Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдары»

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі . . . 5

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбиенің міндеттері

мен мақсаттары . . . 5

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім беру . . . 15

2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде табиғатқа экскурсияның әдіс ретінде қолданылу жолдары . . . 18

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде

экскурсияның алатын орны . . . 18

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары

арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары . . . 20

Қорытынды . . . 28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс - әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Білім береті бала - бақшаларда экологиялық білім мен тәрбие мазмұны еңбек арқылы іске асырылады. Қазіргі жағдайда өндіріс табиғата күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негізделетінің балалардың түсінуі қажет. Өйткені іс - әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан қоғамның өндіргіш күштерін ұнамды орналастыруға аймақ табиғатының ерекшелігін, оның өндірістік жүктемеге орнықтылығын есепке алу талап етіледі. Балалар табиғи ортаны күтуде, қорғауда орман - тоғай шаруашылығын, жабайы аңдарды, өсімдіктерді қорғауға көмектеседі. Сондықтан олар негізгі мәселелермен таныс болып экологиялық талаптарға сәйкес білімін, экологиялық байлықты тиімді пайдаланады. Табиғатты қорғау белгілі жүйені игеру, экологиялық мәдениет негізінде дұрыс дүние тану көзқарасын қалыптастырады.

«Экскурсия» - деген терминнің мазмұны ерте кезден әр түрлі болып түсіндіріліп келді. Экскурсиялық істің көрнекті теоретиктері оның негізгі белгілері мыналар деп санады:

1. «Саяхат тәрізді болуы» және «мажорлылығы»

2. «Мажорлылығы» және «Жергілікті сипатта болуы», яғни нысандарды олардың табиғи орналасқан жерінде оқып үйренуге болатындығы» (Б. Е. Райков) .

3. "Мазмұндылылығы"

4. Нысандарды олардың табиғи жағдайында оқып үйрену.

Экскурсияның мәні - ол бізді қоршаған дүниені танып білу формаларының бірі. Ол маңызды екі элементтен тұрады: табиғатта, қоршаған ортада немесе бөлмеде алдын - ала іріктеліп қойылған нысандарды көрсету және солар туралы айтып беру.

Зерттеу мақсаты - мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде табиғатқа экскурсияның әдістерін зерттей отырып, оны дамыту жолдарын ұсыну.

Зерттеудің міндеті - экологиялық тәрбие шарттары мен құралдарын анықтау;

  • экологиялық тәрбие шарттары мен құралдарын топтастыру;
  • экологиялық тәрбиенің құралдармен шарттарының түрлері және олардың бір-бірімен байланысын анықтау;
  • сабақты өткізуде экологиялық тәрбиенің құралдармен шарттардың заңдылықтарын сақтау;

Зерттеудің пәні - балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі.

Зерттеудің обьектісі - мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде табиғатқа экскурсияның әдістерін дамыту жолдарын анықтау әдістемесі.

Зерттеудің обьектісі. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде табиғатқа экскурсияның әдістерін дамыту жолдарын анықтау әдістемесі.

Жас бала өмірінің образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек негізінде) өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның сырларын ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп қарайды тәлімгер. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда әсіресе жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы дейді педагог.

Курстың құрылымы мақсаты мен міндетіне сәйкес, курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен турады.


1. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі 1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбиенің міндеттері мен мақсаттары

Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудық ғылыми-теориялық негізі. Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Батыс Қазақстан жұртшылығын әскери полигондар, экологиялық талаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс орындары алаңдатып отыр. Қарашығанақ кең орнын игеруге 3000 га-ға жуық егіс, жайылым және орман жері пайдаланылады. Бұрғылайтын қондырғылар мен магистралды газ мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. 1990 жылғы мамыр 1992 жылғы мамыр аралығында "Нарын" қозғалысының орталығы Орда ауданында болды[?] . Органикалық отынды жағу кезінде атмосфераға күкірттің қос тотығынан басқа азоттың қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың қос тотықтары "Қышқылдық жаңбыр" деп аталатын жауын түсуіне себепші болады, олар топыраққа араласа отырып, оның қышқылдылығының жоғарылауына әкеп соқтырады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізді. Қышқылдық жаңбырлар металды жабдықтар мен құбырлардың тоттануын туғызуы мүмкін. Белгілі ғалым - педагогтар Н. В. Скалон, Ф. А. Веретникова, Б. Г. Иоганзен, тағы басқалар табиғат қорғаудың балалар үшін қажетті шарттарын атап өтіп, оларды отаншылдық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие негіздеріне жатқызады. Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді. (сноска қайда? [1]

Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетілген, еліміздің барлық балабақша осы бағдарламаның негізінде жұмыс істейді. Оның мынандай екі мақсаты бар:

а) балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;

б) балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру.

Балабақшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға қоюды Морковскаяның «Балабақшадағы табиғат бұрышы», Веретникованың «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру» еңбектерінде, балалар барлық уақытта табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым - қатынаста болады, жасыл орман, әдемі гүлдер, аң - құстар, жапалақтап жауған қар осының бәрі балалардың көңілін аударып қуантады, осылайша табиғатқа, өз Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болады. Балаларды табиғатпен таныстыру барысында адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру қажет. Бұл күндері Қазақстанда білім беру саласы мен Қазақ табиғат қорғау қоғамы жасаған бірқатар әдістемелік құралдардың негізінде табиғатты қорғауды насихаттау белгілі жүйеге келтірілді. «Қазақстан» баспасынан шыққан С. Ысқақовтың «Табиғат және адам» [?], С. Қаженбаев пен С. Мажмухатовтың авторлығымен шыққан «Табиғат қорғау кітабы» [?], «Қайнар» баспасынан профессор Е. Мәмбетқазиев пен Қ. Сыбанбековтың бірлесіп шығарған «Табиғат қорғау» кітабы құнды еңбек болып отыр[?] . Туғал ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдерінің ауысу құбылысы, құстардың үні, жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезімінде, түйсігінде әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады. Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-әрекеттерінің аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі, көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балалардың шығармашылық белсенділігіне, сол арқылы олардың талғам өрісінің дамуына зор ықпал жасайды.

Балалар өмір құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсіндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу т. б. жұмыстар кезінде тереңірек танып, білуге мүмкіндік алады. Балабақшаның ересектер тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемі мен пішінін бояулар мен түстер арқылы бейнелей білуге жаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжетті сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, пластилин, т. б. ) әшекейлеудік тәсілдеріне машықтанады, бұйымдар үлгісін жасаудың жолдары мен оларды сәндеп әшекейлеудің амалын үйренеді. Ал, мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Қолданатын сазбалшық немесе пластилин арқылы сомдайтын бейненің сыртқы кескінін, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының ерекшеліктерін, күнделікті көргендерін еске түсіре отырып мүсіндей білуге, мүсіндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, бөлшектердің өзара жарасымды байланысы туралы алғашқы түсініктерді игеруге мүмкіндік алады.

Балабақша балаларын ұлттық сәндік өнерге тән - кесте тігу, қуыршақ киімін дайындау, түрлі-түсті жүндерді пайдаланып ши орату, ши тоқу, т. б. сияқты іс-әрекеттерге араластыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған, қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан дәстүрлі сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдік нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай білуге баулу.

Ал егер республикада мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесін нақтылай сөз етсек, бізде бұл мәселе әлі де болса түбегейлі зерттеле қоймағанын, жете дәйектелмегенін мойындауымызға тура келеді. Дегенмен жекелеген ғалымдардың білім беру, тәрбиелеу мәселелеріне арналған еңбектерінде баланы дамыту жолдары, табиғаттың оқу - тәрбие үрдісіндегі орны мен қазақ халқының психологиясына ғана тән қасиет -табиғатты құдірет көзі деп қараған халық педагогикасының тарихына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ емес. Айталық, қазіргі педагогика саласында мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына еліміздің ғажайып табиғаты арқылы тәлім - тәрбие беру мәселелерімен педагог тәлімгер Қазына Аймағамбетова нысаналы да пәрменді шұғылданып жүр. Ғалымның бастауыш сынып балаларына тірі табиғат жайында ұғым беру мәселесіне арналған ғылыми еңбегі осы тұрғыда зерттеу жұмысымен шұғылданушы ізденушілер, аспиранттар үшін сындарлы дүние. Өйткені бұл еңбек республика көлемінде бастауыш сынып балаларына табиғат жайында түсінік беру мақсатын діттеген, жергілікті табиғат ерекшелігіне сай ана тілінде жазылған тұңғыш зерттеу жұмысы. Сондай-ақ тәлімгердің алты жасар және төменгі сынып балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесі» және басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға өзін қоршаған табиғат туралы алғашқы ғылыми ұғым беру мәселелері жүйелі қарастырылады. Әдіскердің ұсынысы табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек барысында жүзеге асыруды, түрлі әдіс - тәсілдерді, әсіресе көрнекіліктерге негіздей отырып жүргізуді ұсынады. Білікті ұстаз - ғалымның қай еңбегінде болмасын балаларды табиғатпен таныстыру үрдісінің негізгі әдісі ретінде объектіні тікелей бақылауға мән беріледі. Осы мақсатпен ғалымның педагогтарға нақтылы көмек көрсететін өте - маңызды сабақ, серуен, саяхат, ойын, еңбек жұмыстарының үлгі жоспарлары мен бағдарламалары негізінде, көп іздену қорытындысынан туған «Жылдың төрт мезгілі» 1981 жыл диафильмі құнды құрал[?] . Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндік әшекейлер жасау әрекетінде бейнелеу ісі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы жүзеге асады. Оның ішінде белгілі бір түсінікті бала санасына бейнелі жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні - жұмбак. Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалану жаңа білімді игеру үрдісін жеңілдете түседі.

Табиғатқа қызығушылықты қалыптастыру және оны сәндік әшекейлеу әрекетінде пайдалана білудің шешуші міндеттері мыналар:

- балалардың табиғат құбылыстарының өзара байланысын пайымдай білуі және себеп-салдарын анықтауы;

- әртүрлі әдіс-тәсілдер және әрекет түрлерін пайдалану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты танып-білуге ұдайы қызығушылығын қалыптастыру;

- тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және оны лайықты түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.

Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның обьектілерімен және құбылыстарымен таныстырудың әдістері мен түрлерін дұрыс таңдаумен қатар белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де мәні зор. Мәселен, «аспан денелері» түсінігіне әлем, күн, жұлдыз, ай кірсе, ал «табиғат құбылыстары» тобына найзағай, жаңбыр, қар т. с. жататынын нақтылап түсіндіру қажет. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.

Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.

Ұлы ойшыл Абай табиғат туралы «Адамды қоршаған ортаның табиғаттың ішкі сырын білім - ғылым арқылы танып білуге болады» деген еді. Ы. Алтынсариннің 1879 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Қазақша хрестоматия» деген кітабында: «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ» т. б. әңгімелері бала жанын тазалыққа, адалдыққа, туған жердің табиғатын сүюге, қайырымдылық пен жаңашырлыққа меңзейді.

Адамның эстетикалық сана-сезімінің дамуына әсер ететін, тәрбиелейтін құралдар аз емес, соның ішінде өнердің алатын орны ерекше. Өнер айналадағы болмысты көркем бейнелер арқылы қайта жаңғырта отырып, адамның танымдық сезіміне әсер етеді, жамандықтан жиреніп, әсемдікке еліктеуіне септігін тигізеді. Қызықты өмір болмысын, қайырымды да парасатты адам бейнесін өнер өзіне тән құралдар мен тәсілдер арқылы айшықты бейнелеп береді. Мұның бәрі айналып келгенде жеке адамды сұлулыққа, мәдениеттілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Қазіргі кезде киноның, теледидар мен радионың, өнер саласындағы әдебиеттер мен журналдардың арқасында әлемдік, Отандық өнер мен мәдениет жаңалықтары, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы мағлұматтар халық бұқарасының арасына тез таралуына, ықпалына қарамастан, әрбір халықтың ұлттық ерекшелігімен біте қайнасқан әсемдік туралы өзіндік түсінігі, танымы әрқашан сақталып отырады.

Балалардың әсерлі эстетикалык ой-өрісін, көркемдік талғамын дамытуға зор ықпал жасайтын түрлі көркем шығармашылық іс-әрекеттердің дағдылар мен қабілеттіліктер мүмкіндіктерін ашып көрсеткен педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, республика ғалымдары да эстетикалық тәрбие мәселесінің жалпы жағдайын анықтау, ғылыми әдістемелік негіздегі жүйесін жасауда елеулі жұмыстар атқарды (М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Н. Хмель, Е. Асылханов, В. Әлмұханбетов, Ә. Қамақов т. б. ) . Бірақ та бұл мәселенің аясында әлі де шешімін күтіп тұрған педагогикалық, психологиялық өзекті мәселелер мен міндеттер жеткілікті.

Қолда бар педагогикалық тұжырымдар мен іс-тәжірибелердің мазмұнын сын тұрғысынан талдай отырып, жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру міндеттерінің жүзеге асуы эстетикалық мағлұматтардың жиынтығын игертумен шектеліп, балалардың әсемдікті тану қабілеттіліктерін қалыптастыру көп жағдайда біржақты (ән айту, өлең үлгілерін жаттау, ою-өрнектер салу, т. б. ) іс-әрекеттерге бейімделіп қана құрылғандығын көреміз. Сондықтан балалардың әр жас шағында игеруге тиіс көркемдік білім негіздерінің мазмұнын және оның көркемдік іс-әрекеттермен жүйелі бірлігін айқындау педагогикалық өзекті мәселелердің бірі. Атап айтқанда, қазіргі кезде жас-жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру жүйесінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыратын арнайы пән не? Әлде ол балалармен жүргізілетін түрлі бағыттағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын эстетикалық мәнге ие етуде пайдаланатын жалпы тәрбиенің бір бөлшегі ме? Немесе, көркемдік білім негіздерін «сұлулық заңдылығына» сәйкес игертуге бағытталған пәннің мазмұны қандай болуы керек? Әлде бұл құбылыс балалардың ойын, өзара қатынас, еңбек сиякты жетекші іс-әрекеттерінің аясында көмекші рөл атқара ма? - деген сұрақтарға жауап іздеу, нақты тәжірибелерге сүйеніп айқындау міндеттері тұр.

Бұл міндеттерді шешу төмендегідей мәселелерді:

1. Көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы көркемдік білім беру жүйесінің өзіне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы міндеттерін саралауды;

2. Мектепке дейінгі жастағы көркемдік іс-әрекеттер барысында игеруге тиісті білім мен дағдылар көлемін белгілеуді;

3. Көркемдік іс- әрекеттер арқылы балалардың шығармашылык ой-өрісін дамытудың педагогикалық және психологиялық негіздерін айқындап алуды талап етеді.

Көркем өнер - көркемдік талғамды қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Көркемдік тәрбиенің басты құралдары - бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы табиғаттан, адамдар тірлігінің қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық мерекелерінен, т. б. алған эстетикалық әсерлерінің шығармашылық іс-әрекеттері барысында терең бекуіне, олардың әсемдікті өз қолымен жасауға талпынысы нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Туғал ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдернің ауысу құбылысы, құстардың үні, жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезімінде, түйсігінде әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады. Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-әрекеттерінің аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі, көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балалардың шығармашылық белсенділігіне, сол арқылы олардың талғам өрісінің дамуына зор ықпал жасайды. Мысалы: ересек адам балаға теледидардан хабарды көруге, жеке кейіпкерлерге, олардың мінез-құлықтарына, әдеттеріне ерекше назар аударуды ұсынады.

Балалар өмір құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсіндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу т. б. жұмыстар кезінде тереңірек танып, білуге мүмкіндік алады. Балабақшаның ересектер тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемі мен пішінін бояулар мен түстер арқылы бейнелей білуге жаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжетті сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, пластилин, т. б. ) әшекейлеудік тәсілдеріне машықтанады, бұйымдар үлгісін жасаудың жолдары мен оларды сәндеп әшекейлеудің амалын үйренеді. Ал, мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Қолданатын сазбалшық немесе пластилин арқылы сомдайтын бейненің сыртқы кескінін, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының ерекшеліктерін, күнделікті көргендерін еске түсіре отырып мүсіндей білуге, мүсіндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, бөлшектердің өзара жарасымды байланысы туралы алғашқы түсініктерді игеруге мүмкіндік алады.

Балабақша балаларын ұлттық сәндік өнерге тән - кесте тігу, қуыршақ киімін дайындау, түрлі-түсті жүндерді пайдаланып ши орату, ши тоқу, т. б. сияқты іс-әрекеттерге араластыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған, қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан дәстүрлі сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдік нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай білуге баулу, көркемдік талғам өрісін кеңейте түсудің бірден-бір сындарлы жолы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Экологиялық білім мен тәрбие берудің ерекшеліктері.
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістертері
Балабақшада тәрбиелеу барысында мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды бағалау және сабақ барысында олардың экологиялық мәдениетін дамыту жолдары
Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жүйесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz