ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ


Ю. Гагарин атындағы №3 жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
4 секция: физика, техника
Хожагелди Аружан Дауржанқызы
Ю. Гагарин ат. №3 жом
7 Г сынып оқұшысы
Жетісай қаласы, Жетісай ауданы,
Түркістан облысы
Жетекшісі: Абдрахманова Ақерке Бектаевна
Ю. Гагарин ат. №3 жом
физика пәні мұғалімі
педагог -жерттеуші,
физика пәнінің . магистрі
Жұмыс басталды 2022 жыл
Мазмұны
Түйіндеме
Бұл ғылыми - зерттеу жұмысы энергияны үнемдеуге және оның тиімділігін арттыруға арналған. Онда республика бойынша энергия үнемдеу мәселелері қозғалған, бірақ бір мысал ретінде энергияны үнемдеуге және оның тиімділігін арттыруға әкелетін осы үнемдеуді қолдану және энергетикалық блоктардың әртүрлі түрлерін пайдалану үшін біздің Жетісай қаламыз көрсетілген
Аннотация
Данная научно-исследовательная работа посвящена экономии энергосбережения и повышение ее эффективности. В которой затронуты проблемы энергосбережения по всей республики, но в качестве одного примера был указан наш город Жетысай, для применения данной экономии и эксплутации различных видов энергетических блоков, которое приведет к экономии энергии и повышении ее эффективности.
Annotation
This research work is devoted to saving energy and improving its efficiency. In which the problems of energy saving throughout the republic are touched upon, but our city of Zhetysai was indicated as one example, for the application of this economy and the operation of various types of energy blocks, which will lead to energy savings and increase its efficiency.
Кіріспе
Энергия - бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы саясатты іске асыру мақсатында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру институты» Акционерлік Қоғам анықталды. Оның қызметінің негізгі міндеті-Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған ҚР экономикасының энергия сыйымдылығын төмендету бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізуге көмек көрсету, сондай-ақ Ұлт жоспарында бекітілген көрсеткіштер. [1]
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейін Стратегиялық даму жоспарында жалпы ішкі өнімің энергия сыйымдылығын төмендету айқындалған. Қазақстанда жылына 90 миллиард кВт сағат энергия өндіріледі. Оның 72% көмірді жағу арқылы, 12, 3% су электр стансаларынан, 10, 6% табиғи газдан, ал 4, 9% мұнайдан алады. Сонда электр қуатының негізгі төрт көзі жалпы еліміздегі электр энергиясының 99, 8% қамтып отыр екен. Ал небәрі 0, 2 % баламалы энергия ресурстарының еншісіне тиесілі. [5]
Сондай-ақ күн энергиясы, қайқы желқалқақ, көгілдір көмір, биоэнергия сияқты энергия көздерін тұтыну арқылы Елімізде көптеген мәселелер пайда болмас еді. Өйткені қара көмір жағу процесінде ауаға қанша зиянды ұлы газдар бөлінеді. Одан басқа жер асты байлықтардың бір күні кеміуне әкелетіні анық .
Мақсаты. Қазақстандағы кішігірім (Жетісай қалалары сияқты) қалаларында бар энергияны үнемдеп, басқа энергия көздерін қолданып тиімділігін арттыру. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі түрде ашатын бірқатар өзара байланысты міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылатын болады.
Зерттеу нысаны : Энергия көздері
Зерттеу пәні Жетісай қаласының тұрғын үй-коммуналдық секторында жылу энергиясын беру және тұтыну тиімділігі
Әдебиетке шолу
Энергияны үнемдеу ХХІ ғасырдың ең маңызды міндеттерінің бірі. Біздің қоғамның экономикалық тұрғыдан дамыған бірқатар елдердегі орны және азаматтардың өмір сүру деңгейі осы мәселені шешудің нәтижелеріне байланысты. Қазақстан өзінің энергетикалық проблемаларын ойдағыдай шешу үшін барлық қажетті табиғи ресурстар мен зияткерлік әлеуетке ие болып қана қоймай, сонымен қатар импорттаушы елдер үшін стратегиялық маңызы бар көлемде мұнай өнімдерімен табиғы газды экспорттай отырып Еуропа және Азия мемлекеттері үшін объективті ресурстық база болып табылады. Алайда, біздің еліміздегі отын энергетикақ ресурстардың артықтығы энергия шығынын толығымен қамтамасыз етпеуі керек, өйткені ашық нарықтық экономика жағдайында энергияны тиімді басқару ғана тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылады. [2]
Тұтастай алғанда аталған авторлар: «энергия тиімділік» деп
технологиялық процесстерді жетілдіру немесе жаңа технологияларды енгізу
арқылы энергия тұтынуд азайтуға бағытталған кешенді іс-шараларды айтады.
Сонымен қатар энергоресурстарды тұтынуды қысқартуға ұйымдастырушылық саласын жетілдіру, өндірістік тізбектің ішіндегі өзара байланыстарды оңтайландыру, бизнес-процестерді жақсарту, менеджменттің тиімділігін арттыру әсер етеді дейді.
Бүгінде, әлемнің барлық дамыған мемлекеттерінде энергия үнемдеу
мәселелері белсенді шешілуде. 1970 жылдары 1973 жылғы энергетикалық
дағдарысқа байланысты көптеген елдер энергия үнемдеу мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бірқатар қатаң мемлекеттік реттеу шараларын енгізді. Оның ішінде негізгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
Энергия тиімділігі стандарттарын, міндетті құрылыс нормалары мен
ережелерін енгізу.
Энергия тиімділігін арттыру бойынша шет елдердің тәжірибесі
көрсеткендей энергия үнемдеу іс-шараларын жүргізу үшін бастапқы қорды
қалыптастырудың негізгі тәсілі пәтер иелерінің құрылыс жинақ
қоғамдарындағы немесе банктердегі шоттарда, оның ішінде ғимаратты күрделі жөндеу қорларын құру арқылы бастапқы қаражатты жинақтау болып табылады. Жөндеу жүргізу үшін әдеттегі коммерциялық кредитті тарту кезінде жөндеудің жалпы құнының кемінде 10-20% - ын жинау міндетті. Бұл, әсіресе табысы аз отбасылар үшін айтарлықтай ауыртпашылық болуы мүмкін. Тұрғындарды энергияүнемдеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру үшін жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар келесідей қолдау әдістерін жүзеге асырады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz