалық категорияларына арналған монографиялық зерттеулер жарыққа шықты.
Мәселен, барлық етістік түбірінен бір төбе болып ерекше тұратын отыр, жатыр, жүр, тұр сөздері нақтылы осы шақ жасауда дара тұрып (отыр-мын, жатыр-сыз, жүрсің-дер болып жіктеліп), күрделі етістіктер құрамында (келе жатырсыздар, ол сөйлеп тұр, оқып жүрміз, т. б. ) көмекші етістік қызметін атқарады Мұнда зерттеушілер көсемшелермен тіркесіп, күрделі етістік жасайын төрт етістіктің нақ осы шақ мәнінде қолданылуын дәлелдеп көрсетеді. Бұған жалғас Ш. Сарыбаев тұр, жүр, отыр, жатыр етістіктеріне арнап мақала жариялады. Онда автор бұлардың жіктелу ерекшеліктері мен құрылымдық мәнін арнайы сөз етті. Бұл төрт етістік күрделі етістіктердің көмекші компоненті болып келуімен байланысты өздерінің грамматикалық мағынасын өзгертеді.
Етістік сөз табына қатысты қазақ тіл білімінде толыққанды шешімін таппай келе жатқан мәселе - етістіктің көрініс (вид) категориясы - тұлғалары ретінде көрсетіліп жүрген бір топ қосымшалардың тілдік сипатымен байланысты. Аталған категорияларға енгізіліп жүрген -қыла/-кіле, -ғыла/-гіле, -мала/-меле, -ымсыра/-імсіре жұрнақтары туралы түрлі пікір бар. Бұл қосымшаларды И. Ұйықбаев, А. Ысқақов т. б. ғалымдар сөз түрлендіретін тұлға ретінде таныса, Б. Құлмағанбетова, С. Хасанов, Т. Әбдіғалиева, Қ. Қасабекова, Б. Шалабаев, Ы. Мамановтар сөз тудырушы жұрнақтар ретінде қарайды.
Күрделі етістіктерді арнайы қарастырып, оларды басқа күрделі сөздермен салыстыра қарастырып, олардың аналитикалық жасалымын жан-жақты қарастырған - ғалым Б. Қасым. Ғалым күрделі етістіктердің бір ұғымды білдіретін ерекшеліктерін атап өтеді.
1. 2 Етістіктердің тұлғалық сипаты мен мағыналық түрлері
Етістік деп заттардың қимыл-әрекетін білдіретін сөз табы аталады. Мысалы, кел, ал, сөйле, жат, тұр, өс, өн, ақта, сыйла, мөңіре, бозда, құлында, ұр, сын, құла, жар т. б. осы етістіктер жанды, жансыз заттардың қимыл әрекетін білдіреді. Мысалы, адам сөйлейді, жапырақ көгерді, кісі ойлады, егіс өнді, сиыр мөңіреді, бие құлындады, ит үрді, тақтай сынды, тас құлады ағаш жар т. б. Осымен байланысты етістік қимыл ұғымын білдіретін сөз табы болып саналады, қимыл ұғымы етістіктің жалпы мағынасы болып табылады [4; 241] .
Етістіктің жалпы қимыл ұғымын білдіруі сөздерді топтастырудың 1-ұстанымына, яғни лексикалық-семантикалық қағидаға жауап береді. Етістіктің өздеріне тән грамматикалық белгілері мен ерекшеліктерін жүйелеп көрсетуге болады:
- Етістік осы жалпы мағынасы арқылы барлық басқа сөз таптарынан ерекшеленеді. Өйткені етістіктің қимыл мағынасы ешбір сөз табының мағынасына ұқсамайды. Бұл - етістіктің ең басты белгісі. Етістік - есім сөз таптарына қарағанда, әбден қалыптасқан сөз табы. Ол тек қазақ тіліне ғана қатысты емес, жалпы тіл атаулыға қатысты қағида.
- Етістік сөйлемнің ұйытқысы, оның басқа сөздерді шоғырландырып, байланыстыру қабілеті жоғары болдып табылады.
- Тілде етістіктің атқаратын қызметі өте зор. Құрамында етістігі жоқ сөйлемдер өте сирек кездеседі. Бір сөйлемде бірнеше етістік қолдану - заңды тілдік құбылыс. Бұл - етістіктің белгісініңі бірі әрі грамматикалық ерекшелігі.
- Етістік сөздер сөйлемде құрамы жағынан өте күрделі, оған себеп - етістіктің грамматикалық категорияларға байлығы. Қазақ тілінде етістіктен категорияға бай сөз табы жоқ деп айтуға болады. Олардың бәрі бір етістік құрамында түгел қолданыла бермегенімен, етістік құрамында оның бірнеше категорияларының көрсеткіштерімен қабаттаса қолданылуы жиі кездеседі. Мысалы, Ол бұл әңгімеге енді қайта орала бермейді (М. Ә. ) Осы мысалдағы орала бермейді деген етістікті алсақ, ол қимылдың өту сипаты категориясында, етістіктің болымдылық/болымсыздық категориясында, келер шақта, жақ категориясында қолданылған. Етістіктің құрамында қимылдың өту сипаты категориясының -а бер болымсыздық жұрнағы -ме, келер шақтық -й, жақ категориясының жалғауы -ді қолданылған. Міне, етістіктің бұл сияқты құрамда қолданылуы - әдеттегі жағдай, етістік одан да күрделі құрамда қалданыла алады.
5) Етістік құрамында етіс жұрнақтары болғанда, олардың грамматикалық мағыналары өзгереді. Мысалы: Оқытушы студентке сөйлем талдатқызды деген сөйлемде талдатты етістігі талдады етістігімен граммматикалық мағынасымен ерекшеленеді. Талдатты етістігіндегі -т жұрнағы қосымша грамматикальық мағына үстеген; ол - өзгелік етіс мағынасы, яғни өзгелік қимыл қатысы мағынасы болып табылады.
Бұлардан тыс етістіктің басқа да грамматикалық ерекшеліктері бар:
- Етістіктің сөйлемге түскенге дейінгі түбір тұлғасы оның лексикалық мағынасы болып табылатындығы. Мысалы: оқу, бару, айту, сөйлеу, жазу, тапсыру, т. б.
- Етістіктің сөйлем құрамына (сөз тіркесіне) түскендегі тұлғасы түрленген тұлға болатындығы. Оқу - білім бұлағы. Оқу - инемен құдық қазғандай. Сөйлемдегі оқу сөзі түбір тұлғадағы сөз емес, атау тұлғасында түрленген етістік сөз болып табылады, не? Деген сұраққа жауап береді.
Етістіктің қимыл атауы, есімше, көсемше түрлері, салт, сабақты етістікке бөлінуі де етістікті басқа сөз табынан ажырататын белгілеріне жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz