Мейірбике және пациенттер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
АТЫРАУ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Стационар бөлімшесінде санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтау мейірбикесінің жұмысының ерекшеліктері

Орындаған: Бурамбаева А. И.
Қабылдаған: Токкужина А.С

Атырау 2023 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 1

1 МЕЙІРБИКЕ ІСІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ 4
1.1 Мейірбикелердің кәсіби жұмысының стандарттары 4
1.2 Емдеу алдын - алу мекемелеріндегі санитарлық - эпидемиологиялық тәртібі 6
1.3 Стационар бөлімшесінде мейірбике жұмыс орнын жұмысқа дайындау 8

2 СТАЦИОНАР БӨЛІМШЕСІНДЕ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ РЕЖИМДІ САҚТАУ МЕЙІРБИКЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 12
2.1 Стационардағы және емханадағы мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру 12
2.2 Стационардағы мейірбикелер қызметінің сапасын бағалау 16
2.3 Акушерлік стационарлардағыжоғары білімді медициналық мейірбикенің рөлі 19
2.4 Стационарлық бөлімшеде ішек инфекциясы бар балалар ауруханасындағы науқастардың мейірбикелік күтімнің ерекшеліктерін зерттеу 21

ҚОРЫТЫНДЫ 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

КІРІСПЕ

Денсаулық - өмірдің амалдарына бейімделу арқылы жетістікке жеткен тұлғаның қоршаған ортамен динамикалық үйлесімдігі. Адамның құқығына және өміріне деген сыйласымдық, адамгершілік мейірекеш ісінің негізгі қағидалары болып саналады. Мейірбике ісі философиясының қағидаларын жүзеге асырылуы қоғам мен мейірбикенің қарым - қатынастарына тәуеді. Бұл қағида пациент қоғам алдындағы мейірбикенің жауапкершілігін және қоғамның мейірбике алдындағы жауапкершіліктерін қарастырады. Қоғам мейірбике ісінің маңызды рөлін заңдық актілерін шығаруда есеріп, денсаулық сақтау жүйесінде мойындауға міндетті.
Мейірбике ісінің қазіргі заманға үлгісінің мәні, ғылыми теориясы болып мейірбикелік көмектің көрсетіліне және мазмұнына әр түрлі әдіс - амалдардың негізделінуі. Кәсіпқой лексиконына пациенттің қажеттілігіне қарай жүйелі мейірбикелік көмектің көрсетілуі түсіндірілетін мейірбикелік процесс ұғымы енгізіледі.
Пациенттің денсаулық жағдайының өзгеруінен туындайтын проблемалардың алдын алу, жеңілдету, жою мақсаты болып табылатын мұндай әдіс - амалдар 50 - жылдар ортасында АҚШ - да жарық көрді, ал Ұлыбританияда 80 - жылдары ресми түрде қабылданды. Қазіргі заманда мейірбике процессі Қазақстан Республикасының мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады. Мейірбикелік көмек көрсетудің теориялық ғылыми базалары ашылуда. Мейірбикелік процесс арқылы мейірбике тек қана дәрігер нұсқауын орындаушы емес, сонымен қатар әр бір пациенттің жан дүниесін түсіне білетін, жеке тұлға ретінде тани білетін шығармашылық адамбола отырып, мамандығы бойынша тәуелсіздік және егемендікке ие болады:
- мейірбике ісінің философиясының мәні болып пациентпен қарым - қатынас жасаудағы еңбегінің негізінде жатқан мейірбикенің көзқарасынан туындайтын кәсіпқой өмірінің негізі саналады. қалыптасқан философияны бөлісетін мейірбике өзіне келесі этикалық міндеттерді қабылдайды;
- басқалардын міндеттерін силау; сөзінде тұру; адал болу; пациенттің еріктілікке құқығын силау. Мейірбикелік философияның теориясы бойынша мақсаттарына ынталану, яғни мейірбикенің қызыметінің нәтижесі - этикалық бағалық (мұраты) деп аталынады. Кәсіпқойлық: денсаулық, қоршаған ортаның тазалығы,
Тәуелсіздік. Адамгершілік құндылығы, қамқорлық (күтім). Мейірбикелік философия мейірбикенің жеке тұлғалық қасиеттерін де анықтайды. Жақсы деген мейірбике - зұлымдылық пен қайырымдылықты анықтай білетін қайырымды адам, білімді, шеберлі, қайғысына ортақтасу, шыдамдылық, мақсатқа жету, мейірімділік қасиеттеріне ие болуы керек. Этикалық қағидалар әр бір елде, сонымен қатар Қазақстанда мейірбикелердің этикалық кодексін анықтайды және мейірбикелердің мінез құлықтарының стандарты және кәсіпқой мейірбике үшін өзін - өзі басқарутәсілдері болып саналады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Стационар бөлімшесінде санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтау мейірбикесінің жұмысының ерекшеліктерін талдау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- мейірбикелердің кәсіби жұмысының стандарттарын жүйелеу;
- емдеу алдын - алу мекемелеріндегі санитарлық - эпидемиологиялық тәртібін сипаттау;
- стационар бөлімшесінде мейірбике жұмыс орнын жұмысқа дайындауды талдау;
- стационардағы және емханадағы мейірбикенің жұмысын ұйымдастыруды жүйелеу;
- стационардағы мейірбикелер қызметінің сапасын бағалау;
- акушерлік стационарлардағыжоғары білімді медициналық мейірбикенің рөлін айқындау;
- стационарлық бөлімшеде ішек инфекциясы бар балалар ауруханасындағы науқастардың мейірбикелік күтімнің ерекшеліктерін зерттеу.

1 МЕЙІРБИКЕ ІСІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ
1.1 Мейірбикелердің кәсіби жұмысының стандарттары

Халықаралық келісім негізінде мейірбике ісінің философиясы 4 негізгі тұжырымнан қалыптасады:
1. Пациент.
2. Мейірбике, мейірбике ісі.
3. Қоршаған орта.
4. Денсаулық.
Пациент - мейірбикелік күтімге зәру және оны қабылдайтын адам.
Мейірбике - мейірбикелік жұмысқа құқығы бар және мейірбике ісінің философиясын бөлісетін, кәсіпқой білімі бар маман.
Қоршаған орта - адамның өмірлік іс әекеттері болып жататын табиғи, әлеуметтік, психикалық және рухани факторлар мен көрсеткіштердің біртұтастығы.
Мейірбикелердің кәсіби жұмысының стандарттары:
1 стандарт. Күту сапасы: мейірбике үнемі мейірбикелік практиканың сапасына және тиімділігіне баға беріп отырады.
2стандарт. Кәсіби қызыметін бағалау: мейірбике өзінің практикасына қызыметтік стандарттарға және жергілікті ережелер мен қоғамдық бастауларға қатысты баға беріп отырады.
3 стандарт. Білімі: мейірбике мейірбике ісі бойынша білім алып, оны әрқашанда қазіргі заманға сай қалыптастырып отырады.
4 стандарт. Алқалық: мейірбике өз әріптестерінің, басқада қызыметтерінің кәсіби дамуына үлес қосып отырады.
5 стандарт. Этика: мейірбикенің қабылдаған шешімдері және оның іс - әрекеттері тұтынушы жағының этикалық түсінігімен алдын ала анықталып отырады.
6 стандарт. Ынтымақтастық:мейірбике пациентті емдеу процессінде медицина қызыметкелерімен және пациентпен бірігіп жұмыс атқарады.
7 стандарт. Ғылыми зерттеулер. мейірбике өз практикасында ғылыми жетістіктерді қолданып отырады.
8 стандарт. Қорларды қолдану: мейірбике пациентке көиек көрсету жоспарында көмектің құнын және тиімділігін, қауіпсіздік факторларына көңіл аударып отырады.
Халықаралық мейірбикелер одағының кодексі
Мейірбике ісінің этикалық негізі. Мейірбикеге келесі негізгі деп танылған төрт міндеттер жүктеледі:
- денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу, денсаулықты қалпына келтіру және қайғы - қасіретін жеңілдету
Мейірбике еңбегіндегі қажеттілік жан - жақты. Мейірбике ісі өмірге, адамның құқығына және құндылығына деген силастықты түсіндіреді. Ол адамның ұлттық, нәсілдік белгілеріне, қай дінге сиынуына, жасына, жынысына, саяси немесе әлеуметтік жағдайын шек қоймайды.
Мейірбике және пациенттер. Мейірбике көмегін қажет ететін жандар алдында үлкен жауапкершілікке ие болады. Ол көмек көрсете отырып пациенттің рухани және салт - дәстүріне, құндылықтарына деген сыйластық, қадірлеу жағдайларын жасайды. Пациенттердің жеке басы туралы ақпараттар алынса, оны мейірбике құпия түрінде сақтап және үлкен жауапкершілікпен ғана бөлісуі керек.
Мейірбике және тәжірибе. Мейірбике ісінің тәжірибеде орындалуы және біліктілігін үнемі жоғарлатуда мейірбикенің жеке басына үлкен жауапкершілік арттырылады. Қандайда жағдай болсын мейірбике өз жұмысын жоғары талапқа сай орындауына тырысады. Мейірбике кәсіби міндеттерін орындауда кәсібіне деген сенімділігі үзілместей өзін үнемі сенімді сезінуі керек.
Мейірбике және қоғам. Мейірбике басқада азаматтар сияқты денсаулық сақтау аймағындағы қоғамдық мұқтаждарды қамтамсыз етудегі шараларды орындауда жауапкершілік атқарады.
Мейірбике және қызыметкерлер. Мейірбике өз әріптестерімен және басқада жұмыс атқару аймақтарындағы қызыметкерлерімен ынтымақтастық қарым - қатынастарын қолданып отыруы керек. Пациенттердің денсаулық жағдайында қызыметкерлер немесе басқада адамдар тарапынан қандайда бір қауіп төнсе, мейірбике оның қауіпсіздік үшін шаралар қолданады.
Мейірбике және оның кәсібі. Арнайы білім беруде және мейірбике тәжірбиесінде стандарттардың орындалуында және анықталуында мейірбике ең басты роль ойнайды.
Кәсіби білімді дамытуда мейірбике белсенді қатысады.
Мейірбике кәсіптік ұйымда жұмыс атқара отырып әлеуметтік және экономикалық еңбек тәртіптерінің әділ қамтамасыз етілуіне және өңдеуге қатысып отырады. Берілген кодексті білу және өмірге сіндіру әрбір мейірбике үшін пациенттерді күтуді және емдеуді дамытудың нақты шарттары болып табылады.
Соңғы 20 жыл ішінде қоғамдағы өзгерістерге және денсаулық сақтаудағы жетістіктерге байланысты медициналық бикенің рөлі едәуір өсті, демек, кәсіптік бикелік іске қойылатын талаптар да өсті. Себептердің ішінен мыналарды атап өту қажет:
- мүгедектер мен созылмалы ауру, онкологиялық ауру сандарының көбеюі, халықтың қартаюы;
- мемлекетттіктің өзгеруі, оған байланысты әлеуметтік стресс, халықтың жоқшылыққа ұшырауы, дәрігерлік көмектің қымбаттауы, экологиялық апат;
- қоғамның әр жеке тұлға маңыздылығын түсінуі, демек, барлық әрекеттің қолайлы өлшемдерін, сонымен қатар салауатты өмір салты негіздерін түсіну.
Қазіргі мейірбикелік іс әлеуметтік тапсырысқа толық жауап бермейді, біздің мейірбикелердің орасан зор потенциалын бірден үші ғана пайдаланады, шығармашылық және кәсіптік мүмкіншілігі төмен. Өзгерген жағдай жаңа типті мейірбике тәрбиелеуді талап етеді. Отандық мейірбикелік іс тәуелді және бағынышты қалпынан автономдық және теңдік бағытымен дамуда. Бұл баяу да ауыртпалы процесті мейірбике ісін философиялық тұрғыдан түсінбей жүзеге асыру мүмкін емес. Мейірбикелік істің негізгі түсініктерін философиялық тұрғыдан ұғыну тенденциясы бірінші рет XX ғасырдың 30 - шы жылдары пайда болып, 50 - ші жылдың ортасында әр орта білім мекемесінде мейірбикелік іс концепциясы жайында өзіндік түсініктері болған. Сол тұрғыда қазіргі медицина бикесі мен мейірім бикесі істерін қосып жалпы адамгершілікті, сыпайылықты талап ететін істі мейірбике ісі деп те, медбикелік іс деп те айтуға болады. Сондықтан да, бұл оқулықта медбике ісі мен мейірбике ісі бір мағынамен беріліп отыр.
АҚШ - тағы соңғы жарты ғасырдағы мейірбикелік істегі прогресс кәсіптік философияға қадалған назар аударылумен түсіндіріледі.
Философия дегеніміз не және соның ішінде мейірбикелік іс философиясы нені білдіреді?
Сөздікке қарасақ, философия - топтың моральдік түсінігінен туатын ниеттер декларациясы. Философия докторы Марши Д. М. Фаулердің жеке анықтамасы бойынша: Философия - кәсіптік топтың жүрегін, парасатын, тәнін көрсететін терезе.
Мейірбикелік іс философиясы мейірбикенің кәсіптік өмірінің барлық салаларының негізі ретінде мына сұрақтарға жауап береді:
- мейірбикелік істің анықтамасы, оның борышы, мақсаты мен міндеті;
- мейірбикелік іс пен медицинаның ара қатынасы;
- мейірбике мен емделушінің өзара әрекеттестігі;
- кәсіптік этика (мейірбикенің рухани байлығы, есіркегіштігі және міндеті);
- мейірбикелік іс пен қоғамның қарым - қатынасы.

1.2 Емдеу алдын - алу мекемелеріндегі санитарлық - эпидемиологиялық тәртібі

Науқас түсер алдында палатадағы төсек, тумба, дәрет ыдысына арналған заттар дезинфекциялық ерітіндідегі дымқыл шүберекпен сүртеді. Осыған орай, бөлімнің жұмыс бөлмесінде дезертінді мен шүберегі бар таңбалы ыдыс болады. Ыдысты жабық ұстау қажет. Төсекке вегативті қалыптағы кесте бойынша камералы дезинфекциядан өткен төсек жабдықтары төселініп, төсек жабдықтарына таза төсек жамылғысы жамылады. Науқасқа жеке заттар (аурудың жағдайына байланысты) бөлінеді: стақан, су жылытқыш және т. б. содан соң тиянақтап жуылады. Науқас жазылып шықаннан кейін жеке қолданылған заттар дезинфекцияланады.
Науқас ауруханағатүскен кезде гигеналық заттарды алуына рұқсат беріледі. Битпен түскен аурулар қабылдау бөлмесінде алғашқы тазалаудан өтеді, ерекше қадағалауда болады және қажет болған жағдайда толық битсіздендіру үшін қайта тазалаудан өтеді. Рұқсатпен, әр ауру өз бөлімінде гигеналық душ қабылдай алады (7 - 10 күнде 1 рет). Дене және төсек жамылғыларын 7 - 10 күнде бір рет (душ қабылдағаннан кейін) және жамылғы кір болған жағдайда ауыстырылады.
Жамылғыларды ауыстыру мерзімі арнайы журналда тіркеліп отырады, оны бөлімнің шаруашылық бөлімнің медбикесі жүргізеді. Жамылғыларды іріктеу мен талқылауға арналған арнайы бөлме болу керек. Пайдаланған жамылғыларды еденге лақтырып тастауға тиым салынады. Жамылғыларды іріктеу мен талқылауға арналған бөлме ауасы тазартылған, еденнен 1, 5м жоғары плиткамен жапсырылған немесе майлы бояумен боялу керек. Жамылғыларды іріктеу кезінде халат, медициналық қалпақ, маска, резинка қолғап, шәркей болу қажет.
Жамылғыларды іріктеп болғаннан кейін бөлме дезертіндімен жуылады, арнайы киім жууға жіберіледі, аяқ киім мен қолғап дезинфекцияланады. Бөлмелерді жинау үшін жеке белгі қойылған мүлік және шүберек бөлінеді, олар жиаудан кейін дезинфекцияланады. Науқастар күнде таңертең және кешке, ұйықтар алдында жуыну керек. Тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жуу керек. Төсектен тұрмайтын науқастар үшін жуыну төсектің жанында ұйымдастырылады. Бұған орай, бөлмеде белгі соғылған ыдыстар(шәйнек, леген). су және ағызба суға арналған пайдалылғаннан кейін дезинфекцияланады.
Науқастарға палатадағы көрші төсек отыруына тиым салынады, сонымен бірге келушілерге де науқастың төсегіне отыруға рұқсат берілмейді. Бұл жағдайда палатада орындвқ болуы керек. Палатаның күніне кем дегенде 4 рет ауасы тазартылу керек. Ауруханалар үшін белгіленген түскі астан кейінгі демалыс және күн тәртібі барлық науқастар және аурухана жұмыскерлері үшін қатаң қадағалану керек. Ауруханалардың бөлімдерінде күзет тәртібі мен күн реті қатаң сақталу керек, науқастар мен персеналдардың дауыстап сөйлемеуі, бөлмелерді таңертең ерте және кешкісін кеш жинамауы керек. Науқастар басқа бөлімдерге баруға рұқсат етілмейді.
Шәркейлер басқада қолданылыста болған аяқ киімдернауқас шыққаннан кейін дезинфекцияланады. Қызымет көрсетушілер қолдарын тазалау осы нұсқаудың 2. 14 тармағына сәйкес жүргізіледі. Бөлімдерде тәртіп пен тазалық сақталынады. Тазалану күніне 2 рет 2% ыстық сабынды - содалы ерітіндіні немесе 2%ыстық синтетикалық жуу құралының ерітіндісінің ылғалды тәсілін пайдалана отырып жүргізеді. Бөлімнің тазалау мүліктеріне (шелек, шүберек) белгі қойылады және дәретхана, палата, ванна, дәлсіз, емдеу кабинеттерінде және т. б. бөлмелерүшін жеке пайдаланылады. Белгі соғылған тазалау мүліктері қатаң белгіленген орындарда сақталадыжәне беғлгілі бір мақсатта ғана қолданылады. Тазалау мүліктерді сақтайтын орын болмаған жағдайда дезинфекцияланғаннан кейін жинайтын орын белгіленген жерге сақтауға болады. Осы мүліктерді басқа бөлмелерде және басқа да мақсатты істерге рұқсат етілмейді.
Пайдаланғаннан кейін жинау мүліктері мен шүберекті дезинфекциялайды және тиісті жерде сақтайды. Бөлімдегі персоналдардың медициналық бақылауы мен тексерісі медициналық бақылаудың қолданыстағынұсқауына сәйкес жүргізіледі. Науқастардың арасында аурухана ішілік инфекциялық ауру пайда болған жағдайда барлық қызыметшілерге кезектен тыс медициналық бақылау жүргізіледі. Аурухана бөлімдерде науқастардың инфекциялық ауруларына орай іс - шаралар жүргізіледі. Науқастардың қызуы көтерілген кезінде (37, 50 0С және жоғары) 5 күн бойы тифопаратифоз, риккетсиоз және басқа да инфекцияларға орай бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алады. Соңғы 2 жылда тропиктен келген безгегі ұстаған науқастардың алғашқы анықталуларына қарамастан малярия зиянкестерінің нақтылығын білуде міндетті түрде қаны зерттеледі. Осындай қанды зерттеу:
- қызу жиі көтерілгенде ауырған кездегі бірінші 5 күн ішіндегі алынған анықталуларға қарамастан
- қан құйғаннан кейін 3 ай бойы қызу көтерілгенде
- соңғы 2 жылда анамнезде маляриямен ауырғандардың қандай ауру түрі болмасын қызуы көтерілгенде
- белгісіз қаназдық, көк бауыр мен бауырдың өсуі кезінде жүргізіледңі.
Науқастың жұқпалы ауру белгісі байқалғаннан жұқпалылар ауруханасына (бөліміне) ауыстырғанға дейін. оны онаша палатаға оқшаулау керек. Жұқпалы аурумен қатысты науқастарды онаша палатаға ауыстырады және аралық уақытына дейін оларға бақылау жасалынады, науқасты шығарар кезде жұқпалы аурумен қатысты болғаны туралы мекен - жайына орай СЭСхабарлайды. Босатылған палатаға схемадағы бойынша ЕПМ құралдары және күшімен соңғы дезинфекция жүргізіледі.

1.3 Стационар бөлімшесінде мейірбике жұмыс орнын жұмысқа дайындау

Мейірбикенің жұмыс орны оның қарамағындағы палаталардан қашық болмауы керек. Әдетте ол палаталардың арасындағы дәлізде болады. Мейірбикенің қызмет орны қажетті заттармен:медициналық аспаптар мен дәрі - дәрмекке арналған шкаф, ауру тарихын, сақтауға арналған жабылатын жәшіктері бар үстел, телефон және үстел үсті шамы мен т. с. с. қамтамасыз етілуі қажет. Егер бөлімшеде процедуралық кабинет болмаса, онда мейірбике үстелі қасында шприцтер мен инелерді қайнатуға арналған стерилизаторы бар шағын үстел орнатады, залалсызданған материалдары бар бикс және инъекция жасайтын басқа аспаптар жинағы, сондай - ақ улы және қатты әсер ететін дәрілерді сақтауға арналған жәшік тұрады. Егер сейф болмаса, онда мейірбике үстелі үстінде екі шағын шағын (А және Б) болады, ол құлыпталып аға мейірбике немесе неғұрлым тәжірибелі мейірбикеде болады. Бұл жерде қол жуғыш та болуы тиіс.
Мейірбикенің қызмет орны өте таза болуы керек. Әрбір жасалған процедурадан кейін, пайдаланылған таңғыш материалдар немесе басқа да қалдықтарды жойып, жіберу керек. Мейірбикенің қызмет орнында әйнекті шкафтар болады, оған дәрі - дәрмектер салады. Оның әрбір сөресінде Ішетін, Жағатын және Инъекцияға арналған деген жазулар болуы тиіс. Барлық медициналық аспаптар белгілеулері мен пайдалану жиілігін ескере отырып орналастырады.
1. Нашақорлық және күшті әсер беретін құралдардың есеп тіркеу журналы
2. зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістерін тіркеу журналы
3. өте қажетті аспаптарды тіркеу журналы
4. кезекшілікті тапсыру және қабылдауды тіркеу журналы
5. безгек ауруларын тіркеу журналы
6. келген және шыққан наукқастарды тіркеу журналы
7. науқастардың тіркеу джурналы
8. қызулық парақтар
9. дәрігер тағайындаған парақтар
10. стационардан шыққан карта
11. стационарлық науқастың ауру тарихы жөніндегі көшірмесі
12. стационарлық науқастың дәрігерлік картасы
13. тәуліктік кезекшіліктің мәлімдемесі.
Емдеу - сақтау режимі. Әрбір емдеу мекемесінде өзінің ішкі ауруханалық режимі болады. Емдеу - сақтау режимінің маңызды шарттарының бірі - сырқат психикасы сыйлау, оның толық дене және психикалық тыныштығын қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасау. Ұлы орыс физиологы И. П. Павлов, сырқаттың денсаулығы мен нерв жүйесінің ерекшелігіне сәйкес оған тыныштық пен жағдай жасай отырып, оның хал - жағдайы ауыр болатынын, талай рет атап айтқан болатын - ды.
Емдеу - сақтау режимін ұйымдастыруды сыртқы ортаның неғұрлым қолайсыз әсерін (дауыстап сөйлесу, есікті сілкіп ашып - жабу) жойып, терапевтік - емдік шаралар тиімділігін төмендетіп тиімді тәртібін белгілеу қажет. Қызметкерлердің алмасуы, бөлмені жинау, дененің қызуын өлшеу, сырқат тұрған соң, яғни таңертеңгі сағат 7 - ден кейін істеледі. Барлық сырқаттар мазасын алмау үшін палатада жарық сигнализациясы мен түнгі шырағдандар дұрыс істеуі керек. Қызметкерлер ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтап және онымен бөлімшеге келіп түскен барлық сырқаттарды таныстыру қажет. Сырқатты медициналық күтім заттары, қан тамған дәке, шприц пен скальпель, лас мақта мен бинт толған леген т. б. Көргенде болатын жиіркеніш сезімдерін болдырмаудың маңызы зор. Өздерінің ауруын ойланудан алаңдату үшін сырқаттың бос уақытын жақсылап ұйымдастырудың маңызы зор. Арнайы бөлме жабдықтау жөн немесе коридорды пайдалануға да болады: кітаптар мен журналдар стендісін жасайды, өздері жүре алмайтын аурулар көру үшін теледидар қояды. Таза ауада (әсіресе жазда) серуендеудің рөлі үлкен. Бос уақытында сырқат оқиды, үстел үстінде ойындар ойнайды, тоқиды, құлаққа киіп радиоқабылдағышты тыңдайды. Сырқаттың қолайсыз эмоцияларын болдырмауға бағытталған шаралар ауруханаға түскеннен бастап, шыққанға шейін жүргізіледі.
Медбикенің сырт пішіні емдеу кабинетінің визиттік көрсеткіші екенін еске саламыз, ашық косметикадан аулақ болуы керек, тырнақты қысқа алу керек. Халат таза болу керек, жейденің жені халаттың женінен ұзын болмауы керек. Шаш қалпақтың астында жиналуы болуы керек. Аяқ киім өкшесіз, жұмсақ және ыңғайлы болуы керек.
Стационар бөлімшесінде санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтау мейірбике дәрігердің кез келген тапсырысын білікті, ұқыпты тез орындау керек. Стационар бөлімшесінде санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтау мейірбикенің емделушіге қатысты кез келген әрекеті оның ағзасына (егу жасау, зерттеудің биологиялық материалдарын жинау, сүнгілеу, пункция және т. б. ) араласу болатынын еске алу керек., ем жүргізудің қажеттілігін, кейде сендіру, жұбату арқылы әр емделушінің жеке ыңғайын таба білу керек.
- Стационар бөлімшесінде санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтау мейірбикенің ем жүргізуінің техникалық әрекеті нақты және сенімді болуы керек, бұл кезде емделушінің алдында беделі өсіп, олардың алып жатқан емдерінің сәтті боларына сенімді болады.
1. Өткізілетін медициналық процедураларға байланысты процедуралық (манипуляциялық) кабинеттерді ашады:
- бұлшық етке, тері астына инъекцияларға
- көктамырға инъекциялармен құюға
- ауыр қалдағы науқастарға реанимациялық көмек көрсетуге
- интенсивті терапияға жасауға
- емдік және диагностикалық сүңгілеуді іске асыруға
- емдік және диагностикалық клизмаларды жасауға.
2. Процедуралық (манипуляциялық) кабиненттерінің кешені 12 - 14м2 - ден кем болмауы керек, жоғары жеткілікті, желдету, қабырға және төбе бактериоцидті шамдармен
(ОБН - 200 немесе ОБН - 300 бір шам бөлменің 30м2есебімен) жабдықталуы міндетті. Бактериоцидті шамдары 2 жылдан кейін ауыстырады.
3. Процедуралық (манипуляциялық) кабинеттер аурухана (емхана) жабдықталу табілімен байланысты үсті дезинфекция кезінде бүлінбейтін құралдармен жабдықталуы тиіс. Кушеткаларды полиэтилен пленкасымен немесе медициналық клеенкамен жабу қажет.
4. Құралдармен кушетканың үстін нұсқау бойынша дезинфекциялайды.
5. Процедуралық кабинетте дезинфекция жүргізу үшін мөрленген ыдыста қажетті концентрациялы дезертінді болу керек.
6. Медициналық құралдарды қолданған соң шайып, дезертіндімен ыдысқа салып қояды.
7. Егер медициналық құралда қуыс болса, онда дезинфекция алдында дезертінді ыдыста шаяды, әрі қарай медициналық құралдар нұсқау бойынша өңделеді.
8. Арнайы процедуралық (манипуляциялық) үстелдерді журнал және басқа оқу септік құжаттарға толтыруға болмайды.
9. Дәрілік ампулалады жинап уақытша сақтауға педальды ыдыс болуы қажет.
10. Процедуралық кабинетте істейтін медициналық персоналға арнайы киім (медициналық халат, шәрке) міндетті арнайы киім. Арнайы киімді күнделікті ауыстырады.
12. Қажетінше жұмыс күні ішінде стерильді медициналық заттарды қолдану және сақтау үшін, стерильді ақ жамылғымен жабылған үстел әзірлейді. Стерильді заттарды сақтау мерзімі 12 сағаттан аспауы керек. Стерильді үстелді әзірлеу стерильді пинцетпен (корцангпен) қолданылады.
13. Манипуляциядан кейін дезертінді қолдану арқылы ылғалды жинау жүргізіледі.
14. Процедуралық кабинет, палата, реанимация бөлімінде ылғалды жинау әдісімен дезертінді қолдану арқылы 3 рет жүргізіледі.
15. Аптасына 1 рет процедуралық (реанимация, интенсивті терапия ) кабинеттерінде жалпы жинау жүргізіледі. Дезинфектант ретінде 5% деохлор немесе 6% су тотығы + 0, 5% жуу комплексін қолданады. Алдымен қабырғалар, құралдар, үстелдер, медициналық кушеткалар залалсыздандырады, қоқысты жандырады. Сосын еденді мұқият жуады, содан соң бактериоцидті шамдарды 2 сакғатқа қосады, кейін бөлмені желдетеді.
16. Процедуралық кабинеттерде, реанимация (интенсивті терапия) палаталарында жұмыс уақытында қолданылмайтын заттарды сақтауға тиым салынады.
17. Егер медбике стационар бөлімшені ылғалды жинауға қатысса, оларға жинауға арнайы қосымша киім беріледі, ол негізгі арнайы киімнен бөлек сақталады.

2 СТАЦИОНАР БӨЛІМШЕСІНДЕ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ РЕЖИМДІ САҚТАУ МЕЙІРБИКЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Стационардағы және емханадағы мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру

Мейірбикелік үрдістің мақсаты - ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.
Мейірбике жұмысының бірі стерильдеу. Мақсаты барлық микроорганизмдерді жою және аластау. Ол физикалық немесе химиялық әдістермен іске асырылуы мүмкін. Бумен стерильдеу - ең қалаулы әдіс. Бу қысым әсерінен барлық микроорганизмдерді жояды. Ол үшін 1, 05 кгссм2 бу қысымымен 15 - 45 минут ішінде әсер етсе жеткілікті болады. Егер автоклав вакуумды қондырғымен бірге болса стерильденген заттардың кебуін жеделдетеді және стерильдеу ұзақтығын 3 минутқа дейін кысқартады. Құрғақ ыстық ауалы шкафтарда өңдеу тәсілін шыныдан жасалған заттарды стерильдсу үшін колдануға болады. Ол үшін 6 сағат бойы 120°С - де ұстау Жұқа, сезімтал кұрал - саймандарға этилен аскын тотығымен газды стерильдеу әдісі қолданылады. Дұрыс стерильдеу үшін 3 - 6 сағат бойы газда экспозициялануы керек. Автоклавта стерильдеудің сапасын, яғни бу кысымының жеткіліктігін бақылау үшін аморфты амидопирин ұнтағын қолданады. Ол 106°С - де кристалданады. Қысымды автоматты түрде монометрдің көмегімен 1, 5 атмосферада ұстап тұруға болады. Палаталар, егу бөлмелері, іс - шара бөлмелеріндегі, операциялық және басқа бөлмелердегі ауаны тазарту сынап - кварцтық және сынап - күлгін сәулелі лампалардың көмегімен жүргізіледі.
Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірмділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбике - емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсау - лықты сақтау үшін медбике жұмысын жал - ғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.
Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейірбикелік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді.
Мейірбике ісі ежелден кележатқан мамандық. І Петр заманында Ресейда бірінші рет госпитальдерде, лазареттерде әйелдер еңбек етті. І Петр қайтыс болғаннан кейін Екатерина І кезінде госпитальдерде, лазареттерде әйелдердің жұмыс істеу тоқтатылған. Тек қана 100 жылдан кейін (1884 ж. ). Ресейда Қайырымды мейірбикелер қасиетті қоғамын құрып, қайырымды мейірбикелерді оқытып даярлайтын қоғамдар ұйымдастырылған. Бірінші қайырымды мейірбикелер халықтан шыққан. Олар өздерінің қалауынша науқастарға, жарақаттарға күтім жасауды ұйғарған.
Үкімет, Петербург және Москва қалаларында қайырымды мейірбикелер тәрбиелейтін үйлерді, науқастарға қалай күтім көрсетуді үйрететін қоғамдарды аштырып ұйымдастырылған.
Бірінші қоғамның құрылғанынан үш жылдан кейін Н. И. Пироговтың ұсынысы бойынша Қырым соғысы: кезінде, екінші қоғам құрылады. Ол қоғам соғыс госптальдерінде жұмыс істейтін, қайырымды мейірбикелер даярланған. Н. И. Пирогов 1854 ж. бір топ қайырымды мейірбикелермен соғыс жүріп жатқан Севастополь қаласына келіп медицина тарихында бірінші рет, әрекетті Армияның емханаларында әйелдер жұмыс істеген. Сол кезде, Н. И. Пирогов әйелдердің еңбек - қорлығына танданып былай деп жазған: Соншама нәзік әйелдер жаралыларды күні - түні бағып - қағуда, ауыр жаралыларды қарапайым сөзбен көңілдерін жұбатып, тіпті бастионда зеңбіректің оғының астындағы жаралыларға да көмек көрсетуде.
Екатерина Хитрова, Екатерина Бакунина бастаған қайырымды мейірбикелер, өздерінің ерлік еңбектерімен Рессейде, тіпті шет елдерге де танымалы болды, - деп атаған Н. И. Пирогов.
Олардың арасында орыс қайырымды мейірбикелерінің бірі Даша Александрова ерлігімен тарихта Даша Севастопольская деген атақпен даңқы шыққан.
Қырым соғысы кезінде, Даша Севастопольская басқа, ағылшынның қайырымды мейірбикесі Флоренс Найтингейл белгілі болған, ол қазіргі медицина жүйесіндегі мейірбикелерді даярлаудың негізін қалаған адам.
12 - мамыр күні Флоренс Найтингейлдің туған күні, сондықтан осы күні Халықаралық Мейірбикелер күні болып саналады. Флоренс Найтингейл
1820 ж. Флоренция қаласында мәдениетті бай жанұяда тұған, балалық шағы Лондон қаласында өткен. Флоренс өте жақсы білім алды. Балалық шағынан бастап ол өзін адамдарға қызмет етуге, әсіресе мүгедек адамдарды күтуге, оларға қызмет етуге бағдарлаған. Ағылшын әскерінің Қырым соғысында қиын жағдайда екенін естіп, Флоренс бір аптаның ішінде 38 адамнан тұратын қайырымды мейірбикелер тобын құрастырып, 1854 ж. қазан айында жаралыларға және сырқаттанған адамдарға көмек көрсетуге аттанады.
1869 ж. Лондонда Флоренс жер жүзінде бірінші қайырымды мейірбикелердің мектебін ашады. Мектеп бітірген мейірбикелер Флоренц Найтингейлдің антын беретін .
Сөйтіп, Флоренс Найтингейл мейірбикелер даярлаудың негізін орнатады. Оның көмегімен көптеген медициналық мекемелер ашылады. Оның өмір бойы жаралыларды, науқастарды бағып - қағып күткені және мейірбике даярлаудағы сіңірген зор еңбектері үшін 1912 жылы Флоренс Найтингейл атағында медаль шығаруды ұйғарылды. Бұл медаль халықаралық Қызыл Крест Лигасының ең жоғары марапаты болып саналады.
Мейірбике ісінің маңызды сұрақтарының бірі мейірбике існің философиясы.
Мейірбике існің философиясы жалпы философияның бір бөлігі, ол мейірбике, пациент, қоғам, қоршаған орта арасындағы қарым қатынас және көзқарас жүйесі. Осы филосфияның ортағы болып жәй адам емес жеке тұлға тұрады. Мейірбике ісі философия - ның маңызды проблемасы болып мейірбике пациент, жеке тұлға жүйесі сияқты жүйенің қызметі болып саналады. Дәл осы жүйеде басты ішкі жан компонентті, мейірбике пациентке сырқат деп қана емес жеке тұлға ретінде қарау керек. Сонымен қатар мейірбике өзі де тұлға ретінде болуы керек.
Мейірбике ісінің негізгі философиясы - өмірді адам құқығы мен абыройын сыйлау. Біз өмір сыйының қасиеттілігіне сенеміз, сондықтан әр адамды физикалық, философиялық, әлеуметтік, мәдени, интеллектуалды және рухани өсіп дамитын мүмкіншілігі бар жеке тұлға ретінде қарастырамыз.
Мейірбике ісінің философиясы принциптерін іске асыру - қоғам мен медбикенің өзара әрекеттестігіне байланысты болып келеді. Бұл принциптер мейірбикенің қоғам алдындағы (сонымен қатар емделуші алдындағы) жауапкершілігін және де, қоғамның медбике алдындағы жауапкершілігін қарастырады. Қоғам мейірбике ісінің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды рөл атқаратынын мойындай отырып, заңды актілер шығару арқылы, оны белгілі ережеге бағындырып, қолдап отырады.
Әр адамның қалыпты түрде өсіп, дамуы үшін қанағаттандыратын қажетті негізгі өмірлік маңызды мұқтаждары болады және де оны өзінің атқаруы өте маңызды.
Қауіпсіздік мұқтаждықтары. Адам өмір бойы өседі, дамиды, өзін қоршаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңызды мәселе - психикалық ауруы бар пациенттердің медициналық қызметкерлерге қарсы агрессиясы
ЭПИЛЕПСИЯМЕН АУЫРАТЫН ПАЦИЕНТТІҢ ӨМІР САПАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Эпилепсиямен ауратын науқастардың білім деңгейін жоғарылатудағы мейіргер рөлінде жүргізілген шетелдік зерттеулер нәтижелерін анализдеу
Ауруханада күндізгі стационарлар
Жүректің ишемиялық ауруы ауруының теориялық негіздері
Медициналық ақпарат алу және жеке адамдар мен топтардың психиатриялық алдын - алу қажеттілігін анықтау
Ота жасау бөлімшесінде инфекциялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау шараларын сақтаудағы мейіргердің рөлі
Қауіп факторларының мейіргер денсаулығына әсері
Туберкулезбен ауыратын пациенттерге көрсетілетін мейіргерлік күтім ерекшеліктері
Мейіргер денсаулығына әсер ететін қауіп факторлар
Пәндер