Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру



Жоспар.

Кіріспе

I.Тарау. Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру
1.1. Жарнама және оның түрлері
1.2. Фирманың жарнамалық қызметін жоспарлау

II.Тарау. «Рамбутя» ЖШС.ң жарнамалық қызметін ұйымдастыруы
2.1. «Рамбутя» ЖШС.ң ұйымдық құрылымы
2.2. «Рамбутя» ЖШС.ң жарнама қызметін пайдалануы

Қорытынды
Падаланылған әдебиеттер
Кіріспе.

Нарық қатынастары шаруашылық қарым – қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үрдістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан – жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бпр ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттілікткрін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресінде жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерістері туралы тағы басқа сол сияқты болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші рөл атқарады.
«Маркетинг» ұғымы ағылшынның “market” – нарық(рынок) сөзінен шыққан, ал “ing” жалғауы нарық жасаушы немесе нарық аумағындағы қызмет дегенді сипаттайды. Алайда бұл ұғымның мәні одан да кең және ауқымды. Сондықтан мұның көптеген (2 мыңнан астам) анықтамалары бар. Солардың ішінен маркетинг саласындағы белгілі маман Филип Котлердің берген анықтамасын айта кетуге болады. Ол бойынша маркетинг – айырбас арқылы мұқтаждық пен қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі.
Маркетингтің негізгі мақсаты: нарықтық экономикалық және шаруашылық коньюктураны зерттеу, тұтынушылардың нақты сұранысын анықтау мен оларды материалдық тұрғыдан ынталандыру, басқару саласына қатысты қабылданатын шешімдермен қамтамасыз ету, кәсіпорындардың жұмыс бағдарламаларының дұрыстығын дәлелдеу.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелрдің бір қатарын жолға қояды.
«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді» деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын, сонымен қатар біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайға қол жеткізу үшін біз кәсіпорындарымыздың жұмысын шетелдік стандарттарға сай ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдануымыз қажет Соның бірі кәсіпорындағы маркетингтік тәжірибелерді қолдану. Қазіргі қалаптасқан жағдайда бұл өте көкейкесті мәселелердің бірі болып саналуда. Осы мәселенің бастысы курстық жұмыстың мақсатын анықтаған болатын.
Маркетингтің негізгі төрт элементтен тұратын «4Р» моделінен құралады, ол ағылшынның «Р» әріпінен басталатын өнім (product), баға (price), орын (place) және жылжыту (promotion) деген ұғымдардан тұрады. Ал жылжытудың өзі жарнама және жарнамалық қызмет, өткізуді ынталандыру, көпшілікпен байланыс және дербес сатудан тұрады. Тауарды жылжытуды басқалай маркетингтік коммуникация деп атап кетуге болады. Ал бұл – тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлармен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі. Жоғарыдағылардың ішіндегі жарнаманың фирманың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда алатын орны ерекше. Ол болашақ сатып алушылардың санасы мен назарына тауарлар мен қызметтер туралы маңызды фактілер мен мәліметтерді жеткізу үшін көркем көрсетілген нысанда қысқа және нұсқа түрінде ұсынылады. Сондықтан фирманың өз тауарын нарықта жылжытуының ең тиімді түрі немесе әдісі жарнамалық қызмет болып
Падаланылған әдебиеттер.

1. Хожаназаров Қ. «Маркетинг негіздері» Экономика. 1996 жыл.
2. Сатыбалдин С.С. «Маркетинг – нарықтану негіздері» Алматы. 1994 жыл.
3. Сатыбалдыұлы С. «Маркетинг – нарықтану» Білім. 1999 жыл.
4. Нысанбаев С. Н. Садыханова Г. А. «Маркетинг негіздері» Алматы. 2002 жыл.
5. Есімжанов С. Р. « Маркетинг» Экономика. 2003 жыл.
6. Филип Котлер. «Маркетинг негіздері» Алматы. 2003 жыл.
7. Жолдаспаев С. «Ақпараттық жарнамалық қызмет» “Ақиқат”. 2004 жыл №2. 93-95 бет.
8. Тоқтасын А. «Қазақстан кәсіпорындарындағы маркетингтіпайдалану ерекшеліктері» “Қаржы - қаражат”. 2005 жыл. №4. 34-39 бет.
9. Қажымұрат К. Кәсіпорын басқару жүйесіндегі маркетингтің рөлі. “Саясат” 2006 жыл. №1 59-61 бет.
10. Тұрғанбекұлы Б. Отандық жарнамада ояқылық көп. “Егемен Қазақстан”. 2005 жыл. 11-тамыз.
11. Біздің қоғам: қала көшелеріндегі жарнамалар туралы. “Ана тілі”. 2004 жыл. 13 мамыр.
12. Мызымбаев А. Жартымсыз жарнамалар. “Ана тілі”.
2003 жыл. 6 наурыз.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе

I-Тарау. Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру
1. Жарнама және оның түрлері
2. Фирманың жарнамалық қызметін жоспарлау

II-Тарау. Рамбутя ЖШС-ң жарнамалық қызметін ұйымдастыруы
1. Рамбутя ЖШС-ң ұйымдық құрылымы
2. Рамбутя ЖШС-ң жарнама қызметін пайдалануы

Қорытынды
Падаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

Нарық қатынастары шаруашылық қарым – қатынаста жүріп жатқан
субъектілерінен экономикалық үрдістерді игеруді, ол үшін оларды терең және
жан – жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бпр ресурстарды
тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттілікткрін сапалы және жоғары
деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан
қатаң бәсекелестік күресінде жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның
негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес
шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және
неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат
нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына
жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерістері туралы тағы
басқа сол сияқты болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да
күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару
жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг
жетекші рөл атқарады.
Маркетинг ұғымы ағылшынның “market” – нарық(рынок) сөзінен шыққан,
ал “ing” жалғауы нарық жасаушы немесе нарық аумағындағы қызмет дегенді
сипаттайды. Алайда бұл ұғымның мәні одан да кең және ауқымды. Сондықтан
мұның көптеген (2 мыңнан астам) анықтамалары бар. Солардың ішінен маркетинг
саласындағы белгілі маман Филип Котлердің берген анықтамасын айта кетуге
болады. Ол бойынша маркетинг – айырбас арқылы мұқтаждық пен қажеттілікті
қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі.
Маркетингтің негізгі мақсаты: нарықтық экономикалық және шаруашылық
коньюктураны зерттеу, тұтынушылардың нақты сұранысын анықтау мен оларды
материалдық тұрғыдан ынталандыру, басқару саласына қатысты қабылданатын
шешімдермен қамтамасыз ету, кәсіпорындардың жұмыс бағдарламаларының
дұрыстығын дәлелдеу.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық өмірінде
болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана
шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда
өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелрдің бір қатарын жолға
қояды.
Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің
барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала
береді деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында
айтқан болатын, сонымен қатар біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге
қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайға қол
жеткізу үшін біз кәсіпорындарымыздың жұмысын шетелдік стандарттарға сай
ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдануымыз қажет Соның бірі
кәсіпорындағы маркетингтік тәжірибелерді қолдану. Қазіргі қалаптасқан
жағдайда бұл өте көкейкесті мәселелердің бірі болып саналуда. Осы
мәселенің бастысы курстық жұмыстың мақсатын анықтаған болатын.
Маркетингтің негізгі төрт элементтен тұратын 4Р моделінен құралады,
ол ағылшынның Р әріпінен басталатын өнім (product), баға (price), орын
(place) және жылжыту (promotion) деген ұғымдардан тұрады. Ал жылжытудың өзі
жарнама және жарнамалық қызмет, өткізуді ынталандыру, көпшілікпен байланыс
және дербес сатудан тұрады. Тауарды жылжытуды басқалай маркетингтік
коммуникация деп атап кетуге болады. Ал бұл – тұтынушыларға ықпал ету
мақсатында тауарлармен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен
ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі. Жоғарыдағылардың ішіндегі
жарнаманың фирманың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда алатын орны ерекше.
Ол болашақ сатып алушылардың санасы мен назарына тауарлар мен қызметтер
туралы маңызды фактілер мен мәліметтерді жеткізу үшін көркем көрсетілген
нысанда қысқа және нұсқа түрінде ұсынылады. Сондықтан фирманың өз тауарын
нарықта жылжытуының ең тиімді түрі немесе әдісі жарнамалық қызмет болып
табылады. Осыған орай менің курстық жұмысымның тақырыбы қазіргі таңда
маркетинг саласындағы ең өзекті мәселелерінің бірі деп айтуға болады.
Адамзат тіршілігіндегі әрбір жаңа кезеңнің өзіне тән жетістігі мен
мұқтажы болады. Өркениет деңгейіне қарай өсе түскен өмірлік қажеттілік
өндіру мен тұтыну арасындағы оралымдылыққа қол жеткізуді алға тартады. Осы
талапты жүзеге асыру өмірге маркетингті алып келіп отыр.
Біздегі өтпелі дәуір деп аталып жүрген нарықтық экономикаға көшу
кезеңі маркетингке үлкен жаңалық енгізеді деген сенім бар. Өйткені ғасырлар
бойы жинақталған нарықтық экономика саласындағы тәжірибеге, қуатты
экономикалық әлеуметке, жоғары дәрежедегі бизнестік білім мен психологиялық
дайындыққа сүйенген маркетингті біздің жағдайымызға бейімдеудің өзіндік
ерекшеліктері бар.
Менің курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде жарнама, оның түрлері және атқаратын қызметтері сияқты
мәселелерде қарастырып, осыған орай фирманың жарнамалық қызметін
жоспарлаудың негізгі бағыттарын айқындап көрсеткім келеді.
Екінші бөлімінде менің зерттеу объектім болып табылатын Рамбутя ЖШС
– ң жалпы қызметін қарастырып, оның жарнамалық қызметін ұйымдастыруының
негізгі әдістерін көрсетіп отырмын.

I-Тарау. Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру
1.1 Жарнама және оның түрлері

Коммуникациялық қызметте жарнама аса кең көлемде қолданылады.
Меркетингте жарнама: тауар өндірушінің (сатушының), тұтынушының немесе
сауда делдалының тауарды неүшін сатып алуы қажет екендігі жөнінде ақпарат
жеткізуші механизм ретінде қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, жарнама –
потенциялдық тауар алушыларға немесе делдалдарға фирманың ұсыныстары
жөнінде дұрыс жөн сілтеу құралы болып есептеледі.
Ол белгілі бір тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды
көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы
әрекеттер. Жарнама латын тілінен аударғанда айқайлау (reclamare) ұғымын
сипаттайды. Ол белгілі бір тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды
тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы
әрекеттер.
Жарнаманың төмендегідей ерекшеліктері бар:
✓ Қоғамдық сипаттама алады;
✓ Үгіттеуге қабілеттілігі бар сатушы жарнама арқылы өзінің
хабарландыруын бірнеше рет қайталай алады;
✓ Мәнерлік – түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады;
✓ Иесіз жарнама монолог ретінде ғана жасалады:
Жарнаманың мақсаты тек қана тауар өткізуді ұлғайту деп түсіну дұрыс емес.
өйткені тауарды өткізу немесе фирманың нарықтағы үлесін көбейту маркетинг
процесінің негізгі мақсаты, ал жарнама болса – соны жүзеге асыру
құралдарының бірі ғана. Сондықтан тауар өткізудегі табыстылық немесе
сәтсіздікті түгелімен жернама үлесіне жатқызу әділ болмайды.
Кейде жарнаманың жалпы тауар өткізу процесіне қатысы болмауы мүмкін.
Мысалы, фирма білімі жоғары мамандарды өз жұмысына тарту үшін де
жетістіктері жөнінде жарнама құралдарын пайдалануға мәжбүр болады. әйтсе
де жақсы ұйымдастырылған жарнамалық құлақтандырулар тауарға деген сенім
тудыруда және фирманың атағын шығаруда қолайлы әрі таптырмайтын
механизмдердің қатарына қосылады.
Жарнаманың қоғамдық рөлі оның адамдардың санасы, көзқарасы,
пікірлері мен мінез-құлқының қалыптасуына әсерін тигізуде. Сәннің (мода),
стильдің және дизайнның беталысын (тенденциясын) көрсету арқылы жарнама
адамның эстетикалық қажеттілігіне әсер етеді.
Жарнама сұраныс пен ұсыныс жасауға, бәсекенің пайда болуына,
инвестиция үйіруге, өткізу нарығының кеңеюі мен сайып келгенде, жалпы
экономиканың және оның әр түрлі саласының дамуына әсерін тигізеді. Бұл
жарнаманың экономикалық рөлін ерекшелейді.
Жарнама тек өнім туралы ақпарат беріп қана қоймай, оның тұтынушы
санасынада әлдебір бейне ретінде қалыптасуына әсер етеді. Осыдан
жарнаманың коммуникациялық рөлін байқауға болады.
Жарнама тауар сұранысының, өткізу көлемігің және фирма пайдасының
өсуіне әсер етеді. Бұл оның маркетингтік рөлін көрсетеді.
Жарнаманың тарихи дамуы ерте замандардан басталған. Бұл туралыең
алғаш жазба тарихи құжаттарда айтылған. Жерорта теңізі елдерінде
жүргізілген қазбалар бойынша археологтар әр түрлі оқиғалар және ұсыныстар
жазылған маңдайшаларды тапқан. Римляндар гладиатор сайыстары жөнінде
қабырғаларға құлақтандырулар ілген, ал финикийстер әр түрлі салтанатты
шерулер кезінде шың – құздарды суреттермен әшекейлеп, онда өз тауарларын
мадақтаған. Осының бәрі қазіргі сырт жарнаманың негізін салушылар.
Помпейдің жарына жазылған бір суреттемелерде бір саясаткерді мадақтап,
адамдарды соған дауыс беруге шақырған.
Ертеректегі жарнаманың тағы бірін жаршылар кейіптенген. Ежелгі
Грецияның Алтын ғасыры Афин көшелерінде құлдарды, малды және басқа
тауарлардың сатылуы туралы хабарлаушы жаршыларды көрген. Афинаның ежелгі
тұрғындарына арналған жарнаманың өлеңінде былай делінген Көзіңіз
жарқырасын, бетіңіз қызылтатсын, қыздың әдемілігі ұзақ сақталсын, есті
әйел косметиканы дұрыс бағамен сатып алады.
Ертеректегі жарнаманың тағы бір түрі қолөнершілердің өз
тауарларына, мысалға, қыш бұйымдарға салған таңбалары болған.
Қолөнершінің атағы тараған сайын, сатып алушылар оның таңбасы салынған
тауарларды іздейтін болған. Қазіргі күндері осы мақсаттарда тауар
белгілері және марка атаулары пайдаланылады.
Жарнама тарихының маңызды бір бет бұрысына Гутенбергтің баспа
станогін ойлап шығарған 1450 ж. жатады. Жарнама берушіге өзінің
хабарлама қағаздарының қосымша даналарын қолдан жазып тарату қажет
болмаған. Бірінші баспа түріндегі құлақтандыру 1478 ж. ағылшын тілінде
пайда болған.
1622 жылы Укли Ньюс деп аталған ағылшын тіліндегі бірінші газеттің
шығуына байланысты жарнама қуатты ынталандыруға ие болған. Одан кейінірек
Эддисон және Стил Тэттлер газетін шығарып, жарнаманың үлкен
жақтаушылары болған. Бұдан кейін радионың, ал кейінірек теледидардың
ойлап табылуы жарнаманы таратудың тамаша екі құралының пайда болғанын
көрсетеді.
Бастапқыда жарнаманың даму орталығы Ұлыбритания болды, кейіннен
әлемдегә жарнама шығындарының жартысынан көбі АҚШ-қа ауысты.
Біздің елімізге келетін болсақ, социолизм кезіндегі өнімдердің
жоспарлы бөлінісі жарнаманың маңызын жоққа шығаруға шақ қалды. Ал
тәуелсіздік алып, экономиканың дамып келе жатқандығының нәтижесінде
біздің елде де жарнамалық қызмет қарыштап дамып келеді.
“Gallup Media Asia” деректері бойынша, 2002 жылы Қазақстандық
жарнама бюджетінің жалпы көлемі ЖҰӨ-ң 0,34%-ын құрады. Бұл
көрсеткіштерді батыс елдерінің деңгейімен салыстырсақ, АҚШ – та жарнама
шығыны ЖҰӨ-ң 2,1-2,2%-ын, Францияда - 1%-ын, ал Ресейде – 0,65% құрады.
Әлемнің ең ірі жарнама берушілерінің тізіміне “Procter g Gamble”
компаниясы бірінші орында. Оның жарнама шығындары 1993 жылы 3,6 млрд.
доллар немесе компанияның сату көлемінің 15,5 %-на жуық болды.
Кейбір жарнама берушілер тікелей БАҚ – тың жарнама бөлімдерімен
өзара әрекет жасап, жарнамаларын орналастырады. Ал басқалары жарнама
агенттіктеріне тапсырыс береді. Қазақстан нарығындағы жергілікті жарнама
агентіктеріне “Proba”, “Pro – Media Counsel”, “Das - Marketing” сияқты
жетекші агенттіктерді жатқызуға болады.
Негізгі жарнама берушілер болып өндірушілер, бөлшек – көтерме
саудагерлері, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б. табылады. Қазақстан
нарығында негізгі жарнама берушілер – шетелдік компаниялар. Мәселен,
“Unilever”-дікі – 2,8 млн. доллар, “LG Electronics”, “Coca - Cola”
компанияларынінкі 1,9млн. доллар болады. Отандық жарнама берушілер бюджет
бойынша шетелдік компаниялармен бәсекеге түсе алмайды.
Жарнама агенттіктері – жарнама қызметін ұсынатын делдалдар болып
табылады. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын
немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық өңдеу және
жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады. Жарнама беруші оны шығаруға
байланысты кейбір қызмет түрлерін өзі жасай алады. Жарнама агенттіктерін
таңдаған кезде жарнама бағасын, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін,
қызметінің сапасын талдау керек.
Көрсетілген қызмет көлеміне байланысты жарнама агенттіктері әмбебап
және мамандандырылған болып бөлінеді.
Әмбебап жарнама агенттігі ақпарат және жарнама қызметінің барлық
аумағындағы қызметін ұсынады. Осындай агенттіктерге “Стикс”,“Юлия”,
“Триумф”, “Бизнес Магазин”, “Алина” және басқалар жатады.
Мамандандырылған жарнама агенттігі жарнама қызметінің белгілі бір
түрін ғана ұсынады. Мәселен, “Герона”, “Гридан”, “Биік” агенттіктері
кең өрісті полиграфиялық қызметтерді, визуалды жарнама жасайтын жаңа
технологияларды ұсынады. Жарнама уақытына ие болушы фирмалар алдын ала
үлкен көлемде БАҚ- тан орын сатып алады, содан кейін оны жарнама
берушілерге және жарнама агенттіктеріне сатады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша
жарнама қызметінің нарығында 788 жарнама агенттіктері тіркелген, ал оның
саны Жапонияда – 4000-ға жетеді.
Жарнама агенттіктерінің барлық түрлері өздерінің пайдасын бұқаралық
ақпарат құралдарынан түсетін комиссиялық алым немесе көрсетілген
қызметтері үшін үстеме баға қою арқылы тауып отырады.
Жарнама агенттіктері қызмет барысында көптеген жарнама түрлерімен
жұмыс жасайды. Яғни, әр жарнаманың өзіндік ерекшелігі болады. Ол оның
мазмұнына, мақсатына, атқаратын қызметіне ьжәне басқа да сипаттарына
байланысты анықталады. Осыған сәйкес жарнама түрлерін былайша жіктеуге
болады:
1. Мақсаттық белгілеуіне қарай:
✓ Тауарлар мен қызметтер жарнамасы;
✓ Идея – ойлар жарнамасы;
✓ Пайда алу үшін бағытталған коммерциялық жарнама;
✓ Пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама (қайырымдылық
қоры, діни және саяси ұйымдардың жарнамасы);
2. Мақсатты бағытына сәйкес жарнама типтері:
1) Марка жарнамасы тұтынушылардыңтауар маркасы туралы хабардар
болуына және фирманың нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған.
2) Тауар жарнамасы жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты
ынталандыруға және салалық өткізу көлемін өсіруге бағытталған
3) Компания жарнамасы олардың жалпы бейнесін жасауға және
кәсіпорынның жұмысын жағымды көрсетуге бағытталған.
3. Өткізу арналары бойынша жарнама төмендегідей жіктеледі:
1) Баспа жарнамасы – ол тек көріп, қабылдауға арналған жарнамалық
– каталогтың басылымдар (каталог,проспект, буклет, плакат,
листовкалар) және жарнамалық – сыйлықтық басылымдар (үстеме
қоятын және қабырғаға ілінетін фирмалық күнтізбелер, іс
күнделіктері, жазу кітапшалары, қалта күнтізбелері және т.б.
жатады).
2) Баспасөздегі жарнама. Бұл – хабарландыру және шолу – жарнама
жарияланған әр түрлі жарнамалық материалдар (мақалалар,
репортаж, шолу және т.б.). басылымның маңыздылығы оның
кезеңділігіне, жарнаманың осы басылымдағы алған орнына және
көлеміне байланысты болады.
3) Радиожарнама. Негізгі түрлері – радиохабарландырулар,
радиожурналдар, радиорепортаждар, радиороликтер.
4) Тележарнама. Ең танымал түрлері: телеролик, телехабарландыру,
жарнамалық бағдарламалар, бағдарлама арасындағы
телезаставкалар.
5) Аудиовизуалды жарнама. Бұл – жарнамалық роликтер, жарнамалық
– техникалық фильмдер, жарнамалық – беделдік филбмдер және
слайдтар.
6) Сыртқы жарнама. Бұл – көру сезімі арқылы қабылданатын
жарнама. Негізінен бұл жарнама тұтыну тауарлары үшін
қоладнылады. Қалың көпшілікке арналған. Оның түрлері:
жарнамалық тақталар, афишалар, транспаранттар, түрлі – түсті
жазбалар, электронды табло, экрандар, дүкендер сүресі,
фирмалық жазулар.
7) Көліктегі жарнама. Бұл – автобус, траллейбус және басқа көлік
түрлеріне орналастырылатын жарнамалық мәліметтер,
хабарландырулар.
8) Тікелей пошталық жарнама. Ол – жарнамалық хабарларды тұтынушы
мекен – жайына хаттар немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік өнімді жылжытудағы жарнаманың ролін анықтау және ұлттық туристік өнімдерді жарнамалауда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметі
Нарықтық экономикадағы маркетинг теориясы. Қазақстандағы әлеуметтік жұмыстағы жетілдіру жолдары
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Туристік салада маркетингтік және жарнама қызметін ұйымдастыру
Туристік кәсіпорынның дамуына жарнаманың әсері
Жарнама таратудың негізгі құралдары
Туристік бизнесті жоспарлау
Маркетингтің фирмалық саясаты
Паблик релейшнз (PR) - туралы түсінік және оның әлеуметтік ортамен байланысы
Пәндер