Салиқалы реализм және схоластика



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАРИХЫ ТАНЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША
№1 СОӨЖ СӨЖ

Тақырыбы: Номинализм мен реализм бағыттарын талдаңыз

Орындаған:
Геоинформатика мамандығының
2 курс студенті
Акпар Мухаммеджан
Тексерген:
Сулейменов П.М.
Саяси ғылымдарының кандидаты,
доцент

Алматы, 2023

Жоспары:
l.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ll.Негізгі бөлім
2.1.Универсалия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2Салиқалы реализм және схоластика ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
2.3.Номинализм ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
[2]
Реализм (лат. relіs -- заттылық, шындық) -- әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.
Номинализм (лат. nomina - аттар, nominalis - атауларға, аттарға қатысты) - ортағасырлық батыстық философиядағы схоластика бағытының ішіндегі ағымның бірі. Ол реализмге қарсы шықты және айтарлықтай оған реакция (жауап) ретінде пайда болды. Бұл екеуінің арасындағы айтыс (күрес) жалпы ұғымдар реалды тіршілік ете ме, жоқ па? деген мәселенің төңірегінде жүрді, басқаша айтқанда жалпы туралы дау универсалийлер туралы дау деп аталды.
2.1
[1]
Философия тарихында жалпы ұғымның жалқы заттарға қатынасын ашып көрсетуге бағытталған пікірталас универсалиялар (жалпы ұғымдар) туралы ілім ретінде белгілі болды. Бұл мәселені шешу жолында схоластар көптеген шешімдер ұсынады. Олардың ішіндегі негізгілері бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі көзқарастар -- номинализм және реализм еді. Реализм жалпы ұғымдар адамдардың ақыл-ойы санасынан тыс жөне тәуелсіз өмір сүреді деп есептейді. Ал номинализм, керісінше, жалпы ұғымдар (универсалиялар) адам санасынан тыс өмір сүре алмайды, олар тек заттар мен құбылыстардың аттары ғана дейді. Мысалы жалпы адам өмірде болмайды, өмір сүретін нақтылы тірі адам. Адам деген әрбір ет пен сүйектен жаралған жалқы адамның жалқы аты. Демек, жалқысыз жалпы ұғым өз алдына дербес, санадан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Италияда 1033-1109 жылдар аралығында өмір сүрген реализмнің көрнекті өкілдерінің бірі Ансельм Кентерберрийский өмірінің соңғы 16 жылында архиепископ болған. Ол шіркеу үстемдігі үшін саяси билікке қарсы күрескен адам. Өзінің осы мақсатты күресін саяси салада ғана емес, сонымен қатар философияда да негіздеуге тырысады. Ансельм үшін жақсылық, әдептілік, ақиқат ұғымдары адамдардың іс-әрекеттерінен тыс шынайы өмір сүреді. Демек ол реалистік бағыттың ең табанды жақтаушыларының бірі болған деген соз. Ансельм бұдан басқа, құдайдың бар екендігін дәлелдеуге тырысты. Егер құдай жоқ болса, құдай туралы ұғым пайда болмас еді. Ал құдай туралы ұғымның бар екені рас болса, демек құдайдың да бар болғаны, -- дейді Ансельм. Бұның атын құдай болмысын онтологиялық, жолмен дәлелдеу деп атады. Ансельм өмір бойы дінбасылардың мақсат-мүдделерін қорғағаны үшін өлгеннен соң әулиелер санатына енгізілген.
2.2
[1]
1079-1142 жылдары өмір сүрген атақты схоласт унивсрсалия туралы пікірталаста сыңаржақты реализмге де, сыңаржақты номинализмге де бірдей қарсы шыққан Пъер Абеляр салиқалы реализмді уағыздады. Оның ойынша шынайы өмір сүретіндер тек жалқылықтардың өзара ортақ қасиеттері болуы мүмкін. Осы ортақ қасиеттердің негізінен универсалиялар, жалпы ұғымдар қалыптасады. Біз көп жалқылар туралы айтатын болсақ, біздің пікіріміз „ олардың атаулары -- сөзге бағытталмақ. Міне, номинализмнің түпкі мәні осында. Сонымен қатар жалпы ұғымдардың да шынайылығын, ақиқаттылығын мойындау керек, себебі олар құдайдың ақыл-ойында есепте түр, әрі құдай жарататын заттардың көзқарақты үлгілері болып табылады, -- дейді Абеляр. Абелярдың ілімі сыңаржақты схоластар тарапынан күшті қарсылыққа ұшырады. Алайда, он үшінші ғасырларда схоластика өзінің даму барысындағы биік белесіне көтеріледі. Бұл кезеңде қолөнершілер мен саудагерлердің еңбегі жана бастады. Осыған орай ересь (ресми дінге қарсылық), тіпті қарулы қақтығыстар орын ала бастады. Бұл дәуір крест жорықтарының дәуірі еді. Олардың арқасында европалықтар Шығыстың озық үлгілі мәдениетімен және оптикалық заманның сақталып келген мұраларымен тағыс болды. Философиялық және ғылыми әдебиет қорының көбеюі, схоластиканың да көкжиегін кеңейтіп, белсенді ой түрткі болды. Әсіресе Аристотель еңбектеріне берілген түсініктемелер мен жол-жөнекей Шығыс философтарының ашқан соны жаңалықтары схоластикаға зор әсерін тигізді. Атап айтқанда, Ибн Синаның (Авиценна), Ибн Рушдтың (Аверроэс) игі ықпалы күшті болды. Осындай игі құбылыстар рухани өмірді байыта түсуге себепкер болғанымен шіркеу тарапынан құрылған діни одақтар мен инквизиция (жазалау мекемесі) озық ой атаулыны тұншықтыруға бағытталды. Діни одақтар ішінде доминикан шылар (құдайдың төбеттері деген мағынаны білдіреді) айырықша белсенділік роль атқарды. Осы одақтың белсенді мүшесі, итальяндық графтар тұқымы Ф.Аквинский (1225-1274) болды. Париж университетінен білім алып, кейін сонда профессорлық қызмет атқарған Ф.Аквинский аверроизмге қарсы белсене күресті. Аверроизмнің екіұдай ақиқат туралы іліміне қарадай шүйілген Ф.Аквинский ақыл-ой мен діни сенімнің өзара айырмашылығын емес, егіздей бірлігін, біртұтастығын дәлелдемекке бар күшін салған еді. Ақиқат жолында ақыл-ой, діни сенімге өрледік қайшы келуі де мүмкін. Ондай жағдайда екі тұжырымның бірі жалған болады. Ал құдай сөзінде жалғандықтың болуы еш мүмкін емес. Демек, бұл орайда ақыл-ой шатасқан болып шығады, немесе діни сенім емес философия жаңылысқан болып шығады. Ф.Аквинский өз уағыздарын негіздеу ісінде Ф. Аквинский Аристотель философиясына сүйенеді. Оның негізгі категориялары шындық пен мүмкіндік. Әр зат материя мен форманың бірлігінен туады. Материя белгілі бір форманың кабылдау мүмкіндігі, ал форма -- сол форманы иеленген материяның шындығы. Ф.Аквинский Аристотельдің тарихи дәйексіздігін ұтымды пайдаланып, өзінің түгел дерлік дінге бағынған материя және форма туралы идеалистік ілімін қалыптастырған еді. Оның пікірінше материя формадан тәуелсіз, дербес өмір сүре алмайды, демек қай зат болмасын ең жоғарғы формадан (құдайдан) тәуелсіз өмір сүре алмақ емес. Ф.Аквинскийдің философиясында мән және тіршілік категориялары да ерекше орын алады. Шын мәнісінде бұл категориялар ибн Синадан ауысқан. Мән және тіршілік құдай дәрежесінде ғана біріге алады. Тіршілік мінге қарағанда жоғары тұрады, тіршіліктің мәнге қатынасы шындықтың мүмкіндікке қатынасындай. Осы қағидаға сүйене отырын Ф.Аквинский құдай болмысын дәлелдеудің өзіндік жолын ұсынады. Егер Ансельм Кентербервийский құдай болмысын құдай деген жалпы ұғымның бар екендігі арқылы дәлелдесе, Ф.Аквинский құдай болмысын оның заттар мен құбылыстардың пайда болу себебі екендігінен көреді. Бұл дәлелдеу құдай болмысын космологиялық тәсілмен дәлелдеу деген бағаға ие болды. Жалпы ұғымдар, Аквинскийдің пікірінше, ақыл-ойдың жемісі болғанымен, одан дербес, тәуелсіз өмір сүреді. Өйткені ол ар құдайдың ойынан орын тебеді. Адамзат танымының басты мақсаты -- соларды діни сенім арқылы білу. Адамдар өздерін үнемі жетілдіріп, католик дінінің шариғатын барынша пайдаланып, құдайдың ізгі пендесіне айналуы керек. Дін азаматтық коғамнан жоғары тұруы тиіс. Өкімет билігі -- құдайдан, ал мемлекетті басқарудың нақтылы түрін тарихи жағдайларға байланысты тағайындау керек, -- дейді Аквинский. Жердегі тіршілік тек рухани өмірге дайындық есепті, сондықтан патшалық билік рухани билікке бағынуы тиіс. Рухани биліктің басында: аспанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырдағы христиан философиясы
Ортағасырлық схоластика
Ортағасырлық схоластика жайлы
Ақыл - ойдан тыс және тәуелсіз өмір сүретін нәрселер тек жалқылар
Ортағасырлық Батыс Европалық филосоифясы
Схоластика, догматизм, формализм терминдері
Орта ғасыр философиясы. Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері, мәні
Ортағасыр философиясы
Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде)
Ортағасырлық философияның ерекшелігі
Пәндер