ГАЗ АУА КӨТЕРГІШІНІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ.
ЖАҢАЖОЛ КЕН ОРНЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ11
ТЕКТОНИКА
СТРАТИГРАФИЯ
ӨНІМДІЛІК ҚАБАТЫНЫҢ КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҚАСИЕТІ
ТЕХНИКО-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ.
МҰНАЙ ӨНДІРУ ҰҢҒЫЛАРЫН ГАЗЛИФТІЛІ ӘДІСІМЕН ИГЕРУ24
ГАЗЛИФТІ ӘДІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ25
ГАЗ АУА КӨТЕРГІШІНІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ26
МҰНАЙ ӨНДІРУГЕ ГАЗЛИФТ ӘДІСІНІҢ ҚУАТЫНЫҢ
МІНЕЗДЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ.
КОМПРЕССОРЛЫҚ ҰҢҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ29ТЕРЕҢДІК КЛАПАНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОРНАТУ30
ТЕРЕҢДІГІН АНЫҚТАУ
КОМПРЕССОРСЫЗ ГАЗЛИФТ31
ГАЗЛИФТ ҰҢҒЫСЫН АУЫСПАЛЫ ТҮРІНДЕ ПАЙДАЛАНУ32
ПЛУНЖЕРЛІК КӨТЕРГІШ33
ГАЗЛИФТІ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ АҚАУЛАР, ОЛАРДЫ ЖОЮ34
ШАРАЛАРЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ.
ГАЗЛИФТІ ҰҢҒЫЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ36
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
ӨНДІРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ40
ГАЗ АУА КӨТЕРГІШТІ ЕСЕПТЕУ41
КӨТЕРГІШТІҢ ТИІМДІ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ ӨНІМІН ЕСЕПТЕУ42
МАТЕРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
ГАЗ ҰҢҒЫСЫНДАҒЫ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ45
ҚОРЫТЫНДЫ48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ50

КІРІСПЕ

Ақтөбе аумағында жүргізілген маршруттық геологиялық суретке түсіру кезінде табылған белгілерді негізге ала отырып, мұнай кен орындарын іздеу, барлау жұмыстары жүре бастады. 1932 жылы облыста мұнай өндірудің негізі қаланып кәсіпшілік жұмысқа кірісті. Ал 1933 жылы Жақсымай кен орны ашылды. 1932-33 жылдары Жақсымай кен орнын Шұбарқұдыққа өнеркәсіптік пайдалану басталды. Ал 1960 жылдарға келер болсақ бұл аймақтың геологиялық құрлымын нақты зерттеу кең өріс алды. 1966 жылы Кеңқияқ Кен орны іске қосу жүзеге асырылды. Ақтөбе мұнай өнер кәсібіндегі ең ірі кен орын Жаңажол. Ол 1983 жылы іске қосылды.
Жаңажол кен орны игеру басынан - 34444,570 мың тонна мұнай өндіріледі, қабат қысымын тұрақты ұстау мақсатында қабатқа - 45081,285 мың м 3 су айдалды. Жаңажол кен орынында мұнайдың жалпы қоры 118,140 млн. тонна. Әр тәулікте жаңа кен орны бойынша 6839 тонна мұнай өндірілді, ал жоспарбойынша 8152 тонна мұнай алынуы қажет, соның ішінде
Солтүстікбойынша 6200 тонна тәулігіне, ал Оңтүстік бойынша 2550 тонна тәулігінеөндіру қоры - 369 скважина құрайды, соның ішінде өнім беретін 336
скважина,фонтандытүрдепайдаланатын- 90скважина,(ШТС)-33 скважина,(НДГ) - 47 скважина, газлифтті - 41 скважина.

І. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
ЖАҢАЖОЛ КЕН ОРНЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ

Жаңажол кен орны Каспий маңы ойпатының шығыс жақ қабатында Орал мен шекаралас Мұғаджар тауларымен Ембі өзенінің алқабасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қарағанда Ақтөбе облысынан Мұғалжар ауданының құрамына кіреді.
1.1.1-сурет. Жаңажол кен орнының аумақтық картасы

Жаңажол кен орнының солтүстік батысына 35 км арақашықтықта Кенқияқ кен орны орналасқан. Онда тұз үсті комплексінде мұнай кеніші игеріліп жатыр және тұз астындағы комплекстегі төменгі құмайт және корбанат мұнай кеніші айқындалған.

1.1.2-сурет.Жаңажол кен орнының құрылымдық картасы

Жер бедері аз (қыраты, белес, жазық болып келген терең сай) валнамен жіктелген.
Ақиқаты тербелу белгісі +120 +270м минималды белгі оңтүстік батысынан кен орынның аумағын шектейтін Ембі өзенінің алқабымен ұштастырылған.
Ауданның негізгі гидрографиналық желісіне Ембі өзені жатады. Ол кен орнынан 2-14 км Оңтүстік батыста ағып жатыр. Суы миниральды және техникалық мұхтаждықтар үшін қолданылады, тұрмыстық мақсатта құдықтардың сулары қолданылады. Құдықтарға және Ембі өзеніндегі судың деңгейі 2 метр және одан жоғары.
Ембінің сол ағысы Ат-жақсы үздіксіз су ағысына ие емес және сумен көктемгі су тасқыны кезінде толтырылады, қатты континентальды жылдық және тәуліктік температурамен теңселді (-400; +400с) және өте төмен ылғалды. Орташа жылдық атмосфераның жауын-шашын мөлшері көп емес және жылына 140-200 мм дейін. Топырақтың қату тереңдігін 1,5-1,3 метрді құрайды.
Аудан жиі қоныстанған кен орнына солтүсік - шығысқа қарай 15Жаңажол совхозының шаруашылықтары орналасқан, 35 км солтүстік батыста
жұмыс жасап тұрған Кенқияқ мұнай кәсіпшілігі бар. Шамамен 100 км
арақышықтықта Атырау - Орск мұнай құбыр желісі өтіп жатыр. Жақын теміржол станциясы Ембі кен орнынан 100 км қашықтықта орналасқан.
Ақтөбемұнайгаз өндірістік бірлестігінен базалық поселка Жаңажолдан 130 км солтүстіктегі Қандағаштан Жаңажолға дейін тас жол төселген, сонымен берге өндіру шыңырауларын бұрғылау үшін электр беріліс желісі жүргізілген.
Облысорталығы Ақтөбеден Жаңажолға дейін шамамен 240 км. Кен орнының аумағында құрылыс минералдары ретінде қолданылатын саз, құм, шебін, мергель бар.

ТЕКТОНИКА
Тектоникалық жағынан Жаңажол кен орнының ауданы Ащысай және Солтүстік-Көкпекті жарылымдарымен Орал геосинклиналды аймақтан бөлінген Каспий маңы ойпатының шығыс жағында орналасқан.

1.2.1 сурет-Жаңажол-Қожасай құрылымдар тобының Палеотектоникалық профильдері қазіргі уақытта (А), Кунгур дәуірінің басында (Б), Ассель ғасырының басында (В), Подол уақытының басында (Г)

Геологиялық жетілу ерекшелігінің бірі аумақтық қарқынды шөгуі және қалың шөгуі тыс құрылуы 7-10 км.
Шөгінді тау жыныстарының басты бөлігі тұз асты комплексінен құрастырылған. Тұз асты беттегі батысқа қарай минимальды түсінікті келеді, 2- 2,5 км Ащысай қиындысынан күмбезіне дейін 5,5-6 км.
Айтылған механикалық аралығында жекелеген саты қатары бөлінген. Шығыстан батысқа қарай Жаңажол, Кенқияқ, Қожасай және Шұбарқұдық жүйелерінің сатысы бөлінеді, ол аралықтарда тұз түзілімдерінің жамылтқы беті келесі тереңдіктермен ерекшеленеді : 3-35 км, 3-4 км, 4-5 км, 5 км төмен.
Ұзын ось бойынша Жаңажол көтерілісі 28 км брахиантиклинал қатпары түрде көрсетілген. Қатар локалды комплекстегі (дөңге) тұрады. Солтүстік аудандарда 50 шыңырау, оңтүстік шыңыраудың аумағында. Мұнайлық контурда структураның шамасы 28х7 км тұрады. Бұрғылаумен анықталған бөлімнің көтерілу амплитудасы 250 м тұрады .

СТРАТИГРАФИЯ
Жаңажол кен орныдағы бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде төменгі тас көмірлі қабаттан төрттік түзілімдерге дейінгі түзілімдер комплексі бөлшектеп зерттеледі.
Тіліктерді стратиграфиялық мүшелеу кезінде геологиялық-геофизикалық материалдар керні суреттемесі полетологиялық анықтамалар қолданылады.
Таскөмір жүйе - С.
Таскөмір жүйе барлық үш бөліммен келтірілген төменгі, орта және жоғары.

1.3.1-сурет.Жаңажол-аймағыныңтұзаст ышөгінділерініңЛитолого- стратиграфиялық қимасы

Төменгі бөлім - С.
Төменгі бөлім түзілімдері визит және серпухов ярустар құрамында ашылған.
Визит ярусы СІ-V терригенді және карбанатты жыныстармен берілген. Кен орнында ашылған ең ежелгі қабаттар визит ярустың терригенді тұнбалары болып табылады. Олар жасыл-қоңыр, қоңырдан қараға дейінгі тыңыз плиткалы, слюдалы, аргиметтердің өсімдік қалдықтарымен фауна қосылыстарымен, алевролиттер мен қоңыр, жасыл қоңыр, тығыз әртүрлі түйіршікті конгломераттар мен гравелиттің қабатта бөлінуі болып келеді. Қалыңдық тілігінде сонымен қатар ашық қоңыр, қоңыр массивті, тығыз сазды қалыңдығы бірнеше сантиметрден метрге дейін жететін әктастарда кездеседі.
Полеонтологиялық және полилнологиялық анықтау мәліметтері бойынша терригенді қабаттар төменгі және орта визиттік яруспен мерзімделген. Ашылған қалыңдық 682 м. Тілікпен жоғары өтуі паратожды сынаптамасының күрт өзгеруі бойынша айқын, белгіленеді, ваневан жасындағы корбанатты тұнбалар қалыңдығы жатады.
Орта бөлім С2
Орта бөлім түзілімдері башқұрлық және мәскеулік ярустар құрамында ашылған.
Башқұрылқ ярусС2 тек төменгі ярус асты құрылымында бөлінеді және сұр, қатты кристалл, вертикал стилелитті тігістері бар, арселитке ұқсас материалдан жасалған, әктастармен беріледі. Төмен башқұрлық түзілімдер төмен жатқан веневе - серпухов түзілімдерден томпақ әктастармен әктасты гравелит, құмдақтардың кейде солитті әктастардың кең дамығандығымен ерекшелінеді. Биоморфты әктас бар. Кейде кесекті қо айырмалар кездеседі. Полеонтологиялық анықтаулар бойынша краснопологяндық және солтүстік беткейлердің қабаттары сенімді орнатылады, аз анықталған және оның бөлінуі барлық жерде емес. Башқұрлық түзілімдері қалыңдығы 111 метрден 175 метрге дейін өгереді, яғни солтүстік көтерілуде ұлғаяды.

Үстінгі бөлім С3
Үстінгі карбон Касимов және Гексель ярустардан құралған. Касимов ярусы қалыңдығы 50-100 метр доломиттер және әктастармен көрсетілген, ярустың негізінде битумдалған, солтүстік-шығыс бөлімінде ангридуталған.
Гексель ярусы әктастар және доломиттермен, көбінесе оргоногенді жарықшақты әктастардан құралған ортанғы бөлігінде қалыңдығы 10-20 метр екі топтама қапталады, сазды әктастармен тұтқырлы битуммен қаныққан жарықшақтарда. Ауданның солтүстік-шығыс бөлімінде әктастар толық антидрит аргиллит тәрізді сөзбен алмасқан. Ангедрит топтамасының қалыңдығы 100-150 метрге дейін. карбонат бөлімінің қалыңдығы 110-240 метр.

ӨНІМДІЛІК ҚАБАТЫНЫҢ КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҚАСИЕТІ

Жаңажол кен орнын ашылған геологиялық тілігі төрттік, төменгі борлы, юра, триас, пермь және таскөмір көнелікті тау жыныстарынан құралады.
Жаңажол сатысынан, ерекшелігінің бірі карбонат массивынан жетілуі, бронхионтикминальды түрлі көтерінкімен асқынған.
Өнеркәсіпшілік мұнайгаздылығы екі карбонатты қалыңдықтармен байланысты: бірінші (КТ-І) және екінші (КТ-ІІ) терригенді топтама тау жынысымен бөлінген, қалыңдығы 206 дан 417 метрге дейін.
Топтамалардың басты параметрлері КТ-І және КТ-ІІ. Бірінші карбонатты қабаттың КТ-І литологиялық құрамы әктас, дололит және олардағы өтпелі айырмашылықтармен көрсетілген. Күш бойынша КТ-І мұнайға қаныққан бөлігінде орташа арифметикалық мәні 11,8 тен, газға қаныққандығы 30% өткізгіштің орташа мәні - 0,116 мкм3.
Екінші карбонатты қабаттың литологиялық құрамы көбіне әктас дололиттан құралған. Қуыстылық бойынша 9% өткізгіштігі 0,0824 мкм3, газға қаныққандығы 83%. Сынама мәліметтер бойынша № 1,3,12,15 шыңыраулардың аумағында коллекторлар жоқ.

ІІ. ТЕХНИКО-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
МҰНАЙ ӨНДІРУ ҰҢҒЫЛАРЫН ГАЗЛИФТІЛІ ӘДІСІМЕН
ИГЕРУ
Сұйықтың жер бетіне қабат күштері арқылы көтерілуі тоқтаған кезде, шыңырау фонтандауы тоқтайды. Ұңғының фонтандауын ұңғыға арнайы клапандар арқылы немесе ауа жіберу арқылы жүзеге асыруды газлифті әдіспен игеру деп атайды. Газлифті екі каналдан немесе өткізгіш құбырдан тұрады. Біреуі ауаны немесе газды өткізу үшін, екіншісі газ бен сұйық араласқан қоспаны көтеру үшін ұңғыға екі қатар орналасқан құбыр жіберіледі. Бұл құбырлар арқылы газ немесе ауа айдалады. Олар ауа құбыры деп аталады. Екінші қатармен жоғарыға газ бен мұнай араласқан қоспа көтерілетін құбырлар көтергіш құбырлар деп аталады.
2.1.1-сурет .МҰНАЙ ӨНДІРУ ҰҢҒЫЛАРЫН ГАЗЛИФТІЛІ ӘДІСІ
Сұйықтың құбыр мен ұңғыда бір деңгейде болуы тұрақты деңгей деп аталады. Ұңғыдағы сұйықтың қысымы қабат қысымына тең болады;
P қаб = ρgН (2.1.1)
Ұңғыныигерудіңкомпрессорүстіндесығы лғангазнемесеауаны қолданып игеру түрі ұңғыны компрессорлы түрмен игеру деп аталады.

Егер ауа құбыры арқылы газ айдасақ, онда газ құбырдағы сұйықты ығыстырып көтергіш құбырларға өтеді де, ондағы сұйықтықпен араласады. Мұндай қоспаның тығыздығы сұйықтың алғашқы тығыздығынан төмен болады. Өйткені көтергіш құбырлардағы сұйықтықтың деңгейі жоғары көтеріледі. Көтергіш құбырларға газ неғұрлым көп жіберілсе, сұйықтың деңгейі соғұрлым жоғары болады. Қоспаның көтеру биіктігі көтергіш құбырлардың көтеру қабілетіне байланысты болады.

ГАЗЛИФТІ ӘДІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Ұңғының тереңдігі мен тізбектің диаметріне қарамастан көп мөлшерде өнім алуы.
Құбырға айдалатын газдың немесе ауаның мөлшерінің өзгеруіне байланысты ұңғы өнімін бір қалыпты және жеңіл өндіру.
Қондырғылардың жер бетіне орналасуы қисық бағытталған және қисайған ұңғыларды сонымен бірге көп мөлшерде құм шығаратын ұңғыны игеруі.
Жоғарғы температураның ұңғыға әсер етпеуі.
Жер асты жөндеу жұмыстарының арзанға түсуі.
Пайдалану тізбегі мен оған түсірілген құбырдан тұратын сығылған газ бен ауа көмегімен жоғарыға қарай көтеру жүйесі газлифті немесе эрлифті (газ немесе ауа көтергіш) деп аталады.
Газлифті жүйесінің әсері фонтан жүйесімен әсері бірдей, себебі сұйықтың жоғарыға көтерілуі жұмысшы агентінің қуаты әсерінен болады.
Газды немесе ауаны сығуы, жоғарыда компрессордың көмегімен орындалған мұнай ұңғысын пайдалану компрессорлық деп аталады.
Қоспаның көтеру жоғарылығы тек айдалған газ сонымен байланысты емес, көтергіш құбырдың сұйыққа батуына байлаысты. Егер көтеру құбыры сұйық деңгейінен төмен болса, онда айдалған газ сұйықтан өтіп жоғарыға шығып кетеді. Ал сұйық қабырғасымен қайта төмен қарай ағады. Сұйықтың көтерілуі жоғарылығы көтергіш құбыр диаметріне байланысты. Үлкен диаметрлі құбырларға қарағанда кіші диаметрлі құбырларға бірдей агент шығынымен бірдей сұйық деңгейі көтерілуі мүмкін.
Көтеру жоғарылығына сұйық тұтқырлығы да әсер тигізеді. Мұнайдың көтерілу жоғарылығы суға қарағанда төмен. Себебі мұнай тұтқырлығы үлкен. Газдың, мұнайдың құбыр қабырғасынан өтуі қиын. Сондықтан мұнайды жоғарыға көтереді. Осылай газ ауа көтергішінің жұмыс істеуі көтергіш құбырда газдануымен оның орташа тығыздығымен төмендеу нәтижесінде көтерілу құбырына үздіксіз газ беру кезінде газданған сұйық ұңғының сағасына дейін көтеріледі және сыртқа төгіледі.
Газ көтергіш пайдалану кезінде ұңғыда құбыраралық деңгей пайда болады. Бұл өзгермелі деңгей (Ндеңг) деп аталады.

Өзгермелі деңгей әрқашан тұрақты деңгейінен аз болады:
Н дин Нст(2.2.1)
Сұйық бағасына қысымынан биіктігі өзгермелі деңгейге дейін түп қысымына тең:
Р туп = Н дин ρg (2.2.2)
Тұрақты және қысымынан биіктігі өзгермелі деңгейге дейін түп қысымына тең:
Р кабР каб
Н тур = Н өзг =(2.2.3) ρgρg
Ұңғысағасына өзгермелі деңгейге дейін көтеру биіктігі:
Р туп
h° = H - Н дин = Н ·(2.2.4)
ρg
Көтергіш құбырының түп қысымы:
Р' = (L - h 0) ρg = hρg( 2.2.5)
Мұндағы: L- көтергіш құбыр ұзындығы, һ - өзгеру деңгейінен төменгі құбырдың бату тереңдігі.[8]

2.3 ГАЗ АУА КӨТЕРГІШІНІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ
Ұңғыға түсірілген құбыр соңына жұмысшы агентімен газ мұнай қоспасының бағытына байланысты көтергіштер бір қатарлы және екі қатарлы болып бөлінеді.Ал жұмысшы агентінің бағытына байланысты сақиналы және орталы жүйелі болып бөлінеді. Көтергіштің сақиналы жүйесінде ауа тізбегі сатылы болады. Төменгі жағында кіші диаметрлі, жоғары жағында үлкен диаметрлі. Оның негізгі ерекшелігі: бірінші қатардағы құбырдың ауырлық күшін азайтады және шыңырау түбінен құмды оңай алып шығуына мүмкіндік береді. Ал сақиналы көтергіштің кемшілігі көтергіш құбырдың ұзарту мүмкін еместігі.
Тереңдікті ұзарту үшін барлық тізбекті көтеру керек болады.

2.3.1-сурет. Газлифті көтергіштер конструкциясының сызбасы: а-екі қатарлы көтергіш; б - бір жарым қатарлы көтергіш; в-бір қатарлы көтергіш;
г-жұмыс саңылауы бар бір қатарлы көтергіш
Бір қатарлы көтергіштерде бір тізбек түсіріледі, жұмысшы агентінің берілуіне байланысты. Ол немесе ауа газ көтергіш тізбегі болады. Сақиналы бір қатарлы газ ауа көтергішінде жұмысшы агенті сақиналы кеңестігіне яғни шегендеу құбыр тізбегімен көтергіш құбыр аралығына айдалады. Бір қатарлы көтергіш орталық жүйесінде жұмысшы агенті СКҚ тізбегіне айдалады. Ал газ мұнай қоспасы құбыр аралық кеңістікпен көтеріледі. Бір қатар бұл жүйенің кемшілігі мол құмды ұңғыны пайдалану кезінде құбырларды қосып тұрған муфта шешіліп құбырлар ұңғыға құлауы мүмкін. Өндірісте көбіне көтергіш сақиналы жүйесі пайдаланылады.
Бір қатарлы және екі қатарлы көтергіштер қызметі бір-біріне ұқсас болады. Екі қатарлының ерекшелігі сол бір қатарлы көтергіштің жүйесінің сақиналы жүйесіне қарағанда, сақиналы ауа кеңістігінің көлемі аз болғандықтан жұмысшы агентімен сұйық аз бүлкілдеуімен жұмыс жасайды.
Сонымен қатар құбыраралық кеңістіктегі сұйық бағанасы екі қатарлы көтергішінің жаттық жұмыс жасауына әсерін тигізеді.
Бір қатарлы көтергіш жұмысында болған бүлкілдеу құбылысы қабаттың бұзылуына және ұңғының түбінде немесе көтергіш құбырында құм тығынының пайда болуына әкеліп соғады.

Бір қатарлы көтергіште егер көтергіш құбыры сүзгішке дейін түсірілмеген болса, онда құмды шығару шарты нашарлайды. Ұңғыларды бір қатарлы ұңғыны жабдықтауға 48-89 мм-ге дейінгі және өте сирек жағдайда 144 мм СКҚ пайдаланады.
Екі қатарлы көтергіште сыртқы тізбекке диаметрі 114, 112, 89, 73 мм, ал ішкі қатардағы тізбекке 73, 60, 48 мм диаметрлі құбыр пайдаланады.

КОМПРЕССОРЛЫҚ ҰҢҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ
Компрессорлық ұңғы сағасы құбырға алқа үшін түсірілген арматурамен жабдықталады. Ұңғы өнімі сұйық шығатын құбыр жүйесіне сығылған газ немесе ауа ұңғыға бағытталады. Көбіне бұл мақсатқа атқылау кезінен кейін ұңғыда қалған фонтанды арматуралар пайдаланады. Компрессорлық ұңғылар жіберу жүйесі сыртқы қатардағы құбырдан сұйықты алумен, газбен ығыстырудан және айдалған ауа көтергіш құбырының төменгі жағына немесе құбырдағы сұйық бағасына газдандыру үшін жұмысшы тесігінен тұрады.
Екі қатарлы көтергішпен жабдықталған ұңғыны жіберу жүйесі. Ұңғыны жібергенге дейін сұйық деңгейі көтергіш құбырда және екі сақиналы кеңістік бірдей болады. яғни, тұрақты деңгейде. Ішкі және сыртқы құбырлар кеңістігіне, аралығына ауа айдау кезінде сұйық төмен қарай ығысады. Қабатпен жұтылады, себебі: ұңғы қысымы қабат қысымын көтереді. Сұйық сақиналы кеңістікте көтергіш құбырының соңына дейін төмендегенде сұйық шығатын құбыр қысымы жоғарғы биіктікке жетеді. Осы кезде ауа қысымы максималды болады.
Ол жіберуші қысым деп аталады. Ауа қалай көтергіш құбырының түбінде жетіп және оған кіргенде сұйық бағанасынын газдана отырып көтеріле бастайды. Сұйық жоғарыға жетіп және сұйық шығатын құбырмен жете бастағанда, көтергіш құбыр түбіндегі қысым түсе бастайды. Соған байланысты құбыр аралық кеңістіктен сұйық түбіне келе бастайды және көтерілген газбен жоғары қарай көтеріледі. Ұңғының түп қысымына қарағанда қабат қысымы төмен болады. Бұл ұңғыға қабаттан үздіксіз сұйықтың келуіне әсер етеді. Осы кезде құбыр аралық кеңістікте өзгермелі деңгейде, яғни пайдалану құбыры мен сыртқы қатар аралығында болады. Сақиналы кеңістікте белгілі мөлшерде болады, ол жұмысшы қысым деп аталады және ол әрқашанда жіберуші қысымнан төмен болады.
Жіберуші қысым көтергіш конструкциясын ұңғы диаметрінен, ұңғыдағы сұйық мөлшерінің бағасынан көтергіш құбырының бату тереңдігіне тәуелді.

ТЕРЕҢДІК КЛАПАНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОРНАТУ ТЕРЕҢДІГІН АНЫҚТАУ.
Осы заманғы мұнай ұңғыны пайдалану технологиясы мен тереңдік клапандарды қолдануды қарастыруда ұңғыны жіберуді және осы қалай пайдалануға арналған көтергіш құбырмен қысқартылады және орнатылады. Көтергіш ұзындығы бойымен алдын ала есептелген нүктелерде орналасқан клапандар мен сүзгіш белдеуінен ұңғының құбыр аралық кеңістігін ауа шалаушы пакердің болуы бұл көтергішке тән өзгешелік. Пакерді пайдалану ұңғыны тез және толық жіберуге жасауына, нәтижесінде газдың меншікті шығынының азаюына және осы пайдалану әдісін тигізеді.Отынның және шет ел мұнай кәсіпшілігіне тереңдік клапандардың төменгі конструкциясын пайдаланады.

2.6.1-сурет . Тереңдік клапандардың принциптік схемалары:
а-серіппелі; б - Рк құбыр кеңістігіндегі қысымнан іске қосылатын сильфонды; в - Рт (көтергіштегі) құбырларындағы қысымнан іске қосылатын сильфонды; г - құрамдастырылған; 1 - клапанның төменгі ершігі; 2 - төменгі клапан; 3 - клапанның шток; 4 - сильфонды камера; 5 - реттеу гайкасы; 6 - серіппе; 7 - серіппе тіреуі; 8 - клапанның корпусындағы тесік; 9 - жоғарғы клапан; 10-клапанның жоғарғы ершігі; 11 - клапанның корпусы; 12-қақпақтың қабырғасы;
Механикалық клапан әсері. Мұнай клапанды ашу үшін ұңғыны жіберу кезінде құбырдан сұйық шыққанға дейін клапанды ашық ұстайтын аспапты ұңғыға қарқынмен жіберіледі. Сұйықтың шығуына қарай аспап келесі клапанға түсіреді және ұңғы жібергенге дейін оларды ашық ұстайды. Содан кейін аспап жоғарыға шығарып тастайды да ұңғы осы режимде жұмыс жасай бастайды.
Көтергіш құбыр мен құбыр аралық кеңістік аралығында қысымдардың төмендеу жүйесі дифференциалды.
Көтергіш құбырының артқы жағына орналасқан дифференциалды жібергіш клапанын шыңырауға алдын ала есептеу арқылы анықталған терңдікте түсіріледі. Айдалған газ құбыр аралық кеңістіктегі сұйық деңгейінен төмендетеді. Сол кезде көтергіш құбырлары бірдей деңгейде көтерілмейді. Құбыр аралық кеңістікте газ клапаны деңгейіне жеткенде және оның қысымы көтергіш құбырдағы сұйықтың гидростатикалық қасиет бағанасынан жоғары болады. Ол клапаны арқылы құбырға өтеді. Және ондағы сұйықтық газданады. Клапаны жоғары құбыр ішіндегі сұйық ішінара қозғалады. Содан кейін құбырдағы қысым клапаны деңгейінде төмендей бастайды. Бұл құбырмен құбыр арқылы кеңістіктен қысымның жоғарылауына әкеліп соғады.

Белгілі жағдайда қысымның әсерінен клапан жабылады. Бұл мезгілде құбыр аралық кеңістікте сұйық деңгейі келесі төмен жатқан клапанға немесе көтергіш құбырынң түбіне жетуі керек. Дифференциалды клапандарды, сильфонды плунжерлі және аралас етіп дайындалады.
Құбыр аралық қысым жіберуші қысыммен тең болғанда құбыр аралық кеңістікте сұйықтың максималды тереңдігі анықталады.
Барлық клапанды орнату кезінде бұл деңгейде қысым өзгермейді. Сондықтан 1-ші клапанды құбыр аралық кеңістікте ығыстырылған суық деңгейінен шамамен 20 м биік орнатады.
Егер сұйық қабатпен жұтылу мүмкіндігін ескермей мына формулаға сүйене отырып

Рпуск
= ℎ1
𝜌𝑔 𝐷2
𝑑
(2.6.1)

Шыңыраусағасынабіріншіклапанғадейін гіқашықтықтытөмендегіфо рмуламенанықтауғаболады

𝐿1 = ℎст
+ 𝑃max ⋅ 𝑑2 − 20(2.6.2)
𝜌𝑔𝐷

Сұйықтыңқұбырданасуыкезіндеқұбырара лықкеңістікқысымыжіберушіқы сымынантөменболғанжағдайдашыңырауса ғасынанбарыншадейінрарақашықтық анықталады.

𝐿1
= 𝑃max + 20(2.6.3)
𝜌𝑔

Скважина сағасының екінші клапанға деңгейінгі қашықтық

𝐿 = 𝐿1
+ (𝑃max−𝑃,) − 10(2.6.4)
𝜌𝑔

Мұндағы:ℎст- сағадан тұрақты деңгейге дейінгі арақашықтық;
𝑃max- жіберуші қысым, Па;
(𝑃max − 𝑃1),...(𝑃max − 𝑃п−1) - бірінші және келесі клапандар қысымының максималды жіберілуі, Па;
ρ - сұйық тығыздығы, кгм³
g - ауырлық күшінің жылдамдығы, (g=9,8 мсек²)

КОМПРЕССОРСЫЗ ГАЗЛИФТ
Компрессорсыз газлифтің компрессорлы газлифтіден айырмашылығы компрессор станциясының жоқтығы. Табиғи газ көзінің болуымен коммуникациялық желісіне гидрад қоспаларымен күресетін қондырғыларының болуы.
Егер мұнай кен орнына жақын немесе сол ауданда жеткілікті газ қоры бар және қысым қабаттары болса, газлифт үшін газды газ шыңырауынан алуға

болады. Бұл масатқа газ өңдеу зауытынан келетін немесе магистральды газ құбырынан келетін жоғары қысымды пайдаланады.
Шыңыраудан жоғары қысыммен газ гидроциклонды сипоратормен конденсат жинақтаушы арқылы кептіру пунктіне өтеді. Ішкі ара қашықтық кептірілген газ әрі қарай жалынсыз қыздырғышқа арналған ирек түтікше түсіп 80-90º С-қа дейін қыздырылады. Қыздырылған газ айырғыш батареяға қарай жүреді. Одан кейін газлифт жабдықтармен мұнай шыңырауына қарай кетеді. Шыңыраудан газ мұнай қоспасын газ айырғыш арқылы газ бензин зауытына немесе жанармай желісіне кетеді. Сұйық газ айырғыштан көлемді ыдысқа кетеді.
Егер басқа мақсатқа жұмсалған жоғары қысымды газ қоры болса жән егер мұнайды жоғарыға шығару жұмысынан кейін осы газ қорымен нарыққа жөнелтіледі. Пайдаланылса шыңырау компрессорсыз газлифтіден пайдалану пайдалы және үнемді болады. Көп қабатты кен орнында тілікті мұнайдан басқа жоғары қысымды газ қабатты бар болса шыңырау газлифт жүзеге асыруға болады.

ГАЗЛИФТ ҰҢҒЫСЫН АУЫСПАЛЫ ТҮРІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Аз шығымды ұңғыда қабат қысымы мен өзгермелі деңгейдің төмен кезінде, сұйық деңгейіне көтергіш құбырының батуы 20-25% төмендесе ұңғыға үнемі газ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҰНАЙ ӨНДІРУ ҰҢҒЫЛАРЫН ГАЗЛИФТІЛІ ӘДІСІ
Темірбетон өндіру
ГАЗ ҰҢҒЫМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Сазы сұр, күнгір сұр аргилитке ұқсас әртүрлі дәрежелі құм тасты және құмайты тас
Газды қабатқа айдаудың қолданылып жүрген қысымының орташа мәні
Батыс қанатының оңтүстік өрісі
Шатырға материал жеткізу
Арнайы мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станцияларын жобалау
Жаңажол кен орны жайлы
Қасбеттерді әрлеу жұмыстары
Пәндер