Балқашта балық шаруашылығы ғыл



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ
Тақырып: Балқаш көлінің қазіргі жағдайы Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І - тарау Балқаш көлінің физикалық географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ..6
Балқаш көлі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Балқаш көлінің климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Балқаш көлінің морфометриясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ІІ - тарау Балқаш көлінің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Балқаш көлінің экологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Балқаш көлінің табиғат байлықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Балқаш көлі. Балқаш көлі Қазақстанның оңтүстік-шығысына, Балқаш- Алакөл ойысына орналасқан. Ол төрт облысының Жезқазған, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының территориясымен шектеседі.
Балқаштың су жиналатын алыбы 501 мың шаршы километр. Көл бассейні батыстан-шығысқа қарай 900 километр , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 680 километр жерді алып жатыр. Көлдің солтүстік бассейні Қарқаралы- Ақтау сілемі мен Шығыстау жотасымен жалғасады. Шығысына Тарбағатай тауымен, оңтүстігінде теріскей және Күнгей Алатауының жоталарымен , Іле Алатауымен, батыста - Шу-Іле тауларымен шектеседі. Су айрық сызығының жалпы ұзындығы 4 мың километр.
Жер бедеріне қарай Балқаштың су жиналатын бассейнін мынадай физикалық-географиялық аймақтарға бөлуге болады. Олар : Қазақстанның Сарыарқа өңірі, Балқаш - Алакөл ойысындағы жазықтық, Шу - Іле тауы және слотүстік Тянь - Шань тауының шығыс бөлігі. Бұл аймақтардың биіктігі 342 метрден 6995 метрге дейінгі аралықта болады.
Балқаш - Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш - Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы : 17-22 мың км2, ұз. 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100-110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,24%-ін береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра жылғамен тілімделген, ал оңтүстік жағалауы суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғ-дан белгілі (В. Рубрук, П. Карпини). Көлді тиянақты зерттеу 17ғ-да басталды. Орыс картографы және тарихшысы С.У. Ремезов 1695 ж. Чертежи всех сибирских городов и земель атты атласында Балқашты Теңіз деген атаумен көрсеткен. 18 ғ-дың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19ғ-да Клапроттың (1836) және Швед картографы И.Г.Ренаттың ( Жоңғарияның картасын жасаған ) карталарында бейнеленді. П.В.Рихтгофен (1877) мен А.Ф.Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Б. туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге басқа да Ресей ғалымдары (И.В.Мушкетов, А.М.Никольский, Л.С.Берг т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов та Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар (П.Ф.Домрачев, В.Н.Абросов, Л.И.Лев, Н.М.Страхов, Д.Г.Сапожников, М.Н.Тарасов) ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық- географиялық сипатын зерттеумен 1970-90 ж. Қазақстан ҒА-ның ин-ттары, Қазақ балық ш. ғыл.-зерттеу ин-ты, Қазақ гидрометеорология ғылыми- зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады (қ. Балқаш экологиясы ). Көл - шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура -15-170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5-4,8 мс. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында - солт.-шығыстан соғады. Сол себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым - шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері 3 м-ден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды (кестені қара). 1970 жылдан бері Іле өзенінің бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрол. режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрогр. ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрол. және гидрохим. жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералд. мен тұзд. бұл екі бөлікте екі түрлі.

1. Тарау
1. Балқаш көлінің фикалық-географиялық сипаттамасы
1.1 Балқаш көлі туралы түсінік
Алматы облысының солтүстік-батысындағы әкімш. аудан. 1932 жылы құрылған. Аумағы 37,4 мың км2, тұрғыны 30,9 мың адам (1999). Аудандағы 38 елді мекен 15 ауылдық әкімшілік округ құрамына енеді. Аудан орталығы - Бақанас а. Аудан жері Жетісу (Жоңғар) Алатауының Малайсары жотасынан Іле бойымен Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына дейін созылып жатыр. Солтүстігінде Сарыесік Атырау шөлін, батысы мен оңтүстігінде Тауқұм құмды алқабын қамтиды. Жер бедері негізінен жазық. Аудан аумағындағы ең ірі өзен - Іле. Оның тармақтары ескі арналар мен көлшіктер құрай отырып Балқаш көліне құяды. Шаруашылықтардың егісін суландыру негізінде Ақдала суландыру жүйесі салынған. Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың орташа температурасы - 13 - 150С , шілдеде 240С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм. Шөлді қуаң белдемде орналасқан. Балқаш алабының негізгі топырақ жамылғысы - құмдақ және тақырлық топырақтар, өзен арналары мен жайылымдарында шалғынды-сазды топырақ қалыптасқан құмды өңірде сексеуіл, тобылғы, жиде, жусан, ши, сорсаң т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Жануарлардан: қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақбөкен, елік , ну қамыста - қабан, ондатр тіршілк етеді. Өзен аңғарлары мен жайылымдарда қырғауыл, құр, сулы жерлерде тырна, қоқиқаз, бірқазан т.б. құстар мекендейді. өзендерде сазан, алабұға , мөңке, шармай бар. Іле өзенінің Балқашқа құяр сағасында көмір, марганец, уран бар. Жалпақтас кен орнынан мәрмәр , гранит өндіріледі. Балқаш ауданында халықтың орналасу тығыздығы 1 км2-ге шаққанда 0,9 адамнан келеді. Елді мекендердің барлығы Іле аңғарында орналасқан. Аудан экономикасының негізгі саласы - а.ш. Өсімдік шаруашылығында тәлімі және суармалы егін шарушылығы қалыптасқан. Мал шаруашылығында қой (92 мың), етті ірі қара мал (41,6 мың), жылқы шаруашылықтары (9,0 мың)жақсы дамыған (1997). Аудандағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің ауданы 1,8 млн. Га (1998) . Жыртылған жердің (25 мың га) 17 мың га жері игерілген. Оған бидай (7,8 мың га), күріш (8,1мың га), көкөніс (335 га) және картоп (411га) егіледі. Ауданда әр түрлі бағыттағы 124 кәсіпорын, өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 20 мектеп, 1 тех. уч, кітапханалар, аудандық аурухана мен емханалар, 20-дан астам фельшерлік фунт бар. Аудан жерімен Алматы - Қараой, Бақанас - Құйған автомобиль жолы өтеді. Іле өзенінің төменгі ағысымен шағын кемелер қайтады.
"БАЛҚАШ" - балық аулаумен және өңдеумен шұғылданатын кәсіпорын. 1940 жылы Балқашбалық комбинаты болып құрылған. 1995 жылы акцион. қоғам. Балқаш қ-нан 4 шақырым жердегі Рыбтрест кентінде. Мұнда екі балық зауыты, бір балық аулау базасы, 3 тоңазытқыш, құтылау, ыстау, балық ұнын шығару және бөшке-жәшік жасау цехтары, балық аулайтын моторлы қайықтары және балық қабылдайтын кемелері бар.
Балқаш - Қарағанды облысындағы қалада, Балқаш көліндегі пристань, Мойынты - Саяқ т. Ж-ы тармағындағы станция. Қарағандыдан оңтүстік-шығыста т.ж. бойымен 487 км жерде, Балқаш көліндегі Бертіс шығанағының жағасына орналасқан.
Халқы 1939 ж. 32,5 мың болса, 1959 ж. 53 мыңға, 1970 ж. 75,9 мыңға жетті. Қала 1932 ж. Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту заводының құрылысына байланысты салына бастады. 1936 жылы Қарағанды - Балқаш т.ж. салынып, мыс қорыту з-ды мен қала құрылысын көп жеңілдетті. Б-та Қоңырат мыс кенінің карьері, Балқаш - Қоңырат т.ж-ы, Балқаш байыту фабрикасы, Қарағанды көмірімен жұмыс істейтін ірі жылу электр орталығы, жөндеу-механика, кірпіш з-тары салынды. 1936 ж. Балқаш мыс қорыту з-ды іске қосылды. Қысқа мерзімде 15-тей ірі жұмысшы поселкесі салынып, олардың бірігуінен 1937 ж. Балқаш қ. пайда болды.
Мойынты - Шу т.ж-ы арқылы Алматымен, Қарағандымен, Саяқ руднигімен, Қазақстанның оңтүстік облыстарымен және Орта Азиямен байланыстырды. Балқаш қ-сы мен Балқаш көліндегі Бөрілітөбе, Сарышаған, Мыңарал, Бурылбайтал пристаньдарының және Іледегі Қапшағай қ-ның арасында кеме қатынасы бар. Автотранспорт Балқашты облыс орталығымен, төңірегіндегі аудандармен, рудниктермен, демалыс орындарымен, әуе жолы Алматы, Москва, Қарағанды және республиканың басқа қалаларымен байланыстырды.
Б. - еліміздегі аса маңызды түсті металлургия орталығы. Мыс қорыту з-ды қазір құрамында мыс және түсті прокат з-ды бар толық циклді ірі кең металлургия алыбына айналды. Оның өнімін СССР-дің 1000 шақты кәсіпорын мен көптеген шетелдер пайдаланылады. 1967 ж. Лондондағы көрмеде Б. Мысы дүние жүзіндегі сапасы ең жақсы мыс деп танылды. Ком бинаттың құрамында өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылы алтын хим. өндірсі бар. Комбинат Қоңырат, Успенка, Гүлшат т.б. таяу кендердің рудаларын пайдаланды. 1971 жылдан бастап комбинатқа Б-тың шығ. жағында 208 км жердегі Саяқ кенінен руда келе бастады. Б. Құрылыс материалдары кәсіпорындары, өзен кемелерін, құрал-жабдықтар жөндейтін шеберханалар, тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, ет, балық, консерв комбинаттары, нан, сыра , сүт з-тары т.б. бар .
Балқашта балық шаруашылығы ғыл.-зерт. ин.-ты, Қарағанды политех. ин-тының кешкі ф-ті, хим. - метал. техникумы, медучилище, муз. мектебі , 20-дан астам сегіз жылдық және орта мектеп, 2 халық театры, мәдениет сарайы, 11 клуб, 1 автоклуб, 1 мәдени кеме, 15 кітапхана, телевизия студиясы (1970) жұмыс стейді. 7 аурухана, әйелдер босанатын үй , тубдиспансер, 24 фельдшерлік, 11 акушерлік пункт бар.
Іле-Балқаш алабы Қазақстан үшін су ресурстарының, балық шаруашылығының маңызды көзінің бірі болып саналады, әрі көптеген фауна мен флоранаың өсіп-өнетін тіршілік ортасы, түрлі ландшафтың тараған жері және аймақтың климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады.
Балқаш көлі жер шарындағы ірі табиғи су қоймаларының қатарына жатады. Ол Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл аумақтарын қамти орналасқан. Мұнда кеме қатынасы, балық аулау шаруашылығы жақсы дамыған. Сондай-ақ көл суы егістік суаруға және өнеркәсіпте (Балқаш көлінің жағасында Республикадағы ірі Балқашмыс металлургиялық комбинаты орналасқан) кеңінен қолданылады. Іле өзенінің Балқашқа құяр атырауында күріш өсіру, ондатр шаруашылығы дамыған, әрі мұнда қамыс құрағының мол қоры бар. Жалпы алғанда Балқаш көлінің Қазақстан Республикасының халық шарушылығындағы маңызы өте жоғары болып саналады.
Су деңгейінің және су теңдестігінің көпжылдар, жыл және маусым ішінде тербелу амплитудасы көлдің морфометриялық және гидрологиялық сипаттамаларын елеулі өзгертіп отыр. Балқаш көлінің орташа тереңдігі 6 м болып келетін таяз су қоймасы болғандықтан су деңгейінің тербелісі мұнда тұратын халықтың шаруашылығына, қоршаған ортаның экологиясына әсері жылдам байқалады.
Соңғы жылдары Балқаш көлі проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр. Ол негізінен өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада және шаруашылықтың т.б. салаларында қайтарымсыз пайдалануға алынатын және тазаланбаған ақаба сулардың көлемінің өсуінен, көл деңгейінің күрт төмендеуінен туындап отыр. Қапшағай СЭС-і тұрғызылғаннан кейін әр жылда қайталанып отыратын тасқындардың атырауда жайылуы жойылды, көлге құятын су көлемі азайды, көлдегі су деңгейі төмен түсіп, көл жағаларының бірқатар ауданы құрғап қалды, құрғаған көл табанындарынан тұздардың, құмның және шаң-тозаңның көшуі орын алып отыр. Іле өзені атырауындағы бұрынғы 15 көл жүйесінен 4-5-і ғана қалды. Қалған көлдердің тұздылығы артып, әсіресе пестицид пен ауыр металлдардың су асты шөгінділерінде, фито-зоопланктон және балықтар ағзаларында байқалып отыр. Балықтың өнеркәсіптік түрлерінің қоры төмендеп кетті, көлдің жалпы минералдылығы өсумен қатар оның ақаба сулармен, тұрмыстық қалдықтармен, мұнай өнімдерімен және ауыр улы металлдармен ластануы өсіп отыр. Химиялық және бактериялық ластану негізінен Іле өзені суымен, сондай-ақ ҚХР жағынан келіп түсуде.
Көл суының өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтармен ластануы одан әрі өсу түсуде. Көлдің ең ластанған ауданы - Біртіс қойнауында мыстың шектік концентрациясы (ПДК - предельно допустимая концентрация) нормадан 10 есе, мырыш 4 еседен асады. Мыс қорыту зауытының және басқа өнеркәсіп орындары ақаба суларымен мұнда тәулігіне 75 тонна зиянды химиялық қалдықтар құйылады [3].
Іле-Балқаш экожүйесінің бұзылуы қарастырылып отырған аймақта қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырып отыр. Соңғы кезде Балқаш көлінің күйіне және жалпы Балқаш алабы жағдайына Іле алабының КХР аумағында суды пайдалану көлемінің өсуі және климаттың антропогендік өзгеруі әсерін тигізіп отыр. Сондықтан, Балқаш көліне Арал тағдырындай жағдай қайталанбасын десек, жылдам түрде тиісті шаралар қабылдануы тиіс.
1.2.Балқаш көлінің климаты
. Июльдің орташа температурасы 240С, январьда - 80С-қа жуық. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-60%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5-4,8мcек. Жел көлдің батыс бөлігінде солтүстіктен, шығысында солтүстік-шығысынан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жазда ауаның температурасы жоғары, ылғалдылығы аз, желдің күшті болуы салдарынан булану қоңыр салқын жылдары 950 мм-ден, қуаңшылық жылдары 4200 мм-ге дейін ауытқиды. Балқаш көлі көбіне ноябрьдің аяғында қатып, апрельдің ортасында мұз түседі. Таудағы мұздықтар еріген кезде (июнь-июль) су деңгейі біраз көтеріледі. Соңғы 20 жылда су деңгейі орта есеппен жылына 3,2 м-ге дейін ауытқып жүр. Балқаш - жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшелігіне байланысты. Көлге сұғына кіріп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық жағынан бір- бірінен өзгеше батыс және шығыс жақ бөліктері ені 3,5 км жіңішке Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың жылдық мөлшерінің 73-80%-і (23,0 км3 мөлшерінде). - Іле өзенінің суы. Бұл бөлігінің суы тұщы (0,74 гл ), 1м-ге дейін мөлдір, одан әрі лайлы, түсі сұрғылт сары. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5,21гл) , мөлдір (5,5м), түсі көгілдір, ашық көк. Декабрьдегі су бетінің температурасы 00С болса, июльде 280С, көлдің түбінде судың температурасы онша өзгермейді (айырмашылығы 3,30С) . Көлдегі судың ағысы желге байланысты. Іле өзені құятын батыс бөлігінде ағыс тұрақты және сағат тілінің айналу бағытына сәйкес. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюска, судағы ұсақ жәндіктердің личинкалары, шаян тәрізділер тіршілік етеді, батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, балқаш көкбасы, балқаш алабұғасы т.б. ), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, арал қаязы). Ауланатын балық сазан, көксерке, балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көлде кеме қатынасы үзілмейді. Басты пристаньдары: Бурылбайтал, Бөрілітөбе. Көлдің суы Балқаш кен металлургия комбинатының өндірістік қажеттеріне пайдаланылады.
Балқаш өңірінің климаты континентті. Жаздағы ауаның орташа температурасы +240, қыстағы орташа температурасы -80- қа жуық. Жылдық жауын шашын мөлшері 120 мм. Көлді желтоқсаннан сәуірге дейін мұз басып жатады. Жазда көл суының температурасы +270-қа жетеді.
Балқаш көлі Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан шөлейттерінің орталығындағы тектоникалық қозғалыстан пайда болған қазаншұңқырда орналасқан. Ол соңғы төрттік мұздану кезеңіндегі ертедегі Балқаш-Алакөл су қоймасының бір бөлігін қамтиды. Соңғы геологиялық периодта оның батыс және солтүстік-батыс жағалауының біртіндеп төмен түсуі, ал солтүстік-шығыс жағалауының көтерілуі байқалады. Соған байланысты көлдің батыс және солтүстік-батыс жағалауы ингрессиондық, ал солтүстік-шығыс бөлігінің жағалауы регрессиондық сипатта болып келеді.
Балқаш көлі үш табиғи ауданмен шекараласады. Көлге солтүстігінен Қазақтың ұсақ шоқысы және Орталық Қазақстан жазықтығы, оңтүстігінен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның құмды жазықтығы келіп тіреледі.
Балқаш көлінің су жинау алабының ауданы 413 мың км2. Алаптың көп бөлігі (353 мың км2) Қазақстанда орналасқан, Іле өзенінің жоғарғы бөлігі Қытай Халық Республикасында жатыр. Алакөл жүйесі көлдерінен бөліп тұратын су айрығы сызығы биіктігі 400 м болып келетін Балқаш және Сасықкөл көлдерінің арасынан өтеді.
Балқаш көліне негізінен 5 өзен құяды, олар: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі және Аягөз. Бұлардың ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері сулары Тянь-Шан тауларынан, ал Аягөз өзені Тарбағатайдан және Шыңғыз тауынан қалыптасады. Іле Батыс Балқашқа, ал қалғандары Шығыс Балқашқа құяды.
Солтүстіктен Балқашқа Мойынты, Тоқырауын және Бақанас өзендері жақындайды, бірақ көлге жақындағанда сулары тартылып қалады. Тек Тоқырауын жекелеген суы мол жылдары біршама суын Балқаш көліне жеткізеді. Басқа қалған кішігірім құрғап қалатын өзендер Балқаштың оңтүстік-батыс және батыс жағалауына құяды.
Балқаштың ең ірі саласы - Іле өзені, оның үлесіне жалпы алаптың 70%-ы және алаптың жиынтық беттік ағындысының 80%-ы тиесілі. Іле өзені Балқашқа құярда ауданы 8000 км2 болатын үлкен атырау жасайды. Атырау Бақанас елді мекенінен 70 км төмен өзен үш тармаққа бөлінетін, яғни Топар, Іле және Жиделі тармақтарына бөлінетін жерден басталады.
Балқаш ойпатының территориясы құрғақ, тым континентальді. Жылдық жауын-шашын мөлшері орташа есеппен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балқаш көлінің физикалық географиялық сипаттамасы
Оңтүстік Балқаш маңы
Жезқазған облысы
Балқаш өңірі
Балхаш көлінің даму тарихы мен экологиялық жағдайы
Кәсіби сөздердің зерттелуі турасында жалпы мәліметтер (Қ.Айтазиннің еңбектері жайында)
БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Географиялық ғажайып құбылыс
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы туралы ақпарат
Бaлқaш көлiнiң бaтыс бөлiгiндeгi сaзaн бaлығының (Cyprinus Carpio) популяциясының жaстық-ұзындық құрылым eрeкшeлiктeрiн жәнe олaрдың aулaным динaмикaсының көрсeткiштeрiн зeрттeу
Пәндер