Қаржылық және басқару есептерін салыстыру
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Қаржылық есеп -1
Тақырыбы: Басқарушылық есептің теориялық негіздері
Орындаған:
УА-21-1сказК студенті А.С. Болатбек
Ғылыми жетекші: Қ.С. Мәдиева
Қарағанды 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1.Басқарушылық есептің ерекше сипаттамалары 5
2.Басқарушылық есеп шегінде қалыптастырылатын ақпарат 10
3.Өндірістік есеп сипаттамасы және оның ерекше белгілері 15
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыстың мақсаты келесідей сұрақтар қарастырылады:
1.Басқарушылық есептің ерекше сипаттамалары. Басқару есептің негізгі мақсаты негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін басшыларға және мамандарға ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы жоспарлы, нақты және болжамды ақпаратты даярлап хабардау болып табылады.
2.Басқарушылық есеп шегінде қалыптастырылатын ақпарат. Басқарушылық есеп ақпараты, ең алдымен, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып саналады, оны жариялауға жатпайды және жабық (конфиденциалды) түрде сипатқа ие. Кәсіпорын әкімшілігі, басқарушылық есеп обьектісі болып саналатын мемлекеттік органдар тәртібін бергілемейтін ішкі есеп берушіліктің құрамын, мерзімін және мерзімділігін өз бетімен дербес белгілейді.
3.Өндірістік есеп сипаттамасы және оның ерекше белгілері. Өндірістік есеп басқару аппараты жоспарлау, бақылау және шешімдер қабылдау кезінде пайдаланылатын ішкі есептілікті жасау. Өндірістік есеп жүйесінде материалдық өндіріс қорының құнын бағалауға арналған өндірістің шығындары анықталады. Өндірістік есеп өнім құнына бағалау беру үшін өндірістік шығындары туралы мәліметтер жинақтайды.
Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада Басқару есебі ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
Басқару есебінің негізінде каржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Нақты басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз байланысты методологияға негізделеді, оның үстіне басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдальшығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.
Басқару есептің негізгі мақсаты негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін басшыларға және мамандарға ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы жоспарлы, нақты және болжамды ақпаратты даярлап хабардау болып табылады.
Басқару есебі - әр ұйым шеңберінде басқару үшін қажетті есептік ақпараттың барлық түрлерін дайындау мен ұсынуды қамтитын бухгалтерлік есептің бір бөлігі. Басқару есебінің негізгі бөлігі өндірістік есептен құралады, ресейлік ғалымдардың басым көпшілігі де осылай деп санайды. Бұл пікірдің толық негізі бар деуге болмайды, себебі басқару есебі өндіріс процестерін ғана емес, ұйым қызметінің барлық процестерін атқару кезінде қолданылып, әр процестің ішінде әрбір есепобъктісі бойынша жеке іске асырылады.
Сонымен қатар, басқару есебі қаржылық есептің ақпаратын пайдалана отырып, есепке кірген және есепке кірмеген ақпараттардың барлық түрін жан-жақты қамтитынын ешкім жоққа шығара алмайды.
Басқару есебінде бухгалтерлік ақпараттардың үш бағыт бойынша қалыптастыру принципі пайдаланылады:
- негізгі мақсаты өндірістік шығындар туралы есеп мәліметтерін алу болып табылатын өндірістік есеп;
- алынатын ақпарат мәліметтерін жоспарлау мен бақылау рәсімдерінде пайдалану;
- есеп ақпарат мәліметтерін басқару шешімдерін қабылдау үрдістерінде пайдалану.
I.Басқарушылық есептің ерекше сипаттамалары
Басқару есебінің ерекшелігі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді.(4)
Басқару есебінің есептің басқарушылық шешім қабылдауға қажетті ақпараттардың ішкі тұтынушыларын қамтамасыз етудегі өз мақсаты бар. Басқарушылық есеп жүйесінде, ең алдымен, өндіріс шығындары туралы мәліметтер қалыптасады. Олар түрлері, пайда болған жері және шығындарды таратушылар бойынша топтастырылады және есепке алынады.

Басқару есебінің функцияларына: жоспарлау, бақылау, жоспарларды орындау барысын бағалау, ұйымдастырушылық қызмет, ынталандыру және жоспарларды қайта қарау, ішкі ақпараттық байланыстар.
Жоспарлау - кәсіпорынның мүмкіншіліктері нарықтық жағдайларға сәйкес келу үшін бағытталған үзілмейтін циклдік үрдіс (болашақта жүзеге асыру мүмкіндігі бар іс-әрекеттердің нұсқаларын жазу үрдісі). Қандай нарықта, қандай бағада. Қандай тауар сату керектігі туралы мәселелер бойынша шешімдер қабылдау бойынша пайдаланылатын ақпараттар беру жолымен, болашаққа арналған жоспарлар жасау.
Бақылау - обьектінің жағдайын қадағалау мақсатымен басшы мен менеджер тексеріс жүргізеді. Бақылауды жүзеге асыру үшін жұқмыс нәтижелері туралы есептерде жинақталатын басқарушылық есеп мәліметтері пайдаланылады. Мұнда өз жұмысының нәтижелеріне жауап беретін кәсіпорын бөлімдері ретінде анықталған әрбір жауапкершілік орталығы үшін нақтылы нәтижелер мен жоспарланғанкөрсеткіштерге салыстырмалы талдау береді.
Өндірістік нәтижелерге жедел талдау жүргізіп және өндірістің осал тұстарын анықтай отырып, бақылау және реттеу үрдістері жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорын басшылығының өндірістің қай бөлімшесінде жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізе алмай қалу қауіпі барлығын назарда ұстауға мүмкіндік береді.
Жоспарларды орындау барысын бағалау - бұл барлық қабылданған шешімдерге талдау жасау үрдісі. Алдымен анықталатыны қойылған мақсатқа қол жетті ме, содан соң жоспардан ауытқулар себебі анықталады, ауытқуларға мына жағдайлар себеп болады: жоспарлау кемшіліктері, оңтайланбаған кемшіліктер жинағы, басқару талаптарына сәйкес келмейтін бақылау жүйесі, мақсатты дұрыс таңдамау.
Ұйымдастырушылық қызмет - ұымдастыру құрылымы аясында өкілеттіктерді, бағыныштылықты және маманданушылықты бөлісу мәселелері шешіледі - бұл өндірістің тиімді жұмыс істеуі үшін қажет. Ал, басқарушылық есеп жүйесі соның нәтижесінде ол бухгалтерлік есеп жүйесі ретінде құрылып және жұмыс істейтін жауапкершілік орталықтары бойынша өндіріс шығындарын анықтаумен айналысады.
Ынталандыру - оларды пайдалану туралы жоспарлар мен есептер кәсіпорын персоналының қызметін ынталандыруда үлкен рөл атқарады. Жасалған бизнес-жоспарлар алға мақсаттарға қол жеткізуге кәсіпорын жетекшісін соған ынталандыра білетіндей етіп құрылуы тиіс. Жоспарлардың орындалуы туралы есептер, нақтылы нәтижелерді жоспармен салыстыру жолымен қандай көрсеткіштерге қол жеткізуге болатынын хабардар ете отырып, еңбек өнімділігін арттыруда қол жеткізілген жеке көрсеткіштерді дәлелдеуге шақырылған.
Ішкі ақпараттық байланыстар - басқарушылық есеп ақпараттар алмасу мен есеп берудің тиімді жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру жолымен іскерлік байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі.(1.10б)
Басқару және қаржылық есебінің сипаттамалары:
Қойылатын заң талаптарындағы айырмашылық. Акционерлік қоғам дирекциясы бұл ақпаратты пайдалы деп санай ма, жоқ па оған қатыссыз түрде жыл сайын қаржылық есеп тапсыруы тиіс. Ал басқару есебіне қажет болған жағдайда жүзеге асырылады және дирекция оны жинауға жұмсалатын шығындарға қарағанда, ақпаратты пайдаланудан алатын пайда көбірек деп болжаған жағдайда ғана ақпарат дайындалады.
Ақпараттардың дәлдік дәрежесіндегі айырмашылық. Кәсіпорын дирекциясы мәліметтерді тез беруді талап етеді, себебі көптеген шешімдерді қабылдауды толық көлемде ақпарат алғанға дейін кейінге қалдырып қоюға болмайды. Тез өңдуге жататын тұспалды ақпарат, әдетте дирекцияның шешім қабылдауы үшін жеткілікті болып саналады. Қаржылық есепке қатысты алсақ, онда оның мәліметтері дәл болуы тиіс, олай болмаған жағдайда сыртқы пайдаланушылар қаржылық есептің мазмұнына сенімсіздікпен қарайтын болады. Демек, басқару есебі қаржылық есебке қарағанда неғұрлым тұспалдық сипатқа ие.
Есеп ауқымындағы айырмашылық. Қаржылық есепте кәсіпорынның бүкіл қызметі туралы мәлімет беріледі, ал сол мезгілде басқару есебі кәсіпорынның шағын учаскелері немесе қызмет аясы туралы мәлімет береді, мысалы, өнімдер мен шығындардың жекелеген түрлері, өнімдерді өткізу бөлімдері мен аймақтары.
Есептің қабылданған принциптеріндегі айырмашылық. Қаржылық ақпараттардың сыртқы пайдаланушылары жалпы қабылданған есептілік нормалары негізінде салыстырулар жасауға мүмкіндік беретін, жыл сайынғы есептің жасалуына кепілдікті талап етеді. Сондықтанда қаржылық есептілік қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалуы тиіс.
Сыртқы пайдаланушылар, әдетте, кәсіпорын тапсыратын бүкіл қаржылық ақпараттарды, ал кәсіпорын дирекциясы, оларға жалпыға бірдей қабылданған нормаларға сәйкес келе ме жоқ па оған қарамастан, шешім қабылдау үшін неғұрлым пайдалы деп санайтын бухгалтерлік есеп ережелері мен принциптерін пайдалану үшін таңдап алуы мүмкін.
Ақпаратардың уақыттар аралығы бойынша жатқызушылығындағы айырмашылық. Қаржылық есептер осыған дейін жасалған операциялар мен шаруашылық фактілері туралы ақпараттарды білдіреді, ал басқарушылық есеп қызметінің аясына болжам сипатындағы ақпараттар мен осыған дейін орын алған ақпараттар түседі. Қабылданатын шешім болашақтағы оқиғаларға арналған, сондықтанда кәсіпорын дирекциясы болжанып отырған шығындар мен кірістер туралы толық ақпараттарды қажетсінеді.
Ақпараттардың берілуі жиілігіндегі айырмашылық. Егжей-тегжейлі қаржылық есептілік жылына бір рет толық көлемде жасалады. Кәсіпорын дирекциясы оған деген қажеттілік пайда болған сәтте-ақ, жедел түрде басқару есебін сұратады. Сондықтанда басқару есебі мәліметтерінен тұратын есеп күн сайын, апта сайын, ай сайын жасалуы мүмкін.
Басқару есебі мен қаржылық есебінің айырмашылықтары 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте Қаржылық және басқару есептерін салыстыру.
Салыстыратын сапалар
Қаржылық есеп
Басқарушылық есеп
Реттеу дәрежесі
Ресми, барлық кәсіпорын үшін міндетті түрде жүргізілуі қажет, мазмұны және есептіліктің формасы тәртіппен бергіленеді.
Кәсіпорынның басшылығына қажет. Есептіліктің міндетті формасы жоқ. Басқару үшін қажетті ақпарат құндылығы алу құнынан жоғары.
Ақпараттың нақтылығы
Ақпарат нақты және сенімді болу керек. Заң тек шектеп қана қоймай, сонымен қатар талаптарды да реттейді.
Ақпараттын жеделділігі бағаны жобалап жорамалдайды.
Ақпараттың масштабы
Қаржылық есеп беруде толықтай кәсіпорынның қызметі туралы ақпарат жинақтайды.
Есеп беруде жекелеген бұйымдар, қызметтердің түрлері, бөлімшелердің, жауапкершілік орталықтарының нәтижесі туралы ақпараттар болады.
Есептің мақсаты
Сырттай пайдаланатындарға есептілікті құру
Ақпаратпен жоспарлау және басқару үшін ішкі пайдаланушыларды қамтамасыз ету.
Ақпаратты пайдаланатындар
Кәсіпорын құрамына кірмейтін пайдаланушылар тобы
Кәсіпорын құрамына кіретін басқарудың қызметкерлері.
Есеп қағидасы
Бухгалтерлік есеп жалпы қабылданған нормалары.
Заңның талаптарына және нормаларына қатыссыз шешім қабылдау үшін ақпараттың пайдалылығы
Есептің құрылымы
Баланстық теңдеу: А= К+М; Екі жақты жау
Екі жақты жазу жоқ, бастапқы баланстық теңдік жоқ.
Уақыт бойынша арақатынасы
Қаржымен байланысты есептілікте уақыттың белгілі кезеңінде шарушылық операция мен аяқталған іс-әрекет нәтижесі көрсетіледі.
Аяқталған іс-әрекет қана сипаталып қоймай, сонымен қатар болашаққа деген болжау сипатталады.
Ақпаратты көрсету нысаны
Негізінен ақшалай өлшемде.
Өлшеуіштердің барлық түрлері кеңінен қолданылады.
Есеп берудің жиілігі
Жүйелі түрде: жыл сайын, квартал сайын, ай сайын.
Пайдаланушылардың талаптарына байланысты керек кезде.
Жауапкершілік дәрежесі
Заң бойынша әкімшілік және қылмыстық
Тек әкімшілік жауапкершілік (сөгіс, ескертілер).
Кәсіпорынның басқару жүйелерінің жетілдірілуіне байланысты арнайы әдебиетте және өмірде "контроллинг" (баскару дегенді білдіреді) ұғымы жиі-жиі кездесе бастады. Бұл басқарудың барлық саласы мен деңгейін қамтитын шаралар кешені арқылы көрсетілетін, ақпаратты өңдеу, талдау, шаруашылық жоспарлау және тиісті бақылау процестерін біріктіретін тәсілдердің бірі.
Кәсіпкердің, маманның, ақпаратты ішкі пайдалануышының қай-қайсысына қажетті ақпараттык база қалыптастыратып негізде шот жүргізу контроллингтің іргетасы болып қызмет етеді. Контроллингті енгізерде шот қызметкерлерінң, басқару құрамының кәсіпкерлердің ділін ескеру керек. Кәсіпорында контроллинг бойынша жекелеген бөлімшенің бар екендігі қолайлы құрылым болып табылады. Контроллингті бақылаумен және тексерумен тендестіруге болмайды. Контроллинг жүйесінде есеп пен шығындарды, шаруашылық және қаржылық қызмет нәтижелерін жолдау мәселерімен айналысатын оралымды бақылау көзге айқын түседі.
Күрделі өндірісте контроллинг технологиялық тізбек бойынша бөлінеді. Осылайша, еншілес кәсіпорындар барда оралымды басқарудың міндеті іс-қызметінің түпкілікті қаржылық қорытындылары үшін жауапкершілік еншілес кәсіпорындарға жіберілмеуі; ал пайда ішкі бөлімшелер (ішкі шаруашылық есеп) бойынша бөлінеді, Шығындар орталығының қарауында ақша түсімдері, инвестициялар және бөлімшелер өздерінің іс-әрекетімен бас кәсіпорыннын, стратегиялык міндеттерінен бөліктенетіндікен, кәсіпорынның стратегиялык мақсаттарын бакылау болады.
Контроллинг жауапкершілік орталықтары бөлімшелердің өндірістік өткізу шығындарын талдаудан басталады.
Бухгалтер-тексеруші жаңа инвестициялар, жаңа тауарлар мен бұйымдарды сатып алу мен өндіру; өндірістік ассортименттік кұрылымды қалыптастыру, бағаларды негіздеу сиякты көптеген басқару шешімдерін қабылдауға "вето" салу құқығына ие.
Басшыға ақпарат, қаржылық жоспардың (бюджет) елеулі көрсеткіштері мен берілген мақсатты жүзеге асыруға арналған шараларды әзірлеуге маңызды көңіл бөлінеді.
Контроллинг - кәсіпорынның түпкілікті мақсатын жүзеге асыратын процесті бақылау. "Контроллинг" - өте кең ұғым. Ол тек кәсіпорынның ғана емес, бизнестің де іс-әрекетін реттеуші түрінде алға шығады, сондықтан арнайы ерекшеленген міндетті іс-қызмет саясын атқарады:
- ақпараттық - шешімдерді қабылдау мен оны үйлестірудің методологиясын қамтамасыз ететін ақпарат қалыптасады;
- басқарушылық - кәсіпорынның түпкілікті мақсатына жету міндеттері мен әдіс тәсілдерін үйлестіру үшін қолданылатын, кәсіпорын мен оның кұрылымдық бөлімшелері бойынша анықталған ауытқулар, нормативтік, жоспарлық және нақты мәліметтер жиналады;
- бақылаушылық - кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің жұмысының үнемділігіне бақылау жүргізеді.
II.Басқарушылық есеп шегінде қалыптастырылатын ақпарат
Басқарушылық есеп ақпараты, ең алдымен, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып саналады, оны жариялауға жатпайды және жабық (конфиденциалды) түрде сипатқа ие. Кәсіпорын әкімшілігі, басқарушылық есеп обьектісі болып саналатын мемлекеттік органдар тәртібін бергілемейтін ішкі есеп берушіліктің құрамын, мерзімін және мерзімділігін өз бетімен дербес белгілейді.(1.10б)

Басқару есебінің мақсаты - ішкі пайдаланушыларды - кәсіпорынды басқарудың барлық деңгейлеріндегі басшылықты есептік ақпараттың барлық түрлерімен қамтамасыз ету.(2.34б)
Ақпаратпен қамтамасыз ету - жүйелі, уақтылы, сыйымды, нысаны мен қабылдануы қарапайым және берілген бөлімшелердің іс-әрекеті барысын жоспарлау мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын, қаржылық және қаржылық емес ақпаратты жинау, өңдеу мен беру.
Ақпараттың басты принципі - жеделдік және жан-жақтылық, ол негізсіз шығындардың жұмсалуын немесе ысырапшылдықтың алдын алып, табысты ұлғайтуға оң әсерін тигізеді. Біздің пікіріміз бойынша, бизнес-жоспарды қысқа мерзімге, тіпті, процесс ішіндегі әрбір шаруашылық операциясы: жабтықтау - дайындау, өндіріс және өткізу, сату бойынша жан-жақты етіп жасау қажет. Содан кейін, осы бизнес-жоспарды пайдалана отырып, нақты орындалған шаруашылық операцияларына бақылау жүргізіп, шығынды азайта отырып, табысты көбейту мен ұлғайту резервтерін анықтау керек.
Күнделікті жұмыс процесінде ұйымда қаржылық және басқару есебінде көрсетілетін қорытынды ақпарат үшін негізгі материалдар болып қызмет ететін оперативті ақпаратты біразы пайда болады. Менеджерлер үшін кез-келген ақпарат ол есеп объктісі болу-болмауына, сандық бағалауға келу-келмейтіндігіне қарамастан, маңызды. Ірі тапсырыс берушіні ұйымның өнім сапасына көңілі толмайды және ол басқа жабдықтаушыны іздеуге әзір деген қауесет есеп пен бақылаудың объктісі болмаса да, сандық бағалауға келмесе де бұл өте маңызды ақпарат. Басқару есебіне қажетті, ақпараттың басқа типті ақпараттан, оның ішінде, қаржылық есепте пайдаланылатын ақпараттан негізгі айырмашылығын анықтау қажет.
Басшылық пайдалануы үшін жасалған және дайындалған бухгалтерлік басқару ақпаратына сыртқы пайдаланушыларға арналған ақпаратқа қарағанда, басқаша талаптар қойылады. Басқару есебінде сандық емес ақпаратта есептік және есептік емес болып бөлінетін сандықта да қолданылуы мүмкін. Есептік ақпараттың құжаттық негізділік принципі басқару есебінде ескерілмеуі мүмкін, сондықтан нақты және болжамдық бағалар да қолданылады.
Шұғыл басқару шешімдерін қабылдау үшін зерттеу объктісі туралы толық немесе толық емес ақпаратты қолдануға болады. Сонымен бірге кейбір жағдайларда тез өңделетін, толық емес ақпарат та жеткілікті болады. Бұдан басқа, жедел басқару шешімдерін қабылдау үшін жеткілікті болатын жуық ақпаратта та қолданылуына болады және мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Атаулық. Ішкі өндірістік есептілік ақпарат нақтылы басқарушыларға ұсынылуы тиіс;
Жеделдік. Ақпарат менеджер сұрауынан соң бірден, уақытылы шарушылық шешімін қабылдай алуы үшін қысқа мерзімде ұсынылғаны жөн. Олай болмаса, мақсаттары үшін оның тиімділігі аз.
Жеткіліктік. Ақпарат басқарушешімін қабылдауға қажетті көлемде ұсынады;
Талдаушылық. Басқару есебі құралында құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекеті нетижелерін өте анық және күмәнсіз сенімді көрсету мен кәсіпорнынның пайда алуға қатысу үлесін анықтау мақсатымен ақпарат жиналады, топтастырылады, оқылып, зерттеледі;
Икемділік пен бастамашылдық. Ақпараттың нақтылы бөлігі жоғарыда аталған принциптерде сай болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz