Меншік қатынастары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті: «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі»

Кафедрасы: «Менеджмент және басқару»

СӨЖ

Тақырыбы: «Меншіктің экономикалық және құқықтық сипаты. Меншік түрлері. Жекешелендіру, мемлекетсіздендіу процесі. »

Орындаған: Сүлей Гүлназ

Тексерген :Иляшова Г. К.

Жоспары:

Кіріспе : Меншік қатынастары. Меншік обьектілері мен субьектілері.

Негізгі бөлім:

А. Экономикалық және құқықтық меншіктің сипаты.

Ә. Меншік түрлері: жекеменшік және мемлекеттік меншік. Жекешелендіру.

Б. Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағыттары.

Қорытынды: Меншіктің жалпы сипаты мен маңыздылығы.

Экономикадағы ең қызықты әрі маңызды тақырыптардың бірі болып меншік табылады. Қандай ел болсын оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап болатынымыз анық: экономикалық билік кімнің қолында? Адамдардың сүру неігізі- материалдық игіліктерді иемденетін кім?

Бұл биліктің мәні өндіріс құрал-жабдықтарына және оның нәтижесіне тиісті меншік қатынастар болып табылады.

Меншік - материалдық игіліктің қандайда бір санын иелігіне алу бойынша адамдар арасындағы қатынас. Меншік ол зат емес, меншік-затқа байланысты адамдар арасындағы қатынас. Яғни меншік обьектісін пайдаланудағы субьектінің құқығы. Меншік субьектісі дегеніміз- меншік қатынастарының активті жағы, ал меншік обьектісі- меншік қатынастарының пассивті жағы.

Меншік қатынастары - материалдық және материалдық емес ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жүйесі. Егер ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жоқ болса, олар - ешкімдікі емес, ешкімге тиесілі емес, немесе бәріне тиесілі, өйткені оларға еркін қол жеткізуге болады, ал бұлар - бір нәрсе деп айтуға болады.

Меншік объектілері әрқашанда шектеулі болатын экономикалық ресурстар болып табылады. Меншік қатынастарының экономикалық мазмұнын меншік субьектісі мен обьектісі анықтайды.

Меншік субьектілері меншік обьектілерін иемденіп, оған билік ететін тұлғалары. Меншік субьектілері:адам, тұлға- меншіктің бастапқы субьектісі болып табылады. Ол ең алдымен өз дене қуатының, қарым-қабілетінің, жұмыс күшінің қожасы. Меншіктің бұл обьектісі адамдардың жеке өзңне тәуелді. Меншік көп тараған субьекті ретінде отбасыны ала аламыз. Отбасы мүшелері үй ішінің жтған мал-мүліктерінің иесі.

Меншік қатынастары әртүрлі иемденулерге байланысты қалыптасады. Көптеген меншік обьектілерінің құрамын және мазмұнын түсіну үшін оның маңызды деген түрлерін атап өту керек. Жер, жер телімі, пайдаланылатын жер меншіктің көп тараған обьектілері болып келеді. Ал оларды субьектілер иелік етіп, түрлі жұмыстарға: құрылыс жүргізу, ғимараттар салу, коммуникациялар жүргізу, өсімдік егу, адамдарға, қоғамға қажетті шикізаттар алу үшін пайдаланады.

Негізгі обьекті түрлері

Меншік теориясына У. Петти, Ф. Кенэ, А. Смит, Д. Рикардо, П. Прудон, К. Маркс, Р. Коуз және А. Алчиан сияқты ғалымдар қосты.

Маркс бойынша, меншік - бұл өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен байланысты қатынастар деп қарастырылады. Ал Коуздың пікірінше, кез келген ресурстар өздігінен меншікке айнала алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді құқықтарын анықтауға болады. Бұл меншіктің мазмұнын білдіре отырып, осы меншік құқығына қатыстылардың барлығы сол меншіктің кімге қатысты екенін және өзара пайдалы іс-әрекетті орындауға қол жеткізу үшін сол адамдардың бір-бірімен қалайша келісе алатындығын сипаттайды.

Меншіктің қоғамдық қатынастар жүйесіндегі белгілі орны мен рөлі бар:

-қоғамдық қатынастар жүйесінің негізі;

-қоғамның әлеуметтік жағлайын анықтайды;

-меншік ауысуының екі жолы: эволюциялық және революциялық;

-меншіктің барлық нысандарының өзара байланысы мен қатынасы;

- тарихи дамудың нәтижесі болып табылады.

Меншікті екі түрі жағдайға бөліп қарастырамыз:

Бірінші жағдайда меншік нақты экономикалық категория ретінде қарастырылады. Меншік дегеніміз- өндірім нәтижесімен құралдарды иемденуге қатысты адамдар арасындағы қатынас.

Екінші жағдайда меншік барлық қоғамның жэкономикалық жүйесінің талдауы арқылы сипатталады: иемдену қатынастары, мүлікті шаруашылықты пайдалану қатынастары, меншікті экономикалық жүзеге асырудың қатынастары. Меншіктің экономикалық және заңды мазмұнын ажырата білуіміз қажет.

Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:

  1. екі жұп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдену-жатсыну;
  2. жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
  3. өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
  4. табыстарды үлестіру тәсілі;
  5. субьектілік-обьектілік талдау.

Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастықтың өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.

Меншіктің экономикалық мазмұны-өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарын қамтитын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Меншіктің заңдық мазмұны меншік иесінің құқығы арқылы көрінеді. Кейбір отандық әдебиеттерде, меншік құқығы деп белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығын айтады. Экономиканың негізгі үш іргелі мәселесі - не, қалай және кім үшін өндіреміз сұрақтарын шешу экономикалық агенттердің өндіріс құралдарына деген меншік құқығына тәуелді болып табылады. Осыған байланысты, кез келген меншік иесі болып табылатын тұлға өз қалауы бойынша меншік объектісін иемденеді, пайдаланады және билік етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншікке қатысты мынадай ұғымдар айтылады:

Ағылшын заңгері А. Оноре 1961 жылы алғаш рет меншіктің толыққанды кешенді құқықтарын ұсынды. Оны «бір буда құқық» немесе Оноре тізбесі деп атайды және ол 11 элементтен құралады:

1. Иемдену құқығы
Қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы
1. Иемдену құқығы: 2. Пайдалану құқығы
Қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы: Игіліктерден оның пайдалы қасиеттерін алуға деген құқығы
1. Иемдену құқығы: 3. Билік ету
Қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы: Игіліктерді пайдалануды кім және қалай шешетіндігі жөніндегі құқығы
1. Иемдену құқығы: 4. Табыс алу құқығы
Қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы: Игіліктерді пайдаланудан қандай да бір нәтижеге жете алу құқығы
1. Иемдену құқығы: 5. Егемендік құқығы
Қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы: Игілікті шеттету, тұтыну немесе жою құқығы
1. Иемдену құқығы: 6. Қауіпсіздік құқығы
Қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы: Игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы
1. Иемдену құқығы: 7. Игілікті мұрагерлікке беру құқығы
Қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы:
1. Иемдену құқығы: 8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы
Қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы:
1. Иемдену құқығы: 9. Сыртқы ортаға зиян келтіруге қарсылық құқығы
Қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы: Сырқы ортаға зиян келтіретін тәсілдерді пайдалануға тыйым салу құқығы
1. Иемдену құқығы: 10. Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы
Қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы: қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі
1. Иемдену құқығы: 11. Қалдықтық сипат құқығы
Қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы: Бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.

Меншіктің 2 түрі ажыратылады: жеке меншік және мемлекеттік меншік . Олардың әрқайсысының бірнеше нысандары бар.

Тарихта меншіктің әр түрлі формалары белгілі, олардың ішінде мемлекеттік, коллективтік (ұжымдық) және жеке меншік басты түрлері болып табылады. Ең алдымен меншіктің екі типін мемлекеттік және жеке меншік ажырата білу қажет.

Жеке меншік - бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің немесе ресурстың иесі болып табылуы. Жекешелендіру жасырын сиппатта болуы мүмкін, мәселен мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен компанияларға жалға беру, бөлшектеу, акциялардың тек біп бөлігінің сатылу мүмкіндігі денационализация мен реприватизация трінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Жеке меншік жағдайында экономикалық, юридикалық құқықтарға жеке адам ие болады. Иемденудің бұл типі екі түрге бөлінеді: жеке еңбекке негізделген жеке меншік және бөтен біреудің еңбегіне негізделген жеке меншік.

Меншіктің бірінші түрі шағын кәсіпкерлікке тән, себебі онда жеке басты шаруалар, қолөнершілер мен басқа да адамдар меншік иесі ретінде өз еңбектерімен өмір сүреді, яғни олар иемдену, иелену және пайдалану құқықтарына ие болады. Бұл жағдайда меншік иесі өндіріс нәтижесін өзі иемденеді.

Меншіктің екінші түрі жалдамалы еңбекке негізделеді. Меншіктің бұл формасында меншік құқықтары меншік иесімен жалдамалы жұмысшылар арасында бөлінеді. Меншік иесі иемдену, иелену, билік ету құқықтарын өзіне қалдырады да, өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалану құқығын жалдамалы жұмысшыларға береді. Бұл меншік иесіне өндіріс нәтижесін иемденуге жағдай туғызады. Нарықтық демократия жетілмеген жағдайында бұл мүліктік теңсіздікке әкеліп соғуы мүмкін.

Мемлекеттік меншік сферасына елдің әлеуметтік тұрақтылығын және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халық шаруашылығының кейбір объектілері (салалары) жатады. Мемлекет өз меншігіндегі объектілерді кәсіпорындарға пайдалануға, билік етуіне иеленуіне бекітіп береді де, оны бүкіл қоғам мен өндірістік ұжымдардың мүддесі үшін пайдалануына жағдай жасайды. Кәсіпорындар шаруашылықты дербес, өзін-өзі басқару негізінде жүргізеді. Бұл жерде мына жағдайларды ескеру қажет. Бір жағынан мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің реттеу объектісі ретінде болса, екінші жағынан олар нарық қатынастарының дербес субъектісі ретінде әрекет етеді. Сондықтан мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық дербестілігі шектеулі болады. .

Жинақтау сипаты бойынша жеке меншік еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді. Еңбектік жеке меншік жалақы есебінен және кәсіпкерлік қызметтен келіп түсетін табыс арқылы анықталады. Еңбектік емес жеке меншік мүлікті мұраға қалдыру есебінен, бағалы қағаздардан, депозиттерден алынатын табыстар және басқа да табыс көздері арқылы анықталады. Жеке меншіктің ерекше нысаны болып ұжымдық меншік табылады. Ұжымдық меншіктің мысалына кооперативтік меншік және акционерлік меншік жатады. 1) Кооперативтік меншік деп бірігіп қызмет істеуі үшін сол кооператив иелерінің еңбегі мен өндіріс құрал- жабдықтарын біріктіру жолымен қалыптасатын ұжымдық меншіктің бір түрін айтады. 2) Акционерлік меншік - бұл акцияларды сату нәтижесінде қалыптасатын меншік.

Мемлекеттік меншік - бұл субъектісі мемлекет болып табылатын меншіктің түрі. Меншіктің бұл түрін басқаруды және оған билік етуді мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктің басты ерекшелігі болып оның бөліске түспейтіндігі ретінде саналуы табылады.

Мемлекет - қоғамның барлық мүшелерінің меншігі. Ерекшелігі мемлекет иелік ету қатынастарын меншік қатынастары арқылы жүзеге асырумен айналысады. Бұл жағдайда мемлекет барлық азаматтар мен халықтың топтарының, оның ішінде қоғамның әлеуметтік және кәсіби топтарының әлеуметтік-экономикалық мүдделерін тұлғалауға шақырылады.

Мемлекеттің меншіктің дамуы негізінен әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйеде орын алады. Әдетте, оның үлесі меншік түрлерінің жалпы құрылымында 90%-ға дейін жетеді. Мәселен, бұрынғы КСРО-да мемлекеттік меншіктің үлесі 88%-дан асты. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқып отырады.

Экономикада мемлекеттік меншіктің басым болуы нақты өмірде жағымсыз жайттарға алып келуі мүмкін: мемлекеттік монополиялардың пайда болуы, мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға деген үстемдігінің орын алуы, арзан тауарлар түрлерінің жойылып кетуі, тауар тапшылығының пайда болуы, сұраныстың қанағаттандырылмауы. Осыдан барып мынадай тұжырым жасалады, яғни бұл жерде мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме қозғау керек.

Жеке меншік
Мемлекеттік меншік
Жеке меншік: Жеке кәсіпорындар, мектептер, бала-бақшалар, қонақ үйлер, Жоғарғы оқу орындары т. б
Мемлекеттік меншік: Мемлекеттік мекемелер, әкімшілік органдары, мемлекеттік институттар мен мектептер т. б
Жеке меншік: Тек жеке тұлғаға тиесілі орындар.
Мемлекеттік меншік: Мемлекет қарамағындағы орындар.

Жекешелендіру - бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлекеттік меншік объектілерін, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілуі арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы. Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың аса маңызды элементі болып табылады. Өйткені жекешелендірудің бірқатар артықшылықтары бар:

1 . Микроэкономикалық артықшылықтары :

- капиталды инвестициялау;

- өзіндік құнды төмендету және тиімділікті көтеру;

- жаңа басшылық;

- жаңа технологиялар.

2. Макроэкономикалық артықшылықтары :

- бәсекелестіктің күшеюі;

- қаржылық тұрақтылық;

- капитал нарығының дамуы;

- әлеуметтік бағдарламалар;

- тікелей шетел инвестицияларын тарту

. 3. Шетелдік инвесторлар үшін пайдалы болуы:

- жаңа нарықтар;

- тәуекелдің төмендеуі;

- нарыққа кірудегі ең төменгі тосқауылдардың болуы;

- тұтынушылар үшін пайдалылығы.

Жекешелендірудің түрлері:

1. Кіші жекешелендіру
жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі мемлекеттік меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру.
1. Кіші жекешелендіру: 2. Жаппай жекешелендіру
жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі мемлекеттік меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру.: жұмысшылар саны 200 адамнан асатын орта кәсіпорындарды жекешелендіру. Басқаша, бұл купондық жекешелендіру деп аталады.
1. Кіші жекешелендіру: 3. Жеке жобалар жекешелендіру
жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі мемлекеттік меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру.: жұмысшылар саны 5000 адамнан асатын ірі және стратегиялық маңызы бар мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру.
1. Кіші жекешелендіру: 4. Жекеше жекешелендіру
жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі мемлекеттік меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру.: мемлекеттік меншік объектілерін жекелеген бөліктерге бөліп жекешелендіру.
1. Кіші жекешелендіру: 5. Қарапайым кездейсоқ жекешелендіру
жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі мемлекеттік меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру.: мемлекет тарапынан бақылау орын алмайтын жекешелендірудің түрі.

Жекешелендірудің әдістері:

1. Аукциондар , бұлар конкурстар жариялау арқылы қандай да бір мүлікті сату және сатып алу тәсілдерін қарастырады. Бұл жерде үміткерлер қатысатын ашық сауда коммерциялық конкурс арқылы жүргізіледі. Коммерциялық конкурс - максималды бағасы ұсынылып, сатып алушы қойылған шартты толық орындауға келіскен жағдайда мемлекеттік меншік объектілерін сату.

2. Акцияларды сату , яғни кәсіпорын капиталындағы үлестерді сату. Бұл жерде тендерлер жарияланып, үміткерлер қатысатын жабық сауда инвестициялық конкурс арқылы жүргізіледі. Инвестициялық конкурс - коммерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ жеңіс өлшемдері жекешелендіру объектісінің инвестиция мерзімі мен мөлшері болып табылатын сауда-саттық.

3 . Жалға берілген кәсіпорындардың мүлкін сатып алу . Бұл жерде кәсіпорындарды сату аукциондар арқылы ашық сауда 58 тәсілдерімен жүргізіледі және сатып алушыға максималды баға қоюдың талабы ұсынылады.

Қазақстанда кең көлемді жекешелендіру 1991 жылы басталды. Бұл үдерістің негізгі бағыттары үш кезеңнен өтті. Үкіметтің бағдарламалары бойынша 31 мың кәсіпорынды мемлекетсіздендіру және жекешелендіру жоспарланды. 1991-1992 жылдарға арналған мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің алғашқы ұлттық бағдарламасы мемлекеттік меншікті басқа нысандарға айналдыруды, азаматтардың мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін (акцияларын) сатып алуды мақсат етіп қойды. 1993-1995 жылдарға арналған екінші ұлттық бағдарлама кіші, жаппай және жеке жобалар бойынша жекешелендірудің түрлерін қарастырып, нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасауды мақсат етті. 1996-1998 жылдарға арналған үшінші ұлттық бағдарлама негізінен жекешелендіру үдерісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың басымдылығына қол жеткізіп, оны бекітуді мақсат етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқықтық қатынастары
Жер құқық қатынастары
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Жер құқығы туралы
Қазақстан Республикасында жер меншігі құқығының түсінігі
Жер қатынастары және оларды жетілдіру
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі және қағидалары
Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz