Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Н 3-1.1.34-2022
1-баспа 02.02.2022

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ

Экономика және құқық факультеті

Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

Қылмыстық құқық пәні бойынша

Тақырыбы: Кінә ұғымы мен нысандары

Білімгер: Жамбыл.Е.Қ Тобы: 6В04211-373 _________________
аты-жөні қолы
Жетекші: Аға оқытушы Жұмағұлова Б.П.
қызметі аты-жөні
Қорғауға жіберілді ____________________20____ж. __ ___________________
қолы

Жұмыс қорғалды _________________20__ж. бағасы __________________
жазбаша
Комиссия мүшелері: _________________________ __ ____________________
аты-жөні қолы

______________________________ ___ _________________
аты-жөні қолы

Тараз 2022

Курстық жұмыс
Н 3-1.1.34-2022
1-баспа 02.02.2022

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ
Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы
6В04211-373 тобының студентіне Жамбыл.Е.Қ. курстық жұмыс
аты-жөні
ТАПСЫРМА

Қылмыстық құқық пән бойынша
1. Тақырыбы: Кінә ұғымы мен нысандары
2.Тапсырманың арнайы нұсқауы ___________________________________ ________

Орындау кестесі

Көлемі, %
Орындау уақыты
I.КІРІСПЕ
5%

1. Кінә ұғымы және нысандары
5%

1.1 Кінә ұғымы
15%

1.2. Кінә нысандары
15%

2. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыс
5%

2.1 Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстық әрекеттердің түсінігі және оларды талдау
20%

II.ҚОРЫТЫНДЫ
5%

III.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5%

5.Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)

6. Жобаның (жұмысты) жинақтау құжаттау

7. Қорғау

Кафедра мәжілісінде бекітілген ___________________20___ ж. хаттама № ______
Жетекшісі:__________________ ______ ________ ______________________
қызметі қолы аты-жөні
Тапсырманы орындауға қабылдадым _______________20___ж. _________________

Жоспар
I.КІРІСПЕ
1. КІНӘ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ
1.1 Кінә ұғымы
1.2. Кінә нысандары
2. КІНӘНІҢ ЕКІ НЫСАНЫМЕН ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫС
2.1 Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстық әрекеттердің түсінігі және оларды талдау
2.2 Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар үшін жауаптылық
II.ҚОРЫТЫНДЫ
III.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өз қызметін өзін бейбітшілікті тұтқан азаматтық қоғам ретінде санап, адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық ретінде бағалап, жоғарғы құқықтық мемлекет құруға үлкен көңіл бөле жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы адам құқығы мен бостандығының негізін салады. Ол құқық билігін жалпыадамзаттың жоғарғы құндылығы ретінде бағалап, мемлекетке құқықтық және демократиялық қоғам құруға конституциялық міндетті жүктеп, ал қоғамның, құқықтық мемлекеттің басына адам, адамның өмірін, оның құқықтары мен бостандықтарын қойған. Осыған негізделе, қылмыстық құқықтың барлық жүйесі және мазмұны бірінші кезекте осы стандарттарға, және жалпы адамдық, гуманизмдік құндылықтарды қорғайтын заңдылық принциптеріне сәйкес келуі тиіс. Соған орай, құқықтық жүйені жан-жақты реформалау және қазақстандық қылмыстық заңнаманы жетілдіру үшін шетел мемлекеттерінің заңдық тәжірибесін зерттеу қажет.
Құқықтық мемлекеттің және заңды гуманизациялаудың құрылуы мен дамуының қадамдарында қылмыстық құқық ғылымы алдында теориялық және практикалық сипаттағы бірқатар проблемалар тізімі өріс алды. Соған байланысты ҚР Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Жолдауында заңшығарушылық қызмет қазіргі заманның талаптары бойынша толық түбегейлі анализ бен жетілдірулерді тілейді деп ескеріп кетеді. Тағы оның жолдауында заңи тұрғыда көңіл аударатынның бірі: "Бізді болашақта үлкен тапсырмалар күтуде, солардың бірі "Қазақстанда мықты фундаментте негізделген заңның күші басқаратын саяси және әлеуметтік әділдікті, халықтың экономикалық бостандығын құру". Ал қылмыспен күресу Егеменді Қазақстанның алдына қойылған басты тапсырмалардың бірі болып қала береді".
Елбасы қылмыстық жазалау жүйесін гуманизациялау және түзеу мекемелерінде ұстау жағдайларын жақсарту жолында ілгері қарай қозғала беруіміз қажет деп атап кеткен болатын.
ҚР-ның қолданыстағы қылмыстық заңнамасы бірқатар іс-әрекеттерді декриминализациялау, жеке қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті жеңілдетіп, бас бостандығын айыруға альтернативті жаза санын кеңейтті. Бірақ, статистика көрсеткендей, құқыққолданушы тәжірибе керісінше қаталдау болып кетті. Сол себептен Елбасының Жолдауында былай делініп кеткен: "...ашық және анық қылмыстық саясатты жүзеге асыру қажет: заң ауыр қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қатаң, ал бірінші рет жеңіл немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандар мен әйелдерге және кәмелеттік жасқа толмағандарға гумандылау болуы тиіс".
Қылмыстық құқықтың маңызды мәселелерінін шешуші шарттарының бірі болып кінәнің бар болуына негізделген жауапкершілік принципін қатаң сақтау және қылмыстық істі қарау кезіндегі заңға негізделген қылмысты дұрыс саралау табылады.
Кез келген заңды айналып өту немесе заңнан шегіну қандай ниетпен жасалса да шыдамдылыққа бөгет болуы мүмкін емес. Қылмыстық құқықтың басты өзекті мәселелерінің бірі қылмыстың субъективті жағының кінә мәселелері болып табылады. Оның негізінде қылмыстық құқықтың маңызды институттары шешімін табады. Кез келген жауапкершіліктің шарты болып кінәнің сәйкес түрі табылады. Жауапкершіліктің кез клген түрінің мазмұны болып табылатын соттау мен жазалау тек, әрекетті кім жасаған және оны жасаған субъект пен оның іс-әретінің арасындағы белгілі психикалық байланыс, яғни кінә болғанда, орын табады.
Жалпы кінәнің және қылмыстық кінәнің категориясы тек қана құқықтық құрылым ретінде ғана емес, кей жағдайда философиялық-этикалық мазмұнмен де анықталады. Кінәні зерттеу тек құқықтық ғылымдардың ғана мақсаты емес, сондықтан да оны философия, социология, этика және психология сияқты ғылымдар тұрғысынан қарастырған жөн. Кінәні барлық дәрежеде қарастыру арқылы көптеген мәселелерге көз жеткізуге болады.
Құқықтық теория мен тәжірибеде кінәнің орны үлкен, мысалы қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінің 9-бабында: "жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты (кінәлі) қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады" делінген. Кінә болмаса, қылмыстың да болуы екі талай. "Nullum crimen sine culpa" - кінәсіз қылмыс жоқ. Яғни кінә қылмыстың мазмұның құрайды. Сондықтан кінәсіз қылмыс та, жауапкершілік те жоқ. Қылмыстық сот өндірісінің негіздерінен туындайтын кінәсіздік презумпциясы кінә маңыздылығынын кепілі болып табылады. Кінәсіздік презумпциясы дегеніміз тұлғаның заң бойынша құзыретті органымен заңда көрсетілген тәртібі бойынша оның кінәсі анықталмағанынша және ол туралы үкім шығарылмағанша, жасалған қылмыс бойынша кінәсіз деп танылуы. Дәлелденбеген кінәлілік дәлелденген кінәсіздікке тең. Сондықтан кінәлілік фактісі болғанымен кінәлау жағы толық мөлшерде кінәні дәлелдеп беруі тиіс. Ал ендеше логикалық пайымдау бойынша дәлелденбеген кінәсіздік дәлелденген кінәлілікке тең деуге бола ма? Қылмыстық құқықтың теориясы мен тәжірибесіндегі заңның кері күші және күмәнділік кінәлінің пайдасына шешілуі керек деген ұғымдар бар. Сондықтан кінәлілік те, кінәсіздік те дәлелденбеген жағдайда сотты жүзеге асырушы құзыретті адам фактілер, белгілі дәлелдер мен өзінің ішкі сезімі негізінде барынша сотталушы адамның тағдырын бұзбай гуманды түрде үкім (шешім) шығаруы тиіс.
Сонымен бұл бітіру жұмыста осы сияқты кінәнің көңіл аударатын талқылауды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі "кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар үшін жауаптылық" тақырыбы қарастырылады. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстарды кейде авторлар кінәнің аралас нысаны деп те атап келеді. Кінәнің аралас нысаның кеңес одағының криминалист ғалымдары өзекті мәселелер қатарына қойған және оны екі нысанды немесе күрделі нысанды кінә деп көрсеткен. М.Д.Шаргородский байқағандай, кінәнің аралас нысанын дамыту ғылыми-техникалық прогресстің дамуына байланысты қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің пайда болуына қатысты. Сол себептен бұл тақырып жоғары оқу орындарындағы оқу программасына өзектілігімен талқылауға салыну үшін енгізілген. Көптеген диссертациялар, монографиялар, комментарийлер мен мақалалар авторлары кейбір қылмыстардың субъективтік жағын саралау кезінде кінәнің аралас нысанының схемасын пайдаланады.
Бұл жұмыста кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстар түсінігі, оларды талдау, аралас нысанды кінәмен жасалған қылмыстық әрекеттер үшін жауаптылық және оның көкейтесті мәселелері мен маңыздылығы, сонымен қатар жалпы кінәнің ұғымы, нысандары, кінәнің пайда болу тарихы, ғалымдардың ой-пікірлері және т.б. мәселелер зерттеу пәні болып ашып көрсетіледі.
Зеріттеу тақырыбының мақсаты:кінәнің түсінігін,нысандарын,ұғымын ішкі өзектілігін,аспектілерін,кінәнің екі нысанда жасалуын, ашып көрсету болып табылады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі:жұмыстағы зеріттеліп отырған мәселелердің мазмұнына,мақсаттарына сәйкес анықталады және ол кіріспеден,негізгі екі бөлімнен, қорытындылардан және пайдаланылған әдебиеттермен нормативтік құқықтық актілердің тізімінен құрылады.

1.1. Кінәнің ұғымы
Кінә қылмыстың субъективтік жағы, оның психологиялық мазмұны болып табылады. Заңдық анықтамаға сүйене қылмыстық құқық ғылымы қылмыстық іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) келесідей белгілерін көрсетеді: а)қоғамға қауіптілігі, б) заңға қайшылық, в) кінәлілік, г) қылмыстық жазаланушылық. Сөйтіп, кінәлілік (яғни кінә - қасақана немесе абайсызда) - қылмыстық құқық бойынша қылмыстың қажетті конститутивті белгісі. Субъективтік жақ пен кінәнің арақатынасы жөніндегі сұрақ бойынша екі көз-қарасты көрсетуге болады. Біріншісі және неғұрлым дұрысырағы бойынша, кінә ол қылмыстың субъективтік жағы; кінә мен субъективті жақтың ұғымы мағынасы жағынан бір болып келеді. Ал екінші көз-қарас бойынша, қылмыстың субъективті жағына кінәнің қасақаналық және абайсыздық түрлерімен қатар ниет, мақсат және басқа да психикалық моменттер кіреді. Кінәні субъектінің психикалық қатынасы, яғни тұлғаның жасалған қылмыстағы шынайы қасақаналығы немесе шынайы абайсыздығы ретінде және қылмыстың құрамы болып келетін субъективтік жақтың белгісі ретінде ерекшелеп көрсеткен жөн. Шынайы қасақаналық пен шынайы абайсыздық белгілі ниетке негізделе, белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекет есебінен пайда болады. Басқаша айтқанда, ниет, мақсат және эмоция кінәні толықтыратын психикалық қатынастың міндетті компоненттері болып табылады. Бұл психологиялық элементтер әртүрлі зандық мағынаға ие. Қылмыстық зардапқа жетуді білдіретін мақсат тікелей қасақаналықтың белгісі болып табылады; ал құрамның шегінен тыс нәтижеге бағытталған мақсат қасақаналықтың бағыттылығын айқындауы мүмкін; ниет пен эмоция қасақаналықтың мазмұның білдіреді және т.с.с. Кінәнің мазмұнына кіретіннің бәрі оның нысанына әсер ете бермейді және оның нысанының анықтамасына кіре бермейді. Сондықтан ниет пен мақсатты кінәнің мазмұнына кіргізуге қарсылық кінәнің мазмұны мен нысаны ұғымдарының араласуына негізделген.
И.Г.Филановскийдің айтуынша: "жеке тұлғаның психологиялық құрылымы ниет, мақсат және эмоциямен шектеліп қоймайды. Оған жасалған қылмыстық әрекетті сипаттайтын басқа да психологиялық категориялар (темперамент, мінез-құлық ерекшеліктері және т.б.) кіреді. Бірақ егер осының бәрін кінәнің құрамына кіргізсек, кінә өзінің спецификасынан, яғни қылмыскердің қылығының элементтерін білдіретін тұрақты формуласынан айрылатын еді". Мұнда екі жағдай қызықтырады, біріншісі, іс-әрекеттің субъективтік жағын тұлғаның психологиялық құрылымымен араластыру; екіншісі, кінәні формула ретінде сипаттау.
Сөйтіп кейбір ғалымдардың айтуынша, кінә мен қылмыстың субъективтік жағының ұғымдары ұқсас ұғымдар ретінде қарастырылуы мүмкін.
Қылмыстың психологиялық мазмұнындағы субъективтік жақ (кінә) біріншіден, субъектінің қоршаған шынайылық пен жасалатын іс-әрекетке деген психикалық қатынасы, екіншіден, ол өзінің динамикасына ие уақыт шегінде басы мен аяғы бар психикалық процесс.
Адамның психологиялық қатынасының теориясын зерттеген В.Н.Мясищев мынаны айтқан: "психикалық тұрғыда адамның қатынасы оның шынайылықтың әртүрлі жақтарымен және шынайылықтың өзімен көпқырлы байланыстарының субъективті, ішкі индивидуалды-таңдаулылық жағын білдіреді".
Психикалық қатынас жалпы басқа да қатынастар сияқты байланыс болып табылады. Бұл субъект пен объект (субъектіні қоршаған орта, шынайылық немесе оның жеке жақтары: табиғат, басқа адамдар, әлеуметтік жағдайлар, қоғам, олардың мүдделері және т.б.) арасындағы байланыс. Адам осы қатынас бойынша байланысты және сол арқылы болатын нәтижені түсіне және таңдай алады.
Әр психологиялық актке қандайда бір дәрежеде үш компонент кіреді -интеллектуалдық, еріктілік және эмоционалдық. Тұрғылықты өмірде бұл компоненттер бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір психикалық қатынастың әртүрлі жақтары болып табылады; оларды жеке-жеке тек теориялық анализ кезінде қарастыруға болады.
Интеллектуалдық кезең. Ойлау - заттар мен құбылыстарды олардың белгілерімен бейнелейтін және оларда, олардың арасында болатын әртүрлі байланыстарды ашатын адамның ой-санасындағы психикалық процесс. Адамның ойы оның ақыл-өрісіне сәйкес емес және ол сезіммен, қабылдаумен және есте сақтаумен бірге оның қаруы болып табылады. Ой-сана ойлаумен бірге адамның психикалық қатынасының интелектуалдық құрамын құрайды.
Еріктілік кезең. Ерік ой-сананың практикалық жағын білдіріп, адамның практикалық қызметін қалыптастырудан тұрады. Мінез-құлықты ерікті реттеу - ол ақыл-ой мен физикалық күштерді мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тартуға бағыттау. Еріктілік күші арқылы адам өзінің мінез-құлқын қадағалап, өз іс-әрекеттеріне басшылық ете алады, белгілі қоғамдық нормаларға қайшы әрекеттерге барудан бас тартады, мақсатына жету үшін жолындағы кедергілерден өтеді немесе жояды. Сонымен ерік адам санасының практикалық жағын білдіргендіктен, еріктілік қатынас тек нақты әрекет немесе әрекетсіздікте болады.
Эмоционалдық кезең. Адамның әр әрекетінің, сонымен қатар қылмыстық әрекеттің қажетті элементін білдіреді. Эмоционалдық кезең заңшығарушымен кінә нысандарының анықтамасына кіргізілмеген. Бірақ эмоция кінәнің психикалық қатынасының мазмұнына кіреді.
Эмоция 1) кенеттен пайда болатын жағдайлардан туындайтын эмоция ретінде; 2) жүйке-психикалық тонустың өзгеруінен болатын эмоционалдық күй ретінде; 3) белгілі бір объектіге бағытталған эмоционалдық (жағымды немесе жағымсыз) қатынастардың таңдаулы түрі ретінде көрініс табады. Осыған байланысты эмоция қылмыс жасау кезінде әртүрлі роль атқарады. Біріншіден, эмоция қылмыс жасау кезінде ниет ретінде (махаббат сезімі, жек көрушілік, қорқыныш, үрей, қатыгездік және т.б.) орын табуы мүмкін. Екіншіден, ол кінәнің интелектуалдық және еріктілік процесстеріне әсер етіп, қылмыс жасауға түрткі болуы мүмкін. Үшіншіден, эмоция қылмысқа аффекті әсерінен апаруы мүмкін.
Қылмыстар өздерінің психологиялық механизмдері бойынша әртүрлі, және әртүрлі нұсқаларда интеллектуалдық, еріктілік және эмоционалдық бөлімдер әртүрлі роль атқарады.
Шынайы өмірлік ситуацияларда адамда әдетте мінез-құлық әрекетінің бірнеше нұсқасы болады. Субъект осы нұсқаларды бағалайды, яғни мінез-құлықтың әлеуметтік нормаларын ескереді, өзінің қылығымен пайда болуы мүмкін әртүрлі нәтижелерді бағалайды. Осы бағалаудың негізінде іс-әрекеттің жасалуына кедергі болатын кері ниет (контрниет) пайда болуы мүмкін. Мысалы, жауаптылықтан қорқу, зардаптың болуын тілемеу және т.б. - яғни бұл жерде ниеттер арасында психикалық күрес жүреді. Осы күрестің нәтижесінде субъект белгілі әрекетті жасауға шешім қабылдайды. Шешімді қабылдау кезеңі қылмыстық қасақаналық немесе қылмыстық абайсыздықтың туу кезеңі болып табылады.
Келесі қадам әрекетті жоспарлау, яғни кезеңдерді анықтау, мақсатқа жету құралдарын таңдау, ойлағанын жүзеге асыру және шешімді орындау болып келеді.
Бұл келтірілген схематика қылмыстық әрекеттің көптеген жағдайларын көрсете алмайды; қылмыс жасаудың психологиялық механизмі жай ғана мөлшерлі немесе өте күрделі болып келе береді. Кей жағдайларда еріктілік актінің ашық этаптары кездеспеуі мүмкін, мысалы: ниеттердің күресі немесе әрекеттерді жоспарлау, адам өзін-өзі сақтап қалу үшін немесе басқада көптеген себептерден кенеттен қылмысқа баруы мүмкін және т.б.
Бірақ қылмыс көп жағдайда адам мінез-құлқының саналы еріктілік актісін білдіреді, соған қарамастан бұл ережеден тыс ерекшелік жоқ деп айтуға болмайды. Себебі кей кезде тұлға өз мінез-құлқын ұмытшақтық немесе шашыраңқылықтық, жаңғалақтық нәтижесінен түсіне және бағалай алмайды. Қылмыс импульс арқылы жасалуы мүмкін. Егер қылмыс терең физиологиялық мастық нәтижесінен, қатты физиологиялық аффект немесе күнделікті автоматизм нәтижесінен жасалынса, ол саналы еріктілік бақылаудан айрылуы мүмкін. Бірақ саналы еріктілік бақылаудан айрылған барлық жағдайларда адамда сәйкесінше саналы еріктілік акт мүмкіндігі болады, субъектіде өз мінез-құлқын реттейтін қабілеті негізінде ерік бостандығы болады, міне сондықтан адам осы жасаған ісіне жауапты болады.
1.2. Кінәнің нысаны
Кінәнің мазмұны, нысандары. Осы категорияларды дұрыс түсіне және қолдана білу, олардың қатынастары мен тәжірибелік маңызын білу кінәні зерттеудегі нақты және дұрыс әдіс болады. Осы категорияларды зерттеу арқылы қылмыстық құқықтағы кінә институтын тереңірек білуге болады.
Кінә мазмұны. Бұл категорияның нақты, бірақ тәжірибеде оның мазмұның нақты анықтау ауырлау. Өйткені көптеген объективтік жағы ұқсас қылмыстар, көптеген кінә нысандары бірдей қылмыстар бар да, ал мазмұны жағынан бірдей немесе жақын қылмыстарды кездестіру мүмкін емес. Сондықтан кінәнің мазмұның анықтау қылмыс субъектісінің кінәсін дұрыс анықтау және саралау үшін керек. Кінә белгілі қылмыстағы субъектінің психикалық жағдайы болғандықтан, кінә мазмұнына да субъектінің психикалық жағдайын құрайтын психикалық элементтер жиынтығы (ерік, ой-сана, эмоция, ниет, мақсат) кіреді. Бірақ аталған психикалық элементтер қылмыстың мазмұның тек белгілі бір қылмыстың объективті белгілерінде орын алғанда және осы белгілерге адам қандайда қатынасты болғанда құрайды. Соған байланысты, кінә мазмұны дегеніміз - қылмыстың объективті белгілерін білдіретін психикалық элементтер жиынтығы. Нақты қылмыс бойынша кінәнің мазмұны нақты қылмыстағы қасақаналық пен абайсыздықтың мазмұнынан тұрады.
Кінә мазмұны - бұл қылмыс құрамының объективті белгілері, және де кінәлінің жазасын ауырлататын және жеңілдететін қылмыстың объективті жағдайлары. Кінә мазмұны тек қылмыстың нақты объективті белгілеріне ғана тәуелді емес, сонымен бірге заңдағы қылмыс құрамының құрылымына да тәуелді.
Нақты құрамдар бойынша кінә мазмұны кінә нысанына сілтеу арқылы; қылмыстың субъективті жағының белгілері арқылы; субъектінің психикалық қатынасын білдіретін ауырлататын және жеңілдететін қылмыстың объективті белгілері арқылы анықталады.
Кінә нысаны. Нысан - бұл мазмұнның ішкі құрылысы, олардың байланысы, оның элементтерінің қатынасы. Кінә нысаны мемлекеттің заңшығарушыларымен анықталады және құқықтық ұғым болып табылады. Кінә нысандарын анықтай отырып заңшығарушы екі психикалық элементті пайдаланады, олар: интеллекетуалдық (алдын ала болжау, білу, сезіну, ойлау, ұғыну) және қылмыстың объективті жағының екі элементімен (әрекет және нәтижемен) байланысы бар еріктілік (қылмысты тілеу, қылмысқа, қылмыстық зардапқа жол беру немесе жол бермеу) кезеңдер. Ендеше, осыдан біз кінә нысаның анықтауда кінә мазмұнына кіретін элементтердің бәрі қатыса бермейтінін байқаймыз. Бұл материалдық қылмыс құрамдары үшін қалып болып келсе, формальды, яғни нәтиже объективті жақтың элементі болмайтын, қылмыс құрамдары үшін еріктілік кезеңі тек іс-әрекетке қатысты айтылғандықтан өзгеше болады. Нәтиже кінә нысанына әсер етпейді. Қасақаналық та, абайсыздық та формальды құрамдарда қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікке қатысты анықталады.
Сонымен кінә нысаны кінә мазмұнына қарағанда мағынасы жағынан терең, бірақ белгілері жағынан кедейлеу болып келді.
B.В.Люциктің айтуы бойынша кінә "нысандарын" және интеллектуалдық еріктілік кезеңдерінен құралған мазмұнын төмендегі схема түрінде көрсетуге болады:

Қасақана кінә
Абайсызда кінә
Тікелей
касақаналық
Эвентуалды
(жанама)
қасақаналық
Қылмыстық
менмендік
Қылмыстық
немқұрайдылық
Зардаптың
Болатынын
Алдын ала осы
Зардаптын
Болуын тіледі
Зардаптың
Болатынын алдын
Ала білді,
Зардаптың болуын
тілемеді, бірақ саналы түрде жол берді
Зардаптың болатынын алдын ала білді, бірақ жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенді
Зардаптың болатынын тілемеді, болжап білуге тиіс және мүмкін еді, бірақ зардаптың болатынын алдын ала болжап біле алмады

ҚР қылмыстық кодексінің жалпы бөлімінің баптарына сәйкес кінәнің нақты екі нысаны бар: қасақаналық және абайсыздық. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады.
Қасақана жасалған қылмыс болып тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін және болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.
Абайсызда жасалған қылмыс болып менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған деп танылады.
Қасақаналықтың жалпы сипаттамасы. Қасақаналық қылмыстық заңнамамен абайсыздыққа қарағанда кінәнің ауырлау түрі ретінде қарастырылады. Бірдей жағдайлар мен шарттарда жасалған абайсыздық пен қасақаналық қылмыстарды қарасақ қасақаналықтың жазасы әлдеқайда ауыр. Оны біз қылмыстық кодекстің нормаларының санкцияларынан көре аламыз: 96-бап пен 101-бап; 103,104, 105 (денсаулыққа қасақана зиян келтірулер) және 111 (денсаулыққа абайсызда зиян келтіру); 187 мен 188-баптар.
Айыптымен тек қасақана қылмыс жасалған жағдайда кінәлі адам келтірілген зардап фактісіне сай емес, қасақаналықтың мазмұны мен бағыт ниетіне сай жауапқа тартылады. Бірақ жауапқа тарту кезінде зардап фактісі есепке алынады. Абайсызда жасалатын қылмыстарда формальды қылмыс құрамы болуы мүмкін емес, тек қасақана қылмыс жасау кезінде мына қылмыстық әрекет формалары болуы мүмкін: қылмысқа дайындалу, оқталу, қылмысқа қатысу, қылмыс жасауға қастандық.
Қасақаналықты абайсыздықпен салыстырсақ оның қоғамға қауіптілігі жоғары дедік. Енді оның жоғарлығы немен анықталады, соған жауап іздейік.
Біріншіден, саналы түрде қоғамға зиян келтіруге бағытталған қасақаналық әрекетте абайсыз әрекетке қарағанда сол зиянды фактілі келтіру мүмкіндік дәрежесі жоғары. Қасақаналық қылмыстың субъектісі қоғамға зиян келтіретін өзіне көрінеу әрекет тәсілдерінің бірін таңдап алады. Мысалы: абайсызда атылған оқ пен қасақана атылған оқты салыстырсақ, адам өміріне қасақана атылған оқтың қауіптілік мүмкіндігі жоғары.
Екіншіден, қоғамға едәуір қауіпті болып қасақана қылмыс жасаған адамдар саналады, себебі қасақаналықтың қоғам мүддесіне кері әсері көп.
Заң қасақаналықтың келесідей белгілеріне сілтейді: а) адамның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынуы; б) адамның қоғамға қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екенін алдын ала білуі; в) зардаптың болуын тілеуі (тікелей қасақаналық бойынша) немесе зардаптардың болуына саналы түрде жол беруі (жанама қасақаналық бойынша). Алғашқы екі белгі қасақаналықтың интеллектуалдық элементін білдірсе, соңғы белгі оның еріктілік элементін білдіреді.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті екенін түсіну қасақаналықтың абайсыздықтан айыратын басты белгілерінің бірі болып табылады. Қоғамға қауіптілік - ол қылмыстың барлық объективті белгілерімен құралатын іс-әрекеттің қасиеті, және ол қоғамға, қоғамдық қатынастарға заңшығарушының нормаларына қайшы әрекеттер арқылы зиян келтіреді. Сондықтан қоғамға қауіптілікті ұғыну іс- әрекеттің фактілік белгілерінің әлеуметтік қасиеттеріне келіп тіреледі.
Қасақаналықтың келесі белгілерінің бірі интеллектуалдық кезең, яғни тұлғаның өз іс-әрекеттерінің қоғамға қауіпті нәтижесін алдын ала болжауы (білуі). Алдын ала білу қоғамға қауіптілікті түсіну сияқты а) нәтиженің фактілік мәнін алдын ала көруді және б) оның қоғамға қауіптілік мәнін алдын ала түсінуді кіргізеді. Қоғамға қауіптілікті алдын ала білу мен қоғамға қауіптілікті ұғыну арасында белгілі ұқсастық бар: екеуі де субъектімен белгілі фактілерді білуін білдіреді. Қоғамға қауіпті зардапты алдын ала болжап білу - ол болашақта көрініс табатын фактілерді ұғыну; іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) қоғамға қауіпті екенін ұғыну - ол нақ жасалатын іс-әрекеттің қасиеттері туралы түсінік.
Бұл қасақаналық түрлері заңнамаға сәйкес қылмыстық құқық пәнінде орын тапқан. Ал қылмыстық құқықтың теориясы мен сот практикасына қарайтын болсақ, тікелей және жанама қасақаналықтардан басқа оның мына түрлерін атап кетсе болады:
a) қасақаналықтың мазмұнының мәні бойынша: анықталған, анықталмаған қасақаналық, альтернативті қасақаналық;
б) бағыттылық мәні бойынша: жалпы және арнайы қасақаналық;
в) пайда болу шарты бойынша: алдын ала ойластырылған қасақаналық, аяқ астынан пайда болған қасақаналық, аффектірленген қасақаналық болып бөлінеді.
Қасақаналықты былай бөлу кінәлінің психикалық қатынасын нақты жекелеуге, оның кінәсінің дәрежесі мен нақты мәнін анықтауға мүмкіндік береді, яғни кінәлінің жауапкершілігін дұрыс нақтылауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты П.Дагель[4] қасақаналықтың бұл түрлерін дұрыс анықтау жасалған қылмысты саралау үшін маңызды деп айтады.
Қасақаналықтың бұл түрлері кінәнің өз бетінше жеке түрін білдірмейді, тікелей және жанама қасақаналықтың орнын баспай, тек олардың шегінде құрылады.
Абайсыздықтың жалпы сипаттамасы. Абайсыздық қасақаналықпен бірге қылмыстық құқықтағы кінәнің негізгі нысаны болып табылады. Жоғарыда айтып кеткендей абайсыздық кінәнің қауіптілігі төмендеу түрі. Сөзсіз, қасақаналықпен жалпы салыстырғанда оның қоғамға қауіптілік дәрежесі төмен. Бірақ абайсыздықтың қауіпін төмен деп санаған үлкен қателік болар, себебі кей жағдайларда абайсызда жасалған қылмыстардың қаупі, олардың зардабы өте үлкен болуы мүмкін. Мысалға, В.А.Серебрякова көрсеткен 1961, 1962 және 1963жж. Москвадағы қасақана және абайсызда кісі өлтіру мәліметтеріне сәйкес айыпталушылардың 37,2 % қасақана адам өлтіру бойынша, қалған 62,8 % абайсызда кісі өлтіру бойынша сотталған.
Абайсызда жасалған қылмыстармен күрес маңыздылығы барлық шаруашылық және тұрмыстық салалардың техникалық дамуымен байланысты, өйткені жаңа техникалық құралдар мен жабдықтар арнайы техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды, ұқыптылықты, назарды және зейінді қажет ететін қауіптіліктің көздерінін өсуін білдіреді. Қазіргі таңда техниканы пайдалануға байланысты абайсыздықпен істелетін қылмыстардың өсуінің тенденциясы байқалады.
Кінә нысаны ретіндегі абайсыздық ерекшеліктері абайсыздық үшін қылмыстық жауапкершіліктің ерекшеліктерін анықтайды. Бұл ерекшеліктер: абайсызда жасалған қылмыс нәтиже бойынша, және де қылмыс тәсілдері мен амалдары бойынша, зардаптың клтірілген қызмет саласы бойынша сараланады. Нәтиженің пайда болмауы әдетте зардапты келтіру қаупін абайсыз тудыру үшін жауапкершілікті тудырмайды.
Кеңес одағы кезінде абайсыздық кінә нысанының түрлерін заңнамада біріктіріп, бір ғана нысан ретінде өндірген. Тек Литва мен Эстония Социалистік Республикаларының қылмыстық кодекстерінде абайсыздық анықтамасы оның екі түрін (менмендік және немқұрайдылық) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кінә
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАҒЫ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау
Кінә дәрежесі
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы
Кінә нысандары
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу
Бағалы қағаздар нарығында айла - шарғы жасау
Абайсыздықтардан жасалынған қылмыстар және қасақаналықпен жасалынатын қылмыстар туралы түсінік
Пәндер