Қазақ халық ертегілерінің маңызы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Алматы ОБЛЫСЫ
Қарасай АУДАНЫ

Ғылыми жобаның тақырыбы:
Қазақ халық ертегілерінің маңызы


Секциясы: Қазақ әдебиеті
Жоба авторы: Мұрат Айша 6 В сынып
Жоба жетекшісі: Мусаханова Азима Алмасқызы


2022-2023 оқу жылы

Мазмұны:

1. Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3,4,5бет
1.1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7,8 бет
1.2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-13 бет
2.1. Ертегі түрлері мен мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...10-11 бет
2.2. Теледидар арналарындағы мультхикаялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14 бет
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16 бет
4 Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17 бет

Ғылыми жобаның тақырыбы: Қазақ халық ертегілерінің маңызы
Зерттеу мақсаты:
1. Ертегілердің бала тәрбиесіндегі ролін ашып көрсету.
2.Қазақ ертегілерінің өміршеңдігін дәлелдеу.
3.Ертегі жанрын тәрбие үрдісінде қолдану жандандыру.
4. Ертегілерді насихаттау жолдарын көрсету;

Зерттеу жаңалығы:
1.Ертегіні күнделікті қолданудың жаңа түрлері.
2. Аудиодискілер шығару, күнделікті қолданылатын қағаз, полиэтилен пакеттер сыртына ертегі кейіпкерлері суреттерін шығарса.
3.Ойынға киетін бас киіміне, футболкаларға қазақ ертегілерінің атын жазып, кейіпкерлерінің суретін салса.
4.Дәптер, күнделік, қойын дәптер сыртында насихатталса.
5. Шоколад қораптары сыртына суреттерін салу.
6.Компьютер, ұялы телефон беттеріне қазақ ертегілерінің суреттері шықса.
7.Қазақ ертегілерін дәріптеп, насихаттау туралы арнайы заң немесе ереже қабылдау керек.
Зерттеу нәтижесі:
1.Зерттеу жаңалығын дәптер, күнделік шығаратын баспаханаларда қолдануға болады.
2.Аудиодискілер шығарып балабақшаларда, үйдеұйықтар алдында тыңдауға болады.
3.Қазақ ертегілерін дәріптеу және насихаттау туралы заң немесе ереже керек деген ұсыныс заңдастырылса, онда бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешіледі.

АННОТАЦИЯ
Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы Қазақ халық ертегілерінің маңызы деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады. Әлемде ертегісі жоқ ел жоқ.Бірақ әр елдің, әр халықтың сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы.
Қазақ ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді . Ертегі арқылы біз өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.Өкінішке орай қазіргі кезде радио, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер жиі көрсетіледі.Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес және біздің менталитетімізге жат оқиғалар баяндалады.Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан көрі әлдеқайда тиімді. Мен өзімнің зерттеу жұмысымды қазақ ертегілерін зерттеп, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай дамыту керектігін және насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды көрсеттім.Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді.

АННОТАЦИЯ

Тема моей исследовательской работы называется Значение казахских народных сказок. Интерес к сказкам привел к желанию ее изучать. сказки.Нет в мире страны, в которой не было бы сказок.Но каждая страна,каждый народ есть неисчерпаемый духовный клад этого народа.
Казахские сказки учат добру, честности и справедливости. Учит избегать зла, лжи, зла. Это всегда свидетельствует о том, что победят мир, единство и солидарность. Через сказки мы узнаем о мыслях и мечтах наших предков, образе жизни, богатстве языка. Каждая сказка является воспитательным пособием. Например, детские сказки воспитывают в детях честность, находчивость, нравственность К сожалению, в настоящее время по радио и телевидению часто показывают художественные фильмы и мультфильмы по мотивам зарубежных сказок Имена героев и места незнакомы, сюжеты чужды нашему ментальности рассказывают.А смотреть или слушать казахские сказки гораздо эффективнее их. Я изучал и читал казахские сказки в своей исследовательской работе, представил свои инновации и предложения по их развитию в современный век передовой науки и техники, а также пути их продвижения Эти инновации и полезны, и эффективны.

ANNOTATION

The topic of my research work is called "The importance of Kazakh folk tales". Interest in fairy tales led to the desire to study it. fairy tales. There is no country in the world that does not have fairy tales. But every country, every people is an inexhaustible spiritual treasure of that people.
Kazakh fairy tales teach kindness, honesty, and justice. Teaches to avoid evil, lies, evil. It always shows that peace, unity and solidarity will win. Through fairy tales, we learn about the thoughts and dreams of our ancestors, the way of life, and the wealth of language. Every fairy tale is an educational tool. For example, children's fairy tales educate children to be honest, resourceful, and moral. Unfortunately, currently, radio and television often show feature films and cartoons based on foreign fairy tales. The names of the characters and places are unfamiliar and stories foreign to our mentality are told. And watching or listening to Kazakh fairy tales is much more effective than them. I studied and read Kazakh fairy tales in my research work, presented my innovations and suggestions on how to develop them in the modern age of advanced science and technology, as well as ways to promote them. These innovations are both useful and effective.

КІРІСПЕ
Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп келді.Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты туған.Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады.Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді. Ертегі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтеді.Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел арасындағы алаяқ қулар т.б. халық ертегілерінде жиіркенішті роль атқарады. Оларға халық арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.
Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар.Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады.Ертегі баяу басталып,оқиға желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады.Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.Мысалы: Тазша бала туралыертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді.

Қырық өтірік ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял-ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын
алады.Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты.
Қазақ халық ертегілері -- ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады. Қазақ халық ертегілері - қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Қазақ халық ертегілерінің асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән -- мағынасының артып отырғандығында. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқаның байқаймыз.

Негізгі бөлім
Қазақ халық ертегілерінің түрлері
Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял-ғажайып ертегілері, тұрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер: Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай, Ыста тас, Алтын сақа, Тас болған шаһар. Қиял ғажайып ертегілер қазақ ертегілерінің ішінде ең көнесі болып табылады. Қиял-ғажайып ертегілері көп дәуірді бастан кешіргендіктен, өзгерістерге де көп ұшыраған. Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері ай десе-аузы, күн десе-көзі бар сұлу, не алтын шашты қыз, солармен қатар айдаһар, жеті басты жылан, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын, арты күміс киік сияқтылар араласып отырады. Бұлардың бір тобы ертегі кейіпкерінің досы болса, бір тобы қас жауы болып әрекет етеді. Бұл кейіпкерлердің арасында кейде дос, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертегіні оқытудың тиімді жолдары
Мектепке дейінгі балаларға ертегі кейіпкерлерімен таныстырудың маңызы
Қазақ-ағылшын ертегілерінің бейнелілік сипаты
Тұрмыс салт ертегілері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ертегілер туралы мәлімет
Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ
Қазақ халық ертегілері
Мектеп дейінгі балаларды ертегілер жолымен тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Пәндер