Соғыс жылдарынан кейінгі Қазақстанның экономикалық жағдайы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы

1917 ж Қазақстанда 6 198 467 адам тіркелген. Оның ішінде қазақтар - 3 627 612. 1897 жылғымен салыстырғанда небәрі 11 мыңға ғана өсіп, үлесі 58, 5%-ға дейін төмендеді.

Ұлт саны - 86 болды. Орыстардың саны 2, 8 есе өсіп, халықтың 20, 6%-ын, украиндар - 13, 9%, немістер - 0, 8%, өзбектер - 2, 1%-ын құрады.

1920-1921 жылдардағы ашаршылықтан қырылып, қуғын мен тонаудан 2 миллион 300 мыңнан астам адам жапа шекті.

2. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:

Түркістан генерал-губернаторлығы

(Орталығы - Ташкент)

Сырдария облысы

Жетісу облысы

Дала генерал-губернаторлығы

(Орталығы - Омбы)

Ақмола облысы

Семей облысы

Орал облысы

Төрғай облысы

Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.

Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20, 3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33, 1%) .

XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны - 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда -22744, Семейде - 20216, Қостанайда - 14175 адам тұрған.

3. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси жағдайы

Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В. Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И. С. Домашевич, Верныйда А. С. Кочаровская т. б. болды.

Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж. ) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға - 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға) .

Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында - Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т. б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті.

Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.

4. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы

XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал - Жем мұнай ауданы) .

Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.

Темір жол.

1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды. 1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.

XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 3-ға жуық адам еңбек етті.

Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.

5. Қазақстандағы Столыпин аграрлық реформасы

Бұл реформа патшалық Ресейдің шаруалар үлесіндегі жерге иелік жасауға арналған реформа. Реформа 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлік Кеңесінің төрағасы П. А. Столыпин еді. Содан болар реформа да осы Столыпиннің есімімен аталады.

Қоныс аудару басқармасы шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсететін болып шешілді. Қоныс аударушыларға шет аймақтардан жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906-1915 жылдары аралығында Қазақстанға көшіп келушілердің иелігіне қазақтардың 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, ал тұрғылықты халық қазақтар болса шөлейт, тастақты жерлерге қоныстана бастады.

Столыпин реформасының нәтижесінде қазақ даласы бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді. Олар: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу.

«Қоныс аудару қорына» қазақтардан жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу жерлеріне казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасырдың басына қарай қазақтардың ең шұрайлы деген жеріне көшіп келген өзге ұлттардың саны, казактардың саны 1 миллион 11 мың адамға жетті және олар 15, 6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге қоныстанып, иесі атанды. Патшалық Ресейде аграрлық саладағы езгерістерінің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды.

6. Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы

Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы - XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.

Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің тарихын зерттеуді олардың өздері бастап берген болатын. Бұл ретте Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтың, М. Тынышпаевтың және Е. Омаровтың өз замандастырының өмірі мен қызметіне байланысты түрлі басылымдарда жариаланған еңбектерін айтқан жөн. Қазақ зиялылары кім туралы жазбасын, уақыт рухына сай қайраткердің ұстанған айқындамасы мен атқарған еңбегін бірінші кезекке қойды. Кеңес үкіметі тұсында қазақ зиялыларының тарихын жасау ісі ресми саясатқа тікелей тәуелді болды, соған сай өзгеріп отырды. Мұндай саясаттың астары түсінікті болатын. Қазақ бұқарасының санасын өзіне қаратып алуды көздеген большевиктер, өзінің негізгі қарсыласы ұлттық тәуелсіздік тұғырнамасында тұрған қазақ демократиялық интеллигенциясын күрес аренасынан біржола ығыстыруды алдына мақсат етіп қойған еді. 1922 жылдан бастап жоғары билікте жүрген Алаш қайраткерлері ығыстырыла бастайды. Қазақтың демократиялық интеллигенциясының қоғамдық - саяси қызметін бағалау алғашқы кезде екіге жарылып, кейін жоғарыдан берілген нұсқаумен біржақты зиянды жағынан көрсететін еңбектер шыға бастады. 1937-1938 жылдардағы интеллигенцияға қарсы жүргізілген жаппай жазалау саясаты бұл мәселені 1980 жылдарға дейін жауып қойды.

7. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси партиялар қызметі

XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шырайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бөкехановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысының «Делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т. б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейханов кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.

Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.

1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік респуплика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең; онда теңдік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтиаты болуы керек; билік пен сот әр халақтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар.

1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпықазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.

Сондай-ақ, Қазақстанда 1917 жылдың күзінде «Алаш» партиясына қарсы солшыл революциялық - демократиялық ағымның бір бөлігі «Үш жүз» атты Қырғыз социалистік партиясын құрады. Ол 1918 жылы қаңтарда Кеңес өкіметін таныды. Оның төрағасы Айтпенов Мұқан, орынбасары Тоғысов Күлбай, хатшысы Қабеков Ысқақ болды. Кейінірек оның басшылығы Тоғысовтың қолына көшеді. Партия 1917 жылы желтоқсанда Петропавлда «Үш жүз» атты газет шығарады.

1917 жылы наурызда Қазақстанның оңтүстік облыстарында «Шура-и-Исламия» партиясы құрылды. Осы партияның негізгі бағыты исламділік (исламизм) пен түріктік (тюркизм) болды. Ислам ұстаушылары «таза исламды» жақтады, ал тюркизмның жақтаушылары модернизм мен прагматизммен ерекшеленді.

1917 жылы маусымда «Шура-и-Исламия» партиясының «таза ислам» жақтаушылары бөлініп өз «Шура-и-Исламия» партиясың құрды. Олардың негізгі мақсаты мұсылман және шариат қағидалардың негізінде мұсылмандардың заңды құқықтарын іске асыру.

8. І-ші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан

1905-1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Ме 1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды. млекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды.

Бірінші орыс революциясы қазақ өлкесінде социалдемократтардың алғашқы ұйымдарының құрылуына ықпал етті. Олар Қазақстандағы жұмысшы табының басын қосып патша самодержавиесіне қарсы күреске басшылық етті. Қазақстанда өз беттерімен саяси білімін көтерушілердің алғашқы марксистік үйірмесі Атбасар қаласында құрылды. Оны Оралдан жер аударылып келген жұмысшы А. Д. Ушаков 1896 жылы ұйымдастырған еді. XX ғасырдың бас кезінде марксистік үйірмелер Қазақстанның Орал, Ақмола, Петропавл, Қостанай, Семей сияқты басқа да бірқатар қалаларында пайда болды.

9. Қазақ депутаттарының І-ІІ Мемлекеттік Думаға қатысуы

Бірінші Мемлекеттік Дума - Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов, А. Қалменов, Ә. Бөкейханов, Ш. Қосшығұловсайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин мен Д. Тұндыт сияқты қазақ азаматтар болды.

Екінші Мемлекеттік Дума - Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б. Қаратаев, АқмоладанШ. Қосшығұлов, Торғайдан А. Бірімжанов, Семейден Т. Нұрекенов, Жетісудан М. Тынышбаев, Сырдариядан Т. Алдабергенов, Астраханнан Б. Құлманов сайланды.

10. Ә. Бөкейханов

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) - XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. 1911-14 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.

Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.

Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.

1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.

11. Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы - 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Арғын тайпасының Шақшақ руынан.

Атасы Шошақ оның немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Байтұрсынұлының екінші кітабы - «Маса» (1911) . Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды.

Фильмдер

1994 - «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ. Умаров

Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”

2009 - «Алашорда» Алашорда режиссері: Қ. Умаров

Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы

Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1930 ж. 4 сәуірдегі шешімге сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды. 1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1937 жылы 8 тамызда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсынұлының алғашқы кітабы - «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді.

12. Міржақып Дулатұлы (1885-1935) - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.

Арғын тайпасының Мадияр руынан.

Туған жері - Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы) . Әкесі - Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады.

Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды. 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер

1993 - «Міржақыптың оралуы» режиссері: Қ. Умаров

Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”

1994 - «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ. Умаров

Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”

2009 - «Алашорда» Алашордарежиссері: Қ. Умаров

Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы

Міржақып Дулатұлы - әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы - "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы-ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды. 1910 жылы оның туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды. Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоныс аудару
Менің отаным - Қазақстан
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТЫҚ АЛҚАБЫ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
Қасым хан, Хақназар хан
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Корея Республикасының тарихы
Қазақ хандығының және қазақ халқының құрылуы. XV-XVIIIғғ. басындағы Қазақ хандығы
Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу мәселелері
ХIX ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдар
Жалпы аймақтық өнім ішіндегі шикізат өндіру бөлігін экспортқа бағытталған өндіріске ауыстыру негізінде экономика салаларын диверсификациялау арқылы аймақтың экономикалық өсуін болжамдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz