Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы



Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік.экономикалық дамуымыздың негізгі алғышартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез.келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс.әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан.жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60.шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.
Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік қоғамдардың пайда болуымен олар үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс
әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғышартына айналып, еліміздегі
реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар
кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын
тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп,
тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір
деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан
инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың
өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай,
инвестициялық іс-әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық
шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың
амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық
институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру
көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін
кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері
негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды.
Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы
елдердің инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы
қағаздармен операциялармен айналысады.
Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы
қағаздарын орналастырумен байланысты. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік
қоғамдардың пайда болуымен олар үлкен компаниялар мен корпорациялар
үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша
қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда,
біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық
деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады.
1 Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып
табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар
бар мүшелер. Сондай-ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту
олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін
оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар
табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процесті қаржыландыру нарықтық
тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының
басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті
қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны
қайта құру үшін әр түрлі көзқарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған
байланысты экономикалық жақсы дамыған сегмент ретінде банктік жүйеге
келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және
жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және
тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық
инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу
тәжірибесін қарастырады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны
жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және
техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық
құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі-XXI ғасырдың ортасына
таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларына бет бұрыс жасау. Мұны іске
асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға
бөлінеді.
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді
кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға
жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады. Сөйтіп, нені
салуға болады? Ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың
миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды
мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда
инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана
болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді. Бұл-акцияны сатып
алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық
запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да
қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар,
жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық
интелектуалдық құндылықттар. Инвестициялық қызмет бұл-инвестицияларды салып
және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы
салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды
сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай
болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын
енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар,
мемлекет және халық. Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар,
бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге,
саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор – бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең
алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны
қаржыландырудағы делдал. Кәсіпкер – бұл белгілі бір тәуекелділікпен өз
капиталын салушы адам. Саудагер – бұл белгілі, алдын-ала есептелінген
тәуекелділікке баруға дайын адам. Ойыншы – қандай да болмасын тәуекелдікке
баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты – табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің
материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ
мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық-саудагерлік
іс-әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып
кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі
нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі-шетел инвесторларының
қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін
тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым
міндеттерін шешу, нарықты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық
әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы
кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын - валюта резервтері жасалған, олар
сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамасыз
етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады. Шетелдік
инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалады:
1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді
ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және
шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.
2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық
жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер,
инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген
баждар, жеделдетілген амортизация.
3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын
қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол
сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді.
Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына
айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар
мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да
инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері
елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында
елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге
асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді.
1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8
миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды.
Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80
пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің
елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты.
Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға
қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл
Қаржы министрлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік
береді. Екіншіден, екінші деңгейлі барлық банктерінің тиісті рейтингтері
жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі
танылғанын қоссақ, бүкіл дүниежүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси
тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта
дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл
дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму
банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы
институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті
үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде
дүниежүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады,
олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес
республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан
туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмлелер бойынша
қажетті төлемдерді жүзеге асырады.

1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы. Қазіргі кезде
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік-
экономикалық дамуымыздың негізгі алғышартына айналып, еліміздегі
реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар
кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын
тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп,
тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір
деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан
инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың
өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай,
инвестициялық іс-әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық
шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Бұл тұрғыдан инвестициялық іс-әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге
болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-
әрекеттің нәтижесінен тұрады:
Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық,
яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды -
реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі
инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады. Жоғарыда көрсетілген
пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің,
жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді. Пайдадан түскен салық пен
өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады: міндетті медициналық қамсыздандыру
қорына, мемлекеттік зейнетақы қорына, аймақтық бюджетке, Республикалық
бюджетке, өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса,
онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі
керек.
1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі.
2. "Замазкалау" принципі.
Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргізу. Шешімді қабылдап
алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған
бармау алмастырады. Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға
немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны жүргізу үшін қанша кредит
аласың, оны қандай мерзімге және қанша проценттік мөлшерде алуға шешім
жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін,
қайтадан қайту оңайға түспейді, өте қиын болады. Бұл станокты көп жыл
бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу керек
болады. Сөйтіп, сылап-бітеу процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың,
өйткені инвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін қимыл-
әрекеттерге бару шектеулі болып қалады.
Бұдан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем тиылды
деуге болмайды. Әрине, сатып алған станокты қайтадан сатып жіберуге де
болады немесе акциялардан да құтылуға болады да, "дезинвестирование" деп
аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге
қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені түзеу үшін
уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік туады,
іскер серіктестермен байланыс үзіледі.
3. Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау
үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш тәсілі бар:
1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни
тек қана құндылық, ақшалай талдау.
Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің ақшалай
бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай тәсілдік
инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем батырады.
Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек болады.
2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі. Бұл
тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық жобаға салынған
технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі
тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық
мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.
3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл
бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы:
әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.
4. Үйренушілік шығындар принципі.
Үйренушілік шығындар деген не? Бұл-жаңа инвестицяялық ортаға үйренуге
байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды
қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар
қойылғанда, оны конъюктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру
керек болады.
Өндірістік инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып кетеді.
Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ нарықтық
конъюктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай
жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.
Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі
үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың
кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып,
жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары
үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім
шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.
Бұдан туындайтын қорытынды: үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген
өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат,
материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда
ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді.
Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара
беретін боласыз. Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп
уақыт осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ, бұл
инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.
5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.
Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді.
Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен-өзі келеді де оның
технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар,
пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы
өзара қатынастық коэффиценттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады.
Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік. Сөйтіп, келешектегі
кірістің қандай болатынын білесіз. Мультипликатор арқылы салалар арасында
байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да білдіреді.
Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр
түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы
болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы
толқынның сізге қашан кәсіпорынына келетінін, кірісті көтере немесе азайта
ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет
болады.
Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорын саласының басқа
саладағы-генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай
болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей
бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция
стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені нарық үнемі қозғалыста
болып түрады.
6.Q-принципі. "Q"-принципі-бұл қор биржасындағы бағалау мен актив
құнын нағыз қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің
көрсеткіш-қатынасы : Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) бұл
активтерді ауыстырудың (сатып алу) күнделікті шығындары. Егер бөлшек
бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен болған
сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің нарықтық (биржалық) құнының,
оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық болуына қарай, үй салуды
ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан
ол үйдің нарықтік бағасының артық болуы. Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі
сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өзара қатынастарына байланысты болады.
Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға
есептегенде: Q ═ фирманың барлық биржалық құны оның материалдық
бөліктерін орнына келтіру шығындары. Тұтастай алғанда, бұл принциптің
қолданылу деңгейінің аз болуы, мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына
қарай туады.
1.3 Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында
тартымды ресурстардың құрылымы мен даму ерекшелігі
Батыс елдердің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық
банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің инвестициялық банктердің
пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы
мамандану әкелді.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі - ұзақ мерзімді ссудалық
капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды,
облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа
түрлері арқылы беру. Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық
банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады. Қазіргі
инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:
1.Бірінші типті инвестициялық банктер.
2.Екінші типті инвестициялық банктер. Мұндағы бірінші типті
инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды орналастыру және сатумен
айналысады. Ал екінші типті инвестициялық банктерге келетін болсақ олар
ұзақ мерзімді несиелеумен айналысады.
Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге негізінен
осы атап кеткен екінші типті инвестициялық банктер тән. Бірінші банктер XIX
ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген серіктестіктер
формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктер аса тез дамуы XX
ғасырдың 20-шы жылдарында байқалады. Инвестициялық банктердін пайда болуын
негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп
көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік қоғамның пайда болуымен олар
үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен
облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа
компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен
қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын
орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап,
жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
Бірінші типті иңвестициялық банктер соңғы кезде көбінесе корпоративті
секторлардың бағалы қағаздарымен операцияларды жиі жүргізеді. Мұндай
банктер акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс, транспорт
және сауда кәсіпорындарының ақша қаражаттарын алуда делдал ретінде
қатысады. Бірінші типті инвестициялық банктер капиталды тарту, бағалы
қағаздар нарығында қызмет көрсету бойынша бірқатар функцияларды атқарады:
• Акциялар мен облигацияларды қайта орналастырумен айналысады;
• Халықаралық бағалы қағаздарды еуровалюта нарығында орналастыруда
делдал болады;
• Корпорацияларға инвестициялық стратегияның сұрақтары бойынша
және бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер береді.
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі.
Көптеген компаниялар инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ мерзімді ақша
қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі
тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен
айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды. Осындай елдердің
қатарына келесі елдерді мысалға келтіруге болады: Канада, Ұлыбритания,
Австралия, Америка Құрама Штаттары.
Екінші типті инвестициялық банктер соғыстан кейінгі Батыс Еуропаның
экономикасын қалпына келтіруде және дамушы елдердің салаларын құруда үлкен
рөл атқарды. Осыған байланысты келесі бірқатар елдерді ерекше бөліп
көрсеткен дұрыс болады: Франция, Италия, Испания, Португалия, Скандинавия
елдері. Аталған елдерде аралас және мемлекеттік инвестициялық банктер
өндірісі ұзақ мерзімді несиелеудің және онда жаңа салалардың құрылуының
жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Аралас және мемлекеттік типтегі
инвестициялық, әлеуметтік экономикалық даму бағдарларын және экономиканы
тұрақтандыру жоспарларын іске асыруға белсенді қатысты. Қазіргі кезде бұл
инвестициялық банктер ссудалық капитал нарығында әртүрлі операцияларды
жүргізеді: заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын аккумуляциялайды, орта
және ұзақ мерзімді несиелеу жүргізеді, жеке және мемлекеттік бағалы
қағаздарға салымдар жасайды, әртүрлі қаржылық қызметтерді дамытады.
Дамушы мемлекеттердегі мұндай инвестициялық банктер негізінен
1960 жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл
банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы
елдердің инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы
қағаздармен операциялармен айналысады. Сонымен қатар, бірқатар елдердің
бірінші типті және екінші типті инвестициялық банктердің операцияларын
қатар асыратын банктер қызмет етуде. Көптеген елдерде инвестициялық
банктердің қызметін басқа да қаржылық-несиелік мекемелер немесе
коммерциялық банктер атқарады.

2 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарын
бағалау және талдау ерекшелігі
2.1 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік,
аннуитеттік түрде болады.
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде
қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет
саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде.
Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын
қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорының клиенттердің акцияларының
бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол
қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен
салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру
қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін
үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-
өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына делдалдық
жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін
және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие
болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты
және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель-бұл
әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да, салым
иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы.
Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық
бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жинақ және депозиттік сертификаттар,
аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып
кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын
салымы. Бұл-негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Сақтандыру компаниялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер
шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын
жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған
жағдайда, қаржылық қиыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін
зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру
компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір
уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.
Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция
қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін қалай
анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны
ма?
Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке
салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны
банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы
басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып
тастағанда) көбірек алғанда. Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге
инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге
көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп
есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады. Егер инвестор 100 мың
теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000
кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті
(15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.
Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай пайда
келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы табысты ең кем дегенде үш-бес жылда
ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы
инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа
мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын
кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі
де шетел инвестицияларын қажет. Бірінші кезекте, шетел инвестициялары
бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар үшін берік валюта әкеледі. Екіншісі және
шетел инвестициясымен ере келетіндерің ең маңыздысы-технология мен
кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы жұмыс істейді
де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың бизнесін ашу
үшін жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту-кәсіпкерлер қатарынан көбеюіне және шағын
бизнестің қанат жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса
да, инвестициясы елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді, Дербес
жекешелендірудің жобасындағы бірінші оқиға болған темекі комбинатын Филип
Морис компаниясының қолға алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол әрі
инвестиция түрінде келуіне жол ашты. Сөйтіп, инвестициялар-Қазақстан
экономикасының қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.

2.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау
заңдары
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының үкіметі басты назарды
инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды. Қазақстан Республиканың
өнеркәсіп құрылымында минералды-шикізат кешенінің үлесі шамамен 65 % тең.
Бұл салада капиталды ерекше белсенділігіне қол жеткізілгенмен жер қойнауын
пайдалану мен жағдайын талдау кезінде оның толықтай игерілмегендігі
анықталды. Қазақстан Республикасының үкіметі мемлекет саясатының минералды
- шикізат ресурстарының қорларын ұлғайту мақсатында ізденіс жұмыстарына
инвестиция тартуда қосымша ынталандырушыларды жасақтауға негізделгенін
көрсетеді. Оған Қазақстан Республикасының үкіметі жасаған республиканың
минералды-шикізат кешенінің даму бағдарламасы маңызды орын алуы тиіс.
“Инвестициялар туралы” заң 2003 жылы 8 қантар №373-11 шыққан кейіннен 2005
жылы 4 мамыр №48 және 2006 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулер енгізілген.
Екінші жағынан бүгінгі күні жоғары косымша құны бар және өңдеуші
салаларды жақсартуға барынша күш салу қажет. Осы мақсаттарды үкімет
"Инвестициялар туралы" заң жобасын дайындады. Заң жобасының басты мақсаты
экономикада отандық және шетел инвесторларының құқықтары мен мүмкіңдіктерін
теңестіру болып, Қазақстан Республикасында жасалған инвестицияларға қатысты
мемлекеттік кепілдіктерді болашақта ұлттық экономиканы реформалау кезіңде
инвесторлар мүдделерінде қайшылық туғызбайтын деңгейде үйлестіру болды. Бұл
тұрғыда заң жобасының 6 бабы кайшылықты туғызды. Мұндай шетел
инвесторларына берілген кепілдік конститутционалды экономикалық іс-әрекет
субъектілерінің тең құқықтығы дәрежесіне күмән келтіретіні сөзсіз.
Инвестициялық хал-ахуалды нашарлатпау мақсатында заң жобасына бұрын
қойылған келісім — шарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтпелі
қағидалар енгізілді. "Шетел инвестициялары туралы" заңының 6 бабынан
біртіңдеп бас тартуын, мемлекет әлемдік тәжірибеде орын алған осындай саяси
және реттемелі тәуекелділіктен сақтандыру жүйесін құруды ұсынуда. Саяси
және реттемелі тәуекелділіктерді сақтандырудың құқықтық негіздері мен
әрекет етуші механизмін жасақтау арқылы, Қазақстан мүмкін болатындау
таластарды шешілуін өркениетті әдістерін жасақтауға бір қадам жасады.
Одан басқа Қазақстан Республикада "Жер койнауы мен оны пайдалану" мен
"Мұнай туралы" заңдарға өзгеріс енгізу туралы заң жобасы дайындалуда. Заң
жобасы пайдалы қазбаларды пайдалану құқықтарын беру, мемлекет пен
мердігерлер арасында табиғи ресурстарды тиімді және кешенді пайдалану
аясынадағы нормаларға қатысты бір қатар қағидаларды жетілдіру көзделген.
Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2004-2005 жылдарға тікелей
инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен
мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары енгізілді.
Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесі
қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды қайтару нормасының
ұлтайтылуы сияқтылары енген.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы №
349 жарлығымен Экономикалық басты салаларына инвестициялық іс-әрекетті
асырушы инвесторлар мен келісімшарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру
тәртібі бекітілді. Тәртіпке сәйкес, жеңілдіктер мен преференциялар беру
жағдайына:
1) инвестициялық жобаның экономиканың басты секторларына қатысты
болуы;
2) инвестициялық жобаны жүзеге асыруында қазақстаңдық заң тұлғасының
негізгі қорларына тікелей инвестицияларды жүзеге асыру.
Инвестщиялық жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша
Қазақстан Республика агентігін келесідей жеңілдіктермен преференциялар
беруі мүмкін:
- натуралды мемлекеттік гранттар;
- келісім-шарт жасасудан 5 жыл мерзімге жер мен мүлік салығынан
босату;
- салық алына бастайтын табыс алу кезінен 5 жылға табыс салығынан
босату;
- инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қажетті құрал-жабдық, шикізат,
материалдар импортты кезеңінде кедендік баға салықтарынан толықтай немесе
бір бөлігінен босату. Салықтық жеңілдіктер беру мерзімі негізгі қорға
инвестиция көлемі мен экономиканың басты секторларына жатқызылуына
байланысты беріледі. Ал кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан
Республикасында өндірілмеген немесе көлемі инвестациялық жобаны жүзеге
асыру жағдайына сәйкес келмеу жағдайында беріледі.
Мемлекеттік натуралды гранттарға:
1) негізгі қорлар — жер учаскелері, ғимараттар, өндіріс құрал-
жабдықтары, машиналар, есептеуіш техника және басқалары.
2) бейматериалды активтер-ғимаратты, жермен пайдалану құқығы мен
басқадай құқықтар.
3) өндірістік қорлар, аяқталмаған құрылыс, салықтар, дайын өнім.
Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйе аралық институтционалды-
экономикалық өзгерістер қажеттілігінің дәлелі. Бұл жағдай инвестициялық
саясат аясында интеграция процестері мен әлемдік нарыққа шығумен байланысты
шараларды жүзеге асыруын талап етелі. Машина ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялардың экономикалық тиімділігін жоспарлау
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің қаржылық аспектісі қазақстан республикасындағы инвестиция
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру жолдары
Инвестициялардың мақсаты және инвестиция есебі
Инвестициялық саясат
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат
Қазақстан экономикасындағы инвестициялық саясат
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту
Инвестиция түрлері
Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
Пәндер