Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Тәрбие технологиясы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Тәрбие технологиясының ұғымы, құрылымы
1.1 Тәрбие туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3 Тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.Тәрбие технологиясы: тәрбие жұмысының формалары
2.1.Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы ... ..27
2.2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері ... ... ... ... ..29
2.3. Тәрбие жұмысының формасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Жалпы педагогикалық процесте педагогикалық жұмыс та өз саласын табады. Бұл процесс, әдетте, тәуелсіз сипаттағы құбылыс ретінде қарастырылады, өйткені өзінің сипаттамаларына ие бола отырып, ол оқу процесіне де, даму процесіне де әсер етпейді. Тәрбие жолын зерттейтін педагогика саласы тәрбие теориясы деп аталады. Егер оқу процесінің субъектілері мұғалім мен оқушы болса, онда мұғалім мен оқушы педагогикалық процестің қатысушылары болып табылады.Бастауыш мектепте білім беруді де, тәрбиені де басқаратындардың бірі-кәсіби тәрбиеші.
Тәрбие бірнеше ерекшеліктерге ие. Оның ең басты ерекшелігі - мақсатты бағытталуы. Тәрбие ұйымдасуынан күтілетін жоғары тиімділік оның алдына тартылған мақсаттың балаға жақын әрі түсінікті болуынан. Мақсат бірлігі, өзара қызметтестік осы заманғы тәрбие үдерісінің негізгі сипатын құрайды. Тәрбие үдерісі - көп жағдаятты, оның құрамында субъектив және шынайы себептер ықпал-әрекетке келеді. Ескеретін жәйт - тәрбиеші іс-әрекеті тек шынайы заңдылықтарымен анықталып қалмайды. Себебі тәрбие - өнер, ал өнер тәрбиеші тұлғасына, оның даралығына, тәрбиеленушілермен түзген қатынасына орай туындайды. Тәрбие үдерісінің күрделілігі одан күткен нәтиженің нақты ұстамға келмейоқу үдерісіндегідей дер мезетінде көрінбеуінде.
Тәрбиелік пен тәрбиесіздік қалыптардың жүз беруі аралығында қажетті тұлға қажеттерінің ұзаққа созылған қалыптасу кезеңі жатыр. Себебі бала әртүрлі ықпалдарға кезігіп, оң да, теріс те тәжірибе жинақтайды. Ал тәрбие осы жинақталған тұлғалық тәжірибеден келеңсіз сапаларды шығарып тастап, олардың орнын ұнамды қасиеттермен толықтырып барады. Тәрбиенің және бір күрделілік себебі оның өте қозғалмалы (динамичность) болуында, осыдан тәрбие үдерісі жылдам ауысады, тез өзгеріске келеді.
Нәтиже баламалылығы мен екіүштылығы да осы тәрбие үдерісін ерекшелейтін сипат. Бір жағдайда теңдей тәсілдерді қолданғанның өзінде қолға кірер нәтиже әрқилы болуы мүмкін. Мұның себебі - тәрбиеленушінің даралығы, әлеуметтік тәжірибесі мен тәрбиеге болған қатынасы. Тәрбиелеушілердің кәсіби дайындық деңгейі, олардың педагогикалық шеберлігі, тәрбиеленушілермен қатынас жасай білу ептілігі де - тәрбие барысы мен нәтижеге күшті әсерін тигізеді.
Педагогикалық әдебиеттер мен мектеп практикасына талдау жасау барысында мектеп мұғалімдерінің тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда көптеген қиындықтар да тап болатыны байқалады. Бұл тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен жеткілікті білімнің болмауынан және тәрбие жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру іскерліктерінің жетіспеушілігіне байланысты тұындайды. Мұндай кемшіліктерді жеңу педагогикалық теорияны әлдеқайда сапалы меңгерумен ғана байланысты емес, сонымен бірге төрбие қызметін ұйымдастырудың кешенді, жүйелі әрі мақсатқа ұмтылған әрекеттерін меңгеруге де байланысты. Мұндай қиыншьшықтарды практикалық іс-әрекеттен тыс жеңу мүмкін емес.
Зерттеу мақсаты: мектеп оқушыларының санасы мен белсенділіктерін арттыру, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы мен тәрбиелік мәні туралы мағлұмат беру. Мектепте тәрбиелік шараларды ұйымдастыру әдістемелерін қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
Тәрбие ұжымы, оның мәні, белгілері;
Балалар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық топтық іс-әрекет;
Тәрбиелік істі жоспарлауда педагог тәрбиеленушілердің дайындық деңгейі;
Тәрбие технологиясы, тәрбиелік шараларды ұйымдастыру формалары туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Тәрбие технологиясының ұғымы, құрылымы
1.1 Тәрбие туралы түсінік
Тәрбие -динамикалық, диалектикалық және үзіліссіз процесс. Тәрбие-дегеніміз адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді енбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпақтарға қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі.Жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамдық жолға қарай дамуын қамтамасыз ету.Балада берік һәм дұрыс мінез пайда болу үшін тәрбиеші мынау негізгі екі шартты орындау керек.
Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келмейтін істе ғана тәрбиеші көмек көрсетіп жіберуге міндетті. Күшпен асатын іске кірісіп, баланың тауы шағылмасы үшін баланы құбылмайтын, ұсақтықпен темірдей тәртіпке бағындыру керек. Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, темір тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа бағындыру, табандылыкка үйретеді. Осы екі жағы тең адамның мінезі күшті болмақ қой. Баланы тіпті еркіне жібермеу оны жасқаншақ, жасық, қорқақ қылады. Ал тіпті тізгінсіз қоя беру, ләм-мим демей, оның бар еркелігін орындай беру баланы бейбастық, ессіз тентек қылып шығарады.
Осы екі жақтың біреуіне аударып жібермей баланы ортада ұстай білу үшін тәрбиеші мынаны істеу керек.
Балаға бір нәрсені істе дегенде ақырмай, бақырмай, салмақпен һәм былайда жарайды, деген табансыздық көрсетпеу керек.
Тәрбиешінің табансыздығын сезсе бала оны сыйлаудан, тілін алудан қалады. Тәрбиеші тиянақты болса, бала оның тиянағына еліктейді.
Балаға бір нәрсе істе деген де, істеме дегенде де, бұл бұйрықтын себебін ұққандай қылып балаға ұқтырып отыру керек.
Себебін ұқса, біраздан соң бала өз бетімен -ақ дұрыс іске ұмтылып, теріс істен тиылатын болады. Мән жайын ұқтырмай, құр бұйрық беруші адам -тәрбиеші емес.
Тәрбие деген- баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Яки отырса-басқа, тұрса аяққа ұрып, көрбала қылып өсіру де емес. Баланы тәрбие қылу -тұрмыс маңдайында ақылы мен, әдіс пен күресе білетін адам шығару деген сөз-дейді М.Жұмабаев.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың өзіне дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу тәрбие жұмыстарында сана сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім оқушының білімге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды. Өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстар тақырыптары; ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесін ұштастырып алады.
2.Тәрбие технологиясы ұғымы Елбасы Н.Ә. Назарбаев мұғалімдердің Республикалық II -съезінде атап көрсеткендей оқыту мен тәрбиелеудің бір -бірінен ажырап қалуы, тәрбиенің оқытуға қосымша шара деңгейіне дейін төмендеп кетуі де жастар арасындағы мұратсыздық пен кері кенеушілікке себеп болды. Сондықтан да Үкімет білім беру жүйесін реформалау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім Заңын және соған сәйкес жасалған Білім беру мекемелеріндетәрбие үрдісін ұйымдастырудың кешенді бағдарламасын жасап енгізді.
Тәрбиенің 11 бағытын ұсынды.
Ақыл-ой тәрбиесі.
Дене тәрбиесі.
Салауатты өмір салтына.
Адамгершілік тәрбиесі.
Оқушылардың өзін-өзі жетілдіру.
Саяси тәрбие.
Құқықтық тәрбие
Еңбекке тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие.
Экологиялық тәрбие.
Экономикалық тәрбие.
Бастауыш сыныптардың жас ерекшеліктеріне байланысты 9 бағыты таңдап алынған. 1-4 сынып оқушыларын тәрбиелеудің негізгі ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ мектепке келу-баланың өміріндегі маңызды оның өсіп жетілуі мен тәрбиесіне терең із қалдыратын кезең. Сабақ барысындағы тәрбие оқушының бәріне бірдей көңіл бөлуді талап етеді. Мысалы мұғалімнің жеке басының этикасы, сынып тазалығына мән беруі, амандасуы сияқты 1-2 минут қана уақыт кететін сабақтың ұйымдастыру кезеңі арқылы ғана адамгершілік эстетикалык тәрбие элементтері бала бойына сіңеді.
Мұны А.С. Макаренко Лекций о воспитаии детей еңбегінде: Сіз баланы өміріңіздің әрбір сәтімен тәрбиелейсіз дей келе, балалардың бойында жақсы әдеттердің мықтап қалыптасуына ұмтылу керек, ал бұл мақсат үшін ең бастысы -- дұрыс әрекет жасауға ұдайы жаттықтыру болып табылады, деп тәрбиешіге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Бұл жерде әдіскер немесе сынып жетекшісі тәрбиелеуші күштерді шоғырландыру тактикасын қолданатыны сөзсіз. Жеке пән мамандары өз салалары бойынша тәрбие жұмыстарын сабақ арқылы да, сабақтан тыс уақыттада жүргізіледі. Мұндай жүйенің тиімділігі біріншіден, өзіміз сөз етіп отырған оқыту мен тәрбиелеу үрдістерінің біріктірілуін жүзеге асырады;
екіншіден мұғалімнің барлығы да бір үлгіде, бірдей тәрбие ісіне тартылады; үшіншіден тәрбие мен тікелей мамандар айналысатындықтан тәрбие тиімді болады.

Сонымен қатар кешенді бағдарлама Тұлға әрекет үстінде ғана қалыптасады деген әдістемелік тұжырымды басшылыққа алады. Бұл жерде мұғалім оқушы ата - ана, яғни, субъект- субъект -субъектқатынасындағы екінші субъектінің мүдделілігіне тоқталмай кетуге болмайды. Олар: өзін-өзі бақылау, зерттеу, шығарма, тренинг, дебет т.б.
Тәрбие үрдісі кезінде келесі субъекті болып табылатын ата-ана мектептегі сабақ үрдісін үйде жалғастыра отырып, тәрбиелеуші болып есептеледі. А.С.Макаренконың Ерте бала кезінен бастап тәрбиелеу -қайта тәрбиелеуге қарағанда әлдеқайда жеңіл-дейді.
ХХ ғасырдың ірі өкілі белгілі ағартушы Ж.Аймауытов ұстаз қызметін былай суреттейді балаларға білім берумен тәрбиелеумен мұғалімнің қызметі тәмәм болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол шәкірттерінің алдағы өмірін өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып оларға келешекте өмірден аяғын шалыс басып, соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушы қамқоры.
Білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең ойшыл, білгілеріңіз келсе, ең сынампаз бөлігі болып табылады. Білім саласы қызметкерлерінің отаншылдығы халықтын басқа буындармен салыстырғанда анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кеше отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін беріп қана қоймай, оларды адамдық, адалдық тазалық гуманизм Отан сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тәрбиеленуінен дейді.
Технология (грек. , "шеберлік, өнер" және "ғылым заңы" дегенді білдіреді) - шеберлік туралы ғылым. Технология-берілген нәтижеге кепілдік беретін тұрақты әрекеттер. Технология қойылған мәселелерді шешудің алгоритмін қамтиды, оны қолданудың негізі -- процесті басқару және тиісті циклдардың қайталануы идеясы.
Кәсіби қызметтің Білім беру саласында технологиялардың әртүрлі түрлері бар: білім беру технологиялары, педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары және тәрбие технологиялары...
Білім беру технологиясы (білім беру саласындағы технология) -- бұл кез-келген білім беру саласында (оқыту, тәрбиелеу және дамыту) қажетті нәтижеге жету үшін ғылыми және іс жүзінде негізделген әдістер мен құралдардың жиынтығы. Білім беру педагогикалық, әртүрлі әлеуметтік, әлеуметтік-саяси, басқару, мәдениеттану, психологиялық-педагогикалық, медициналық-педагогикалық, экономикалық және басқа да байланысты процестер мен аспектілерді қамтиды.

Педагогикалық технология-бұл техникалық және адами ресурстарды және олардың өзара іс-қимылын ескере отырып, оқытудың және білімді игерудің бүкіл процесін құрудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білім беру нысандарын оңтайландыру (ЮНЕСКО).

Педагогикалық технологияның белгілері:
технология белгілі бір педагогикалық идея үшін жасалады, оның негізінде автордың белгілі бір әдіснамалық, философиялық ұстанымы жатыр;
іс-қимылдардың, операциялардың, коммуникациялардың технологиялық тізбегі нақты күтілетін нәтиже нысаны бар нысаналы қондырғыларға қатаң сәйкес құрылады;
технологияның жұмыс істеуі даралау және саралау принциптерін, адами және техникалық мүмкіндіктерді оңтайлы іске асыруды ескере отырып, мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты қызметін шарттық негізде қарастырады;
педагогикалық технология элементтерін кезең-кезеңмен жоспарлау және дәйекті түрде жүзеге асыру, бір жағынан, кез-келген мұғалім қайталап, екінші жағынан, барлық оқушылардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне кепілдік беруі керек;
технологияның органикалық бөлігі-қызмет нәтижелерін өлшеу критерийлері, көрсеткіштері мен құралдары бар диагностикалық процедуралар.
Тәрбие теориясы-тәрбиенің мәнін, заңдылықтарын, қозғаушы күштерін, оның негізгі құрылымдық элементтерін ашатын, сонымен қатар білім берудің әртүрлі тұжырымдамалары мен білім беру жүйелерін қарастыратын педагогиканың бөлімі. Отандық педагогика ғылымында К.Д. Ушинский "адам тәрбие пәні ретінде: педагогикалық антропология тәжірибесі", "ұлт және қоғамдық тәрбие туралы"еңбектерінде тәрбие теориясының негізін қалады. 20-30 жылдары. ХХ ғ. а. с. тәрбиенің үйлесімді теориясын жасады. Макаренко өз еңбектерінде "тәрбие мақсаты", "отбасындағы және мектептегі тәрбие", "балаларды тәрбиелеу туралы дәрістер", "тәрбие жұмысының әдістемесі".

Қазіргі педагогикалық ғылым тәрбиенің көптеген теориялары мен тұжырымдамаларын қамтиды, олардың айырмашылығы зерттеуші ғалымдардың адам туралы және оның жеке басының қалыптасуы, баланың тәрбиесі мен дамуындағы мұғалімнің рөлі туралы әртүрлі идеяларына байланысты. Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамалары келесі философиялық ілімдер мен психологиялық теорияларға негізделген:

Л.С.Выготский, П.А.Флоренский, Д.Радьярдың әлеуметтік-энергетикалық (мәдени-рулық) теориясы;
А. Маслоудың гуманистік психологиясы, к. Роджерс;
Д. Локк, Д. Уотсон, Б. Скиннердің мінез-құлық (мінез-құлық) теориясы;
К. Лореннің биологиялық (генетикалық) теориясы, Д. Кеннел;
А. Гезелл, З. Фрейд, А. Фрейд, Э. Эриксонның психоаналитикалық теориясы;
когнитивті теория Дж. Пиаже, Л. Колберг, Д. Дьюи және т. б.
Тәрбие технологиясы-нақты білім беру мақсаттарына оңтайлы қол жеткізілетін тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасында осындай қатынастарды орнатуға ықпал ететін ғылыми негізделген әдістер мен әдістемелер жүйесін қамтитын бірлескен тәрбие іс-әрекетінің барлық егжей-тегжейлі ойластырылған моделі. Немесе дәлірек айтқанда: Тәрбие технологиясы - бұл процесс субъектілері арасында осындай қатынастарды орнатуға ықпал ететін ғылыми негізделген әдістер мен әдістер жүйесі, онда тікелей байланыста білім алушыларды жалпы адамзаттық мәдени құндылықтармен таныстыру мақсатына қол жеткізіледі.
Білім беру технологияларының тиімділігі көбінесе олар жүзеге асырылатын педагогикалық жағдайларға байланысты. Н. е. Щуркованың пікірінше, бұл жағдайлар білім беру технологиясының жетістігін құрылған педагогикалық технологиямен бірдей дәрежеде анықтайды. Білім беру технологияларының сәттілігін анықтайтын педагогикалық жағдайларға, ең алдымен, мұғалімнің жеке ерекшеліктерін (эрудиция, мұғалімнің жеке басының ерекшелігі, қызығушылықтары мен хоббиі, оның мәдениеті және т.б.) жатқызуға болады. Педагогикалық әдептілік пен оптимизммен, негізгі тонмен көрінетін оқушыларға үлкен мән беріледі. Тәрбие процесі мен балалар психологиясының заңдылықтарын терең білуде, диагностика әдістерін меңгеруде және т. б. көрінетін мұғалімнің кәсібилігі маңызды емес.
Білім беру технологияларын құру кезінде күтілетін нақты НӘТИЖЕЛЕР нақты тұжырымдалған мақсат қойылады. Білім беру технологиясының мазмұндық компоненті оның жетістігі үшін диагноз қойылған мақсат сияқты маңызды және технология ақпараттық немесе дамытушылық, дәстүрлі немесе тұлғаға бағытталған, өнімді немесе тиімсіз бола ма, соған байланысты. Негізінен, білім беру технологиясының тиімділігі мақсаттардың, іс-әрекеттің мазмұнының, таңдалған формалар мен әдістердің өзара тұжырымдамалық байланыстылығына байланысты.
Тәрбие технологияларының жалпыға бірдей танылған деңгейлері: жалпы педагогикалық, жеке-әдістемелік және жергілікті тәрбие технологиялары. Әр деңгейдегі білім беру технологияларының мысалдарын келтірейік.
Жалпы педагогикалық тәрбие технологияларының мысалдары:
Адамгершілік-тұлғалық технологияш Ш.А.Амонашвили (ерекше мақсатты бағдарлары бар: оның жеке қасиеттерін ашу арқылы асыл адамның қалыптасуына, дамуына және тәрбиесіне ықпал ету; тәрбиенің идеалы - өзін-өзі тәрбиелеу);
Павлыш мектебіндегі тәрбие жүйесі-В. А. Сухомлинский;
еңбек тәрбиесінің моделі-А. А. Католиков (А. С. Макаренко коммунасының жүйесі бойынша балалар жасампаз еңбекке үйренеді; тұжырымдамалық идеялар: Еңбек-жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі; әр балаға қызығушылық пен көңіл бөлу; баланың жеке қызығушылығы, ізденісі, "өмірге тәбеті" болуы керек);
"Мектеп тәрбие жүйесі ретінде" - В. А. Караковский;
"орыс мектебі" авторлық моделі-и. Ф. Гончаров (мақсатты бағыттары бар: жаңа орыс адамын қалыптастыру - жоғары моральдық білімді, рухани бай, еңбекқор, физикалық дамыған, өзін-өзі тәрбиелеуге және шығармашылыққа қабілетті, өз Отанын жақсы көреді; дәстүрлі орыс мәдениетін қайта жаңғырту, оқушыларды этномәдени дәстүрге қосу; Ресейдің ең бай мәдени мұрасын игеру; ояну орыс ұлттық сана - сезімі, орыс ұлттық сипаты);
"Артек" және "Орленок" Халықаралық балалар орталықтарының тәрбие жүйесі.
Тәрбиенің жеке әдістемелік технологияларының мысалдары:
И.П. Иванов технологиясы-ұжымдық шығармашылық қызмет жағдайында қоғамдық шығармашылықты тәрбиелеу технологиясы;
И.П. Волковтың технологиясы: "шығармашылық бөлмедегі" балалардың әртүрлі сабақтан тыс іс-әрекеттеріндегі балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту;
О. С. Газманның педагогикалық қолдау технологиясы (принциптері мен ережелері: бала педагогикалық мақсаттарға жетудің құралы бола алмайды; мұғалімнің өзін-өзі жүзеге асыруы баланың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруынан тұрады; баланы әрдайым сол күйінде қабылдаңыз, оны үнемі өзгертіңіз; бас тартудың барлық қиындықтарын адамгершілік құралдарымен жеңіңіз; сіздің жеке басыңыздың және баланың жеке басының қадір-қасиетін төмендетпеңіз; балалар - болашақ мәдениеттің тасымалдаушылары; өз мәдениетіңізді өсіп келе жатқан ұрпақтың мәдениетімен өлшеңіз; Мәдениет диалогы ретінде тәрбиелеу; ешкімді ешкіммен салыстырмаңыз, іс-әрекеттің нәтижелерін салыстыруға болады; сенім тексермеңіз; қателік құқығын мойындаңыз және ол үшін соттамаңыз; өз қателігіңізді мойындай біліңіз; баланы қорғай отырып, оны қорғауға үйретіңіз);

1.2 Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Қазіргі білім беруді ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғаға бағытталған тәсіл жағдайында тәрбие процесінің орындылығы, мәні мен мазмұны ғана емес, сонымен қатар тәрбиенің ұйымдастырушылық формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Бұл дәстүрлі формаларды қайта ойластыруға және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылық іздеуге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеті нақты мақсатқа бағытталған. Нақты көзқарасты дамыту: музыка, сурет салу, табиғат, кітап оқу және т. б. Осыған байланысты ұйымның формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқу конференциясы, дәрісхана, саяхат, мектеп балы және т.б. содан кейін оқушылардың жасына және жеке ерекшеліктеріне, сынып жағдайына байланысты тақырыптың нақты атауы анықталады. Мысалы: "неге адамға музыка керек?"- пікірталас," менің оқудағы жетістігімді кім анықтайды "- тәрбие сағаты, "қоғамдағы өзгерістер, оған деген көзқарасым" - дөңгелек үстел, "батыл, күшті, епті" - спорттық ойын және т. б. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формасы неғұрлым әр түрлі болса, мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау оңайырақ және нәтижелі болады.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін ұйымдастыру жұмыстарындағы іс әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастырылу тәсіліне байланысты.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский былай дейді: "Балалар әсемдік, ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлеміндс өмір сүруі міндетті". Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндеттеріне, қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелегсн оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мсн кемшіліктеріне байланысты атқарылады. Сондықтан оны жіктеуде белгілі бір дәрежеде қиындық туады. Яғни, нысанаға әсер етуге сай (жеке-дара топтық, көпшілікформалары) және төрбиенің бағыты мен міндеттеріне байланысты (ақыл-ой, адамгершілік, эстетика- лық, дене, еңбек, экологиялық, экономикалық, құқықтық жіктеу ұсынылады. Ол мынандай болады:
1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру қабырға газстін шығару, альбом жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.
2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, әртістермен, еңбек азаматтарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және жауынгерлермен).
3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру тақырыптық, шолулық, жедел хабар,
4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды үйымдастыру.
5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жүмыстарына сай көрмелер өткізу.
6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікірталас әңгіме түрінде тәрбие жүмыстарын үйымдастыру.
8 .Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетболэ футбол, шаңгы тебу т.с.с.
9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.
10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып оқырмаңдар конференциясын өткізіп отыру.
11. Мектепгегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер т.б.
12. Үйірме жүмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.
13. "Атамекен" бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.
14. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мерекелерін атап өту,
15. Сынып жиналыстарын өткізу.
16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын үйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.
17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.
18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызлікті қарттарға көмек көрсету жүмыстарын үйымдастыру.
19. Оқушылардың қысқы. жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын үйымдастыру.
20. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жүмысына қатысу.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыста әр шәкірттің ерекшелігі мен бейімі, талабы еске алынады. Олай болса сынып жетекшісі өзінің негізгі кызметін жүзеге асыруда оқушылармен сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының формасын таңдайды. Олар, ең алдымен оқушылардың әртүрлі әрекеттерін ұйымдастырумен байланысты болып келеді. Яғни, тәрбие жұмысының формасын әрекеттің түрлері арқылы бөліп қарастыруғаболады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болатындақтан, оның мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегіәрекеттің маңызына ерекше мән берген жөн. Оның бірнеше түрі бар: танымдық, көңіл көтерушілік, спорттық-сауықтыру, енбек, шығармашылық.
Сабақтан тыс тәрбие жүмысының танымдық әрекеті баланың танымдық қызығушылығын, оқуға жағымды тудыру, оқу дағдысын жетілдіруді көздейді. Ол оқу әрекетінің жалғасы ретінде тек басқадай формадақолданылады. Мысалы, "Не? Қашан? Қайда?"- викторина ойыны немесе мұражайға, көрмеге саяхат т.с.с.
Көңіл көтеру әрекеті. Ол балалардың құнды демалысын ұйымдастыру, жағымды эмоция тудыру, ұжымда жылы шырай көңіл күйі, жолдастық-ынтымақтастық жағдай орнату, жүйке шиеленісуін болдырмау үшін нәтижелі. Дегенмен де сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық және көңіл көтерушілік әрекеттері өзара жиі байланыста болады. Мысалы: әртүрлі байқаулар, конкурстар, викториналарды атауға болады.
Спорттық-сауықтыру әрекеті. Балалар үшін сабақтан тыс тәрбие жүмысының осындай әрекеті олардың толыққанды денсаулығы хМен дене бітімінің үйлесімді дамуы үшін қажет. Спорттық-сауықтыру әрекеті табиғатқа саяхат жасау, спорттық, жылжымалы ойындар, спартакиада, туризм, жорықтар арқылы жүзеге асады.
Еңбек әрекеті. Ол еңбектің әр түрінің мазмұны арқылы көрініс береді: тұрмыстық, қол еңбегі, қоғамдық пайдалы, өзіне-өзі қызмет көрсету. Әрекеттің бүл түрі мүғалімдер үшін біршама қиындықтар туғызады. Дегенмен де оның күш қайрат жұмсауы оқушылардың әртүрлі жүйелі еңбек әрекетін ұйымдастырудағы тәрбие жүмысының нәтижесіне бағытталады. Нәтижесінде, балада еңбек ету қажеттілігін және өзін танып білуге деген құштарлығын қалыптастырады. Еңбек әрекеті көбінесе сыныпта кезекшілік ету, оның тазалығын сақтау, мектеп шеберханасында жұмыс істеу, сенбіліктерге қатысу, сыныптың, болмаса мектепті күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу, сабақтар жүйесінде көрнекі құралдарын жасау, шефтік жұмыстарын атқару барысында атқарылады.
Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығармашылық әрекет концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершіліқ, әсерленушілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.
Адамгершілік сана адамгершілік түсінікті және мінез-құлық нормасын меңгеруде әңгіме, пікірталас, ойын, т.б. формалар арқылы қалыптасады.
Тәрбие жүмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді үйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оның элементтері мынандай болып келеді.
1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат -- педагоггардың үйыңдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысая.ы, "Жаңа жыл бал-маскарады", "Қайырымдылық акциясы", "Ғылыми апталық" т.с.с.
Мақсат - тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, ейткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды. Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді. Мысалы, "Адамға музыка неүшін керек?" тақырыбының мақсаты оқушылардың музыкалық мөдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне: 1) оқушылардың музыкалық талғамы жөне қызығушылығын айқындау (сауалнама, әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы т.с.с);
2) музыка жайында көзқарастарын және түсінікгерін қалыптастыру (кеш өткізу, кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру); 3) әр түрлі музыка жанрларына белгілі бір қатынастарын орнықтыру (мүғалімнің сөзі, -оқушылардың пікірі, әңгіме жүргізу, мәдени жорық, кездесу өткізу).
2. Тәрбие жүмысының формасын таңдау, шараның тақырыбын анықтау. Мысалы, пресс-конференция, оқырмандар конференциясы, тақырыптық сағат, демалыс кеші, көңілділер мен тапқырлар клубы, пікірталас, кездесу, дөңгелек стол.
3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жүмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық түрғыдан даярлау.
4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезендері:
-шараның басталуы, психологиялық кеңіл-күйді орнықтыру: әдеби-музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күйтабақ иемесе үнтаспа ойнату;
-ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;
- негізгі бөлім: шараның міндеттері, жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әрекеттері;
-қорытынды бөлім: шараны қорытындылау, оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру т.с.с.
5. Педагогикалық талдау жүмысы: шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу т.с.с.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнына әсер ететін факторларға:
1. Мектептің ерекшелігі және ондағы қалыптасқан дәстүр. Мысалы, егер мектепте оқуда басымдылық берілген болса, онда сабақтан тыс тәрбие жүмысында таным аспектісі басым болады т.с.с.
2. Оқушылардың жас, жеке-дара және сынып ерекшелігі.
3. Мұғалімнің өзінің жеке басының ерекшелігі, қызығушылығы, бейімі т.с.с. Егерде мүғалім оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысса, онда оның мақсатына жетуге ықпал ететін сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмүнын таңдайды. Басқадай мұғалім үшін, мүмкін оқыту процесінде түлғаны қалыптастыру маңызды болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында еңбек және шығармашылық әрекетке басымдылық беріледі; оқушыларға спорттық-сауықтыру әрекеті арқылы ықпал ету, көбінесе спротты жақсы көретін мұғалім арқылы болады.
Оқу қызметі секілді тәрбие үдерісі де белгілі формада ұйымдастырылады. Бастауыш мектеп тәрбиесі сабақтағы оқу үдерісімен байланысты жүргізіледі. Дегенмен, сабақтан, сыныптан тыс ерекше жұмыс формалары да қолданылады - олар педагогикада тәрбиелік істер деп қабылданған. Тәрбиелік істер- тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекеттерін ұйымдастыру және оларды жүзеге келтіру формасы. Тәрбиелік істер - жарқын еңбек пен ойынға, шығармашылық пен жолдастық қатынасқа, өмірлік арман мен қуанышқа толы бірлікті қызметтің орындалу формасы. Бұл формада тәрбиешілердің өз оқушыларымен араласа әрекетке келу шарттары, құрал-жабдықтары мен тәсілдері бір-біріне ауысып, ажыралмас бірлік, тұтастыққа түсіп жатады. Тәрбиелік істердің басты ерекшеліктері - қажеттілігі, пайдалылығы, орындалу мүмкіндігінің болуы. Әрқандай тәрбие үдерісі үздіксіз өтіп жататын тәрбиелік істер тізбегінен құралады.
Тәрбиелік істер негізінде екі мүдде көзге түседі - іс-әрекеттік және кешендік. Алғашқысының тәрбие алдына қоятын талабы - оқушылардың әрқилы іс-әрекеттерін ұйымдастыру: танымдық, еңбектік, қоғамдық, көркемөнерлік, спорттық, құндылықты бағытталған еркін қарым-қатынас түзу, ал екіншісінің алға тартатыны - барша іс-әрекет түрлерін табиғи бірлікке келтіре пайдалану. Тәрбиелік іс бір мезеттің өзінде инабаттық, эстетикалық, еңбектік, сана-сезімдік ықпалдардың бірдей әсерінде болады.
Орындалатын нақты іс міндеттері басым келген тәрбие мақсаты (әдетте, бұл инабаттық тәрбиесі) анықтайды. Әрқандай істе тәрбиенің жалпы бағытымен (ақыл-парасәт, дене шынықтыру, еңбектік және т.б.) сәйкес өзекті тұжырым ажыралады. Тәрбиелік іс міндеттерінің мағынасын ұғу - оның тиімділігінің басты шарты. Ол міндеттер ептілікпен түсінімге келтіріліп, оқушылар санасына жеткізілуі қажет. Өз ой, көзқарасыңызды балаларға таңушы болмаңыз, қажетті шешім қабылдау керектігін балаларға ұқтырыңыз, шешімді балалар өз еншісі деп сезінетін болсын. Тәрбиелік істің қас жауы
- енжарлық. Оқушылар мінез-құлығына жіті назар салсаңыз, олардың өздері-ақ нені өзгерту керектігін жайып салады. Тәрбиелік істер ойсыз еліктеуді көтермейді, оларға тән ере-кшелік - икемшілдік пен кең әрекет өрістілігі. Сыныптардың, жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие процесын ұйымдастыру
Оқушылардың шығармашылыққа ұмтылуы
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Мектептегі тәрбиелік шараларды ұйымдастыру әдістемесі
ОҚУШЫНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Пәндер