Ақша айналым құралы ретінде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Қаржылық есеп
пәні бойынша

Басқа да меншікті капитал және резервтер есебі

тақырыбы бойынша

Орындаған

студент
Қазбек Жансая
мамандық
ЕЖА
курс
3
топ
333
Тексерген

оқытушы
Тойлыбаева Жанар
Баға

АЛМАТЫ, 2022

Мазмұны
Кіріспе
І. МЕНШІКТІ КАПИТАЛ
11.Жалпы меншікті капитал түсінігі
1.2.Меншікті капиталдың мәні мен мазмұны
1.3.Меншікті капиталдың негігі түрлері мен құрамы
ІІ. БАСҚА ДА МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ
2.1.Эмиссиялық кіріс есебі
2.2.Бөлінбеген пайда есебі
2.3.Төленбеген капитал есебі
2.4.Қайтарылып алынған капитал есебі
2.5.Қосымша төленген капитал есебі
2.6.Қосымша төленбеген капитал есебі
2.7.Резервтік капитал есебі
2.8.Заңдармен белгіленген резервтікң капитал есебі
2.9.Басқада резервтік капитал есебі
Қортынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Кіріспе
Осы курстық жұмыс бойынша атайын дегенім Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің кұрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы қажет. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да кездерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.Жалпы кәсіпорынның есебІн жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен қүрылымы бухгалтерлік баланстың актісінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Yenйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай негізгі (айналымнан тыс) активтер және айналымдағы активтер деп екіге бөледі.Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі қүралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған қүрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздеріКәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Yenйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
:: жарғылық капитал;
:: резервтік капитал;
:: бөлінбеген пайда.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және үзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Меншікті капитал - құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғаға қалдық талаптарын көрсететін баланстың бөлімі. Ол компанияға қосымша инвестицияларға (акцияларды шығарудағы акция сыйақысы, өтеусіз алынған құндылықтар және т.б.) және жеке қызмет нәтижелеріне (кезеңдегі таза кіріс, негізгі құралдарды қайта бағалау және т.б).Акционерлік қоғам жағдайында меншікті капитал жарғылық капитал деп те аталады, ал коммерциялық емес ұйымдарда (соның ішінде Wikimedia Foundation) таза активтер. Дегенмен, іс жүзінде синонимдер ретінде таза активтер, таза құн (таза активтер), акционерлік капиталқорларкапитал (меншікті капитал) және басқа да осыған ұқсас ұғымдар жиі пайдаланылады.
Таза активтер - жалпы активтер (баланс валютасы) мен жиынтық міндеттемелер арасындағы айырма. Мысалы, ХҚЕС бойынша табысты компанияда таза активтер активтердің нарықтық құнының өтелмеген қарыздан асуы болады. Яғни: егер мұндай компания өзінің барлық мүлкін сатуды және осы ақшаны барлық міндеттемелерін өтеу үшін пайдалануды шешсе, онда оның қолында қалған сома (немесе ақша қаражаттары мен олардың баламалары шотындағы қалдық) қол жетімді болады. акционерлерге тарату үшін. Компания осы қалдық шағымды да төлегеннен кейін оның шоттары нөлдік (немесе тарату) теңгерімге келеді.

Меншікті капитал жалпы түсінгі
Меншікті капитал кәсіпорынның өзіне тиесілі және активтердің белгілі бір бөлігін қалыптастыру үшін пайдаланатын қаражаттарының жалпы құнын сипаттайды. Оларға салынған меншікті капиталдан құралған активтің бұл бөлігі кәсіпорынның таза активтерін көрсетеді. Меншікті капиталға олардың экономикалық мазмұны, қалыптасу және пайдалану принциптері бойынша қаржылық ресурстардың әртүрлі көздері жатады: жарғылық, қосымша, резервтік капитал. Сонымен қатар, шаруашылық жүргізуші субъект операциялар жасау кезінде ескертпесіз жұмыс істей алатын меншікті капиталдың құрамына бөлінбеген пайда кіреді; арнайы мақсаттағы қорлар және басқа да резервтер. Сондай-ақ, меншікті қаражатқа өтеусіз түсімдер мен мемлекеттік субсидиялар жатады.
Меншікті капиталдың мәні мен мазмұны
Латын тілінен аударғанда "капитал" сөзі "басты" деген мағынаны білдіреді, және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.
Қоғамдық өңдірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезендерден өтті:
Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы аванс деп -- өр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды айтады.
"Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті -- өз иесіне табыс әкелу.
Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. К.Маркс бір-неше анықтама келтіреді:

1) Капитал -- жұмысшылардың жалданбалы еңбектеріне негізделген таптық қатынасты жөне қоғамның белгілі бір сипатын керсететін өздігінен өсіп отыратын құн. Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып саналады.
2) Капитал дегеніміз тып-тыныш жататын зат емес, ол дегеніңіз қозғалыс.
3) Капитал -- еткен еңбекті қанағанда ғана барып жанданатын қанаушы секілді өлі еңбек.
Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар жер мен еңбек болады, және олардың алғы кезеңдегі шығындарымен капитал мөлшері анықталады. Капитал табысы өңдірістік циклдың уақытына немесе "тосу кезеңіне" байланысты. Сөйтіп капитал мелшерін анықтауға уақыт факторы ендірілген.
Микро және макроэкономика деңгейінде капиталды тану тәсілі әртүрлі. Микроэкономика деңгейіндегі капитал -- тәсілдері мен аясына қарамастан табыс (жалпы пайыз) алу үшін пайдалануға болатын жеке тұлғалар байлы-ғының бір бөлігі. Маршалл макроэкономика деңгейінде капиталға, еңбек және жермен қатар, материалдық игіліктер өндіру үшін пайдалануға болатын өндірістік құралдардың барлық жиынтығын жатқызады. Капитал -- баламалы пайдаланудан гөрі үлкен кіріс әкеле алатын байлық, оны банк пайызын алу үшін ақшадай сақтаған дұрыс. Байлықты капиталға ай-налдыратын жағдай -- оның пайыздан асып түсетін табыстылығы болып та-былады.
"Капитал - ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын "сатып алу күшінің қоры", -- деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның прогрессивты дамуын қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда, экономикалық прогресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни, онда ол өз функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.
Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналған, адам еңбегімен жасалынған өңдіріс құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және кәсіпкерлік қабілеттермен қатар өндіріс процесі үшін қажетті фактор болып саналады.
Меншікті капиталдың негігі түрлері мен құрамы
Нарықтық қатынастың кез келген субъектісінде, қандай да болмасын өндірісті бастаудан бұрын оның ақша түрінде капитал болуы керек. Капиталды айналымға жібермесе, ол капитал болудан қалады. Ол кәсіпкер рыноктан өндіріс ресурстарын алу керек (шикізат, материалдар, машиналар, жұмысшы күшін және т.б.)
Ресурс-тауарларды сатып алудан капитал қозғалысының бірінші сатысы басталады. Ақша капиталының өндіруші капиталға айналуы болады (ақша -- тауарлар -- өндіріс факторлары).
Ақша дегеніміз не? Ақша -- ол баршаға бірдей эквиваленттік қызмет көрсететін ерекше тауар. Ақша барша тауарларға тікелей айырбасталатын "тауарлардың тауары".
Ақша өзінің бірқатар функциялары арқылы капитал қозғалысының процесіне:
1) құндылық өлшемдері;
2) айналым құралдары;
3) қазына мен жинақтауды құру құралдары;
4) төлем құралдары;
5) әлемдік ақша ретінде қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 127 бабына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасының ақша бөлінісі теңге болып табылады.
2. Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағындағы төлемдер қолма-қол төлеп және қолма-қол төлемей есеп айырысу түрінде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттері, тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Ақша құн өлшемі ретінде. Барлық тауарлар өздерінің құндарын ойша пайымдаудағы ақшамен яғни, санадағы ақшамен есептейді. Баға -- тауар құнының мөлшер көрсеткіші. Тауарлардың нарықтық бағасы, өз құнының мөлшерімен әрқашанда сәйкес келе бермейді.
Ақша айналым құралы ретінде. Ақша тауарлар алмасуында делдалдық рөл ойнайды. (Т-А-Т): тауар сатуды жүзеге асырып (Т-А), тауар өндіруші түскен ақшасына өзіне қажетті басқа тауарды сатып алады (А-Т). Айналым құралы болып тек нақты ақша алынады.
Қазына түрінде ақша жинау нарықтық құбылмалылықтан өзін қорғау үшін өрбір тауар өндірушінің белгілі бір ақша қорын жасауға тырысуымен анықталады. Оның үстіне қазына құру құралының функциясын тек толық бағалы жөне нақтылы ақша ғана: монета және құйма түріндегі алтын мен күмістер орындай алады. Қазына жинау, мұнан басқа, "қазынаның эстетикалық формасы" деп қабылданатын алтын мен күмістен жасалынған сәндік заттар түрінде жүзеге асырылады. Әрине, қағаз ақшаны да жинауға болады, бірақ олар құнсыздануға ұшырауы мүмкін.
Елдің орталық банкінде сақталатын мемлекеттік (ұлттық) алтын қорлар формасындағы қазына жинауды жеке адамдар жөне мемлекет жасайды.
Қазына нарықтық экономика жагдайында байлық жинау формасы ретінде ("қозғалыссыз жатқан", "мүлгіген тыныштықтағы" ақшалар) қосалқы рөл атқарады, себебі, еңбастысы -- айналым, ақша қозғалысын жылдамдату.
Ақша төлем құралы ретінде. Тауарларды қолма-қол қаражатқа сату және сатып алу міндетті емес. Сатып алушының қолында ақша ұдайы бола бермейді, сатушы кейде болашақ тауарларын сату жөнінен келісім жасайды. Жалпы алғанда, әртүрлі себептерге байланысты тауарларды сатып алу-сатуды несиемен жүргізудің, яғни төлем мерзімін ұзартудың қажеттілігі туады.
Тауарларды несиеге сатқанда айналым құралы болып ақшаның өзі емес, оның бейнесіндегі қарызгерлік міндеттеме жүреді. Міндеттеме мерзімі өткен соң қарыз алушы несие берушіге міндеттемеде көрсетілген сомманы төлеуі тиіс. Қарызгерлік міндеттемені өтеу құралы рөлін ойнай отырып, ақша төлем құралы функциясын орындайды. Бұл функция несиеге сатып алынған тауарлардың төлемі кезінде ғана емес, сонымен бірге басқа да міндеттемелерді өтеу кезінде: мысалы, жалақы төлеу, қарыз ақшаны қайтару, салықтарды төлеу кездерінде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Төлем құралы функциясындағы қағаз ақша қозғалысы (тауарлар мен игі қызметтерге біз ақша төлегенімізде) -- "ақша аиналымы" деп аталады.
Ақша айналымы мемлекеттік ақша жүйесінің занды бекітілген формасында жүзеге асады. Оның басты элементтері болып: негізгі ақша құрылымымың болуы ("теңге", "доллар" және т.б.); заңды төлем құралы болатын мемлекет бекіткен ақша түрлері (әртүрлі құндылықтағы "банкнот" және "қазыналық билеттер"); ақша шығару (эмиссия) жүйесі, яғни ақша айналымының мақсаттары үшін заңмен бекітілген ақша шығару тәртібі; ақша айналымы қызметімен байланысты "қаржылық" мемлекеттік аппарат секторы.
Ақша -- бұл, бәрінен бұрын, нарықтық игіліктердің экономикалық құндылығының әмбебап өлшеуіші (есептегіш бірлігі). Алайда ақшаның жалпыға бірдей есеп бірлігі деп саналуының себебі, ол ,кез келген сатылатын игілікке төлем құралы ретінде пайдаланылады. Ақшаның "төлемдік" функциясы ақшаның бірінші теориялық және практикалық проблемасы -- өтімділік проблемасын тудырады.0
Мәселе мынада -- "өтімділік" (ликвидность) дегеннің не екенін түсінбей, біз "ақшаның" не екенін айыра алмаймыз. Өз кезегінде, өтімділік мәнін түсіндіру қазіргі ақша теориясының негізіне алынатын принципте жатыр. Ол былай айтылады -- "ақша орнына жүретін барша нәрсе, ақша болып саналады".
Тікелей тәжірибенің бізге көрсетіп отырғанындай, өтімділік -- нарықтық экономика активтерінің нақтылы қасиеті; принципте, рынокта сұранымы бар кез келген актив төлем құралы бола алады. Бар мәселе сол активтерді басқа активке айырбастауға орай болған шығында жатыр. "Өтімділік" басқа активті айырбастау кезінде болған ұқсас шығынмен салыстырғанда тап осы активті айырбастауға кеткен шығынның салыстырмалы мөлшерін білдіреді. (Экономика теориясында айырбастауға кеткен мұндай шығынды -- "трансакциялық шығындар" деп атайды).
ІІ. БАСҚА ДА МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ
Мешікті капитал есебі
Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады. Қосымша №1
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.
Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асып түсуi керек, бiрақ сол бағалауды тәуелсiз эксперт қуаттауы керек.
Эмиссиялық кіріс есебі
Эмиссиялық кіріс дегеніміз - акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық кірісі). Мұндай капиталдың есебі 5110 Эмиссиялық кіріс шотында жүргізіледі. Бұл шоттың кредиті бойынша акциялардың нақтылы құнынан оларды сатудың нақты құнының асқан артық соманың түсуіне қарай ақшалай қаражаттарды есепке алу шоттарының немесе 1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек шотының дебетінде көрсетіледі.
Эмиссиялық кіріс шоты акционерлермен дивиденд түріндегі бөлуге жатпайды. Басқаша айтқанда, эмиссиялық кірістің ақшалай эквиваленті алынғаннан кейін ол компанияда қалады.
Акционерлік қоғамның кассасына және ағымдағы банктік шоттарына меншікті акцияларын сатқаннан олардың нақтылы құнынан асқан артық сома түскен кезде бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
Дт шот 1010, 1030 Кт шот 5310
Сатылған акциялар үшін есеп айырысу құжаттарын төлеуге ұсынғанда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
Дт шот 1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек (төлеу мерзімі 1 жылға дейін болса)
2180 Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек (төлеу мерзімі 1 жылдан асқанда)
Кт шот 6210, 6213, 5310
Меншікті акцияларды сатумен байланысты шығындар (андеррайтерлердің еңбегіне ақы төлеу, әлеуметтік салық, жарнама жасаушығындары, бағалы қағаздар нарығына андеррайтерлердің қатысу үшін алымдар және т.б.) 7410 Активтердің істен шығуы бойынша шығындар шотына есепкеалынады. Тек бұл шотқа қосымша 7413 Қаржылық активтердің істен шығуы бойынша шығындар шотын ашу керек. Мұнда шоттардың байланысы келесі түрде көрсетіледі:
- андеррайтерлерге немесе акцияларды сатумен шұғылданатын тұлғаларға есептелген еңбек ақы сомасына есеп айырысу-төлем тізімдемесіне сәйкес:
Дт шот 7410, 7413 Кт шот 3350
- есептелген еңбек ақы сомасынан әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына:
Дт шот 7410,7413 Кт шот3150, 3210
- жарнама жасауға төленген шығындар, әртүрлі алымдар және акцияларды сатумен байланысты басқада шығындар сомасына шығыс касса ордерлеріне, ағымдағы банктік шоттардың жазбаша үлгілеріне сәйкес:
Дт шот 7410, 7413 Кт шот 1010, 1030
Эмиссиялық кірістерді мекеменің ағымдағы мұқтаждығына пайдалауға болмайды. Олар белгіленген тәртіпте, әдеттегіндей, жарғылық капиталды ұлғайтуға және меншікті акцияларды сатудан пайда болған зияндардың орнын толтыруға, яғни меншікті акцияларды сатудың нақты құны олардың нақтылы құнынан төмен болғанда пайдаланылады.
Мұндайда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
- жарғылық капиталды ұлғайтуға:
Дт шот 5310 Кт шот 5010, 5020
- меншікті акцияларды сатудан пайда болған зияндардың орнын толтыруға:
Дт шот 5310 Кт шот 7410, 7413
5110 Эмиссиялық кіріс шоты бойынша талдаалық есеп №13 журнал-ордерде жүргізіледі.
Бөлінбеген пайда
Бөлінбеген пайда (табыс) -- кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың Бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) болып табылады.
Бөлінбеген пайда (залал) есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.
5500 Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған залалды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5510 Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы) - онда есептік жылдың пайдасы немесе залалы көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;
5520 Өткен жылдардағы пайда (залал) - онда өткен жылдардағы пайда (залал) көрсетіледі.
Төленбеген капиталдың есебі.
Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші Төленбеген капитал шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
5110 Төленбеген капитал шоты шоттардың Бас жоспарында, Меншік капитал ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.
Сондай - ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді ( акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.
Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5110-ші Төленбеген капитал шоты дебеттеледі де, 50-ші Жарғылық капитал бөлімшесінің шоттары - 5020-ші Жай акциялар, 5010 - ші Артықшылықты акциялар (Акциянерлік қоғамдарда) және 5030 - ші Қосқан үлестер мен жарналар ( серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.
Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5110 - ші Төленбеген капитал шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:
- материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде - 2730 шоты
- жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс обьектілерін жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде - 2410 шоты;
- материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде толеу кезінде 1310, 1320 - 1330 шоттары;
- ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде - 1010, 1030 шоттары дебеттеледі.
Егер де 5110 шотының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналымы
Банктегі валюталық шоттағы ақша қаражаттары
Ақша айналымы және ақша айналысы
Ақшаның айналыс құралы
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
Ақшаның шығу тарихы
Ақшаның мәні, эканомикалық мазмұны мен қызметтірі
Қағаз ақша
Ақша жүйесі
Қағаз ақшалар - нағыз ақшалардың өкілдері
Пәндер