Антигистаминді препараттар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жансыздандыруға алдын - ала дайындық (премедикация) және наркоздың өту салдары.
Наркоздың түрлері және наркозға арналған дәрілік заттар.
Жергілікті жансыздандырудың жіктелуі.
Ингаляциялық наркозға арналған дәрілік заттар.
Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілік заттар.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Наркоз (грек. Narcosis - ұйып қалу) - орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организді жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Наркоздан кейін жануар есіне толық не жартылай айырылып ауыру сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады.
Анестезиологтар жіберілетін дәрінің мөлшерін аппарат (электрэнцефалогтар) арқылы бақылап, тамырдың соғуын, қан қысымын өлшеп отырады. Өйткені науқыастың организмі жіберілген дәріге реакция беріп, анафиластикалық шок (естен тану) болуы не наркоз беретін түтік тыныс жолдарын жарақаттап, ауаның өтпей қалуы мүмкін.
XX ғасырдың басына дейін жануарларға жалпы жансыздандыру жасалмай операциялар жасалды. Қатты ауырсыну сезімінің нәтижесінде, мал мазасызданып, операция жүргізу қиындыққа соқтырған, сонымен қатар мал да, оташы да қасындағы көмекшілеріне де кесірі тиетін болған. Ауырсыну сезімі ақатты болғанда мал операциялық шокқа ұшырап, өлім жағдайларыда кездескен. Көптеген зерттеулер дәлелдеген, ауырсыну сезімі жануарлар организміне қолайсыз жағдай туғызады. Орталық жүйке жүйесінің қызметі өзгереді, соған байланысты ұлпаларлардың қоректенуі, бүкіл ағзаның және жүйенің жұмысы бұзылады. Қазіргі кезде ветеринарлық хирургияда операцияның барлық түріне жансыздандыру жасалады, тек қарапайым немесе қысқа мерзімді операцияларда ғана жасалмайды. Барлық үй жанурларының ауырсыну сезімі жоғары, тек құстың сезімталдығы төмендеу. Терінің, көздің, ауыздың, танау қуысының, қынаптың, тік ішектің кілегейлі қабықтарының және т.б. сезімталдылығы жоғары. Құрсақтың, ішектің, өкпенің, талақтың, жатырдың, мидың ауырсыну сезімталдығы төмендеу.
Жалпы анестетиктердің әсерінің клиникалық көріністері ертеден белгілі болғанымен, оларға әсер ету механизмі ұзақ уақыт бойы белгісіз болды және осы кезеңге дейін толық түсінікті емес.
Наркозыдң тарихи маңызы бар теориялары мен жалпы анестезияның әсер ету механизмі жөнінде заманауи түсініктер емес. Наркоздың теорияларына тоқталып өтсек. Олар:
Каронның коагуляциялық теориясы (1864 жыл). Бұл теория бойынша анестетиктер клетка ішіндегі белоктарды ұйытып, жүйке клеткаларының бұзылуына әкеп соқтырады.
Германның липоидтық теориясы (1866 жыл). Бұл теория анестетиктердің майларда еритін қасиетіне негізделген. Ми тінінде липоидтердің мөлшері өте көп (лецитин, холестерин). Осының салдарынан анестетиктер типоидотроптық қасиетіне байланысты орталық жүйке жүйесіне жеңіл өтіп, наркоздық ұйқы шақыратын өзгерістер туғызады.
Анестетик май тіндерінде неғұрлым тез өтетін болса, соғұрлым оның анестетикалық қуаты басым болады (Мейер - Овертон заңы).
Варбург (1911 жыл) пен Ферворнның (1912 жыл) тотығу қалыптьастыру теориясы. Бұл теория бойынша анестетиктен ми тіндері клеткаларындағы тотығу қалыптастыру процестерін реттейтін ферметтерді тежейді.
Жансыздандырудың 2 түрін ажыратады: жалпы және жергілікті. Далпы жансыздандыру немесе наркоз - жануарларға есірткі препараттарды енгізу арқылы орталық жүйке жүйесінің қайтымды тежелуі. Есінің, сезімталдылықтың, бұлшықет тонысуының және кейбір рефлекстердің жоғалуы байқалады, бірақ сопақша мида орналасқан тыныс алу, 18 тамырқозғағыш және тегіс бұлшық еттердің өмірлік маңызы зор орталықтардың жұмыс қабілеті сақталады.
Курстық жұмыстың мақсаты - медицинада және ветеринарлық медицинада қолданылатын наркозды анықтап, толық зерттеу. Наркоздың түрлеріне тоқталу, осы уақытқа дейін жасалған теориялармен танысу, салдарын бекіту.
Курстық жұмыстың міндеті - жоспар бойынша қарастырылған міндіттерге тоқталу. Жануарларға пайдалану арқылы операцияны орындауға дәріл заттар жергілікті жіне жалпы жансыздандыруларды пайдалану жолы туралы тоқталу.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Жансыздандыруға алдын - ала дайындық (премедикация) және накоздың өту салдары.

Қазіргі уақытта наркоздың ең маңызды кезеңі фармакологиялық дайындық - перемедикация. Ол наркозды жасау техникасын жеңілдетеді, емірткінің жағымсыз әсерін жояды, қауіпті вегетативті рефлекстерін азайтад немесе жояды. Премедикация қолданатын препараттардың есірткі заттарнан айырмашылығы жүйке жүйесінің айырнайы бөлімдеріне әсер етеді. Олардың әсерінен наркозға қолданылатын есірткелік препараттардың дозалары кемітіледі. Премидикациялық препараттар келесі топтарға бөлінеді.

Седативтік препараттар немесе нейролептиктер (транквилизаторлар); лат. Tranquillare - аминазин, трифтазин, пропазин, феназепам, амизил, мепротан, дроперидол, комбелен және т.б. жатады.
Миореласканттар. Анестезиологияның негізгі жетістігі кураре тәрізді заттарды бұлшықеттердің босаңсуы үшін қолдану болып табылады. Диплацин, диоксоний, ардуан, дитилин және т.б. препараттар операция кезінде көптеп өолданылады.
Холиналитикалық препараттар. Бұл топтың басты өкілі - атропин, скополамин, платфилин. Олар секреция бездерін тежейді, ларинго және бронхоспазмды төмендетеді. Колапс, жүрек және тыныс алудың тоқтауын алдын алады.
Анальгетикалық препараттар. Олар екі топқа бөлінеді: есіркелік (морфин, промедол, кодеин, фентацил) және есірткелік емес (анальгин, антипирин, амдопирин). Осы препараттар ауырсынуды есті бұзбай төмендетеді. Бұл препараттардың мөлшерден тыс берілуі жалпы қозуды шақырады, ал өз мөлшерінен аспаса тыныс алудың тежелуі байқалады.
Ұйқы келтіретін препараттар. Ингаляциялық наркоз алдында барбитураттар (барбитал, фенобарбитал, барбамил) немесе нитразепам, метаквалон, хлоралгидрат, бромизолвал және т.б. препараттар қолданылады.
Антигистаминді препараттар. Операция барысында және ұлпаларға зақым келгенде көп мөлшерде гистаминнің бөлінуі байқалады. Егерде гистамин қанға түссе, наркоздың өтуі және операцияны жүргізу қиындайды (қан қысымы төмендейді, қан тамырының өткізгіштігі жоғарлайды). Белсені антигистаминді препарат димедрол болып табылады.
Наркоздың клиникалық ағымы сатылардан өтеді. Наркотикалық затты организмге енгізген кензде заңды түрде белгілі бір сатылық болатыны анықталды. Наркозыдң сатыларын эфирмен наркоз берген кезде анық байқауға болады. Осыған байланысты, эфир наркозының сатылары анестезиологияда стандарт есебінде қолданылады. Ұсынылған жіктеулердің ішінде кең тарағаны Гведелдің жіктеуі (классификациясы) болады. Бұл классификация бойынша наркоздың 4 сатысы бар. Олар:
I сатасы - анальгезия сатысы. Наркоздың баталуынан 3-5 минут өткеннен кейін басталады. Температуралық, тактильдік сезімталдық және рефлекстер сақталады, ауырсыну сезімі күрт азаяды. Есі жоғалады, бірақ терісінің түсі өзгермеген, гимодинамика мен тыныс алуы өзгеріссіз болады. Рефлекстері жоғарлаған. Ауыру сезімі үдемелі түрде тежеліп, толық анальнизия дамиды. Оны қысқы уақыт жасалатын операцияларды қолданылады. Бұл наркозды рауш - наркоз деп те айтылады.
II сатысы - қозу. Есі толық жоғалғаннан кейін пайда болады. Бұл кезде ауру мал қозушаң болады, тынысы жиелеген, тахикардия, көздің қарашықтары кеңейген, жарыққа жауап бермейді. Наркоздың екінші сатысы ми қабаты астындағы түзілістердің белсенділігінің артуымен сабақтасады. Ауру мал құсуы мүмкін.
III сатысы - хирургиялық ұйқы - жансыздандырудың міндеті болып табылады. Бұл сатыда хирургиялық операциялар жасалады. Хирургиялық ұйқы сатысы 4 деңгейге бөлінеді. Олар бір бірінен тыныс алу жағдайына, жүрек қантамыр жүйесінің қызметіне, бұлшықеттің босаңсуы мен рефлекстердің жойылуына қарап ажыратылады. Хирургиялық ұйқы сатысының деңгейін көздің рефлекстері арқылы аныұтау ыңғайлы, өйткені олар сопақша мидың көзді қозғайшы орталығымен тікелей байланыстыболады және тыныс алумен қан айналым орталықтарына жақын орналасады. Сондықтан қарашықтардың реакциясына қарап, тыныс алу мен жүрек қызметінің жағдайын анықтауға болады.
1 деңгей - көз алмаларының қозғалу деңгейі. Осы деңгейдің аяғында көз алмаларының еріксіз қозғалуы тоқтап, олар орталық қалыпқа келеді.
2 деңней - қасаң қабық рефлексі. Бұл деңгейдің аяқталуы қасаң қабық рефлексінің жоғалуымен сипатталады.
3 деңгей - қарашықтардың кеңею деңгейі.
4 деңгей - диафрагмальді тыныстың қатты тежелуі байқалады. Наркозды әрі қарай тереңдетсе, тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтардың салдануы дамып, өлімге алып келуі мүмкін.
IV сатысы - ояну. Анестетика беруді тоқтатқаннан соң басталады, реефлекстердің, бұлшық ет тонысуының, сананың біртіндеп, наркоздың аталған сатыларына кері тәртіппен қалпына келуімен сипатталады.
Жануардың жағдайына, наркоздың тереңдігі мен ұзақтығына байланысты ояну сатысы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Наркоздың әртүрлі сатысы болуымен қатар оның төрт түрлі дәрежесін кездестіруге болады. Олар:
Наркозыдң бірінші дәрежесін базистік немесе беткейлік наркоз дейді. Наркоздың бұл дәрежесінде организмның ауырсыну сезгіштігі толығымен жойылады, көлденең жолақты бұлшық еттердің тонусы бірден төмендейді, ал тыныс алу, тамыр соғу, қан қысымы өзгеріссіз қалады.
Екінші дәрежелі наркозды - айқын наркоз деп атайды. Наркоздың бұл дірежесінде организмнің ауырсыну сезщіштігі толығымен жойылып, көлденең жолақты бұлшық еттердің тонусы бірден төмендегенімен, тыныс алу жүйесі мен жүректің қызметі өзгермейді.
Үшінші дәрежелі наркозды - терең наркоз деп атайды. Наркоздың бұл дәрежесінде рефлекстер толығымен жойылады, тыныс алу әлсірейді, қан қысымы төмендейді, тамыр соғыу жылдам болғанымен, әлсіз болады.
Төртінші дәрежелі наркозды - аса тереі наркоз немесе мөлшерден шектен тыс асып кетуі деп те аталады. Наркозыдң бұл дәрежесіндне ең маңызды орталықтардың қызметі бұзылады: қан қысымы бірден төмендейді, тамыр соғуы әлсірейді, тыныс алу сиреп, бірқалыпсызданады. Егерде тыныс алу және жүрек қан жүйесінде патологиялық құбылыстар болатын болса, наркоз мөлшерінің шектен тыс асып кетуі жануарлардың өліміне әкеп соқтырады. Наркоз кезінде орталық жүйке жүйесінің барлық бөлігі әлсірегенімен, тыныс алу мен жүрек жұмысын реттейтін сопақша ми қызметі аса қатты өзгеріске ұшырамайды. Бірақ сопақша ми қызметіндегі біршама өзгерістердің өзі тыныс алу мен қызметін әлсіретіп, қан қысымы төмендейді. Сондықтан да наркоздық заттар концентрациясының аз ған ұлғаюы, тыныс алудың әлсіреуіне, тіптен сал болып қалуына (паралич) әкеп соқтырады. Кейде, тыныс алу орталығының салдануы жүректің тоқтауына ұласады. Осыларды ескере отырып ветеринарияда негізінен жеңіл наркозды қолданады. Наркоздың бұл түрі жануарлар үшін қауіпсіз және көптеген операцияларды жасауға жеткілікті болады.

2. Наркоздың түрлері және наркозға араналған дәрілік заттар.

Жалпы наркотикалық заттарды енгізу жолына байланысты наркоздың мынадай түрлері ажыратылады.
Ингаляциялық наркоз - наркотикалық затты тыныс жолдары арқылы енгізеді. Ингаляциялық емес - наркоз наркотикалық затты басқа жолдармен енгізеді. (1- кесте)
Ингаляциялық емес наркозды келесі тәсілдермен енгізеді:

Ингаляциялық емес наркозды әсер ету мерзіміне қарай мынадай үш топқа бөлуге болады.

Ингаляциялық наркозға арналған дәрілік заттар.

Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілік заттар.

1. Ұшқыш сүйық заттар - наркозға арналгануфир - фторотан (галотан) - метокси (пентран) - трихлорэтинен (трилен) - энфлуран - изофлуран - десфлуран - флороксен
2. Газ тәріздес заттар: - азот тотығы - циклопропан

1.Барбитура қышқылының туындылары: - тиопентал - натрий - гексенал - метагекситал (бриетал)
2.Барбитура емес препараттар: - пропанидид (сомбревин, эпонтол) - натрий оксибураты (ГОМК) - кетамин (кеталар, калипсол) - пердион (виадрил) - альфаксолон (альтдресин) - этомидрат (раденаркон, гипномидат) - пропофол (диприван)

1 кесте.
Күре тамырлық - анестезия күре тамырына ауырсыздандыратын заттарды енгізу арқылы жүргізілетін жансыздандырудың түрі.
Негізгі артықшылығы - техникалық қарапайымдылық және сенімділік болып табылады. Күре тамырлық наркозды енгізу үшін мына заттар қолданылады: гексеналь, тиопенталь, натрий, кетамин, натрий оксибутираты, диприван, натрий пропанидид пайдаланылады.
Орталық аналгизияда морффин, фонтаниль, иснтозин перепараттары пайдалынылады. Бұл препараттар ауру сезімін тарататын рефлекстердің қызсетін бұзу арқылы асар етеді.
Нейролептаналгизия (НЛА) - веналық анестезия әдісі. Ол күшті нейролептикті және наркотикалық анальгетиктерді қосып қолдануға негізделген. Бұл кезде науқастың қозғалу тынымсыздығы жоғалады, хирургиялық агрессияға реакциясы төмендейді және науқаста қоршаған орта деген немқұрайлық пада болады.
Миорелаксанттар жүйке ет талшығы синапсындағы Нм холинорецепторларына таңдамалы әсер етіп, қаңқа бұлшықеттің қайтарымды параличіне әкелетін дәрілер. Бұл топтың дәрілерін анестезиологияды қолданылады.

Антидеполяризациялаушы миорелаксанттар (пахикураре)
Антидеполяризациялаушы миорелаксанттардың қатаң молекулалары арасындағы ширек азот атомдары қашықтығы 1,0 +-0,1 нм. Молекула құрамына гидрофобты ароматикалық және гитероциклды радикалдар енеді.
Антидеполяризациялаушы миорелаксанттардың механизмі қаңқа мускулатурасы Н холинорецторларында фцетилхолинмен бәсекелес антогенизге түсу. Миорелаксанттар рецептрлардың аниондық ортылығын тежейді, сонымен қатар аниондық орталықты қоршап тұрған рецептор бөліктерімен вандерваальс байланыстарын түзеді. Шеткі пластикада тыныштық потенциалын тұрақтандырып, Н - холинорецепторларды тежеу қаңқа еттерінде әлсіз паралич шақырады. Миорелаксанттар жоғары концентрацияда қаңқа еттерінің ашық натрий каналдарында өткізгіштерді тікелей бұзады.
Деполиризациялаушы миорелаксанттар (лептукураре). Деполиризациялаушы миорелаксанттардың өкілі дитилен. Бұл ширек амин екі ацеилхолин янтарь қышқылының дихолин эфирі молекуласының қосылған сызықты структуралы, ширек азот атомдары ара қашықтығы 1,45 нм болады (лептукуаре - жіңішке куаре, герк. - жіңішке, нәзік). Дитилин Н - холинорецепторлармен гидрофты байланыс түзбейді, антидеполяризациялаушы миорелаксанттарға қарағанда ет талшықтарында 20 есе артық диналады.
Дитилин, Н - холинорецептрларды қоздыра отырып, қаңқа еттерінің ұшындағы пластинкаларда қайтымсыз, тұрақты диполяризацияға әкеледі. Бұл процес потенциалын өткізуді бұзады. Дитилин енгізген алғашқы кезде еттердің фасцикуляциясы, кейін әлсіз паралич дамиды. Деполиразация кезінде қаңқа еттері калий иондарынан айырылып, ет әлсіздігің себебі болып, әрі аса жоғары гиперкалимия бйқалады.
Соңғысы жүрек тоқтауына жүрек шамасыздығы бар, жүрек гликозиттермен зәр айдаушы дәрілер қабылдаушылар сонымен қатар күйікте, жарақатта, рабдомиолизмде, жұлын жарақаттанған ауруларға әкеп соқтырады.

3. Жергілікті жансыздандырудың жіктелуі.

Жергілікті жансыздандыру - жануарлар денесінің белгілі бір аумағының ауырсыну сезімін уақытша жоғалтуы. Сезімтал жүйке талшықтары арқылы импульстердің өткізкін немесе рецепторларды тежеу арқылы іске асырылады. Анафилаксиялы шоктың немесе аллергиялық реакцияның алдын алу үшін жергілікті жансыздандыру жүргізбестен бұрын жануарлар қолданған анестетиктерге сезімталдыған тексерген дұрыс. Егер малдың осы анестетикке сезімталдығ жоғары болса, онда оны анестетиктің басқа түрімен ауыстыру қажет, немесе жалпы жансыздандыру қолдану керек. Тек ауырсыну сезгіштігінің жоғалуы аналгезия, ал ал сезгіштің барлық түрлерінің жоғалуы анестезия деп аталады (1 - сурет).

1 сурет - Жергілікті жансыздандыру.
Жергілікті жансыздандырудың түрлері мынадай:
1. Терминальді;
2. Инфильтрациялық;
3. Аумақтық (регионарлық);
Паравертебральды
Қабырға аралық
Бағандық
Сакральдық
Бас аумағының анестезиясы
4. Жұлындық
5. Перидуральді;
6. Сүйек ішілік;
7. Вена тамырлары арқылы аумақтық жансыздандыру;
8. Көлденең кесінді боймен жансыздаедыру;
Дергілікті жансыздандырудың әсер ету мерзімін ұзарту дәне артериальдік қан ағыс қысымын азайту үшін анестетик еріндісіне адреналинді (инфекциялық жансыздандыру үшін адреналиннің 0,1% ерітіндісінің 2-5 тамшысын анестетик ерітіндісінің 100 мл, ал терминальді жансыздандыру үшін навакоин немесе тримекоин ерітіндісінің 1 мл 1 тамшыдан қосу керек. Адреналиннің орнына эфедринді қолдануға болады 5% ерітіндісінің 1 тамшысын анестетиктің 5 мл қосып терминальды жансыздандыру үшін пайдалануға болады. Адреналинді және эфедринді тек анестетикті қолданар алдында ғана қолданады.
Жана айтылған жергілікті жансыздандырудың екеуіне тоқтала кетейін. Олар: терминальді жергілікті жансыздандыру және аумақтық немесе регионарлық жергілікті жансыздандыру.
Терминальды жансыздандыру - беткейлік жансыздандыру немесе ауырсынуды басу. Ағза ұлпаларының жансыздандырғаш ерітінділермен тікелей әсерлесуі арқылы іске асырылады. Хлорэтильді тері бетіне бүрку өңделген аумақтың салқындауына және ауырсынуды сезу қабілетінің төмендеуіне әкеледі, осы әдіс майда абсцестерді,гематомаларды кесіп өңдеуге мүмкіндік береді. Осы жансыздандыруды қолдану арқылы күрделі хирургиялық операцияларды жүргіе алмаймыз.терминальді анестезия негізінен офтальмологияда, стоматологияда, урологияда көптеп қолданыылады.терминальды анестезияның тәсілдері: кілегейлі қабаттарға жағу арқылы немесе тамызу арқылы жүзеге асырылады. Терминальді анестезияны қолданбастан бұрын седативтік препараттарды пайдалану керек. Осы тәсілді іске асыру үшін: 1-3% кокаин ерітіндісі, 0,25-2% дикаин және 1-5% тримекаин, ксилокаин, лидокаиннің ерітінділерін қолданады. Инфекциялдық жансыздандыру күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік береді, жергілікті анестетикті ұлпалардың әр қабатына жіберу арқылы жүзеге асырылады. Кеуде қуысы немесе құрсақ ағзаларына операция жасағанда 0,25%-дік новакаинді бірінші тері ішіне, содан соң тері астына, шандырлар немесе бұлшықеттер апоневроздарға егіледі. Бүйрекке операция жасағанда новакаинді бүйректңғ қос шандырларының арасына егеді. Осы тәсіл қауіпсыз болғасын кәрі және әлсіз жануарларға қоллдануға болады, бірақ айта кететін жайт алдымен седативтік премедикацияны жүргізу қажет.
Аумақтық немесе регионарлық жергілікті жансыздандыру. Регионарлық анестезия анестетиктерді тиікелей ірі жүйкелер бойына немесе жүйке шогырларына, жұлынның түбіршектері аумағына жіберу арқылы іске асырылады. Бұл осы тежелетін жүйкелер немесе жүйке шоғыры жүйкелендіретін аумақты толыты ансыздандыруға және ауырсынуды басуға мүмкіндік береді. Малдар нен бас аумағы және аяқтарының жүйкелері тежеледі. Аяқ жүйкелерін тежеу диагностикалық мақсаттарда да жүргізіледі. Паравертебралді тежеу люмбаго, радикулитов, омыртқалардың соғылулары мен сынуында қолданылады. Инені омырқаның өсіндісінің 1-1,5 см шетке, теріге перпендикуляр етіп сүйекке тигенше енгізеді, Осыдан кейін инені артқа қарай тартып 5 10 мл 0,52% новокаина ерітіндісін салады. Радикулиттерді емдеу үшін 100 250 мкг В12витаминін және 10 15 мг преднизолонды қосып салады. Тежеуді екі жағынан бірге жүргізеді. Негізінен тежеу бір рет жасалады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бронх демікпесі
Наркоздың өту сатылары
Бүйрек және зәр шығару мүшелерінің аурулары
Аллергоздар
Науқасты қабылдау
Жалпы және жергілікті жансыздандыру
Жүкті әйелдердің, емізу кезіндегі (лактация) және қарт адамдардағы фармакотерапия
АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК ПРОФИЛАКТИКАСЫ, АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Наркоздың түрлері
Цестодтардың жіктелуі
Пәндер