Музыка мен әдебиеттің байланысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Әуен адамды шаттыққа бөлеп мұң зарын сейілткен. Музыканың әсер ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез - құлқымен салт-дәстүрінде өзгерте алады. Сөзіміз дәлелді болу үшін қытайлық тарих танушы, музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін еске алайық: Дүниеге келген адам өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілеп туады. Ал қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана, адам бойындағы сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер. Әуен - рухани қазына. Рухани қазынаның мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.
Әнге әуес, күйге құмар бала - жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі М. Әуезов.
Туғанда дүние есігін ашады өлең - деп Абай атамыз жырлағандай шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап - ақ музыка әсер етеді. Ең алғашқы анасының әлдиі, бесікке таянып айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын тынышталдырып тәтті ұйқыға кетуіне әсер етеді. Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар Шілдехана, Бесікке салу, Қырқынан шығару т. б. бәрі де әнсіз, өлеңсіз, жырсыз өтпеген. Бала өмір бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Міне, осындай сыртқы ортаның әсерінен бала бойында әдемілікке, әсемдікке деген сезім күй қалыптасып, эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады. Ана әлдиін бойына сіңіріп өскен сәби тәй-тәй қадам басқаннан-ақ балабақша есігін ашады.
Курстық жұмысының өзектілігі. Әуен - адам өмірінің серігі, эстетикалық тәрбие негізі болып табылады. Музыкаға деген сүйіспеншілік, баланың музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол өсу, даму процесінде қалыптасады. Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. Ол жоқ жерде, адам тірлігі де жоқ деп Ю. Фучек өте тауып айтқан. . Сол балаға музыкалық эстетикалық тәрбие бере отырып, жан-жақты жеке тұлғаны дамытудың алғашқы баспалдағы балабақшада жалғасады. Ән айту - музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы және баланы жан-жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде елеулі роль атқарады.
Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тыныс алуына, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі. Сондықан да балабақша өміріндегі ән және оның күнделікті қолданылуын көрсету мен пайдалану жолдарын нұсқау курстық жұмыстың өзектілігіне жатады.
Зерттеу пәні: Музыка
Курсстық жұмысының мақсаты: Музыкалық ырғақты қимылдарды жүргізу баланың бойында естуді, есте сақтауды, икемділік пен шапшаңдықты, зейінді, іскерлікті, балалардың дене бітімінің сұлу да, сымбатты болып қалыптасуына негіз болатын дарындылықты ашып көрсете отыра музыканын оқыту әдістерін талдау.
Зерттеу міндеттері:
Музыка тыңдауда балалар әр түрлі образдағы музыкалық шығармаларды тыңдап, мазмұнын, сипатын, көңіл-күйін ажырата білу
Халықтық музыканың күйін сезінуге, көркем образдың дамуын қадағалауға бейімделу жолын анықтау;
Халықтық музыканы жасаушы композиторлар, авторлар туралы туралы алғашқы мағлұмат алады. Балалар музыкалық аспаптарын ойнау жолдарын ұғыну;
Ұлттық аспаптарды танып білуге, аспаптарды ойнау әдіс-тәсілдерін үйренуге, олардың тембрлерінен ажырата білу;
Жеңіл әндерді аспаптарда ойнап, ырғақтық бейнесін бере отырып, ойнауды меңгеру.
Музыкалық есту түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіру; Ырғақтық сезімін, динамикалық есту қабілетін дамыту.
Зерттеу болжамы: Қиялдың шығармашылық қызметі адамның тәжірибесінің әр түрлілігіне байланысты. Баланың тәжірибесін кеңейту оның шығармашылық қызметінің нақты негіздері деп педагогикалық қорытынды жасауға болады. Бала көп естіп, тыңдап көрсе, меңгерсе, соншалық оның тәжірибесі молаяды, қиялдың қызметі бірдей жағдайларда маңызды және өнімді болады.
Зерттеудің жетекші идеясы: Мектепте халықтық музыканын орын алуы, бала өміріне әсерін талқыға салу.
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдістерді қолдану, оның ішінде оқушылардың тыңдау арқылы сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері анықтау, оқыту, бақылау; оқушы әрекетін талдау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Жақсы ән мен сазды музыканың - жан азығы. Әсем ырғақты жан тербетер ән, музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып ерекше сезімге, қуанышқа бөленеді. Осыларды ескере отыра меткепке дейінгі буынның музыканы меңгеруі мен пайдалану жолдарын ашып көрсету курстық жұмыстың басты жаңалығына жатқызылады.
Зерттеудің теориялық маңызы: Баланың шығармашылық қабілеттің дамуының екінші жағдайы балаға алдын ала дамуға жағдай жасау. Керекті жағдайда тиімді дамуға әртүрлі шығармашылық қызметке ынталандыратын ортамен баланы мүмкіндігінше қамту қажет.
Зерттеудің практикалық маңызы: Қимылды және дидактикалық ойындар баланың музыкалық есту, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Нота сауатының бастапқы элементтерін қызғылықты формада меңгеруге көмектеседі. Осы қызмет түрлерін нақты да, жүйелі жүргізудің нәтижесінде балалардың бойында жалпы музыкалық қабілетін, дамытып қалыптастырады
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Тарау Оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру.

1. 1 Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру.

Біздің қоғамымыздың жас мүшені нағыз адамзаттық көзқарасын дәйекті көзқарасының қалыптасуын тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса өзінің сезім түйсігінен, ар-ожданның елегінен өткен ақыл-ой қызметі қажет. Бұл жерде өнердің алатын орны ерекше, себебі біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың музыка және өнер әлеміндегі ірі-ірі тұлғалардың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесінің арнасын одан әрі кеңітіп дамытуымыз керек. Оқытушылардың музыкалық тәрбиесінің тәжірибелік нәтижелілігі жоғары көтерілуінің қажеттілігінің алғы-шарттары олардың білімі мен музыкалық дамуы болып саналады. Жастардың жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың өнер жолында ең жақсы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуде мүмкіндік туғызады. Бұл мәселелерді көптеген ғалымдарымыз зерттеді. Қазақстандағы музыкалық сын саласында әр кезеңдерде белгілі музыка танушылары - Б. Ерзакович, М. Ахметова, А. Темірбеков, Л. И. Гончаров, З. Қоспақов, Б. Қарақұлов және А. С. Райымбергеновтар.

Музыканы қабылдау, әрине күрделі процесс, осыған орай Д. Кабалевский былай деп жазды: «Музыкаға деген қызығушылық музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды»

Әрбір оқушының сана- сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, музыкалық қабілеті бірдей болып келе бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі- тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Демек, оқытушы өзінің тәрбие жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті - таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады.

Адамның тұлға болып қалыптасуы жолында халық музыкасының әсері ұлан-ғайыр.

Музыка өнері тек эстетикалық құрал ғана емес, оның өзге сипаттары да бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Бұл турасында, орта мектеп бағдарламаларында осы тұрғыдан да зер салып, әдістемелік тәсілдеріміздің мазмұнын байыта түсуіміз керек-ақ. Сондықтанда жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек сияқты. Байқасақ, әрбір жүргізілген музыка сабағының тәрбиелік мәні өте зор. Мектепке мұғалімдерді кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі нысана музыка болуы керек.

Бастауыш сынып оқушыларының әсемдікті көре, түсіне, жасай білуі мен рухани өмірін байыту, туған еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін және ұлтымыздың бай қазынасы - қазақ фольклорына қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойында эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу - бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.

Оқушының әсемдікпен әрсіздікті, жақсы мен жаманды, мейірімділік пен зұлымдықты, қуаныш пен қайғыны түсініп ажырата білуіне байланысты оның эстетикалық мәдениеті мен мінез-құлық дағдылары айқындалады. «Жаратылыстың, һәм өнердің сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, сұлу суреттен, біреудің поэмадан. Тәрбиешінің міндеті балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету», - деп А. Жұбанов айтқандай, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетінің дамуы сынып жетекшілерінің және пән мұғалімдерінің шеберлігі мен тәрбие құралдары қазақ фольклор жанрларын тиімді қолдана алуына, әдіс-тәсілдеріне байланысты.

Оқушылардың музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістері алуан түрлі және ол оқушының жас мөлшеріне тәуелді. Музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады. Педагогикалық ғылым мен практика оқушының шығармашылық қабілетінің неғұрлым тиімді әдістерін анықтап отыр. Олар: оқушылардың музыканы қабылдауы мен эстетикалық мәдениетінің бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдістері:

а) қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыруға арналған практикалық іс-әрекеттерге үйрету, жаттықтыру әдістері;

ә) шығармашылық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін проблемалық жағдайлар сияқты әдістер жатады. Шығармашылық қабілетті қалыптастыруда қолданатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайдалану керек екендігі. Оқушыда эмоциялық үн қосу өнер шығармаларымен тікелей ұшырасқанда пайда болады. Бұл әдісті көрнекілік, сондай-ақ ауызша әдіс деп те санауға болады.

Үйрету - жаттықтыру әдісінің мәні - оқушыны тыңдай, көре бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекет етуге үйрету. Үйрету, жаттықтыру әдісі көп қайталауды талап етеді және түрлі жағдайларда қолданылады. Аталған әдістерді кешенді пайдалана отырып оқушының қабылдау белсенділігін тәрбиелеу керек. Оқушылар әдебиетті оқуға, музыканы тыңдауға ынталы келеді. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін оқушыларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздың міндеті.

Оқушылардың шығармашылық қабілеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы шығармашылық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие беру саласында көп өзгерістер жаңалықтар болып жатыр. Бүгінгі күнде негізгі мақсат жан-жақты дамыған білімді тұлғаны тәрбиелеу. Өзгерістер өнер саласын да қамтыды. Тәрбиелеудің бір құралы кең сан қырлы ұғымды қамтитын музыкалық өнер. Халық тағлымының байлығын өн бойына жинақтаған ертеден қалыптасқан педагогикалық тәжірибеде, тәлім-тәрбиеде оқу-ағарту мәселелері әлі де жетерлік. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Қазақ халқы құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күйді ұнатқан. Домбыра сөйлейді, қобыз жеткізеді, сыбызғы білдіреді деген сөз тіркестері қазақ мәдениетінде кездейсоқ кездеспейді. Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда музыка мұғалімінің негізгі міндеті толықтырылған кеңейтілген бағдарлама негізінде оқу-тәрбие үрдісін және ұстаздың педагогикалық шеберлігін дамыту. Жас өспірімнің бойында талғампаздық эмоциялық сезімпаздық қалыптастыруында, оның мәдениетті болып өсуінде музыка әлемін түсінуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Әр түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды тану, музыкадағы түрлі кезеңдермен көңілді ажыратуда оқушының музыкалық шығармашылығын дамытады. Жас өспірім - тыңдаушы, орындаушы музыкаға деген өзінің ой-пікірін көрсететін, түсінетін оқушы. Сондықтан музыкалық шығармашылық қабілеттің басты саласының бірі ол музыка арқылы тәрбие . Эстетика мен музыкалық шығармашылық қабілеттің ортақ мәселесі адамның табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту. Мұғалімнің міндеті оқушының жай ғана музыкалық икемін дамытып, оған музыка білім ғана беру емес, оған музыкаға күнделікті байланыс керектігін таныту арқылы оның шығармашылық белсенділігін арттыру. Музыкалық тәрбие әдебиет бейнелеу өнері, тіл, тарих тағы басқа пәндермен байланысты. Сонда ғана біз оқушының мәдениетті жан дүниесі бай ой-парасаты кемелденген білімді оқушы етіп тәрбиелей аламыз.

Музыка тіл айтып жеткізе алмайтын адамның киелі нәзік сезімі. Музыка бұл сезім тілі, адам жанын баурап алатын, моральдық сезімдік эстетикалық бірлігі болып табылады. Мектептегі музыка пәні оқушыларға басты тәрбие құралы болып есептеледі. Олардың рухани өмірі мен тәжірибенің музыка әлемін түсініп қабылдауы. Оқушының талғампаздығы, эмоциялық сезімталдығы, білімділігі, мәдениеттілігі, жас өспірімге ақыл-ой, сана-сезімдігі жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Музыканың қажеттілігі - ол музыка өнерінің негізімен оның өмірі мен байланысы жайлы түсінігін жетілдіру, баянды меңгеруіне көмектесу. Музыкалық тәжірибелік іскерліктерін дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқушының бойында рухани мәдениеттің маңызы мен ажырамас келбетін байытатын музыканың әсері мол. Олардың бойында түсінігі, сезімдік қабілеттілігінің тұрақтылығы музыка тілінің ерекшелігін меңгеру. Музыка сабағында, сыныптан тыс уақыттарда бастауыш сынып оқушыларымен музыкалық тәрбие жұмысын жүргізе білуге, күнделікті өмірге музыка өнерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңірек пайдалана білуге даярлау.

Негізгі мақсаты: оқушының бойында рухани мәдениеттің аса маңызды ажырамас бөлігі музыкалық мәдениетті қалыптастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, халық музыкасына, өз халқының рухани мәдени мұрасына, салт-дәстүріне сезімдерін оятады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген достық, ұлт аралық бірлікке сезімдерін ояту, оны жетілдіру. Балалардың музыка арқылы түсінігін сезіну қабілетін музыка ерекшелігін меңгеру. Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу музыкалық тәрбие арқылы жаңа тұлғаны, жаңа адамды тәрбиелеп қалыптастыру. Сухомлинский былай деді: «музыка адамның табиғаттың әсемдігінен, еңбекке деген құлшынысын арттырады, музыканың арқасында адамның айналаға, өмірге, тіпті өзіне деген көзқарасты өзгертеді. » Оқушыларға музыкалық тәрбие беру олардың өнерге деген сезімін ояту, таңдаулы халықтың шетелдік және классикалық музыкасын, Қазақстан композиторларының шығармаларын сүйіп тыңдай білуге дағдыландырып үйрету негізінен музыка сабағында, іске асырылады.

  1. Музыка мен әдебиеттің байланысы.

Бұл - музыка пәні сабақтарының ішіндегі аса маңызды тақырыптардың бірі.

Мұғалім тақырып ауқымының молдығына байланысты бұған өз жоспарлауымен бірнеше сабақ өткізгені жөн. Сабақ өткізген кезде оқулықтағы материалдарды негізге ала отырып, мұғалімнің қосымша мына жайларға да оқушылардың көңілін аударғаны пайдалы болмақ.

Музыка мен әдебиеттің байланысы әртүрлі музыкалық және әдебиет жанрларының арақатынасы шеңберінде алып, енді олардың өрісін ұлғайта отырып, кең, үлкен ауқымда қарастыру керек.

Бұл туралы мұғалім алдымен оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдеріне назар аударып, олардың әдебиет сабақтарында өткен халықтық және әдеби ертегілерден, әңгімелерден, прозалық, поэзиялық көркем шығармалардың тілдік ерекшеліктерінен, ырғағынан, ұйқасынан нені байқағандықтарын, алған әсерлері мен тұспал түсініктері жайында сұрап біледі. Музыка пәні сабағында әдебиет пәні бағдарламасындағы шығармаларды пайдалану және аралық байланыстың орнығып, нығая түсуіне көмектеседі.

“Музыка және әдебиет” тақырыбында үйірме ретінде жиын өткізіп, онда бәрі бірге музыка тыңдап, әдеби-музыкалық бағдарлама жасап, концерт ұйымдастырудың да маңызы зор. Әрине мұндайда музыка мен әдебиет пәндері мұғалімдері шығармашылық тығыз байланыста болуы қажет. Жүзеге асырылған мұндай шаралар оқушылардың музыка мен әдебиеттің байланысын жете түсінулеріне көмегін тигізетіні сөзсіз.

Музыка мен әдебиеттің байланысының ән жанрындағы бірлігі мен тұтастығы, бірінсіз-бірі олқы соғып тұратыны, бірін-бірі толықтырғанда ғана әннің мазмұны мен мағынасы тереңдей түсіп, маңызы артатыны жайлы түсінік орныққан соң, мұғалім біртіндеп оқушылар назарын күрделі жанрларға қарай бұрып, музыка мен әдебиеттің, әсіресе операда, одан соң балетте (музыка мен либретто), опереттада драмалық қойылымдар мен кино өнеріндегі байланыстарына жеке-жеке арнайы тоқталуы тиіс.

Мысалы, опера жанрында музыка мен сөз, яғни әдебиет бірдей тепе-теңдікте қызмет атқаратыны, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтындығы дәлелдене ұғындырылғаннан кейін мұғалім оқушылардан: «Тағы қандай музыкалық жанр әдебиетпен тығыз байланысты?»- деп сұрайды. Бұл сұрақтың жауабы «музыкалық - әдеби жанр-балет болуы тиіс» дегенді балалардың өздері-ақ ойлап таба алады.

Мұнда музыка сөзсіз орындалғанымен, кейіпкерлердің айшықты образын, мінез-құлқын, іс-әрекеттерін айқындау арқылы әдебиеттегі, спектакльдегі либретто желісі бойынша алға қойған мақсатты орындау міндетін атқарысады.

Осылайша мұнда да музыка мен әдебиеттің байланысы анық байқалады.

Сондай-ақ оператта жанрында да музыка мен әдебиет арасы ажырамас бірлікте, тығыз байланыста болады. Ал сахналарда қойылатын драмалық спектакльдер мен кино өнерінде де музыка әдебиеттің көмекші құралы ретінде пайдаланылады.

Мұғалім хор, поэма, контата, оратория тағы басқа жанрлардағы музыка мен әдебиеттің байланысы жөнінде тоқталуына болады.

Ақырында «Музыкасыз әдебиет, әдебиетсіз музыка жанрлары қандай күйде болар еді? Бір-бірінсіз өмір сүре алар ма еді?» деген сұрақ төңірегінде қорытынды сабақ өткізген орынды. Мұны адам үшін мидың, жүректің немесе ақыл мен сезімнің қандай рөл атқаратынымен, қалай бағаланатынымен салыстыруға болады. Сөйтіп, музыка мен әдебиеттің ажырағысыз бірлігі мен байланысын бекіту қажет.

Музыка мен әдебиет әр түрлі көркемдік-образдық құралдар арқылы бір-бірін толықтыра байытып, өмір құбылыстарының күрделі әлемінің сырын ашуға, адамдардың оған және өзара қатынастарына, қуаныштары мен жан күйзелістеріне байланысты іс-әрекеттерін көрсетуге өзара бірлікте қызмет ететіндігі жөніндегі ұғымды орнықтырудың мәні зор.

Мұғалім тақырып саясында сабақ өткізу барысында бұрында өткен, тыңдаған, жаттап үйренген шығармалардан мысалдар келтіре отырып түсіндіруі тиіс. Сонымен бірге “музыкалық сауат” тақырыбына байланысты оқулықта өтілген материалдар негізінде лад, тоналдық, интервал, акцент сияқты терминдеріне тиісті түсініктемелерді де нақтылы шығарма мысалдары арқылы беріп отырған орынды.

Адам сезімін тәрбиелеу проблемасы бірқатар факторлармен шешіледі, оның ішінде өнер басты роль атқарады. Өнер арқылы адам өзінің шын мәніндегі өз ішкі көңіл-күйін білдіреді. Олай болса, бүгінгі мектепте өнердің басты бір мақсаты - ол адам баласының барлық әрекетіндегі сезімталдықты тәрбиелеу.

Адамның рухани дамуы белгілі дәрежеде сұлулықты қажетсінуінің пайда болуымен байланысты. Ал, рухани қажетсіну практикалық іске тікелей белсенді араласу нәтижесінде туады. Сондықтан жаңа қоғамның азаматын тәрбиелеуде партикалық іске қатыстырудың өзі адамның дұрыс шын мәніндегі әдемілікке, әсемдікке деген көзқарасын қалыптастырады. Бұл жерде, себеп пен салдардың өзара ықпал етуі пайда болып, өнерді қабылдауда шығармашылық процесс белгілі дәрежеде практикалық әрекеттен тауып, ал практикалық әрекет өнерді шығармашылықпен қабылдап, оның сұлулыққа деген қатынасының өзгеруін туғызады.

Педагог-ғалымдардың бірқатар жеке адамды өнер арқылы тәрбиелеуде мектептің рөліне ерекше мән береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фольклор және әдебиет
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
Көркем шығарманың пішіні
Көркем шығарманы оқытудың әдістемесі
Музыка сабағындағы пәнаралық интеграция элементтері
Мeктeптe пaтриоттық тәрбиeлeудeгі музыкaның рөлі
Әдеби тек. Драма. Лирика. Эпос
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz