Мемлекет теориясының негіздері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Экономика және құқық факультеті
Реферат
Тақырыбы: Мемлекет теориясының негіздері
Дайындаған: Мәжит Мәди
Тобы : ФК202
Тексерген: Қонысов А. Ж.
2022-2023 ж. ж.
КІРІСПЕ
- Мемлекеттің пайда болулары.
- Мемлекет функциялары.
- Мемлекеттің пайда болу нысандары.
Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп отыратын, бүкіл қоғам атынанішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыкка міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы.
Мемлекеттің пайда болу себептері :
- Діни теориясы-мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайданң деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын-абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни және әкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі-Фома Аквинский.
- Патриархалды теориясы-мемлекеттің пайда болуын отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы әке билігінен туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы әкенің, патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің еңбектерінен тапты.
- Шартты теориясы- ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д. Локк пен Т. Гоббс, Францияда Ж. -Ж. Руссо, Ресейде А. Радищев орын алды. Мысалы, А. Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген және оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сәйкес, мемлекет шарт нәтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.
- Күштеу теориясы-мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу әрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы ХІХ ғасырда пайда болы, оның өкілдері-Л. Гумплович, К. Каутский, Е. Дюринг.
- Психологиялық теориясы-мемлекеттің пайда болуын адам психмкасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен және т. б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л. Петражицкий мен Г. Тардты атауға болады.
- Материалистік теориясы-мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері-К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин-мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау және бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.
Мемлекет деп - белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
Мемлекеттің мынадай белгілері болады:
1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудандары, облыстары, штаттары, т. с. с. пайда болды.
2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т. б. құралдар қажет болады.
3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол - ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.
4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.
5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.
6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.
Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі - функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар.
Функцияны жүйелеудің келесі түрі:
тұрақты және уақытша функциялар;
негізгі және негізсіз функциялар;
заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары.
Мемлекеттердің көпшілігі функцияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін --- мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады.
Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция - орган
- аппарат - мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде - мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады.
Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды.
Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
Мемлекеттің түрі -- оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады.
Мемлекеттің үш жағы бар:
Басқару түрі.
Саяси тәртібі.
Мемлекеттік құрылысы.
Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.
Монархия деп - мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады.
Монархия ---абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді.
Абсолюттік монархия---жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады.
Конституциялық монархияда---монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі.
Республика деп - мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.
Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz