Оқушыға оқудың пайдасын түсіндіру
Қазақстан Республиасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Педагогика
Тақырыбы: Оқыту процесінде ынталандыру әдістерін қолданудың маңызын қарастыру
Орындаған: Абеуова Ж.А.
Ғылыми жетекші: Жексенова Б.О.
Тіркеу нөмері:_______________
Баға:_______________________
Қолы:______________________
Қарағанды , 2023 жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
I Оқыту процесінде ынталандыру әдістерінің сипаты.
1.1 Ынталандыру әдістерінің мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .6-8
1.2. Мадақтау, жазалау әдісі арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-13
1.3. Математика сабағында топтық жарыс арқылы оқушының ынтасын артыру, қарым-қатынасын жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-15
II тарау. Ынталандыру әдістерінің оқушының математика пәніне деген қызығушылығы және жеке қасиетіне, көзқрасына тигізетін мүмкіндігі.
2.1 Математика сабағында ойын арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру және мақсаттарына жетуге ынталандыр ... ... ... 16-19
2.2. Ыңталандыру әдістері арқылы оқушының дұрыс шешім қабылдауға үйретіп, тәрбиеге ықпал ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20-21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22-23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-26
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті. (К.Д.Ушинский).Бізде, қазақта ұстазды ағартушы санаған. Неліктен? Себебі әр ұстаз алдына келген шәкіртіне білім де, тәрбие де, өмірлік сабақтарды да үйрету арқылы шәкірттін болашағын, адами қалыпын, жүрегін ағартпақ. Ушинский айтқандай ұстаздың әр білімі, тәрбиесі оқушыға күннің сәулесі секілді тең таралмақ. Абай, Шәкәрім, Ыбырай және қазақтың басқа да ойшыл ғалым, ағартушылары ұстаздың дәрежесін, орның айқын айтып, көрсетіп кеткен.
Міне осы ұстаздың іс-әрекетін, оқушымен қарым-қатынасын, шеберлігін педагогика ғылымы қарастырмақ. Білім тәрбиеден басталады. Педагогика тәрбие жөніндегі ғылым. Педагогика сөзінің грек тілінен аудармасы баланы, оқушыны жетектеу, ертіп жүру, мектепке апару болып табылады. Міне педагогика ғылымының түб негізі балаға дұрыс бағда беріп, білікті немесе білімді ұстаз болу емес, Қажетті ұстаз болуды көздейді.
Кез-келген адамның қолынан ұстаздық ету келмейді. Және де ұстаздық қабілет адам бойынан табылғанымен, ұстаз болу үшін дайындық қажет. Оқушымен, ата-анамен қарым-қатынас жасай алу, мәселелерді шешу, білімді дұрыс үйрету, сабақ барысын дұрыс қадағалау, оқушыға қажетті білімді бере алу, сабақты дұрыс талдап, өз-өзімен жұмыс жасай алу міне осы талаптарды педагогика ғылымы үйретпек. Педагогика тек тәрбие емес, жан-жақты барлық мәселелерді қарастырады. Сондықтан, мұғалім боламын деген әр тұлға педагогика салаларына ерекше мән беріп, мұқияттылықпен меңгеру қажет. Педагог мойнына әр оқушының болашағы жүктелгендіктен, жауапкершілікпен қарау керек, бұған алдын ала дайындалмақпыз.
Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. (В.А.Сухомлинский). Педагог баланың жан дүниесін толық түсініп, онымен жұмысжасай алу қажет. Қазіргі таңда оқушы алдына ақпарат бере салып, керек тұсын үйрен деу үлкен ібестік болып табылады. Оқушыларға білім беру үшін, ақпаратты түсіну үшін бірнеше әдіс-тәсілдер қажет етіледі.Соның ішінде ынталандыру педагогтар үшін таптырмас құрал.
Кез-келген істі істеу үшін немесе үйрену үшін арнайы моив, қызығушылық қажет болады. Міне осы жағдайды педагогикада ынталандыру әдісі шешпек. Ынталандыру әдісі арқылы оқушыларды мадақтап, жазалап сабаққа деген қызығушылығын арттырамыз. Балаға сабақ қызықсыз болса, қанша қинағанымен білімді толық түсінбей, өзіңе қажет білімді үйренбей кетеді. Осындай қызығушылықтың үш түрі бар:
3
1. Іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы;
2. Танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі;
3. Іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.
Міне осы қасиеттерді негізге ала отырып, педагог өз қызметін атқармақ. Педагог М. Жұмабаев ақыл көріністері әсерленуден пайда болады, әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі деген.
Математика пәні оңай пән болмағандықтан оқушылар көп қызығушылық таңытпайды. Соның нәтижесінде математика пәні қызықсыз, ауыр пән деп есептеліп кеткен тәрізді. Міне осы ыңталандыру әдісі арқылы оқушыларға математика сабағының ерекшеліктерін, беретін жақсылықарын ашып түсіндіруге қол жеткізуге болады. Оқушылардаң пәнге деген қызығушылығын артырып, есеп шығарудың өзіндік пайдасын көрсетіп, білімдерін толықтыруға қол жеткізуге болады.
Зерттеу мақсаты: Оқыту процесінде ынталандыру әдісінің маңызын көрсету. Оқушылар үшін оқыту барысында ынталандыру әдісі арқылы білімге құштарлықтарын оятудың мәнің көрсету.
Зерттеу міндеттері:
1.Оқушылардың өз беттерінше даму іс-әрекетін өалыптастыруда теориялық білімдер мен педагогикалық ғылыми еңбектерге тоқталып ,шолу жасау.
2.Оқытудың білімділік,тәрбиелік және дамытушылық сипаты мен ерекшеліктерін анықтау.
3.Оқушылардың өзіндік даму ерекшеліктерін қалыптастыруда озат педагогикалық тәжірибелерді талдау мәнін ашу,оны практикалық тұрғыдан қолдана білу.
Зерттеу болжамы: Егер математика сабағында балалардың пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған ойындар,дидактикалық материалдарды пайдаланса,онда балалардың танымдық ойлау қабілеті,қызығушылығы артады, білім игеру сапасының деңгейі жоғарылайды.
Зерттеу нысаны: Мектеп оқушылары.
Зерттеу пәні: Математика
Зерттеу әдістері: Ғылыми - педагогикалық, бақылау, байқау, тәжірибе жүргізу.
Практикалық пайдасы: Оқушылардың қызығушылығын арттыруда, ойлау қабілеттерін, лагикасын дамытуда , дамытушылық қабілеттерін арттыруда қосымша құрал ретінде қолдануға болады.
Зерттеу базасы: № 102 Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы
Зерттеу мәселесі: Елдің болашағы білім беру ісіне тәуелді. Білім беру үрдісінде міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне сәйкес, жан
4
- жақты дамыған болашақ ұрпақ, ертеңгі қоғам иелерін оқыту мектептің
негізгі міндеті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, танымдық белсенділіктерін қалыптастыру керек. Ол үшін оқушылардың білімге деген құштарлықтарын ынталандыру әдісін қолдана отырып арттыру керек.
Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған тізімнен тұрады.
5
I тарау. Оқыту процесінде ынталандыру әдістерінің сипаты
0.1 Ынталандыру әдістерінің мәні мен маңызы
Оқытудың танымдық белсенділін ынталандыратын әдістері дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта -- ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл -- ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.
Ындаландыру әдісі-бұл сыртқы функционалды ынталандыру механизмі, позитивті, белсенді шығармашылық қызметке ынталандыру. Орындау жетістіктерді, марапаттауды, рухани және материалдық қажеттіліктерді кезекпен қанағаттандыруды қолдау арқылы жүзеге асырылады. Оқу, ойын, тұрмыстық, еңбек немесе әлеуметтік сияқты оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттерінде ынталандыру әдісін қолдану Еңбек қасиеттерінің тиімділігін арттыруға және өзін-өзі бекітуге мүмкіндік береді. Ынталандыру арқылы білім беру әдісінің не екенін түсіну үшін оның әсер ету тетіктерін түсіну қажет. Оны іс жүзінде қолдану оң эмоцияларды тудырады, сенімділікті, оптимизмді тудырады, салауатты әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастырады, жауапты қарым-қатынас деңгейін арттырады, білім алушылардың ішкі шығармашылық күштерін және олардың оң өмірлік ұстанымдарын дамытуға көмектеседі. Негізсіз ынталандыру, өз кезегінде, шамадан тыс амбицияны, кез-келген әдіспен тек сыйақы үшін жетістікке жетуді қалайды. Ынталандыру жүйесі адамгершілік жетілу кезеңінде материалдық жағынан моральдық ынталандыруға дейін дамиды. Оқушылардың ынталандыруға деген көзқарасы мұғалімге балалардың амбициясы мен мақтаныштары, іс-әрекеттің шынайы мотивтері мен жеке тұлғаның бағыты, олардың сабаққа және марапаттарға деген көзқарасы туралы түсінік алуға мүмкіндік береді. Ынталандырудың
тиімділігі мұғалімнің оқу нәтижелері мен мінез-құлқын бағалау, олардың
6
әрекеттері мен әрекеттерін мақұлдау немесе айыптау қабілетіне тікелей байланысты. Педагогикалық практикада ең көп қолданылатын ынталандыру әдістері-бұл белгілі бір оқушылардың немесе жалпы сыныптың жұмысынан қанағаттанудың көрінісі, мадақтау, мақұлдау, ең жақсы мысалды ұстануға шақыру.
Іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы;
:: танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі;
:: іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.
Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.
Педагог ақын М.Жұмабаев ақыл көріністері әсерленуден пайда болады, әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі деп көрсетеді. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин әдеби шығармалардың адамгершілік туралы жазған жерлерін оқушыларға талдатады. Қызықты мысалдар, тәжірибе жүргізу, бір-біріне кереғар келетін айғақтар оқушының түрлі сезімдерін туғызып, оны оқуға ынталандырады. Тұрмыстағы физика, Ертегілердегі физика деген тақырыпқа мысалдар жинату да пайдалы жұмыс.
Атақты ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы кештер, көркем әдебиеттен үзінділер оқу танымдық қызығушылықты арттырады.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының мазмұны -- оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал.
Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі -- танымдық ойындар. Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады.
Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері.
Тәсілдері:
:: оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру;
:: талап қою;
:: талаптарды орындауға үйрету;
:: өз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау;
:: керек жағдайда жазалау әдісін қолдану;
:: оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге көмектесу.
Оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру үшін мұғалім өндірістің дамуына ғылымның қалай әсер еткенін айтып, білімділік еңбек өнімділігін арттырып, жаңашылдыққа әкелетінін дәлелдейді.
Оқушыға оқудың пайдасын түсіндіру. Жаратылыс-математика бағытын таңдаған балаларға қоғамдық ғылымдардың, қоғамдық бағыттағы пәндерді
7
тереңдетіп оқитын оқушыларға жаратылыс-математика бағытындағы пәндердің пайдасын түсіндіру үшін өндіріске экскурсияға, мәдени орталықтарға, кітапханаларға экскурсияға апарудың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің дарынды балаларға жасап отырған қамқорлығын, түрлі олимпиадаларға қатысудың, мамандығын растайтын құжаттардың тіршілік үшін маңызын түсіндірудің пайдасы зор.
Оқуға байланысты талаптар қою әдісі арқылы оқушыларға барлық пәндер бойынша бағалау өлшемдері, мектептің ішкі төртібі, оқушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Оқушыларды оқу жұмысының алуан түрін орындауға үйрету, жаттықтыру борыш пен жауапкершілікті қалыптастырады. Үлгілі оқушылар мен мұғалімдердің де бала оқуына ықпалы зор.
Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері.
Мадақтау түрлері:
:: тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа жеткізу;
:: оқушыны тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізуге көмекші етіп алу;
:: топтық тәжірибелік жұмыс кезінде оқушыға бөлімшелерді басқарту;
:: үлгерім және сабаққа қатынас көрсеткіштерін шығару;
:: білімнің қоғамдық байқауының қорытындылары бойынша мадақтау;
:: жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуі, т.б.
Жазалау түрлері:
:: сабақта оқушыға ауызша ескерту жасау;
:: күнделікке, дәптерге қанаттанғысыз баға қою;
:: қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету.
8
1.2. Мадақтау, жазалау әдісі арқылы оқушыладың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Жалпы өмірде адамзат үшін де, басқа да тіршілік иелері үшінде бір жұмысты жасау үшін белгілі бір мотив керек. Оқушылар үшінде білімді меңгеру үшін қызығушылықтын маңызы өте зор. Жоғарыда айта өткендей оқушының қызығушылығын, зейінің арттыру үшін ынталандыру әдістерін қолданамыз.
Ынталандыру мақсатында мадақтау, жазалау әдістерін қолдану.

:: қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету
Тәрбиеленушіні белгілі іс-әрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қодданылатын әдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл әдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы және бір өте әсерлі ынталандыру әдісі алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дәстүрлі ықпал әдістеріне қосымша субъектив-прагматикалъщ әдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тәрбие маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай және каншалыкты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын болды. Осы секілді пайдакұнемдік - прагматикалық бағытты ескере отырып, кейбір шет ел педагогикалық жүйелері тәрбие процесін тәрбиеші мен тәрбиелеңуші арасьшдағы коммерциялық қатынас сипатывда бағалай-ды. Ал мұндай қатынас өзегі - пайда. Әдіс әлі қалыптасып, ресми қабылданған емес, бірақ түрмыста тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасын түзететін келісім-шарттар жүйесімен біртіндеп тұрақтануда.
Мадақтау - тәрбиеленушілер әрекетіне ұнамды баға беру. Мадақгау ықпалы оқушының ұнамды көңіл-күй сезімін көтеруге негіздел-ген. Осыдан да мадақтау балада өзіне деген сеніморнықтырып, жүмысқа деген жағымды
9
көңіл қатынасын оятады, жауапкершілік арттырады. Мадақтау түрліше орындалуы мүмкін. Олар арасында тәрбие процесінде жиі қолданылатындары - қолдау, қуаттау, алғыс жариялау, құрметті қүқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлық-тар беру жэне т.б.
Қарапайымды бола тұра, мадақтау өте жауапкерлі де іс. Мадақ шектен тыс әсіреге айналып кетпей, орынсыз кем де болмауы керек. Санамен сарапталмаған әсіре мадақ баланы бұзады. Осыдан мадақ-таудың психологиялық қырлары мен оның салдарын ескерген жөн:
1. Мадақ-марапат сырттай көзге түсіп, әйгілену ниетщзн емес, мақгаушы мұғалім мен марапатгалущы оқушының, яғни екі тараптың бірдей жан дүниелік қалауы мен қабылдауынан болуы шарт.
2. Мадақтау арқылы тәрбиеленушіні басқа балаларға қарсы қойып алмауды да ойластырған жөн. Сондықтан тек табысқа жеткен оқушыны ғана мақгап шектелместен, шын ықыласымен еңбектенген, өз ісіне адалдық танытатындардың бәріне де жылы лебіз, мадақ сөзді аянбаған жөн.
3. Мадақ қолдана отырып, кім, не үшін, қаншалықты сыйға тұрарлық екенін сараптауды ұмытпаңыз. Әсіре мадақ астамшылдыққа апарады.
4. Әрқандай мадақ жеке тұлғалық ерекшеліктерді ескерумен беріледі. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қаси-етін баулиды. Өзіне тәрбиеші, төңірегіндегі адамдар сенімін арпшн бала, өз кемшіліктерін де жүгендеп, оңды жолға түсе бастайды. 5. Бүгінгі мектеп тәрбиесіндегі басты міндеттерден жазбау. Ма-дақтау мәселесін шешуде өз шәкірттеріңізбен пікір алысуды да жад-тан шығармаңыз.
Жарыс, бәсеке, Көп бала топтала қалса, сол бойда өзара бедет таластыра бастайды. Балалар табиғатына аса тэн құбылыс - бәсеке-лестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны бекіту-әр адамның тума қажеті. Ал бүл қажеттілікті іске асыру басқалармен жарысуды керек етеді. Жарыс нәтижесі баланың ұжымдағы беделін ұзақ уақытқа айқыңдап, бекітеді.
Жарыс әдісімен баланың бэсекелестікке деген табиғи қажеттігін жеке тұлғаға және жалпы қоғамға сай қасиеттерді баулитын тәрбне арнасына бұруға болады. Өзара жарыса жүріп, окушылар қоғамдык қылық тәжірибелерін тез игеріп, тән-дене, адамгершілік, эстетикаг лық сапапарын дамытады. Жарыс әсіресе үлгерімі төмен оқушылар үшін аса қажет: өз нәтижелерін жолдастарының жетістіктерімен салыстыра отырып, өз білімдері мен ептіліктерін көтеруге болған қозғау күш алады, оқуы мен
өзіндік тэрбиесіне ден қоя бастайды. Жарж ұйымдастыру - оңай іс емес:
10
балалар психологиясын жете тану қажет, біртұтас маңызды шарттар мен талаптарды үстану әрі орындау керек. Жарыс тиімділігі оның ұйымдастырылуында. Бүл үшін жарыстың мақсаттары мен міндеттері айқындалады, бағдарлама түзіледі, баш өлшемдері белгіленеді, жарыстыру шарт - жағдайлары жасалады, қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Жарыс өзіне сай күрделілігімен әрі қызықты өткізілуі тиіс. Сонымен бірге жарыс ережелері соңғы нэтижелерді бағалап, салыстыруға келетіндей накты болғаны жөн. қорытындылау мен жеңімпаздарды анықтау жариялы болып, бағалау өлшемдері қарапайым, баршаға түсінімді болғаны дұрыс. Жарыс бағдары мен мазмұны айқын болуы тиіс. Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде сынып, мектептің озық оқушысы, пән білгірі атақтарын алу жарыстары өткізілуде.
Гуманистік педагогика жазалауды да жоққа шығармайды, бірақ оның шегін, сипатын, орындалу жолдарын өзгертуді талап етеді.
Жазалау -келіссіз талаптарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз түрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал әдісі. Басқа тәрбие әдістері секілді жазалау да қылық-әрекеттердің сырттай себептерінің тұлғалық ішкі ықылас-ниеттерге ауысуына негізделген. Мектеп тәжірибесінде жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда; 1) косымша міндеттер таңу; 2) кей кұкықтардан айыру не шектеу; 3) моральдық сөгіс, не айын тағу. Тәрбие барысында жазалаудың келесі формалары қабыл-данған: жщтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын ала сақтандыру, айыпқа сай талап қою.
Жазалау әдісінің тиімділігін анықтаушы шарттар төмендегідей:
1. Окушы пір түтқан абыройлы адам тарапынан болған жаза әсерлі келеді. Келеңсіз қылығы тек тәрбиеші емес, дос, жолдастарының да жактырмауына, ескертуіне ұшыраса, айып сезімі күштілеу болады. Сондыктан тәрбиеші ұжымдық пікірге көбірек жүгінгені жөн.
2. Бүкіл сыныпқа жаза қолдануға болмайды.
3. Жаза шешімі қабылданса, ол орындалуы шарт.
4. Жаза тиімділігі оның окушыға түсінімді болып, оны әділ деп қабылдауынан. Өтелген жаза қайтып еске алынбайды, оқушымен қалыпты қатынас жалғасын табады.
5. Жазала, бірақ оқушының намысына тиюші болма. Тәрбиеші жазаны өз жек көргендігінен емес, педагогикалық қажеттіктен қолданады. Келеңсіз қылық - жаза формуласы мүлтіксіз орындалуы шарт.
6. Жазалау мәселесін шешуде негізінен келеңсіз қьңықтарды, болымсыз
мінез бітістері мен әдістерді шектеу, тежеуге бағытталған тэрбие әрекетгері тізбегін біртіндеп қолданып, басты, мәні нақгы, ұнам-ды сапаларды
11
орнықтыруға қаратылған іс-әрекеттерге өту қажет.
7. Жазалау әдісін қолдануға негізі дау-дамайлы жағдай (ситуация). Бірақ көрінген орынсыз қылық пен ережеден ауытқу жанжал туындатпайды, сондықтан, парықсыз жаза қолдана беруге болмайды, Жазалау мәселесінде жалпы, барша жағдайға жазатағайындау мүмкін емес, әрқандай тәртіп бұзу өзінің дара сипатына ие: оны істеген кім, қаңдай жағдайда болды, себептері не осы жайттарді ескерумен жаза жеңіл не өте қатал болуы ықтимал.
8. Жазалау - өте ауыр да әсерлі әдіс. Жаза таңдаудағы педагог қателігін түзету өте қиын. Сондықтан, жүз берген жағдай жөнінде толық та анық түсінім болмағанша, асығыстықпен жаза қолдануға болмайды, Кері жағдайда жаза өз әділдігі мен пайдасын жоғалтады.
9. Педагогикалық процестегі жаза - кек алу құралы емес. Балада жазаның оның өз пайдасы үшін қолданылып жатқанына сенім тудырыңыз,әрқандай жаза әр баланың жеке ерекшеліктеріне орай қолданылғаныдұрыс.
10. Жазаның жеке балаға,оны даралығына сай қолдануы әділдіктен ауытқу емес. Бұл өте маңызды проблема. Егер педагог окушының жеке тұлғалық ерекшеліктеріне мән беретін болса, жаза да, мадақгау да жікке келеді, ал, егер ол тек келеңсіз қылықтың өзіне мән беріп, қай тәрбиеленуші тарапынан болғанына назар аудармаса, жаза түрлері жіктелінбей қолданылып, тұлғалық бағыт заңдылығына қайшы келеді. Мұғалім өз педагогикалық позициясын балаларға түсіндіруі шарт, сонда ғана шэкірттер жаза әділдігін мойындайды.
11. Әрқавдай жаза педагогикалық эдептілікті, жас кезеңдері пси-хологиясын, сонымен бірге тек жазамен істі оңғаруға болмайтъгаын түсінген жөн. Осыдан да жаза басқа тэрбие әдістерімен бірлікті қод-данылады.
Субъектив - прагматикалық әдіс негізі - тәрбиесіздік пен білімсіздіктің, тәртіп пен қоғамдық талаптарды өрескел бұзудың пайдасыз екенін түсінуде. Қоғамдық және экономикалық қатынастар баланы ерте жастан қатаң конкуренттік тайталасқа қосып, өмірге тыңғылықты дайындық көруге мәжбүрлейді. Осыдан да нарықтық экономикаға ертерек көшіп, дамыған еддердегі мектептік білім мен тәрбие қарапайым тұрмыс-тіршілік қажетіне (утилитарное) бағытталып, басты мақсат - шәкірттерді оқу орнын бітірген соң жұмыс табу, тіршілік қамын жасауға тәрбиелейді. Біздің өткен кеңестік дәуірдегі тәрбиеміз, керсінше, оқушыға бәрін білдірді, бірақ субъектив - практикалық тәрбиені буржуазиялық деп жоққа шығарғандықтан, мектеп түлегі білгенін тұрмыста қолдана алмай, жеке де, қоғамдық та пайдаға жарата алмады.
Педагогтар қоғамдық-экономикалық тарығуларды тәрбие мақсатында
қолданады. Алдымен олар жоғары сапалы мектеп тәрбиесінің әр адамның нарықтық әлеміндегі орны және жағдайымен байланысты болатынын баса
12
түсіндіреді, тәрбиесі төмен, білімі кем адамдардьщ болашақта бедедді қызметтен, жоғары жалақыдан жұрдай болатынын, жұмыссыздар қатарында қалуы мүмкін екендігін нақты мысалдармен көрсетеді. Осыған байланысты тәрбие қатаң жеке тұлғалық бағытта жүргізіледі, себебі әр тәрбиеленуші мектеп бітіруде ұнамды пікір, бағамен еленіп, жұмысқа орналасу мен оқуға түсу үшін негіз қалайды. Бүлай болмағанда, жұмыс орындары мен мекеме басшылары оны қызметке алмайды. Егер педагог академиялық табыс, яғни педагогикалық процестегі жетістік әр оқушының қабілетіне байланысты болатынын әрі ол табысты қолға түсіру бала даралығына орай екенін жете түсінсе, оның қолынан болымсыз түлек шықпайтынына кәміл сенуге болады. Субъектив - прагматикалық әдістің нақты іске асыру жолдары төмендегідей:
- тараптар міндеттері анық көрсетіліп, тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасында жасалған келісім шарт (контракт);
- тәрбиешілер және ата-аналар ортасында келісіммен түзілген жеке өзіндік жетілу бағдарламасы (өзіндік тәрбие мазмұны);
- жеке қызығушылықты арттыру үшін оқушылар қалаулары бойынша түзіжен төлемді оқу-тәрбие топтары;
- қүкық бұзуға бейімді балалармен тәрбие - сақтандыру жұмы-старын алып баруға арналған тәрбиешілік топтары;
- ең соңғы техникалық құралдар және электронды - есептеу машиналары жәрдемімен тәрбиеленушілердщ мінез-қылықтарын, әлеуметтік дамуын үздіксіз бақылауға алу, яғни мониторинг жүргізу;
- техникапық құралдармен жинақталған сандық және сапалық көрсеткіштер нәтижесі негізінде тәрбиеленушінің жеке-дара даму бағытын анықтап, тұлғаның қажетті қасиет-сапаларын алдын ала жоспарланған арнада тәрбиелеудің сценариін түзу;
- ұдайы өткізіліп тұратын ойын, жарыс, курстарға байланысты әрбір оқушының тәрбиелік, әлеуметтік кемел, азаматтық дәрежесін анықтау үшін үйымдастыру тест-байқаулар;
- тәртіп бұзушыларды жазалау мақсатында қолданылатын айыппұл төлету, қүқықтары мен еркіндігінен айыру, әлеуметтік-қоғам-дық басымдықтарын (привилегии) алып тастау және т.б. секідді ша-раларды пайдалану.
Бұл әдіс, әзірше еліміз мектептерінде кең өріс ала алмай отыр. Дегенмен, тұрмысымызға қарқындай еніп жатқан әлеуметтік және экономикалық өзгерістер уақыт оздырмай, тәрбие процесінің маңызды шарттарының бірі ретінде субъектив-прагматикалық әдістің алғы шепке шығуы - заңды күтілетін қүбылыс.
13
1.3. Математика сабағында топтық жарыс арқылы оқушының ынтасын артыру, қарым-қатынасын жақсарту
Математика пәні оқушыларға түсінуге қиындық көп туғызатындықтан қызығушылықтары төмен болады. Соның салдарынан оқушылар бұл пәнді қиын деп есептеп, мән бермей, үйренуден бас тартып жатады.Оқушыларға есептерді қызықты етіп шығартудың бірден бір әдісі бұл ынталандыру әдістьерін қолдану болып табылады. Сабақ барысында мадақтау мен жазалаудан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz