Оқу нәтижелерін бағалау түрлері және формалары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
«Қорғауға жіберілді»
«___»2023 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде қазақ тілі сабағында оқу нәтижелерін бағалау жолдары»
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Біліктілігі: 0111013 «Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі»
Орындаған 4-ФК-1
тобының білім алушысы А. Колтаева
Ғылыми жетекшісі
Бакетаева Г. Т
«___» 2023 ж.
Норма бақылаушы
«»2023 ж. Бакетаева Г. Т
Өскемен, 2023жыл
МАЗМҰНЫ
1. 2 Оқу нәтижелерін бағалау түрлері және формалары
2. Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде қазақ тілі сабағында оқу нәтижелерін бағалау жолдары . . .
2. 1 Қазақ тілі сабағындағы бағалау критерийі мен дискриптордың рөлі
2. 2 Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі . . .
2. 3 Бағалауда ынталандыру әдістері, өзін-өзі бағалау және оның ықпалы
3. Практикалық бөлім . . .
Қорытынды . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
1. Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқу нәтижелерін бағалаудың әдістемелік негізі
1. 1 Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқу нәтижелерін бағалаудың маңызы
«Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» дей келе бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап беретін мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Сапалы білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.
Бағалау- оқытудың жүйелі және жоспарлы жинақталған куәгері ретінде оның сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін пайдаланылатын әрекеттің кез-келген түріне қатысты берілген категория оқытудың екі аспектісін қарастырады: оқытуды бағалау (суммативті бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативті бағалау) . 1960 жылдары оқытудың формативті және сумма -тивті мақсаттары арасындағы айырмашылық белгіленді, бірақ олардың әрқайысысының мағынасы осы уақытқа дейін жеткілікті анықталмаған. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Мектепте оқушының тәрбиесі мен даму және оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, ізгіліктендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, диагностикалық, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқару керек. Соңғы уақыттарда оқу нәтижесін бақылау мен бағалау мәселесін әр түрлі аспектілер бойынша соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің нәтижелері шығармашылықпен жұмыс істейтін жекелеген мұғалімдер тәжірибесіндегі жаңалықтар жеткілікті нәтижеде сараланып, жинақталып, бақылап - бағалаудың қызметтерін жүзеге асыратын рейтингілік жаңа жүйе жолдары жасалуы әзірленуде. Әзірге 5 балдық жүйе оқу үрдісін ұйымдастырудың ұстанымдары мен бақылап - бағалаудың жаңа қызметінен туындайтын белгілі бір талаптарға сай қолданылып келеді.
Білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады. Білім алушы оқу - тәрбие үрдісіндегі субъект ретінде оқуда белгілі бір табыстарға жету үшін өз іс - әрекетін мақсатты ұйымдастырады. Білім алушы жетістіктері күтілетін нәтижелер жүйесі түріндегі оқу іс - әрекеттері түрлерін игеру сапасы бағалау жолмен анықталады. Бұл орайдағы күтілетін нәтиже пәндік білім, білік және дағдыларды, түйінді және базалық құзырлықтардың құрамды бөліктерін белгілі контексте интеграциялауды көздейтін оқу іс - әрекетінің әр түрлерінің сипаттамасы болып табылады.
Бағалауға білім алушылардың пәндік білім, білік, дағдыларын және адамгершілік нормалары бағдарлы, жалпы адами және ұлттық құндылықтар тұрғысындағы іс - әрекет тәсілдерін меңгеру бойынша олардың жетістіктерін көрсететін нақты нәтижелер бағалана алады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы балдық және рейтингілік тұрғыда бағалауға негізделген бағалаудың балдық - жинақтау жүйесі болып табылады. Білім алушының оқу іс - әрекеттері тәсілдерін саралау үш деңгей аясында жүзеге асырылады. Критерийлік - бағдарланған шкала нақты оқу үрдісі аясында білім, білік және құзырлықтарды берілген деңгейіне қаншалықты қол жеткізетіндігін анықтауға мүмкіндік беретін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы болып табылады.
• Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуде білім берудің белгілі бір деңгейдегі білім беру стандарты аясындағы әрбір пәнді оқытуда орындалатын оқу іс - әрекетінің барлық түрінен алған ұпайларын жинау арқылы қол жеткізіледі. Бағаның объективтілігі білім алушылардың білімін және олардың іс - әрекеттерінен күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде оқушының оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау.
•Өз жетістіктерін бағалау - өзін - өзі тексеру мен бақылау, өзінің іс - әрекетін сыни тұрғыда бағалау, қателерді айқындау және оларды жоюдың жолдарын табу, сондай - ақ бағалау критеррилерін анықтай алу болып табылатын білім алушылардың өз іс - әрекеттерінің нәтижелерін алдын - ала өзіндік бақылауы.
•Балл жинау оқу жетістіктерін бағалауды даралауды жүзеге асыруға, белгілі бір уақыт ралығында жинақталған балдардың қосындысы көрініс табатын және оқушының оқу портфолиосы формасы түрінде жүзеге асырылатын білім, білік, дағдыларын мүмкіндіктеріне, қалауларына және қабілеттеріне қарай тереңдетуге, кеңейтуге және оның өзінің дамуының жеке траекториясын өз бетінше таңдауына мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде білім алушылардың өздері, олардың ата - аналары және мұғалімдері белгілі бір уақыт аралығындағы жетістігін салыстыра отырып, оның жеке даму динамикасын тұрақты қадағалауға мүмкіндік алады.
•Бағалаудың жариялылығы білім алушылар және ата - аналар арасындағы, білім алушылар және мұғалімдер арасындағы, ата - аналар мен мұғалімдер арасындағы психологиялық сипаттағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады.
Білім алушының іс әрекетінің барлық түрін бағалау оқушының алған балдарын қосу әдісімен жүргізіледі. Әрбір оқу пәні бойынша жоғары балл білім алушының белгілі бір оқу кезеңінде, іс - әрекеттің белгілі бір түрін орындағанда, сондай - ақ білім алушылардың іс - әрекеттерін бақылаудың ағымдық, аралық, қорытынды формаларында алған балдарын қосу арқылы анықталады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оларды оқыту және тәрбиелеуде нақты алған нәтижелерді қадағалауды және оларды әрі қарай жетілдіруді көздейді.
1. 2 Оқу нәтижелерін бағалау түрлері және формалары
Критериалды бағалау - оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін білм беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады.
«Критериалды бағалау» терминін алғаш Роберт Глейзер (1963) қолданған, ол әдеттегі мінез-құлық моделінің жиынын анықтау үдерісін, білім алушылардың оқу жетістігі деңгейінің шамасы мен қолжетімділігінің арасындағы сәйкестікті сипаттады. Бұл оқушы әрекетін алдын ала анықталған критерийлерді тіркеп жинақтау арқылы бағалауды білдіреді. Глейзер критериалды стандарттағы бағалаудың басқа оқушылар жетістігіне тәуелділік пен салыстыруға қатысы жоқ екенін, сондай-ақ, әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпараттануға бағытталғандығын атап көрсетті.
Қалыптастырушы бағалау - оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен оқушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл оқушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен оқушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады. Тиімді оқыту мақсатында оқушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін, ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар күнделікті сабақта орындатуға арналған. Әр тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру үшін әр оқушыға кері байланыс жасайды. Қалыптастырушы бағалауда түрлі әдістерді қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалауда түрлі әдістерді қолдануға болады. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағалау ағашы», «Бағдаршам», «Смайликтер». Бұл әдістерді тапсырманы орындау және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалау оқушы бойындағы үрейленуді басады, өз ісіне баға беруге жетелейді. Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуы. Жиынтық бағалау- оқу бағдарламасындағы бөлімдер (ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады. Бағалау барлық пән бойынша өткізіледі. Бағалау жолдары мазмұны мен түрлеріне сай әртүрлі болады. Оқу мақсатына жету дәрежелерін анықтау үшін Б. Блумның оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері реттеліп қарастырылады. Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны бағалайды. Мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторын белгілейді. Бір ерекшелігі күнделікті оқушыларға баға қойылмайды. Бағалау критерийіне сүйеніп, білім алушының оқу жетістіктерін бағалайды. Бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою кестесіне сүйенеді. Жиынтық бағалаудың екі түрі бар: БЖБ - бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау, ТЖБ - тоқсандық жиынтық бағалау.
Бір тоқсанда бірнеше бөлім бар. Әр бөлім бойынша оқушының білімі мен біліктілігін тексеру үшін алынады. Ол бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу түрінде болуы мүмкін. Бөлім бойынша жиынтық бағалау қандай форматта болатынын және тапсыру, уақытын педагог өзі шешеді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін максималды балл:
1-4 сыныптарда: кемінде - 7 балл, ең көп дегенде - 15 балл;
5-11 (12) сыныптарда: кемінде - 7 балл, ең көп дегенде - 20 балл.
Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болса, БЖБ тоқсанына екі реттен артық болмайды. Ал қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау әр тоқсан аяғында алынады, бірақ тоқсанның соңғы күні өткізілмейді. Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық өткізуге болмайды. Бір пәннен БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейді.
Мысалы, 7- сыныптың қазақ тілі пәні бойынша жіліктеп түсіндіріп өтейін. Бұл пән аптасына 2 сағаттан өтеді, 1-тоқсанда 9 оқу аптасы болса, 18 сағат болады. Біз осы тоқсанда 3 бөлімді өтеміз. 1-бөлім: Ауа райы және климаттық өзгерістер, 2-бөлім: Көшпенділер мәдениеті, 3-бөлім: Денсаулық - зор байлық. Әр тоқсанда 2 рет БЖБ және 1 рет ТЖБ алынады. Яғни біз, 1-бөлімді өткен соң БЖБ №1 аламыз. Қалған 2-3 бөлімдерді кіріктіріп, БЖБ № 2 аламыз. Әр бөлім бойынша оқушының білімін саралау, балаға кері байланыс жасау, оқуда ілгері жылжу үшін алынатын бақылау түрі. Оқушы өз білімін көрсете алатындай жағдайда тапсырмалар әзірленуі керек.
2. Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде қазақ тілі сабағында оқу нәтижелерін бағалау жолдары
2. 1 Қазақ тілі сабағындағы бағалау критерийі мен дискриптордың рөлі
Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі өзегі-оқушылардың оқу жетістігін бағалау. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен білім беру барысында олардың саналы түсіну қабілеті дамытылып отырылады. Қазақ тілі сабағында тек ғана өтілген тақырыпты түсіну қабілеті, меңгерумен қатар бағалауда қатар жүруі тиіс. Мысалы, қазақ тілі пәнінен 8сынып «Жалпы адамзаттық құндылықтар»тақырыбын алып қарайтын болсақ, «Топтастыру» әдісі арқылы оқушылар «Сен үшін өмірдегі құнды нәрселер»деген сұраққа жауап бере отырып, кестені толтыру тиіс. Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, дескриптор арқылы орындалған тапсырманы бағалай алады.
Жалпы-3балл
Кесте толтырады-1
Сұраққа жауап береді-1
Негізгі ойды анықтайды-1
Осы арқылы бағалау критерийі мен дескрипторлардың байланысы тығыз екенін көруге болады. Бағалау критерийі сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай - ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін - өзі бағалау, қабілеттілік және күш - жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Бағалау критерийлерін дұрыс құрастыру, яғни оқушының оқу әрекетінде не бағаланатынын нақты белгілеу үшін мұғалімнің білім категорияларын түсінуі және ажырата білуі ерекше маңызды.
Бағалау критерийі - білім алушылардың оқу жетістік деңгейлерін өлшейтін белгі, өлшем, негіздеме. Критерийлер оқу міндеттерімен айқындалып, оқушының әртүрлі әрекеттерінің тізімі ретінде құрастырылады. Бұл әрекеттерді оқушы үйрену кезінде атқарып, нәтижесінде оларды толығымен меңгеруі керек. Критерийлерге қойылатын талаптар:
Критерийлер оқушыларға алдын ала белгілі болуы тиіс.
Критерийлер үшеуден кем болмауы керек.
Критерийлердің оқушылармен бірге құрастырылғаны дұрыс.
Мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы керек.
Критерийлер әрбір оқу тапсырмасы үшін бөлек жасалады.
Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек, оны сынып қабырғасына іліп қойған дұрыс
Дескриптор - оқушының жұмысты қан-шалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым. Дұрыс жасақталған бағалау критерийлері оқу материалын түсіну тереңдігін жан-жақты өлшеуге мүмкіндік береді Критерийлер мен дескрипторлар оқушыға оның білімі қалай бағаланатынын және одан не күтілетінін анық көрсетіп береді. Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде қолданылады. Тапсырмаларды тексеру үдерісінде бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын әр дескриптор 1 балмен бағаланады. Дескрипторлар әрқашан тапсырмалармен қатар құрастырылады және тапсырманы орындау кезіндегі әр қадамның сипатын болжайды. Бұл тапсырманың мазмұны бойынша сенімді және жарамды болуын, сондай-ақ басқа мұғалімдердің тарапынан да объективті, дұрыс бағалануын қамтамасыз етеді. Дескрипторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек? Дескрипторларды тиянақтау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» және т. б. сияқты сөздерді қолданбаған дұрыс. Мұндай мазмұндағы сөздер бағалауда қиындық туғызады және тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты әрекеттерді сипаттамайды. Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға және кері байланыс ұсынуға мүмкіндік беруге көмектесуі тиіс.
2. 2 Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден-бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. Осы орайда оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
• Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
• Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
• Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
• Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
• Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
• Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
• Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критерийдің мазмұны:
Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама) .
Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы.
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz