Құқық нормасы құқықтық бастапқы элементі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Экономика және құқық факультеті

Реферат

Тақырыбы: Құқық теориясының негіздері

Дайындаған: Мәжит Мәди

Тобы : ФК202

Тексерген: Қонысов А. Ж.

2022-2023 ж. ж.

КІРІСПЕ

1. Құқықтың түсінігі және белгілері.

2. Әлеуметтік нормалардың түсінігі және түрлері.

3. Құқықтық нрмалардың түсінігі және оның құрылымы.

1.

Құқық ұғымының көптеген мәні бар. Ол заң ғылымында және күнделікті өмірде қолданылады. Кең мағыналық түсінік болғандықтан әрбір адамда қ ұқықтың мәні туралы қандай да бір пікір қалыптасады.

Заң ғылымында құқықтың бірнеше мағынада қолданылады:

1. Құқық заң ғылымында оқу пәнінің атауын білдіретін ұғым ретінде қолданылады (азаматтық құқық, конституциялық құқық) ;

2. Құқық деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі (білім алу, еңбек ету құқығы) . Осы жағдайда құқық субъективтік мағынада қолданылады;

3. Құқық мемлекетпен байланысты және мінез құлық ережелерінен тұратын жүйе ретінде түсіндіріледі (нормативтік акті, заңдар, кодекс) . Осы жағдайда құқық объективтік мағынада қолданылады;

4. Құқық объективтік және субъективтік құқықтың жиынтығы ретінде қолданылады (құқық жүйесі) .

Құқық теориясы көбінесе объективтік мағынада қарастырады. Оған сәйкес:

Құқық - бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған, қоғамның мүддесін білдіретін, м. бекіткен және қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жүйесі.

Құқықтың белгілері:

- жалпылығы;

- міндеттілігі;

- нормативттілігі;

- құқықты бұзғаны үшін, мемлекет тарапынан жауапкершіліктің қолданылуы;

- мемлекетпен байланысы;

- формальді анықтылығы, оның ерекше атауының және нысанының болуы;

- жүйелілігі - оның саладан институттардан және нормадан тұруы.

2.

Қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың маңызды құралы әлеуметтік нормалар: құқық нормалары, мораль нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары, әдет, салт - дәстүр және ритуал нормалары.

Әлеуметтік нормалар - бұл адамдардың мінез--құлқын, және олардың ара--қатынасындағы ұйымның қызметін реттейтін ережелер.

Оның белгілері:

1. Әлеуметтік нормалар адамдардың мінез-құлқы ережелері болып табылады. Олар белгілі бір адамдардың ұжымы, адамдардың мінез-құлқы қандай болатындығын көрсетеді. Бұл үлгілер оған сәйкес адамдар өз әрекеттерін қалыптастырады.

2. Әлеуметтік нормалар - бұл жалпы сипаттағы мінез-құлық ережелері. Оның жалпы сипаты бір адамға емес, барлығына арналған.

3. Әлеуметтік нормалар - бұл қоғамдағы міндетті мінез-құлық ережелері. Құқықтық норма ғана сонымен қатар, басқа да әлеуметтік нормалар, оларды қолданатындарға міндетті. Қажетті жағдайларда әлеуметтік нормалардың міндеттілігі мәжбүрлеумен қамтамассыз етіледі.

Осы белгілерге сәйкес, әлеуметтік нормалар елеулі қоғамдық қатынастарды реттеуші болып, адамдардың мінез-құлқына белсенді әсер етеді.

Әлеуметтік нормалардың әр алуандығына байланысты, олар келесіде топтастырылады:

1. Құқықтық нормалары-бұл мемлекет, бекітетін және қорғайтын мінез - құлық ережелері.

2. Мораль нормалары -бұл қоғамдағы адамдардың жақсылық пен зұлымдылық, әділеттілік пен әділетсіздік, қадір қасиет, ар - аждан туралы моральдік түсініктеріне сәйкес қалыптасқан және қоғамдық пікір, немесе ішкі сенім негізінде қорғалатын мінез - құлық ережелері.

3. Қоғамдық ұйымның нормалары -бұл қоғамдық ұйымдардың өздері бекітетін және бұл ұйымның жарғысымен көзделген қоғамдық әсер ету шаралары көмегімен қорғалатын мінез - құлық ережелері.

4. Әдет нормалары -бұл адамдардың бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде адамдардың әдетіне байқалған белгілі бір қоғамда қалыптасқан мінез-құлық ережелері.

5. Салт-дәстүр нормалары-адамның өмір сүруінің белгілі бір саласында уақытқа сәйкес прогрессивті ережелерді қолдаумен пайда болған тұрақты мінез-құлық ережелері.

6. Ритуал нормалары - әр түрлі саяттарды (отряд) жасаған кезде адамдардың мінез - құлық ережелерін анықтайтын және моральдік әсер ету шараларымен қорғанатын нормалар. Олар ұлттық мейрамдарды некені қиған кезде қолданады.

7. Діни, саяси, отбасылық, іскерлік нормалар.

8. Техникалық нормалар - бұл табиғат заттары, еңбек құралдары, әр түрлі техникалық құралдар мен адамдардың қарым - қатынасын реттейтін мінез - құлық ережелері. Техникалық нормалардың мақсаты: табиғат, техника күштерін дұрыс пайдалану. Техникалық нормаларға құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, машина мен механизмдерді пайдалану нұсқаулары шикі затты, электроэнергияны, жағар майды жұмсау нормалары жатады.

3.

Құқық көптеген адамдар мен жағдайларға таралатын, ұзақ уақыт бойы әрекет ететін құқықтық нормалардың, мінез-құлық ережелерінің күрделі әрі, әр алуан жүйесі.

Құқық нормасы құқықтық бастапқы элементі. Сондықтан да, құқыққа тән анықтама, белгілер құқықтық нормаға да тән.

Сонымен, құқық нормасы -бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған мемлекет бкіткен не санкциялаған және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мінез - құлық ережелері.

Құқықтық норма әлеуметтік нормалардан бір түрі, бірақ өзіне ғана тән белгілер бар:

1. жалпыға міндетті сипатты - бұл құқық нормасының көптеген нақты өмірлік жағдайларға және көптеген адамдарға жаралады. Құқықтық норма тек жеке тұлғаларға емес, сонымен қатар, ұйымдарға да міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
Құқық негіздері, нормасы және жүйесі
Құқықтың түсінігі мен мәні
Құқық нормаларын талқылаудың түрлері
Құқық нормасын талқылаудың түрлері
ІІО құқықтық негіздері
Құқық нормаларының түсінігі
Құқықтық шығармашылық
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Құқық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz