Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамыту


І. КІРІСПЕ3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ5
1 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ5
1. 1 Оқушылардың ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру5
1. 2 Тіл сабақтарындағы тілдік әрекеттің түрлері8
2 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ13
2. 1 Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту тәсілдері13
2. 2 Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары19
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ26
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ27
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі - оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы, педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады» - дейді.
Қазақ зиялылары: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Балақаев, К. Аханов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, Н. Уәлиев, Р. Сыздықова, А. Жапбаров, Ә. Болғанбаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Р. Әміров, Қ. Жұбанов т. б. ғалымдардың еңбектерінде «тіл» ұғымының сан қырлы жағына тоқталады. Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілу - ғалым А. Байтұрсынұлынан бастау алып, Қ. Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан.
Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу − бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек - талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңғырту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып заман ағымына жауап беруі мұғалімдерге жауапты істерді жүктейді.
Бастауыш сынып оқушылары үшін тіл - білім алудың көзі болып саналады. Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдер баланың тілін дамытуың маңызын түсінуі тиіс. Оқушының тілінің дамуы жоғары болса, ол оның өмір жолында, сыныптастарымен қарым-қатынасына, сонымен қатар мектепте нәтижелі оқуына әсер етеді.
Сөйлеу тіліне ең алдымен, анықтама бере кетсек. «Сөйлеу тілі - күнделікті қарым-қатынаста пайдаланылатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тлі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікілей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз бйланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді. Сонымен бірге сөйлеу тілі жазбаша түрде де қолданылады.
Оқушылардың сөйлеу тілінің қабілеттерінің қалыптасуы және дамуының нәтижелі шарттары қандай?
Ең бірінші шарт, ол - қарым-қатынастың қажеттілігі. Демек, өз пікірімен немесе ақпаратпен бөлісу тілегі мен қызығушылығын туғызатын, сөйлеу тілінің ынтасын айқындайтын жағдайларды қалыптастыру керек.
Екінші шарт, ол - қарым-қатынас ортасын құру. Қарым-қатынас ортасы - бұл ата-аналардың, жақындардың, достардың әңгімелері, көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, мұғалімнің сөйлеу тілі, оқулықтардың тілі . . . Сөйлеу тілі оқушыға қарым-қатынасқа түсуге және дүниені танып білуге көмектеседі.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуге үйретуде психологияға сүйенбей болмайды. Сөйлеу тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау қабілеті, ой-өрісінің дамуы, сезімі, қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рөл атқарады.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің дамуы әрдайым педагогикалық басшылықты қажет етеді. Сөйлеу тілін дамыту мен байытуда жүйелі жұмыс қажет.
Оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдар оқытуда қолданылатын көрнекіліктің мынадай түрін ұсынды, олар: демонстрация, иллюстрация.
Оқытуды демонстрациялық негізде ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың құбылысты және танымдық процесті, өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқыту процесінде проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді.
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (суреттер, сызбалар, портреттер, модельдер) көрсету қолданылады. Мысалы, қазақ тілі сабағында оқушыларға сурет көрсетіліп, оны сипаттау жұмысы немесе мәтін құрастрыу, не болмаса екінші бір суретпен салыстыру жұмысын орындатуға болады. Көрнекіліктер айшық түсті, барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс және ол оқушының жас ерекшелігіне сәйкес келуі ескеріледі.
Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әртүрлі ойлау әрекетіне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың маңызын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- оқушылардың ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды талдау;
- тіл сабақтарындағы тілдік әрекеттің түрлерін жүйелеу;
- қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту тәсілдерін зерттеу;
- оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын зерттеу.
Зерттеу нысаны: Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамыту.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы қазақ тілінің дамуына мүмкіндік береді.
Бүгінгі кезде қоғамдық-әлеуметтік қажеттіліктердің бірі - Қазақстан азаматтарының әрқайсысын мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасай алу дәрежесіне жеткізу. Орыс мектептерінде оқитын оқушыларға қазақ тілін үйрету, бастауыш сыныптан бастап ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және оны жетілдіру, көркем әдеби тіл нормаларын терең игерген жастарды тәрбиелеп шығару. Қашан да білімді ұрпақ - болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры - жас ұрпақтың қолында болса, ал жас ұрпақтың тағдыры - бүгінгі ұстаздардың қолында.
Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудағы басты мақсат - оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқып, айта білуге, сауатты жазуға, бір-бірімен сөйлесе білуге, оқығанын, көргенін, естігенін қысқаша әңгімелеп бере білуге дағдыландыру, ойын қазақша жеткізе алатындай дәрежеге жеткізу, сабаққа деген ынталылығын арттыру, әр тақырыпты олардың санасына жете түсіндіру.
Оқу-тәрбие жұмысының негізі - сабақ. Сабақ-оқытудың барлық кезеңінде мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әдістерінің жүйесі. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білімін толықтыруға дағдыландыру сияқты жұмыстар сабақ барысында жүзеге асырылады. Оқушылардың тіл байлығын молайту үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологиялардың элементтерін қолдану. Сабақта қолданылатын мәтін мен жаттығулар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуінің маңызы зор. Пәнаралық байланыс болуына, сабақтың өмірмен байланыстылығына мән беру қажет. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту - әр сабақтың міндеті.
Ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда грамматикалық ережелерді меңгеріп, оларды түсініп, дұрыс қолдана білудің маңызы өте зор. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыпты меңгеру - күрделі жұмыс. Грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп, меңгеріп, орынды қолдана білу дағдыларын дамыту мақсатында сурет бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру, әңгімелеу жұмыстарын жүргіземін.
Мәтінмен жұмыс істегенде, оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс айта білуге, сұрақтар қоя білуге, берілген сұрақты түсініп, нақты жауап беруді үйретуге тырысамын. Мәтінде кездесетін таныс сөздермен, сөз тіркестермен және меңгерілген жаңа сөздермен сөйлем құрастыруға, әңгімелей білуге дағдыландырамын. Әр сыныпта тақырыптар бойынша тест сауалдарын қолданып, жарыс, саяхат, ойын сабақтарын өткіземін.
Жаңа заман сабағы дәстүрлі тақта мен бор арқылы емес, электрондық құралдардың көмегімен, интерактивті тақтамен оқушылардың белсенділіктерін арттыра отырып өткізіледі. Өз тәжірибемде интерактивті тақтаны қолдана отырып «Білімпаздар сайысы» атты сыныптан тыс шара өткіздім. Мультимедиялық мәтін жазылған бейне материалдар, слайд, суреттер, сызбалар, кестелер қолдандым. Оқушылар күнделікті жүз рет сөзбен айтқан ұғымдарды бір рет көру арқылы естеріңде сақтайды. Бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын ақпараттық қатынастық технология арқылы дамыту оқушының өзіндік білім алу іс-әрекетін компьютерлік бағдарламалық және техникалық жабдықтардың көмегімен іске асырылады.
Оқушылар «Жыл мезгілдері», «Құстар», «Үй жануарлары және аңдар» атты кітапшалар дайындап келеді, ол жұмыстарын оқушылар алдында оқып қорғайды.
«Қай ауыл жеңді?», «Кім көбірек біледі?», «Қатені тап» тағы басқа түрлі сөздік ойындарын жиі өткіземін. Оқушылардың қазақ тіліне ынталылығын арттыру үшін мынадай ойындарды өткізуге болады; біріншісі: «Кім көбірек сөз табады?» Мысалы: саңырауқұлақ-ақ, қара, су, құлақ, уық. Екіншісі:бір оқушы сөзді айтады, екінші оқушы сөздің соңғы әрпіне жаңа сөзді ойлап табады. Мысалы: қарға, алма, ат, тауық.
«Сөз жарысы» ойыны. Ойынның мақсаты - сөздік жұмысын қайталау. Бұл ойында үш оқушы тақтаға шығады. Сыныптағы оқушылар сөздерді орыс тілінде айтады. Үш оқушы қазақ тіліне аударады. Үш оқушының қайсысы көп айтса, сол жеңеді. Ойынды тақтаға сауатты жазу қабілетін молайту мақсатында жазбаша түрде де өткізуге болады.
“Иә - жоқ” - ойыны сұраулық шылауларды дұрыс қолдану дағдыларын, қисынды ойлау қабілеттерін арттырады . Бір оқушы затты ( жануар, тағам, өсімдік . . . ) жұмбақтайды. Қалғандары сұрақ қойып отырып, оны табу керек. Бір ерекшелігі: шыққан бала тек “иә” не “жоқ” деп жауап бере алады. Екінші ерекшелігі: оқушылардың сұрақтары тізбектеліп логика жолымен құрылу керек.
Мысалы:
-Ол жануар ма?- Жоқ.
-Ол балық па?- Жоқ.
-Ол құс па? -Иә.
-Ол үлкен бе?- Жоқ.
-Ол суда жүзе ме?- Иә.
-Ол үйрек пе?- Иә.
“Сурет салу” - оқушылар мұғалімнің әңгімесі бойынша сурет салады. Мысалы, ортада екі қабатты үй. Үйдің алдында бір жасыл ағаш. Ағаштың үстінде бір қараторғай, екі сауысқан отыр. Осындай жұмыс арқылы оқушылардың тыңдалым әрекеттері іске асады. Бұл жұмыс түрінен түстердің атауың, оқушылардың сөздік қорын, көмекші есімдермен қолдану дағдыларын бақылауға болады.
Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпты оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып, диалогты дұрыс құруға тырысады. Ауызекі сөйлесу оқушының тілін дамытады.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың берері мол. Диалог - сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен сөйлесуде болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтік оқыту жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ал ауызекі сөйлесу - жауап алу арқылы жүзеге асады. Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық - грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруға жағдаяттың ауызекі сөйлесу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап құрастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап, беретіндей дағды - машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Қазақ тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорын байыту, қазақша ауызекі сөйлесуге, сауатты жазуға үйрету, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет.
Оқушы тілін дамыту үшін әр түрлі әдістер, жұмыстар өткізу керек. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтіннің мазмұнын айтқызуда тірек сызбалардың берері көп. Бұл тәсіл жаңа сабақты жылдам түсінуге, есте сақтауға көмектеседі. Тірек- сызба сұхбат құрғыза отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, сөйлем құрастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық материалды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек-сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге жаттықтырады. Тірек-сызбалар арқылы оқушылар кез келген тақырыпқа әңгіме құрастырып, өз ойларын оңай жеткізеді, ауызша тіл дамытып, сөздік қорын молайтып, ауызекі сөйлеуге дағдыланады. Тірек-сызба арқылы сұрақ-жауап әдісі бойынша оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап аламын. Балалар тірек сөздер берілген сызбаны пайдалана отырып әңгіме құрастырады.
Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады, қазақ тіліне қызығушылық артады, ауызекі сөйлеу дамиды.
1. 2 Тіл сабақтарындағы тілдік әрекеттің түрлеріҚазіргі заманауи білім берудегі әдісіндегі жетістігі болып мектепте қазақ тіліне оқытудың негізгі мақсаттарын қайта қарастыру болып табылады. Қазақ тіліне оқытуда негізгі мақсаты оқушылардың тілдік әрекеттің барлық түрін қалыптастыру, яғни тілдік қарым-қатынастың шартын (жазу және сөйлей білу) сақтай отырып айтылымды қабылдау (тыңдай білу) және жазылым (оқи білу) ; сауатты, нақты, логикалық байланысқан, ауызша және жазбаша түрде өз ойын түсінікті етіп жеткізе білу қажет.
Алайда, оқу қабілеті 6 жастан бастап қалыптасатынын ескергенде, тілдік әрекеттің дамуы орта сыныптарда жақсы дамиды. Қазақ тілі сабақтарында тілдік әрекет лингвистикалық мазмұндағы оқу-ғылыми мәтіндер негізінде ұйымдастырылуы керек.
Мәтін мақмұнын түсінумен байланысты мақсатты жұмыс тыңдау қабілетін де дамытады (айтылым) . Сондай-ақ, оқушылар есту арқылы қабылданатын ақпараттың 75-80%-ға дейінгісін түсінбейді, тек 10-15%- ы (арнайы оқыған болса) тыңдалынған ақпараттың немесе дәрістің негізгі ойын түсініп, өз бетімен қорытындылап, әңгімелеп айтып бере алады.
Оқушылардың тілдік қабілетін қалыптастыруда жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін лингвистикалық мазмұндағы мәтінді тек оқу мен айтылуына ғана мән беріп қана қоймай, соған сай дағдысы мен әдетін қалыптастыру керек.
Негізгі мектептің орта сатысында тіл үйретудегі басты мақсат - оқушылардың сөйлеу әрекетін бірізді және жүйелі түрде дамыту. Сөйлеу әрекеті - ақпаратты алу мен ұсынудың мақсатқа бағытталаған белсенді үдерісі. Ол қарым-қатынас жағдаятына байланысты тілдік жүйеден көрінеді [2] .
Тілдік әрекеттің дамуы келесідей міндеттердің шешімі бола алады:
- Мәтінді түсіну және оқу техникасын қалыптастыру - сауаттылықты, сонымен бірге оқу қажеттілігіне қарай оқу үрдісіне деген қызығушылықты дамытады;
- Әдебиет арқылы оқушыларды адамгершілік қарым-қатынас пен өнегелік құндылықтарға жетелеу, еркін және тәуелсіз ойлау қабілеті бар тұлға тәрбиелеу;
- Әдебиет арқылы оқушыларды өнерге жақындаттыру, теориялық-әдебиеттің жеке түсініктерімен таныстыру;
- Жазбаша және ауызша сөйлеу қабілетін (сонымен қоса сөздік қорын байыту), оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқыту тәжірибеге бағытталаған жағдайда сөйлеу әрекеті жетекшілік қырынан қарастырылады.
Сөйлеу түрлері ауызекі сөйлеу тілі және жазба тіліне бөлінеді. Сондай-ақ сипатына қарай - өнімді/ өнімсіз болады.
Бізге тілдік әрекеттің 4 басты түрі белгілі:
- айтылым - ауызша вербалдық қарым-қатынас арқылы жүзеге асатын тілдік әрекеттің өнімді түрі;
- тыңдалым - ауызша ақпаратты түсіну және қабылдаумен байланысты тілдік әрекеттің өнімсіз түрі;
- оқылым - жазбаша мәтінді түсіну және қабылдаумен байланысты тілдік әрекеттің өнімсіз түрі;
- жазылым - графикалық үлгіде ойды жарыққа шығаруды қамтамасыз ететін тілдік әрекеттің өнімді түрі.
Ауызша қарым-қатынасты айтылым мен тыңдалым құрайды, оны әдістемеде тыңдалым деп атайды. “Тыңдалым” мен “тыңдау” барабар түсініктер емес. Тыңдалым - сөзді қабылдау үдерісі, ол тыңдалған ақпаратты қабылдап, түсіну мен ойша талдау жүргізуді бағамдайды. Ал, тыңдау - дыбыстарды акустикалық қабылдауды ғана білдіреді.
Тыңдалым әрекетіне дағдыландырудың басты мақсаты:
- қарым-қатынастың түрлі жағдаятында тікелей қатысым барысында бірнеше таныс емес лексикасы бар бағдарламалық материалға құрылған өзге тілдегі сөздерді;
- әр түрлі деңгейдегі оқу және түпнұсқалық аудиомәтіндердің терең мазмұнын; (бағдарлама аясында) ;
- негізгі ақпаратты (жаһандық түсіну) ;
- қажетті ақпаратты (ара-арасынан іріктелген ақпаратты түсіну) ;
- толық ақпаратты (жете түсіну) оқушылардың ести отырып, түсіну қабілеттерін дамыту.
Тыңдалымның түрлеріне егжей-тегжейлі тоқталайық.
Жаһандық түсіну кезінде тыңдаушыны жалпы ақпарат пен оның тақырыбы ғана қызықтырады. Қандай да бір оқиға туралы айтылған мәтіндерден оқиғаның қатысушыларын, қайда және қашан болғанын ғана білгіміз келеді. Әрі өзімізге түсініктілеріне ғана көңіл аударамыз. Жаһандық түсіну - бұл аудиомәтіндерге жалпы алғашқы бағдар десек болады.
Жаһандық түсіну көп жағдайда сирек орын алады, себебі тыңдаушыны кейбір нақтылық пен деректер, мысалы, есімдер, сандық деректер және с. с. қызықтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда біздер жете толық тыңдалымды пайдаланамыз. Бірақ кейбір деректерді түсіну үшін, мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну керек. Осылайша жете және жаһандық тыңдалым бір уақытта жүзеге асып, ол жете түсінуді қиындатады. Оқыту мақсатында бұл үдерістерді өзара бөлген дұрыс: алғашқы тыңдау барысында жаһандық түсіну, ал екінші рет тыңдағанда жете түсіну болуы керек. Тыңдалымның бұл түрі диалог, талқылау, дәріс оқу кезінде қолайлы. Бірақ шынайы өмірде ол өте сирек қолданылады. Көптеген мұғалімдердің кемшілігі, олар әрбір мәтінді жете тыңдауды талап етеді. Ал көбінесе тыңдаушылардың көпшілігін аудиомәтіндегі қандай да бір нақты ақпарат қызықтырады.
Жаһандық және іріктелген тыңдалым ана тілінде де үнемі пайдаланылады. Оқушылар базалық курс аясында (9-сыныптың соңында) тыңдалымның барлық түрін білуі керек.
Аудиомәтінге қойылатын басты талап - оның қандай да бір мәселені көтеруі және ақпарат беруі. Мәтін өтілген материал негізінде құрылады және жаңа сөздердің 5-7 %-ын құрайды [3] .
Айтылым - ауызша вербалдық қарым-қатынас (тыңдалыммен бірге) арқылы жүзеге асатын сөйлеу әрекетінің өнімді түрі. Айтылым мазмұны - ауызша түрде ойды жеткізу. Айтылым негізінде дыбыстау, лексикалық және грамматикалық дағдылар жатыр [4] .
Айтылым монолог және диалог түрінде болады. Диалог - екі немесе одан да көп тұлғалар арасында пікірлермен өзара тікелей алмасудан тұратын қарым-қатынас үдерісі. Диалогтің даму шарты оның ерекшелігін көрсетеді: айтылған ой- пікірдің қысқалығы, қарым-қатынастың тілдік емес құралдарын пайдалану, дауыс ырғағының рөлі, кітап тілінен еркін, құрамы толық емес сан алуан сөйлемдердің болуы, айтылған ойдың синтаксистік ресімделуі, сөздің алдын ала дайындалып, іріктелмеуі, жай сөйлемдердің басым болуы.
Диалогтік сөйлеуге үйрету қарым-қатынас жағдаятымен байланысты диалогтік мәтін түрінде берілген үлгілерге құрылады.
Диалогтік сөйлеуге үйретудің негізгі кезеңдері:
- сөзбен түсіндіру немесе оқытудың техникалық құралдарының көмегімен жағдаятты көрсету;
- дыбыстық және графикалық түрде диалогті көрсету;
- диалогтің тілдік материалын меңгеру;
- диалогтағы сөздерді байланыстыру тәсілдерін меңгеру;
- диалогті қайта жаңғырту;
- жағдаяттың құрадас бөлшектері арқылы диалог үлгісінің мүмкіндіктерін кеңейту.
Диалогқа үйрету барысында диалогтің түрлері мен онымен жұмыс түрін өзгерітіп отырған жөн. Мысалы: әңгіме диалог, қойылым диалог, мұғаліммен және оқушылардың өзара әңгімелесуі, жұптық және топтық жұмыс түрлері.
Диалогтік тілді дамытуға арналған жаттығулар жүйесі мыналарды қамтиды:
- алдын ала даярлық жаттығулары (еліктеу, рөлдерімен алмасу, өзгерту, құрастыруға қатысты лексикалық, грамматикалық, фонетикалық жаттығулар) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz