Қызметкерлермен қақтығыстар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
«Астана медицина университеті» КеАҚ
«Медицина негіздері» кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: « Дәрігердің кәсіби қызметімен қақтығыстар типологиясы:қызметкерлермен қақтығыстар; науқастың ата-анасымен қақтығыстар. Дәрігердің кәсіби іс-әрекетіндегі тұлғааралық конфликттерді басқару жолдары»

Орындаған:Куандыкова. Н

Тексерген:Мықанова. А

Астана 2022

Мазмұны
:
Мазмұны: Кіріспе
: 3
: 1
Мазмұны: Дәрігердің кәсіби қызметімен қақтығыстар типологиясы
: 3
: 1, 1
Мазмұны: Қызметкерлермен қақтығыстар
: 4
: 1, 2
Мазмұны: Емдеу мекемесінде даулар, жанжалдар кездесіп тұрған кездегі жағдай.
: 5
: 1, 3
Мазмұны: Жоғары тұрған әріптестермен қатынасты қандай факторлар қиындатады
: 6
: 1, 4
Мазмұны: Басшының кіші әріптестермен қатынасының ерекшелігі
: 6
: 1, 5
Мазмұны: Қиын мінезді жас әріптеспен қарым-қатынасты қалай түзетуге болады
: 6
: 1, 6
Мазмұны: Қақтығыстарың шешудің негізгі бағыттары
: 7
: 2
Мазмұны: Науқастармен, олардың туыстарымен қарым қатынас жасаудың жалпы принциптері және қақтығыстар
: 8
: 2, 1
Мазмұны: Дәрігер-науқас туысқандары
: 11
: 2, 2
Мазмұны: Әр жастағы науқастармен жұмыс
: 13
: 3
Мазмұны:

Дәрігердің кәсіби іс-әрекетіндегі тұлғааралық конфликттерді басқару жолдары

Конфликтілерді басқару. Конфликтілі ситуацияны меңгеру оны шешу әдісі ретінде

: 14
:
Мазмұны: Қорытыңды
: 15
:
Мазмұны:
:

Дәрігердің кәсіби қызметімен қақтығыстар типологиясы

« Қақтығыс » (конфликт) сөзі латынның conflictus шекісу, жанжалдасу(столкновение) деген және сол өзгермеген қалпында көптеген еуропалық халықтардың тіліне енді. Қазіргі заманғы әлуметтану, психология және саясаттануда бұл феноменнің көптеген анықтамасы кездеседі. Солардың кейбіреулерін келтірсек:

Қақтығыс- қызығушылықтардың қарама қайшылығы

Қақтығыс- бұл өзара әрекеттесудің бірлесіп өмір сүре алмайтын өзара себеп-салдары және бір-бірін өзгерту үшін арнайы ұйымдастырылуды қажет ететін түрі (Б. И. Хасан, 1996)

Дәрігердің кәсіби қызметімен байланысты қақтығыстар түрлері болады олар «тұлға аралық қақтығыстар » :

Қызметкерлермен қақтығыстар;

Дәрігер мен науқас арасындағы қақтығыстар;

науқастың ата-анасымен қақтығыстар.

Тұлға аралық қақтығыстар-

Біз қарастырып отырған контексте медициналық тәжірбиеде жиі кездесетін тұлға аралық қақтығыстарға тоқталып кеткен жөн, қақтығыстарды зерттеген белгілі Ресей ғалымы Н. В. Гришина (2002) осы топқа мынандай анықтама береді: «Тұлға аралық қақтығыс- бұл осы оқиға қатысушылардың қарама-қарсы тұру жағдайы, олар бұл жағдайды психологиялық проблема деп қабылдайды және басынан өткізеді, екі немесе бір жақтың қызығушылығынан шешуге және пайда болған қайшылықты жеңуге бағытталаған жағдай »

Аталған анықтамаға сай мотивациялық, танымдық және рөлдік қақтығыстарды көрсет

Қақтығысқа қатыспаушылардың мотивациялық, танымдық және рөлдік сфераларындағы айырмашылықтарды, қақтығыстар қалыптасуының психологиялық факторлары ретінде қарастыруға болады

Қызметкерлермен қақтығыстар

Медициналық ұжымдарда кеңінен таралған топ аралық шекісулер де бар. Осыған байланысты Н. В. Гришинаның басшылығымен бірнеше медициналық мекемелерде жүргізілген зерттеуді атап кеткен жөн. Бұл жұмыс қызметкерлердің екі категориясының- мейірбекелер мен дәрігерлердің- өзара қатынасын зерттеуге негізделген. Зерттеуде қамтылған қызметкерлердің бәрі өз мамандықтарына көңілі толып, жұмыс орнын ауыстыруға ниет білдірмеген. Мейірбекелер мен дәрігерлердің өзара қатынастарын жағымды деп 66, 6 пайыз, дәрігер мен дәрігерлер қатынастарын 73, 2 пайызға бағалаған.

Зерттеуге жалпы қарым-қатынастарды бағалаудан басқа, дәрігерлердің мейірбекелерге, мейірбекелердің дәрігерлерге қатынасын жеке-жеке бағалау ұсынылған. Жауаптың келесі нұсқалары берілген:жалпы алғанда дәрігерлер мейірбекелерге сыйластықпен қарайды олардың жұмыстарының қиын екенін және емдеу процесіне олардың қосатын үлесін түсінеді.

Дәрігерлер мейірбекелердің жұмысына құрметпен қарап, олдардың жұмыстарының қиын екенін одан әрі ескерулеріне болар еді.

Дәрігерлер мейірбекелерге, олардың жұмыстарына біршама менсінбей тәкаппар қарайды

Мейірбекелердің дәрігерлерге деген қатынасын зерттейтін сұрақтар осындай еді. Зерттеу нәтижесі бойынша қарым-қатынастарын жалпы сыйласымды деп саңай тұра, дәрігерлердің 76, 5 пайыз мен мейірбекелердің көбі 81, 4 біз оларды сыйлаймыз ал олар бізге жақсырақ қараса болар еді, деп есептейді. Осылайша Біз-сыйлаймыз, ал Олар аса сыйласа алмайды деген пікір қалыптасады

Қақтығыстарды қалай басқаруға болады

Кикілжіндердің пайда болу себебі туралы сөз қозғағанда, оларды шешу мәселесін айтпай кетуге болмайды. Кикілжіндерді тиімді шешуге бөгет болатын маңызды мәселе, оған қатысушылардың кикілжінді шешкісі келмеуі. Кикілжіннің шешілуі диалогқа қатысушы екі жақтың мәмлеге келуі қарастырғандықтан, теория жүзінде оған әрқашан жетуге болады, тек келісімге келгісі келмеген жағдайларды есептемегенде. Екі жақта келісімге келуден қатынастарын үзгісі келген кезде немесе кикілжің жағдайы, қандай да бір үстемдік берсе бас тартады

Кикілжіндермен жұмыс істеудің психологиялық қағидаларын Н. В. Гришина психологтың практикалық көмегінің мақсаты диалогқа шақыру және оны ұйымдастыру арқылы өз-өзімен немесе басқамен шекісуді шешудің конструктивті формасы деп қорытады. Сонымен қатар, әр түрлі ұстанымдары бар-психотерапиялық жұмыс және психологиялық кеңес беру.

Психологиядағы үш негізі бағытқа сәйкес, шекісулерді шешудің үш негізі бағыты дамиды

Емдеу мекемесінде даулар, жанжалдар кездесіп тұрған кездегі жағдай.

Олардың (барлық даулар сияқты) объективті және субъективті болуы мүмкін. Объективті даулардың емдеу мекемесіндегі реалды (анық) қанағаттанарлықсыз жағдайларға байланысты болып келіп, көп не аз жеңілдікпен жойылуы ықтимал. Эмоционалды кернеуді алып тастаумен сабақтас субъективті даулар қиынырақ шешіледі. Олардың шешімін кейінге қалдырып, үшінші тұлғаны мәмілеге тартқан немесе жанжалдасушы тұсты проблеманың түкке тұрғысыздығына иландыру қажет. Бойларында тұлғалық сәйкессіздік дамитын науқастарды палатаға дұрыс орналастырмаған кезде даулардың болуы мүмкін. Сондай-ақ жанжал науқастардың немесе олардың туыстарының «дауға жақын тұлғалар” деп аталатын-истериялық қасиеттері, асоциалды агрессивті мінез-құлқы бар адамдармен қатынаста орын алады. Даулар топ мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қатынаста туындауы мүмкін шешімі қиын жағдай.
Әрбір дәрігер, мейірбике немесе басқа бір медицина қызметкері жұмыс орнындағы өз борыштарын біле отыра, тек науқастармен ғана емес, өзара жақсы қарым-қатынаста болуы, бір-бірлерін құрмет етіп, сыйлауы керек. Әсіресе бір медициналық орталықта жұмыс істейтін дәрігерлер, мейірбикелер өзара одақтас болуы қажет. Егер медицина қызметкерлері бір-бірлерін құрметтемесе, түсінуге тырыспаса олардың арасында өзара келіспеушіліктердің шығуы мүмкін.
Медициналық ұжым арасында дәрігер мен дәрігер, дәрігер мен мейірбике, мейірбике мен мейірбикелер арасында қақтығыстардың болуы ықтимал. Бұл қақтығыстардың себептеріне тоқталатын болсақ, олар көбінесе жастық ерекшелігінен өздерінен кіші болып, бірақ лауазымы, білімі жағынан өздерінен жоғары болатындардың бір-бірлеріне онша бағынғысы келмейтіндіктен, немесе өздерінікін дұрыс санап, жасынан үлкен немесе білімі жоғары болғанның сөзіне құлақ асқысы келмегендіктен, өзіне деген сенімділігі артық болғаннан болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда, мейірбикелердің сауатсыздығынан, білім дәрежесі төмен болуынан, олардың өз жұмыстарына жауапкершілігінің төмен болып, таза жұмыс істемегендіктерінен олардың дәрігермен араларында қақтығысулар шығады. Қақтығысуларды шешу жолдары.
Медициналық ұжымда көптеген қақтығысулар кездеседі. Бұл қақтығысулар өзінен өзі ең алдымен науқастарға кері әсер көрсетіп, зиян келтіруі және де сонымен бірге олардың жұмыс орындарына зиян келтіруі мүмкін. Бұл ең алдымен адамгершіліктің болмағаны. Мейірбике де, дәрігерде өзінің дәрігерлік борышын орындауы керек. Егер олардың арасында өзара қақтығыстар, келіспеушіліктер болса, оларға келген науқастардың бұл жағдайдан қорқып кетуі, екінші рет бұл дәрігерге, тіпті бұл ауруханаға да келмеуі ықтимал.
Сондықтан әрқашан мұндай жағдайлардың алдын алу керек. Бұл ең алдымен медицина қызметкерлерінен адамгершілікті, ұқыпты, мәдениетті болуды, өзін, өзінен басқаларды да құрметтей білуді талап етеді. Біздің ойымызша, медицина орталықтарында медициналық ұжым арасында өзара кеңестер өткізіліп тұруы қажет.
Әрбір дәрігер өз қол астында жұмыс істейтін мейірбикелерге өз сөзін өткізе білуі, өзін құрмет етуді талап ете білуі керек, әрине шекарадан аспаған түрде.

Жоғары тұрған әріптестермен қатынасты қандай факторлар қиындатады

-Бәскелестік

-Басшылықтың сапасы

-Ашу-ызаны конструктивті түрде жеткізе алмау

-Клиникалық жұмыстағы түрлі терапиялық ұстанымдар

-Топ болып жұмыс істейтіндер жеке меншіктерге қарсы

-ойшылдар әрекетшілерге қарсы

-оптимистер пессимистерге қарсы

-төзімсіздік төзімділікке қарсы

-ресурстың аздығынан бәсекелесу

-кеңесшілердің өз жауапкершілігі аумағы және қаржылық немесе кәсіи көмек үшін бәсекелесу

-терапия мен шекараға байланысты мәселелер, әсіресе олар анық белгіленбесе

-клиникалық және медициналық директорлармен қатынас

-ұқсас жұмыс үшін түрлі жалақының тағайындалуы

Басшының кіші әріптестермен қатынасының ерекшелігі

Басшы мен кіші әріптестердің қарым-қатынасына, билік пен статустағы айырмашылықтар сөзсіз әсер етеді. Бұл өзара әрекеттесудегі басшылардың маңызды міндеті- сынақ мерзімін өтеп жүрген адамдар үшін үлгі болу және олар білімдер мен іскерлерді тиімді меңгеретіндей жағдай жасау. Бұл өзара әрекеттесудегі басшылардың рөлі әртүрлі: нұсқаушы, супервайзер, басшы және медицинадалық көмек көрсету облысындағы үлгі болатын маман. Олардың міндеттеріне, жас дәрігерлерге қиын пациентпен жұмыс жасау барысында көп күш түспеуін және эмоционалдық қысым болмауын қадағалау жатады. Сонымен қатар олар мекеменің қажетті талаптарының орындалуын бақылап бұл кезде жас дәрігерлерге басым күш түспеуін қадағалауы керек. Көптеген басшылар жас әріптестерінің жұмысқа деген қызығушылығын қолдап отырады, бірақ олардың эмоционалдық жағдайын сыртқа қалай шығаратынын да қарастырып отырған жөн. Ақылды, жігерлі, білуге құштар жас дәрігер болса, олармен жұмыс істеу жеңіл, бірақ егер жас дәрігер қиын мінезді болса, бұл мүлде басқа іс

Қиын мінезді жас әріптеспен қарым-қатынасты қалай түзетуге болады

Көптеген жас дәрігерлердің әлі тәжірбиесіз екендігін мойындау өте маңызды, және басшы жағдайға жан-жақты, мұқият қарайтын болса, жетілдіруге болатын сфералары мен мәселенің жағымды жақтарын қарайтын болса, жетілдіруге болатын сфералары мен мәселенің жағымды жақтарын анықтауға болады. Аталған жағдайда клиникалық кеңесшімен ақылдасқан барынша пайдалы болуы мүмкін.

Осылайша жасы үлкен дәрігерлер бір жағынан ата-ананың рөлін орындап, жас дәрігерлердің тәжірбиесі жоқтығын мойындай отырып, оларды эмоционалдық әлсіздіктен және көп қысымнан қорғап отыруы керек. Бірақ осы салада маңызды қиыншылықтарды көрсе, жас дәрішерлерге мамандық аустыру жағын ойластыруды да айтуы шарт.

Қақтығыстарың шешудің негізгі бағыттары

Тарихи қалыптасу жағынан психодинамикалық бағыт алғашқы болып табылады. З. Фрейдтің классикалық көзқарасына сай, бұл бағыттың басты міндеті санасыз тенденциялар мен импульстерді анықтау және саналылық деңгейде көтеру. Психоаналиктердің кейінгі өкіледері жұмыс акцентін тұлғаның жалпы дамуына ауыстырды, бірақ психоанликтердің клиентке әсер етеін белсенді басымдылық бағыты сақталады.

Мінез құлықтың психотерапия индивидтің кеі мағынадағы мінез құлығымен жұмыс істеуге бағытталған. Кеңесшілердің көмегімен, клиент кикілжіндер кезіндегі конструктивті емес мінез-құлығының себебі болып табылатын өз ойларын ауыстырады. Интерперсоналдық проблемалармен жұмыс істегенде когнитивті-бихевиоралдық бағыт, соның ішінде рационалды-эмотивті терапия ең тиімді болып табылады.

Гуманистік бағыт психотерапия кезінде клиентке зат ретінде қарауға және қысым жасауға қарсы шығады. Оның негізгі қағидалары осында және қазір басынан кешіп отырған сезімдерге шоғырландыру, сонымен қатар адамды өзінің жан дүниесін зерттеуге ұмтылдыру болып табылады. Интер-персоналдық қиындықтарды жеңудің негізі ретінде коммуникацияның тұтастығын көрсету арқылы индивидтің тұлғалық тқтастығын нығайту болып табылады. Гештальт терапияның өкілдері аданың қайшылықтағы Мені-нің өзара әрекеттесуге баса назар аударылады. Бұл қайшылықтарды жеңу көптеген гештальд терапиялық техникаларда қолданылатын ішкі диалогты инициациялау арқылы жүзеге асады. Сондай ақ мынандай қағидаларды ұстану керек:

-Дәрігер өмір бойы өзін емдеу өнеріне үйреткен адамдарды сыйлау керек

-Дәрігер медициналық қауымдастықтың намысы қорғап және жақсы дәстүрлерін сақтауы керек

-Дәрігерлер бір-біріне сыйласымдылықпен және құрметпен қарауы керек

-Дәрігер басқа дәрігердің кәсіби квалификациясына көпшіліктің алдында немесе басқаша іс-әрекеттерімен күмән тудырмауы керек

-Әріптестің атына айтылған ескерту, дәлелді медициналық қауымдастықта немесе этикалық комитеттің мәжілісне дейін жеке әңгіме барысында айтылуы жөн

-Медициналық қауымдастық дәрігердің кәсіби репутациясын қалпына келтіруге жәрдемдесуі керек

-Күрделі клиникалық жағдайларда тәжірбиелі дәрігерлер тәжірбиесі аз жас әріптестеріне кеңес беру керек

-Ғылыми мекеменің басқа медициналық және көмекші персоналына құрметпен қарауға және олардың біліктіліктерін көтеруге жағдай туғызуға міндетті.

Әріптестерімен қарым- қатынастарда дәрігер адал, әділ және шыншыл болып, олардың білімі мен тәжірбиесін мойындағаны жөн. Ол медициналық іс-әрекетті бағалайтын объективті критерийлерді жасауға қатысуы және оның іс-әрекетін әріптестері әділ түрде қарастырып, бағалауына ұмтылуы қажет. Дәрігер өз білімі мен тәжірбиесіне сай, әріптестеріне кәсіби тұрғыда көмектеспіп отыруы тиіс. Пациенттер мен олардың туыстарының көзінше, әріптестері туралы жағымсыз сөздер айтпаудан аулақ болуы керек. Әріптестерін дискредитациялау арқылы, өз беделін көтеру этикаға қарсы.

Науқастармен, олардың туыстарымен қарым қатынас жасаудың жалпы принциптері және қақтығыстар

Науқас нені қалайды

Науқастардың тілектерін жалпы тәжірбиеде Европалық нысаналы топ анықтаған болатын. Неғұрлым жоғары бағаланған сипаттамалар

-Адамгершілік

-Біліктілік

-Шешім қабылдауда науқастарды қатыстыру

-Күтім және емдеу шаралары үшін уақыт бөлу

Науқастар өздерін мұқият тыңдайтын және асықтырмайтын; емдеу шарасына қатысты мәліметтерді хабардар етіп отыратын және оған қатысуға мүмкіндік беретін дәрігерді іздейді.

Науқастың қанағаттануы әсіресе науқасқа бағытталатын кеңес беру бағытында арта түседі.

Науқастар өз дәрігеріне сенімді болғысы келеді. Зерттеулер көрсеткендей, науқастың өз дәрігеріне деген сенімі, мындай жағдайлардан соң төмендейтіні анықталған

-Не шығатынын қарап көремін

-Мен білмеймін

-Медбикемен ақылдасып көремін

-Мен бұл нәрсеге сенімді емеспін

-Бұл жөнінде көбірек білу үшін маған уақыт керек

-Бұл жөнінде білу үшін компьютерді қарауым керек

-Басқа дәрігермен ақылдасуым керек

Жақсы коммуникативтік дағдылары бар дәрігер өз жұмысынан ләззат алып қанағаттанды, қиналмай жұмыс істеп, науқастың қиындықтарын неғұрлым деп анықтайды, оның пациенттері де оған тез әрә жеңіл бейімделіп оның көмегіне қанағаттана алады

Емдеу үрдісі барысында науқас пен оның көзқарысы бойынша болатын қақтығыстар

Өзара қарым-қатынас жасау барысында, тіпті емдеудің басында-ақ науқас дәрігердің пікірімен келіспеуі мүмкін. Сондықтан, қандай-да бір шешім қабылдауда немесе дәрігердің қабылдаған шешімін өзгертуде науқасқа қысып жасамау керек.

Мына нәрселер маңызды

-Науқастарда әдетте, бір немесе бірнеше қиындықтар болуы мүмкін;

-Науқастардың көпшілігі өздерінің денсаулықтарына қатысты мәліметтерді, диагнозын, оның этиологиясын, дәрігерлердің болжамын, емдеу барысын, оның салдарын толық біліп, хабардар болып отырғысы келетінін нақты айтады

-Науқастардың кейбірі мұны қаламайды

-Өздеріне керекті мағлұмат алған кейбір адамдао, өздерінің оған риза екнін білдірсе, кейбірі шындықты емес, өзінің алғысы келген мағлұматын естігісі келеді.

Көп жағдайда науқас дәрігердің алдына келгенде өз басындағы ауыртпалықтарды, ауруы туралы айтуды қаламайды. Оған көбінесе өз сырқаты жайлы қате пікірлер немесе өз дәрігеріне деген сенімсіздік әсер етуі мүмкін. Мысалы өз сырқаты жайлы , ”еш нәрсе жасауға болмайды, дәрігер маған ешбір көмегін тигізе алмайды деп ойласа” .

Бұл жағдайда Авицена айтпақшы: «Дәрігер деген-қыран көзді, мамық қолды, жыландай сабырлы, арыстан жүректі болуы керек».

Көне медицинаның негізін қалаушы Гиппократ:

“Дәрігер, егер түсі жылы және шымыр, өзін-өзі жақсы, таза ұстаса, жақсы киімі болса, мейлінше мінезі тамаша, және адам сүйгіш, жұмысын байсалды да тыңғылықты істейтін болсын”, -деп жазды. Егер науқас дәрігердің бойынан осы қасиеттерді байқаса, ол өзінің сенімді қолда екенін сезініп, дәрігерге сенім артады. Ол өз басындағы қолайсыз жағдайлар мен науқасы жайлы айтып, дәрігерден үлкен көмек күтеді. Осы жағдайда дәрігер сырқат сеніміне кіріп, оны дәрігердің айықтырғыш күш-қабілетінің күштілігіне иландыру керек

Дәрігер - науқас арақатынасыныңекі түрі белгілі: императивті және диалог.

Императивті қатынас- бұл науқасқа авторитарлық және директивтік әрекетжасау. Қарым-қатынастың бұл түрініңмақсаты - науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгіерекшелігі - науқасты мәжбүрлеу мақсатыжасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары - бұйрық, нұсқау, талап.

Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтеншежәне жедел жағдайларда. Команда, бұйрық және тыйым салу арқылы, сырттай бағынышты жағдайды жәнеталанты орындату- адамның ішкі ойы мен сенімінен, оның интровертті мотивациясынан (өзіндік ықпалынан) тумайтыны анық. Дәрігер - науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емесболады.

Диалогтық қатынас. Бұл арақатынаста, науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-тендік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:

Дәрігердің компотенттігі- науқаспен қарым-қатынас құру негізінде.

  1. Науқастың вербальды және вербальды емес қатынасы белгілерін дұрыс танып біліп, одан іске қатысты қажетті ақпаратты мейлінше көбірек алу.
  2. Тиімді диагностика жасау тек қана тәндік симптомдарды анықтау ғана емес, сонымен қатар соматикалық симптомда оның психологиялық жіне әлеуметтік табиғаттарын анықтау, емнің басқаша жоспарын талап етеді.
  3. Тиімді коммуникативті дағдыларын науқасқа тағайындалған емін қабылдауға және науқастың емді құптауына оң әсер етендігі зерттелді, тағайындалған емге бойын ұсынбау медицинаның күрделі мәселесі болып табылады.
  4. Науқастарға адекватты медициналық ақпараттарды ж/е денсаулықты жақсартуда, сонымен қатар аурудың алдын алудағы салауатты өмір сүруге насихаттау арқылы дәрігер ролін жоғарылату.
  5. Аурудың әр түрлі көріну формаларына әсер ету ж/е компенсаторлы механизмдерді белсенділеу, науқас тұлғасының психосоматикалық потенциалын жоғарылату, оның әлеммен байланысын қайта қалпына келтіруге көмектесу, үйреншікті қорқынышты жеңу, аурумен пайда болған стреотиптерді бұзу ж/е сау көз қарасты тудыру,
  6. «Дәрігер-науқас» қарым-қатынасындағы ерекше деликатты жағдайларда дәрігерлердің тиімді әсері, мысалы науқастың жазылмайтын аурумен ауыруы н/е науқас туыстарына қайтыс болатындығы жөнінде жеткізу т. б.

Өткен ғасырларда дәрігердің рөлі жиі аурудың табиғи жолын қарапайым бақылауға дейін қысқартылды. Жақында дейін қарым-қатынас стилі, пациент дәрігерге шешім қабылдауға сенген. Дәрігер, алайда, «тек пациенттің мүддесі үшін», ол көргендей, жасады. Мұндай көзқарас емдеудің тиімділігін арттырады: пациент күмәнданбайды және белгісіздікке ұшырайды, ал дәрігер оны толығымен қамқорлайды. Дәрігер өз күдіктерін пациентке бөлмеді, оған жағымсыз шындықты жасырды.

Дәрігер-науқас туысқандары

Тым қамқор туыстары жиі дәрігерге науқастың жағдайы мен емделуі туралы кең ауқымды сұрақтар мен талқылаулар жүктейді. Алайда, олардың арасында жеке айырмашылықтар белгілі бір дәрежеде ескерілуі керек. Сөйлейтін және алаңдаушылыққа толы туыстарына оны тыңдағысы келмейді деп ойламауы үшін сөйлеуге мүмкіндік беру керек. Бірақ дәрігер сөйлесуді дұрыс бағытта ауыстыруға тиіс.

Туыстық түрлері:

Ең жақын туысқандар бірінші линия: әйел, ата-анасы, балалары. Пациент туралы толық информацияны беруге болады.

Екінші линия туысқандары:жалпы мәлімет.

Достар мен таныстары-дәрігерлік құпияны сақтау қажет. әрігер мен науқастың туыстары арасындағы қарым-қатынас жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Егер науқастың денсаулығы емделу барысында жақсарса, онда дәрігер мен науқастың туыстары арасындағы қарым-қатынас жақсы болады. Егер науқастың денсаулығының жай-күйі қорқыныш туғызса, әңгіме ашық болады, ал дәрігер әдетте туыстарынан аурудың маңыздылығын жасыруға себеп болмайды.

Дәрігерлер көбінесе науқастың туыстарының емдеуге кедергі ретінде қарастырады, бірақ емделушінің ауыр жағдайында емделуге оң әсерін таниды.

Дәрігер нені ескеру жөн:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйелдер қауымымен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы
Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары
Топтар арасындағы қақтығыстың жағы - әлеуметтік топ
Медиация дауларды реттеудің соттан тыс тәсілі ретінде
Әлеуметтік педагогтың әртүрлі санаттағы балалармен жұмысы
Азаматтық объектілерді қорғау
XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі
Іс-әрекет және оның құрылысы
Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері
Ақпаратты қорғау амалдарымен және оның тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz