Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi



Кiрiспе

1991жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 12 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамудың барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған әрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына қорғауды басты мақсатқа қояды және оларға кепiлдiк бередi. Қазақстан Республикасында адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына арналған 30 бап бар.
Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы . адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi. Осы себептен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерiн қорғауды жүзеге асырушы, заңды тұлға ретiнде адвокаттардың рөлi арта түстi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жарияланған әрбiр азаматтың бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Осыған орай 1997 жылы 5 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметi туралы» Заңы қабылданды. Бұл заңның негiзгi мақсаты адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша, әкiмшiлiк басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай.ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызметтiң құқықтық негiздерi «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 2 бабында бекiтiлген. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады (ҚIЖК, АIЖК «Сот орындаушыларының мәртебесi және атқарушылық iсiн жүргiзу туралы» Заң және т.б.).
Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен азамат құқығы . Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.

Кiрiспе

1991жылдың 16 желтоқсанында Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы
атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қол қойылды. Осы
уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты
мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы
өмiрге жолдама алды. Осы 12 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамудың барлық
бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә.
Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған әрелi саясатының арқасында мемлекеттiк
билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы
демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық зайырлы құқықтық және
әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып адам және азаматтық құқықтары
мен бостандықтарына қорғауды басты мақсатқа қояды және оларға кепiлдiк
бередi. Қазақстан Республикасында адам және азаматтық құқықтары мен
бостандықтарына арналған 30 бап бар.
Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы – адам және адамның өмiрi,
құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi. Осы себептен азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерiн қорғауды жүзеге асырушы, заңды
тұлға ретiнде адвокаттардың рөлi арта түстi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында
жарияланған әрбiр азаматтың бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Осыған
орай 1997 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметi
туралы Заңы қабылданды. Бұл заңның негiзгi мақсаты адамның өз құқықтарын,
бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет
кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды
етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық
iстер бойынша, әкiмшiлiк басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске
асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету
жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызметтiң құқықтық негiздерi Адвокаттық қызмет туралы
Заңның 2 бабында бекiтiлген. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы заңнан
және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады (ҚIЖК, АIЖК
Сот орындаушыларының мәртебесi және атқарушылық iсiн жүргiзу туралы Заң
және т.б.).
Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң
жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен
азамат құқығы – Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы,
ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.
Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы
келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес,
сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-
ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдер Қазақстан аумағында құқықтары мен
бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын
қорғауды сұрай алады.
Адвокат – қорғаушы қызметтiң өзiне тән стилi мен шеберлiгiн меңгерген
маман болып қалыптасқан адам. Мұның өзi жұмыс сапасына, қызмет тактикасына,
қорғауды тиiмдi жүргiзуiне әсер етедi.
Адвокаттың қылмыстық iске қатысуын дипломдық бiтiру жұмысымның тақырыбы
етiп алуымның себебi, қылмыстық iс жүргiзуге заңи көмек беруге араласушы
адвокат-қорғаушы үшiн заңи көмек беру еңбек қызметiнiң негiзгi түрi,
кәсiбi.
Қазiргi кезеңде заң мен қоғам адвокат – қорғаушыдан жай заң көмегiн
көрсетудi ғана емес, қылмыстық iс бойынша қорғаудың нәтижелiлiгiн талап
етедi.
Сондықтан бiтiру жұмысымда адвокат-қорғаушылардың қылмыстық iске басынан
қалай қатысатынын, қорғау тактикасы ретiнде ненi қолданатынын өзiмiздiң
қазақстандық авторлармен қоса шетелдiк авторлардың да еңбектерiн пайдалана
отырып, кеңiнен зерттеуге ден қойдым. Бұл тақырып бойынша бiрде бiр қазақ
тiлiнде шыққан заң әдебиеттерi жоқ болғандықтан, дипломдық бiтiру жұмысымды
өзiмнiң ана тiлiмде жазуға бiраз қиындықтар болды. Бiрақ ол қиындықтарды
жеңдiм деп ойлаймын, өйткенi алда баяндалар еңбегiм соның жемiсi.

1-тарау. Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi

1.1 Адвокаттың азаматтық iс бойынша iске қатысуы

Жоғарыда жазып өткенiмдей Қазақстан Республикасы өзiн тәуелсiз мемлекет
ретiнде орнықтыра отырып ең басты қазынасы ретiнде адам және азаматтың
өмiрi, құқықтары мен бостандықтарын қарастырады.
Адвокатура азаматтардың барлық жағдайда құқықтары мен бостандықтарын заң
тұрғысынан көмек берiп қорғайтын бiрден-бiр заңи ұйым болып табылады. Оның
заң көмегiн көрсету түрлерi мен әдiстерi және құқықтық негiздерi әр алуан,
өзiне тән ерекшелiктерiмен ерекшеленедi.
Қазiргi нарықтық экономика жағдайына байланысты адвокаттардың көрсететiн
қызметтерi әр құқық саласы бойынша өзгешеленедi, сонымен қатар кәсiби және
бiлiктi қызмет түрлерiн көрсету үстiнде.
Адвокаттардың қазiргi таңдағы көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi:[1]
- шешiлуi кәсiби заң бiлiмдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша
көнсультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар бередi;
- талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды
жасайды;
- соттарда, мемлекеттiк және өзге де органдарда азаматтық iстерде,
сонымен қатар әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерiнде өкiл ретiнде қатысады;
алдын ала тергеу кезiнде, сотта қылмыстық iстер бойынша қорғаушы ретiнде
заң көмегiн көрсетедi, жәбiрленушiнiң, азаматтың талапкер, азаматтың
жауапкер өкiлдiгiн жүзеге асырады.
Сонымен қатар адвокаттар азаматтарға, ұйымдарға өзге де заңдарда тыйым
салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетедi.
Адвокаттың көрсететiн заң көмегiнiң түрлерiнiң iшiндегi азаматтық iс
бойынша өкiл болып қатысуын ашып қарастырайық.
Әр адам азаматтық процесс барысында бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы
бар. Әрбiр адам бұзылған немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн
Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге
құқылы. Азаматтар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарыды, соның iшiнде
өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған
кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап заңдардағы талаптарды,
қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын сақтауға тиiс.
Азаматтар азаматтық iсте өз iстерiн өздерi немесе өкiлдерi арқылы
жүргiзуге құқылы. Азамат iске өзi қатыса отырып өкiлiн де осы iс бойынша
қатыстыра алады. Азаматтың iске қатысуы өзiне бiраз ыңғайсыздық
туғыздырады. Мысалы, тараптар сот процесiнде өздерiнiң күнделiктi
жұмыстарынан, қызметтерiнен босай алмаған жағдайда өздерiнiң мүдделерiн
қорғауға процесте өз өкiлдерiне бередi.ҚР АIЖК 59-бабында тапсырма бойынша
өкiлдiк етуге өкiлеттi азаматтардың тiзiмi берiлген. Соның iшiнде ең
негiзгiсi, әрi маңыздысы – адвокаттар.
Азаматтық iсте адвокаттың қатысуының негiзi – тапсырма бойынша iске
асырылады және де оның iс жүргiзудегi өкiлеттiгi сенiмхатта белгiленедi.
Сотта өкiлеттiк процессуалдық сипатқа ие. Бiр тұлғаның (өкiл алушы)
екiншi тұлғаның (өкiл берушi) атынан процессуалдық құқықтары мен мүдделерiн
қорғауға және бiлдiруге бағытталған әрекеттi – сотта өкiлдiк ету деп
белгiленген. Бұл құқықтық қатынастың негiзi әрi бастауы, азаматтық –
құқықтық шартта болады, яғни осы шарт негiзiнде екi тараптың арасында
құқықтық қатынас пайда болады. Адвокат өзiне жүгiнiп келген азаматтың
азаматтық iс жөнiндегi азаматтық процеске дейiнгi немесе процессуалдық
өкiлеттiк басталғанға дейiн консультация бередi. Яғни адвокат пен өкiл
берушiнiң қарым-қатынастары консультация берген кезден басталады.
Консультация беру бiрқатар өзара байланыстағы сатылардан тұрады.
Ең бастысы адвокат консультацияға келген азаматтың аты жөнiн, тұрғылықты
жерiн, атқаратын қызметiнiң, кәсiбiнiң түрiн анықтауы тиiс. Содан адвокат,
азаматты тыңдап, осы мәселе бойынша сұрақтарға жауап берiп өзi сауал қоя
алады. Адвокат консультацияға келген азаматты тыңдаған соң iс бойынша
жағдайларды анықтап, талаптың атын қалыптастыруы керек. Егер де азаматтың
өзiнiң жүгiнiп келген iсi бойынша белгiлi бiр құжаттары болған жағдайда
адвокат сол құжаттардың iске қажеттiлiгiн немесе керексiздiгiн анықтауы
қажет.
Адвокат талаптың пәнiн айқындап алғаннан кейiн, қандай материалдық
құқыққа жататындығын бiлгеннен кейiн консультация беруге дайын болады.[2]
Консультация беру өкiлеттiктi алумен тығыз байланысты емес, яғни кiм
болмасын талапкер, жауапкер, үшiншi тұлғалар кез-келген уақытта да бұлардың
құқықты позициялары талаптардың дәлелдемелiгi.
Адвокат iсi материалды-құқықтық позициясы бойынша жай және күрделi болуы
мүмкiн. Егер де iс жай болған жағдайда, адвокат тапсырманы алуға не одан
бас тартуға құқылы. Ал егер де күрделi болса, онда адвокат бiрқатар
құқықтық толықтыру жұмыстарын жүргiзедi, яғни iс бойынша құқықтық
позициясын айқындауы тиiс.
Адвокат құқықтық позицияны айқындап алғаннан кейiн төмендегiдей
жағдайларды бiлуi керек:
- талап арызға тұлғаның құқығы бар ма;
- талап арыз сотта қаралуы тиiс пе;
- талапкер мен жауапкер процессуалдық құқық қабiлеттiгiне ие ме;
- осы iс бойынша, осы тараптардың арасында, осы дауға байланысты заң
күшiне енген соттың шешiмi барма, немесе талапкердiң талап арыздан бас
тартуы болған ба, немесе бiтiмгершiлiк келiсiмге келген бе;
- осы iстi алқалық сотқа жiберу туралы келiсiмдер жоқ па.
Кез келген жағдайда азаматқа iс бойынша құқықтық позициясы түсiндiрiлуi
керек. Егер адвокаттық құқықтық позициясы тараптың позициясына қарсы келсе,
онда адвокат бұл iстi өз өндiрiсiне алмауға тиiс.
Iс бойынша адвокаттың позициясы белгiлi бiр тараптарға сай болуы керек:
- өкiл берушiнiң мүдделерiнiң заңдылығы және адвокаттық қызметтiң
мiнездемесi;
- өкiл берушiнiң позициясы мен адвокаттың құқықтық позициясы қарама-
қайшы келмеуi тиiс;
- өкiл берушiнiң адвокаттық құқықтың позициясын бiлуi;
iс бойынша құқықтық позицияны анықтағаннан кейiн, адвокат iс жүргiзудi
өзiне қабылдайды.
Адвокат iс жүргiзудi өзiне қабылдағаннан кейiн материалға керектi
айғақтар мен дәлелдемелердi дайындайды. Егер де қылмыстық iстерде алдын ала
тергеу органдарының лауазымды тұлғалары дәлелдемелердi дайындаса, азаматтық
iстерде жұмыс адвокаттық қызметi болып табылады.
Бастапқыда адвокат дәлелдеу пәнiн айқындап алуы тиiс. Дәлелдеу пәнiн
адвокатпен қатар сотта айқындайды.[3]
Әр тарап өзiнiң талаптарының және қарсылықтарының негiзi ретiнде сiлтеме
жасайтын мән-жайларды дәлелдеуi тиiс.
Дәлелдеу пәнiн айқындағаннан кейiн адвокат сотқа керектi қандай
дәлелдемелердi жинау керек мәселесiн қарастырады. Адвокаттық iсте заңмен
көзделген тәртiпте сот – тараптардың талаптары мен қарсылықтарын
негiздейтiн мән-жайлардың бар жоғын, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн өзге де
маңызы бар мән-жайларды, солардың негiзiнде анықтайтын заңды түрде алынған
фактiлi деректер дәлелдеме болып табылады.
Дәлелдемелер көп болған жағдайда талап арызды немесе қарсылықты
дәлелдеуге жеңiлдететiн маңызды дәлелдемелердi iрiктейдi. Кез келген
жағдайда дәлелдемелер iске қатысты және шындыққа сәйкес болуы керек.
Адвокат дәлелдемелердi өзi жинайды, кейде дәлелдемелердi сұратып алу
көмегiне жүгiнедi.
Адвокаттың дәлелдемелердi сұратып алу түрлерi:
- заң консультациясы арқылы сұрату;
- сотқа iс бойынша дәлелдемелердi сұратып алу;
- сотқа, сот тапсырмаларын сұрату туралы өтiнiм бередi.
Сотқа өтiнiм жазбаша түрде жазылуы тиiс және қандай дәлелдемелер,
сонымен қатар дәлелдемелердi алуға адвокаттың өзiнiң келмеген себептерiн
көрсетедi. Адвокат сотқа өтiнiм жазған кезде дәлелдемелер iс бойынша қажет
екендiгi көрсетiп, жазып өтуi тиiс.
Адвокат iстiң дәрежесiне байланысты кез келген дәлелдеу құралдарын
пайдалана алады, яғни тараптар мен үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi,
куәлардың айғақтары,жазбаша және заттай дәлелдемелер, сарапшылардың
қорытындысы. Азаматтық iсте адвокат дәлелдеу тәсiлдерiн жүзеге асыруы
керек.
Сонымен қатар адвокат дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы сотқа өтiнiш
бередi, өтiнiшiнде дәлелдемелердiң жоғалып кетпеуiне кепiлдiк бередi.
Әрбiр дәлелдеменiң – қатыстылығын, шындыққа сәйкестiгiн азаматтық iстi
шешу үшiн жеткiлiктiгiн бағалауға тиiс.
Келесi сатыда осы iске қатысты тұлғалардың тiзiмi анықталады. Осы iске
қатысты тұлғалардың тiзiмi дұрыс анықталмаған жағдайда iстiң кiдiрiп
қалатыны сөзсiз.
Осыдан кейiн адвокат iс жүргiзу құжаттарын толтырады.
АIЖК 150-бабында талап арызда талапкер көрсетiлген, осы талаптарды
адвокаттар сақтауға тиiс.
Талап арыз iстiң категориясына қарамастан, келесiдей бөлiктерден тұрады:
- iске қатысты фактiлi жағдайларды бейнелеу;
- көрсетiлген фактiлердi дәлелдейтiн дәлеллемделерге нұсқау;
- даудың құқықтық бiлiктiлiгiн белгiлеу.
Жауапкердiң адвокаты iс бойынша жазбаша түсiнiктеме бередi. Бұл талап
арызға жауап және талап арызға қойылатын талаптарды сақтай отырып жазылуы
тиiс. Мұндай түсiнiктеме де жауапкердiң талап арызды толық немесе iшiнара
мойындауы көрсетiледi.
Сонымен қатар жауапкердiң адвокаты дәлелденген фактiлердi ұсынады.
Жауапкер бiрiншi сатыдағы сот шешiмi шығарғанға дейiн алғашқы талап
қоюмен бiрлесiп қарау үшiн талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы
талап қою туралы жалпы ережелер бойынша жүргiзiледi.
Судьяның қарсы талап қоюды қабылдау шарттары:
- қарсы талап алғашқы талапты есепке алуға бағытталса;
- қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы талап қоюдың толық немесе
қанағаттандыру бөлiгiнде болдырмаса;
- қарсы және алғашқы талап қоюлардың арасында өзара байланыс болса және
оларды бiрлесiп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе.
Iстi сот қана емес, сонымен қатар адвокат та жүргiзедi. Адвокат
материалдардың көшiрмесiн алуға құқығы бар.
Iс бойынша барлық құжаттар қажет, адвокаттан талап арыздың көшiрмесiн,
өтiнiш алынады, қарама-қарсы жақтан iс бойынша түсiнiк т.б. құжат алынады,
ал соттан сот шешiмiнiң үзiндiлерiн сот отырысының қаулысы алынады.
Адвокат пен клиент арасында, олардың кездесу барысында белгiлi
қатынастар туындайды:
- сенiмдiлiк, яғни заң көмегiн сұрап келген адам адвокаттан өзiнiң
өкiлiнен де бiрқатар керек хабарларды жасырады. Соңында сот процесiнде
адвокат беймәлiм хабардан қауiп төнуi мүмкiн. Адвокат пен клиенттiң
арасында сенiм бiрiншi кездесуде-ақ пайда болуы керек.
- iспен қатар клиенттiң өзiн жақсы бiлiп алуы керек.
- бiрлесiп жұмыс атқаруы тиiс.
Адвокат заңғер сонымен қатар психолог болуы керек.
Адвокат сотта өзiне белгiлi дәлелденген фактiлерге сүйене отырып сұрақ
қоюы тиiс. Адвокат өзiне белгiлi мәлiметтердi, дәлелдемелердi қолдана
отырып, iстiң мән-жағдайын баяндап бере алады, жақсы баяндап берумен қатар
сот процесiне қатысушыларды және сот төрелдiгiн атқарушы судьяны сендiруi
адвокаттың жоғары деңгейдегi бiлiмдiлiгiн байқатады.
Сот процесiнде адвокат басқа тұлғалардың ұсынған дәлелдемелерiн
қарастырып, сұрақ қоюға құқылы. Сотқа қатысушы тұлғалардан, яғни
жауапкерден, куәгерден iске қатысты сұрақ қоюға құқылы.[4]
Жалпы азаматтық iсте сотта iстi қарағанда тұлғалардың ұсынған
дәлелдемелерiн зерттейдi.
Дәлелдемелердi зерттеп бiткеннен кейiн сот, сот жарыссөзiне көшедi. Сот
жарыссөздерi iске қатысушы адамдар мен өкiлдердiң сөздерiнен тұрады.
Алдымен талап қоюшы және оның өкiлi, ал содан соң жауапкер мен оның
өкiлi сөз сөйлейдi. Басталып кеткен процесте даудың нысаны бойынша дербес
талапкер мен олардың өкiлдерiнен кейiн сөз сөйлейдi. Даудың нысаны бойынша
өз бетiнше талапкер қоймаған үшiншi тұлға мен оның талап қоюшыдан немесе
үшiншi тұлға iске өзi қатысатын жақтағы жауапкерден кейiн сөз сөйлейдi.
Сот жарыссөзi басталар алдында барлық дәлелдемелер зерттелгендiгi
адвокаттың мiндетi – дәлелдемелердi жинақтап қорытып, сотты iс бойынша
өзiнiң көзқарасын дұрыстығы туралы сендiруi қажет.
Сот жарыссөзi - өкiлдiң iс бойынша барлық әрекеттерiнiң логикалық
қорытындысы. Адвокат сотта зерттелген дәлелдемелердi бiрiктiруi қажет,
өзiнiң құқықтық позициясын дәлелдеу үшiн.
Адвокаттың соттық сөзiнiң мақсаты:
- iс бойынша өзiнiң құқықтық позициясын дәлелдеу;
- сотты өзiнiң дұрыстығына иландыру керек.
Сот жарыссөзiне адвокат өзiнiң ораторлық шеберлiгiн заңи бiлiгiн
көрсетедi. Сөз сөйлгенде қатысушы тұлғалардың көңiл бөлетiнiне мән беруi
тиiс.
Сот жарыссөзiнде адвокат зерттелген дәлелдемелерге сүйене отырып сөз
сөйлеуi керек. Адвокат өз сөзiнде сот анықтамаған мән жайларға, сондай-ақ
сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме жасай алмайды.
Сот жарыссөзiнiң басты мақсаты – құқықытық позициясын дәлелдеу, сотта
жиналған және зерттелген дәлелдемелерге сүйенiп қарама-қарсы тараптың
позициясын жоққа шығару. Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп
болған соң ол сөздерiнде айтылғандарға байланысты екiншi рет сөз сөйлей
алады. Соңғы реплика құқығын үнемi жауапкер мен оның өкiлi иеленедi.
Осыдан кейiн iске қатысушы прокурор сот жарыссөздерiнен кейiн жалпы
iстiң мәнi бойынша қорытынды бередi. Прокурор iс бойынша қорытынды
бергеннен кейiн сот шешiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi. Кеңесу
бөлмесiнен сот отырысы залына оралғаннан кейiн, сот шешiм жариялайды. Мұнан
соң шешiмге шағымданудың тәртiбi мен мерзiмдерiн түсiндiредi.
Аудандық немесе оған теңестiрiлген сот шығарған бiрiншi сатыдағы сот
шешii егер оған шағым, наразылық жасалмаса апелляциялық шағымдану мерзiмi
өткен соң заңды күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Жоғары соты, облыстық және iске қатысушы басқа
да адамдар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы негiздер
бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды.

1.2 Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғануына үлкен әсер ететiн
қылмыстық iс жүргiзу принциптерiнiң бiрi – ол сезiктiнiң, айыпталушының
қорғануға құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстық iс жүргiзу
жүйесiнде бұл принцип ерекше орында тұрады. Сезiктiнiң, айыпталушының
қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi қылмыстық iс жүргiзу
принциптерiмен тығыз байланысты болады және оның бiрқатар элементтерi басқа
принциптерiнiң құрамдас бөлiгiне кiредi. Мысалы, заңдылық сот iсiн
тараптардың бәсекелестiгi мен тең құқықтылыны негiзiнде жүргiзу,
жариялылық, кiнәсiздiк призумпциясы және т.б. Аталған принциптердiң
сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз етуi прниципiмен
бiрге қызмет жасау арқылы ғана сот төрелiгiн жүргiзе аламыз.
Дегенмен, сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
принципiнiң өзiндiк маңызы және оны қылмыстық iс жүргiзудiң басқа
принциптерiнен ерекшелендiрiп тұратын нақты белгiлерi бар. Олардың iшiндегi
ең бастысы, ол сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
принципi қылмыстық iс жүргiзудiң маңызды бiр функциясы қылмыстық iс
жүргiзудегi қорғау функциясы алдымен айыпты жоққа шығару мен оны
жеңiлдетуге бағытталады.[5]
Егер айыптау функциясы тұлғаның кiнәлiлiгiн көрсететiн дәлелдерге
негiзделсе, онда қорғау функциясы айыпты жоққа шығаруға немесе жеңiлдетуге
бағытталған материалдарға негiзделедi. Сондықтан бiз былай айта аламыз.
Айыптаушы мен қорғаушының қызметтерi бiр мақсатты орындауға бағытталады –
ол қылмыстық iс бойынша шындықты ақиқатты анықтау болып табылады.
Қорғау қылмыстық iс жүргiзудiң функциясы ретiнде алдымен айыпталушыға
қызмет жасайды, сөйтiп, ол сот төрелiгiне көмек көрсетедi. Сонымен бiрге,
қорғаудың бiрқатар элементтерi айыптау функциясында да болады. Айыптау бiр
жақты не тек айыптау материалдарына ғана негiзделiп отырса, онда бұл
функция дұрыс қалыптаспайды, әрi нәтижесiз болады. Сондықтан, айыптау
функциясы тек айыптау дәлелдерiне сүйенiп қоймай, сондай-ақ қорғау тарабы
ұсынған барлық тұжырымдарын да ескерiп отырса ғана айыптау берiк болады.
Бұл жағынан айыптау мен қорғау бiр-бiрiмен өзара байланысты құқықтық
институт. Бұларсыз бiрде-бiр қылмыстық iс қаралмайды, сондықтан бұл екеуi
қатаң түрде өз орнын табуы тиiс.[6]
Қазақстан Республикасының ҚIЖК-нiң 26 бабының 1 бөлiгiне сәйкес
сезiктiнiң, айыпталушының қорғану құқығы бар. Олар бұл құқығын ҚIЖК-де
белгiленген тәртiппен жеке өзi де, қорғаушының, заңды өкiлiнiң көмегiмен де
жүзеге асыра алады. Яғни сезiктiнiң, айыпталушының құқықтары мен
бостандықтарын қорғау кепiлдiктерiнiң iшiнде, қорғаушының көмегiн алу
құқығы ерекше орында тұратындығын көремiз. Алайда, жүргiзiлген
сауалшылардың қорытындысына жүгiнсек, iс жүзiнде сезiктiнiң, айыпталушының
қорғану құқығы әлi жеткiлiктi қорғалмай отыр. Мәселен, сезiктi мен
айыпталушыларға ұстау кезiнде қорғаушы алу құқығы,қамауға алу кезiнде
қорғаушы алу құқығы, айыпталушыларға айып тағу кезiнде қорғаушы алу
құқықтарын түсiндiрiлмейдi. Өкiнiшке орай айыпталушының қорғану құқығын
елемейдi.
Қорғану құқығын дұрыс бағаламау ойландыратын құбылыс. Бұл келеңсiз
жағдайды жою үшiн сезiктiге, айыпталушыға қорғаушы алу құқығын ұсынып
қоймай, керiсiнше оны тиiмдi қолданудың нақты мүмкiндiгiн қамтамасыз етiп
отырылуы қажет.[7]
Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету арқылы
олардың құқықтары мен бостандықтарын толық орындауға болады. Ал, қорғаушы
арқылы көп жағдайда мына мәселелер шешiледi:
1. айыпталушының толық ақталуы;
2. қылмыстық жауапкершiлiктi жеңiлдету;
3. iс жүргiзу мәжбүрлеудiң жеңiл шараларын қолдануға жағдай жасау. Осыны
ескере отырып, бiз былай айта аламыз, қорғаушының қызметi – сезiктi мен
айыпталушыға заң көмектерiн көрсету оларды ақтайтын,не олардың
жауапкершiлiгiнжеңiлдететiн дәлелдер ұсыну әрi заңда рұқсат етiлген әдiстер
мен құралдарды пайдалана отырып, олардың тағдарларын жеңiлдетуге барлық
шаралар жасау. Яғни қорғаушының қызметiн көрiп отырсақ, сот төрелiгiне
қайшы келмейдi. Демек, қорғаушының қылмыстық iс жүргiзудегi алатын орны
туралы, адвокат азаматтарға заң көмегiн көрсетiп қоймай, сондай-ақ,
Конституцияның негiзiн қорғауды жүзеге асырады, яғни азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарының кепiлi болып табылады деп айтуымызға толық негiз бар.
Бұл принциптi қатаң сақтау арқылы қылмыстық iс жүргiзуде заң бұзушылыққа
жол бермеуге, кiнәсiз тұлғаны жазықсыз соттатпауға қол жеткiзуге болады.
Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi, ең
алдымен қылмыс жасаған тұлғаға қатысты әдiл жаза тағайындалуына қызмет
жасайды. Кiнәсiз адамды соттау, тек өрескел заң бұзушылық қана емес. Сондай-
ақ ол әшкерленбеген қылмыскер жазасыз қалып қылмыстардың ашылғанына және
барлық кiнәлi тұлғалар әшкерленiп, әдiл жаза алынуына және бiрде-бiр
кiнәсiз тұлға қылмыстық жауапқа тартылмауына әрқашанда мүдделi болады.
Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi арқылы
қылмыстық iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттей
аламыз. Бұл принцип сонымен бiрге, айыпталушыға қатысты негiзсiз шешiмге
алып келетiн айыптау сипатына қарсы бағытталып отырады.
Ал, 1997 жылғы Қазақстан Республикасының ҚIЖК-не сәйкес қорғаушы
қылмыстық iс жүргiзудiң кез келген сатысына қатысуға құқылы. Қазақстан
Республикасының Конституциясының 16 бабының 3 бөлiгiне сәйкес ұсталған
тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған,
тұтқындалған немесе оған айып тағылған кезден бастап қорғаушының көмегiн
алуға құқылы.
Қылмыстық iстер бойынша ҚIЖК-нiң 70 бабына сәйкес, мына тұлғалар
қорғаушы бола алады.
1. Адвокаттар, адвокаттар алқасының мүшесi болып табылатын тұлғалар.
2. Айыпталушының жақын туыстары (жұбайы, ата-анасы, балалары, туған
бауырлары мен әпке, қарындастары, атасы, апасы, немерелерi қорғаушылары мен
қамқоршылары).
3. Айыпталушы мен сезiктi жұмыс жасаған мекеме мен ұйымның өкiлдерi.
4. Кәсiподақтың және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi, осы ұйымдардың
мүшлеренiе қатысты iс болса.
5. шетел адвокаттары, егер ол iс халықаралық шарттарда көрсетiлген
негiзде қаралса.
Қылмыстық iс бойынша қорғаушы - әрекет қабiлетi бар, кәмелет жасқа
толған, қорғаушы мiндетiн атқара алатын және қорғаушы болуға келiсiм берген
тұлға.
Қорғаушылардың категорияларына қарамастан, барлықтарының құқықтары
бiрдей.
Айырмашылығы iске қорғаушының мiндеттi қатысуы – бұл тек қана адвокаттың
мiндетi. Басқа қорғаушылар айыпталушының, басқа тұлғалардың шақыртуымен
iске қатысады, бiрақ iске шақыртқанда мiндеттi түрде айыпталушының
қорғаушыны шақырту тапсырмасы мен келiсiмi қажет.[8]
Барлық қорғаушылардың iшiнде тек қана адвокат өзiне қабылданған
сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ. Басқа
қорғаушылар бас тарта алады және бас арту себептерiн, негiздерiне түсiнiк
бермеуге құқылы.
Қылмыстық iс бойынша адвокаттың қорғаушы болып қатысуы – кәсiби заңды
қызметi және бұл мiндетiн орындаудан бас тартуына құқығы жоқ.
Адвокаттың iске тағайындалып немесе келiсiммен қатысуына қарамастан оның
нақты iстi жүргiзуге өкiлеттiгiн куәландыратын құжат заң консультациясының
ордерi.[9]
Қазақстан Республикасының 74 бабы 1 бөлiгi негiзiнде адвокат сезiктiнiң,
айыпталушының айыбын жоққа шығара алатын немесе жауаптылығын жеңiлдететiн
жағдайларды анықтау мақсатында барлық заңды құралдармен қорғау тәсiлдерiн
пайдалануға және оларға қажеттi заңгерлiк көмек көрсетуге мiндеттi.
Азаматтық сот iсiн жүргiзуден айырмашылығы қылмыстық iс жүргiзуде мына
төменде көрсетiлген негiздерде адвокат сезiктiнiң, айыпталушының,
айыпкердiң, сотталушының өкiлi емес:
- қолданылып жүрген ҚIЖК-сi қорғаушыны сезiктiнiң, айыпталушының,
сотталушының өкiлi деп қарастырмайды;
- қорғау көп жағдайда тағайындау арқылы жүзеге асады;
- адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны
қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ;
- ҚIЖК 71 бабында көрсетiлген жағдайларда сот, прокурор, тергеушi
сотталушыға қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi;
- адвокаттар сотталушының мүдделерiн қорғауды екi жағдайда жүзеге
асыруға тура келедi:
1. Сотталушы Қазақстан Республикасының тыс жерлерiнде болса және сотқа
келуден жалтарған жағдайда;
2. Қылмысты жасағаннан кейiн психикасының бұзылуы және жүйке ауруына
душар болған жағдайда.
Осындай себептерден адвокат айыпталушыға тағылған айыптан айыпталушыны
қорғайды, бiрақ өкiлi бола алмайды.
Заңда бiр сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны бiрнеше адвокаттың
қорғауына тыйым салынбаған. Сонымен қатар бiр қорғаушы екi сезiктiнiң,
айыпталушының, сотталушының қорғаушысы бола алмайды, себебi бiр сезiктi мен
екiншi сезiктiнiң мүдделерi қайшы келуi мүмкiн.[10]
- бiр адам, егер сезiктiнiң айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң
мүддесiне қайшы келетiн болса, олардың екеуiне бiрдей қорғауш болуға тыйым
салынады.
- кәмелет жасқа толмаған айыпталушы мен қылмыстық iске тартқан кәмелет
жасқа жеткен қылмысқа қатысушыны қорғауға тыйым салынған.
Сезiктiнiң, айыпталушының сотталушының қорғаушыға жүгiну құқығын бұзу,
ҚIЖ Заңының елеулi белгiленген тәртiппен жеке өзi немесе қорғаушының
көмегiмен жүзеге асыра алады.
Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге, айыпталушыға олардың
құққытарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған
барлық құралдармен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың
жеке және мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi, сонымен
қатар сезiктi, айыпталушының қорғаушысының iске қатысуын қамтамасыз етедi.
Қорғаушының қатысуы сезiктi мен айыпталушының құқықтарын шектемейдi.
Адвокат қылмыстық iс бойынша қорғаушы болып төмендегi жағдайларда
мiндеттi түрде қатысады:
- қорғаушының қатысуы туралы сезiктi немесе айыпталушы өтiнiш жасаса;
- сезiктi немесе айыпталушы кәмелетке толмаса;
- сезiктi немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң
қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;
- сезiктi немесе айыпталушы сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;
- адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге ба с
бостандығынан айырылу, не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты
жасағаны үшiн айыпталса;
- айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылса немесе
мәжбүр етiлiп стационарлық сот-психиятриялық сараптамаға жiберiлсе.
ҚIЖК-нiң 71 бабында көзделген өзге де жағдайларда адвокат қылмыстық iске
мiндеттi түрде қорғаушы болып табылады.
Қорғаушыны, яғни адвокатты сезiктi немесе айыпталушы, олардың заңды
өкiлдерi, сондай-ақ сезiктiнiң, айыпталушының келiсiмiмен, тапсырмасы
бойынша басқа да адамдар шақырады. Сезiктi немесе айыпталушы, сотталушы
қорғану үшiн бiрнеше адвокаттарды шақыруға құқылы.
Сезiктiнi, айыпталушының, сотталушының сұрауы бойынша адвокаттың
қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi.
Айыпталушы мен сезiктiнiң таңдап алған немесе тағайындалған адвокат бес
күн мерзiм iшiнде келмесе iс жүргiзiп отырған орган сезiктi мен
айыпталушыға, сотталушыға басқа адвокатты шақыруды ұсынуға немесе
адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы
қорғаушы тағайындауға шаралар қолданады.
Қазақстанның қылмыстық iс жүргiзу заңдылығы әрқашанда сезiктiнiң
айыпталушының қорғануға құқығын дамытып жетiлдiрiп келедi. Мысалы, 1864
жылғы Қылмыстық iс жүргiзу заңы бойынша қорғаушы алдын ала тергеуге
қатыспаған болса, 1959 жылғы Қаз ССР ҚIЖК-сi бойынша қорғаушы бiрiншi рет
алдын ала тергеуге қатысты.[11]
Ал, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚIЖК-не сәйкес қорғаушы
қылмыстық iс жүргiзудiң кез келген сатысына қатысуға құқылы. Қазақстан
Республикасының Конституциясының 16-бабының 3 бөлiгiне сәйкес ұсталған,
тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам, сол ұсталған,
тұтқындалған кезден бастап қорғаушының көмегiн алуға құқылы.
Қорыта айтқанда сезiктiнiң, айыпталушының қорғану құқығы мынадай
бөлiктерден тұрады:
- заңда тыйым салынбаған әдiстер мен құралдарды қолдана отырып
айыпталушы, сезiктi, сотталушы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау
үшiн кез келген дәлелдемелердi ұсынуға құқылы;
- сезiктi, айыпталушы, сотталушы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн
қорғау үшiн адвокаттық көмек алуға құқылы.
- анықтау органдары, тергеушi, прокурор мен сот сезiктiге, айыпталушыға
құқықтарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған
барлық құралдарымен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сонымен бiрге
олардың жеке мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi.

II. Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi

2.1 Адвокат қылмыстық iс бойынша iс қозғау сатысында

Қылмыстық iс бойынша тапсырманы қабылдағаннан кейiн адвокат өз
өкiлеттiгi шеңберiнде дереу iске қатысуы керек.
Себебi, адвокат iске сезiктi ұсталған кезден бастап қатысса процестiң өз
пайдасына өрбуiне әсер етедi. Сезiктiнi негiзсiз ұстаған жағдайда тергеу
органының бастығына немесе прокурорға шығарылған шешiмнiң заңсыздығына
шағымдана алады.
Қылмыстық iске араласқаннан кейiн адвокат өзiнiң қорғау жоспарларын
құрады. Содан кейiн тергеу процесiнiң кез келген сатысынан тыс қалмауға
тырысады. Адвокат өзiнен көмек сұрап келген адамдарға заң көмегiн көрсетiп,
құқығын қалпына келтiруi тиiс. Осындай мiндеттерiн орындауда өз жоспарын
қолданады. Адвокаттың қорғау жоспары жай, күрделi, қысқа, ұзақ болуы
мүмкiн.[12]
Қылмыстық iс жүргiзуде, қылмыстық iстi қозғау бiрiншi стадия болып
табылады. Бұл стадияда прокурор, тергеу, сот органдары нақты бiр iс бойынша
тергеу әрекеттерiн жүргiзу қажеттiгiн, сонымен қатар қылмыстық белгiлерi
бар деректер пайда болған жағдайда осы деректер негiзiнде қылмыстық iс
жүргiзу органының араласуының қажеттiгiн шешедi.
Қылмыстық iстi тергеуде iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асырудың заңды
негiзi – қылмыстық iстi қозғау қаулысы болып танылады. Заңда көрсетiлген
тергеу және сот әрекеттерiн қылмыстық iс қозғағаннан кейiн жүзеге
асырылады.
ҚIЖК 194 бабына сәйкес алдын ала тергеу әрекетi қылмыстық iс қозғау
туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.
Қылмыстық iс қозғау қаулысы шығарылғаннан кейiн адвокаттың негiзгi
мiндетi туындайды, мысалы кiнәсi жоқ адамды жауапқа тартудан алдын алу
керек.
Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн прокурор алдын ала тергеу және сот
органдары белгiлi құқықтарға ие болады. Мысалы, тергеушi (прокурордың
санкциясымен) нақты қылмыстық iстi қарайды және азаматтарға процессуалдық
мәжбүрлеу шараларын қолданады: тiнту, алу, кулерден жауап алады, қылмыстық
iс болған жерлердi қарайды сонымен қатар басқа да тергеу әрекеттерiн жүзеге
асырады.
Қылмыстық iс қозғау стадиясына қылмыстық iс жүргiзу стадияларының барлық
белгiлерi тән: нақты мiндеттер, iстiң негiзгi қағидалары, құқықтық
қатынастар мен әркеттер.
Қылмыстық iс кiнәлi деп сезiк келтiрген адамның болуынан емес, қылмыстық
деректерiнiң бар болуына байланысты iс қозғалатынын адвокат бiлуi тиiс.
Тұлғаны қылмыстық iс бойынша кiнәлi деп танымас бұрын қосымша мәлiметтер
жинап оларды тексерулерi қажет. Табылған деректер қылмысқа қатысты болған
жағдайда белгiлi тұлғаға қарсы қылмыстық iс қозғалды деп қорытындылаймыз.
Қылмыстық iстi қозғау барысында Заңмен бекiтiлген азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарына байланысты күрделi мәселелер шешiледi. Қылмыстық iс
бойынша дәлелдемелердi табу, алу, бағалау процестiң келесi стадияларында
қаралады.[13]
Мемлекет қылмыстық iс қозғау өкiлеттiгiн Заңда нақты көрсетiлген
органдар мен лауазымды тұлғаларға берген. Заңда көрсетiлген органдар мен
лауазымды тұлғалар қатарына: анықтаушыны,анықтау органын, тергеушiнi, алдын
ала тергеу органын, прокурорды жатқызамыз. Қылмыстың белгiлерiн тапқан
жағдайда әр орган өз құзыретi шегiнде қылмыстық iстi қозғай алады және
кiнәлi тұлғаларға заңда көрсетiлген мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.
Аталған органдардың қылмыстық iс қозғау стадиясында өкiлеттiктерiнiң
ерекшелiктерi бар. Сондықтан да адвокат әр органның қылмыстық iс қозғау
стадиясындағы өкiлеттiктерiн бiлуi тиiс.
Қылмыстық iстер тек қана Заңда көрсетiлген органдар мен лауазымды
тұлғалар қозғай алады, ао егер де өкiлеттiгi жоқ адам iстi қозғаса адвокат
прокурорға шешiмнiң заңсыздығын дәлелдеп күшiн жоюды сұрайды.
Қылмыстық iстi қозғауға өкiлеттiгi бар лауазымды тұлғалар мен органдар
мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардан қылмыстық iстi қозғауға қажет
құжаттарды, есептердi әкiмшiлiк комиссияның актiлердi сұратуға
құқылы.адвокаттың лауазымды тұлғалардың және органдардың қылмыстық iс
қозғау қаулысын тексергендегi мiндетi:
- жiберiлген қателiктерiн табу керек;
- жiберiлген қателiктi тапқаннан кейiн соған сәйкес шешiм шығаруы керек;
- шешiмдi дұрыс орындауы тиiс.
Адвокат қылмыстық iстiң заңды және дәлелдi қозғалғанына ерекше назар
аударады. Бұған кәсiптiк бiлiмдiлiгi, өмiрден тәжiрибесi және iстi
жүргiзуге еркi, адвокаттық интуициясы көмегiн тигiзедi.
Лауазымды адамдар мен өкiлеттiгi бар органдар қылмыстық iстi Заңды
себептер мен жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қозғайды.
Қылмыстық iстiң қозғау себебi – прокурор, тергеушi, анықтаушы
органдарының қылмыстық болатынын немесе болған қылмыс туралы мәлiметтерiнiң
болуы.
Нақты қылмыстық iс қозғауға мыналар себеп болады:
- азаматтардың арызы;
- кiнәсiн мойындап келу;
- мемлекеттiк органның, лауазымды адамның немесе ұйымда басқару
функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
- бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
- лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген
органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтау.
Барлық себептердiң процессуалдық мәнi бiрдей. Жоғарыда тiзiлген
себептерден барлығы мiндеттi болып табылады. Өйткенi себепсiз қымыстық iс
қозғалмайды. Бiрақ та бiр де бiр себеп даусыз және мiндеттi деп
есептелiнбейдi, себебi қылмыстық iс қозғау себептерiне жеткiлiктi негiз
болуы қажет.
Қылмыстық iс қозғаудың негiзi – қылмыс белгiлерiнiң бiрiншi тұжырымы
болып саналады. Тұжырым белгiленген қайнар көздерге сүйене отырып шығарылуы
тиiс. Қайнар көздерi болып: арыз, азаматтардың түсiнiгi, лауазымды
тұлғалардың қаулылары, справкалары, актiлерi т.б. Қылмыстық iс сыбыс, өсек
негiздерiнде қозғалмайды. Қылмыстық iс қозғауға берiлген материалдардың
заңдылығы негiздiлiгi қажет. Егер де берiлген материалдарда қылмыстық iс
қозғауға себеп пен негiз болмаса адвокат прокурорға шағымдана алады.
Адвокат жиналған деректердiң көлемiнде қылмыс әрекетiнiң барлығын
айқындауы қажет. Кез келген қылмыстық iс жүргiзу стадиясында тиiстi
лауазымды тұлға iшкi сенiмiне жүгiне отырып деректердi бағалайды. Сондықтан
да, лауазымды тұлғалар болатын немесе болған қылмысты қорытындылау үшiн
жиналған деректердiң жеткiлiктiлiгi туралы мәселенi шешедi.
Кез келген жағдайда жиналған деректердi адвокат жан-жақты бағалауы тиiс.
Бiрақ та бұл стадияда, яғни қылмыстық iстi қозғау стадиясында деректер мен
мәлiметтерге толығымен баға бермейдi. Қылмыстық iс қозғау стадиясында
қылмыс жасаған тұлғаның бiлiмi, кiнәсiнiң мазмұны аса қажет емес.[14]
Қылмыстың iстi қозғау үшiн жиналған материалдарды тексеру қажет. Түскен
арыздар мен хабарламаларға қосымша қажет материалдар мен түсiнiктер сұрауға
құқылы. Қылмыстық iс қозғау қаулысын шығармай жауап алу хаттамасын, тiнту,
алу тағы басқа тергеу әрекеттерiн жүргiзуге тiптi Заңда белгiленген
лауазымды тұлғалар мен органдардың құқықтары жоқ. Жеке тұлғаға қол
сұқпаушылық принципi бұзылған жағдайда адвокат төмендегiдей әрекеттердi
жүзеге асырады:
- прокурорға шағымдана алады;
- тергеу әрекетiнен кейiн сот процесiне дайындық бөлiмiнде соттан заңсыз
алынған дәлелдемелердi iске қажетсiз деп тануға өтiнiш бiлдiредi.
Болған немесе болады деген қылмысқа қатысты жиналған материалдарды
бiрiншiден тексередi, бұл кезде дәлелдемелер жинауға құқықтары жоқ.
Қылмыстық iс қозғағаннан кейiн ғана тұлғаның кiнәлiлiгiн дәлелдейтiн
дәлелдемелердi тауып iске тiркейдi. Адвокат материалдарды тексеру барысында
өзi тексеруi тиiс. Тексерiстi кiм, қандай тәсiлдермен, қашан жүргiзiлетiнiн
тексередi.

2.2 Ұстау және бұлтартпау шараларын қолданғанда адвокаттардың iс әрекетi

Қылмыстық iс қозғалмастан бұрын ҚIЖК 132 бабының тәртiбiнде сезiктiнi
ұстағанда ҚIЖК 135 бабына сәйкес жеке тiнту жүргiзiледi.
Сезiк келтiрген адамды ұстау – оның қылмысқа қатыстылығын анықтайды және
оған қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу
мақсатында қолданылады. Ұстауды жүзеге асыру мақсаты ұсталған адамда қару
бар ма, қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан
жағдайда сақтап қалу үшiн ұстауды жүзеге асырады.
Қазiргi уақытта жедел iздестiру қызметi мойындату және керектi ақпарат
алу үшiн азаматтарды ұстау тәсiлiн кеңiнен қолданады. Азаматтарды заңсыз
ұстаумен қатар iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңсыз тiнтуi де аз
кездеспейдi. Соңғы кездерi прокурордан алдын ала санкция алмай-ақ тiнту
жүргiзу үрдiсi етек алып барады. Бұлтартпау шараларын қолдану барысында
заңдылықтың сақталуын адвокат өте тиянақты қарауы керек. Прокурорлар кей
жағдайда қамауға алуға санкция берер де қылмыстық iс материалын жете
зерттелмейдi, жинақталған дәлелдемелердi сараламайды, сезiктiнiң,
айыпталушының жеке басы туралы мәлiметтердi, қылмыстың ауыр жеңiлдiгiн,
жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiгiн есепке ала бермейдi. Осы
жағдайларда адвокат шағымдана алады.
Адвокат қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiн тергеушi 24 сағаттан
кешiктiрмей прокурорға жiбергенiн тексеруi тиiс. Прокурор қылмыстық iс
қозғау қаулысының көшiрмесiмен танысады, егер де тергеушiнiң шығарған
шешiмiнiң заңдылығына күмән келтiрсе қылмыстық iстi қозғауға негiз болған
материалдарды тексередi. Қылмыстық iс қозғаудың заңдылығын, сонымен қатар
тергеу iсi жүргiзудi қадағалауды жүзеге асырғанда тексередi. [15]
Егер де қылмыстық iс заңсыз себептер мен негiздерге сүйене отырып
қозғалса, прокурор өз қаулысымен тергеушiнiң немесе анықтау органының
қаулысының күшiн жояды, қылмыстық iс қозғаудан бас тартады немесе қылмыстық
iс бойынша тергеу iс әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы. Егер
прокурор бұл мiндеттерiн орындамаса адвокат жоғарытұрған прокурорға
шағымдана алады.
Адвокат алдын ала тергеу стадиясында айып тағылған не адам сезiктi деп
танылған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi.
Адвокаттың соңғы жағдайда iске қатысуы:
- тұлғаны ұстаған жағдайда (кiнә тағылмаса да)
- тұлғаға бұлтартпау шарасы қолданған жағдайда.
ҚIЖК 70 бабында көрсетiлген негiзде адвокат мiндеттi түрде қатысуы
керек:
- сезiктi немесе айыпталушы кәмелетке толмаса, жасы қылмыс жасаған
уақытқа сәйкес белгiленедi;
- сезiктi немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң
қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;
- адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан
айырылу, өмiр бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм жазасы тағайындалуы
мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса.
Адвокат iске қатысу мерзiмiнен бастап ҚIЖК-нiң 74 бабында көрсетiлген
процессуалдық құқықтарға ие болады. Оның құқықтары:
- сезiктiмен және айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен
оңаша құпия жолығуға. Бұл құқық алғашқы жауап алуға дейiн жүргiзiледi.
Кездесуде адвокат бiрiншiден қорғауындағы адамның iс бойынша позициясын
шешiп алады: өзiн кiнәлi деп санай ма (егер өзiн кiнәлi деп есептесе толық
мойындай ма, әлде жартылай мойындай ма), неге сiлтеме жасайтындығын, ненi
мойындамайтынын, қандай себептермен және адвокаттан не сұрайтынын.
Адвокат iске қатысқаннан кейiн төмендегiдей қызмет атқарады және
бiрқатар құқықтарға ие болады:
- заң көмегiн көрсетуге қажет заттарды, құжаттарды, мәлiметтердi жинап
ұсынады;
- дәлелдемелердi ұсынады. Дәлелдемелердi ұсынбас бұрын оларды белгiлi
қайнар көздерден алу қажет, бiрақ та адвокатта билiк ету өкiлеттiгi
болмағандықтан дәлелдемелердi табу, алу қиынға түседi;
- ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану қаулысымен, Заңда
көрсетiлген қылмыстық iс жүргiзу өзге де құжаттарымен танысуға құқылы;
- өтiнiм жазады;
- ҚIЖК-нiң 109-110 баптарында көрсетiлген тәртiпте судья шағымдарды
қарағанда адвокат қатыса алады;
- қарсылық бiлдiредi; (ҚIЖК-нiң 92, 93-баптары)
- Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыратын органдар мен
лауазымды адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне шағымданады;
- Заңға қайшы келмейтiн кез келген басқа да қорғау құралдары мен
тәсiлдерiн пайдалануға құқылы.
Iске қатысқаннан кейiн адвокат сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы
болып көптеген мәлiметтердiң, оқиғаның куәсi ретiнде болады. Қорғау
қызметiн атқара отырып осы өзiне мәлiм болған мәлiметтерi бойынша жауапқа
тартылмайды.
Адвокат куә ретiнде жауап беруге құқығы жоқ, себебi Адвокаттық қызмет
туралы Заңның 15 бабының 3 тармағында көрсетiлген адвокат көмегiн көрсете
отырып өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек
сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.
Алдын ала тергеу стадиясында адвокат қорғаушы болып қатыса отырып:
- заңда көрсетiлген тергеу әрекеттерiне қатысады. Сонымен қатар жауапқа
тартылып отырған тұлғаларға қосымша сұрақ қояды, хаттаманың дұрыстығы мен
толықтығына жазбаша ескерту көрсетедi. Тергеушi адвокаттың кейбiр
сұрақтарын жауапсыз қалдырады, бiрақ осы әрекетiн хаттамаға енгiзуi тиiс.
Адвокаттың сұрақтары ьтек қана мән жағдайды ашуға айыпталдушының айыбын
жоққа шығаруға немесе жауаптылығын жеңiлдетуге бағытталуы керек.
- iске қатысты, өзiне қажет құжаттарды сұратады;
- тергеушiге өтiнiм, ал алдын ала тергеу әрекеттерiне қадағалау жасайтын
прокурор мен судьяға шағымдана алады.
- қылмыстық iспен байланысы бар мамандардан консультация алуға құқылы.
- прокурордың сезiктiнi, айыпталушыны қамауға алу және мерзiмiн ұзартуға
берген санкциясына келiспеген жағдайда сотқа шағымдана алады. Мұндай
шағымды сотқа прокурордың орналасқан мекен жайына байланысты жiбередi.
Алдын ала тергеу стадиясында адвокаттың соңғы қатысуы бұл қылмыстық
iстiң барлық материалдарымен танысуы. Айыпталушының немесе оның
қорғаушысының өтiнiшi бойынша олар iс материалдарымен бiрге немесе жеке-
жеке таныса алады. Iстiң барлық құжаттары адвокатқа тiгiлген және
нөмiрленген күйiнде берiлуi керек. Заңның осындай талаптарын тергеушi
орындамаған жағдайда, адвокат iстiң құжаттарымен танысудан бас тарта алады.
Адвокат пен тергеушiнiң арасында ешқандай келiсiм болмауы керек, себебi әр
бет нөмiрленбеген болса iсте басқа материалдар тiркелiп немесе iске
тiркелген басқа құжаттар алынып тасталуы мүмкiн. Сонымен қатар беттердiң
нөмiрлерiнiң болмауы адвокаттың өтiнiм жазған кезде нақты қай бетiне
келiспейтiндiгiн көрсетiп сiлтеме жасай алады.[16]
Адвокат алдын ала тергеу сатысынан бастап қатысса iстiң көптеген
құжаттарымен таныс болғандықтан мiндетiн атқаруға жеңiл болады. Егер
адвокат келесi сатылардан бастап iске қатысса, ол iстiң барлық құжаттарымен
танысуы керек. Iстiң құжаттарымен танысуда белгiлi бiр тәсiлдер
белгiленбеген, қорғаушылардың барлғы дерлiк бiрiншiден қылмыстық iс қозғау
қаулысымен танысады. Қылмыстық iс қозғау қаулысының уақытын, кiм қозғағаны,
қандай қылмыстық белгiлермен қозғалғанын, қандай тұлғаларға қатысты
қозғалғанын қарайды, содан кейiн айыпкер ретiнде тану қаулысымен танысады.
Қорғаушы iс құжаттарымен танысу процесiнде, егер ол бiрнеше томнан тұратын
болмаса, олардың кез келгенiн қайта қарауға, сондай-ақ кез келген мәлiметтi
кез келген көлемде көшiрiп алуға, құжаттардың көшiрмесiн түсiрiп алуға,
сонын iшiнде техникалық құралдардың көшiрмесiн түсiрiп алуға құқылы.
Адвокат iс бойынша құжаттардың көшiрмелерiн өзiнiң досъесiнде сақтауға
тиiс. Досъе мiндеттi түрде iске қорғаушы болып қатысқаннан бастап
толтырылуы тиiс.[17]
Iстiң құжаттарымен таныса отырып адвокат тергеу және анықтама органдары
алдын ала тергеу әрекеттерiнде жiберген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокатураның құқық қорғау қызметі
Азаматтардың сотқа шағымдану және сотта өкілеттік ету құқығы
Адвокаттардың құқықтық жағдайы
Адвокаттық қызметі
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi. Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы
Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі және ұйымдастыру қызметінің негізгі қағидалары
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Адвокатура ұғымы және міндеттері мен адвокатураның ұйымдық құрылуы
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Адвокаттың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысу мәселелері
Пәндер